IVM 40/24-2 M ACD - Шаңсорғыш Kärcher - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз IVM 40/24-2 M ACD Kärcher PDF форматында.
| Өнім түрі | M класындағы су және шаң сорғыш |
| Бренд | Kärcher |
| Модель | IVM 40/24-2 M ACD |
| Өлшемдері (Ұ × Е × Б) | 645 × 655 × 1150 мм |
| Жұмыс күйіндегі салмағы | 35,7 кг |
| Резервуар көлемі | 40 л |
| Желілік кернеу | 220-240 В, 1~, 50-60 Гц |
| Номиналды қуат | 2100 Вт |
| Максималды қуат | 2300 Вт |
| Қорғау түрі | IPX4 |
| Қорғау класы | I (II клас элементтерімен) |
| Максималды вакуум | 19,0 кПа |
| Максималды көлемдік шығын (DN50, L=3 м) | 250 м³/сағ |
| Максималды көлемдік шығын (DN40, L=3 м) | 205 м³/сағ |
| Тиімді сүзу ауданы | 1,5 м² |
| Сорғыш түтік жалғау | DN40/DN50 |
| Желі кабелінің ұзындығы | 10 м |
| Сүзгі түрі | Жең сүзгі, M класы |
| Сүзгі сілтемесі | 9.990-222.0 |
| Дыбыс қысымының деңгейі | 77 дБ(А) |
| Қол-иық дірілі | < 2,5 м/с² |
| Қолдану | Кәсіби және өндірістік |
| Негізгі функциялар | M класындағы шаңдарды (құрғақ, жанғыш, денсаулыққа қауіпті) құрғақ және ылғалды сору |
| Күту | Клапанмен сүзгіні тазалау, коллекторды босату, өндірушінің жыл сайынғы тексеруі |
| Қауіпсіздік | Тұрақ тежегіші, потенциалды теңестіру, ағып кету кезінде авариялық тоқтату |
| Берілген керек-жарақтар | Сорғыш шланг, жабу тығыны, қайта өңдеу қапшығы |
| Кепілдік | Елдің сауда шарттары бойынша |
Жиі қойылатын сұрақтар - IVM 40/24-2 M ACD Kärcher
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы IVM 40/24-2 M ACD Kärcher
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Шаңсорғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз IVM 40/24-2 M ACD - Kärcher және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. IVM 40/24-2 M ACD брендінің Kärcher.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ IVM 40/24-2 M ACD Kärcher
Қауіпсіздік нұсқаулары 301
Максатына сэйкес қолдану.... 303
Коршаған ортаны қорғау...... 303
Керек-жабдыктар мен қосалқы бөлшектер 303
Жеткізілім жиынтығы..... 304
Курылғының сипаттамасы 304
Курылғыдағы таңбалар.... 304
Пайдалануға беру 305
Пайдалану 305
Тасымалдау.... 309
Сактау 309
Күтім және техникалық қызмет көрсету .... 309
Акаулар кезіндегі көмек 311
Утилизациялау 311
Кепілдік.... 311
Техникалық мағлұматтар.... 312
ЕО стандарттарына сәйкестігі туралы декларация 312
Жалпы нұсқаулар


Құрылғыны пайдаланбас бұрын, осы түпнұсқа
нұсқаулықты оқып, ол бойынша әрекет етіңіз және кейінірек пайдалану үшін немесе келесі иелер үшін сақтап қойыңыз.
- Алғаш рет іске қоспас бұрын, №5.956-249.0 қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықпен танысып шығыңыз.
- Пайдалану жөніндегі осы нұсқаулықты және қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықты ұстанбау құрылғының зақымдалуына және құрылғылармен және сол ортада жұмыс істейтін тұлғалардың жарақаттануына әкелуі мүмкін.
- Тасымалдау кезінде зақымдалған жағдайда дереу дилерге хабарлаңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Қауіп деңгейлері
⚠️ҚАУІП
- Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып соғатын тікелей қауіп бойынша нұсқау.
△ЕСКЕРТУ
- Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып соғуы мүмкін қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
△АБАЙЛАҢЫЗ
- Жеңіл жарақаттануға әкелуі мүмкін қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
- Материалдық зиянға әкелуі мүмкін қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
Техникалық қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқаулар
⚠️ ҚАУІП • Құрылғыны және оған арналған заттарды пайдалану, соның ішінде жазылған материалдарды жоюдың қауіпсіздендірілген процедураларын тек білікті қызметкерлердің көмегімен жүзеге асыру.
- Егер бөлмедегі өңделген ауа қайтарылса, бөлмеде ауа алмасудың жеткілікті мөлшерлемесі болуы керек. Қажетті шекті мәндерді орындау үшін қайтарылатын көлем ағынының мөлшері таза ауа көлемінің 50 %-ынан (бөлме көлемі VR х ауа алмасу мөлшерлемесі LW) аспауы керек. Желдетудің арнайы шараларынсыз қолданылады: LW=1 сағ-1. • Бұл құрылғыда зиянды шаң бар. Босату және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды, оның ішінде шаң жинағыштарды алып тастауды тиісті қорғаныс құралдарын киетін мамандар ғана жүргізе алады.
- Құрылғыны толық сүзгілеу жүйесінсіз пайдаланбаңыз. • Өңделетін материалдарға қатысты қолданылатын қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтаңыз.
- Әртүрлі жанғыш шаңдарды жинауға арналған контейнерге бір уақытта жинау өртке немесе жарылысқа әкелуі мүмкін.
⚠️ ЕСКЕРТУ • Құрылғыны шаң немесе газ жарылу қаупі бар жерлерде орнатуға немесе пайдалануға
болмайды. Шаң-жарылғыш атмосфераға тек сүзгі алдында құрылғының ішінде рұқсат етіледі. Құрылғының ішінде жарылғыш газды орталарға тыйым салынады.
- Құрылғы жанғыш сұйықтықтарды (тұтанғыш, тез тұтанғыш, қауіпті заттар туралы 67/548/EEC директивасына сәйкес тез тұтанғыш) (жану температурасы 55°C төмен), сондай-ақ жанғыш шаңдардың жанғыш сұйықтықтармен қоспаларын шаңсорғышпен соруға немесе тазалауға арналмаған. • Құрылғы жану қуаты өте төмен (ME < 1 мДж) шаңды соруға арналмаған, мысалы: Тонер, дымқыл күкірт, алюминий ұнтағы, қорғасын стеараты. • Құрылғы жану температурасы ≤ 190 °С болатын тұтану көздері мен шаңды соруға арналмаған. • Әрбір іске қосу алдында потенциалды теңестіру желілерінің (жерлендіруші өткізгіштерінің) қосылғанын тексеріңіз. • Құрылғыны ылғалды жерде ашық ауада қолданбаңыз немесе сақтамаңыз.
- Құрылғының қауіпсіз орналасуы үшін бағыттаушы шығыршыққа тұрақ тежегіштерін қойыңыз. Тұрақ тежегіші ашық болған кезде құрылғы бақылаусыз қозғалуы мүмкін.
⚠️ АБАЙЛАҢЫЗ • Жұмыс кезіндегі ұзақ уақыттық үзіліс кезінде істен шығарыңыз және құрылғыны ажыратқыштар арқылы өшіріп, қуат ашасын ажыратыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ • Құрылғыны тек бөлме ішінде пайдаланыңыз. • Қысылып қалу қаупі бар! Сорғыш бастиекті, сүзгі бөлігін немесе жинауға арналған контейнерді шешкенде немесе бекіткенде қолғап киіңіз. • Зақымдау тәуекелі! Ешқашан сүзгісіз немесе зақымдалған шаңсорғышпен сормаңыз.
- Құрылғыны пайдалану кезінде қорғаныс аяқ киімін киіңіз. - Құрылғыны тек жаяу жүру жылдамдығымен және қажет болса, еңіс жолда екі адаммен жылжытыңыз. - Керек-жарақтарды
ауыстырған кезде шаң шықпау үшін абай болыңыз. ● Қалыпты жұмыс кезінде беткі температурасы 135 °С дейін көтерілуі мүмкін. ● Сорғыш шланг бөлігінің майысуына жол бермеңіз.
- Шлангтарды үнемі визуалды тексеруді орындаңыз.
Электр желісіне қосу
Құрылғыны IEC 60364 стандартына сәйкес электр монтаждаушы орындаған қуат көзіне жалғауға болады. Қосылу мәндерін зауыттық Техникалық мәліметтер және тақтайшадан қараңыз.
⚠️ҚАУІП
Электр тогының соғу қаупі
Өмірге төнген қауіп Электр қосылым сымдарын зақымдамаңыз, мысалы, басып қалу, қысу немесе тарту арқылы. Кабельді қызу, май және өткір жиектер әсерінен қорғау керек. Әрбір пайдалану алдында құрылғының қуат кабелін тексеріңіз. Құрылғыны зақымдалған кабельмен қолданбаңыз. Зақымдалған кабельді ауыстыруды білікті электрикке қалдырыңыз.
Төтенше жағдай кезіндегі мінез-құлық
⚠️ҚАУІП
Қысқа тұйықталу немесе басқа электрлік ақаулар кезіндегі жарақат алу және зақымдану қаупі Электр тогының соғу қаупі, күйіп қалу қаупі Құрылғыны өшіріп, қуат ашасын желіден ажыратыңыз.
Сүзгі бұзылған жағдайда әрекет ету/ ағып кету:
- Құрылғыны дереу өшіріңіз. Құрылғы енді жұмыс істемеуі мүмкін.
- Сүзгіні ауыстырыңыз.
Мақсатына сәйкес қолдану
Құрылғы мыналарға арналған:
- Еден мен қабырға беттерін дымқыл және құрғақ тазалау
- EN 60335-2-69 сәйкес шаң класы М құрғақ, жанғыш, зиянды шаң шөгінділерін тазалау
- Жарылу қаупі жоқ заттарды сору
- Барлық шаң жарылыс кластарындағы жанғыш шаңдарды сору (ең аз тұтану энергиясы МЕ < 1 мДж болатын шаңдардан басқа)
- Шаң мен үлкен кірді сору
- Құрылғы жарылу қаупі бар аймақтардан тыс жерде орнатылған болса, 22-аймақтағы жанғыш шаңды сору
- Дымқыл және сұйық заттарды тазалау
- Коммерциялық пайдалану, мысалы, қонақ үйлер, мектептер, емханалар, фабрикалар, дүкендер, кеңселер мен жалға алынған ғимараттар
- Өнеркәсіптік пайдалану, мысалы, сақтау және өндіру аймақтарында
Құрылғы орнатылған жерде жіктелген Ех аймағы болса, сәйкес Ех құрылғысын пайдалану керек.
Құрылғының дұрыс жұмыс істеуіне тек DN40 және DN50 номиналды диаметрі бар сору шлангісі кепілдік береді.
Кез келген басқа пайдалану дұрыс емес болып табылады.
Құрылғы мына мақсаттар үшін жарамайды:
- Жану температурасы ≤ 190 °C болатын тұтану көздері мен шаңды сору • Al және Mg шаңдарын сору
- Жанғыш сұйықтықтарды (тұтанғыш, тез тұтанғыш, қауіпті заттар туралы 67/548/EEC директивасына сәйкес тез тұтанғыш) (жану температурасы 55°C төмен), сондай-ақ жанғыш шаңдардың жанғыш сұйықтықтармен қоспаларын шаңсорғышпен тазалау
- Магний шаңын немесе ұнтағын сору
- Жанғыш сұйықтықтар мен жанғыш шаңнан тұратын қоспаларды сору
- Жарқыраған немесе ыстық бөлшектерді тазалау, әйтпесе бұл өртке немесе жарылысқа әкелуі мүмкін
Қоршаған ортаны қорғау

Орауыш материалдарын утилизациялауға болады.
Орауыштарды қоршаған ортаға қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.

Электрлік және электрондық бұйымдардың құрамында қате қолдану немесе утилизациялау нәтижесінде адам денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп төндіруі ықтимал, құнды қайта өңделмелі материалдар және батареялар, аккумуляторлар немесе май сияқты бөлшектер жиі кездеседі. Алайда, аталмыш бөлшектер бұйымды тиісінше пайдалану үшін қажет болады. Осы таңбамен белгіленген құрылғыларды үй қоқыстарымен бірге тастауға болмайды.
Құрамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы мәліметтерді мына мекенжай бойынша табуға болады: www.kaercher.de/REACH
Рұқсат етілмеген керек-жарақтарға байланысты жарылыс қаупі
22 типті пайдалану үшін тек өндіруші мақұлдаған және Ех белгісімен белгіленген керек-жарақтарды ғана пайдаланыңыз.
Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың қауіпсіз және апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік болады. Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.
Нұсқау
Жеткізу жиынтығына ешқандай керек-жарақтар кірмейді. Керек-жарақтарға қолдану саласына байланысты бөлек тапсырыс беру керек.
Жеткізілім жиынтығы
Құрылғы қаптамасын ашқан кезде жинақтың толықтығын тексеріп алыңыз. Тасымалдау кезінде зақымдар тиген жағдайда, дилеріңізге хабарласыңыз.
Құрылғының сипаттамасы
Суреттерді суреттері бар беттен қараңыз
Сурет A
① Тоқтатқыш тежегіші бар айналмалы дөңгелек ② Қоқыс контейнері ③ Бітеуіш тығын ④ Манометр ⑤ Сүзгіні тазалау ⑥ Төсеме сақинаны құлыптау ⑦ Құрылғыны ауыстырып-қосқыш сору турбинасы ⑧ Соратын басы ⑨ Сүзгі ⑩ Тығыздағыш сақина ⑪ Ұстап тұру сүзгісі ⑫ Зауыт тактайшасы ⑬ Кабельді ұстағыш ⑭ Жылжытуға арналған сап ⑮ Желі кабелі ⑯ Аралық сақина ⑰ Қоқыс контейнерінің тұтқасы ⑱ Итеру тұтқасы ⑲ Соратын басының ілмегі ⑳ Сүзгі сақинасы ㉑ Соратын келте құбыры ㉒ Шасси
Құрылғыдағы таңбалар

Құрылғы М шаң класына дейін шаңды соруға жарамды.
⚠️ЕСКЕРТУ
Терінің, өкпенің және көздің зақымдануы
Босату, техникалық қызмет көрсету және кәдеге жарату жұмыстары кезінде ұсақ шаң шығарындылары. Шаң жинайтын контейнерлерді кәдеге жаратуды қоса алғанда, босату және техникалық қызмет көрсету жұмыстары кезінде қажетті қорғаныс құралдарын киіңіз.

Құрылғы жанғыш шаңды соруға, 22-аймақтан тыс орнатуға жарамды.
ЕСКЕРТУ: Бұл құрылғыны 22-аймақтың ешқайсысында орнатуға болмайды. 22-аймақ бар болса, Ех құрылғысы пайдаланылуы керек.

Жапсырма парағы пайдаланылған сору шлангінің көлденең қимасына арналған максимальды төмен қысымның мәндерін көрсетеді. Ағымдағы мәнді манометрден оқуға болады. Осы құрылғыға қолданылатын мәндерді «Ең аз көлем шығыны» тарауынан қараңыз. Егер мән осы мәннен төмен түссе, сүзгіні тазалау («Сүзгіні тазалаңыз» тарауын қараңыз) немесе ауыстыру керек («Сүзгілерді ауыстырыңыз» тарауын қараңыз). Сору шлангісінің әртүрлі қималары керек-жарақтардың әртүрлі қосылым қималарына бейімделуіне мүмкіндік береді.

Кәдеге жаратуға арналған сөмке (Тапсырыс №9.989-606.0)

Сүзгі (Тапсырыс №9.990-222.0)
Пайдалануға беру
ЕСКЕРТУ
Потенциалдарды теңестіру желісі дұрыс қосылмаған
Электр тогының соғуы
Әрбір іске қосу алдында потенциалды теңестіру желісінің (жерге тұйықтау желісінің) қосылғанын тексеріңіз.
ЕСКЕРТУ
Зиянды шаңнан туындаған қауіп
Шаңды жұтудан туындайтын тыныс алу жолдарының аурулары.
Сүзгі элементінсіз шаңсорғышты сормаңыз, әйтпесе ұсақ шаң шығарындыларының көбеюіне байланысты денсаулыққа қауіп төнеді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Сүзгі элементі жоқ
Сору қозғалтқышының зақымдануы. Сүзгі элементінсіз шаңсорғышты сормаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Желі кедергісінің асып кетуі
Қысқа тұйықталу кезінде электр тогының соғуы
Электр желісіне қосылу нүктесіндегі рұқсат етілген максималды желі кедергісі (техникалық деректерді қараңыз) асып кетпеуі керек. Егер сіз қосылу нүктесінде желінің толық кедергісіне сенімді болмасаңыз, энергиямен жабдықтаушы компанияға хабарласыңыз.
- Құрылғыны жұмыс күйіне келтіріңіз.
- Құрылғыны тоқтатқыш тежегіштерімен бекітіңіз.
- Сорғыш түтікті сору қосылымына салыңыз.
- Қоқыс контейнеріндегі толтыру деңгейін тексеріңіз (Қоқыс контейнерінің толтыру деңгейін тексеріңіз тарауын қараңыз).
- Қажет болса, қоқыс контейнерін босатыңыз (Қоқыс контейнерін босатыңыз тарауын қараңыз).
- Құрғақ етіп сору алдында, қоқысқа арналған қапты салыңыз (Қоқысқа арналған қапты салыңыз тарауын қараңыз).
- Қажетті керек-жарақтарды (жинаққа кірмейді) сору шлангісіне бекітіңіз.
Қоқыс контейнерінің толтыру деңгейін тексеріңіз
Нұсқау
Қоқыс контейнері жоғарғы жиектен шамамен 3 см төмен толтырылғанда босатылуы керек.
Максималды толтыру деңгейінен асып кетсе, құрылғы автоматты түрде өшпейді.
- Қоқыс контейнеріндегі толтыру деңгейін жүйелі түрде тексеріңіз.
Пайдалану
Құрылғы М шаң класына дейін ұсақ шаңды соруға жарамды.
ЕСКЕРТУ
Зиянды шаңнан туындаған қауіп
Шаңды жұтудан туындайтын тыныс алу жолдарының аурулары.
Сүзгі элементінсіз шаңсорғышты сормаңыз, әйтпесе ұсақ шаң шығарындыларының көбеюіне байланысты денсаулыққа қауіп төнеді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Сору қозғалтқышының зақымдану қаупі.
Бұл құрылғының көмегімен М шаң класына дейінгі шаңның барлық түрлерін жинауға болады. Шаң жинайтын қапты пайдалану заң бойынша талап етіледі.
Нұсқау
Құрылғыны құрғақ, жанғыш шаңды соруға арналған өнеркәсіптік шаңсорғыш ретінде қолдануға болады.
Ылғалдан құрғақ шаңсорғышқа ауысыңыз
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Ылғал тазалаудан құрғақ тазалауға ауысу
Сүзгінің зақымдану қаупі Ылғалды сүзгі элементі болса, құрғақ шанды сормаңыз, өйткені бұл сүзгіні бітеп тастайды және жарамсыз етеді.
- Құрғақ шаңсорғышқа ылғалды сүзгіні қолданар алдында жақсылап құрғатыңыз немесе оны құрғақ сүзгіге ауыстырыңыз.
- Қажет болса, сүзгіні өзгертіңіз.
Қоқысқа арналған қапты салыңыз
- Құрылғыны тұрақтандырғыш тежегіштерімен бекітіңіз.
Сурет B
- Тұтқаны жоғары қарай тартыңыз. Қоқыс контейнерінің құлпы ашылып, төменге қарай түседі.
Сурет C
- Тұтқа арқылы қоқыс контейнерін құрылғыдан шығарыңыз.
Сурет D
- Қоқысқа арналған қапты қоқыс контейнеріне салыңыз және оны контейнер қабырғасы мен түп жағына мұқият қойыңыз.
- Қоқыс контейнері арқылы қоқысқа арналған қаптың шетіне қарай бұраңыз.
ЕСКЕРТУ
Қоқыс контейнерін құлыптау барысында дұрыс мән бермеу
Қысылып қалу қаупі бар Құлыптау кезінде ешқашан қолыңызды қоқыс контейнері мен сүзгі сақина арасына қоймаңыз немесе көтеру механизміне жақындатпаңыз. Тұтқаны екі қолмен басқару арқылы қоқыс контейнерін бекітіңіз.
Сурет E
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Қоқыс контейнерінің статикалық зарядталуы
Шаңдардың тұтануы Шассидегі жер қоқыс контейнеріне тиіп тұрғанына көз жеткізіңіз.
- Қоқыс контейнерін салып, тұтқамен бекітіңіз.
Ылғалды сору
⚠️ЕСКЕРТУ
Зиянды шаңнан туындаған қауіп Шаңды жұтудан туындайтын тыныс алу жолдарының аурулары. Ылғалды сору кезінде зиянды шаң жиналмайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Қоқыс контейнерінің толып кету салдарынан болған зақымдану қаупі. Сұйықтық көп мөлшерде сіңетін болса, қоқыс контейнері бірнеше секунд ішінде толтырылып, толып кетуі мүмкін. Толтыру деңгейін үнемі тексеріп отырыңыз.
- Ылғалды сору алдында қоқысқа арналған қапты алып тастаңыз (Кәдеге жаратуға арналған сөмкені алыңыз тарауын қараңыз).
Кәдеге жаратуға арналған сөмкені алыңыз.
Зиянды шаңнан туындаған қауіп. Шаңды жұтудан туындайтын тыныс алу жолдарының аурулары. Пайда болған шаңды шаң өткізбейтін контейнерлерде тасымалдау керек. Толтыруға рұқсат етілмейді. Шаң жинайтын контейнерді оқытылған қызметкер ғана лақтыра алады.
- Құрылғыны тоқтатқыш тежегіштерімен бекітіңіз.
- Қажет болса, сору шлангісін алып тастаңыз.
- Сүзгі сақинасындағы сору қосылымын жабыңыз (Сору құбырын жабыңыз тарауын қараңыз).
Сурет B
- Тұтқаны жоғары қарай тартыңыз.
Қоқыс контейнерінің құлпы ашылып, төменге қарай түседі.
Сурет C
- Тұтқа арқылы қоқыс контейнерін құрылғыдан шығарыңыз.
Сурет F
- Қоңысқа арналған қапты жоғары тартыңыз.
- Қоқысқа арналған қапты кабель белдікшесі көмегімен мықтап жабыңыз.
- Қоқысқа арналған қапты шығарыңыз.
- Жарғылық ережелерге сәйкес қоқысқа арналған қапты тастаңыз.
ЕСКЕРТУ
Қоқыс контейнерін құлыптау барысында дұрыс мән бермеу
Қысылып қалу қаупі бар
Құлыптау кезінде ешқашан қолыңызды қоқыс контейнері мен сүзгі сақина арасына қоймаңыз немесе көтеру механизміне жақындатпаңыз.
Тұтқаны екі қолмен басқару арқылы қоқыс контейнерін бекітіңіз.
Сурет E
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Қоқыс контейнерінің статикалық зарядталуы
Шаңдардың тұтануы
Шассидегі жер қоқыс контейнеріне тиіп тұрғанына көз жеткізіңіз.
- Қоқыс контейнерін салып, тұтқамен бекітіңіз.
Ылғалды соруды аяқтаңыз
ЕСКЕРТУ
Ағынды суларды дұрыс емес кәдеге жарату
Қоршаған ортаның ластануы
Ағынды суларды тазарту бойынша жергілікті ережелерді сақтаңыз.
- Сүзгіні құрғатыңыз.
- Қоқыс контейнерін дымқыл шүберекпен тазалап, құрғатыңыз.
Құрылғыны қосу
- Ашаны розеткаға салыңыз.
- Сору турбинасы құрылғысының қосқыштарын пайдаланып құрылғыны қосыңыз.
Нұсқау
Әрқашан сору турбиналарын бірінен соң бірін қосып, өшіріп отырыңыз. Манометрдің ең аз көлем шығынын және дұрыс жұмыс істеуін бақылау үшін барлық сору турбиналары қосулы болуы керек. 3. Шаң сору процесін бастаңыз.
Ең аз көлем шығынын оқыңыз
Құрылғының алдыңғы жағында сору вакуумын көрсететін манометр орнатылған. Максималды теріс қысымға (кестені қараңыз) жетсе, сүзгіні тазалау керек (Сүзгіні тазалаңыз тарауын қараңыз). Бұл мән құрылғының өнімділігіне және пайдаланылған сору шлангісіне байланысты. Теріс қысым тазалау арқылы айтарлықтай төмендемесе, сүзгіні ауыстыру қажет (Сүзгілерді ауыстырыңыз тарауын қараңыз).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Максималды теріс қысымынан асып кетіңіз
Сорудың жоғалуы
Көрсетілген мәннен асып кетсе, ауа жылдамдығы 20 м/с төмен түседі.
Сүзгіні тазалаңыз немесе ауыстырыңыз.
Манометрде максималды теріс қысым көрсетілсе (Ең аз көлем шығынын оқыңыз тарауын қараңыз), сүзгіні тазалау керек.
Cypet G
- Шаң сору процесінде кіріс саңылауды немесе сору шлангісін жабыңыз.
- Сүзгіні тазалау қақпағын 3–4 рет тарта отырып, әр жолы 1–2 с ашық ұстаңыз.
Құрылғыны өшіру
- Сору турбинасы құрылғысының қосқыштарын пайдаланып құрылғыны өшіріңіз.
- Ашаны суырып алыңыз.
Әрбір тазалаудан кейін
Терінің, әкпенің және көздің ұсақ шаңның әсерінен зақымдануы
Сору шлангісін алып тастағаннан кейін сору қосылымын тығыздағыш тығынмен жабу керек.
Cypet H
- Тығыздағыш тығынды сору шлангісіне дәл салыңыз.
- Тығыздағыш тығынды мүмкіндігінше итеріңіз.
Қоқыс контейнерін босатыңыз
Қоқысқа арналған ыдыс қажет болған жағдайда және әр қолданғаннан кейін босатылып, іші мен сыртын шаңсорғышпен және дымқыл шүберекпен сүрте отырып, тазалау керек.
Құрылғыны шаңсорғышпен сорған кезде жіктемесі бірдей немесе жақсырақ шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Кіріс саңылау немесе сору түтігі жабық.
- Сору турбинасы құрылғысының қосқыштарын пайдаланып құрылғыны қосыңыз.
- Сүзгілерді тазалаңыз (Сүзгіні тазалаңыз тарауын қараңыз).
- Сору турбинасы құрылғысының қосқыштарын пайдаланып құрылғыны өшіріңіз.
- Құрылғыны тоқтатқыш тежегіштерімен бекітіңіз.
Сурет В
- Тұтқаны жоғары қарай тартыңыз. Қоқыс контейнерінің құлпы ашылып, төменге қарай түседі.
Сурет C
- Тұтқа арқылы қоқыс контейнерін құрылғыдан шығарыңыз.
- Қоқыс контейнерін босатыңыз. Қажет болса, қоқысқа арналған қапты алып тастаңыз (Кәдеге жаратуға арналған сөмкені алыңыз тарауын қараңыз).
△ЕСКЕРТУ
Қоқыс контейнерін құлыптау барысында дұрыс мән бермеу
Құлыптау кезінде ешқашан қолыңызды қоқыс контейнері мен сүзгі сақина арасына қоймаңыз немесе көтеру механизміне жақындатпаңыз.
Тұтқаны екі қолмен басқару арқылы қоқыс контейнерін бекітіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Қоқыс контейнерінің статикалық зарядталуы
Шаңдардың тұтануы
Шассидегі жер қоқыс контейнеріне тиіп тұрғанына көз жеткізіңіз.
- Қоқыс контейнерін салып, тұтқамен бекітіңіз.
- Қажет болса, электрстатикалық жерге тұйықтауды тексеріңіз.
Құрылғыны тазалаңыз
ТЕКСЕРУ
Ағынды суларды дұрыс емес кәдеге жарату
Қоршаған ортаның ластануы
Ағынды суларды тазарту бойынша жергілікті ережелерді сақтаңыз.
- Баска шансорғыш немесе ылғал шуберек көмегімен шансорғыштың ішін және сыртын тазалау. Құрылғыны шансорғышпен сорған кезде классификациясы бірдей немесе жақсырақ шансорғышты пайдаланыңыз.
- Қажет болса, керек-жарақтарды (жинаққа кірмейді) сумен шайып, кептіріңіз.
Құрылғыны сақтау
- Желі кабелін кабельдер ұстағышына ораңыз.
- Құрылғыны құрғақ бөлмеде сақтаңыз және оны рұқсатсыз пайдаланудан қорғаңыз.
Тасымалдау
△АБАЙЛАҢЫЗ
Салмақтың сақталмауы
Жарақат алу және құрылғыны зақымдау қаупі
Тасымалдау кезінде құрылғының салмағын ескеріңіз.
- Шаңды болдырмай тасымалдауды қамтамасыз ету үшін сору қосылымын жабыңыз (Сору құбырын жабыңыз тарауын қараңыз).
- Тұрақ тежегіштерін босатыңыз және құрылғыны итеру тұтқасына басыңыз.
- Шасси мен итеру тұтқасынан ұстау арқылы құрылғыны жүктеңіз.
- Көлік құралдарында тасымалданғанда, құрылғыны сырғып-жығудан қорғаңыз.
Сақтау
△АБАЙЛАҢЫЗ
Салмақтың сақталмауы
Жарақат алу және құрылғыны зақымдау қаупі
Тасымалдау кезінде құрылғының салмағын ескеріңіз.
Қоқыс контейнері босатылды.
- Құрылғыны тек үй ішінде сақтаңыз.
Күтім және техникалық қызмет көрсету
⚠️ҚАУІП
Құрылғы кернеулі бөлшектерге тиіп, кездейсоқ іске қосылады
Құрылғыда жұмыс жасамас бұрын құрылғыны өшіріңіз.
Желілік штекерді розеткадан шығарып алыңыз.
Зиянды шаңынан туындаған қауіп
Шаңды жұтудан туындайтын тыныс алу жолдарының аурулары.
Техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу кезінде
(мысалы, сүзгіні ауыстыру)
Р2 немесе одан жоғары оттегімен демалу маскасын және бір реттік киімді киіңіз.
Зиянды шаңынан туындаған қауіп
Шаңды жұтудан туындайтын тыныс алу жолдарының аурулары.
Қауіптердің алдын алу үшін қауіпсіздік құрылғыларын жылына кемінде бір рет өндіруші немесе оқытылған адам олардың қауіпсіздікке қатысты мінсіз функцияларын тексеріп отыруы керек, мысалы, құрылғының тығыздығын, сүзгінің зақымдануын, басқару құрылғыларының қызметін (тек шаң класы М және Н).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Құрамында силикон бар күтім құралдары
Пластикалық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
Құрамында силикон бар күтім құралдарын тазалау үшін пайдаланбаңыз.
Шаңды кетіретін машиналар DGUV ережесі бойынша қауіптерді болдырмауға немесе жоюға арналған қауіпсіздік құрылғыларды көрсетеді:
Пайдаланушыға техникалық қызмет көрсету үшін жабдық қызмет көрсету персоналына немесе басқа адамдарға қауіп төндірмейтіндей бөлшектенген, тазаланған және қызмет көрсетілген болуы керек. Тиісті сақтық шаралары бөлшектеу алдында детоксикацияны, құрылғыны бөлшектенген жерде жергілікті сүзгіден өткізілетін мәжбүрлі желдетуді, техникалық қызмет көрсету аймағын тазалауды және персоналды тиісті түрде қорғауды қамтиды.
Құрылғының сыртын қауіпті аймақтан шығарғанға дейін шаңсорғышпен тазартып, сүрту немесе тазартқышпен тазалау қажет. Барлық жабдықтар қауіпті аймақтан шығарылған кезде ластанған деп есептелуі керек. Шаңның таралуын
болдырмау үшін тиісті шаралар қабылдануы керек.
- Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде, қанағаттанарлық түрде тазалау мүмкін емес ластанған заттар жойылуы тиіс. Мұндай заттарды осындай қалдықтарды жою туралы қағидаларға сәйкес өткізбейтін қапшықтарға салып тастау керек.
- Құрылғыны тасымалдау және оған қызмет көрсету барысында сору қақпағын бітеуішпен жабыңыз.
- Техникалық қызмет көрсету және күтім жұмыстарын оңай түрде өзіңіз жасай аласыз.
- Құрылғының беті мен контейнердің ішін үнемі дымқыл шүберекпен сүрту керек.
- Шлангтардағы бітелулерді үнемі визуалды тексеруді орындаңыз.
Сынақ және техникалық қызмет көрсету жұмыстары
Жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша тиісті ұлттық нормаларды үнемі сақтаңыз. Білікті маман техникалық қызмет көрсету жұмыстарын өндірушінің нұсқауларына сәйкес, қолданыстағы ережелер мен қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, өз уақытында орындауы керек. Электр жүйесіндегі жұмыстарды білікті электрші ғана жүргізе алады. Сұрақтарыңыз болса KÄRCHER филиалына хабарласыңыз.
Сүзгілерді ауыстырыңыз
△АБАЙЛАҢЫЗ
Сүзгіні ауыстырған кезде шаңның шығуы!
Шаңның шығуына байланысты терінің, өкпенің және көздің зақымдануы.
Сүзгіні ауыстырған кезде белгіленген қорғаныс киімін киіңіз.
Сүзгіні ауыстыруды тиісті техникалық қызмет көрсету аймағында орындаңыз.
Сүзгіні заңды ережелерге сәйкес кәдеге жаратыңыз.
- Құрылғыны тоқтатқыш тежегіштерімен бекітіңіз.
- Құрылғының қосқыштарын пайдаланып құрылғыны өшіріңіз.
- Ашаны суырып алыңыз.
- Сору басын құлыптан ашып, алыңыз.
- Төсеме сақинасын құлыптан ашып, алыңыз.
- Ластанған сүзгіні алып тастаңыз.
- Құралдан ластанған сүзгіні алып тастағаннан кейін оны қапшыққа салып, қапшықты мықтап жабыңыз.
- Ластанған сүзгіні заң талаптарына сәйкес кәдеге жаратыңыз.
- Тығыздағыш сақинаның зақымдалуын тексеріңіз.
- Таза ауа бөлігіндегі ластанған жерді тазалаңыз. 11. Жаңа сүзгіні кері ретпен салыңыз. Сүзгіні қысқыш құрылғы сүзгі қалталарының ортасында орналасқанына көз жеткізіңіз. 12. Төсеме сақинаны орнату және бекіту.
- Соратын басын орнату және бекіту.
Қоқысқа арналған қапты салыңыз.
- Құрылғыны тоқтатқыш тежегіштерімен бекітіңіз.
Сурет В
- Тұтқаны жоғары қарай тартыңыз. Қоқыс контейнерінің құлпы ашылып, төменге қарай түседі.
Сурет C
- Тұтқа арқылы қоқыс контейнерін құрылғыдан шығарыңыз.
Сурет F
- Қоңысқа арналған қапты жоғары тартыңыз.
- Қоқысқа арналған қапты кабель белтартпасы көмегімен мықтап жабыңыз.
- Қоқысқа арналған қапты шығарыңыз.
- Жарғылық ережелерге сәйкес қоқысқа арналған қапты тастаңыз.
Сурет D
- Жаңа қоқысқа арналған қапты қоқыс контейнеріне салыңыз және оны контейнер қабырғасы мен түп жағына мұқият қойыңыз.
- Қоқыс контейнері арқылы қоқысқа арналған қаптың шетіне қарай бұраңыз.
ECKEPTY
Қоқыс контейнерін құлыптау барысында дұрыс мән бермеу
Құлыптау кезінде ешқашан қолыңызды қоқыс контейнері мен сүзгі сақина арасына қоймаңыз немесе көтеру механизміне жақындатпаңыз.
Тұтқаны екі қолмен басқару арқылы қоқыс контейнерін бекітіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Қоқыс контейнерінің статикалық зарядталуы
Шаңдардың тұтануы
Шассидегі жер қоқыс контейнеріне тиіп тұрғанына көз жеткізіңіз.
- Қоқыс контейнерін салып, тұтқамен бекітіңіз.
Ақаулар кезіндегі көмек
⚠️ҚАУІП
Құрылғының кездейсоқ іске қосылуы/ток соғуы
Сору қозғалтқышының кездейсоқ іске қосылуы жарақатқа әкелуі мүмкін.
Электр бөліктеріндегі кернеу электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
Құрылғыда қандай да бір жұмыс жасамас бұрын, оны өшіріп, қуат ашасын алыңыз.
Барлық тексерулер мен электр бөліктеріндегі жұмыстарды маман жүргізсін.
Нұсқау
Ақаулық туындаған жағдайда
құрылғыны жылдам түрде өшіру керек. Қайта іске қосар алдында ақаулық жойылуы керек.
Ақау жойылмаған болса, шаңсорғышты сервистік қызметте тексеру керек.
Соратын турбина жұмыс істемейді
- Қуат көзінің розеткасын және сақтандырғышын тексеріңіз.
- Құрылғыдағы желі кабелі мен қуат ашасын тексеру.
- Құрылғыны қосыңыз.
Сору күші азаяды
- Соратын келте құбырдың, сору турбинаның немесе шлангінің бітелулерін жою.
- Толтырылған қоқыс контейнерін ауыстырыңыз (Қоқысқа арналған қапты салыңыз тарауын қараңыз).
- Сору басы мен қоқыс контейнерінің дұрыс орналасқандығын тексеріңіз.
- Сүзгілерді тазалаңыз (Сүзгіні тазалаңыз тарауын қараңыз).
- Сүзгі орнын тексеріп, қажет болса түзетіңіз.
- Сүзгіні ауыстырыңыз (Сүзгілерді ауыстырыңыз тарауын қараңыз).
Тазалау кезінде шаңның шығуы
- Сүзгі орнын тексеріп, қажет болса түзетіңіз.
- Сүзгілерді тазалаңыз (Сүзгіні тазалаңыз тарауын қараңыз).
- Сүзгіні ауыстырыңыз (Сүзгілерді ауыстырыңыз тарауын қараңыз).
Утилизациялау
Құрылғыны пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін заңды ережелерге сәйкес кәдеге жарату керек.
Кепілдік
Әр елде жергілікті дистрибьюторлар берген кепілдік шарттары қолданылады. Бұйымда материалдық немесе өндірістік ақаулар анықталған жағдайда, ықтимал ақауларды кепілдік мерзімі ішінде ақысыз жөндейміз. Кепілдік мерзіміне наразылықтарыңыз болса, бұйымды сатқан сауда мекемесіне немесе жақындағы өкілетті қызмет көрсету орнына түбіртекті көрсетіп хабарласыңыз.
Кепілдік туралы қосымша ақпаратты (бар болса) жергілікті Kärcher веб-сайтының «Жүктеулер» бөліміндегі қызмет көрсету бөлімінде табуға болады.
Шығару күні фирмалық тақтайшада ММ/YYYY пішімінде көрсетіледі, мұнда ММ - өндіріс айы, YYYY - шығарылған жылы
немесе кодталған түрде.
Жеке сандардың мағынасы келесідей болады:
Мысалы: 30290
3 Өндірілген жылы 0 Өндірілген ғасыры 2 Өндірілген онжылдық 9 Өндірілген айының екінші саны 0 Өндірілген айының бірінші саны
Сонымен бұл мысалда 30290 коды 09/
(2)023 өндірілген күнін білдіреді.
Техникалық мағлұматтар
| Электр желісіне қосу | |
| Желілік кернеу В 220-240 | |
| Фаза ~ 1 | |
| Желі жиілігі Гц 50-60 | |
| Номиналды қуаты Вт 2100 | |
| Максималды қуаты Вт 2300 | |
| Қорғаныс класы IPX4 | |
| Қорғау класы I* | |
| Желінің максимал 0.224+j0 | |
| қолжетімді толық .140 | |
| кедергісі |
| Өлшемдері мен салмағы | ||
| Типтік жұмыс салмағы | kg | 35,7 |
| Үзындығы х Ені Х Биіктігі | mm | 645 x 655 x 1150 |
| Тиімді сүзгі аймағы | m2 | 1,5 |
| Экологиялық жағдай | ||
| Сақтау температурасы | °C | -10-40 |
| Курылғының техникалықсипаттамалары | ||
| Бактың көлемі | I | 40 |
| Вакуум (макс.) | kPa | 19,0 |
| DN50 сору шлангісі бармаксималды көлемді ток,L=3 м | m3/h | 250 |
| DN40 сору шлангісі бармаксималды көлемді ток,L=3 м | m3/h | 205 |
| DN50 сору шлангісі бармаксималды көлемді ток,L=5 м | m3/h | 230 |
| DN40 сору шлангісі бармаксималды көлемді ток,L=5 м | m3/h | 190 |
| Соруды қосу | DN70 | |
| Сору номиналды ені | DN40/50 | |
| Сүзгінің тапсырыс берунөмірі | 9.990-222.0 | |
| EN 60335-2-69 бойынша елшенген мән | ||
| Колдағы дірілдің мәні | м/с2 | <2,5 |
| Белгісіздік К | м/с2 | 1 |
| Дыбыс қысымының деңгейі LрА | дБ(А) | 77 |
| Белгісіздік KпА | дБ(А) | 2 |
| Желі кабелі | ||
| Түрі | H07RN-F 3G1,5 мм2 | |
| Бөлшектің нөмірі | 6.650-035.0 | |
| Кабель ұзындығы | m | 10 |
* қорғаныс класының элементтерімен орналасуы II. Техникалық өзгерістер енгізілуі мүмкін.
ЕО стандарттарына сәйкестігі туралы декларация
Осымен біз төменде аталған өнім аталған нұсқаулықтар мен ережелердің тиісті талаптарына сәйкес келетінін мәлімдейміз. Бізбен келісусіз өнімнің
конструкциясы өзгерген жағдайда осы декларация өз күшін жояды.
Өнім: Құрғақ тазалауға арналған шаңсорғыш
Өнім: Ылғал және құрғақ тазалауға
арналған шаңсорғыш
Типі: 9.990-xxx
Нұсқаулықтар мен ережелер
2006/42/EG (+2009/127/EG)
2014/30/EU
2011/65/EU
Қолданылатын біріздендірілген стандарттар
EN 60335-1
EN 60335-2-69
EN 55014-1: 2017 + A11: 2020
EN 55014-2: 2015
EN IEC 61000-3-2: 2019
EN 61000-3-11: 2000
EN 62233: 2008
EN IEC 63000: 2018
Колданылатын біріздендірілмеген стандарттар
IEC 60335-1
IEC 60335-2-69
Атауы және мекенжайы
Құжаттаманы жүргізетін уәкілетті тұлға:
A. Гааг
Kärcher Industrial Vacuuming GmbH
Төменде қол қойғандар компания
басқармасының атынан және
тапсырмасы бойынша әрекет етеді.
Kärcher Industrial Vacuuming GmbH