GSB 180-LI Professional - бұрғы BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GSB 180-LI Professional BOSCH PDF форматында.
| Бренд | Bosch |
| Модель | GSB 180-LI Professional |
| Өнім түрі | Сымсыз соқпалы бұрғы-бұрағыш |
| Номиналды кернеу | 18 В |
| Бос жүріс жылдамдығы (1-ші жылдамдық) | 0 – 500 айн/мин |
| Бос жүріс жылдамдығы (2-ші жылдамдық) | 0 – 1 900 айн/мин |
| Соғу жиілігі | 0 – 27 000 соққы/мин |
| Максималды айналу моменті (қатты / жұмсақ) | 54 / 21 Нм |
| Максималды бұрғылау диаметрі (ағаш) | 35 мм |
| Максималды бұрғылау диаметрі (болат) | 10 мм |
| Максималды бұрғылау диаметрі (кірпіш/тас) | 10 мм |
| Құрал ұстағыш | Автоматты патрон 1,5 – 13 мм |
| Салмағы (EPTA бойынша) | 1,7 – 2,7 кг |
| Қорек көзі | Li-Ion 18 В аккумуляторы (ұсынылады GBA 18В... немесе ProCORE18V...) |
| Ұсынылатын зарядтағыш | GAL 18..., GAX 18..., GAL 36... |
| Ұсынылатын зарядтау температурасы | 0 °C-тан +35 °C-қа дейін |
| Пайдалану және сақтау температурасы | −20 °C-тан +50 °C-қа дейін |
| Дыбыс қысымы деңгейі | 88 дБ(A) |
| Дыбыс қуаты деңгейі | 99 дБ(A) |
| Діріл (металл бұрғылау) | < 2,5 м/с² (белгісіздік K = 1,5 м/с²) |
| Діріл (бетонға соқпалы бұрғылау) | 11,0 м/с² (белгісіздік K = 1,5 м/с²) |
| Негізгі функциялар | Бұрғылау, бұрау, соқпалы бұрғылау, айналу бағытын ауыстыру, жылдамдық реттегіші, айналу моментін алдын ала таңдау (20 позиция), жарықдиодты жарықтандыру, жылдам тоқтату (Kickback Control) |
| Күту және тазалау | Желдету саңылауларын тазалау, щеткаларды 2-3 ай сайын ауыстыру, тек түпнұсқа Bosch щеткаларын пайдалану |
| Қауіпсіздік | Қызып кетуден қорғау, терең разрядтан қорғау (ЭКҚ), жылдам тоқтату (Kickback Control), аккумуляторды құлыптау |
| Қосалқы бөлшектер және жөндеу мүмкіндігі | Щеткалар ауыстырылады, Bosch кейінгі қызметі, қосалқы бөлшектер www.boschpt.com сайтында қолжетімді |
| Жалпы ақпарат | Мақсатты пайдалану: ағаш, металл, керамика, пластик, кірпіш/тас бұрғылау; бұрау және бұрап алу |
Жиі қойылатын сұрақтар - GSB 180-LI Professional BOSCH
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы GSB 180-LI Professional BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз бұрғы PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GSB 180-LI Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GSB 180-LI Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GSB 180-LI Professional BOSCH
Пайдалану нұсқаулығының
ТҮПНҰСҚАСЫ
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында
қолданылады
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген.
Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген.
Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тактайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана жарамды болады.
Істен шығу себептерінің тізімі
- көп ұшқын шықса, пайдаланбаңыз
- қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
– ток сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз
- өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
Пайдаланушының мүмкін қателіктері
- тұтқасы мен корпусы бүлінген болса, өнімді пайдаланбаңыз
- жауын-шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз
- корпус ішіне су кірсе, құрылғыны қосушы болмаңыз
Шекті күй белгілері
- ток сымының тозуы немесе зақымдануы
- өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
- Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
- құрғақ жерде сақтау керек
– жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек; - сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек; - орамасыз сақтау мүмкін емес; - сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150 (шарт 1) құжатын қараңыз; - +5-ден +40 °C-қа дейін температурасында қоймада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы ылғалдылық 80 %-дан аспауы тиіс.
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық әсер етуге қатаң тыйым салынады; – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді; - тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5 шарт) құжатын оқыңыз; - қоршаған орта температурасы -50 °C-тан +50 °C-қа дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы ылғалдылық 100 %-дан аспауы тиіс.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік нұсқаулары
ЕСКЕРТУ
Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді,
нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау токтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелімен) және аккумулятордан қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар.
Жұмыс орнының қауіпсіздігі
Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құралы ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы мүмкін. Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алаңдаулар бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы бар өндірістік аймақтарында жұмыс істеу үшін арналған.
Электр қауіпсіздігі
Электр айырлары розеткаға сай болуы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай тәрізде өзгертпеңіз. Жерге қосылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. ▶ Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса жоғары ток соғу қауіпі пайда болады. Электр құралдарды жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су ток соғу қауіпін жоғарылатады. Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе токтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель ток соғу қауіпін жоғарылатады. Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану ток соғу қауіпін төмендейді. ▶ Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған ток желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану ток соғу қауіпін төмендетеді.
Жеке қауіпсіздік
Электр құралды пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралды шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде ансыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанамайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтарды тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды кемейтеді. Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін.
▶ Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақтылықты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. ▶ Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді кимеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. ▶ Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берілген болса, онда олар қосулы болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемейтеді. Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. НАЗАР АУДАРЫНЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады. Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі. Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе электр құралын пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды пайдаланбауы тиіс.
Электр құралдарын пайдалану және күту
▶ Куралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет болады. Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр
құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
▶ Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірибесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті болады. Электр құралдарын және керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті. ▶ Тұтқалар мен ұстау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ тұтқалар мен ұстау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді.
Батарея құралын пайдалану және күту
▶ Тек өндіруші сипаттаған зарядтағышпен қайта зарядтаңыз. Батарея жинағының бір түріне сай зарядтағыш басқа батарея жинағымен қолдануда өрт қауіпіне алып келуі мүмкін. Электр құралдарын тек арнайы тағайындалған батарея жинақтарымен пайдаланыңыз. Кез келген басқа батарея жинақтарын пайдалану жарақаттану мен өрт қауіліне алып келеді. ▶ Егер батарея жинағы қолдануда болмаса, оны түйреуіш, тиын, кілт, шеге, бұранда немесе басқа кіші металл заттардан ұстаңыз, олар бір терминалдан басқасына байланыс жасауы мүмкін. Батарея терминалдарын қосу күйік немесе өртке алып келуі мүмкін. Дұрыс емес пайдалануда батареядан сұйықтық ағуы мүмкін, оған тимеңіз. Егер тиіп қалсаңыз, сумен шайып тастаңыз. Егер сұйықтық көзге тисе дәрігерге хабарласыңыз. Батареядан шаққан сұйықтық көзді немесе күйіктерге алып келуі мүмкін. Зақымдалған немесе өзгертілген батарея жинақтарын пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе өзгертілген батареялар өртке, жарылуға немесе жарақаттануға алып келуі мүмкін кездейсоқ әрекеттерге алып келуі мүмкін.
▶ Батарея жинағын немесе құралын өртке немесе қатты температураға салдырмаңыз. 130 °C жоғары температураларда жарылыс болуы мүмкін. Барлық зарядтау нұсқауларын орындап, батарея жинағын нұсқауларда белгіленген температура ауқымынан тыс жағдайда зарядтамаңыз. Дұрыс емес зарядтау немесе белгіленген ауқымнан тыс температурада зарядтау батареяны зақымдап, өрт қауіпін жоғарылатуы мүмкін.
Қызмет көрсету
Электр құралына маман жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етеді. Зақымдалған батарея жинақтарын ешқашан пайдаланбаңыз. Батарея жинақтарын тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету жабдықтаушысы арқылы жөндетуге болады.
Дрельдердің және шуруп бұрауыштардың қауіпсіздік техникасы туралы нұсқаулары
Барлық операциялар үшін қауіпсіздік нұсқаулары
▶ Перфораторлық бұрғылауда құлақ қорғағыштарын киіңіз. Шуылда тұру есту қабілетінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Кескіш құрал немесе бекіткіштер жасырын сымдарға тиюі мүмкін әрекеттерді орындаған кезде электр құралын оқшауланған беттерінен ұстаңыз. Егер кескіш құрал немесе бекіткіштер жұмыс істеп тұрған сымға тисе, электр құралының ашық металл бөлшектері белсендіріліп, пайдаланушыға ток соғуы мүмкін.
Ұзын бұрғы қондырмаларын пайдалану үшін қауіпсіздік нұсқаулары
Бұрғы қондырмасының максимальдық жылдамдығынан жоғары жылдамдықта жұмыс істемеңіз. Жоғары жылдамдықтарда қондырма дайындамаға тимей бос айналса, бүгіліп жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. Әрдайым бұрғылауды төмен жылдамдықта және қондырма ұшы дайындамаға тиіп тұрған күйде бастаңыз. Жоғары жылдамдықтарда қондырма дайындамаға тимей бос айналса, бүгіліп жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. Қондырмаға сай сызықта басыңыз, тым қатты баспаңыз. Қондырмалар бүгіліп сынуға немесе бақылау жоғалтуға және жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
Электр құралын берік ұстаңыз. Шуруптарды бұрап бекіту және бұрап босату кезінде қысқаша жоғары мезеттер пайда болуы мүмкін. ▶ Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен ұстағаннан гөрі берік ұсталады.
▶ Кажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе ток соғуына әкелуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа әкелуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға әкелуі мүмкін. Электр құралын жерге қоюдан алдын оның тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп, электр құрал бақылауының жоғалуына әкелуі мүмкін. Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. ▶ Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар. ▶ Шеге немесе бұрауыш сияқты үшкір заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға әкеліп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін. ▶ Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.

Аккумуляторды жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды.
Сыналанса, электр құралын бірден сөндіріңіз. Тебуді тудыратын жоғары реактивті күштерден абай болыңыз. Электр құрал егер электр құралы артық жүктелсе немесе өңделетін дайындамада қысылса ол сыналады.
Өнім және қуат сипаттамасы

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау токтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға әкелуі
мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Бұл электр құралы шуруптарды бұрап бекіту және бұрап босату, сондай-ақ, ағаш, металл, сонымен бірге, синтетикалық материалдарды бұрғылауға арналған. GSB үлгісі, сонымен қатар кірпіш, бетон мен таста соққымен бұрғылау үшін қолданылады.
142|Қазақ
Көрсетілген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
(1) Аспап патроны (2) Жылдам қысқыш бұрғылау патроны (3) Айналу моментін алдын ала таңдауға арналған реттегіш сақина (4) Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқыш (GSB) (5) Беріліс ауыстырып-қосқышы (6) Қаптама қақпақ (7) Аккумулятор
(8) Аккумуляторды босату түймесі (9) Жұмыс шамы (10) Айналу бағытын ауыстырып-қосқыш (11) Ажыратқыш (12) Тұтқа (беті оқшауландырылған) (13) Әмбебап бит ұстағышы A) (14) Көмір қылшақтар (15) Заряд деңгейі индикаторының түймесі (16) Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
A) Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Техникалық мәліметтер
| Аккумуляторлықдрель-шуруп бурауыш GSR 180-LI GSB 180-LI | |||
| Өнім нөмірі | 3 601 JF8 1.. 3 601 JF8 3.. | ||
| Жұмыс кернеүй В= 18 18 | |||
| Бос айналу сәті | |||
| – 1-беріліс мин | -1 | 0–500 0–500 | |
| – 2-беріліс мин | -1 | 0–1900 0–1900 | |
| Соққы саны мин | -1 | – 0–27000 | |
| ISO 5393 стандарты бойынша қатты/ жұмсақ материалдарды бұрал бекіту кезіндегі макс. айналу моментіA) | Нм 54/21 54/21 | ||
| Макс. саңылау диаметрі (1-ші/2-ші беріліс) | |||
| – Ағаш мм 35 35 | |||
| – Болат мм 10 10 | |||
| – Кірпіш қалау мм – 10 | |||
| Аспап патроны 1,5–13 | 1,5–13 | ||
| Бұрандалардың макс. диаметрі | мм 10 10 | ||
| Салмағы ЕРТА-Procedure 01:2014 құжатына сайA) | кг | 1,6–2,6 | 1,7–2,7 |
| Зарядтау кезіндегі ұсынылатын қоршаған орта температурасы | °C | 0 ... +35 | 0 ... +35 |
| Жұмыс кезіндегіB) және сақтау кезіндегі рүқсат етілген қоршаған орта температурасы | °C | -20 ... +50 | -20 ... +50 |
| ұсынылатын аккумуляторлар | GBA 18V...ProCORE18V... | GBA 18V...ProCORE18V... | |
| ұсынылатын зарядтағыш құрылғылар | GAL 18...GAX 18...GAL 36... | GAL 18...GAX 18...GAL 36... | |
A) пайдаланылған аккумуляторға байланысты; B) <0°C температураларда қуаты шектелген.
Шуыл және діріл туралы ақпарат
EN 62841-2-1 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының көрсеткіштері.
Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл деңгейі әдетте келесідей болады: дыбыстық қысым деңгейі 88 дБ(А); дыбыстық қуат деңгейі 99 дБ(А). К дәлсіздігі = 5 дБ.
Құлақ қорғанысын тағыңыз!
GSR 180-LI GSB 180-LI Жалпы діріл мәндері ah (үш бағыттың векторлық қосындысы) және К дәлсіздігі EN 62841-2-1 бойынша есептелген.
| Металл бойынша бурғылау: | |||
| ah | M/c2 | <2,5 | <2,5 |
| K | M/c2 | 1,5 | 1,5 |
| Бетон бойынша сокқымен бурғылау: | |||
| ah | M/c2 | - | 11,0 |
| K | M/c2 | - | 1,5 |
Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл эмиссиясының көрсеткіші стандартты өлшеу әдісі бойынша өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдын ала діріл мен шуды бағалауға болады.
Берілген діріл деңгейі мен шуыл шығару мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін, басқа айырбасталатын құралдармен немесе жеткіліксіз техникалық қызмет көрсетумен пайдаланылса, діріл деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл бүкіл жұмыс уақыты ішінде діріл мен шуды айтарлықтай арттыруы мүмкін.
Діріл деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты бағалау үшін құрал өшірілген немесе қосылған, бірақ жұмыс істемейтін уақыттарды да ескеру қажет. Бұл жұмыс уақыты ішіндегі діріл деңгейі мен шуыл шығару мәнін төмендетеді.
Пайдаланушыны діріл әсерінен қорғау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралын және айырбасталатын құралдарды күту, қолдарды жылы ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдастыру.
Жинау
Аккумуляторды электр құралымен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралын тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін тудырады.
▶ Тек техникалық мәліметтерде көрсетілген зарядтағыш құрылғыларды пайдаланыңыз. Тек осындай зарядтағыш құрылғылар электр құралыңызда пайдаланылатын литий-иондық аккумулятормен үйлесімді.
Нұсқау: аккумулятор ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдалану алдында толық зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін қысқартпай, кез келген уақытта зарядтауға болады. Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection (ECP)" (электрондық элементтерді қорғау) арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятор заряды жоқ болса, электр құралы қорғаныс схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа қозғалмайды.
Электр құралы автоматты түрде өшкеннен соң қосқыш/өшіргішті енді басушы болмаңыз. Әйтпесе аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.
Аккумуляторды шығару
Аккумулятордың (7) екі бекіту басқышы бар, олар аккумуляторды ашу пернесінің (8) кездейсоқ басылып, аккумулятордың түсіп кетуінен сақтайды. Аккумулятор электр құралында орнатулы болса, оны серіппе жайында ұстан тұрады.
Аккумуляторды (7) шығару үшін аккумуляторды босату түймесін (8) басыңыз және аккумуляторды электр құралынан тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш салмаңыз.
Аккумулятордың зарядталу күйі индикаторы
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторындағы (16) жасыл түсті жарықдиодтары аккумулятордың (7) заряд деңгейін көрсетеді. Қауіпсіздік тұрғысынан заряд деңгейін электр құралының жұмыссыз күйінде ғана шақыруға болады.
Заряд деңгейін көрсету үшін заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені (15) басыңыз. Мұны аккумулятор шығарылғанда да орындауға болады.
Заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені (15) басқаннан кейін ешбір жарық диоды жанбаса, бұл аккумулятордың ақаулы және оны ауыстыру қажет екендігін білдіреді.
Аккумулятор түрі GBA 18V... (D1 суретін қараңыз)
| Жарык диодтары Куаты |
| Уздіксіз жарык 3× жасыл 60-100 % |
| Уздіксіз жарык 2× жасыл 30-60 % |
| Уздіксіз жарык 1× жасыл 5-30 % |
| Жыпылыктау 3× жасыл 0-5 % |
Аккумулятор түрі ProCORE18V... (D2 суретін қараңыз)
| Жарык,диодтары Куаты |
| Уздіксіз жарык 5× жасыл 80-100% |
| Уздіксіз жарык 4× жасыл 60-80% |
| Уздіксіз жарык 3× жасыл 40-60% |
| Уздіксіз жарык 2× жасыл 20-40% |
| Уздіксіз жарык 1× жасыл 5-20% |
| Жыпылықтау 1× жасыл 0-5% |
Аспапты алмастыру (А суретін қараңыз)
Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Жылдам тартылатын бұрғылау патронын (2) айналу бағытында ① бұрау арқылы аспап орнатылғанша ашыңыз. Аспапты орнатыңыз.
Жылдам тартылатын бұрғылау патронының (2) төлкесін айналу бағытымен ② қолмен мықтап бекітіңіз. Бұрғылау патроны автоматты түрде бекітіледі.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен өңделуі керек.
- Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
- Р2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын үйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Нұсқау: Электр құралыңызға арналмаған аккумуляторды пайдалану қате жұмыс істеуіне немесе электр құралының зақымдануына алып келуі мүмкін.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (10) ұяшыққа бекітілгенін және ұяшыққа берік тиіп тұрғанын сезгенше салыңыз. Зарядталған аккумуляторды (7) разъемға
бекітілгенін және разъемға тығыз тиіп тұрғанын сезгенше салыңыз.
Бұрау бағытын реттеу (В суретін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (10) көмегімен айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/өшіргішті (11) басқанда бұл мүмкін емес.
Оң жаққа айналу бағыты: бұрғылау және шуруптарды бұрап бекіту үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (10) солға тірелгенше басыңыз.
Сол жаққа айналу бағыты: бұрандалар мен сомындарды босату немесе бұрап алу үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (10) оңға тірелгенше басыңыз.
Айналу моментін реттегіш сақинаны (3)
қалаулы айналу моментіне орнатыңыз.
GSB:
Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты (4) "Бұрғылау" белгісіне орнатыңыз.

Бұрау
GSR:
Айналу моментін ауыстырып-қосқышты (3) "Бұрау" белгісіне жылжытыңыз.
GSB:
Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты (4) "Бұрау" белгісіне орнатыңыз.

Соққымен бұрғылау (GSB)
Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты (4) "Соққымен бұрғылау" белгісіне жылжытыңыз.
Ажыратқыш
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (11) басып тұрыңыз.
Жарық диоды (9) қосу/өшіру қосқышы (11) сәл немесе толық басылғанда жанып, жарық жеткіліксіз жұмыс аймақтарын жарықтандыруға мүмкіндік береді.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (11) жіберіңіз.
Айналу моментін орнату
Қосқышты/өшіргішті (11) басу күшін өзгерте отырып, қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге болады.
Қосқышты/өшіргішті (11) жай басқанда, электр құрал төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші күшейгенде айналу саны артады.
Айналу моментін алдын ала таңдау
Айналу моментін алдын ала таңдауға арналған реттегіш сақинаның (3) көмегімен қажетті айналу моментін 20 қадам бойынша алдын ала таңдауға болады. Реттелген айналу моментіне жеткенде электр құралы тоқтап қалады.
Берілістің механикалық таңдалуы
▶ Беріліс ауыстырып-қосқышының (5) тоқтап тұрған кезде немесе электр құралы жұмыс істеп тұрғанда қозғалтуға болады. Дегенмен, оны толық жүктеме кезінде немесе максималды жылдамдықта орындау керек.
І беріліс:
Төмен айналымдар саны; үлкен бұрғылау диаметрімен бұрау немесе жұмыс істеу үшін.
II беріліс:
Жоғары айналымдар саны; кіші бұрғылау диаметрімен жұмыс істеу үшін.
Температураға тәуелді артық жүктемеден қорғаныс
Мақсатына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралына артық жүктеме түспейді. Қатты жүктелуде немесе рұқсат етілген аккумулятор жұмыс температурасының аймағынан асып кеткенде электр құралы өшіп, жарық диод электр құралында жыпылықтайды. Жұмысты жалғастырудан алдын электр құралын суытыңыз.
Терең заряд жоғалту қорғанысы
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection (ECP)" (электрондық элементтерді қорғау) арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа қозғалмайды.
Жылдам өшіру (Kickback Control)

Жылдам өшіру (KickBack Control) электр құралын жақсырақ бақылауға көмектеседі және осылайша KickBack Control құралынсыз электр
құралдарымен салыстырғанда пайдаланушы қорғанысын да күшейтеді. Кездейсоқ және күтілмеген ретте электр құралы бұрғы айналасында айналса электр құралы өшеді.
Жылдам өшіру электр құралында жарық диод жыпылықтауы арқылы көрсетіледі.
Қайта іске қосу үшін ажыратқышты жіберіп, қайта басыңыз.
▶ Егер Kickback Control функциясы ақаулы болса, электр құралы бұдан былай қосылмайды. Электр құралыңызды тек қана білікті маманға және түпнұсқа қосалқы бөлшектермен жөндетіңіз.
▶ Беріліс ауыстырып-қосқышын немесе жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты әрдайым тірелгенше жылжытыңыз немесе айналдырыңыз. Әйтпесе электр құралына зақым келтіруіңіз мүмкін.
Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары сырғып кетуі мүмкін.
Бұрауыш биттерді немесе әмбебап бит ұстағышын алып тастау үшін көмекші құралды пайдалануға болады.
▶ Шаңы көп қоршауда жұмыс істегенде электр құралы істемей қалуы мүмкін. Егер электр құралы
кездейсоқ істемей қалса, көмір қылшықты шешіп оны тексеріңіз ("Көмір қылшықты алмастыру" бөлімін қараңыз).
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін тудырады.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы), міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Көмір қылшақтарды алмастыру (С суретін қараңыз)
Көмір қылшақтардың ұзындығын әр 2–3 ай сайын тексеріп, қажет болса, көмір қылшақтарды алмастырыңыз.
Ешқашан тек бір көмір қылшақты алмастырмаңыз!
146 | Казак
Нұсқау: тек Bosch компаниясынан сатып алынған, өніміңізге арналған көмір қылшақтарды пайдаланыңыз.
– Қалпақтарды (6) арнайы гайка бұрауышпен босатыңыз. – Серіппе қысымының астында тұрған көмір қылшақтарды (14) алмастырып, қалпақтарды қайтадан бұрап бекітіңіз.
Батарея жұмыс істемей жатса, Bosch электр құралдарының өкілетті сервистік орталығына барыңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы 050012
Мұратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан ала аласыз
Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады:
- механикалық зақымдардың жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы;
– пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының бар болуы; – электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі; – біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы.
Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды:
– форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген сынықтар; – барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы.
Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі
туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді:
– табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы);
– қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның бөліктері; – электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда болуы немесе электр құралы бөліктері мен түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы, жоғары температура әсерінен электр қозғалтқышындағы сымдар оқшаулағышының қараюы немесе көмірленуі.)
Тасымалдау
Бұл литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға қойылатын талаптарға сай болуы керек. Пайдаланушы аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз тасымалдай алады.
Үшінші тұлғалар (мысалы, әуе көлігі немесе жіберу) орамаға және маркаларға қойылатын арнайы талаптарды сақтау керек. Жіберуге дайындау кезінде қауіпті жүктерді тасымалдау маманымен хабарласу керек.
Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және аккумуляторды орамада қозғалмайтындай етіп ораңыз. Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз.
Кәдеге жарату

Электр құралдарды, аккумуляторларды, керек-жарақтарды және орау
материалдарын экологиялық тұрғыдан дұрыс утилизациялауға тапсыру керек.

Электр құралдарды және аккумуляторларды/батареяларды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Еуропа 2012/19/EU ережесі бойынша жарамсыз электр құралдары және Еуропа 2006/66/ЕС ережесі бойынша зақымдалған немесе ескі аккумулятор/батареялар бөлек жиналып кәдеге жаратылуы қажет.
Аккумуляторлар/батареялар:
Литий-иондық:
Тасымалдау бөліміндегі нұсқауларды орындаңыз (қараңыз „Тасымалдау“, Бет 146).