K 5 WCM Premium - жоғары қысымды тазалағыш Kärcher - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз K 5 WCM Premium Kärcher PDF форматында.
| Өнім түрі | Жоғары қысымды тазалағыш |
| Бренд | Kärcher |
| Модель | K 5 WCM Premium |
| Жұмыс қысымы | 12,5 МПа |
| Максималды рұқсат етілген қысым | 14,5 МПа |
| Су шығыны | 7,5 л/мин |
| Макс. шығын | 8,3 л/мин |
| Жуғыш зат шығыны | 0,3 л/мин |
| Қосылған қуат | 2,1 кВт |
| Кернеу / Жиілік | 230 В / 50 Гц |
| Қорғаныс түрі | IPX5 |
| Қорғаныс класы | I |
| Негізгі сақтандырғыш | 10 А (баяу) |
| Макс. беру қысымы | 1,2 МПа |
| Макс. беру температурасы | 40 °C |
| Мин. беру шығыны | 10 л/мин |
| Макс. сору биіктігі | 0,5 м |
| Саптаманың кері итеру күші | 20 Н |
| Пайдалану салмағы | 14,4 кг |
| Өлшемдері (Ұ × Е × Б) | 389 × 369 × 901 мм |
| Дыбыс қысымының деңгейі | 70 дБ(A) |
| Дыбыс қуатының деңгейі | 86 дБ(A) |
| Қол-білезік дірілдеуі | 2,1 м/с² |
| Жеткізу жиынтығы | Жоғары қысымды саптама, Vario Power соплосы, Rotabuse соплосы, жоғары қысымды шланг 10 м, шланг орағышы, сақтау орындары, нұсқаулық |
| Негізгі функциялар | Авто-тоқтату, қозғалтқыштың термиялық қорғанысы, саптаманы құлыптау, бас ажыратқыш |
| Күтім | Су беру торы мен жуғыш зат сүзгісін үнемі тазалау |
| Қауіпсіздік | Бас ажыратқыш, саптаманы құлыптау, Авто-тоқтату, термиялық қорғаныс |
| Бөлшектер мен керек-жарақтар | www.kaercher.com сайтында немесе дилеріңізден қолжетімді |
| Қолдану мақсаты | Көліктерді, машиналарды, қасбеттерді, террассаларды және т.б. тұрмыстық тазалау |
Жиі қойылатын сұрақтар - K 5 WCM Premium Kärcher
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы K 5 WCM Premium Kärcher
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз жоғары қысымды тазалағыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз K 5 WCM Premium - Kärcher және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. K 5 WCM Premium брендінің Kärcher.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ K 5 WCM Premium Kärcher
Қоршаған ортаны қорғау 143
Бұйымды мақсатына сәйкес қолдану.... 143
Керек-жарақ және қосалқы бөлшектер ..... 143
Жеткізілім жинағы 143
Құрылғының сипаттамасы.... 143
Қорғаныс құрал-жабдықтары 144
Құрылғыдағы белгілер.... 144
Орнату 144
Пайдалануға енгізу.... 144
Пайдалану.... 145
Тасымалдау.... 146
Сақтау 146
Күтім және техникалық қызмет көрсету ..... 146
Ақаулар кезіндегі көмек.... 147
Кепілдік 147
Техникалық сипаттамалары.... 148
ЕО стандарттарына сәйкестігі туралы декларация.... 148
Жалпы нұсқаулар


Құрылғыны алғаш рет қолданбас бұрын, осы пайдалану жөніндегі түпнұсқа нұсқаулық пен берілген
қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларды оқып шығыңыз. Оларға сай әрекет етіңіз.
Екі кітапшаны да әрі қарай пайдалану немесе келесі иесі үшін сақтап қойыңыз.
Қоршаған ортаны қорғау

Орауыш материалдарын утилизациялауға болады. Орауыштарды қоршаған ортаға қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.

Электрлік және электрондық бұйымдардың құрамында қате қолдану немесе утилизациялау нәтижесінде адам денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп
төндіруі ықтимал, құнды қайта өңделетін материалдар және батареялар, аккумуляторлар немесе май сияқты бөлшектер жиі кездеседі. Алайда, аталмыш бөлшектер бұйымды тиісінше пайдалану үшін қажет болады. Осы таңбамен белгіленген құрылғыларды үй қоқыстарымен бірге тастауға болмайды.
Тазарту кезінде құрамында майы бар ақпасулар туындайтын жұмыстарды (мысалы, қозғалтқыштарын, түптерін жуу) майлы айырғышы бар жуу аландарында ғана жүргізуге рұқсат беріледі.
Жуғыш құралдармен жұмыстарды кәрізге бұрылатын герметикалық жұмыс аландарында ғана жүргізуге рұқсат беріледі. Жуғыш құралдарды су қоймаларына немесе жерге төкпеңіз.
Кейбір елдерде қоғамдық су қоймаларынан су алуға тыйым салынады.
Құрамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы мәліметтерді мына мекенжай бойынша табуға болады: www.kaercher.de/REACH
Бұйымды мақсатына сәйкес қолдану
Жууға арналған аппаратты тек үй шаруашылығына арналған қысымда ғана пайдаланыңыз.
Қысыммен жуу аппараты машиналарды, тасымалдау құралдарын, құрылымдарды, құралдарды, қасбеттерді, террасаларды, бақ-бақша жабдықтарын қысымды ағынның көмегімен тазалауға арналған.
Керек-жарақ және қосалқы бөлшектер
Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың қауіпсіз және апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік болады.
Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.
Жеткізілім жинағы
Бұйымның жеткізілім жинағы орауыштың үстінде көрсетілген. Бұйымды орауыштан шығарғанда жинақтың толықтығын тексеріп шығыңыз. Керек-жарақтар жетіспеген немесе тасымалдау кезінде зақымдар тиген жағдайда, дилеріңізге хабарласыңыз.
Құрылғының сипаттамасы
Суреттерді суреттері бар беттен қараңыз. Сурет А
Сурет B
① Көліктің дөңгелегі ② Су жеткізуге арналған кіріктірілген елегі бар жалғағыш ③ Жуғыш затты соратын түтік ④ Желілік істікшесі бар желілік байланыстырғыш кабель
⑤ Желі кабеліне арналған бөлігі
⑥ Шланг орамы
⑦ Жоғары қысымды түтікке арналған ұстағыш
⑧ Киын кетірілетін дақтар үшін фрезалары бар шүмек
⑨ Тазалаудың жалпы жұмыстарына арналған Vario Power шүмегі: Жұмыс қысымын «Жұмсақ» күйден «Қатты» күйге баяу көтеруге болады. Жұмыс қысымын өзгерту үшін жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз және шүмекті қалаған күйге бұраңыз. Бүріккіш SOFT күйіне толығымен бұралған жағдайда, жуғыш құралды қосуға болады.
⑩ Жоғары тегеурінді пистолет ⑪ Жоғары қысымды шлангіні жоғары қысымды пистолеттен ажырату түймесі
⑫ Жоғары қысымды пистолет тұтқасы
⑬ Жоғары қысымды пистолеттің фиксаторы
⑭ Жоғары тегеурінді құбыршек
⑮ «0/OFF» / «I/ON» ажыратқышы
⑯ Ағынды құбырларды сақтау
⑰ Жоғары қысымды шлангті/желіге қосылу кабелін сақтау
⑱ Тасымалдау тұтқасы
⑲ Жоғары қысымды пистолетті сақтау
⑳ Жоғары қысымды қосу үшін жылдам муфта
(21) Зауыт тақтайшасы
② Су жеткізуге арналған жалғағыш муфтасы
③ Бақша шлангісі (матамен нығайтылған, диаметрі – кемінде 1/2 дюйм (13 мм), ұзындығы – кемінде 7,5 м, стандартты жылдам байланыстыратын жалғағышпен)
(24) ** Ашық ыдыстардан су беруге арналған KÄRCHER сорғы шлангісі (тапсырыс № 2.643-100)
25 Бұрандалар
⑳ Жоғары қысымды шлангқа арналған қысқыш
** қосымша талап етіледі
Қорғаныс құрал-жабдықтары
⚠АБАЙЛАҢЫЗ
Жетіспейтін немесе өзгертілген қорғаныс құрал-жабдықтары!
Қорғаныс құрылғысы сіздің қауіпсіздігіңізге арналған.
Қауіпсіздік құрылғыларын айналып өтпеңіз, алып тастамаңыз немесе өшірмеңіз.
Ажыратқыш
Ажыратқыш құрылғының кездейсоқ қосылуына кедергі болады.
Жоғары тегеурінді пистолеттің фиксаторы
Фиксатор жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттайды және құрылғының кездейсоқ іске қосылуына кедергі болады.
Автоматты түрде өшу функциясы
Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігі жіберілген кезде сорғының пневматикалық ажыратқышы өшеді және жоғары тегеурінді ағыс тоқтайды. Тетікті басқан кезде сорғы қайтадан қосылады.
Қозғалтқыштың қорғаныс ажыратқышы
Токты артық тұтынған кезде қозғалтқыштың қорғаныс ажыратқышы құрылғыны өшіреді.
Құрылғыдағы белгілер

Жоғары тегеурінді ағысты адамдарға, жануарларға, жұмыс істеп тұрған электрлік құрылғыға және құрылғының өзіне бағыттауға тыйым салынады. Құрылғыны аяздан қорғаңыз.

Құрылғыны қоғамдық ауыз су жеткізу желісіне тікелей қосуға тыйым салынады.
Орнату
Суреттерді графикалық беттен қараңыз.
Пайдалануға енгізер алдында бекітілмеген бөлшектерді монтаждаңыз.
Жиынтықтан бұранданы және сәйкес келетін бұрауышты дайындап қойыңыз.
Тасымалдау тұтқасын орнатыңыз
- Тасымалдау тұтқасын бекітіңіз.
- Тасымалдау тұтқасын 3 бұрандамен бекітіңіз. Сурет С
Жоғары қысымды шланг/желіге қосу кабелі үшін қойманы орнату
- Жоғары қысымды шланг/желіге қосу кабелінің ұстағышын тасымалдау тұтқасының ортасындағы ұстағышта сақтау. Сақтау орны сырт етіп бекітіледі.
Сурет D
Бүріккіш түтікке арналған қойманы орнатыңыз
- Бүріккіш түтікке арналған қойманы құрылғыдағы ұстағышқа итеріңіз.
- Сактауды соңғы күйінде нық ұстаңыз және бұрандамен бекітіңіз.
Cypet E
Жоғары қысымды пистолетке арналған қойманы орнатыңыз
- Жоғары қысымды пистолетке арналған қойманы құрылғыдағы ұстағышқа сырғытыңыз.
- Сактауды соңғы күйінде нық ұстаңыз және бұрандамен бекітіңіз.
Cypet F
Желіге қосу кабелі үшін сақтауды орнатыңыз
Шланг орамы жоқ құрылғылар
- Желіге қосу кабеліне арналған қойманы сырттан тасымалдау тұтқасындағы ұстағышқа итеріңіз.
- Сактауды соңғы күйінде нық ұстаңыз және бұрандамен бекітіңіз.
Cypet G
Жоғары қысымды шланг орамын орнатыңыз
Шланг орамы бар құрылғылар
- Шланг орамасының ұстағышын бекітіңіз.
- Ұстағышты 2 бұрандамен бекітіңіз. Сурет Н
- Шланг орамын бекітіңіз. Шланг орамы сырт етіп бекітіледі. Сурет I
Су жеткізуге арналған жалғағыш муфтаны монтаждау
- Су жеткізуге арналған жалғағыш муфтаны су жеткізуге арналған жалғағышқа бұраңыз. Сурет J
Пайдалануға енгізу
- Құрылғыны тегіс жазықтыққа орнатыңыз.
- Жоғары тегеурінді құбыршекті толық шешіп, ілмектер мен бұрылыстарды босатыңыз.
Нұсқау
Шланг орамы бар құрылғылар: Жұмыс кезінде жоғары қысымды шланг, шланг орамынан толығымен шығарылуы керек.
- Жоғары тегеурінді құбыршекті жоғары тегеурінді пистолетке ол естілетіндей дыбыспен сарт етіп жабылғанша сала беріңіз.
Сурет К
Нұсқау
Бүріккіш түтіктің дұрыс қалыпта тұруын бақылаңыз.
- Жоғары тегеурінді құбыршекті тез жалғағыш қосылысқа ол естілетіндей дыбыспен сарт етіп жабылатындай салыңыз.
Cypet L
- Жоғары тегеурінді құбыршекті тартып, бекіністің сенімділігін тексеріңіз.
- Желі істікшесінің ашасын розеткаға салыңыз.
Су беру
Сумен қамтамасыз ету кәсіпорнының нұсқауларын сақтаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Ластанған судың келтіретін залалы
Судағы ластанулар сорғының және оның жабдықтарының зақымдануына алып келеді. KÄRCHER қорғау үшін KÄRCHER су сүзгісін пайдалану ұсынылады (арнайы жабдық, тапсырыс беру нөмірі 4.730-059).
Су құбырына қосылу
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Құрылғының су қосылымында шлангінің Aquastop-пен байланысы
Сорғының зақымдануы
Құрылғының су қосылымында ешқашан Aquastop-пен байланысқан шлангіні қолданбаңыз.
Кранға Aquastop муфтасын қолдануға болады.
- Бақша құбыршегін су жеткізуге арналған жалғағыштың муфтасына орнатыңыз.
- Бакша кубыршегін су кубырына косыңыз. Сурет М
- Су кубырының шумегін толыктай ашыңыз.
Ашык ыдыстардан суды айданыз
Бул крысыммен жууға арналған аппарат кері клапаны бар KÄRCHER сору құбыршегімен (арнайы жабдык, тапсырыс беру № 2.643-100) беткі суларды, мысалы, жаңбыр суына арналған бөшкеден немесе тогандардан ағызуға жарайды (Ағызудың максималды биіктігін бөлімнен қараңыз Техникалық сипаттамалары).
Сору жұмыстарын жүргізу кезінде су жеткізу үшін жалғағыш муфта талап етілмейді.
- Сору кубыршегін сумен толтырыңыз.
- Сорғыш шлангіні құрылғыдағы су жеткізуге арналған жалғағышқа бұраңыз және су көзіне жіберіңіз (мысалы, жаңбыр суына арналған бөшкеге).
Курылғыдағы ауаны жою
- Курылғыны косыңыз («І/ОН»).
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттан ашыңыз.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігіне басыңыз. Кұрылғы қосылады.
- Кұрылғыны су жоғары тегеурінді пистолеттен көпіршіктерсіз шықпағанша максимум 2 минут жұмыс істетіңіз.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттаңыз.
Пайдалану
НАЗАР АУДАРЫНЫ
Сорғының құрғақ жұмыс істеуі
Құрылғының зақымдануы
Егер құрылғыда 2 минут бойы қысым пайда болмаса, онда оны өшіріңіз және Ақаулар кезіндегі көмек бөліміндегі нұсқауларды сақтаңыз.
Жоғары қысыммен жұмыс істеу режимі
НАЗАР АУДАРЫНЫ
Боялған немесе сезімтал беттердің зақымдалуы
Ағыстың жеткілікті қашықтығы сақталмаған жағдайда немесе тетік дұрыс таңдалмаған жағдайда беттер зақымдалады.
Боялған беттерді тазалау кезінде 30 см-ден кем емес шегіністі сақтаңыз.
Автомобиль шиналарын, лагын немесе сезімтал беттерін фреза көмегімен тазаламаңыз.
- Тетікті жоғары тегеурінді пистолетке салыңыз және оны 90°-қа бұрай отырып, бекітіңіз.
- Құрылғыны қосыңыз («І/ОН»).
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттан ашыңыз.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігіне басыңыз. Құрылғы қосылады.
Cypet N
Тазалау құралдарымен пайдалану
⚠️ҚАУІП
Техникалық төлқұжатты сақтамау
Жуғыш құралдарды тиісінше пайдаланбаған жағдайда денсаулыққа ауыр зақым келеді.
Жуғыш құралдың өндірушісі құраған техникалық төлқұжатты, көбінесе жеке қорғаныс құралдары бойынша нұсқауларды қараңыз.
Нұсқау
KÄRCHER тазалау құралдары үздіксіз жұмыс істеуге кепілдік береді. Сізге кеңес беруге рұқсат етіңіз немесе біздің каталогты немесе тазалағыш заттар туралы ақпараттық парақтарымызды сұраңыз.
Нұсқау
Жуғыш құралды тек төменгі қысым кезінде араластыруға болады.
- Корпустан жуғыш құралға арналған сору құбыршегінің талап етілетін ұзындығын тартыңыз.
- Жуғыш құралға арналған сору құбыршегін жуғыш құралдың ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
- Vario Power тетігін пайдаланыңыз.
- Тетікті «SOFT» күйіне тірелгенше бұраңыз. Жұмыс барысында жуғыш құралдың ерітіндісі су ағысына араластырылады.
Ұсынылатын жуу тәсілі
- Жуғыш құралды үнемдей отырып, құрғақ бетке шашыңыз және сіңуге қалдырыңыз (кептірмей).
- Еріген балшықты жоғары тегеурінді ағыспен шайып тастаңыз.
Жуғыш құралмен жуғаннан кейін
- Құрылғыны 30 секунд бойы таза сумен жуып тастаңыз.
Жұмысты тоқтату
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз. Тетігі жіберілген кезде, құрылғы өшеді. Жүйеде жоғары қысым қалады.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттаңыз. Сурет Р
- Жұмыс кезінде 5 минуттан аса үзілістерде құрылғыны өшіріп жүріңіз («0/OFF»).
Жұмыстың аяқталуы
⚠АБАЙЛАҢЫЗ
Жүйедегі қысым
Күшті тегеурін кезінде су ағысынан жарақат алу Жоғары тегеурінді құбыршекті жүйедегі қысымды тастағаннан кейін ғана ажыратыңыз.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
- Су құбырының шүмегін жабыңыз.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін 30 секунд бойы басып тұрыңыз. Жүйеде қалған қысым тасталады.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттаңыз.
- Құрылғыны су құбырының желісінен ажыратыңыз.
- Құрылғыны өшіріңіз («0/OFF»).
- Желі істікшесін токтан ажыратыңыз.
Тасымалдау
△АБАЙЛАҢЫЗ
Салмақтың сақталмауы
Жарақат алу және құрылғыны зақымдау қаупі Тасымалдау кезінде құрылғының салмағын ескеріңіз.
Құрылғыны сүйреу
- Құрылғыны тасымалдау тұтқасынан сүйреңіз.
Автомобильмен тасымалдау
- Құрылғыны қисаймайтындай және құламайтындай етіп бекітіңіз.
Сақтау
△АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу және зақымдану қаупі бар!
Құрылғы көлбеу беттерде аударылып кетуі мүмкін.
Тасымалдау кезінде құрылғының салмағын ескеріңіз.
Құрылғыны ұстау
- Құрылғыны тегіс жазықтыққа орнатыңыз.
- Шүмекті жоғары қысымды пистолеттен ажыратыңыз.
- Жоғары қысымды пистолетте ажырату батырмасын басыңыз және жоғары қысымды шлангты жоғары қысымды пистолеттен ажыратыңыз.
- Жоғары қысымды шлангқа арналған тез жалғағыш қосылыстың корпусын тетікпен көрсетілген бағытта басыңыз және жоғары қысымды шлангты шығарыңыз.
- Жоғары қысымды шлангты салыңыз. Шланг орамы жоқ құрылғылар Жоғары қысымды шлангты құрылғыда сақтау үшін жинаңыз. Шланг орамы бар құрылғылар
a Жоғары қысымды шлангтың бір ұшын шланг орамының алдыңғы жағындағы саңылауға салыңыз. b Жоғары қысымды шлангты орау үшін тұтқаны бұраңыз. c Жоғары қысымды шлангты екінші қолыңызбен бағыттаңыз. Сурет Q
d Оралған жоғары қысымды шлангты жоғары қысымды шланг қысқышымен шланг орамына бекітіңіз.
Сурет R
- Курылғыдағы желі кабелін салыңыз.
- Бүріккіш түтіктің екеуін де, жоғары қысымды пистолетті де тиісті қоймаға қойыңыз.
Ұзақ сақтау алдында қосымша нұсқауларды сақтаңыз, Күтім және техникалық қызмет көрсету бөлімін қараңыз.
Аяздан қорғау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Қатып қалу қаупі
Толығымен кептірілмеген құрылғының аяздан зақымдалуы мүмкін.
Құрылғы мен құрамдас бөліктерін толығымен құрғатып алыңыз.
Құрылғыны суық әсерінен қорғаңыз.
Мынаны орындау қажет:
- Құрылғы су құбырынан ажыратылған.
- Жоғары тегеурінді құбыршек ажыратылған.
- Құрылғыны қосыңыз («І/ОН»).
- Жоғары тегеурінді жалғағыштан су ағып біткенше максимум 1 минут күтіңіз.
- Құрылғыны өшіріңіз.
- Құрылғыны жылыту бөлмесінде барлық жабдықтарымен бірге сақтаңыз.
Күтім және техникалық қызмет көрсету
⚠️НАЗАР
Кернеу күйінде тұрған бөлшектермен байланыс кезіндегі зақымдар
Құрылғыны өшіріңіз.
Желілік штекерді розеткадан шығарып алыңыз.
Құрылғы техникалық қызмет көрсетуді талап етпейді, яғни, оған қызмет көрсету бойынша тұрақты жұмыстар жүргізу қажет емес.
Су жеткізуге арналған жалғағыштағы електі тазалау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Су жеткізуге арналған жалғағыштағы електің зақымдалуы
Лас судың әсерінен құрылғының зақымдалуы Електі су жеткізуге арналған жалғағышқа салмас бұрын зақымдарға тексеріңіз.
Қажет болған жағдайда, електі су жеткізуге арналған жалғағышта тазартыңыз.
- Су жеткізуге арналған жалғағыштан муфтаны алып тастаңыз.
- Електі шығарыңыз.
- Електі су ағысының астында жуып алыңыз. Сурет S
- Електі су жеткізуге арналған жалғағышқа салыңыз.
Жуғыш құралға арналған сүзгіні тазалау
Ұзақ сақтау кезеңінің алдында жуғыш құралға арналған сүзгіні тазалап тұрыңыз.
- Жуғыш құралға арналған сору құбыршегінен сүзгіні алып тастаңыз.
- Сүзгіні су ағысының астында жуып алыңыз. Сурет Т
Ақаулар кезіндегі көмек
Ақаулардың себептері көп жағдайда келесі шолуды пайдалану арқылы өздігінен жоюға болатындай қарапайым болады. Күдіктер болса немесе осы жерде көрсетілмеген ақаулар болған кезде, рұқсат етілген сервистік орталыққа хабарласыңыз.
⚠️ҚАУІП
Кернеу күйінде тұрған бөлшектермен байланыс кезіндегі зақымдар
Құрылғыны өшіріңіз.
Желілік штекерді розеткадан шығарып алыңыз.
Құрылғы жұмыс істемейді
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігіне басыңыз. Құрылғы қосылады.
- Фирмалық тақтада көрсетілген кернеу қорек көзінің кернеуіне сәйкес келе ме, жоқ па, тексеріңіз.
- Желі баусымын зақымдарға тексеріңіз.
- Қозғалтқыштың артық жүктелуі кезінде оның қорғаныс автоматы істемей қалса:
а) Құрылғыны өшіріңіз («0/OFF»). b) Құрылғыны 1 сағатқа сууға қойыңыз. с) Құрылғыны қосыңыз «І/ОН» және оны қайтадан пайдалана бастаңыз.
Егер жиі ақаулар туындап жатса, онда құрылғыны сервистік қызметте тексеру керек.
Құрылғы іске қосылмайды, қозғалтқыш гуілдеп тұр.
Әлсіз желінің әсерінен немесе ұзартушы кабельді пайдаланудың әсерінен кернеудің құлауы.
- Қосатын кезде алдымен жоғары тегеурінді пистолетті басыңыз, ал содан кейін құрылғыны қосыңыз («І/ОН»).
Құрылғы қысым тудырмайды.
Су жеткізу жеткіліксіз.
- Су құбырының шүмегін толықтай ашыңыз.
- Жеткілікті су мөлшері беріліп жатыр ма, жоқ па, тексеріңіз.
- Шүмектің реттелімін тексеріңіз.
- Максималды сору биіктігі асып кеткен жоқ па, тексеріңіз.
Су жеткізуге арналған жалғағыштағы елек ластанды.
- Су жеткізуге арналған жалғағыштан електі кемпірауыздың көмегімен шығарыңыз.
- Електі су ағысының астында жуып алыңыз. Сурет S
Құрылғыдағы ауа.
- Құрылғыны желдетіңіз:
а) Құрылғыны жалғанған шүмексіз максимум 2 минутқа қосыңыз. b) Жоғары тегеурінді пистолетті басыңыз және су көпіршіксіз шықпағанша күтіңіз. с) Шүмекті қосыңыз.
- Жоғары тегеурінді саптаманы тазалау:
а) Саптаманың саңылауынан. b) Жоғары тегеурінді саптаманы сумен жуып алыңыз.
- Келген судың мөлшерін тексеріңіз.
Құрылғының саңылаулылығы
- Құрылғының шағын саңылаулылығын оның конструкциясы қамтамасыз етеді. Күшті саңылаулылық кезінде авторландырылған сервистік қызметке жүгініңіз.
Жуғыш құрал сіңбейді
- Vario Power шүмегін пайдаланыңыз және оны «SOFT» бағытына тірелгенге дейін бұраңыз.
- Жуғыш құралға арналған сору құбыршегіндегі сүзгіні тазалаңыз.
- Жуғыш құралға арналған сору құбыршегін иілуге тексеріңіз.
Кепілдік
Әр елде жергілікті дистрибьюторлар берген кепілдік шарттары қолданылады. Бұйымда материалдық немесе өндірістік ақаулар анықталған жағдайда, ықтимал ақауларды кепілдік мерзімі ішінде ақысыз жөндейміз. Кепілдік мерзіміне қатысты сұрақтарыңыз болса, бұйымды сатқан сауда мекемесіне немесе жақындағы өкілетті қызмет көрсету орнына түбіртекті көрсетіп хабарласыңыз.
(Мекенжайы артқы жағында берілген)
Өндірілген күні көрсетілген түр кестесінде шифрланған.
Жеке сандардың мағынасы келесідей болады:
Мысалы: 30190
3 – өндірілген жылы, 0 – өндірілген ғасыры, 1 – өндірілген онжылдық, 9 – өндірілген айының екінші саны, 0 – өндірілген айының бірінші саны
Сонымен бұл мысалда 30190 коды
09 /(2)013 өндірілген күнін білдіреді.
Техникалық сипаттамалары
| K 5 WCM WCM | |||
| Premium | |||
| Электр желісіне косу | |||
| Кернеу | V | 230 | |
| Фаза ~ 1 | 1 | ||
| Жилік Hz 50 50 | |||
| Косылу куаттылығы kW 2,1 2,1 | |||
| Корғаныс класы | IPX5 | IPX5 | |
| Корғау класы I I | |||
| Желіні шамадан тыс жуктелуден корғау (инерциялық) | A | 10 | 10 |
| Суды косу | |||
| Енгізу қысымы (макс.) | MPa | 1,2 | 1,2 |
| Енгізу температурасы (макс.) | °C | 40 40 | |
| Енгізу саны (мин.) | l/min | 10 | 10 |
| Сору биіктігі (макс.) | m | 0,5 | 0,5 |
| Құрылғының техникалық сипаттамалары | |||
| Жұмыс қысымы | MPa | 12,5 | 12,5 |
| Максималды қолжетімді қысым | MPa | 14,5 | 14,5 |
| Берілетін мөлшері, су | l/min | 7,5 | 7,5 |
| Максималды берілген мөлшері | l/min | 8,3 8,3 | |
| Берілетін мөлшері, жуғыш құралдар | l/min | 0,3 0,3 | |
| Жоғары тегеурінді пистолеттің кері тебу қүші | N | 20 | 20 |
| Өлшемдері мен салмағы | |||
| Типтік жұмыс салмағы | kg | 13,9 | 14,4 |
| Үзындығы | mm | 329 389 | |
| Ені | mm | 369 369 | |
| Биіктігі | mm | 901 901 | |
| EN 60335-2-79 стандартына сәйкес есептелінетін мән | |||
| Қолдағы дірілдің мәні | m/s 2 | 2,1 2,1 | |
| Белгісіздік К | m/s 2 | 0,7 0,7 | |
| Дыбыс қысымының деңгейі L pA | dB(A) | 70 70 | |
| Белгісіздік K pA | dB(A) | 3 | 3 |
| Шу деңгейі L WA + белгісіздік K WA | dB(A) | 86 86 | |
(EO) 2019/1781 қосымшасына сәйкес алып тастау себебі 2-бөлім (12): j) Техникалық өзгерістер енгізілуі мүмкін.
ЕО стандарттарына сәйкестігі туралы декларация
| Осымен төменде көрсетілген машина қауіпсіздік және денсаулық қөрғау бойынша ЕО директиваларының талаптарына сәйкес келетіні мәлімдейміз ғзбізбен келісусіз машинаның конструкциясы өзгерген жағдайда осы декларация өз қүшін жояды. Бүйым: Жоғарғы қысымды жуғыш Типі: 1.324-xxx |
Қолданыстағы ЕО директивалары
2006/42/EG (+2009/127/EG)
2014/30/EU
2011/65/EU
2000/14/EG
2009/125/EG
Колданылатын нұсқау(лар)
(EO) 2019/1781
Қолданылатын біріздендірілген стандарттар
EN 60335-1
EN 60335-2-79
EN 62233: 2008
EN 55014-1: 2017 + A11: 2020
EN 55014-2: 2015
EN 61000-3-2: 2014
EN 61000-3-3: 2013
EN IEC 63000: 2018
Сәйкестікті тексеру әдісі
2000/14/EC: V қосымшасы
Дыбыс қуаттылығының деңгейі дБ(А)
Өлшенді: 84
Кепілдік беріледі: 86
Қол қойғандар басқарманың тапсырмасы мен уәкілдігі бойынша әрекет етеді.
Құжаттаманы жүргізетін уәкілетті тұлға:
С. Райзер
Alfred Kärcher SE & Co. KG
Alfred-Kärcher-Str. 28 - 40