K 4 Classic Home - жоғары қысымды тазалағыш Kärcher - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз K 4 Classic Home Kärcher PDF форматында.
| Өнім түрі | Жоғары қысымды тазалағыш |
| Бренд | Kärcher |
| Модель | K 4 Classic Home |
| Өлшемдері (Ұ × Е × Б) | 264 × 256 × 450 мм |
| Жұмыс салмағы | 5,4 кг |
| Электрмен қамтамасыз ету | 230 В, 50 Гц, 1,8 кВт, IPX5, II класс |
| Жұмыс қысымы | 11 МПа (110 бар) |
| Макс. рұқсат етілген қысым | 13 МПа (130 бар) |
| Номиналды су шығыны | 5,2 л/мин |
| Максималды су шығыны | 7,0 л/мин |
| Жуғыш зат шығыны | 0,3 л/мин |
| Макс. беру қысымы | 1,2 МПа (12 бар) |
| Макс. беру температурасы | 40 °C |
| Мин. беру шығыны | 9 л/мин |
| Макс. сору биіктігі | 0,5 м |
| Негізгі функциялар | Үздіксіз қысымды реттеу (Soft/Hard) бар жоғары қысымды тазалау, Auto-Stop функциясы, сорғының автоматты тоқтауы |
| Жеткізілетін керек-жарақтар | Жоғары қысымды пистолет, Vario Power штангасы, Rotabuse штангасы, 8 м жоғары қысымды шланг, жуғыш затты сору түтігі, тасымалдау дөңгелектері, тартылмалы тұтқа |
| Күтім және тазалау | Су беру қосқышының торын және жуғыш зат сүзгісін тазарту; мұздан қорғау қажет |
| Қауіпсіздік | Негізгі ажыратқыш, пистолеттің құлыптауы, Auto-Stop функциясы (триггерді босатқанда автоматты тоқтау), CE сәйкестігі |
| Қосалқы бөлшектер және жөндеу мүмкіндігі | Тек Kärcher түпнұсқа керек-жарақтары мен қосалқы бөлшектерін пайдаланыңыз (www.kaercher.com сайтында қолжетімді) |
| Жалпы ақпарат | Жеке тұрмыстық пайдалану; ағынды адамдарға, жануарларға немесе электр жабдықтарына бағыттамаңыз; мұздан қорғаңыз |
Жиі қойылатын сұрақтар - K 4 Classic Home Kärcher
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы K 4 Classic Home Kärcher
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз жоғары қысымды тазалағыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз K 4 Classic Home - Kärcher және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. K 4 Classic Home брендінің Kärcher.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ K 4 Classic Home Kärcher
Қоршаған ортаны қорғау 122
Бұйымды мақсатына сәйкес қолдану.... 122
Керек-жарақ және қосалқы бөлшектер ...... 122
Жеткізілім жинағы 122
Құрылғының сипаттамасы.... 122
Қорғаныс құрал-жабдықтары 123
Құрылғыдағы белгілер.... 123
Орнату 123
Пайдалануға енгізу 123
Пайдалану.... 124
Тасымалдау.... 124
Сақтау.... 124
Күтім және техникалық қызмет көрсету ..... 125
Ақаулар кезіндегі көмек.... 125
Кепілдік.... 125
Техникалық мағлұматтар 126
ЕО стандарттарына сәйкестігі туралы декларация.... 126
Жалпы нұсқаулар


Құрылғыны алғаш рет қолданбас бұрын, осы пайдалану жөніндегі түпнұсқа нұсқаулық пен берілген
қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларды оқып шығыңыз. Оларға сай әрекет етіңіз.
Екі кітапшаны да әрі қарай пайдалану немесе келесі иесі үшін сақтап қойыңыз.
Қоршаған ортаны қорғау

Орауыш материалдарын утилизациялауға болады. Орауыштарды қоршаған ортаға қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.

Электрлік және электрондық бұйымдардың құрамында қате қолдану немесе утилизациялау нәтижесінде адам денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп
төндіруі ықтимал, құнды қайта өңделетін материалдар және батареялар, аккумуляторлар немесе май сияқты бөлшектер жиі кездеседі. Алайда, аталмыш бөлшектер бұйымды тиісінше пайдалану үшін қажет болады. Осы таңбамен белгіленген құрылғыларды үй қоқыстарымен бірге тастауға болмайды.
Тазарту кезінде құрамында майы бар ақпасулар туындайтын жұмыстарды (мысалы, қозғалтқыштарын, түптерін жуу) майлы айырғышы бар жуу аландарында ғана жүргізуге рұқсат беріледі.
Жуғыш құралдармен жұмыстарды кәрізге бұрылатын герметикалық жұмыс аландарында ғана жүргізуге рұқсат беріледі. Жуғыш құралдарды су қоймаларына немесе жерге төкпеңіз.
♣ Кейбір елдерде қоғамдық су қоймаларынан су алуға тыйым салынады.
Құрамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы мәліметтерді мына мекенжай бойынша табуға болады: www.kaercher.de/REACH
Бұйымды мақсатына сәйкес қолдану
Жууға арналған аппаратты тек үй шаруашылығына арналған қысымда ғана пайдаланыңыз.
Қысыммен жуу аппараты машиналарды, тасымалдау құралдарын, құрылымдарды, құралдарды, қасбеттерді, террасаларды, бақ-бақша жабдықтарын қысымды ағынның көмегімен тазалауға арналған.
Керек-жарақ және қосалқы бөлшектер
Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың қауіпсіз және апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік болады.
Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.
Жеткізілім жинағы
Бұйымның жеткізілім жинағы орауыштың үстінде көрсетілген. Бұйымды орауыштан шығарғанда жинақтың толықтығын тексеріп шығыңыз. Керек-жарақтар жетіспеген немесе тасымалдау кезінде зақымдар тиген жағдайда, дилеріңізге хабарласыңыз.
Құрылғының сипаттамасы
Суреттерді суреттері бар беттен қараңыз. Сурет А
① Көліктің дөңгелегі ② Жоғары қысымды пистолетті сақтау ③ Ағынды құбырларды сақтау ④ Жоғары қысымды шлангты/желіге қосылу кабелін сақтау ⑤ Кір кетірілетін дақтар үшін фрезалары бар шүмек ⑥ Жалпы тазалау жұмыстарына арналған Vario Power шүмегі. Жұмыс қысымын «ЖұМСАҚ» күйден «ҚАТТЫ» күйге баяу көтеруге болады. Жұмыс қысымын өзгерту үшін жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз және шүмекті қалаған күйге бұраңыз. Шүмек SOFT (ЖұМСАҚ) күйіне толығымен бұралған кезде жуғыш құралды қосуға болады.
⑦ Жоғары тегеурінді пистолет ⑧ Жоғары тегеурінді құбыршекті қосуға/ажыратуға арналған қысқыш ⑨ Жоғары қысымды пистолет тұтқасы ⑩ Жоғары қысымды пистолеттің фиксаторы ⑪ Жоғары тегеурінді құбыршек ⑫ Желілік істікшесі бар желілік байланыстырғыш кабель
⑬《0/OFF》/《I/ON》 ажыратқышы
⑭ Тасымалдауға арналған сап, суырмалы
⑮ Жоғары тегеурінді істікше
16 Зауыт тактайшасы
⑰ Су жеткізуге арналған кіріктірілген елегі бар жалғағыш
⑱ Жуғыш затты соратын түтік
⑲ Су жеткізуге арналған жалғағыш муфтасы 20 ** Бакша шлангісі (матамен нығайтылған, диаметрі – кемінде 1/2 дюйм (13 мм), ұзындығы – кемінде 7,5 м, стандартты жылдам байланыстыратын жалғағышпен)
** қосымша талап етіледі
Қорғаныс құрал-жабдықтары
△АБАЙЛАҢЫЗ
Жетіспейтін немесе өзгертілген қорғаныс құрал-жабдықтары!
Қорғаныс құрылғысы сіздің қауіпсіздігіңізге арналған.
Қауіпсіздік құрылғыларын айналып өтпеңіз, алып тастамаңыз немесе өшірмеңіз.
Ажыратқыш
Ажыратқыш құрылғының кездейсоқ қосылуына кедергі болады.
Жоғары тегеурінді пистолеттің фиксаторы
Фиксатор жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттайды және құрылғының кездейсоқ іске қосылуына кедергі болады.
Автоматты түрде өшу функциясы
Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігі жіберілген кезде сорғының пневматикалық ажыратқышы өшеді және жоғары тегеурінді ағыс тоқтайды. Тетікті басқан кезде сорғы қайтадан қосылады.
Құрылғыдағы белгілер

Жоғары тегеурінді ағысты адамдарға, жануарларға, жұмыс істеп тұрған электрлік құрылғыға және құрылғының өзіне бағыттауға тыйым салынады. Құрылғыны аяздан қорғаңыз.

Құрылғыны қоғамдық ауыз су жеткізу желісіне тікелей қосуға тыйым салынады.
Орнату
Суреттерді графикалық беттен қараңыз.
Пайдалануға енгізер алдында бекітілмеген бөлшектерді монтаждаңыз.
Дөңгелектерді монтаждау
- Құрылғыдағы дөңгелектерді бекітіңіз. Сурет В
Су жеткізуге арналған жалғағыш муфтаны монтаждау
- Су жеткізуге арналған жалғағыш муфтаны су жеткізуге арналған жалғағышқа бұраңыз. Сурет С
Пайдалануға енгізу
- Құрылғыны тегіс жазықтыққа орнатыңыз.
- Жоғары тегеурінді құбыршекті толық шешіп, ілмектер мен бұрылыстарды босатыңыз.
- Жоғары тегеурінді құбыршекті құрылғыға жалғаңыз.
а Муфтадағы қысқышты көтеріңіз. b Жоғары тегеурінді құбыршекті муфтаға салыңыз. с Муфтадағы қысқышты төменге басыңыз.
- Жоғары тегеурінді құбыршекті жоғары тегеурінді пистолетке жалғаңыз.
а Қысқышты қысыңыз. b Қысқышты шығарыңыз. с Жоғары тегеурінді құбыршекті салыңыз. d Сарт етіп жабылғанша тұтқаны қысып тұрыңыз.
- Жоғары тегеурінді құбыршекті тартып, бекіністің сенімділігін тексеріңіз.
- Желі істікшесінің ашасын розеткаға салыңыз.
Су беру
Сумен қамтамасыз ету кәсіпорнының нұсқауларын сақтаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Ластанған судың келтіретін залалы
Судағы ластанулар сорғының және оның жабдықтарының зақымдануына алып келеді. KÄRCHER қорғау үшін KÄRCHER су сүзгісін пайдалану ұсынылады (арнайы жабдық, тапсырыс беру нөмірі 4.730-059).
Су құбырына қосылу
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Құрылғының су қосылымында шлангінің Aquastop-пен байланысы
Сорғының зақымдануы
Құрылғының су қосылымында ешқашан Aquastop-пен байланысқан шлангіні қолданбаңыз.
Кранға Aquastop муфтасын қолдануға болады.
- Бақша құбыршегін су жеткізуге арналған жалғағыштың муфтасына орнатыңыз.
- Бақша құбыршегін су құбырына қосыңыз. Сурет F
- Су құбырының шүмегін толықтай ашыңыз.
Ашық ыдыстардан суды айдаңыз
Бұл құрылғымен жууға арналған аппарат кері клапаны бар KÄRCHER сору құбыршегімен (арнайы жабдық, тапсырыс беру № 2.643-100) беткі суларды, мысалы, жаңбыр суына арналған бөшкеден немесе тоғандардан ағызуға жарайды (Ағызудың максималды биіктігін бөлімнен қараңыз Техникалық мағлұматтар).
Сору жұмыстарын жүргізу кезінде су жеткізу үшін жалғағыш муфта талап етілмейді.
- Сору құбыршегін сумен толтырыңыз.
- Сорғыш шлангіні құрылғыдағы су жеткізуге арналған жалғағышқа бұраңыз және су көзіне жіберіңіз (мысалы, жаңбыр суына арналған бөшкеге).
Құрылғыдағы ауаны жою
- Құрылғыны қосыңыз («І/ОН»).
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттан ашыңыз.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігіне басыңыз. Құрылғы қосылады.
- Құрылғыны су жоғары қысымды пистолеттен көпіршіктерсіз шықпағанша максимум 2 минут жұмыс істетіңіз.
- Жоғары қысымды пистолеттің тетігін жіберіңіз.
- Жоғары қысымды пистолеттің тетігін бұғаттаңыз.
Пайдалану
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Сорғының құрғақ жұмыс істеуі
Құрылғының зақымдануы
Егер құрылғыда 2 минут бойы қысым пайда болмаса, онда оны өшіріңіз және Ақаулар кезіндегі көмек бөліміндегі нұсқауларды сақтаңыз.
Жоғары қысыммен жұмыс істеу режимі
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Боялған немесе сезімтал беттердің зақымдалуы
Ағыстың жеткілікті қашықтығы сақталмаған жағдайда немесе тетік дұрыс таңдалмаған жағдайда беттер зақымдалады. Боялған беттерді тазалау кезінде 30 см-ден кем емес шегіністі сақтаңыз. Автомобиль шиналарын, лакты немесе сезімтал беттерді фреза көмегімен тазаламаңыз.
- Тетікті жоғары қысымды пистолетке салыңыз және оны 90°-қа бұрай отырып, бекітіңіз. Сурет G
- Құрылғыны қосыңыз («І/О»).
- Жоғары қысымды пистолеттің тетігін бұғаттан ашыңыз.
- Жоғары қысымды пистолеттің тетігін басыңыз. Құрылғы қосылады.
Тазалау құралдарымен пайдалану
Техникалық төлқұжатты сақтамау
Жуғыш құралдарды тиісінше пайдаланбаған жағдайда денсаулыққа ауыр зақым келеді. Жуғыш құралдың өндірушісі құраған техникалық төлқұжатты, көбінесе жеке қорғаныс құралдары бойынша нұсқауларды қараңыз.
Нұсқау
KÄRCHER тазалау құралдары үздіксіз жұмыс істеуге кепілдік береді. Сізге кеңес беруге рұқсат етіңіз немесе біздің каталогты немесе тазалағыш заттар туралы ақпараттық парақтарымызды сұраңыз.
Нұсқау
Жуғыш құралды тек төменгі қысым кезінде араластыруға болады.
- Корпустан жуғыш құралға арналған сору құбыршегінің талап етілетін ұзындығын тартыңыз. Сурет Н
- Жуғыш құралға арналған сору құбыршегін жуғыш құралдың ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
- Vario Power тетігін пайдаланыңыз.
- Тетікті «SOFT» күйіне тірелгенше бұраңыз. Жұмыс барысында жуғыш құралдың ерітіндісі су ағысына араластырылады.
Ұсынылатын жуу тәсілі
- Жуғыш құралды үнемдей отырып, құрғақ бетке шашыңыз және сінуге қалдырыңыз (кептірмей).
- Еріген балшықты жоғары тегеурінді ағыспен шайып тастаңыз.
Жуғыш құралмен жуғаннан кейін
- Құрылғыны 30 секунд бойы таза сумен жуып тастаңыз.
Жұмысты тоқтату
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз. Тетігі жіберілген кезде, құрылғы өшеді. Жүйеде жоғары қысым қалады.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттаңыз. Сурет I
- Жұмыс кезінде 5 минуттан аса үзілістерде құрылғыны өшіріп жүріңіз («0/OFF»).
Жұмыстың аяқталуы
⚠АБАЙЛАҢЫЗ
Жүйедегі қысым
Күшті тегеурін кезінде су ағысынан жарақат алу. Жоғары тегеурінді құбыршекті жүйедегі қысымды тастағаннан кейін ғана ажыратыңыз.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
- Су құбырының шүмегін жабыңыз.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін 30 секунд бойы басып тұрыңыз. Жүйеде қалған қысым тасталады.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттаңыз.
- Құрылғыны су құбырының желісінен ажыратыңыз.
- Құрылғыны өшіріңіз («0/OFF»).
- Желі істікшесін розеткадан ажыратыңыз.
Тасымалдау
⚠АБАЙЛАҢЫЗ
Салмақтың сақталмауы
Жарақат алу және құрылғыны зақымдау қаупі Тасымалдау кезінде құрылғының салмағын ескеріңіз.
Құрылғыны сүйреу
- Тұтқаны естілетін шыртылға дейін тартыңыз.
- Құрылғыны тасымалдау тұтқасынан сүйреңіз.
Автомобильмен тасымалдау
- Құрылғыны қисаймайтындай және құламайтындай етіп бекітіңіз.
Сақтау
⚠АБАЙЛАҢЫЗ
Салмақтың сақталмауы
Жарақат алу және құрылғыны зақымдау қаупі Тасымалдау кезінде құрылғының салмағын ескеріңіз.
Құрылғыны ұстау
- Құрылғыны тегіс жазықтыққа орнатыңыз.
- Шүмекті жоғары тегеурінді жоғары қысымды пистолеттен ажыратыңыз.
- Шүмекті жоғары тегеурінді пистолеттен ажыратыңыз.
- Бүріккіш түтіктің екеуін де, жоғары қысымды пистолетті де тиісті қоймаға қойыңыз.
- Жоғары тегеурінді құбыршек құрылғыдан ажыратыңыз.
- Жоғары қысымды шлангты құрылғыда сақтау үшін жинаңыз.
- Құрылғыдағы желі кабелін салыңыз.
Ұзақ сақтау алдында қосымша нұсқауларды, Күтім және техникалық қызмет көрсету бөлімін қараңыз.
Аяздан қорғау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Қатып қалу қаупі
Толығымен кептірілмеген құрылғының аяздан зақымдалуы мүмкін.
Құрылғы мен құрамдас бөліктерін толығымен құрғатып алыңыз.
Құрылғыны суық әсерінен қорғаңыз.
Мынаны орындау қажет:
- Құрылғы су құбырынан ажыратылған.
- Жоғары тегеурінді құбыршек ажыратылған.
- Құрылғыны қосыңыз («І/ОН»).
- Жоғары тегеурінді жалғағыштан су ағып біткенше максимум 1 минут күтіңіз.
- Құрылғыны өшіріңіз.
- Құрылғыны жылыту бөлмесінде барлық жабдықтарымен бірге сақтаңыз.
Күтім және техникалық қызмет көрсету
⚠️ҚАУІП
Кернеу күйінде тұрған бөлшектермен байланыс кезіндегі зақымдар
Құрылғыны өшіріңіз.
Желілік штепсельді розеткадан шығарып алыңыз.
Құрылғы техникалық қызмет көрсетуді талап етпейді, яғни, орган қызмет көрсету бойынша тұрақты жұмыстар жүргізу қажет емес.
Су жеткізуге арналған жалғағыштағы електі тазалау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Су жеткізуге арналған жалғағыштағы електің зақымдалуы
Лас судың әсерінен құрылғының зақымдалуы Електі су жеткізуге арналған жалғағышқа салмас бұрын зақымдарға тексеріңіз.
Қажет болған жағдайда, електі су жеткізуге арналған жалғағышта тазартыңыз.
- Су жеткізуге арналған жалғағыштан муфтаны алып тастаңыз.
- Електі кемпірауызбен шығарыңыз.
- Електі су ағысының астында жуып алыңыз. Сурет J
- Електі су жеткізуге арналған жалғағышқа салыңыз.
- Су жеткізуге арналған жалғағыш муфтасын бұраңыз.
Жуғыш құралға арналған сүзгіні тазалау
Узақ сақтау кезеңінің алдында жуғыш құралға арналған сүзгіні тазалап тұрыңыз.
- Жуғыш құралға арналған сору құбыршегінен сүзгіні алып тастаңыз.
- Сүзгіні су ағысының астында жуып алыңыз. Сурет К
Ақаулар кезіндегі көмек
Ақаулардың себептері көп жағдайда келесі шолуды пайдалану арқылы өздігінен жоюға болатындай қарапайым болады. Күдіктер болса немесе осы жерде көрсетілмеген ақаулар болған кезде, рұқсат етілген сервистік орталыққа хабарласыңыз.
⚠️ҚАУІП
Кернеу күйінде тұрған бөлшектермен байланыс кезіндегі зақымдар
Құрылғыны өшіріңіз.
Желілік штекерді розеткадан шығарып алыңыз.
Құрылғы жұмыс істемейді
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігіне басыңыз. Құрылғы қосылады.
- Фирмалық тактада көрсетілген кернеу қорек көзінің кернеуімен сәйкес келе ме, жоқ па, тексеріңіз.
- Желі баусымын зақымдарға тексеріңіз.
Құрылғы қысым тудырмайды
Су жеткізу жеткіліксіз.
- Су құбырының шүмегін толықтай ашыңыз.
- Жеткілікті су мөлшері беріліп жатыр ма, жоқ па, тексеріңіз.
- Шүмектің реттелімін тексеріңіз.
- Максималды сору биіктігі асып кеткен жоқ па, тексеріңіз.
Су жеткізуге арналған жалғағыштағы елек ластанды.
- Су жеткізуге арналған жалғағыштан електі кемпірауыздың көмегімен шығарыңыз.
- Електі су ағысының астында жуып алыңыз.
Құрылғыдағы ауа.
- Құрылғыны желдетіңіз:
а) Құрылғыны жалғанған шүмексіз максимум 2 минутқа қосыңыз. b) Жоғары тегеурінді пистолетті басыңыз және су көпіршіксіз шықпағанша күтіңіз. с) Шүмекті қосыңыз.
- Жоғары тегеурінді саптаманы тазалау:
а) Саптаманың саңылауынан. b) Жоғары тегеурінді саптаманы сумен жуып алыңыз.
- Келген судың мөлшерін тексеріңіз.
Құрылғының саңылаулылығы
- Құрылғының шағын саңылаулылығын оның конструкциясы қамтамасыз етеді. Күшті саңылаулылық кезінде авторландырылған сервистік қызметке жүгініңіз.
Жуғыш құрал сіңбейді
- Vario Power шүмегін пайдаланыңыз және оны «SOFT» бағытына тірелгенге дейін бұраңыз.
- Жуғыш құралға арналған сору құбыршегіндегі сүзгіні тазалаңыз.
- Жуғыш құралға арналған сору құбыршегін иілуге тексеріңіз.
Кепілдік
Әр елде жергілікті дистрибьюторлар берген кепілдік шарттары қолданылады. Бұйымда материалдық немесе өндірістік ақаулар анықталған жағдайда, ықтимал ақауларды кепілдік мерзімі ішінде ақысыз жөндейміз. Кепілдік мерзіміне наразылықтарыңыз болса, бұйымды сатқан сауда мекемесіне немесе жақындағы өкілетті қызмет көрсету орнына түбіртекті көрсетіп хабарласыңыз.
Шығару күні фирмалық тақтайшада ММ/YYYY пішімінде көрсетіледі, мұнда ММ - өндіріс айы, YYYY - шығарылған жылы немесе кодталған түрде.
Жеке сандардың мағынасы келесідей болады: Мысалы: 30290
3 Өндірілген жылы
0 Өндірілген ғасыры
2 Өндірілген онжылдық
9 Өндірілген айының екінші саны
0 Өндірілген айының бірінші саны
Сонымен бұл мысалда 30290 коды 09/(2)023 өндірілген күнін білдіреді.
Техникалық мағлұматтар
| Электр желісіне косу | |
| Кернеу | V |
| Фаза ~ 1 | |
| Жилік Hz 50-60 | |
| Косылу куаттылығы kW 1,8 | |
| Корғаныс класы IPX5 | |
| Корғау класы II | |
| Желіні шамадан тысжуктелуден A 10корғау (инерциялық) | |
Суды қосу
Құрылғының техникалық сипаттамалары
| Жұмыс қысымы | MPa | 11 |
| Максималды қолжетімді қысым | MPa | 13 |
| Берілетін мөлшері, су | l/min | 5,2 |
| Максималды берілген мөлшері | l/min | 7,0 |
| Берілетін мөлшері, жуғыш құралдар | l/min | 0,3 |
| Жоғары тегеурінді пистолеттің кері тебу қүші | N | 13 |
Өлшемдері мен өнімдер
| Типтік жұмыс салмағы | kg | 5,4 |
| ¥зындығы | mm | 264 |
| Ені | mm | 256 |
| Биқтігі | mm | 450 |
EN 60335-2-79 стандартына сәйкес есептелінетін мән
| Колдағы дірілдің мәні | m/s2 | <2,5 |
| Белгісіздік К | m/s2 | 0,7 |
| Дыбыс қысымының деңгейі LpA | dB(A) | 77 |
| Белгісіздік KpA | dB(A) | 3 |
| Шу деңгейі LWA + белгісіздік KWA | dB(A) | 92 |
Техникалық өзгерістер рұқсат етілген.
ЕО стандарттарына сәйкестігі туралы декларация
Осымен төменде көрсетілген машина қауіпсіздік және денсаулық қорғау бойынша ЕО директиваларының талаптарына сәйкес келетінін мәлімдейміз. Бізбен келісусіз машинаның конструкциясы өзгерген жағдайда осы декларация өз күшін жояды.
Бұйым: Жоғарғы қысымды жуғыш
Типі: К 4 Classic
Қолданыстағы ЕО директивалары
2000/14/EG
2008/4/24G (+2009/127/EG)
2011/65/EU
2014/30/EU
Колданылатын біріздендірілген стандарттар
EN 60335-1
EN 60335-2-79
EN 62233: 2008
EN 55014-1: 2017 + A11: 2020
EN 55014-2: 1997 + A1: 2001 + A2: 2008
EN 61000-3-2: 2014
EN 61000-3-3: 2013
EN IEC 63000: 2018
Сэйкестікке қолданылатын тексеру әдісі
2000/14/EC: V косымшасы
Дыбыс куаттылығының деңгейі дБ(А)
Өлшенді: 89
Кепілдік береді: 92
Қол қойғандар басқарманың тапсырмасы мен
уәкілдігі бойынша әрекет етеді.
Құжаттаманы жүргізетін уәкілетті тұлға:
C. Райзер
Alfred Kärcher SE & Co. KG
Alfred-Kärcher-Str. 28 - 40