K 5 Premium Power Control Home - жоғары қысымды жуғыш Kärcher - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз K 5 Premium Power Control Home Kärcher PDF форматында.
| Өнім түрі | Жоғары қысымды тазалау құрылғысы |
| Бренд | Kärcher |
| Модель | K 5 Premium Power Control Home |
| Электр қуатымен жабдықтау | 230 В, 50 Гц, 2,1 кВт |
| Қорғаныс дәрежесі | IPX5 |
| Қорғаныс класы | I |
| Негізгі сақтандырғыш | 10 A (баяу) |
| Жұмыс қысымы | 12,5 МПа |
| Максималды рұқсат етілген қысым | 14,5 МПа |
| Номиналды су шығыны | 7,5 л/мин |
| Максималды су шығыны | 8,3 л/мин |
| Жуғыш зат шығыны | 0,3 л/мин |
| Максималды кіріс су температурасы | 40 °C |
| Максималды кіріс қысымы | 1,2 МПа |
| Максималды сору биіктігі | 0,5 м |
| Өлшемдер (Ұ × Е × Б) | 414 × 306 × 588 мм |
| Типтік жұмыс салмағы | 15,8 кг |
| Дыбыс қысымы деңгейі (LpA) | 76 дБ(A) |
| Дыбыс қуаты деңгейі (LWA) | 92 дБ(A) |
| Қол-білезік дірілі | < 2,5 м/с² |
| Негізгі функциялар | Power Control Vario Power саптамасы (4 деңгей: HARD, MEDIUM, SOFT, MIX), Power Control айналмалы саптама, қысым дисплейі бар пистолет, жуғыш затқа арналған Plug 'n' Clean жүйесі, шланг орағышы, керек-жарақтарға арналған бөлік |
| Қауіпсіздік | Негізгі ажыратқыш, пистолетті құлыптау, автоматты тоқтату, қозғалтқыштың жылу қорғанысы, аязға қарсы қорғаныс |
| Күтім және тазалау | Су кіріс сүзгісін тазалау, жуғыш зат қолданғаннан кейін шаю, аяз жағдайында сақтау алдында суды төгу |
| Кепілдік | Өндірушінің шарттарына сәйкес (нұсқаулықты қараңыз) |
Жиі қойылатын сұрақтар - K 5 Premium Power Control Home Kärcher
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы K 5 Premium Power Control Home Kärcher
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз жоғары қысымды жуғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз K 5 Premium Power Control Home - Kärcher және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. K 5 Premium Power Control Home брендінің Kärcher.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ K 5 Premium Power Control Home Kärcher
KÄRCHER Уй және бақша қосымшасы ...... 158
Коршаған ортаны қорғау 159
Бұйымды мақсатына сәйкес қолдану.... 159
Керек-жарақ және қосалқы бөлшектер ...... 159
Жеткізілім жинағы 159
Құрылғының сипаттамасы 159
Қорғаныс құрал-жабдықтары 160
Құрылғыдағы белгілер 160
Орнату 160
Пайдалануға енгізу.... 160
Пайдалану.... 161
Тасымалдау 162
Сактау.... 162
Күтім және техникалық қызмет көрсету ...... 163
Ақаулар кезіндегі көмек.... 163
Кепілдік.... 163
ЕО стандарттарына сәйкестігі туралы декларация 164
Жалпы нұсқаулар

Құрылғыны алғаш рет қолданбас бұрын, осы пайдалану жөніндегі түпнұсқа нұсқаулық пен берілген
қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларды оқып шығыңыз.
Оларға сай әрекет етіңіз.
Екі кітапшаны да әрі қарай пайдалану немесе келесі иесі үшін сақтап қойыңыз.
KÄRCHER Үй және бақша қосымшасы
KÄRCHER Үй және бақша қосымшасында:
- Монтаждау және пайдалануға беру туралы ақпарат
- Қолдану салалары туралы ақпарат
- Кеңестер мен амалдар
- Толық ақаулықтарды іздеумен FAQ
- KÄRCHER қызмет көрсету орталығына қосылу Қосымшаны мына жерден жүктеуге болады:

Сауда белгісі
- Google Play™ және Android™ Google Inc. компаниясының маркалары немесе тіркелген сауда белгілері болып табылады.
- Apple® және App Store® бүл Apple Inc. компаниясының маркалары немесе тіркелген сауда белгілері болып табылады.
Қоршаған ортаны қорғау

Орауыш материалдарын утилизациялауға болады. Орауыштарды қоршаған ортаға қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.

Электрлік және электрондық бұйымдардың құрамында қате қолдану немесе утилизациялау нәтижесінде адам денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп
төндіруі мүмкін, құнды қайта өндірілетін материалдар және батареялар, аккумуляторлар немесе май сияқты бөлшектер жиі кездеседі. Алайда, аталмыш бөлшектер бұйымды тиісінше пайдалану үшін қажет болады. Осы таңбамен белгіленген бұйымдарды үй қоқыстарымен бірге тастауға болмайды.
Тазарту кезінде құрамында майы бар ақпасулар туындайтын жұмыстарды (мысалы, қозғалтқыштарын, түптерін жуу) майлы айырғышы бар жуу аландарында ғана жүргізуге рұқсат беріледі. Жуғыш құралдармен жұмыстарды кәрізге бұрылатын герметикалық жұмыс аландарында ғана жүргізуге рұқсат беріледі. Жуғыш құралдарды су қоймаларына немесе жерге төкпеңіз. Кейбір елдерде қоғамдық су қоймаларынан су алуға тыйым салынады.
Құрамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.kaercher.de/REACH
Бұйымды мақсатына сәйкес қолдану
Жууға арналған аппаратты тек үй шаруашылығына арналған қысымда ғана пайдаланыңыз. Қысыммен жуу аппараты машиналарды, тасымалдау құралдарын, құрылымдарды, құралдарды, қасбеттерді, террасаларды, бай-бақша жабдықтарын қысымды ағынның көмегімен тазалауға арналған.
Керек-жарақ және қосалқы бөлшектер
Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың қауіпсіз және апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік болады.
Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.
Жеткізілім жинағы
Бұйымның жеткізілім жинағы орауыштың үстінде көрсетілген. Бұйымды орауыштан шығарғанда жинақтың толықтығын тексеріп шығыңыз. Керек-жарақтар жетіспеген немесе тасымалдау кезінде зақымдар тиген жағдайда, дилеріңізге хабарласыңыз.
Құрылғының сипаттамасы
Осы нұсқаулықта максимальды комплектациядағы құрылғы сипатталған. Үлгіге қарай жеткізілім комплектациясында айырмашылықтар болады (Қаптаманы қараңыз).
Суреттерді суреттері бар беттен қараңыз
Сурет A
Сурет B
① Тұтқасы бар тұғыр ② Су жеткізуге арналған кіріктірілген елегі бар жалғағыш ③ Көліктің дөңгелегі ④ Жабын ⑤ Шланг бағыттағышы ⑥ «0/OFF» / «I/ON» ажыратқышы ⑦ Хранение лучевых трубок ⑧ Жоғары тегеурінді құбыршек ⑨ *Plug 'n' Clean жуғыш зат бөтелкесі ⑩ Жоғары қысымды пистолетті сақтау/тұрақ орны ⑪ Тасымалдауға арналған сап, суырмалы ⑫ Тұрақты кірді кетіруге арналған Power Control ағынды құбырларға арналған бүріккіш түтігі, қысым деңгейі: ҚАТТЫ ⑬ Ең көп таралған тазалау жұмыстарына арналған Power Control Vario Power бүріккіш түтігі, қысым деңгейі: ҚАТТЫ / ОРТАША / ЖҮМСАҚ / MIX ⑭ Power Control жоғары қысымды пистолеті ⑮ Жоғары тегеурінді құбыршекті жоғары тегеурінді пистолеттен ажырату батырмасы ⑯ Жоғары қысымды пистолет тұтқасы ⑰ Қысым көрсеткіші (0-MIX / 1-ЖҰМСАҚ / 2-ОРТАША / 3-ҚАТТЫ) ⑱ Жоғары тегеурінді пистолеттің фиксаторы ⑲ Жылжытуға арналған сап ⑳ Шланг ұстағышы ㉑ Жоғары қысымды құбыршек катушкасы ㉒ Шланг катушкасына арналған қол тұтқасы ㉓ Зауыт тактайшасы ㉔ Аксессуар бөлімі ㉕ Торды бекітуге арналған ілмек ㉖ Аксессуарлар бөліміне арналған тор ㉗ Желілік істікшесі бар желілік байланыстырғыш кабель ㉘ Су жеткізуге арналған жалғағыш муфтасы
㉙ ** Бақша шлангісі (матамен нығайтылған, диаметрі – кемінде 1/2 дюйм (13 мм), ұзындығы – кемінде 7,5 м, стандартты жылдам байланыстыратын жалғағышпен) ㉚ **Ашық ыдыстардан су жіберуге арналған KÄRCHER сорғыш шлангі (тапсырыс нөмірі 2.643-100.0) ㉛ Жеткізілетін бұрандалар мен дюбелдер ㉜ *Жуғыш құрал ыдысы бар көбікке арналған саптама Жуғыш құрал ыдыстан сорылады және жуғыш құралдың үлкен көбігі пайда болады. ㉝ *Айналмалы жуғыш шөтке (мысалы, автомобильдерді жуу үшін)
* міндетті емес, ** қосымша қажет
Жеткізілетін бұрандалар мен дюбелдер
Сурет C
① Дюбел тұғыры (2 дана) ② M 4x20 бұрандасы (2 дана) ③ M 4x22 бұрандасы (2 дана) ④ M 4x16 бұрандасы (8 дана)
Қорғаныс құрал-жабдықтары
△АБАЙЛАҢЫЗ
Жоқ немесе өзгертілген қорғаныс құрал-жабдықтары
Қорғаныс құрылғысы сіздің қауіпсіздігіңізге арналған.
Қорғаныс құрылғысын ешқашан өзгертпеңіз немесе ажыратпаңыз.
Ажыратқыш
Ажыратқыш құрылғының кездейсоқ қосылуына кедергі болады.
Жоғары тегеурінді пистолеттің фиксаторы
Фиксатор жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттайды және құрылғының кездейсоқ іске қосылуына кедергі болады.
Автоматты түрде өшу функциясы
Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігі жіберілген кезде сорғының пневматикалық ажыратқышы өшеді және жоғары тегеурінді ағыс тоқтайды. Тетікті басқан кезде сорғы қайтадан қосылады.
Қозғалтқыштың қорғаныс ажыратқышы
Токты артық тұтынған кезде қозғалтқыштың қорғаныс ажыратқышы құрылғыны өшіреді.
Құрылғыдағы белгілер

Жоғары тегеурінді ағысты адамдарға, жануарларға, жұмыс істеп тұрған электрлік құрылғыға және құрылғының өзіне бағыттауға тыйым салынады. Құрылғыны аяздан қорғаңыз.

Құрылғыны қоғамдық ауыз су жеткізу желісіне тікелей қосуға тыйым салынады.
Орнату
Суреттерді графикалық беттен қараңыз.
Жиынтықтан бұранданы және сәйкес келетін бұрауышты дайындап қойыңыз.
Пайдалануға енгізер алдында бекітілмеген бөлшектерді монтаждаңыз.
Дөңгелектерді монтаждау
- Дөңгелектерді салыңыз.
Нұсқау
Тесіктің туралануына назар аударыңыз.
Сурет D
- Дөңгелектерді әрқайсысына 1 бұрандамен бекітіңіз.
Тұғырды орнатыңыз
- Тұғырды салыңыз. Сурет Е
- 2 дюбельді тесіктерге тірелгенше салыңыз.
- Тұғырды 2 бұрандамен бекітіңіз.
Бүріккіш түтікке арналған қойманы орнатыңыз.
- Бүріккіш түтікке арналған қойманы бекітіңіз.
- Қойманы 2 бұрандамен бекітіңіз. (Сурет F)
- Жабынды 4 бұрандамен бекітіңіз. (Сурет G)
Тасымалдау тұтқасын орнатыңыз.
- Тасымалдау тұтқасын бекітіңіз. (Сурет Н)
- Тасымалдау тұтқасын 2 бұрандамен бекітіңіз.
Аксессуарлар торын орнатыңыз.
- Қосымша торды ілгектерге іліп қойыңыз. (Сурет I)
Жоғары қысымды шлангіні шланг бағыттағышы арқылы салыңыз.
- Жоғары тегеурінді құбыршекті артқа, құбыршектің сымына салыңыз. Сурет J
Су жеткізуге арналған жалғағыш муфтаны монтаждау
- Су жеткізуге арналған жалғағыш муфтаны су жеткізуге арналған жалғағышқа бұраңыз. Сурет К
Пайдалануға енгізу
- Құрылғыны тегіс жазықтыққа орнатыңыз.
- Құбыршекті орауға арналған барабаны бар құрылғылар үшін: Жоғары тегеурінді құбыршекті құбыршекті орауға арналған барабаннан толықтай тарқатыңыз.
- Құбыршекті орауға арналған барабаны жоқ құрылғылар үшін: Жоғары тегеурінді құбыршекті толық шешіп, ілмектер мен бұрылыстарды босатыңыз.
- Жоғары тегеурінді құбыршекті түтік бағыттағышы арқылы алға қарай тартыңыз.
- Жоғары тегеурінді құбыршекті жоғары тегеурінді пистолетке ол естілетіндей дыбыспен сарт етіп жабылғанша сала беріңіз.
Нұсқау
Бұрандалы түтіктің дұрыс қалыпта тұруын бақылаңыз.
Сурет L
- Жоғары тегеурінді құбыршекті тартып, бекіністің сенімділігін тексеріңіз.
- Желі істікшесінің ашасын розеткаға салыңыз.
Су беру
Қосылатын жүктемені фирмалық тақтайшадан немесе бөлімнен қараңыз Техникалық мағлұматтар.
Сумен қамтамасыз ету кәсіпорнының нұсқауларын сақтаңыз.
НАЗАР АУДАРЫНЫЗ
Ластанған судың келтіретін залалы
Судағы ластанулар сорғының және оның жабдықтарының зақымдануына алып келеді. KÄRCHER қорғау үшін KÄRCHER су сүзгісін пайдалану ұсынылады (арнайы жабдық, тапсырыс беру нөмірі 4.730-059).
Су құбырына қосылу
НАЗАР АУДАРЫНЫЗ
Құрылғының су қосылымында шлангінің Aquastop-пен байланысы
Сорғының зақымдануы
Құрылғының су қосылымында ешқашан Aquastop-пен байланысқан шлангіні қолданбаңыз. Кранға Aquastop муфтасын қолдануға болады.
- Бақша құбыршегін су жеткізуге арналған жалғағыштың муфтасына орнатыңыз.
- Бақша құбыршегін су құбырына қосыңыз.
- Су құбырының шүмегін толықтай ашыңыз. Сурет М
Ашық ыдыстардан суды айдаңыз
Бұл құрылғымен жууға арналған аппарат кері клапаны бар KÄRCHER сору құбыршегімен (арнайы жабдық, тапсырыс беру № 2.643-100) беткі суларды, мысалы, жаңбыр суына арналған бөшкеден немесе тоғандардан ағызуға жарайды (Ағызудың максималды биіктігін бөлімнен қараңыз Техникалық мағлұматтар).
Сору жұмыстарын жүргізу кезінде су жеткізу үшін жалғағыш муфта талап етілмейді.
- Сору құбыршегін сумен толтырыңыз.
- Сорғыш шлангіні құрылғыдағы су жеткізуге арналған жалғағышқа бұраңыз және су көзіне жіберіңіз (мысалы, жаңбыр суына арналған бөшкеге).
Құрылғыдағы ауаны жою
- Құрылғыны қосыңыз («І/ОН»).
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттан ашыңыз.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігіне басыңыз. Құрылғы қосылады.
- Құрылғыны су жоғары тегеурінді пистолеттен көпіршіктерсіз шықпағанша максимум 2 минут жұмыс істетіңіз.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттаңыз.
Пайдалану
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Сорғының құрғақтай жұмыс істеуі
Құрылғының зақымдануы
Егер құрылғыда 2 минут бойы қысым пайда болмаса, онда оны өшіріңіз және Ақаулар кезіндегі көмек бөліміндегі нұсқауларды сақтаңыз.
Power Control жүйесі
Жоғары қысымды пистолеттегі қысым көрсеткіші Power Control бүріккішімен жұмыс істеу кезінде ағымдағы белгіленген қысым деңгейін көрсетеді.
Нұсқау
Материалдардың сезімталдығы олардың ескілігіне және жағдайына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан ұсыныстар міндетті емес.
Нұсқау
Қысым көрсеткіші беттерді тазартқышпен және басқа керек-жарақтармен жұмыс жасағанда маңызды емес.
| Көрсеткіш | Қысым деңгейі | Мысалы, мыналар үшін ұсынылады. |
![]() | ҚАТТЫ | Ашық агрегаты бар тас төсемнен немесе бетоннан, асфальттан, металл беттерден, бақша ыдыстарынан (арбалар, күректер және т. б.) жасалған тас террассалар |
![]() | ОРТАША Автомобильдер/ мотоциклдер, кірпіш беткейлер, сыланған қабырғалар, пластикалық жићаз | |
![]() | ЖұМСАҚ Ағаш беттер, велосипедтер, құмтас беттері, ротан жићазы | |
![]() | MIX Тазалау құралдарымен пайдалану | |
Жоғары қысыммен жұмыс істеу режимі
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Боялған немесе сезімтал беттердің зақымдалуы
Ағыстың жеткілікті қашықтығы сақталмаған жағдайда немесе тетік дұрыс таңдалмаған жағдайда беттері зақымдалады.
Боялған беттерді тазалау кезінде 30 см-ден кем емес шегіністі сақтаңыз.
Автомобиль шиналарын, лагын немесе сезімтал беттерін фреза көмегімен тазаламаңыз.
- Тетікті жоғары тегеурінді пистолетке салыңыз және оны 90°-қа бұрай отырып, бекітіңіз. Сурет N
- Құрылғыны қосыңыз («І/ОН»).
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттан ашыңыз.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігіне басыңыз. Құрылғы қосылады.
- Қысым индикаторында қажетті қысым деңгейі көрсетілгенге дейін Power Control Vario Power шүмегін бұраңыз.
Жуғыш щеткамен жұмыс істеу режимі
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Бояудың зақымдалуы
Лас жуғыш щеткенің әсерінен беткі қабаттың зақымдалуы
Жуғыш щеткені пайдаланар алдында оның лас еместігіне және қоқыстың жоқтығына көз жеткізіңіз.
Нұсқау
Жуғыш шөткені пайдаланатын кезде құрылғы аз қысыммен жұмыс істейді. Бұл ретте жуғыш құралдарды араластыруға болады.
- Жуғыш шөткені жоғары тегеурінді пистолетке салыңыз және оны 90°-қа бұрай отырып, бекітіңіз.
Тазалау құралдарымен пайдалану
Техникалық төлқұжатты сақтамау
Жуғыш құралдарды тиісінше пайдаланбаған жағдайда денсаулыққа ауыр зақым келеді
Жуғыш құралдың өндірушісі құраған техникалық төлқұжатты, көбінесе жеке қорғаныс құралдары бойынша нұсқауларды қараңыз.
Нұсқау
Жуғыш құралды тек төменгі қысым кезінде араластыруға болады.
Нұсқау
Жуғыш құралдармен жұмыс істеу үшін Plug 'n' Clean арнайы ыдысы талап етіледі. KÄRCHER жуғыш құралдары Plug 'n' Clean ыдыстарында қолдануға дайын күйінде сатылады.
- Plug 'n' Clean жуғыш құралына арналған ыдыстың қақпағын алып тастаңыз.
- Plug 'n' Clean жуғыш құралына арналған жалғағышқа саңылауын төмен қаратып, жуғыш құралға арналған ыдысты қысып жабыңыз. Сурет О
- Vario Power tetirin пайдаланыңыз.
- Бүріккіш түтікті «МИХ» бағытына жоғары қысымды пистолетте «МИХ» пайда болғанша бұраңыз. Жұмыс барысында жуғыш құралдың ерітіндісі су ағысына араластырылады.
- Опция ретінде көбік саптамасын пайдаланыңыз.
a Жуғыш құралдың ерітіндісін жуғыш құралға арналған бакке толтырыңыз. Жуғыш құралға арналған қаптамадағы мөлшерлері туралы мәліметтерді қараңыз. b Көбікке арналған саптаманы жуғыш құралға арналған ыдысқа қосыңыз. c Көбікке арналған саптаманы жоғары тегеурінді пистолетке салыңыз және оны 90°-қа бұрай отырып, бекітіңіз.
Ұсынылатын жуу тәсілі
- Жуғыш құралды үнемдей отырып, құрғақ бетке шашыңыз және сінуге қалдырыңыз (кептірмей).
- Еріген балшықты жоғары тегеурінді ағыспен шайып тастаңыз.
Жуғыш құралмен жуғаннан кейін
- Plug 'n' Clean жуғыш құрал бөтелкесін ұстағыштан шығарып, оны қақпақпен жабыңыз.
- Сактау үшін жуғыш құрал бөтелкесін қақпақпен ұстағышқа салыңыз.
- Құрылғыны шамамен 30 секунд бойы таза сумен шайыңыз.
Жұмысты тоқтату
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз. Тетігі жіберілген кезде, құрылғы өшеді. Жүйеде жоғары қысым қалады.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттаңыз. Сурет Q
- Шумегі бар жоғары тегеурінді пистолетті сақтауға арналған қалыпқа орнатыңыз.
- Жұмыс кезінде 5 минуттан аса үзілістерде құрылғыны өшіріп жүріңіз («0/OFF»).
Жұмыстың аяқталуы
△АБАЙЛАНЫЗ
Жүйедегі қысым
Күшті тегеурін кезінде су ағысынан жарақат алу. Жоғары тегеурінді құбыршекті жүйедегі қысымды тастағаннан кейін ғана ажыратыңыз.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
- Су құбырының шумегін жабыңыз.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін 30 секунд бойы басып тұрыңыз.
Жүйеде қалған қысым тасталады.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
- Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттаңыз.
- Құрылғыны су құбырының желісінен ажыратыңыз.
- Құрылғыны өшіріңіз («0/OFF»).
- Желі істікшесін токтан ажыратыңыз.
Тасымалдау
△АБАЙЛАНЫЗ
Салмақтың сақталмауы
Жарақат алу және құрылғыны зақымдау қаупі Тасымалдау кезінде құрылғының салмағын ескеріңіз.
Құрылғыны көшіру
- Құрылғыны тұтқасынан көтеріңіз және көшіріңіз.
Құрылғыны сүйреу
- Тұтқаны естілетін шыртылға дейін тартыңыз.
- Құрылғыны тасымалдау тұтқасынан сүйреңіз.
Автомобильмен тасымалдау
- Тасымалдаудың алдында Plug 'n' Clean жуғыш құралға арналған ыдысты бекіністен шығарыңыз және қақпақпен жабыңыз.
- Құрылғыны қисаймайтындай және құламайтындай етіп бекітіңіз.
Сактау
△АБАЙЛАНЫЗ
Салмақтың сақталмауы
Жарақат алу және құрылғыны зақымдау қаупі. Тасымалдау кезінде құрылғының салмағын ескеріңіз.
Құрылғыны ұстау
- Құрылғыны тегіс жазықтыққа орнатыңыз.
- Шүмекті жоғары қысымды пистолеттен ажыратыңыз.
- Жоғары қысымды пистолетте ажырату батырмасын басыңыз және жоғары қысымды шлангты жоғары қысымды пистолеттен ажыратыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Жоғары қысымды шлангтың зақымдалуы
Жоғары қысымды шлангтың дұрыс емес айналу бағытының әсерінен зақымдалуы. Орау кезінде барабанның айналу бағытын бақылаңыз.
- Шлангты орауға арналған барабаны бар құрылғылар үшін: Шлангты барабанды тұтқасынан сағат тілімен айналдырыңыз және оған жоғары қысымды шлангты ораңыз.
- Шлангты орауға арналған барабаны жоқ құрылғылар үшін: Жоғары қысымды шлангты құрылғыда сақтау үшін алып қойыңыз.
- Желі баусымын және жабдықтарды құрылғыға салып қойыңыз.
Ұзақ сақтау алдында қосымша нұсқауларды сақтаңыз, Күтім және техникалық қызмет көрсету бөлімін қараңыз.
Аяздан қорғау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Қатып қалу қаупі
Толығымен кептірілмеген құрылғының аяздан зақымдалуы мүмкін.
Құрылғы мен құрамдас бөліктерін толығымен құрғатып алыңыз.
Құрылғыны суық әсерінен қорғаңыз.
Мынаны орындау қажет:
- Құрылғы су құбырынан ажыратылған.
- Жоғары қысымды пистолет жоғары қысымды шлангіден бөлінген.
- Құрылғыны қосыңыз («І/ОН»).
- Жоғары тегеурінді жалғағыштан су ағып біткенше максимум 1 минут күтіңіз.
- Құрылғыны өшіріңіз.
- Құрылғыны жылыту бөлмесінде барлық жабдықтарымен бірге сақтаңыз.
Күтім және техникалық қызмет көрсету
Кернеу күйінде тұрған бөлшектермен байланыс кезіндегі зақымдар
Құрылғыны өшіріңіз.
Желілік штепсельді розеткадан шығарып алыңыз.
Құрылғы техникалық қызмет көрсетуді талап етпейді, яғни, оған қызмет көрсету бойынша тұрақты жұмыстар жүргізу қажет емес.
Су жеткізуге арналған жалғағыштағы електі тазалау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Су жеткізуге арналған жалғағыштағы електің зақымдалуы
Лас судың әсерінен құрылғының зақымдалуы Електі су жеткізуге арналған жалғағышқа салмас бұрын зақымдарға тексеріңіз.
Қажет болған жағдайда, електі су жеткізуге арналған жалғағышта тазартыңыз.
- Су жеткізуге арналған жалғағыштан муфтаны алып тастаңыз.
- Електі кемпірауызбен шығарыңыз.
- Електі су ағысының астында жуып алыңыз. Сурет R
- Електі су жеткізуге арналған жалғағышқа салыңыз.
Ақаулар кезіндегі көмек
Ақаулардың себептері көп жағдайда келесі шолуды пайдалану арқылы өздігінен жоюға болатындай қарапайым болады. Күдіктер болса немесе осы жерде көрсетілмеген ақаулар болған кезде, рұқсат етілген сервистік орталыққа хабарласыңыз.
Кернеу күйінде тұрған бөлшектермен байланыс кезіндегі зақымдар
Құрылғыны өшіріңіз.
Желілік штепсельді розеткадан шығарып алыңыз.
Құрылғы жұмыс істемейді
- Жоғары қысымды пистолеттің тетігіне басыңыз. Құрылғы қосылады.
- Фирмалық тақтада көрсетілген кернеу қорек көзінің кернеуімен сәйкес келе ме, жоқ па, тексеріңіз.
- Желі баусымын зақымдарға тексеріңіз.
- Қозғалтқыштың артық жүктелуі кезінде оның қорғаныс автоматы істемей қалса:
а) Құрылғыны өшіріңіз («0/OFF»).
b) Құрылғыны 1 сағатқа сууға қойыңыз. с) Құрылғыны қосыңыз «І/ОН» және оны қайтадан пайдалана бастаңыз.
Егер жиі ақаулар туындап жатса, онда құрылғыны сервистік қызметте тексеру керек.
Құрылғы іске қосылмайды, қозғалтқыш гүілдеп тұр
Әлсіз желінің әсерінен немесе ұзартушы кабельді пайдаланудың әсерінен кернеудің құлауы.
- Қосатын кезде алдымен жоғары қысымды пистолетті басыңыз, ал содан кейін құрылғыны қосыңыз («І/ОН»).
Құрылғы қысым тудырмайды
Су жеткізу жеткіліксіз
- Су құбырының шүмегін толық ашыңыз.
- Жеткілікті су мөлшері беріліп жатыр ма, жоқ па, тексеріңіз.
Су жеткізуге арналған жалғағыштағы елек ластанды.
- Су жеткізуге арналған жалғағыштан електі кемпірауыздың көмегімен шығарыңыз.
- Електі су ағысының астында жуып алыңыз.
Құрылғыдағы ауа.
- Құрылғыны желдетіңіз:
а Құрылғыны жалғанған шүмексіз максимум 2 минутқа қосыңыз. b Жоғары тегеурінді пистолетті басыңыз және су көпіршіксіз шықпағанша күтіңіз. с Шүмекті қосыңыз. d Сору жұмыстарын жүргізу кезінде максималды сору биіктігін бақылаңыз (бөлімді қараңыз Техникалық мағлұматтар).
- Жоғары тегеурінді саптаманы тазалау:
а Саптаманың саңылауынан. b Жоғары тегеурінді саптаманы сумен жуып алыңыз.
- Келген судың мөлшерін тексеріңіз.
Құрылғының саңылаулылығы
- Құрылғының шағын саңылаулылығын оның конструкциясы қамтамасыз етеді. Күшті саңылаулылық кезінде авторландырылған сервистік қызметке жүгініңіз.
Жуғыш құрал сіңбейді
Әр елде жергілікті дистрибьюторлар берген кепілдік шарттары қолданылады. Бұйымда материалдық немесе өндірістік ақаулар анықталған жағдайда, ықтимал ақауларды кепілдік мерзімі ішінде ақысыз жөндейміз. Кепілдік мерзіміне қатысты сұрақтарыңыз болса, бұйымды сатқан сауда мекемесіне немесе жақындағы өкілетті қызмет көрсету орнына түбіртекті көрсетіп хабарласыңыз. (Мекенжайы артқы жағында берілген)
Өндірілген күні көрсетілген түр кестесінде шифрланған.
Жеке сандардың мағынасы келесідей болады:
Мысалы: 30190
3 Өндірілген жылы 0 Өндірілген ғасыры 1 Өндірілген онжылдық 9 Өндірілген айының екінші саны 0 Өндірілген айының бірінші саны
Сонымен бұл мысалда 30190 коды 09 / (2)013 өндірілген күнін білдіреді.
Техникалық мағлұматтар
| K 5 Premium Power Control | Power Control | |||
| Электр желісіне косу | ||||
| Кернеу | V | 2 | 3 | 0 |
| Фаза ~ 1 | 1 | |||
| Жилік Hz 50 50 | ||||
| Косылу куаттылығы kW 2,1 2,1 | ||||
| Корғаныс класы | IPX5 | IPX5 | ||
| Корғау класы I | I | |||
| Желіні шамадан тыс жуктелуден корғау (инерциялық) | A | 1 | 0 | 1 |
| Суды косу | ||||
| Енгізу крысымы (макс.) | MPa | 1,2 | 1,2 | |
| Енгізу температурасы (макс.) | °C | 40 40 | ||
| Енгізу саны (мин.) | l/min | 10 | 10 | |
| Сору биіктігі (макс.) | m | 0,5 | 0,5 | |
| Кұрылғының техникалық сипаттамалары | ||||
| Жұмыс крысымы | MPa | 12,5 | 12,5 | |
| Максималды колжетімді крысым | MPa | 14,5 14,5 | ||
| Берілетін мөлшері, су | l/min | 7,5 | 7,5 | |
| Максималды берілген мөлшері | l/min | 8,3 8,3 | ||
| Берілетін мөлшері, жуғыш құралдар | l/min | 0,3 0,3 | ||
| Жоғары тегеурінді пистолеттің кері тебу күші | N | 20 | 20 | |
| Өлшемдері мен салмағы | ||||
| Типтік жұмыс салмағы | kg | 15,8 | 14,8 | |
| Үзындығы | mm | 414 | 402 | |
| Ені | mm | 306 | 306 | |
| Биіктігі | mm | 588 | 588 | |
| EN 60335-2-79 стандартына сәйкес есептелінетін мән | ||||
| Қолдағы дірілдің мәні | m/s 2 | <2,5 | <2,5 | |
| Белгісіздік К | m/s 2 | 0,6 0,6 | ||
| Дыбыс крысымының деңгейі L pA | dB(A) | 76 76 | ||
| Белгісіздік K pA | dB(A) | 3 | 3 | |
| Шу деңгейі L WA + белгісіздік K WA | dB(A) | 92 92 | ||
Техникалық өзгерістер рұқсат етілген.
ЕО стандарттарына сәйкестігі туралы декларация
Осымен төменде көрсетілген машина қауіпсіздік және денсаулық қорғау бойынша ЕО директиваларының талаптарына сәйкес келетінін мәлімдейміз. Бізбен келісусіз машинаның конструкциясы өзгерген жағдайда осы декларация өз күшін жояды.
Бұйым: Жоғарғы қысымды жуғыш
Типі: 1.324-xxx
Қолданыстағы ЕО директивалары
2000/14/EG
2014/30/EU
2006/42/EG (+2009/127/EG)
0 2011/65/EU
Колданылатын біріздендірілген стандарттар
EN 50581
EN 55014-1: 2017
EN 55014-2: 2015
EN 60335-1
EN 60335-2-79
EN 61000-3-2: 2014
EN 61000-3-3: 2013
EN 62233: 2008
Сәйкестікті бағалаудың қолданбалы әдісі
2000/14/EC: V косымшасы
Дыбыс куаттылығының деңгейі дБ(А)
Өлшенді: 89
Кепілдік береді: 92
Қол қойғандар басқарманың тапсырмасы мен
уәкілдігі бойынша әрекет етеді.
H. Jenner
Құжаттаманы жүргізетін уәкілетті тұлға:
C. Райзер (S. Reiser)
Alfred Kärcher SE & Co. KG
Alfred-Kärcher-Str. 28 - 40



