K 4 Power Control Flex Home - жоғары қысымды тазалағыш Kärcher - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз K 4 Power Control Flex Home Kärcher PDF форматында.
| Өнім түрі | Жоғары қысымды тазартқыш |
| Бренд | Kärcher |
| Модель | K 4 Power Control Flex Home |
| Қоректендіру кернеуі | 230 В |
| Жиілік | 50 Гц |
| Қосылған қуат | 1,8 кВт |
| Жұмыс қысымы | 11 МПа (110 бар) |
| Макс. рұқсат етілген қысым | 13 МПа (130 бар) |
| Су шығыны | 6,3 л/мин |
| Максималды шығын | 7,0 л/мин |
| Жуғыш зат шығыны | 0,3 л/мин |
| Қорғаныс түрі | IPX5 |
| Қорғаныс класы | I |
| Типтік жұмыс салмағы | 13,5 кг |
| Өлшемдері (Ұ × Е × Б) | 405 × 306 × 584 мм |
| Макс. қоректендіру температурасы | 40 °C |
| Макс. сору биіктігі | 0,5 м |
| Макс. қоректендіру қысымы | 1,2 МПа |
| Керек-жарақтармен бірге | Rotabuse Power Control саптамасы, Vario Power Control саптамасы, Power Control жоғары қысымды пистолеті, Plug 'n' Clean жуғыш зат бөтелкесі, шланг ілгегі |
| Функциялар | Қысымды басқару жүйесі, Auto-Stop функциясы, қозғалтқыштың термиялық қорғанысы |
| Күтім | Су қоректендіру қосқышындағы торды тазалау |
| Кепілдік | Елдің жағдайларына сәйкес, сатудан кейінгі қызметке хабарласыңыз |
Жиі қойылатын сұрақтар - K 4 Power Control Flex Home Kärcher
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы K 4 Power Control Flex Home Kärcher
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз жоғары қысымды тазалағыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз K 4 Power Control Flex Home - Kärcher және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. K 4 Power Control Flex Home брендінің Kärcher.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ K 4 Power Control Flex Home Kärcher
KÄRCHER Уй және бақша қосымшасы ..... 155
Коршаған ортаны қорғау 155
Бұйымды мақсатына сәйкес қолдану.... 155
Керек-жарақ және қосалқы бөлшектер ..... 155
Жеткізілім жинағы 155
Құрылғының сипаттамасы.... 155
Қорғаныс құрал-жабдықтары 156
Құрылғыдағы белгілер.... 156
Орнату 156
Пайдалануға беру 157
Пайдалану.... 157
Тасымалдау.... 158
Сақтау.... 158
Күтім және техникалық қызмет көрсету ...... 159
Ақаулар кезіндегі көмек.... 159
Кепілдік 160
Техникалық сипаттамалары.... 160
ЕО стандарттарына сәйкестігі туралы декларация.... 160
KÄRCHER Үй және бақша қосымшасы
KÄRCHER Үй және бақша қосымшасында:
- Монтаждау және пайдалануға беру туралы ақпарат • Қолдану салалары туралы ақпарат
- Кеңестер мен амалдар • Толық ақаулықтарды іздеумен FAQ
- KÄRCHER қызмет көрсету орталығына қосылу. Қосымшаны мына жерден жүктеуге болады:



- Google Play™ және Android™ Google Inc. компаниясының маркалары немесе тіркелген сауда белгілері болып табылады.
- Apple® және App Store® бұл Apple Inc. компаниясының маркалары немесе тіркелген сауда белгілері болып табылады.
Жалпы нұсқаулар


Құрылғыны алғаш рет қолданбас бұрын, осы пайдалану жөніндегі түпнұсқа нұсқаулық пен берілген
қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларды оқып шығыңыз. Оларға сай әрекет етіңіз.
Екі кітапшаны да әрі қарай пайдалану немесе келесі иесі үшін сақтап қойыңыз.
Қоршаған ортаны қорғау

Орауыш материалдарын утилизациялауға болады. Орауыштарды қоршаған ортаға қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.

Электрлік және электрондық бұйымдардың құрамында қате қолдану немесе утилизациялау нәтижесінде адам денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп
төндіруі ықтимал, құнды қайта өңделмелі материалдар және батареялар, аккумуляторлар немесе май сияқты бөлшектер жиі кездеседі. Алайда, аталмыш бөлшектер бұйымды тиісінше пайдалану үшін қажет болады. Осы таңбамен белгіленген құрылғыларды үй қоқыстарымен бірге тастауға болмайды.

Тазарту кезінде құрамында майы бар ақпасулар туындайтын жұмыстарды (мысалы, алтқыштарын, түптерін жуу) майлы айырғышы жуу аландарында ғана жүргізуге рұқсат беріледі.

Жуғыш құралдармен жұмыстарды көрізге бұрылатын герметикалық жұмыс аландарында ғана жүргізуге рұқсат беріледі. Жуғыш құралдарды қоймаларына немесе жерге төкпеңіз.

Кейбір елдерде қоғамдық су қоймаларынан су алуға тыйым салынады.
Құрамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы мәліметтерді мына мекенжай бойынша табуға болады: www.kaercher.de/REACH
Бұйымды мақсатына сәйкес қолдану
Жууға арналған аппаратты тек үй шаруашылығына арналған қысымда ғана пайдаланыңыз. Қысыммен жуу аппараты машиналарды, тасымалдау құралдарын, құрылымдарды, құралдарды, қасбеттерді, террасаларды, бай-бақша жабдықтарын қысымды ағынның көмегімен тазалауға арналған.
Керек-жарақ және қосалқы бөлшектер
Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың қауіпсіз және апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік болады.
Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.
Жеткізілім жинағы
Бұйымның жеткізілім жинағы орауыштың үстінде көрсетілген. Бұйымды орауыштан шығарғанда жинақтың толықтығын тексеріп шығыңыз. Керек-жарақтар жетіспеген немесе тасымалдау кезінде зақымдар тиген жағдайда, дилеріңізге хабарласыңыз.
Құрылғының сипаттамасы
Осы нұсқаулықта максималды комплектациядағы құрылғы сипатталған. Үлгіге қарай жеткізілім комплектациясында айырмашылықтар болуы мүмкін (Қаптаманы қараңыз).
Суреттерді суреттері бар беттен қараңыз
Сурет A
Сурет B

Тұтқасы бар тұғыр
② Су жеткізуге арналған кіріктірілген елегі бар жалғағыш
③ Көліктің дөңгелегі
④ Жабын
⑤ Шланг бағыттағышы
⑥ «0/OFF»/«I/ON» ажыратқышы
⑦ Ағынды құбырларды сақтау
⑧ Жоғары тегеурінді құбыршек
⑨ *Plug 'n' Clean жуғыш зат бөтелкесі
⑩ Жоғары қысымды пистолетті сақтау/тұрақ орны
⑪ Тасымалдауға арналған сап, суырмалы
⑫ Тұрақты кірді кетіруге арналған Power Control ағынды құбырларға арналған бүріккіш түтігі, қысым деңгейі: ҚАТТЫ
⑬ Ең көп таралған тазалау жұмыстарына арналған Power Control Vario Power бүріккіш түтігі, қысым деңгейі: ҚАТТЫ / ОРТАША / ЖҮМСАҚ / MIX
⑭ Power Control жоғары қысымды пистолеті
⑮ Жоғары қысымды шлангіні жоғары қысымды пистолеттен ажырату түймесі
⑯ Жоғары қысымды пистолет тұтқасы
⑰ Қысым көрсеткіші (0-МИКС / 1-ЖҰМСАҚ / 2-ОРТАША / 3-ҚАТТЫ)
⑱ Жоғары қысымды пистолеттің фиксаторы
⑲ Жылжытуға арналған сап
⑳ Шланг ұстағышы
②1 Жоғары қысымды шланг катушкасы
②2 Шланг катушкасына арналған қол тұтқасы
23 Зауыт тактайшасы
24 Қондырмаларға арналған жәшік
25 Торды бекітуге арналған ілмек
②6 Аксессуарлар бөліміне арналған тор
⑳ Желілік істікшесі бар желілік байланыстырғыш кабель
⑳ Су жеткізуге арналған жалғағыш муфтасы
29 ** Бакша шлангісі (матамен нығайтылған, диаметрі – кемінде 1/2 дюйм (13 мм), ұзындығы – кемінде 7,5 м, стандартты жылдам байланыстыратын жалғағышпен)
③0 * Ашық ыдыстардан су жіберуге арналған KÄRCHER сорғыш шлангі (тапсырыс нөмірі 2.643-100)
③1 Жеткізілетін бұрандалар мен дюбелдер
** қосымша талап етіледі
Жеткізілетін бұрандалар мен дюбелдер
Cypet C
① Дюбел түғыры (2 дана) ② 4x22 бұрандасы (2 дана)
③ 4x16 бұрандасы (10 дана)
Қорғаныс құрал-жабдықтары
△ЕСКЕРТУ
Қауіпсіздік құрылғыларының болмауына, өзгертілуіне немесе тиімсіздігіне байланысты ауыр жарақаттар.
Қауіпсіздік құрылғыларын айналып өтпеңіз немесе алып тастамаңыз немесе оларды тиімсіз етпеңіз. Қорғаныс құрылғысы сіздің қауіпсіздігіңізге арналған.
Ажыратқыш
Ажыратқыш құрылғының кездейсоқ қосылуына кедергі болады.
Жоғары қысымды пистолеттің фиксаторы
Фиксатор жоғары қысымды пистолеттің тетігін бұғаттайды және құрылғының кездейсоқ іске қосылуына кедергі болады.
Автоматты түрде өшу функциясы
Жоғары қысымды пистолеттің тетігі жіберілген кезде сорғының пневматикалық ажыратқышы өшеді және жоғары қысымды ағыс тоқтайды. Тетікті басқан кезде сорғы қайтадан қосылады.
Қозғалтқыштың қорғаныс ажыратқышы
Токты артық тұтынған кезде қозғалтқыштың қорғаныс ажыратқышы құрылғыны өшіреді.
Құрылғыдағы белгілер

Жоғары қысымды ағысты адамдарға, жануарларға, жұмыс істеп тұрған электрлік құрылғыға және құрылғының өзіне бағыттауға тыйым салынады. Құрылғыны аяздан қорғаңыз.

Құрылғыны қоғамдық ауыз су жеткізу желісіне тікелей қосуға тыйым салынады.
Орнату
Суреттерді графикалық беттен қараңыз.
Пайдалануға енгізер алдында бекітілмеген бөлшектерді монтаждаңыз.
Жиынтықтан бұранданы және сәйкес келетін бұрауышты дайындап қойыңыз.
Дөңгелектерді монтаждау
- Дөңгелектерді салыңыз.
Нұсқау
Тесіктің туралануына назар аударыңыз. Сурет D
- Дөңгелектерді әрқайсысына 1 бұрандамен бекітіңіз.
Тұғырды орнатыңыз
- Тұғырды салыңыз. Сурет Е
- 2 дюбельді тесіктерге тірелгенше салыңыз.
- Тұғырды 2 бұрандамен бекітіңіз.
Бүріккіш түтікке арналған қойманы орнатыңыз
- Бүріккіш түтікке арналған қойманы бекітіңіз.
- Қойманы 2 бұрандамен бекітіңіз. Сурет F
- Жабынды 4 бұрандамен бекітіңіз. Сурет G
Тасымалдау тұтқасын орнатыңыз.
- Тасымалдау тұтқасын бекітіңіз.
Сурет H
Аксессуарлар торын орнатыңыз.
- Қосымша торды ілгектерге іліп қойыңыз.
Сурет I
Жоғары қысымды шлангіні шланг бағыттағышы арқылы салыңыз.
- Жоғары тегеурінді құбыршекті артқа, құбыршектің сымына салыңыз.
Сурет J
Су жеткізуге арналған жалғағыш муфтаны монтаждау.
- Су жеткізуге арналған жалғағыш муфтаны су жеткізуге арналған жалғағышқа бұраңыз.
Сурет К
Пайдалануға беру.
- Құрылғыны тегіс жазықтыққа орнатыңыз.
- Жоғары тегеурінді құбыршекті толықтай тарқатыңыз.
- Жоғары тегеурінді құбыршекті түтік бағыттағышы арқылы алға қарай тартып, ықтимал ілмектер мен бұрылыстарды босатыңыз.
- Жоғары тегеурінді құбыршекті жоғары тегеурінді пистолетке ол естілетіндей дыбыспен сарт етіп жабылғанша сала беріңіз.
Нұсқау
Бұрандалы түтіктің дұрыс қалыпта тұруын бақылаңыз.
Cypet L
- Жоғары тегеурінді құбыршекті тартып, бекіністің сенімділігін тексеріңіз.
- Желі істікшесінің ашасын розеткаға салыңыз.
Су беру
Сумен қамтамасыз ету кәсіпорнының нұсқауларын сақтаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Ластанған судың келтіретін залалы
Судағы ластанулар сорғының және оның жабдықтарының зақымдануына алып келеді. KÄRCHER қорғау үшін KÄRCHER су сүзгісін пайдалану ұсынылады (арнайы жабдық, тапсырыс беру нөмірі 4.730-059).
Су құбырына қосылу
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Құрылғының су қосылымында шлангінің Aquastop-пен байланысы
Сорғының зақымдануы
Құрылғының су қосылымында ешқашан Aquastop-пен байланысқан шлангіні қолданбаңыз.
Кранға Aquastop муфтасын қолдануға болады.
- Бақша құбыршегін су жеткізуге арналған жалғағыштың муфтасына орнатыңыз.
- Бақша құбыршегін су құбырына қосыңыз.
- Су құбырының шүмегін толықтай ашыңыз. Сурет М
Ашық ыдыстардан суды айдаңыз
Бұл жоғары қысымды жуғыш KÄRCHER сору құбыршегімен беткі суды соруға жарамды, мысалы, жаңбыр суына арналған бөшкеден
(ағызудың максимальды биіктігін Техникалық сипаттамалары тарауынан қараңыз).
- Су қосылымындағы муфтаны бұрап алыңыз.
- Сору құбыршегін сумен толтырыңыз
- Сору құбыршегін құрылғыдағы су жеткізуге арналған жалғағышқа бұраңыз және су көзіне (мысалы, жаңбыр бөшкелері) іліңіз.
Құрылғыдағы ауаны жою
- Құрылғыны қосыңыз («І/ОН»).
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттан ашыңыз.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігіне басыңыз. Құрылғы қосылады.
- Құрылғыны су жоғары тегеурінді пистолеттен көпіршіктерсіз шықпағанша максимум 2 минут жұмыс істетіңіз.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттаңыз.
Пайдалану
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Зақымдану қаупі!
Құрғақ жұмыс кезінде сорғының зақымдануы.
Егер құрылғы 2 минут ішінде қысым жасамаса, оны өшіріңіз.
Ақаулар кезіндегі көмек-тараудағы нұсқауларға сәйкес әрекет етіңіз.
Power Control жүйесі
Жоғары қысымды пистолеттегі қысым көрсеткіші Power Control бүріккішімен жұмыс істеу кезінде ағымдағы белгіленген қысым деңгейін көрсетеді.
Нұсқау
Материалдардың сезімталдығы олардың ескілігіне және жағдайына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан ұсыныстар міндетті емес.
Нұсқау
Қысым көрсеткіші беттерді тазартқышпен және басқа керек-жарақтармен жұмыс жасағанда маңызды емес.
| Көрсеткіш | Кысым деңгейі | Мыналар үшін ұсынылады мысалы: |
| [НЗН4] | ҚАТТЫ | Ашық агрегаты бар тас төсемнен немесе бетоннан, асфальттан, металл беттерден, бақша ыдыстарынан (арбалар, күректер және т. б.) жасалған тас террассалар |
| [КАХК] | ОРТАША Автомобильдер/ мотоциклдер, кірпіш беткейлер, сыланған қабырғалар, пластикалық жићаз | |
| [Х6АТ] | ЖұМСАҚ Ағаш беттер, велосипедтер, құмтас беттері, ротан жићазы | |
![]() | МИХ Тазалау құралдарымен пайдалану | |
Жоғары қысыммен жұмыс істеу режимі
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Боялған немесе сезімтал беттердің зақымдалуы
Ағыстың жеткілікті қашықтығы сақталмаған жағдайда немесе тетік дұрыс таңдалмаған жағдайда беттер зақымдалады.
Боялған беттерді тазалау кезінде 30 см-ден кем емес шегіністі сақтаңыз.
Автомобиль шиналарын, лагын немесе сезімтал беттерін фреза көмегімен тазаламаңыз.
- Тетікті жоғары тегеурінді пистолетке салыңыз және оны 90°-қа бұрай отырып, бекітіңіз. Сурет N
- Құрылғыны қосыңыз («І/ОН»).
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттан ашыңыз.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігіне басыңыз. Құрылғы қосылады.
- Қысым индикаторында қажетті қысым деңгейі көрсетілгенге дейін Power Control Vario Power шүмегін бұраңыз.
Тазалау құралдарымен пайдалану
Техникалық төлқұжатты сақтамау
Жуғыш құралдарды тиісінше пайдаланбаған жағдайда денсаулыққа ауыр зақым келеді.
Жуғыш құралдың өндірушісі құраған техникалық төлқұжатты, көбінесе жеке қорғаныс құралдары бойынша нұсқауларды қараңыз.
Нұсқау
Жуғыш құралды тек төменгі қысым кезінде араластыруға болады.
Нұсқау
Жуғыш құралдармен жұмыс істеу үшін Plug 'n' Clean арнайы ыдысы талап етіледі. KÄRCHER жуғыш құралдары Plug 'n' Clean ыдыстарында қолдануға дайын күйінде сатылады.
- Plug 'n' Clean жуғыш құралына арналған ыдыстың қақпағын алып тастаңыз.
- Plug 'n' Clean жуғыш құралына арналған жалғағышқа саңылауын төмен қаратып, жуғыш құралға арналған ыдысты қысып жабыңыз.
Сурет О
- Vario Power тетігін пайдаланыңыз.
- Бүріккіш түтікті «МИХ» бағытына жоғары қысымды пистолетте «МИХ» пайда болғанша бұраңыз.
Жұмыс барысында жуғыш құралдың ерітіндісі су ағысына араластырылады.
Ұсынылатын жуу тәсілі
- Жуғыш құралды үнемдей отырып, құрғақ бетке шашыңыз және сіңуге қалдырыңыз (кептірмей).
- Еріген балшықты жоғары тегеурінді ағыспен шайып тастаңыз.
Жуғыш құралмен жуғаннан кейін
- Plug 'n' Clean жуғыш құрал бөтелкесін ұстағыштан шығарып, оны қақпақпен жабыңыз.
- Сактау үшін жуғыш құрал бөтелкесін қақпакпен ұстағышқа салыңыз.
- Құрылғыны шамамен 30 секунд бойы таза сумен шайыңыз.
Жұмысты тоқтату
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
Тетігі жіберілген кезде, құрылғы өшеді. Жүйеде жоғары қысым қалады.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттаңыз. Сурет Р
- Шумегі бар жоғары тегеурінді пистолетті сақтауға арналған қалыпқа орнатыңыз.
- Жұмыс кезінде 5 минуттан аса үзілістерде құрылғыны өшіріп жүріңіз («0/OFF»).
Жұмыстың аяқталуы
△АБАЙЛАНЫЗ
Кушті тегеурін кезінде су ағысынан жарақат алу. Жоғары тегеурінді құбыршекті жүйедегі қысымды тастағаннан кейін ғана ажыратыңыз.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
- Су құбырының шүмегін жабыңыз.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін 30 секунд бойы басып тұрыңыз. Жүйеде қалған қысым төмендетіледі.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттаңыз.
- Құрылғыны өшіріңіз («0/OFF»).
- Құрылғыны су құбырының желісінен ажыратыңыз.
- Желі істікшесін розеткадан ажыратыңыз.
Тасымалдау
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу және зақымдану қаупі бар!
Салмақ сақталмаған кездегі жарақаттар мен зақымданулар.
Тасымалдау және жүктеу кезінде құрылғының салмағын ескеріңіз.
Құрылғыны көшіру
- Құрылғыны тұтқасынан көтеріңіз және көшіріңіз.
Құрылғыны сүйреу
- Тұтқаны естілетін шыртылға дейін тартыңыз.
- Құрылғыны тасымалдау тұтқасынан сүйреңіз.
Автомобильмен тасымалдау
- Тасымалдаудың алдында Plug ‘n’ Clean жуғыш құралға арналған ыдысты бекіністен шығарыңыз және қақпақпен жабыңыз.
- Құрылғыны қисаймайтындай және құламайтындай етіп бекітіңіз.
Сақтау
△АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғының салмағына байланысты жарақат алу және зақымдану қаупі!
Жарақат алу және зақымдану қаупі.
Тасымалдау және жүктеу кезінде құрылғының салмағын ескеріңіз.
Құрылғыны ұстау
- Құрылғыны тегіс жазықтыққа орнатыңыз.
- Шүмекті жоғары тегеурінді пистолеттен ажыратыңыз.
- Жоғары тегеурінді пистолетте ажырату батырмасын басыңыз және жоғары тегеурінді құбыршекті жоғары тегеурінді пистолеттен ажыратыңыз.
- Шланг катушкасы жоқ: Жоғары тегеурінді шлангты сақтау үшін құрылғыға жинаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Жоғары тегеурінді құбыршектің зақымдалуы: Жоғары тегеурінді құбыршектің дұрыс емес айналу бағытының әсерінен зақымдалуы. Орау кезінде барабанның айналу бағытын бақылаңыз.
- Шланг катушкасы бар: Құбыршекті барабанды тұтқасынан сағат тілімен айналдырыңыз және оған жоғары тегеурінді құбыршекті ораңыз.
- Желі баусымын және жабдықтарды құрылғыға салып қойыңыз.
- Екі шүмекті де оларды сақтауға арналған бөлікке салыңыз:
а Балшық фрезасы бар шүмек: саптамасы төмен
b Vario Power шүмегі: саптамасы жоғары. Сақтау алдында қосымша нұсқауларды сақтаңыз, Күтім және техникалық қызмет көрсету бөлімін қараңыз.
Аяздан қорғау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Қатып қалу қаупі
Толығымен кептірілмеген құрылғының аяздан зақымдалуы мүмкін.
Құрылғы мен құрамдас бөліктерін толығымен құрғатып алыңыз.
Құрылғыны суық әсерінен қорғаңыз.
Мынаны орындау қажет:
• Құрылғы су құбырынан ажыратылған. • Жоғары қысымды пистолет жоғары қысымды шлангіден бөлінген.
- Құрылғыны қосыңыз («І/ОН»).
- Жоғары тегеурінді жалғағыштан су ағып біткенше максимум 1 минут күтіңіз.
- Құрылғыны өшіріңіз.
- Құрылғыны жылыту бөлмесінде барлық жабдықтарымен бірге сақтаңыз.
Күтім және техникалық қызмет көрсету
Тоқпен зақымдалу қаупі
Кернеу күйінде тұрған бөлшектермен байланыс кезіндегі зақымдар
Құрылғыны өшіріңіз.
Желілік штекерді розеткадан шығарып алыңыз.
Құрылғы техникалық қызмет көрсетуді талап етпейді, яғни, оған қызмет көрсету бойынша тұрақты жұмыстар жүргізу қажет емес.
Су жеткізуге арналған жалғағыштағы електі тазалау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Зақымдану қаупі!
Дұрыс тазаламау салдарынан електің зақымдануы.
Електі тек оның ағынына қарама-қарсы бағытта ағынды су астында тазалаңыз.
Өткір немесе қатты заттарды
пайдаланбаңыз, мысалы, инелер немесе сым щеткалар.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Зақымдану қаупі!
Елексіз немесе зақымдалған елекпен жұмыс кезінде құрылғы мен керек-жарақтардың зақымдалуы.
Електі су жеткізуге арналған жалғағышқа салмас бұрын зақымдарға тексеріңіз. Зақымдалған електі дереу ауыстырыңыз.
Құрылғыны елексіз пайдаланбаңыз.
Қажет болса, електі су жеткізуге арналған жалғағышта тазартыңыз.
- Су қосылымындағы муфтаны бұрап алыңыз.
- Електі шығарыңыз.
Сурет Q
- Електі су ағысының астында жуып алыңыз.
- Електі су жеткізуге арналған жалғағышқа салыңыз.
Ақаулар кезіндегі көмек
Ақаулардың себептері көп жағдайда келесі шолуды пайдалану арқылы өздігінен жоюға болатындай қарапайым болады. Күдіктер болса немесе осы жерде көрсетілмеген ақаулар болған кезде, ресми сервис орталығына хабарласыңыз.
Өмірге қауіп!
Ток өткізетін бөліктерге тиген кезде электр тогының соғуы салдарынан болатын өлімге әкелетін жарақаттар.
Ток өткізетін бөліктерге жақындамаңыз.
Құрылғыны өшіріңіз.
Ашаны қуат беру сымынан тартып шығармаңыз.
Құрылғы жұмыс істемейді
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігіне басыңыз. Құрылғы қосылады.
- Фирмалық тақтада көрсетілген кернеу қорек көзінің кернеуімен сәйкес келе ме, жоқ па, тексеріңіз.
- Желі баусымын зақымдарға тексеріңіз.
- Қозғалтқыштың артық жүктелуі кезінде оның қорғаныс автоматы істемей қалса:
а Құрылғыны өшіріңіз («0/OFF»).
b Құрылғыны 1 сағатқа сууға қойыңыз.
с Құрылғыны қосыңыз «І/ОН» және оны қайтадан пайдалана бастаңыз.
Егер жиі ақаулар туындап жатса, онда құрылғыны сервистік қызметте тексеру керек.
Құрылғы іске қосылмайды, қозғалтқыш гуілдеп тұр
Әлсіз желінің әсерінен немесе ұзартушы кабельді пайдаланудың әсерінен кернеудің құлауы.
- Қосатын кезде алдымен жоғары тегеурінді пистолетті басыңыз, ал содан кейін құрылғыны қосыңыз («І/ОН»).
Құрылғы қысым тудырмайды
Су жеткізу жеткіліксіз.
- Су құбырының шүмегін толықтай ашыңыз.
- Жеткілікті су мөлшері беріліп жатыр ма, жоқ па, тексеріңіз.
- Шүмектің реттелімін тексеріңіз.
- Максималды сору биіктігі асып кеткен жоқпа, тексеріңіз.
Су жеткізуге арналған жалғағыштағы елек ластанды.
- Су жеткізуге арналған жалғағыштан електі кемпірауыздың көмегімен шығарыңыз.
- Електі су ағысының астында жуып алыңыз. Сурет Q
Құрылғыдағы ауа.
- Құрылғыны желдетіңіз:
а Құрылғыны жалғанған шүмексіз максимум 2 минутқа қосыңыз.
b Жоғары тегеурінді пистолетті басыңыз және су көпіршіксіз шықпағанша күтіңіз.
с Шүмекті қосыңыз.
- Жоғары тегеурінді саптаманы тазалау:
а Саптаманың саңылауынан.
b Жоғары тегеурінді саптаманы сумен жуып алыңыз.
- Келген судың мөлшерін тексеріңіз.
Құрылғының саңылаулылығы
- Құрылғының шағын саңылаулылығын оның конструкциясы қамтамасыз етеді. Күшті саңылаулылық кезінде авторландырылған сервистік қызметке жүгініңіз.
Жуғыш құрал сіңбейді
Әр елде жергілікті дистрибьюторлар берген кепілдік шарттары қолданылады. Бұйымда материалдық немесе өндірістік ақаулар анықталған жағдайда, ықтимал ақауларды кепілдік мерзімі ішінде ақысыз жөндейміз. Кепілдік мерзіміне наразылықтарыңыз болса, бұйымды сатқан сауда мекемесіне немесе жақындағы өкілетті қызмет көрсету орнына түбіртекті көрсетіп хабарласыңыз.
Кепілдік туралы қосымша ақпаратты (бар болса) жергілікті Kärcher веб-сайтының «Жүктеулер» бөліміндегі қызмет көрсету бөлімінде табуға болады.
Шығару күні фирмалық тақтайшада ММ/YYYY пішімінде көрсетіледі, мұнда ММ - өндіріс айы, YYYY - шығарылған жылы немесе кодталған түрде.
Жеке сандардың мағынасы келесідей болады: Мысалы: 30290
3 Өндірілген жылы
0 Өндірілген ғасыры
9 Өндірілген айының екінші саны
0 Өндірілген айының бірінші саны Сонымен бұл мысалда 30290 коды 09/(2)023 өндірілген күнін білдіреді.
Техникалық сипаттамалары
| K 4 Flex | Power Control | Premium Power Control | |
| Электр желісіне косу | |||
| Кернеу V | 230 | 230 | |
| Фаза ~ 1 | 1 | ||
| Жиілік Hz 50 50 | |||
| Қосылу қуаттылығы | kW | 1,8 | 1,8 |
| Қорғаныс класы | IPX5 | IPX5 | |
| Қорғау класы I | I | ||
| Желіні шамадан тыс жүктелуден қорғау (инерциялық) | A | 10 | 10 |
| Суды косу | |||
| Енгізу қысымы (макс.) | MPa | 1,2 | 1,2 |
Құрылғының техникалық сипаттамалары
| Жұмыс қысымы | MPa | 11 | 11 |
| Максималды қолжетімді қысым | MPa | 13 13 | |
| Берілетін мөлшері, су | l/min | 6,3 | 6,3 |
| Максималды берілген мөлшері | l/min | 7,0 | 7,0 |
| Берілетін мөлшері, жуғыш құралдар | l/min | 0,3 | 0,3 |
| Жоғары тегеурінді пистолеттің кері тебу қүші | N | 13 | 13 |
Өлшемдері мен өнімдер
| Типтік жұмыс салмағы | kg | 13,5 | 13,8 |
| ¥зындығы | mm | 405 417 | |
| Ені | mm | 306 306 | |
| Биіктігі | mm | 584 584 |
EN 60335-2-79 стандартына сәйкес есептелінетін мән
| Колдағы діріндің мәні | m/s2 | 3,2 | 3,2 |
| Белгісіздік К | m/s2 | 0,8 | 0,8 |
| Дыбыс қысымының деңгейі LpA | dB(A) | 75 75 | |
| Белгісіздік KpA | dB(A) | 3 | 3 |
| Шу деңгейі LWA + белгісіздік KWA | dB(A) | 90 90 |
(EO) 2019/1781 қосымшасына сәйкес алып тастау себебі 2-бөлім (12): j)
Техникалық өзгерістер енгізілуі мүмкін.
ЕО стандарттарына сәйкестігі туралы декларация
Осымен біз төменде аталған өнім аталған нұсқаулықтар мен ережелердің тиісті талаптарына сәйкес келетінін мәлімдейміз. Бізбен келісусіз өнімнің конструкциясы өзгерген жағдайда осы декларация өз күшін жояды.
Бұйым: Жоғары қысымды жуғыш
Типі: 1.324-xxx
Қолданыстағы ЕО директивалары
2006/42/EG (+2009/127/EG)
2014/30/EU
2011/65/EU
2000/14/EG
2009/125/EG
Қолданылатын нұсқау(лар)
(EO) 2019/1781
Колданылатын біріздендірілген стандарттар
EN 60335-1
EN 60335-2-79
EN 62233: 2008
EN 55014-1: 2017 + A11: 2020
EN 55014-2: 2015
EN 61000-3-2: 2014
EN 61000-3-3: 2013
EN IEC 63000: 2018
Сәйкестікке қолданылатын тексеру әдісі
2000/14/EC: V косымшасы
Дыбыс куаттылығының деңгейі дБ(А)
Өлшенді: 88
Кепілдік береді: 90
Атауы және мекенжайы
Кужаттаманы жүргізетін уәкілетті тұлға:
С. Райзер
Alfred Kärcher SE & Co. KG
Alfred-Kärcher-Str. 28 - 40
