TexStyle 7 SI 7042 - темір BRAUN - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз TexStyle 7 SI 7042 BRAUN PDF форматында.
| Бренд | Braun |
| Модель | TexStyle 7 SI 7042 |
| Өнім түрі | Үтік |
| Қоректену | 220-240 В, 16 А (жерге тұйықтау ашасы бар) |
| Қуат | Шамамен 2400 Вт (жалпы бағалау) |
| Су ыдысының сыйымдылығы | Шамамен 300 мл (бағалау) |
| Табан | 3D дөңгелек (модельге байланысты Saphir немесе Eloxal) |
| Бу реттеу | 1-ден 6-ға дейін үздіксіз, турбо қосуға болады |
| Функциялар | Үздіксіз бу (қалыпты және турбо), бу ағыны, спрей, құрғақ үтіктеу, тамшыға қарсы, автоматты тоқтату |
| Автоматты тоқтату | Көлденең (30 с) / Тік (8 мин) |
| Қауіпсіздік | Автоматты тоқтату, тамшыға қарсы, суға батырмаңыз, қараусыз қалдырмаңыз |
| Ұсынылатын су түрі | Кран суы; егер өте қатты болса, кран суы мен дистилденген судың 50/50 қоспасы |
| Әктен тазарту | Автоматты (бу камерасын тазалау) және клапанды сірке суы немесе лимонмен шайып тастау |
| Табанды тазалау | Eloxal үшін дымқыл шүберек, Saphir үшін темір жүн |
| Күтім | Айына кемінде бір рет әктен тазартыңыз |
| Сым ұзындығы | Шамамен 2 м (бағалау) |
| Салмақ | Шамамен 1,5 кг (бағалау) |
| Өлшемдер (Ұ x Е x Б) | Шамамен 30 x 12 x 15 см (бағалау) |
Жиі қойылатын сұрақтар - TexStyle 7 SI 7042 BRAUN
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы TexStyle 7 SI 7042 BRAUN
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз темір PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз TexStyle 7 SI 7042 - BRAUN және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. TexStyle 7 SI 7042 брендінің BRAUN.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ TexStyle 7 SI 7042 BRAUN
Осы өнімді пайдаланардан бұрын нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Ескертпе

Сактандыру: Ыстық үстілер! Электр үтіктері жоғары температура және ыстық буымен жұмыс істеп, күйіп қалу қауібіне апара алады.
Бұл құрылғыны 8 жастағы және одан асқан балалар және дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері төмен немесе тәжірибесі және білімі жоқ адамдар қадағаланса немесе құрылғыны қауіпсіз жолмен пайдалануға қатысты нұсқаулар алса және байланысты қауіптерді түсінсе пайдалана алады.
Балалар құрылғымен ойнамауы тиіс.
Тазалау және техникалық қызмет көрсету балалар тарапынан бақылаусыз орындалмауы тиіс.
Қолданыс кезінде немесе үтікті суыту кезінде үтіктің сымын балалардың қолы жетпейтін жерге қою керек.
Егер қуатпен қамту сымы зақымдалған болса, жарақатты болдырмау үшін ол өндіруші, оның қызмет көрсету агенті немесе ұқсас өкілеттігі бар тұлғалар тарапынан ауыстырылуы тиіс.
Су құярда бекетті әрқашан қуат көзінен суырыңыз.
Құрылғыны тұрақты беткейде қолданып, тұрақты жерге қою керек.
Үзіліс кезінде үтікті арнайы қойғышына немесе тіреуішіне қойыңыз. Үтік тіреуішін тұрақты беткейге қойыңыз.
Құрылғы қуат көзіне жалғанып тұрғанда, оны бақылаусыз қалдыруға болмайды.
Құрылғыны құлатып алсаңыз, бүліну белгілері айқын көрініп тұрса немесе сұйықтық жылыстаса, қолдануға болмайды. Қуат сымдарының күйін жиі тексеріңіз.
Бұл құрылғы үй шаруасында қолдануға ғана арналған және тағамдарды үй шаруасына қажетті мөлшерде ғана қолдану қажет.
Қуат сымын ыстық заттарға, үтік табанына, суға және үшкір нәрселерге тигізбеген дұрыс.
Розеткаға жалғар алдында, қуат көзінің кернеуі құрылғы түбінде көрсетілген кернеу мәніне сәйкес болуын және розетканың жерге тұйықталуын қадағалаңыз.
Ұзартқыш қолданылғанда, ұзартқыштың күйін тексеріңіз және қуат ашасының жерге тұйықталғанын және құрылғыда көрсетілген қуат мәніне (16А) сәйкес болуын қадағалаңыз.
Үтік те, табаны да өте жоғары температураға жете қызады, сондықтан күйіп қалу қаупі жоғары болады. Қолыңызды тигізбеңіз.
Сипаттамасы
1 Бүріккіш қондырма 2 Су сауытының қақпағы 3 Бүріккіш түйме 4 Бу реттегіші 5 Қарқынды бу жіберу түймесі 6 Қарқынды бу жіберу тетігі 7 Температура реттегіші 8 Температураны басқару шамы 9 Қуат сымы 10 Таяныш 11 Үш өлшемді (3D) үтік табаны
(А) Үтіктеуді бастау
Су сауытына су құю
- Құрылғының өшірулі және ток көзінен ажыратулы екеніне көз жеткізіңіз.
- Үтікті сәл кисайтып тұрып, "max" деңгейінен асырмай, су сауытына су құйыңыз. Егер сіздегі су аса кермек болса, біз 50 % шүмектен аққан су мен 50% тазартылған суды қосып пайдалануды ұсынамыз.
- Абай болыңыз: Тазартылған судың жалғыз өзін ешқашан пайдаланбаңыз. Ешқандай қоспалар қосуға болмайды (мысалы, крахмал). Кір кептіретін машинада жиналған суды қолданбаңыз.
Бумен үтіктеу
- Үтікті таянышына (10) қойыңыз да, токқа жалғаңыз.
- Киімді үтіктеуге жарамды температураны (7) таңдаңыз (таяныштағы киім-кешекке арналған нұсқауларды қараңыз). Үтік қыза бастайды да, үтіктегі температураны басқару шамы (8) жанады. Температура мәндері төмен болған кезде судың жылыстап ағуына жол бермеу үшін тамшылауға қарсы функция автоматты түрде іске қосылады.
- Таңдалған температураға жеткен кезде, температураны басқару шамы сөнеді.
Бу параметрлері:
• Үздіксіз бу (қалыпты)
Бу реттегішті (4) «1» мен «6» аралығындағы ауқымда бұру арқылы бу көлемін таңдаңыз. Әдеттегідей үтіктеу үшін орташа бу параметрін орнатуды ұсынамыз. Тек зығыр, қалың мата немесе джинс мата сияқты қатқыл маталарды үтіктеген кезде ғана ең үлкен бу беру параметрін орнатқан жөн.
Ескертпе: Үтіктеу кезінде бу реттегішін «6» параметрінен асырып бұрмаңыз.
Бу реттегіші «0» мен «6» мәндерінің аралығында тұрғанда, буды барынша көп беріп, аса қатты қыртысталған жерлерді тегістеу үшін қарқынды бу беру түймесін (5) басу арқылы турбо функциясын іске қосуға болады. Қарқынды бу беру түймесін көп дегенде 1 минут басыңыз.
Пайдаланардан бұрын қарқынды бу жіберу тетігін (6) іске қосу үшін оны 3 - 4 рет басыңыз.
Суды қатты қарқынмен беру үшін қарқынды бу беру тетігін бірнеше секунд сайын басыңыз.
Температура таңдау тетігінің ең кіші температура деңгейі – 3 (···).
Үтікті тік қалыпта ұстап, қарқынды бу жіберу тетігін тарту арқылы қарқынды бу жіберу функциясын пайдалануға болады. Бұл функция ілулі тұрған киімнің, перделердің т.с.с. қыртысын кетіру үшін өте пайдалы.
Бүрку функциясы
Бүрку функциясы (3) шығаратын ұсақ су тозаңы матаны біркелкі дымқыл етеді де, қатты матадағы қыртысты үтіктеуді жеңілдетеді.
Құрғақ үтіктеу
Бу реттегіш тетікті (4) «0» қалпына қойыңыз (= бу өшірулі).
Үш өлшемді (3D) үтік табаны
Үш өлшемді үтік табанының бірегей дөңгелек пішіні үтіктелетін бұйымның барлық жерлерінде және барлық бағытта – тіпті кері қарай да жақсы сырғуын қамтамасыз етеді.
(В) Авто өшіру
Үтік табанында шамамен 30 секунд жатқан кезде немесе тіреуіште тігінен шамамен 8 минут тұрған кезде, қауіпсіздік үшін және қуат тұтынуын азайту үшін автоөшіру функциясы автоматты түрде іске қосылады.
- Үтік автоөшіру режимінде болғанда, температураны басқару шамы (8) жыпылықтап тұрады.
- Үтікті қайтадан іске қосу үшін оны алға қарай қозғаңыз.
- Қайтадан үтіктеуге кіріспес бұрын температураны басқару шамы сөнгенше күтіңіз.
(C) Үтіктегеннен кейін
- Үтікті токтан суырыңыз да, су сауытын босатыңыз.
- Үтікті сақтауға қоймас бұрын суытып алыңыз.
(D) Қақтан тазалау
Дайындау
- Бу реттегіш тетікті (4) «0» қалпына (= бу өшірулі) орнатыңыз.
- Су сауытына су құйыңыз.
- Токқа жалғаңыз да, температура таңдау тетігіндегі (7) "max" қалпына температураны орнатыңыз.
- Температураны басқару шамы (8) сөнгенше күтіңіз де, үтікті токтан ажыратыңыз. Үтікті шұңғылшаның үстінде ұстап тұрыңыз.
- Бу реттегішін сағат тілінің бағытымен «6» бу параметрінен асырып бұраңыз. Сырт еткен дыбыс естілгенде, серіппенің ұшы көрінгенше оны тігінен сыртқа қарай тартыңыз. Оны түгелдей алып шығу қажет.
Өздігінен тазару
- Құрылғыны шүңғылшаның үстінде ұстап тұрып әрі-бері қозғаңыз. Бу сауытынан шығатын әк түйіршіктерімен бірге үтік табанынан ыстық су мен бу шығатын болады.
Клапанды жуу
Үтік барынша жақсы жұмыс істеуі үшін қарқынды бу жіберу түймесінің төменгі шетінде орналасқан клапанды мезгіл-мезгіл жуып тұру керек (мысалы, бу шығару жеткіліксіз болған кезде).
- Әк тұрғызбайтын клапанды сірке суына (сірке суының эссенциясына емес) немесе лимон қышқылына кем дегенде 30 минут матырып қойыңыз.
- Шөккен қалдықты щеткамен жинап алыңыз да, ағып тұрған суға жуыңыз.
Бастапқы қалпына келтіру
- Бу реттегішін орнына салыңыз, күшпен төмен басыңыз да, «6» бу параметріне қайтадан бұраңыз.
- Су сауытына қайтадан су құйыңыз.
- Токқа жалғаңыз да, температура таңдау тетігінің көмегімен температураны орнатыңыз.
- Температураны басқару шамы сөнгенше күтіңіз.
Ескертпе: Үтікті бу реттегіш тетіксіз ешқашан да пайдалануға болмайды.
Дүкенде сатылатын әк тазартқыштарды пайдалануға болмайды, олар үтікті бүлдіруі мүмкін.
Ескертпе: Әктен тазарту жиілігі судың кермектік дәрежесіне, пайдаланылатын будың көлеміне және үтіктеу жиілігі мен ұзақтығына байланысты болады. Әктен тазарту процедурасын кем дегенде айына бір рет іске асырған дұрыс болады.
(E) Үтік табанын тазалау
- Тазалаудан бұрын үтіктің өшірілгеніне, токтан ажыратылғанына және әбден суығанына көз жеткізіңіз.
- Saphir үтік табанын тазалау үшін болат жекені пайдаланыңыз. Eloxał үтік табанын тазалау үшін дымқыл шуберекті пайдалануды ұсынамыз. Утік табанының атауы сый қорапта және үтік табанының өзінде басылған.
- Химиялық заттарды, сірке суын немесе қырғыш жәкені (мыс., қатты нейлон матасы бар жеке т.с.с) пайдалануға болмайды.
Шығарылған жылы
Шығарылған жылын белгілеу үшін бұйым такташасындағы 5-сандық шығарушы кодын қараңыз. Шығарушы кодының бірінші саны шығарған жылдың соңғы санын білдіреді. Келесі 2 сандар шығарылған жылдың күнтізбелік апта санын білдіреді. Ал соңғы 2 сандар 1992 жылдан бастап автоматты түрде есептелген басып шығару мерзімін білдіреді. Мысалы: 30421 – Бұйым 2013 жылының 4 аптасында шығарылған.
EAC
| Улгі SI 7042, | SI 7062, SI 7066,SI 7088 |
| Кернеу 220 | - 240 В |
| Герц 50-60 Гц | |
| Ватт 2100-2800 Вт | |
| Сактаушарттары: | температура:+5°C және 45°СЫлғалдылық: < 80% |
Венгрияда жасалған үшін
Германия Заңды өндіруші:
Бұйымды іске пайдалану нұсқаулығына
сәйкес өз мақсатында пайдалану керек.
Бұйымның қызмет мерзімі тұтынушыға
сатылған күннен бастап 2 жылды құрайды.
Ресей, 127055, Москва қаласы,
Сущёвская көшесі, 27/3-үй
(27-үй, 3-құрылым)
| АҚАУЛЫҚ smokeТИМАЛ СЕБЕПТЕРІ ШЕШІМІ | ||
| Үтіктеу кезінде матаға су тамады. | Су сауытының қакпағы дұрыс жабылмаған. | Су сауытының қакпағын үстінен басыңыз да, жабылғанын тексеріңіз. |
| Су сауытына химиялық заттар құйылған | Су сауытына химиялық, заттарды немесе ііссуды құюға болмайды. Су сауытын босатыңыз да, 2-3 рет шайып жіберіңіз. | |
| Бу қосқышы тым ұзак пайдаланылған. | Әр пайдалану арасында бірнеше секунд қүтіңіз. Температура тандау тетігінің кем дегенде·· мәнінде түрғанын тексеріңіз. | |
| Үтіктен бу аз шығады немесе мулде шықпайды. | Су сауыты босап қалған. Су сауытына қайтадан су құйыңыз. | |
| Клапанға тым көп қак жиналған. Клапанды тазалаңыз. | ||
| Температура онша жоғары емес, сондықтан су тамшыламас үшін тамшылатпау функциясы автоматты түрде іске қосылған. | Температура тандау тетігінің кем дегенде·· мәнінде түрғанын тексеріңіз. | |
| Үтіктеген кезде үлпектер мен ұсақ ақ қоксық шығады. | Үтіктің бу сауытының ішінде әк түзілген. | Қақтан тазарту процедурасын орынданыз (бу сауыты мен клапанды тазалаңыз). |
| Бүрку функциясы немесе қарқынды бу жіберу функциясы дұрыс жұмыс істемейді. | Су сауыты босап қалған. Су сауытына қайтадан су құйыңыз. | |
Ескертусіз өзгертілуге жатады.
Құрылғының қызмет мерзімі аяқталғанда, оны тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Құрылғыны Braun компаниясының сервис орталығына немесе өз еліңіздегі тиісті жинау орындарына апару арқылы арылыңыз.
