AdvancedImpact 18V-80 - бұрғы BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз AdvancedImpact 18V-80 BOSCH PDF форматында.

BOSCH AdvancedImpact 18V-80 - бұрғы
📄 243 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice BOSCH AdvancedImpact 18V-80 - page 148
Нұсқаулықты қарау : Français FR English EN Қазақша KK 한국어 KO Português PT
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түрі Сымсыз соққылы бұрғы
Бренд Bosch
Модель AdvancedImpact 18V-80
Батарея кернеуі 18 В
Батарея түрі Литий-ион
Бұрғылау қабілеті (болат) 13 мм
Бұрғылау қабілеті (ағаш) 40 мм
Бұрғылау қабілеті (кірпіш) 16 мм
Бос жүріс жылдамдығы (айнымалы жылдамдық) 0 - 800 айн/мин (бірінші жылдамдық) / 0 - 2600 айн/мин (екінші жылдамдық)
Жылдамдықтар саны 2
Патрон түрі Өздігінен қысатын патрон 13 мм
Салмағы (батареясыз) 1,6 кг
Өлшемдері (Ұ x Е x Биіктік) 230 x 80 x 210 мм
Негізгі функциялары Бұрғылау, соққылы бұрғылау, бұрау
Күтім және тазалау Құрғақ шүберекпен тазалау; химиялық заттарды қолданбау
Қауіпсіздік Патрон тежегіші, қауіпсіздік ажыратқышы, қауіпсіздік муфтасы
Қосалқы бөлшектер және жөндеу мүмкіндігі Bosch компаниясынан қолжетімді бөлшектер; уәкілетті жөндеуші жөндей алады
Жалпы ақпарат Батареясыз және зарядтағышсыз жеткізіледі; Bosch 18V батареясымен үйлесімді

Жиі қойылатын сұрақтар - AdvancedImpact 18V-80 BOSCH

Ағаштағы ең жоғары бұрғылау қабілеті қандай?
Bosch AdvancedImpact 18V-80 бұрғысы ағашта 40 мм-ге дейін бұрғылай алады.
Бұл құрал қандай батарея түрін пайдаланады?
Бұл бұрғы Bosch желісіндегі 18 В Литий-ион батареясын пайдаланады.
Патрон кілтсіз бе?
Иә, патрон 13 мм өздігінен қысатын патрон болып табылады, бұл бұрғыларды кілтсіз оңай ауыстыруға мүмкіндік береді.
Бұл бұрғының қанша жылдамдығы бар?
Оның 2 жылдамдығы бар: бұрау үшін баяу жылдамдық (0-800 айн/мин) және бұрғылау үшін жылдам жылдамдық (0-2600 айн/мин).
Бұрғыны қалай тазалау керек?
Құралды тазалау үшін құрғақ шүберекті пайдаланыңыз. Құралды зақымдауы мүмкін химиялық заттардан немесе судан аулақ болыңыз.
Бұрғы батареямен және зарядтағышпен бірге жеткізіледі ме?
Жоқ, бұрғы әдетте батареясыз және зарядтағышсыз сатылады. Нақты сілтемені тексеріңіз.
Бұл бұрғымен қандай материалдарды бұрғылауға болады?
Ол соққы функциясының арқасында ағашты, металды және кірпішті бұрғылай алады.
Тез тоқтату үшін патрон тежегіші бар ма?
Иә, ол қауіпсіздік үшін айналуды тез тоқтататын патрон тежегішімен жабдықталған.
Қосалқы бөлшектерді қайдан сатып ала аламын?
Қосалқы бөлшектер Bosch компаниясында немесе уәкілетті жөндеушілерде қолжетімді. Сатушыны табу үшін Bosch сайтын қараңыз.
Бұл құралдың кепілдігі қандай?
Bosch стандартты кепілдігі 2 жыл. Ықтимал ұзартуды алу үшін құралыңызды Bosch сайтында тіркеңіз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы AdvancedImpact 18V-80 BOSCH

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз бұрғы PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз AdvancedImpact 18V-80 - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. AdvancedImpact 18V-80 брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ AdvancedImpact 18V-80 BOSCH

Пайдалану нұсқаулығының

ТҮПНҰСҚАСЫ

Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады

Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген.

Өнімді пайдалану мерзімі

Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тактайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана жарамды болады.

Істен шығу себептерінің тізімі

  • көп ұшқын шықса, пайдаланбаңыз
  • қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз – ток сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз

Пайдаланушының мүмкін қателіктері

  • тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз
  • жауын-шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз

Шекті күй белгілері

  • ток сымының тозуы немесе зақымдануы
  • өнім корпусының зақымдалуы

Қызмет көрсету түрі мен жиілігі

- Әр пайдаланудан кейін өнімді тазалау ұсынылады.

Сақтау

  • Құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек
  • Орамасыз сақтау мүмкін емес
  • Сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150-69 (шарт 1) құжатын қараңыз

- +5-ден +40 °C-қа дейін температурасында қоймада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы ылғалдылық 80 %-дан аспауы тиіс.

Тасымалдау

  • Тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді
  • Тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69 (5 шарт) құжатын оқыңыз
  • Қоршаған орта температурасы -50 °C-тан +50 °C-қа дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы ылғалдылық 100 %-дан аспауы тиіс.

Қауіпсіздік нұсқаулары

Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік нұсқаулары

ЕСКЕРТУ

Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді,

Нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау ток соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға әкелуі мүмкін.

Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.

Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі бар) және аккумулятордан қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар.

Жұмыс орнының қауіпсіздігі

Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құралы ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы мүмкін. Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алаңдаушылықтар бақылауды жоғалтуға әкелуі мүмкін. Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы бар өндірістік аймақтарында жұмыс істеу үшін арналған.

Электр қауіпсіздігі

Электр айырлары розеткаға сай болуы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай түрде өзгертпеңіз. Жерге қосылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қаупін төмендетеді.

Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен тоңазытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз

жерге қосылған болса жоғары ток соғу қаупі пайда болады.

Электр құралдарын жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су ток соғу қаупін жоғарылатады. Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе тоқтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель ток соғу қаупін жоғарылатады. Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану ток соғу қаупін төмендетеді. Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған ток желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану ток соғу қаупін төмендетеді.

Жеке қауіпсіздік

Электр құралын пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралын шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанамайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтарды тиісті жағдайларда қолданып, жеке жарақаттануларды кемейтеді. Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақтылықты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралының бақылануын сақтайды. ▶ Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді кимеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. ▶ Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берілген болса, онда олар қосулы

болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемейтеді.

Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей, қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. НАЗАР АУДАРЫНЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады. Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі. Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе электр құралын пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды пайдаланбауы тиіс.

Электр құралдарын пайдалану және күту

▶ Куралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет болады. Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. ▶ Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірибесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті болады. Электр құралдарын және керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің

ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөнденіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.

Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті. Тұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ тұтқалар мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді.

Батарея құралын пайдалану және күту

▶ Тек өндіруші сипаттаған зарядтағышпен қайта зарядтаңыз. Батарея жинағының бір түріне сай зарядтағыш басқа батарея жинағымен қолдануда өрт қауіпіне әкелуі мүмкін. Электр құралдарын тек арнайы тағайындалған батарея жинақтарымен пайдаланыңыз. Кез келген басқа батарея жинақтарын пайдалану жарақаттану мен өрт қауіпіне алып келеді. ▶ Егер батарея жинағы қолдануда болмаса, оны түйреуіш, тиын, кілт, шеге, бұранда немесе басқа кіші металл заттардан ұстаңыз, олар бір терминалдан басқасына байланыс жасауы мүмкін. Батарея терминалдарын қосу күйік немесе өртке алып келуі мүмкін. Дұрыс емес пайдалануда батареядан сұйықтық ағуы мүмкін, оған тимеңіз. Егер тиіп қалсаңыз, сумен шайып тастаңыз. Егер сұйықтық көзге тисе дәрігерге хабарласыңыз. Батареядан шаққан сұйықтық көзді немесе күйіктерге алып келуі мүмкін. Зақымдалған немесе өзгертілген батарея жинақтарын пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе өзгертілген батареялар өртке, жарылуға немесе жарақаттануға алып келуі мүмкін кездейсоқ әрекеттерге алып келуі мүмкін. ▶ Батарея жинағын немесе құралын өртке немесе қатты температураға салдырмаңыз. 130 °C жоғары температураларда жарылыс болуы мүмкін. Барлық зарядтау нұсқауларын орындап, батарея жинағын нұсқауларда белгіленген температура ауқымынан тыс жағдайда зарядтамаңыз. Дұрыс емес зарядтау немесе белгіленген ауқымнан тыс температурада зарядтау батареяны зақымдап, өрт қауіпін жоғарылатуы мүмкін.

Қызмет көрсету

Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз етеді. Зақымдалған батарея жинақтарын ешқашан пайдаланбаңыз. Батарея жинақтарын тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету жабдықтаушысы арқылы орындалуы мүмкін.

Дрельдердің және шуруп бұрауыштардың қауіпсіздік техникасы туралы нұсқаулары

Барлық операциялар үшін қауіпсіздік нұсқаулары

▶ Перфораторлық бұрғылауда құлақ қорғағыштарын киіңіз. Шуылда тұру есту қабілетінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. ▶ Қосымша тұтқаны/тұтқаларды пайдаланыңыз. Бақылау мүмкіндігінен айырылу жарақат алуға әкелуі мүмкін. Кескіш керек-жарақ немесе бекіткіштер жасырын сымдарға тиюі мүмкін әрекеттерді орындаған кезде электр құралын оқшауланған беттерінен ұстаңыз. Егер кескіш керек-жарақ немесе бекіткіштер жұмыс істеп тұрған сымға тисе, электр құралының ашық металл бөлшектерін белсендіріп, пайдаланушыға ток соғуы мүмкін.

Ұзын бұрғы қондырмаларын пайдалану үшін қауіпсіздік нұсқаулары

▶ Бұрғы қондырмасының максималдық жылдамдығынан жоғары жылдамдықта жұмыс істемеңіз. Жоғары жылдамдықтарда қондырма дайындамаға тимей бос айналса бүгіліп, жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. Әрдайым бұрғылауды төмен жылдамдықта және қондырма ұшы дайындамаға тиіп тұрған күйде бастаңыз. Жоғары жылдамдықтарда қондырма дайындамаға тимей бос айналса бүгіліп, жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. ▶ Қондырмаға сай сызықта басыңыз, тым қатты баспаңыз. Қондырмалар бүгіліп сынуға немесе бақылау жоғалтуға және жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін.

Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары

Электр құралын берік ұстаңыз. Бұрандаларды бұрап бекіту және бұрап босату кезінде қысқаша жоғары моменттер пайда болуы мүмкін. ▶ Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен ұстағаннан гөрі берік ұсталады. Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе ток соғуына әкелуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа әкелуі мүмкін.

Су құбырын зақымдау материалдық зиянға әкелуі мүмкін.

Электр құралын жерге қоюдан алдын оның тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп, электр құрал бақылауының жоғалуына әкелуі мүмкін. Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. ▶ Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар. ▶ Шеге немесе бұрауыш сияқты үшкір заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға әкеліп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін. ▶ Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.

BOSCH AdvancedImpact 18V-80 - Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары - 1

Аккумуляторды жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды.

▶ Сыналанса, электр құралын бірден сөндіріңіз. Тебуді тудыратын жоғары реактивті күштерден абай болыңыз. Электр құрал, егер электр құралы артық жүктелсе немесе өңделетін дайындамада қысылса, ол сыналады.

Өнім және қуат сипаттамасы

BOSCH AdvancedImpact 18V-80 - Өнім және қуат сипаттамасы - 1

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау ток соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға әкелуі мүмкін.

Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін ескеріңіз.

Тағайындалу бойынша қолдану

Бұл электр құралы бұрандаларды бұрап бекітуге және бұрап босатуға, сондай-ақ ағаш, металл, керамика мен пластик бойынша бұрғылауға арналған. AdvancedImpact 18V-80 аккумуляторлық дрель-шуруп бұрауышы, сонымен қатар кірпіш, кірпіш қалау мен тас бойынша соққымен бұрғылау үшін қолданылады.

Көрсетілген құрамды бөлшектер

Көрсетілген құрамды бөлшектердің нөмірлері графикалық беттегі электр құралының көрсетіліміне қатысты болып келеді.

(1) Құлыптан босату сақинасы (2) Қосымша тұтқа (3) Құрал бекіткіші (4) Айналу моментін алдын ала таңдауға арналған реттегіш сақина (5) Жұмыс режимін алдын ала таңдауға арналған реттегіш сақина (AdvancedImpact 18V-80)

(6) Беріліс ауыстырып-қосқышы

(7) Айналу бағытын ауыстырып-қосқыш

(10) Тұтқа (беті оқшауланған)

(11) Жұмыс шамы

(12) Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы

(13) Ажыратқыш

(14) Бұрғылау патронының саптамасы a)

(15) Магнит қалпағы

(19) Әмбебап бит ұстағышы a)

a) Бейнеленген немесе сипатталған керек-жарақтар стандартты жеткізілім жиынтығымен қамтылмайды. Толық керек-жарақтарды біздің керек-жарақтар бағдарламасынан табасыз.

Техникалық мәліметтер

Аккумуляторлықдрель-шуруп бурауыш AdvancedDrill 18V-80 AdvancedImpact 18V-80
Өнім нөмірі3 603 JE2 0.. 3 603 JE2 1..
Номиналды кернеу V= 18 18
Бос жүріс күйіндегі айналу жилігіA)
– Бурау (1-беріліс) мин-10–500 0–500
– Бүргылау/сокқымен бүргылау (2- беріліс)мин-10–1950 0–1950
Сокқы саныA)мин-1– 0–29250

152|Қазақ

Аккумуляторлық дрель-шуруп бұрауыш AdvancedDrill 18V-80 AdvancedImpact 18V-80

ISO 5393 бойынша қатты/жұмсақ материалдарды бұрал бекіту кезіндегі макс. айналу моменті B) Нм 54/36 55/37
Макс. айналу моменті B) Нм 78 82
Макс. саңылау диаметрі (1-ші/2-ші беріліс)
– Кірпіш қалау мм – 13
– Болат мм 13 13
– Ағаш мм 40 40
Бұрғылау патронының қысу диапазоны мм 13 13
Бұрандалардың макс. диаметрі мм 10 10
Салмағы C)D) кг 1,6 (1,5 A-сағ)–1,9 (6,0 A-сағ)1,7 (1,5 A-сағ)–2,0 (6,0 A-сағ)
Зарядтау кезіндегі ұсынылатын қоршаған орта температурасы°C 0 ... +35 0 ... +35
Жұмыс кезіндегі E) және сақтау кезіндегі рүқсат етілген қоршаған орта температурасы°C –20 ... +50 –20 ... +50
ұсынылатын аккумуляторлар PBA 18V...W-. PBA 18V...W-.
ұсынылатын зарядтағыш құрылғылар F) AL 18...AL 18...

A) 20-25 °C температурасында PBA 18V 6.0Ah аккумуляторымен өлшенеді. B) 20-25°C температурасында, саптамасыз, аккумуляторымен есептелген PBA 18V 6.0Ah C) пайдаланған аккумуляторға байланысты D) бұрғылау патроны мен тұтқаны қоса E) <0 °C температураларында қуаты шектелген F) Мына зарядтағыш құрылғылар РВА аккумуляторымен үйлесімді емес: AL 1814 CV, AL 1820 CV, AL 1860 CV

EN 62841-2-1 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының көрсеткіштері.

Электр құралының амплитуда бойынша есептелген дыбыстық қысым деңгейі әдетте 78 дБ(А) құрайды. К дәлсіздігі = 3 дБ. Шуыл деңгейі жұмыс барысында белгіленген шамадан асып кетуі мүмкін. Құлақ қорғанысын тағыңыз!

Жалпы діріл мәндері ah (үш бағыттың векторлық қосындысы) және К дәлсіздігі, келесі бойынша есептелген: EN 62841-2-1, EN 62841-2-2 Металл бойынша бұрғылау: ah = 2,5 m/c2 , K = 1,5 m/c2 Бұрау: ah = 3 m/c2 , K = 1,5 m/c2

AdvancedImpact 18V-80

EN 62841-2-1 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының көрсеткіштері.

Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл деңгейі әдетте келесідей болады: дыбыстық қысым деңгейі 90 дБ(А); дыбыстық қуат деңгейі 98 дБ(А). К дәлсіздігі = 5 дБ.

Құлақ қорғанысын тағыңыз!

Жалпы діріл мәндері a (үш бағыттың векторлық қосындысы) және К дәлсіздігі, EN 62841-2-1, EN 62841-2-2 бойынша есептелген:

Металл бойынша бұрғылау: a_h = 3 м/с², K = 1,5 м/с². Бетон бойынша соққымен бұрғылау: a_h = 10 м/с², K = 1,5 м/с².

Бұрау: a_h = 2,5 м/с², K = 1,5 м/с².

Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы тербелу және шу шығаруды бағалауға болады.

Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптармен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса, дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды қатты көтеруі мүмкін.

Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару мәнін төмендетеді.

Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды жылы ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдастыру.

Аккумулятор

Bosch компаниясы аккумуляторлық электр құралдарын аккумуляторсыз да сатады. Электр құралыңыздың жеткізілім жиынтығында аккумулятордың бар-жоғын қаптауыштан біліп алуға болады.

▶ Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау құралдары сіздің электр құралыңыздың ішіндегі литий-иондық аккумулятормен сәйкес.

Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық тасымалдау ережелеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз.

Зарядталған аккумуляторды аккумулятор бекіткішіне тірелгенше енгізіңіз.

Аккумуляторды шығару

Аккумуляторды шығару үшін аккумуляторды босату түймесін басыңыз және аккумуляторды электр құралынан тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш салмаңыз.

Электр құралындағы аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы

Электр құралындағы аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы, ажыратқыш жартылай немесе толық басылғанда, бірнеше секунд ішінде аккумулятор зарядының деңгейін көрсетеді.

Жарық диоды Заряд деңгейі

Уздіксіз жарык 3 × жасыл ≈ 75–100%
Уздіксіз жарык 2 × жасыл ≈ 40–75%
Уздіксіз жарык 1 × жасыл ≈ 15–40%
Баяу жыпылықтау 1 × жасыл ≈ 0–15%

Артық жүктемеден қорғаныс іске қосылғанда, заряд деңгейі индикаторының 3 жарық диоды жылдам жыпылықтайды. Егер тек ортаңғы жарық диоды жылдам жыпылықтаса, бұл аккумулятордың немесе электр құралының температурасы жұмыс диапазонынан тыс болғанын білдіреді. Аккумулятор мен электр құралын суытыңыз.

Аккумулятордағы аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы

Нұсқау: әр аккумулятор түрінде заряд деңгейінің индикаторы болмайды.

Аккумулятордағы аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы жарық диодтары аккумулятор зарядының деңгейін көрсетеді. Қауіпсіздік тұрғысынан заряд деңгейін электр құралының тоқтатылған күйінде көрсетуге болады.

Заряд деңгейін көрсету үшін аккумулятордағы заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені басыңыз. Бұл әрекетті, аккумулятор шығарылған кезде де орындауға болады.

Аккумулятордағы жарық диоды Заряд деңгейі

Уздіксіз жарык 4 × жасыл ≈ 75–100%
Уздіксіз жарык 3 × жасыл ≈ 50–75%
Уздіксіз жарык 2 × жасыл ≈ 25–50%
Уздіксіз жарык 1 × жасыл ≈ 5–25%
Жыпылықтау 1 × жасыл ≈ 0–5%

Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы нұсқаулар

Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан қорғаңыз.

Аккумуляторды тек – 20 °C ... 50 °C температура ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз.

Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.

Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін білдіреді.

Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.

Жинау

Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету, құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі туындайды.

Қосымша тұтқа (А суретін қараңыз)

Қосымша тұтқа оңай және қауіпсіз түрде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Қосымша тұтқаны редукторлық бастың оң жағында немесе сол жағында бұрандамаға бұрап бекітіңіз.

Жұмыс құралын ауыстыру

▶ Алмалы-салмалы аспап жұмыс кезінде қатты қызып кетуі мүмкін. Оны ұстамай тұрып, суығанын күтіңіз.

Енгізу құралын енгізу (В суретін қараңыз)

Алмалы-салмалы аспапты тірелгенше патронға (3) салыңыз. Алмалы-салмалы аспап ондағы магнит ұстағышта тұрады.

Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз

Алмалы-салмалы аспапты ұстағыштан (3) шығарыңыз.

Тіркемені бекіту (С суретін қараңыз)

Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз.

Кондырманы құрал ұстағышқа (3) салыңыз. Кондырма естіліп салынады.

Саптаманы тарту арқылы оның берік бекітілгенін тексеріңіз.

Соққымен бұрғылау жұмыс режимі үшін рұқсат етілмейтін саптамалар (К суретін қараңыз)

Соққымен бұрғылау жұмыс режимі үшін эксцентриктік саптама (16) және бұрыштық саптама (17) рұқсат етілмейді.

Алмалы-салмалы аспапты кондырмаға салыңыз (D суретін қараңыз)

Алмалы-салмалы аспапты соңына дейін салыңыз. Алмалы-салмалы аспап саптама ішінде магниттің көмегімен ұсталады.

Магнит қалпағы (Е суретін қараңыз)

Магнит қалпағы (15) арқылы бұрандалар тұрақтандырылады.

Магнит қалпағын (15) құрал бекіткішіне (3) қойыңыз. Магнит қалпағы шерту дыбысымен тіреледі.

Содан кейін бұрауыш битті (18) құрал бекіткішіне (3) салып, магнит қалпағын бұрауыш биттің үстінен алға қарай тартыңыз.

Бұранданы бұрау битіне салыңыз.

Бұрғылау патронының қондырмасы (F суретін қараңыз)

Бұрғы патронының кондырмасын (14) айналдыру бағыты бойынша ① алмалы-салмалы аспап салынғанша ашыңыз. Алмалы-салмалы аспапты орнатыңыз.

Бұрғылау патронының қондырмасын (14) айналдыру бағыты бойынша ② қолмен бұраңыз. Бұрғылау патроны автоматты түрде бекітіледі.

Қондырманы бұрау (G суретін қараңыз)

Электр құрылғыдан босату сақинасын (1) тартып шығарып, қондырманы құрал ұстағыштан (3) алыңыз.

Қондырманы керекті күйге бұрап, сосын қайта салып қойыңыз.

Саптаманы тарту арқылы оның берік бекітілгенін тексеріңіз.

Қондырманы шешу (Н суретін қараңыз)

Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз.

Электр құрылғыдан босату сақинасын (1) тартып шығарып, қондырманы құрал ұстағыштан (3) алыңыз.

Қондырмаларды комбинациялау (I суретін қараңыз)

Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз.

Аспирациялық келте құбырды (17) тию қорғанысына (3) қойыңыз.

Бұрыштық саптаманы (17) тарту арқылы оның берік бекітілгенін тексеріңіз.

Бұрғылау патронының қондырмасын (14) бұрыш қондырмасына (17) салыңыз.

Бұрғылау патронының саптамасын (14) тарту арқылы оның берік бекітілгенін тексеріңіз.

Шаңды және жоңқаларды сору

Корғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.

Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен өңделуі керек.

– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.

- Р2 сүзгі сыныбындағы газқағарды пайдалану ұсынылады.

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын үйғарымдарды пайдаланыңыз.

Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.

Пайдалану

Пайдалануға ендіру

Бұрау бағытын реттеу (J суретін қараңыз)

Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (7) көмегімен айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/өшіргішті (13) басқанда бұл мүмкін емес.

Оң жаққа айналу бағыты: бұрғылау және шуруптарды бұрап бекіту үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (7) солға тірелгенше басыңыз.

Сол жаққа айналу бағыты: шуруптарды босату немесе бұрап алу үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (7) оңға тірелгенше басыңыз.

Айналу моментін алдын ала таңдауға арналған реттегіш сақинаның (4) көмегімен қажетті айналу моментін қадам бойынша алдын ала таңдауға болады. Дұрыс реттелген жағдайда, бұранда материалға біртегіс бұрап бекітілген немесе реттелген айналу моментіне жеткеннен кейін, алмалы-салмалы аспап тоқтап қалады. Кейінде бекіткіш тіркесім, мысалы, бұрғылау немесе үлкен бұрандаларды бұрап кіргізу үшін ажыратылады. Бұл деңгейде максимальды айналу моментіне қол жеткізесіз.

Берілістің механикалық таңдалуы

▶ Беріліс ауыстырып-қосқышының (6) тоқтап тұрған кезде немесе электр құралы жұмыс істеп тұрғанда қозғалтуға болады. Дегенмен, оны толық жүктеме кезінде немесе максимальды жылдамдықта орындау керек.

І беріліс:

Төмен айналу жиіліктерінің диапазоны; үлкен бұрғылау диаметрімен жұмыс істеуге немесе бұрауға арналған.

II беріліс:

Жоғары айналу жиіліктерінің диапазоны; кіші және орташа бұрғылау диаметрімен бұрғылауға және соққымен бұрғылауға арналған.

Кіші және орташа өлшемді бұрандаларды бұрап кіргізу үшін айналу моментін реттегіш сақинаны (4) қажетті айналу моментіне орнатыңыз.

BOSCH AdvancedImpact 18V-80 - II беріліс: - 1

Бұрау және бұрғылау

Үлкен бұрандаларды бұрап кіргізу және бұрғылау үшін айналу моментін реттегіш сақинаны (4) "Бұрғылау/бұрау MAX" белгісіне орнатыңыз.

AdvancedImpact 18V-80:

BOSCH AdvancedImpact 18V-80 - AdvancedImpact 18V-80: - 1

Бұрау

Кіші және орташа өлшемді бұрандаларды бұрап кіргізу үшін жұмыс режимін алдын ала таңдауға арналған реттегіш сақинаны (5) "Бұрау" белгісіне орнатыңыз.

BOSCH AdvancedImpact 18V-80 - Бұрау - 1

Айналу моментін алдын ала таңдауға арналған реттегіш сақинаны (4) қажетті айналу моментіне орнатыңыз. Максималды айналу моменті үшін жұмыс режимін алдын ала таңдауға арналған реттегіш сақинаны (5)

"Бұрғылау/бұрау MAX" белгісіне орнатыңыз.

BOSCH AdvancedImpact 18V-80 - Бұрау - 2

Бұрау және бұрғылау

Үлкен бұрандаларды бұрап кіргізу және бұрғылау үшін жұмыс режимін алдын ала таңдауға арналған реттегіш сақинаны (5) "Бұрғылау/бұрау MAX" белгісіне орнатыңыз.

BOSCH AdvancedImpact 18V-80 - Бұрау және бұрғылау - 1

Соққымен бұрғылау

Кірпіш қалау бойынша соққымен бұрғылау үшін жұмыс режимін алдын ала таңдауға арналған реттегіш сақинаны (5) "Соққымен бұрғылау" белгісіне орнатыңыз.

Қосу/өшіру

Электр құралын қосу үшін қосқышты/өшіргішті (13) басып тұрыңыз.

Жұмыс шамы (11) ажыратқыш (13) кішкене немесе толық басылғанда жанады және жеткіліксіз болған жарық жағдайында жұмыс аймағын жарықтандырады.

Электр құралын өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (13) жіберіңіз.

Айналу моментін орнату

Қосқышты/өшіргішті (13) басу күшін өзгерте отырып, қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге болады.

Қосқышты/өшіргішті (13) жай басқанда, электр құралы төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші күшейгенде айналу саны артады.

Ажыратқыш (13) басылмаған кезде, бұрғылау шпинделі мен құрал бекіткіші (3) бұғатталады.

Бұл аккумулятор (9) заряды таусылғанда да бұрандаларды бұрап кіргізуге немесе электр құралын бұрауыш ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Артық жүктемеден қорғаныс

Тағайындалуына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралы артық жүктелмейді. Асқын жүктелгенде немесе аккумулятор температурасы үйғарынды мөлшерден асып кетсе, электроника электр құралын тиісті температура аймағына қайту үшін автоматты өшіреді.

Заряд деңгейі индикаторының ортаңғы жарық диоды жыпылықтайды.

Электр құралын шурупка тек өшірілген күйде қойыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары сырғып кетуі мүмкін.

Электр құралымен ұзақ жұмыс істегеннен кейін салқындату үшін 3 минутқа ең жоғары айналымдар санына қосу керек.

Техникалық күтім және қызмет

Қызмет көрсету және тазалау

Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету, құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі туындайды.

Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.

Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады.

Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс.

Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі тиіс.

Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс:

– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі туралы мәліметтер беруге міндетті;

– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай әрекеттерге жол бермеуі тиіс; – Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті; – Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы), міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.

Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері

Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді:

www.bosch-pt.com

Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап береді.

Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.

Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.

Қазақстан

Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы:

"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС

Алматы қ.,

Қазақстан Республикасы

050012

Мұратбаев к., 180 үй

"Гермес" БО, 7 қабат

Тел.: +7 (727) 331 31 00

Факс: +7 (727) 233 07 87

E-Mail: ptka@bosch.com

Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пункттерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан ала аласыз

Қызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден қараңыз:

Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады:

– механикалық зақымдардың жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының бар болуы; – электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі; – біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы.

Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды:

– форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген сынықтар;

– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы.

Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді:

– табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы); – қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның бөліктері; – электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда болуы немесе электр құралы бөліктері мен түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы, жоғары температура әсерінен электр қозғалтқышындағы сымдар оқшаулағышының қараюы немесе көмірленуі.)

Тасымалдау

Ұсынылған литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға қойылатын талаптарға бағынады. Пайдаланушы аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз тасымалдай алады.

Үшінші тараптар (мысалы, әуе немесе жүк тасымалдау компаниясы) орауышқа және таңбаламаға қойылатын арнайы талаптарды сақтауы керек. Жіберілетін жүкті дайындау кезінде қауіпті жүктерді тасымалдау сарапшыларымен хабарласу керек.

Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және аккумуляторды орамада қозғалмайтындай ораңыз. Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз.

Кәдеге жарату

BOSCH AdvancedImpact 18V-80 - Кәдеге жарату - 1

Электр құралдарды, аккумуляторларды, керек-жарақтарды және орау материалдарын экологиялық тұрғыдан дұрыс утилизациялауға тапсыру керек.

BOSCH AdvancedImpact 18V-80 - Кәдеге жарату - 2

Электр құралдарды және аккумуляторларды/батареяларды үй қоқысына тастамаңыз!

Тек қана ЕО елдері үшін:

Ескі электрлік және электрондық құрылғылар туралы 2012/19/EU еуропалық директивасы және оның ұлттық заңнамада қолданылуы бойынша пайдалануға бұдан былай жарамсыз электрлік құралдарды және 2006/66/EC еуропалық директивасы бойынша зақымдалған немесе ескірген аккумуляторларды/батареяларды бөлек жинап, қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен қайта өңдеуге жіберу қажет.

Қате жолмен кәдеге жаратылған ескі электрлік және электрондық құрылғылар қауіпті заттардың болу мүмкіндігіне байланысты қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды әсер тигізуі мүмкін.

Аккумуляторлар/батареялар:

Литий-иондық:

Тасымалдау бөліміндегі нұсқауларды орындаңыз (қараңыз „Тасымалдау“, Бет 156).

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : AdvancedImpact 18V-80

Санат : бұрғы