K4 WCM Premium - жоғары қысымды тазалағыш Kärcher - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз K4 WCM Premium Kärcher PDF форматында.

Kärcher K4 WCM Premium - жоғары қысымды тазалағыш
📄 150 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice Kärcher K4 WCM Premium - page 143
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түрі Жоғары қысымды тазартқыш
Бренд Kärcher
Модель K4 WCM Premium
Қоректендіру кернеуі 230 V
Жиілік 50 Гц
Қосылған қуат 1,8 кВт
Жұмыс қысымы 11 МПа
Макс. рұқсат етілген қысым 13 МПа
Су ағыны 6,3 л/мин
Максималды ағын 7,0 л/мин
Жуғыш зат ағыны 0,3 л/мин
Қорғау түрі IPX5
Типтік жұмыс салмағы 13,2 кг
Өлшемдері (Ұ x Е x Б) 389 x 369 x 901 мм
Макс. қоректендіру температурасы 40 °C
Макс. сору биіктігі 0,5 м
Дыбыс қысымының деңгейі LpA 70 дБ(A)
Дыбыс қуатының деңгейі LWA 86 дБ(A)
Берілген шлангілер саны 2 (Rotabuse және Vario Power)
Шланг орауышы Иә
Кабель, шланг және керек-жарақтарға арналған сақтау орны Иә
Auto-Stop функциясы Иә
Қозғалтқыштың жылулық қорғанысы Иә
Пистолетті құлыптау құрылғысы Иә

Жиі қойылатын сұрақтар - K4 WCM Premium Kärcher

Құрылғыдан ауаны қалай шығаруға болады ?
Құрылғыны шлангы жалғанбаған күйде қосыңыз, содан кейін су көпіршіксіз шыққанша жоғары қысымды пистолет рычагын 2 минуттан артық емес басыңыз.
Қиын кірлер үшін қандай шлангты пайдалану керек ?
Қиын кірлер үшін Rotabuse (айналмалы шланг) пайдаланыңыз. Оны шиналарда, бояуда немесе сезімтал беттерде қолданбаңыз.
Жуғыш затты қалай қолдануға болады ?
Vario Power шлангын SOFT күйіне қойыңыз. Жуғыш заттың сору шлангын тазартқыш ерітінді ыдысына қосыңыз. Құрғақ бетке шашыңыз, кептірмей әсер етуге қалдырыңыз, содан кейін жоғары қысыммен шайыңыз.
Құрылғы қысым көтермесе не істеу керек ?
Су шүмегінің толық ашылғанын, су кіру торының бітелмегенін, шлангтың дұрыс реттелгенін және сору биіктігінің асырылмағанын тексеріңіз. Қажет болса, ауаны шығарыңыз.
Құрылғыны аяздан қалай қорғауға болады ?
Құрылғыны толығымен босатыңыз, шланг пен су көзін ажыратыңыз, содан кейін құрылғыны сусыз 1 минуттан артық емес іске қосыңыз. Аяздан қорғалған бөлмеде сақтаңыз.
Стандартты суару шлангын пайдалана аламын ба ?
Иә, кемінде 1/2 дюйм (13 мм) диаметрлі және ең аз 7,5 м ұзындықтағы күшейтілген шлангты, стандартты жылдам муфтамен пайдаланыңыз. Құрылғының қосқышына Aquastop қоймаңыз.
Су кіру қосқышының сүзгісін қалай тазартуға болады ?
Муфтаны алыңыз, торды жалпақ қысқышпен шығарыңыз, оны таза сумен тазалаңыз, содан кейін орнына қойыңыз. Оның зақымдалмағанын тексеріңіз.
Ағып кеткен жағдайда не істеу керек ?
Аздаған ағып кету қалыпты. Егер ағып кету үлкен болса, уәкілетті кейінгі қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Жоғары қысымды шлангты қалай сақтауға болады ?
Орауышы бар үлгілер үшін бір ұшын алдыңғы саңылауға салып, тұтқаны айналдырыңыз. Шлангты қыстырғышпен бекітіңіз. Кабель мен керек-жарақтарды арнайы орындарға салыңыз.
Резервуардан су сору үшін қандай керек-жарақтар ұсынылады ?
KÄRCHER сору шлангын (өндірістік код 2.643-100) кері клапанымен пайдаланыңыз. Қоспас бұрын оны сумен толтырыңыз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы K4 WCM Premium Kärcher

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз жоғары қысымды тазалағыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз K4 WCM Premium - Kärcher және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. K4 WCM Premium брендінің Kärcher.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ K4 WCM Premium Kärcher

Қоршаған ортаны қорғау 143

Бұйымды мақсатына сәйкес қолдану.... 143

Керек-жарақ және қосалқы бөлшектер ..... 143

Жеткізілім жинағы 143

Құрылғының сипаттамасы.... 144

Қорғаныс құрал-жабдықтары 144

Құрылғыдағы белгілер.... 144

Орнату 144

Пайдалануға енгізу 145

Пайдалану.... 145

Тасымалдау.... 146

Сақтау 146

Күтім және техникалық қызмет көрсету ...... 147

Ақаулар кезіндегі көмек.... 147

Кепілдік.... 147

Техникалық сипаттамалары 148

ЕО стандарттарына сәйкестігі туралы декларация 148

Жалпы нұсқаулар

Kärcher K4 WCM Premium - Жалпы нұсқаулар - 1

Құрылғыны алғаш рет қолданбас бұрын, осы пайдалану жөніндегі түпнұсқа нұсқаулық пен берілген

қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларды оқып шығыңыз.

Оларға сай әрекет етіңіз.

Екі кітапшаны да әрі қарай пайдалану немесе келесі иесі үшін сақтап қойыңыз.

Қоршаған ортаны қорғау

Kärcher K4 WCM Premium - Қоршаған ортаны қорғау - 1

Орауыш материалдарын утилизациялауға болады. Орауыштарды қоршаған ортаға қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.

Kärcher K4 WCM Premium - Қоршаған ортаны қорғау - 2

Электрлік және электрондық бұйымдардың құрамында қате қолдану немесе

утилизациялау нәтижесінде адам денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп

төндіруі ықтимал, құнды қайта өңделмелі материалдар және батареялар, аккумуляторлар немесе май сияқты бөлшектер жиі кездеседі. Алайда, аталмыш бөлшектер бұйымды тиісінше пайдалану үшін қажет болады. Осы таңбамен белгіленген құрылғыларды үй қоқыстарымен бірге тастауға болмайды.

Тазарту кезінде құрамында майы бар ақпасулар туындайтын жұмыстарды (мысалы, қозғалтқыштарын, түптерін жуу) майлы айырғышы бар жуу аландарында ғана жүргізуге рұқсат беріледі.

Жуғыш құралдармен жұмыстарды кәрізге бұрылатын герметикалық жұмыс аландарында ғана жүргізуге рұқсат беріледі. Жуғыш құралдарды су қоймаларына немесе жерге төкпеніз.

Кейбір елдерде қоғамдық су қоймаларынан су алуға тыйым салынады.

Курамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)

Буйымның құрамындағы заттар туралы соңғы мәліметтерді мына мекенжай бойынша табуға болады: www.kaercher.de/REACH

Буйымды мақсатына сәйкес қолдану

Жууға арналған аппаратты тек үй шаруашылығына арналған қысымда ғана пайдаланыңыз.

Қысыммен жуу аппараты машиналарды, тасымалдау құралдарын, құрылымдарды, құралдарды, қасбеттерді, террасаларды, бай-бақша жабдықтарын қысымды ағынның көмегімен тазалауға арналған.

Керек-жарақ және қосалқы бөлшектер

Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың қауіпсіз және апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік болады.

Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.

Жеткізілім жинағы

Буйымның жеткізілім жинағы орауыштың үстінде көрсетілген. Буйымды орауыштан шығарғанда жинақтың толықтығын тексеріп шығыңыз. Керек-

жарақтар жетіспеген немесе тасымалдау кезінде зақымдар тиген жағдайда, дилеріңізге хабарласыңыз.

Құрылғының сипаттамасы

Суреттерді суреттері бар беттен қараңыз

Cypet A

Cypet B

① Көліктің дөңгелегі ② Су жеткізуге арналған кіріктірілген елегі бар жалғағыш ③ Жуғыш затты соратын түтік ④ Желілік істікшесі бар желілік байланыстырғыш кабель ⑤ Желі кабеліне арналған бөлігі

⑥ Шланг орамы

⑦ Жоғары қысымды түтікке арналған ұстағыш

⑧ Қын кетірілетін дақтар үшін фрезалары бар шүмек

⑨ Тазалаудың жалпы жұмыстарына арналған Vario Power шүмегі: Жұмыс қысымын «ЖұМСАҚ» күйден «ҚАТТЫ» күйге баяу көтеруге болады. Жұмыс қысымын өзгерту үшін жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз және шүмекті қалаған күйге бұраңыз. Бүріккіш SOFT күйіне толығымен бұралған жағдайда, жуғыш құралды қосуға болады.

⑩ Жоғары тегеурінді пистолет ⑪ Жоғары қысымды шлангіні жоғары қысымды пистолеттен ажырату түймесі ⑫ Жоғары қысымды пистолет тұтқасы ⑬ Жоғары қысымды пистолеттің фиксаторы ⑭ Жоғары тегеурінді құбыршек ⑮ «0/OFF» / «I/ON» ажыратқышы ⑯ Ағынды құбырларды сақтау ⑰ Жоғары қысымды шлангті/желіге қосылу кабелін сақтау

⑱ Тасымалдау тұтқасы

⑲ Жоғары қысымды пистолетті сақтау

⑳ Жоғары қысымды қосу үшін жылдам муфта

②1 Зауыт тактайшасы

22 Су жеткізуге арналған жалғағыш муфтасы

23 ** Бақша шлангісі (матамен нығайтылған, диаметрі – кемінде 1/2 дюйм (13 мм), ұзындығы – кемінде 7,5 м, стандартты жылдам байланыстыратын жалғағышпен)

24 ** Ашық ыдыстардан су жіберуге арналған KÄRCHER сорғыш шлангісі (тапсырыс № 2.643-100)

25 Бурандалар

⑳ Жоғары қысымды шлангқа арналған қысқыш

** қосымша талап етіледі

Қорғаныс құрал-жабдықтары

⚠АБАЙЛАҢЫЗ

Жетіспейтін немесе өзгертілген қорғаныс құрал-жабдықтары!

Қорғаныс құрылғысы сіздің қауіпсіздігіңізге арналған.

Қауіпсіздік құрылғыларын айналып өтпеңіз, алып тастамаңыз немесе өшірмеңіз.

Ажыратқыш

Ажыратқыш құрылғының кездейсоқ қосылуына кедергі болады.

Жоғары қысымды пистолеттің фиксаторы

Фиксатор жоғары қысымды пистолеттің тетігін бұғаттайды және құрылғының кездейсоқ іске қосылуына кедергі болады.

Автоматты түрде өшу функциясы

Жоғары қысымды пистолеттің тетігі жіберілген кезде сорғының пневматикалық ажыратқышы өшеді және жоғары қысымды ағыс тоқтайды. Тетікті басқан кезде сорғы қайтадан қосылады.

Қозғалтқыштың қорғаныс ажыратқышы

Токты артық тұтынған кезде қозғалтқыштың қорғаныс ажыратқышы құрылғыны өшіреді.

Құрылғыдағы белгілер

Kärcher K4 WCM Premium - Құрылғыдағы белгілер - 1

Жоғары қысымды ағынды адамдарға, жануарларға, жұмыс істеп тұрған электр құрылғыларына және құрылғының өзіне бағыттауға тыйым салынады. Құрылғыны аяздан қорғаңыз.

Kärcher K4 WCM Premium - Құрылғыдағы белгілер - 2

Құрылғыны ауыз сумен жабдықтаудың қоғамдық желісіне тікелей қосуға тыйым салынады.

Орнату

Суреттерді графикалық беттен қараңыз.

Пайдалануға енгізер алдында бекітілмеген бөлшектерді монтаждаңыз.

Жиынтықтан бұранданы және сәйкес келетін бұрауышты дайындап қойыңыз.

Тасымалдау тұтқасын орнатыңыз.

  1. Тасымалдау тұтқасын бекітіңіз.
  2. Тасымалдау тұтқасын 3 бұрандамен бекітіңіз. Сурет C

Жоғары қысымды шланг/желіге қосу кабелі үшін қойманы орнату

  1. Жоғары қысымды шланг/желіге қосу кабелінің ұстағышын тасымалдау тұтқасының ортасындағы ұстағышта сақтаңыз. Сақтау орны сырт етіп бекітіледі. Сурет D

Бүріккіш түтікке арналған қойманы орнатыңыз.

  1. Бүріккіш түтікке арналған қойманы құрылғыдағы ұстағышқа итеріңіз.
  2. Сақтауды соңғы күйінде нық ұстаңыз және бұрандамен бекітіңіз.

Жоғары қысымды пистолетке арналған қойманы орнатыңыз

  1. Жоғары қысымды пистолетке арналған қойманы құрылғыдағы ұстағышқа сырғытыңыз.
  2. Сактауды соңғы күйінде нық ұстаңыз және бұрандамен бекітіңіз.

Желіге қосу кабелі үшін сақтауды орнатыңыз

Шланг орамы жоқ құрылғылар

  1. Желіге қосу кабеліне арналған қойманы сырттан тасымалдау тұтқасындағы ұстағышқа итеріңіз.
  2. Сактауды соңғы күйінде нық ұстаңыз және бұрандамен бекітіңіз.

Жоғары қысымды шланг орамын орнатыңыз.

Шланг орамы бар құрылғылар

  1. Шланг орамасының ұстағышын бекітіңіз.
  2. Ұстағышты 2 бұрандамен бекітіңіз.

Сурет H

  1. Шланг орамын бекітіңіз. Шланг орамы сырт етіп бекітіледі.

Сурет I

Су жеткізуге арналған жалғағыш муфтаны монтаждау

  1. Су жеткізуге арналған жалғағыш муфтаны су жеткізуге арналған жалғағышқа бұраңыз. Сурет J

Пайдалануға енгізу

  1. Құрылғыны тегіс жазықтыққа орнатыңыз.
  2. Жоғары тегеурінді кұбыршекті толық шешіп, ілмектер мен бұрылыстарды босатыңыз.

Нұсқау

Шланг орамы бар құрылғылар: Жұмыс кезінде жоғары қысымды шланг, шланг орамынан толығымен шығарылуы керек.

  1. Жоғары тегеурінді кұбыршекті жоғары тегеурінді пистолетке ол естілетіндей дыбыспен сарт етіп жабылғанша сала беріңіз.

Сурет К

Нұсқау

Бұрандалы түтіктің дұрыс қалыпта тұруын бақылаңыз.

  1. Жоғары тегеурінді кұбыршекті тез жалғағыш қосылысқа ол естілетіндей дыбыспен сарт етіп жабылатындай салыңыз.

Сурет L

  1. Жоғары тегеурінді кұбыршекті тартып, бекіністің сенімділігін тексеріңіз.
  2. Желі істікшесінің ашасын розеткаға салыңыз.

Су беру

Сумен қамтамасыз ету кәсіпорнының нұсқауларын сақтаңыз.

НАЗАР АУДАРЫНЫ

Ластанған судың келтіретін залалы

Судағы ластанулар сорғының және оның жабдықтарының зақымдануына алып келеді. KÄRCHER қорғау үшін KÄRCHER су сүзгісін пайдалану ұсынылады (арнайы жабдық, тапсырыс беру нөмірі 4.730-059).

Су құбырына қосылу

НАЗАР АУДАРЫНЫ

Құрылғының су қосылымында шлангінің Aquastop-пен байланысы

Сорғының зақымдануы

Құрылғының су қосылымында ешқашан Aquastop-пен байланысқан шлангіні қолданбаңыз.

Кранға Aquastop муфтасын қолдануға болады.

  1. Бақша құбыршегін су жеткізуге арналған жалғағыштың муфтасына орнатыңыз.
  2. Бақша құбыршегін су құбырына қосыңыз. Сурет М
  3. Су құбырының шүмегін толықтай ашыңыз.

Ашық ыдыстардан суды айдаңыз

Бұл қысыммен жууға арналған аппарат кері клапаны бар KÄRCHER сору құбыршегімен (арнайы жабдық, тапсырыс беру № 2.643-100) беткі суларды, мысалы, жаңбыр суына арналған бөшкеден немесе тоғандардан ағызуға жарайды (Ағызудың максималды биіктігін бөлімнен қараңыз Техникалық сипаттамалары).

Сору жұмыстарын жүргізу кезінде су жеткізу үшін жалғағыш муфта талап етілмейді.

  1. Сору құбыршегін сумен толтырыңыз.
  2. Сорғыш шлангіні құрылғыдағы су жеткізуге арналған жалғағышқа бұраңыз және су көзіне жіберіңіз (мысалы, жаңбыр суына арналған бөшкеге).

Құрылғыдағы ауаны жою

  1. Құрылғыны қосыңыз («І/ОН»).
  2. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттан ашыңыз.
  3. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігіне басыңыз. Құрылғы қосылады.
  4. Құрылғыны су жоғары тегеурінді пистолеттен көпіршіктерсіз шықпағанша максимум 2 минут жұмыс істетіңіз.
  5. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
  6. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттаңыз.

Пайдалану

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

Сорғының құрғақтай жұмыс істеуі

Құрылғының зақымдануы

Егер құрылғыда 2 минут бойы қысым пайда болмаса, оны өшіріп, «Ақаулар кезіндегі көмек» бөліміндегі нұсқауларды орындаңыз.

Жоғары қысыммен жұмыс істеу режимі

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

Боялған немесе сезімтал беттердің зақымдалуы

Ағыстың жеткілікті қашықтығы сақталмаған жағдайда немесе тетік дұрыс таңдалмаған жағдайда беттер зақымдалуы мүмкін.

Боялған беттерді тазалау кезінде кемінде 30 см қашықтықты сақтаңыз.

Автомобиль шиналарын, лакты немесе сезімтал беттерді фреза көмегімен тазаламаңыз.

  1. Тетікті жоғары қысымды пистолетке салып, оны 90°-қа бұра отырып бекітіңіз. Сурет N
  2. Құрылғыны қосыңыз («І/ОН»).
  3. Жоғары қысымды пистолеттің тетігін бұғаттан ашыңыз.
  4. Жоғары қысымды пистолеттің тетігіне басыңыз.

Құрылғы қосылады.

Тазалау құралдарымен пайдалану

⚠️ҚАУІП

Техникалық төлқұжатты сақтамау

Жуғыш құралдарды тиісінше пайдаланбаған жағдайда денсаулыққа ауыр зақым келеді.

Жуғыш құралдың өндірушісі құраған техникалық төлқұжатты, көбінесе жеке қорғаныс құралдары бойынша нұсқауларды қараңыз.

Нұсқау

KÄRCHER тазалау құралдары үздіксіз жұмыс істеуге кепілдік береді. Сізге кеңес беруге рұқсат етіңіз немесе біздің каталогты немесе тазалағыш заттар туралы ақпараттық парақтарымызды сұраңыз.

Нұсқау

Жуғыш құралды тек төменгі қысым кезінде араластыруға болады.

  1. Корпустан жуғыш құралға арналған сору құбыршегінің талап етілетін ұзындығын тартыңыз.

Сурет О

  1. Жуғыш құралға арналған сору құбыршегін жуғыш құралдың ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
  2. Vario Power тетігін пайдаланыңыз.
  3. Тетікті «SOFT» күйіне тірелгенше бұраңыз. Жұмыс барысында жуғыш құралдың ерітіндісі су ағысына араластырылады.

Ұсынылатын жуу тәсілі

  1. Жуғыш құралды үнемдей отырып, құрғақ бетке шашыңыз және сіңуге қалдырыңыз (кептірмей).
  2. Еріген балшықты жоғары тегеурінді ағыспен шайып тастаңыз.

Жуғыш құралмен жуғаннан кейін

  1. Құрылғыны 30 секунд бойы таза сумен жуып тастаңыз.

Жұмысты тоқтату

  1. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз. Тетігі жіберілген кезде, құрылғы өшеді. Жүйеде жоғары қысым қалады.
  2. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттаңыз. Сурет Р
  3. Жұмыс кезінде 5 минуттан аса үзілістерде құрылғыны өшіріп жүріңіз («0/OFF»).

Жұмыстың аяқталуы

⚠АБАЙЛАҢЫЗ

Жүйедегі қысым

Күшті тегеурін кезінде су ағысынан жарақат алу. Жоғары тегеурінді құбыршекті жүйедегі қысымды тастағаннан кейін ғана ажыратыңыз.

  1. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
  2. Су құбырының шүмегін жабыңыз.
  3. Жоғары қысымды пистолеттің тетігін 30 секунд бойы басып тұрыңыз. Жүйеде қалған қысым тасталады.
  4. Жоғары қысымды пистолеттің тетігін жіберіңіз.
  5. Жоғары қысымды пистолеттің тетігін бұғаттаңыз.
  6. Құрылғыны су құбырының желісінен ажыратыңыз.
  7. Құрылғыны өшіріңіз («0/OFF»).
  8. Желі істікшесін токтан ажыратыңыз.

Тасымалдау

⚠АБАЙЛАҢЫЗ

Салмақтың сақталмауы

Жарақат алу және құрылғыны зақымдау қаупі Тасымалдау кезінде құрылғының салмағын ескеріңіз.

Құрылғыны сүйреу

  1. Құрылғыны тасымалдау тұтқасынан сүйреңіз.

Автомобильмен тасымалдау

  1. Құрылғыны қисаймайтындай және құламайтындай етіп бекітіңіз.

Сактау

△АБАЙЛАНЫЗ

Жаракат алу және зақымдану қаупі бар!

Кұрылғы көлбеу беттерде аударылып кетуі мүмкін.

Тасымалдау кезінде құрылғының салмагын ескеріңіз.

Курылғыны ұстау

  1. Курылғыны тегіс жазықтықка орнатыңыз.
  2. Шумекті жоғары тегеурінді пистолеттен ажыратыңыз.
  3. Жоғары тегеурінді пистолетте ажырату батырмасын басыңыз және жоғары тегеурінді кұбыршекті жоғары тегеурінді пистолеттен ажыратыңыз.
  4. Жоғары тегеурінді кұбыршекке арналған тез жалғағыш қосылыстың корпусын тетікпен көрсетілген бағытта басыңыз және жоғары тегеурінді кұбыршекті шығарыңыз.
  5. Жоғары тегеурінді күбіршекті салыңыз. Шланг орамы жок курылғылар Уберите шланг высокого давления для хранения на устройстве. Шланг орамы бар курылғылар

a Жоғары тегеурінді күбіршектің бір ұшын шланг орамасының алдыңғы жағындағы саңылауға салыңыз. b Жоғары тегеурінді күбіршекті орау үшін иінді бұраңыз. с Жоғары тегеурінді күбіршекті екінші қолыңызбен бағыттаңыз.

Cypet Q

d Шыршыкталған жоғары тегеурінді күбіршекті шланг орамына кабель қыстырғышымен бекітіңіз.

Cypet R

  1. Құрылғыдағы желі кабелін салыңыз.
  2. Бүріккіш түтіктің екеуін де, жоғары қысымды пистолетті де тиісті қоймаға қойыңыз.

Сақтау алдында қосымша нұсқауларды сақтаңыз, Күтім және техникалық қызмет көрсету бөлімін қараңыз.

Аяздан қорғау

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

Қатып қалу қаупі

Толығымен кептірілмеген құрылғының аяздан зақымдалуы мүмкін.

Құрылғы мен құрамдас бөліктерін толығымен құрғатып алыңыз.

Құрылғыны суық әсерінен қорғаңыз.

Мынаны орындау қажет:

• Құрылғы су құбырынан ажыратылған.

  • Жоғары тегеурінді құбыршек ажыратылған.
  • Құрылғыны қосыңыз («І/ОН»).
  • Жоғары тегеурінді жалғағыштан су ағып біткенше максимум 1 минут күтіңіз.
  • Құрылғыны өшіріңіз.
  • Құрылғыны жылыту бөлмесінде барлық жабдықтарымен бірге сақтаңыз.

Күтім және техникалық қызмет көрсету

⚠️НАЗАР

Кернеу күйінде тұрған бөлшектермен байланыс кезіндегі зақымдар

Құрылғыны өшіріңіз.

Желілік штепсельді розеткадан шығарып алыңыз. Құрылғы техникалық қызмет көрсетуді талап етпейді, яғни, оған қызмет көрсету бойынша тұрақты жұмыстар жүргізу қажет емес.

Су жеткізуге арналған жалғағыштағы електі тазалау

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

Су жеткізуге арналған жалғағыштағы електің зақымдалуы

Лас судың әсерінен құрылғының зақымдалуы Електі су жеткізуге арналған жалғағышқа салмас бұрын зақымдарға тексеріңіз.

Қажет болған жағдайда, електі су жеткізуге арналған жалғағышта тазартыңыз.

  1. Су жеткізуге арналған жалғағыштан муфтаны алып тастаңыз.
  2. Електі шығарыңыз.
  3. Електі су ағысының астында жуып алыңыз. Сурет S
  4. Електі су жеткізуге арналған жалғағышқа салыңыз.

Жуғыш құралға арналған сүзгіні тазалау

Ұзақ сақтау кезеңінің алдында жуғыш құралға арналған сүзгіні тазалап тұрыңыз.

  1. Жуғыш құралға арналған сору құбыршегінен сүзгіні алып тастаңыз.
  2. Сүзгіні су ағысының астында жуып алыңыз. Сурет Т

Ақаулар кезіндегі көмек

Ақаулардың себептері көп жағдайда келесі шолуды пайдалану арқылы өздігінен жоюға болатындай қарапайым болады. Күдіктер болса немесе осы жерде көрсетілмеген ақаулар болған кезде, рұқсат етілген сервистік орталыққа хабарласыңыз.

⚠️ҚАУІП

Кернеу күйінде тұрған бөлшектермен байланыс кезіндегі зақымдар

Құрылғыны өшіріңіз.

Желілік штекерді розеткадан шығарып алыңыз.

Құрылғы жұмыс істемейді

  1. Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігіне басыңыз. Құрылғы қосылады.
  2. Фирмалық тақтада көрсетілген кернеу қорек көзінің кернеуімен сәйкес келе ме, жоқ па, тексеріңіз.
  3. Желі баусымын зақымдарға тексеріңіз.
  4. Қозғалтқыштың артық жүктелуі кезінде оның қорғаныс автоматы істемей қалса:

а Құрылғыны өшіріңіз («0/OFF»). b Құрылғыны 1 сағатқа сууға қойыңыз. с Құрылғыны қосыңыз «І/ОН» және оны қайтадан пайдалана бастаңыз.

Егер жиі ақаулар туындап жатса, онда құрылғыны сервистік қызметте тексеру керек.

Құрылғы іске қосылмайды, қозғалтқыш гуілдеп тұр

Әлсіз желінің әсерінен немесе ұзартушы кабельді пайдаланудың әсерінен кернеудің құлауы.

  1. Қосатын кезде алдымен жоғары тегеурінді пистолетті басыңыз, ал содан кейін құрылғыны қосыңыз («І/ОН»).

Құрылғы қысым тудырмайды

Су жеткізу жеткіліксіз.

  1. Су құбырының шүмегін толықтай ашыңыз.
  2. Жеткілікті су мөлшері беріліп жатыр ма, жоқ па, тексеріңіз.
  3. Шүмектің реттелімін тексеріңіз.
  4. Максималды сору биіктігі асып кеткен жоқ па, тексеріңіз.

Су жеткізуге арналған жалғағыштағы елек ластанды.

  1. Су жеткізуге арналған жалғағыштан електі кемпірауыздың көмегімен шығарыңыз.
  2. Електі су ағысының астында жуып алыңыз. Сурет S

Құрылғыдағы ауа.

  1. Құрылғыны желдетіңіз:

а. Құрылғыны жалғанған шүмексіз максимум 2 минутқа қосыңыз. b. Жоғары қысымды пистолетті басыңыз және су көпіршіксіз шыққанша күтіңіз. с. Шүмекті қосыңыз.

  1. Жоғары қысымды саптаманы тазалау:

а. Саптаманың саңылауын тексеріңіз. b. Жоғары қысымды саптаманы сумен жуып тазалаңыз.

  1. Келген судың мөлшерін тексеріңіз.

Құрылғының герметикалығы

  1. Құрылғының қалыпты герметикалығын оның конструкциясы қамтамасыз етеді. Күшті ағу кезінде уәкілетті сервистік қызметке жүгініңіз.

Жуғыш құрал сіңбейді

  1. Vario Power шүмегін пайдаланыңыз және оны «SOFT» бағытына тірелгенше бұраңыз.
  2. Жуғыш құралға арналған сору түтігіндегі сүзгіні тазалаңыз.
  3. Жуғыш құралға арналған сору түтігін иілуге тексеріңіз.

Кепілдік

Әр елде жергілікті дистрибьюторлар берген кепілдік шарттары қолданылады. Бұйымда материалдық немесе өндірістік ақаулар анықталған жағдайда, ықтимал ақауларды кепілдік мерзімі ішінде ақысыз жөндейміз. Кепілдік мерзіміне қатысты сұрақтарыңыз болса, бұйымды сатқан сауда мекемесіне немесе жақындағы уәкілетті қызмет көрсету орнына түбіртекті көрсетіп хабарласыңыз.

(Мекенжайы артқы жағында берілген)

Өндірілген күні көрсетілген түр кестесінде шифрланған.

Жеке сандардың мағынасы келесідей болады:

Мысалы: 30190

3 Өндірілген жылы 0 Өндірілген ғасыры 1 Өндірілген онжылдық 9 Өндірілген айының екінші саны 0 Өндірілген айының бірінші саны

Сонымен бұл мысалда 30190 коды

09 /(2)013 өндірілген күнін білдіреді.

Техникалық сипаттамалары

K 4WCMK 4 WCMPremium
Электр желісіне косу
КернеуV230
Фаза ~ 11
Жилік Hz 50 50
Косылу куаттылығы kW 1,8 1,8
Корғаныс класы IPX5 IPX5
Корғау класы I I
Желіні шамадан тыс жуктелуден корғау (инерциялық)A1010
Суды косу
Енгізу крысымы (макс.)MPa1,21,2
Енгізу температурасы (макс.)°C40 40
Енгізу саны (мин.)l/min99
Сору биіктігі (макс.)m0,50,5
Кұрылғының техникалық сипаттамалары
Жұмыс крысымыMPa1111
Максималды колжетімді крысымMPa13 13
Берілетін мөлшері, суl/min6,36,3
Максималды берілген мөлшеріl/min7,0 7,0
Берілетін мөлшері, жуғыш құралдарl/min0,3 0,3
Жоғары тегеурінді пистолеттің кері тебу қүшіN1616
Өлшемдері мен салмағы
Типтік жұмыс салмағыkg12,713,2
Үзындығыmm329 389
Еніmm369 369
Биіктігіmm901 901
EN 60335-2-79 стандартына сәйкес есептелінетін мән
Қолдағы дірілдің мәніm/s 2 1,9 1,9
Белгісіздік Кm/s 2 0,7 0,7
K 4 WCMK 4 WCM Premium
Дыбыс крысымының деңгейі LpA dB(A)70 70
Белгісіздік KpA dB(A)33
Шу деңгейі LWA + белгісіздік KWA dB(A)86 86

(EO) 2019/1781 қосымшасына сәйкес алып тастау себебі 2-бөлім (12): j)

Техникалық өзгерістер енгізілуі мүмкін.

ЕО стандарттарына сәйкестігі туралы декларация

Осымен төменде көрсетілген машина қауіпсіздік және денсаулық қорғау бойынша ЕО директиваларының талаптарына сәйкес келетінін мәлімдейміз. Бізбен келісусіз машинаның конструкциясы өзгерген жағдайда осы декларация өз күшін жояды.

Бұйым: Жоғарғы қысымды жуғыш

Типі: 1.324-xxx

Қолданыстағы ЕО директивалары

2006/42/EG (+2009/127/EG)

2014/30/EU

2011/65/EU

2000/14/EG

2009/125/EG

Колданылатын нускама(лар)

(EO) 2019/1781

Колданылатын біріздендірілген стандарттар

EN 60335-1

EN 60335-2-79

EN 62233: 2008

EN 55014-1: 2017 + A11: 2020

EN 55014-2: 2015

EN 61000-3-2: 2014

EN 61000-3-3: 2013

EN IEC 63000: 2018

Сәйкестікке қолданылатын тексеру әдісі

2000/14/EC: V қосымшасы

Дыбыс қуаттылығының деңгейі дБ(А)

K 4 WCM

Өлшенді: 83

Кепілдік береді: 86

K 4 WCM Premium

Өлшенді: 84

Кепілдік береді: 86

Қол қойғандар басқарманың тапсырмасы мен уәкілдігі бойынша әрекет етеді.

Құжаттаманы жүргізетін уәкілетті тұлға:

С. Райзер

Alfred Kärcher SE & Co. KG

Alfred-Kärcher-Str. 28 - 40

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : Kärcher

Модель : K4 WCM Premium

Санат : жоғары қысымды тазалағыш