Hi Move III - Шаңсорғыш GORENJE - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз Hi Move III GORENJE PDF форматында.
| Өнім түрі | Сымсыз шаңсорғыш |
| Бренд | Gorenje |
| Модель | Hi Move III |
| Құрылғының номиналды кернеуі | 25,2 В |
| Батарея сыйымдылығы | 2 000 мАч (Литий-ионды) |
| Номиналды қуат | 400 Вт |
| Адаптердің кернеуі | 32 В / 450 мА |
| Автономия (жылдамдыққа байланысты) | Төмен: 60 минутқа дейін, Орташа: 35 минутқа дейін, Жоғары: 13 минутқа дейін |
| Жылдамдықтар саны | 3 (Төмен, Орташа, Жоғары) |
| Батарея түрі | Алынатын литий-ионды |
| Батарея кепілдігі | 12 ай |
| Қолдану | Тұрмыстық, ішкі |
| Кіретін керек-жарақтар | 2-і-1 моторлы щетка, тар саптама, дөңгелек щетка, төсек ұшы, адаптер мен сыммен қабырғаға орнатуға арналған стенд |
| Сүзгі түрі | Жууға болатын сүзгі |
| Шаң жинағыш | Жууға болады, толтыру индикаторымен |
| Көрсеткіштер | Сандық батарея заряды, щеткадағы бөгде зат, шаң жинағыштың толуы |
| Зарядтау | Қосу станциясында немесе бөлек батареяда |
| Қауіпсіздік | Суға батырмаңыз, сұйықтықтарды немесе ыстық заттарды сормаңыз |
Жиі қойылатын сұрақтар - Hi Move III GORENJE
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы Hi Move III GORENJE
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Шаңсорғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз Hi Move III - GORENJE және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. Hi Move III брендінің GORENJE.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ Hi Move III GORENJE
Аспапты қолдану кезінде берілген қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларды орындаңыз: Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқыңыз және аспапты нұсқаулыққа сәйкес қолданыңыз. // Алғаш қолданар алдында аспаптың тасымалдау қаптамасын, қорғайтын пленкасын және жапсырмаларын алып тастаңыз. // Жұмыс жасап тұрған аспапты қараусыз қалдырмаңыз. // Қолданар алдында аспап бөлшектерін жинаңыз және бекітіңіз. // Аспапты құрғақ жабық ғимараттарда ғана қолданыңыз. // Аспапты өндіруші ұсынған бөлшектермен ғана қолдануға рұқсат етіледі. // Егер аспап құлаған, зақымдалған, ашық ауада сақталған немесе суға құлаған болса, оны қолданбаңыз. // Аспапты жүйелі түрде тазалап тұрыңыз. Бұл оның қызмет ету мерзімін ұзартады. // Шаштың, ұзын киімнің, саусақтың және дененің басқа да мүшелерінің аспаптың саңылауы мен жылжымалы бөліктеріне тиіп тұрмауын қадағалаңыз. // Аспап радио кедергілердің рұқсат етілетін деңгейлерін реттейтін электромагнитті өрістер мен нормалар жөніндегі барлық стандарттарға сәйкес келеді. // Аспап балалардың және физикалық немесе психикалық қабілеттері шектеулі адамдардың қолдануына арналмаған. Аспапты сегіз жастан асқан балаларға және физикалық, қозғалу және психикалық қабілеттері шектелген адамдарға, сонымен қатар оны қолдану үшін жеткілікті тәжірибесі мен білімі жоқ адамдарға тек тәжірибесі бар адамның қадағалауымен немесе егер олар аспапты қолдануға үйретілген болса және аспапты дұрыс пайдаланбауға байланысты туындауы ықтимал қауіпті түсінген жағдайда ғана осы аспапты қолдануға рұқсат етіледі. Аспап жұмысы кезінде балаларды қадағалаңыз. Балаларға аспаппен ойнауға рұқсат етпеңіз. // Балалар сегіз жасқа жеткен және үлкен кісінің қарауында болған жағдайда ғана аспапты тазалауды және оған қызмет көрсетуді орындай алады. // Қолданып болған соң аспапты сөндіріңіз.
Қауіптілік
Аспапты және зарядтау базасын (немесе адаптерді) суға және басқа да сұйықтыққа батырмаңыз, ағын судың астында жумаңыз.
Маңызды ескертулер
Желілік шнуры бар аспапты немесе зарядтау базасын электр желісіне жалғар алдында номиналды кернеудің электр желісінің кернеуіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Аспап және зарядтау базасы (немесе адаптер - аспабыңыздың моделіне байланысты) бүлінген болса, оларды қолданбаңыз. Зарядтау базасы (немесе адаптер) бүлінген жағдайда аспапты қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін тек түпнұсқа бұйымдарды ғана қолданыңыз. Адаптерге трансформатор кірістірілген. Адаптерді ағытып алуға және ауыстыруға тыйым салынады, өйткені бұл қауіпті жағдайға алып келуі мүмкін. Аккумуляторды аспап жиынтығына кіретін адаптердің және зарядтау базасының көмегімен ғана зарядтауға болады. Зарядтау процесінде адаптердің қызуына жол беріледі (егер адаптер жеткізу жиынтығына кіретін болса, моделіне байланысты). Зарядтау кезінде аспапты сөндіріп қойыңыз. Аспапты сүзгілерсіз немесе сүзгілер блогысыз қолдануға тыйым салынады. Ауа шығаруға арналған саңылаулардың аспап жұмысы кезінде бітелмеуін қадағалаңыз.
Шаңсорғыш бөлме ішінде жинау мақсатында үйде қолдануға арналған. Сору қуатын және жинау тиімділігін сақтау үшін соратын саңылаулардың тазалығын қадағалаңыз. Түрбаның саңылауларын шаңнан, шаштан және ауа ағынын бітеуі мүмкін басқа да ластардан жиі тазалап тұрыңыз. Тұғырды немесе зарядтау базасын тазалар алдында оны электр желісінен ажыратыңыз. Аспапты әлі де суымаған күлді, жоңқаларды, тұқылдарды, сіріңкелерді, сұйықтықтарды (мысалы, кілемдерге арналған көбік), өткір заттарды (жарықшақтарды және т.б.) жинау үшін қолдануға тыйым салынады. Соратын саңылауды өзіңізге жақындатпаңыз. Аспапты құрылыс қоқысын (ұсақ құм, ізбес, цемент) және принтерге арналған тонерді жинау үшін қолданбаңыз, өйткені бұл аспаптың сынуына алып келуі мүмкін.
Ақаулықтарды іздеу және жою
| Ақаулық | Ықтимал себебі | Жою |
| Аспап жұмыс жасамайды. | Аккумулятор толықтай разрядтанған. | Аккумуляторды зарядтаңыз. |
| Қол сорғысы дұрыс орнатылмаған. | Қол сорғысын дұрыс жалғаңыз. | |
| Сору қуаты төмен. | Шаң жинағыш толып қалған. | Шаң жинағышты тазалаңыз. |
| сүзгісі бітелген. | сүзгісін тазалаңыз немесе ұыстырыңыз. | |
| Ауа беретін түтік немесе айналып тұратын щетка бітелген. | Турбощетканы тазалаңыз. | |
| Аспап зарядталмайды. | Аккумулятор розеткаға қосылмаған. | Аккумуляторды розеткаға жалғаңыз. |
| Аккумулятор шаңсорғыш ұстағышындағы ағытпаға жалғанбаған. | Аккумуляторды шаңсорғыш ұстағышына жалғаңыз. | |
| Қол сорғысы орнатылмаған. | Қол сорғысын орнатыңыз. | |
| Зарядтағаннан кейін шаңсорғыш өте қысқа уақыт жұмыс жасайды. | Шаңсорғыш жеткілікті ұзақ зарядталмаған. | Аккумуляторды нұсқаулыққа сәйкес зарядтаңыз. |
| Аккумулятор өзінің ресурсін тауыскан. | Аккумуляторды ауыстырыңыз. |
Қоршаған орта
Бұйым тұрмыстық қалдық ретінде жойылмауы тиіс. Оны одан әрі кәдеге жарату үшін оны электронды және электрлік жабдықтардың тиісті орындарына тапсырған жөн. Бұйымды кәдеге жарату ережелерін сақтау арқылы қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына зиян келтірудің алдын ала аласыз.
Бұл аспап Электрлік және электронды жабдықтардың қалдықтарын қолдану туралы 2012/19/EU еуропа деректемесіне сәйкес таңбаланған (WEEE). Осы деректеме ЕО барлық елдерінде қолданылатын электрлік және электронды жабдықтардың қалдықтарын жинау және кәдеге жарату бойынша талаптарды анықтайды.
Кепілдік және сервис
Ақаулар туындаған кезде авторлық құқығы бар сервис орталығына хабарласыңыз. Авторлық сервис орталықтарының тізімін «Кепілді міндеттемелер» кітапшасынан және www. Hisense.com сайтынан таба аласыз.
Ескертпе: Аккумулятор кепілдігі 12 ай.
Тек тұрмыста қолдануға арналған!
Тасымалдау мақсатында аспаптың кейбір бөлшектері жеке қапталған және негізгі қаптамаға қауіпсіз тәсілмен салынған. Алғаш қолданар алдында құрастыру және қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен танысыңыз.
Аспап конструкциясы оны тәуелсіз орналастыруды қарастырмаған. Сондықтан аспапты зарядтау станциясына қауіпсіз орналастыруды ұсынамыз. Аспап тұрмыстық қолдануға, құрғақтай тазалауға арналған.
АСПАП КОМПОНЕНТТЕРІ
1 Қозғалтқыш блогы, аккумуляторы және шаң жинағышы бар корпус
4 "1-ri 2" электрлік жетегі бар щетка
7 Киім-кешекке арналған қондырма
2 Соратын құбыр
5 Саңылаулы қондырма
8 Адаптері мен қорек шнуры бар қабырғалық ұстатқыш
3 Майысқақ шланг
6 Шаңға арналған қондырма
9 3 бұранда
АСПАПТЫ ҚҰРАСТЫРУ
Түтіктерді құрастырып, жоғарғы бөлігін қозғалтқыш блогымен, ал төменгі бөлігін еденге арналған щеткамен байланыстырыңыз. Аспаптың дұрыс жиналғанына және саңылауларына берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Аспапты жеткізу жиынтығына екі кішкене қондырманы орналастырып қоюға болатын зарядтау станциясы да кіреді. Зарядтау станциясы кез келген жылу көзінен кемінде 1 м қашықтықта орналасуы тиіс. Аспап конструкциясы оны тәуелсіз орналастыруды қарастырмаған.

Құбырларды қалауыңыз бойынша реттеуге, ал щетканы кез келген құбырға және тікелей қозғалтқыш блогына жалғауға болады. Шаңсорғыш қондырмалары сору құбырына, сондай-ақ қозғалтқыш блогына да орнатылады. Қондырманы ауыстыру қажет болған кезде щеткадағы немесе құбырдағы батырманы басыңыз.
Еденге арналған щетка: оны кез келген типтегі еденді жуу үшін қолданыңыз (құрғақ жинау).

Жіңішке кондырма қатынау қиын тар жерлерді (бұрыштар, диван, өрмекші, радиатордың арты ...) тазалауға арналған.

Киім-кешекке арналған қондырма.
АСПАПТЫ ЗАРЯДТАУ
Адаптер мен зарядтау шнуры зарядтау станциясына орнатылып қойылған. Егер ескертулерге қарамастан, шаңсорғышты зарядтау станциясында зарядтағыңыз келмесе, адаптер мен зарядтау шнурын қауіпсіз алу жөніндегі нұсқауларды орындаңыз.

Аспапты зарядтау станциясында, сондай-ақ басқа да кез келген бетте зарядтауға болады. Аспаптан аккумуляторды қауіпсіз алу үшін шаңсорғыштың артқы панеліндегі батырманы басыңыз. Осылайша, аккумуляторды шаңсорғыштан бөлек зарядтауға болады.
Қауіпсіздік мақсатында зарядтау кезінде құрылғыны жақын тұрған жылу көзінен кемінде 1 метр қашықтыққа орналастыруды ұсынамыз.

Зарядтау кезінде аспапты қосу мүмкін емес.
Шаңсорғышты кәдеге жаратуды бастамас бұрын аккумулятор батареясын алыңыз.
Аккумулятор батареясын қауіпсіз алу үшін оның толықтай разрядтанғанына көз жеткізіңіз. Егер аспап аккумуляторы алмалы-салмалы болмаса, суреттемелері бар буклеттегі нұсқауларды орындаңыз.

ШАҢСОРҒЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ

Қосу/өшіру батырмасы қозғалтқыш блогының тұтқасында орналасқан.

Аспаптың батарея зарядының сандық индикаторы бар. Индикатор қолдану кезіндегі немесе зарядтау процесіндегі батареяның ағымдағы зарядын көрсетеді.
Егер щеткаға бөгде зат тұрып қалса немесе байланып қалса, осы белгі жанады. Осы белгі жанған кезде бөгде затты тауып, алып тастаңыз.
Бұл белгі шаң жинағыш толған кезде жанады. Егер осы белгі жанатын болса, қолданар немесе шаңсорғыш жұмысын жалғастырар алдында шаң жинағышты босатыңыз.
Жылдамдықты басқару батырмасы аккумулятор зарядының индикаторында орналасқан.
Аспап жылдамдығының үш режимі бар: Төмен — 60 мин. жұмысқа дейін / орташа (35 мин. жұмысқа дейін) / жоғары (бір зарядпен 13 мин. жұмысқа дейін).
ШАҢСОРҒЫШТЫ ТАЗАЛАУ
Шаң жинағыш пен сүзгіні тазалау

Шаң жинағыштың төменгі бөлігінде арнайы құралдың көмегімен сүзгіні ішінара тазалауға болатын тұтқа бар. Егер шаң жинағыш сіз жинауды аяқтағанға дейін толып қалатын болса, сүзгіні мұндай тәсілмен шаңсорғышпен жинау кезінде тазалау ұсынылады. Сүзгі мен шаң жинағышты әр қолданудан кейін тазалап тұруды ұсынамыз.

Шаң жинағышты босату үшін қозғалтқыш блогы тұтқасының оң жағындағы ілгекті тартыңыз. Қақпақтың төменгі бөлігі ашылады. Үлкен сүзгіні ағытып алу үшін оның ішкі бөлігін солға бұраңыз. Шаң жинағышты тиісті тәсілмен орнатыңыз және оны қарама-қарсы бағытта бұраңыз. Содан соң қақпақты жабыңыз. Егер сырт еткен дыбыс естілсе, шаң жинағыш дұрыс орнатылған.
Шаң жинағышты ағытып алу үшін тұтқаның ішкі бөлігінің ортасындағы батырманы солға итеріңіз. Сүзгіні жоғарғы бетінен алуға болады, ал сүзгі контейнерін шаң жинағыштың артқы төменгі бөлігіндегі батырманы басу арқылы ағытып алуға болады. Шаң жинағышты қозғалтқыш блогына орнату кезінде бөлшектердің барлығының дұрыс құрастырылғанына және орнатылғанына көз жеткізіңіз. Шаң жинағыштың алдыңғы бөлігіндегі екі бітеменің қозғалтқыш блогындағы ойықтармен сәйкес келгеніне көз жеткізіңіз. Егер сырт еткен дыбыс естілсе, шаң жинағыш дұрыс орнатылған.

Шаң жинағышты, сүзгіні және сүзгі жиектемесін жууға болады; дегенмен қайта құрастырар алдында бұл бөлшектердің толықтай кепкеніне көз жеткізіп алу қажет. Мінсіз жұмыс жасауға бөлшектер құрғақ болған жағдайда ғана кепіл беріледі; егер бөлшектер дымқыл болса, бұл дұрыс пайдаланбауға байланысты туындайтын мәселелерге алып келуі мүмкін. Бөлшектерді тікелей түсіп тұрған күн сәулесінің астында кептіруге болмайды.
Сүзгіні ақырын тазалаңыз, сақ болыңыз - оны бүлдіріп алмаңыз. Егер сүзгі бүлінген болса, оны ауыстыру қажет; әйтпесе шаңсорғышпен жиналатын қоқыс қозғалтқыш блогын бүлдіруі мүмкін.
Щетканы тазалау
Білікті ағытып алу үшін щетканың артқы қабырғасындағы кішкене батырманы басыңыз. Білікке оралып қалған матаны немесе шашты алып тастау үшін біліктегі ойықты мұқият кесіп шығу үшін қайшыны немесе басқа да жүзді қолданыңыз. Оралып қалған орамдардан тартпаңыз, өйткені бұл білік қылтандарын бүлдіруі мүмкін. Білікті саңылауға бір жағымен орнату және оны бекіту арқылы білікті ауыстырыңыз. Егер білік сырт еткен дыбыс шығарса, ал сыртқы бөлігі щетканың ішіне берік салынса, ол дұрыс орнатылған.
