DBGL5432CN - ас үй желдеткіші ELECTROLUX - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз DBGL5432CN ELECTROLUX PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз ас үй желдеткіші PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз DBGL5432CN - ELECTROLUX және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. DBGL5432CN брендінің ELECTROLUX.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ DBGL5432CN ELECTROLUX
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде орын алған жарақат немесе зақымға өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде сақтаңыз.
1.1 Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігі
- Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен дене, сезім не ақыл-ой қабілеттері шектеулі не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын түсінсе, онда қолдануына болады. 8 жасқа толмаған балалар мен мүмкіндіктері өте шектеулі мүгедек адамдарды басқалар қадағаламаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
- Балалардың құрылғымен ойнамауын қадағалау керек. 136• Барлық орам материалдарын балалардан алыс ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
- Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, балалар мен үй жануарларын алыс ұстаңыз.
- Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
1.2 Жалпы қауіпсіздік
- Бұл құрылғы үйде пештердің, тағам пісіргіштердің және сол тәрізді басқа да пісіру құралдарының үстіне орналастырып қолдануға арналған.
- Бұл құрылғы ішкі ортада бір отбасының тұрмыстық пайдалануына арналған.
- Бұл құрылғыны кеңселерде, қонақүй бөлмелерінде, төсек және таңғы ас қамтамасыз етілетін қонақ бөлмелерінде, ферма үйлерінде және мұндай пайдалану (орташа) тұрмыстық пайдалану деңгейлерінен аспайтын басқа ұқсас тұрғын жайда пайдалануға болады.
- Қандай да бір жөндеу жұмысын орындар алдында құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.
- САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ: Алмалы бөлшектерді пісіру құрылғыларымен бірге пайдаланғанда ысып кетуі
- Құрылғымен бірге жеткізілген бекіту бұрандаларын ғана қолданыңыз, егер жеткізілмесе, орнату нұсқауларында ұсынылған бұрандаларды пайдаланыңыз. Құрылғыны орнату талаптарына сәйкес ыңғайлы және қауіпсіз жерге орнатыңыз.
- ЕСКЕРТУ: Бұрандалар немесе бекіту құрылғысы осы нұсқауларға сәйкес орнатылмаса, ток соғу қауіптеріне әкелуі мүмкін.
- Құрылғыны бекіту үшін желімдерді пайдаланбаңыз.
- Табалар қойылған пештің беті мен құрылғының төменгі бөлігіне дейінгі ең аз қашықтық, пешке немесе 137құрылғыға арналған орнату нұсқауларында өзгеше көрсетілмесе, кем дегенде 65 см болуға тиіс.
- Ауаны шығару жергілікті нормативтік актілердің талаптарына сәйкес келуі керек.
- Газ немесе басқа жанармай қолданатын құрылғылардан, сонымен қатар ашық оттан бөлінетін газдар бөлмеге қайта кірмес үшін, құрылғы орнатылған бөлменің жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз.
- Желдету саңылауларының бітеліп қалмағанын және құрылғы жинаған ауа басқа құрылғылардан келетін түтін мен буды тартатын жүйеге (орталықтан жылыту жүйелері, термосифондар, су жылытқыштар және т.б.) тасымалданбағанын тексеріңіз.
- Құрылғы басқа құрылғылармен бірге іске қосылғанда, бөлмедегі ең үлкен вакуум 0,04 мбар-дан аспау керек.
- Егер қуат cымы зақымдалса, ток соғу қаупін болдырмау үшін, оны өндіруші немесе оның уәкілетті қызмет көрсету орталығы не сол сияқты білікті маман ауыстыруы тиіс.
- Егер сым жинағы зақымдалса, оны өндірушіден немесе оның уәкілетті қызмет көрсету орталығынан алуға болатын арнайы сым жинағына ауыстыру керек.
- Құрылғы қуат көзіне тура қосылған болса, құрылғыны электр желісінің барлық полюстерінен ажыратуға мүмкіндік беретін тұйықтағыш құрылғымен жабдықталуы керек. Тоқтан толық айыру жұмыстарын III-ші асқын кернеу санатында көрсетілген жағдайларға сай іске асыру керек. Ажырату құралын сымдарды өткізу ережелеріне сай бекітілген сымдарға біріктіру керек.
- Құрылғының астына фламбе тәсілімен ас пісіруге
- Қауіпті немесе жарылғыш материалдарды және буларды пайдаланбаңыз.
- Құрылғының бетіндегі материалдың сапасы түспес үшін жұмсақ шүберекпен мезгіл-мезгіл тазалаңыз. 138• Құрылғының бетін тазалау үшін бумен тазалау құралын, сулы спрейді, қатты жеміргіш заттарды немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз. Бейтарап жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.
- Өрт шықпас үшін май жинайтын сүзгілерді (кемінде 2 айда бір рет) және құрылғыға жиналған майларды
- Құрылғының ішін шүберекпен тазалаңыз.
2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
Жарақат алу, электр қатері, күйіп қалу, өрт қаупі, құрылғыны бүлдіріп алу қаупі
- Осы құрылғыны тек білікті маман ғана орнатуға тиіс.
- Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.
- Құрылғымен бірге жеткізілген орнату нұсқауларын орындаңыз.
- Құрылғы ауыр болғандықтан, орнынан жылжытқан кезде әрқашан абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
- Құрылғыны орнатпас бұрын барлық орам материалдарын, жапсырмасын және қорғаныш үлдірін алыңыз.
- Ауа тартқыш құрылғыны, егер қабырға орнатуға арнайы рұқсат берілмесе, онда орнатпаңыз.
2.2 Электртоғына қосу
Өрт және электр қатеріне ұшырау қаупі
- Электртоғына қосу жұмыстарының барлығын білікті электрші ғана іске асыруы керек.
- Техникалық ақпарат тақтасындағы параметрлердің негізгі қуатпен жабдықтау желісіндегі электр параметрлеріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
- Егер ( ) белгішесі техникалық ақпарат тақтайшасында жазылмаса, құрылғыны жерге тұйықтау қажет.
- Әрқашан дұрыс орнатылған, соққыға төзімді розетканы қолданыңыз.
- Электр сымдарының оратылуына жол
- Көп тармақты адаптер мен ұзартқыш сымды қолданбаңыз.
- Егер розетка бекітілмеген болса, ашаны жалғамаңыз.
- Құрылғыны ажырату үшін электр сымынан тартпаңыз. Әрдайым қорек ашаны қолмен тартып шығарыңыз.
- Ток жүріп тұрған және гидроизоляциясы бар бөлшектерді электр қатерінен қорғау үшін құралсыз алынбайтын етіп мықтап орнату керек.
- Құрылғының дұрыс орнатылғаныа көз жеткізіңіз. Бос әрі дұрыс емес электр желісінің сымы ағытпаны тым ысытып жіберуі мүмкін.
- Құрылғыны орнатқаннан кейін қосыңыз. Орнатып болғаннан кейін электр желісіне қол жеткізуге болатынына көз жеткізіңіз.
Жарақат алу, күйіп қалу, электр қатеріне ұшырау қаупі бар. 139• Бұл тек тағам пісіруге арналған құрылғы. Құрылғыны басқа мақсатта қолданбаңыз.
- Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз.
- Құрылғыны дымқыл қолдармен немесе суға тиіп тұрғанда пайдаланбаңыз.
- Тек құрылғымен бірге қамтамасыз етілген аксессуарларды ғана пайдаланыңыз.
- Тамақты тоңмайға немесе майға пісіріп, қуырғанда қызған заттарды немесе оттың жалынын алыс ұстаңыз.
- Ашық электр грильдерін пайдаланбаңыз.
- Құрылғыны сақтау орны үшін пайдаланбаңыз.
- Құрылғының жарығына тікелей қарау үшін үлкейткіш әйнекті, дүрбіні немесе басқа да оптикалық құралдарды пайдаланбаңыз.
- Егер құрылғы басқа құрылғылармен жұмыс істесе, ең көп түзілетін қысым 4 Па (4x10–5 бар) шамасынан аспауы
- Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Тек ғана фирмалық қосалқы бөлшектерді қолданыңыз.
- Осы өнімнің ішіндегі шам(дар) мен шамдардың қосалқы бөлшектері жеке сатылады: Бұл шамдар температура, діріл, ылғалдылық сияқты төтенше физикалық жағдайларға тұрмыстық құрылғылардың қарсы тұруына немесе құрылғының жұмыс жағдайы туралы сигнал беруге арналған. Олар басқа қолданбаларда пайдалануға арналмаған және тұрғын үйлерді жарықтандыруға сәйкес келмейді.
Жарақат алу немесе тұншығып қалу
- Құрылғыны утилизациялау жолы туралы ақпарат алу үшін муниципалды органға хабарласыңыз.
- Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
- Құрылғыға жақын орналасқан электр сымын кесіп, қоқысқа тастаңыз.
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
3.1 Орнату нұсқаулары
Құрылғыны орнату туралы толық ақпарат алу үшін жеке ұсынылған орнату кітапшасын қараңыз. 1404. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
4.1 Басқару панеліне шолу
Hob²Hood Ауа тартқыш құралын пеш арқылы басқару функциясыныңиндикаторы. Шам Шамдарды қосу және сөндіру. Бірінші жылдамдық / Өшіру Қозғалтқыш бірінші жылдамдық деңгейіне ауысады. Екінші ретбасқанда құрылғы сөнеді. Екінші жылдамдық Қозғалтқыш екінші жылдамдық деңгейіне ауысады. Үшінші жылдамдық Қозғалтқыш үшінші жылдамдық деңгейіне ауысады. Ең жоғарғы жылдамдық Қозғалтқыш ең жоғарғы жылдамдық деңгейіне ауысады. Сүзгі туралы ескерту Көмір сүзгісін ауыстыру не тазалау және май сүзгісін тазалауқажет екенін еске салады.
5.1 Ауа тартқыш құралды
Төмендегі кестеге сәйкес ұсынылған жылдамдықты тексеріңіз. Тамақты жылытқанда, қақпақ жабылған ыдысты қолданыппісіргенде.Бірнеше оттықтарда немесе пісіру алаңдарында қақпағы жабықыдыста тамақ пісіргенде, баппен қуырғанда.Қайнап жатқан кезде, көп мөлшердегі тағамдарды қақпақсызыдыста қуырғанда, бірнеше пісіру алаңдарында не оттықтардапісіргенде.Қайнатқанда, үлкен мөлшердегі тағамдарды қақпақсызқуырғанда, сұйықтық көп болса. Ауа тартқыш құрал ең жоғарғыжылдамдықта жұмыс істейді. 6 минуттан кейін құрылғыалдыңғы параметрлерге қайта оралады. 141Тағамды пісіргеннен кейін ауа тартқыш құралды шамамен 15 минут қосып қоюға кеңес беріледі. Ауа тартқыш құралды іске қосу үшін:
1. Құрылғыны қосу үшін бірінші
жылдамдық түймесін басыңыз.
2. Қажет болса, пісіру алаңын
жарықтандыру үшін шам түймесін
3. Керек болса, қажетті түймені басып,
жылдамдықты өзгертіңіз. Құрылғыны сөндіру үшін бірінші
түймесін қайта басыңыз.
5.2 Hob²Hood функциясы
Бұл пешті ауа тартқыш құралға жалғайтын автоматты функция. Пеш пен ауа тартқыш құрал екеуі де инфрақызыл сигнал коммуникаторымен жабдықталған. Желдеткіштің жылдамдығы режим параметрі мен пеш үстіндегі ең ыстық ыдыстың температурасы бойынша автоматты түрде анықталады. Сондай-ақ пешті қолмен басқарып ауа тартқышты қоса аласыз. Бұл функцияны пештің панелі арқылы іске қосуға болады. Функцияны пайдалануға қатысты толық ақпаратты пеш үстінің пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
5.3 Сүзгі туралы хабарландыру
Сүзгінің ескерту сигналы көмір сүзгісін ауыстыру не тазалау және май сүзгісін тазалау қажет екенін еске салады. Май сүзгісін тазалау керек болса, сүзгінің индикаторы түстермен 30 секунд бойы жанады. Көмір сүзгісін ауыстыру не тазалау қажет болса, сүзгінің индикаторы түстермен 30 секунд бойы жыпылықтайды. «Күтім көрсету және тазалау» тарауындағы «Май сүзгісін тазалау» тармағын қараңыз. Күтім мен тазалау тарауында көмір сүзгісін тазалау немесе көмір сүзгісін ауыстыру туралы қараңыз. Функцияны қалпына келтіру үшін түймесін 3 секунд бойы басыңыз. Функцияны белсендіру немесе ажырату
1. Функцияны белсендіру үшін
3 секунд бойы басыңыз. Егер функция белсендірілсе, индикаторы түсте екі рет жыпылықтайды.
2. Функцияны ажырату үшін түймесін
3 секунд бойы басыңыз. Егер функция ажыратылса, индикаторы түсте бір рет жыпылықтайды.
5.4 Қашықтан басқару құралы
Құрылғы қашықтан басқару құралымен жабдықталған. Қашықтан басқару құралын сатып алу үшін жергілікті жабдықтаушыға хабарласыңыз. Әдетте қосылып тұрады. Қашықтан басқару құралын қосу немесе ажырату үшін:
1. Құрылғыны өшіріңіз.
белгішесін 3 секунд басыңыз. Басқару панелінің индикаторы функция қосулы болса екі рет, өшірулі болса бір рет жыпылықтайды. 1426. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
6.1 Тазалауға қатысты ескерім
Жуғыш заттар Жеміргіш жуғыш заттарды және шөткелеррді пайдаланбаңыз. Құрылғының алдыңғы жағын жұмсақ жуғыш зат қосылған жылы суға батырылған жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Тағам пісіргеннен кейін құрылғының кейбір бөліктері ысып кетуі мүмкін. Дақты болдырмас үшін құрылғыны суытып, таза шүберекпен немесе қағаз сүлгімен құрғату
Дақтарды жұмсақ жуғыш затпен тазалаңыз. Ауа тартқыш құралды таза
Құрылғыны және май сүзгілерін ай сайын тазалаңыз. Құрылғының ішін және май сүзгілерін майдан тазартыңыз. Май жиналғанда немесе басқа қалдық жиналса, өрт қаупін тудыруы мүмкін. Сүзгінің хабарлама сигналы қосулы кезде керек-жарақтарды тазалау нұсқауларын орындаңыз. Сүзгі туралы хабарламаны күнделікті пайдалану тарауынан қараңыз. Майды сүзгілерін ыдыс жуғыш машинада жууға болады. Ыдыс жуғыш машинаға төмен температура және қысқа цикл орнату керек. Май сүзгісінің түсі өзгеруі мүмкін, бұл құрылғының жұмыс істеуіне әсер етпейді. Көмір сүзгісі Көмір сүзгісінің толу уақыты тағам пісірудің түрі мен май сүзгісінің қаншалықты жиі тазаланғанына байланысты болады. Белсендірілген көмір сүзгісін жууға болмайды, қалпына келтіруге болмайды және қолданылуына байланысты әр 4/6 ай сайын немесе қолданылу жиілігіне байланысты ауыстыру керек.
6.2 Май сүзгісін тазалау
Сүзгілерді орнату үшін қарама-қарсы жақтарында қысқыштар мен қадауыштар пайдаланылған. Сүзгіні тазалау үшін:
1. Ауа тартқыш құралдың астындағы сүзгі
панеліндегі монтаждау қысқышының ұстағышын басыңыз (1).
2. Сүзгінің алдыңғы жағын төмен қарай
аздап еңкейтіңіз (2), содан кейін
Барлық сүзгілер үшін алғашқы екі қадамды қайталаңыз.
3. Сүзгілерді жеміргіш емес жуғыш
заттарды қолданып жөкемен немесе ыдыс жуғыш машинамен тазалаңыз. Ыдыс жуғыш машинаға төмен температура және қысқа цикл орнату керек. Май сүзгісінің түсі өзгеруі мүмкін, бұл құрылғының жұмыс істеуіне әсер етпейді.
4. Сүзгіні қайта орнына қою үшін алғашқы
екі қадамды керісінше орындаңыз. Қажет болса, барлық сүзгілер үшін қадамдарды қайталаңыз. 1436.3 Көмір сүзгісін ауыстыру
Көмір сүзгісін жууға болмайды! Сүзгіні ауыстыру үшін:
1. Май сүзгілерін құрылғыдан алыңыз.
Осы тараудағы "Май сүзгілерін тазалау" бөлімін қараңыз.
2. Алдыңғы жақтауды сүзгінің төменгі
бөлігіндегі саңылауға қарай басыңыз. Сүзгінің алдыңғы жағын төмен қарай аздап еңкейтіңіз.
3. Жаңа сүзгіні орнату үшін осы
қадамдарды керісінше орындаңыз. Кез-келген жағдайда сүзгілерді кем дегенде төрт ай сайын ауыстыру керек.
Бұл құрылғы ЖШД шамымен және бөлек іске қосу құралымен (ЖШД драйвері) жабдықталған. Бұл бөлшектерді техник қана ауыстыра алады. Ақаулық орын алған жағдайда "Қауіпсіздік нұсқаулары" тарауындағы "Қызмет көрсету" бөлімін
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
7.1 Не істерсіз, егер...
Ақаулық Ықтимал себептері Шешім Құрылғыны іске қоса алмадыңыз. Құрылғы қуат көзіне қосылған жоқ немесе теріс қосылған. Құрылғының электр көзіне дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз. Құрылғыны іске қоса алмадыңыз. Сақтандырғыш жанып кеткен. Ақаулыққа сақтандырғыштың себеп болмағанын тексеріңіз. Сақтандырғыш қайта-қайта жанып кетсе, білікті электршіге хабарласыңыз. Шам жанбайды. Шамда ақау бар. Шамды ауыстырыңыз. "Күтіп ұстау және Тазалау" тарауын
Құрылғы буды жеткілікті түрде
Қозғалтқыш жылдамдығы пайда болған буларға сәйкес келмейді. Қозғалтқыштың жылдамдығын өзгертіңіз. 144Ақаулық Ықтимал себептері Шешім Сүзгінің ескерту сигналының индикаторы қосулы. Сүзгінің ескерту сигналы қосулы. Май сүзгісін тазалау керек немесе көмір сүзгісін ауыстыру немесе тазалау керек. Сүзгі туралы ескертуді "Күнделікті пайдалану" тарауынан қараңыз.
8. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР
Белгі салынған материалдарды қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін тиісті контейнерлерге салыңыз. Электрлік және электроникалық құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден өткізу арқылы, қоршаған ортаға және адамның денсаулығына зиын келтіретін жағдайларға жол бермеуге өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі салынған құрылғыларды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Өнімді жергілікті қайта өңдеу орталығына өткізіңіз немесе жергілікті мекемеге хабарласыңыз. 145Sveiki atvykę į „Electrolux“ pasaulį! Dėkojame, kad išsirinkote mūsų prietaisą. Čia rasite naudojimo patarimų, brošiūrų, informacijos apie trikčių šalinimą,aptarnavimą ir remontą:www.electrolux.com/supportGalimi pakeitimai. TURINYS
Notice-Facile