LM30214A - Блендер MOULINEX - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз LM30214A MOULINEX PDF форматында.
| Өнім түрі | Араластырғыш (диірмендермен) |
| Бренд | Moulinex |
| Модель | LM30214A |
| Араластырғыш ыдысының сыйымдылығы (қою қоспалар) | 1,25 л |
| Араластырғыш ыдысының сыйымдылығы (сұйықтықтар) | 1 л |
| Араластырғыш ыдысының материалы | Модельге байланысты шыны немесе пластмасса |
| Жылдамдықтар | Импульстік функциямен айнымалы |
| Ең ұзақ пайдалану уақыты (араластырғыш) | 3 минут |
| Қосалқы керек-жарақтар | Араластырғыш ыдысы, қақпағы, өлшеуіш тығыны, дәмдеуіштер диірмені (модельге байланысты) |
| Қауіпсіздік блокадасы | Иә (ыдыс және қосалқы керек-жарақтар) |
| Тұтқаның орналасуы | Оң немесе сол |
| Тығыздау сақинасы | Иә, араластырғыш ыдысы мен диірмендер үшін |
| Қозғалтқыш блогын тазалау | Тек ылғалды шүберекпен |
| Шыны ыдысты тазалау | Ыдыс жуғыш машина, эко бағдарлама |
| Пластмасса ыдысты тазалау | Ыдыс жуғыш машинаға жарамсыз |
| Қосалқы керек-жарақтарды (диірмендерді) тазалау | Ыдыс жуғыш машинаға жарамсыз |
| Жөндеу мүмкіндігі | Лицензияланған қызмет көрсету орталығы |
| Қуат көзі | 220-240 В, 50/60 Гц |
Жиі қойылатын сұрақтар - LM30214A MOULINEX
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы LM30214A MOULINEX
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Блендер PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз LM30214A - MOULINEX және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. LM30214A брендінің MOULINEX.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ LM30214A MOULINEX
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
A Қозғалтқыш блогі, B Жылдамдықты ауыстырып-қосқыш, C Жинақтағы блендер:
- c1 Пышақ блогі
- c2 Төсем сақинасы
- c3 Межесі бар құмыра
- c4 Қақпақ
- c5 Мөлшерлегіш қалпақша
D Көктерге арналған ұсақтағыш (*керек-жарақтардың бар болуы үлгіге байланысты)
- d1 Төсем сақинасы
- d2 Көктерге арналған ұсақтағыш пышағының блогі
E Дәмдеуіштерге арналған үнтақтағыш (*керек-жарақтардың бар болуы үлгіге байланысты)
- e1 Төсем сақинасы
- e2 Дәмдеуіштерге арналған пышақтың блогі
F Дәмдеуіштерге арналған үнтақтағыштың және көктерге арналған ұсақтағыштың сыйымдылығы
Құрылғының сатып алған үлгісімен бірге жеткізілетін керек-жарақтардың тізімі қаптаманың жоғарғы бөлігінде көрсетілген.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: осы қауіпсіздік бойынша нұсқаулық құрылғының бөлігі болып табылады. Құрылғыны алған қолданудан бұрын нұсқаулықпен мұқият танысып шығыңыз. Нұсқаулықпен кез келген уақытта салыстыру үшін оны қолжетімді жерде сақтаңыз.
ҚОРҒАНЫШ БҰҒАТТАЛУ
- Тек егер құмыра (С) немесе керек-жарақтар (D немесе Е) дұрыс орналасып, қозғалтқыш блогінде (А) бұғатталған
жағдайда ғана құрылғы жұмыс істей алады.
АЛҒАШ ҚОЛДАНУ
- Құрылғыны алғаш қолданар алдында қозғалтқыш блогінен (А) басқа, барлық керек-жарақтарды (С, Д, Е, F) сабынмен жылы суда жуыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Пышақтар өте өткір; құрылғыны қолдану және жуу барысында оларды сақтықпен пайдаланыңыз.
- Құрылғыны алғаш қолданудан бұрын барлық қаптаманың алынғанына көз жеткізіңіз.
- Маңызды ескерту. Құмыраны немесе керек-жарақтарды орнатудан бұрын жылдамдықты ауыстырып-қосқышты (В) "0" жағдайына қойыңыз.
- Құрылғы тек құмыра немесе керек-жарақтар дұрыс орнатылып, онда бұғатталған кезде ғана жұмыс істейді.
- Қақпағы жабылмаған блендерді пайдаланбаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ПАЙДАЛАНУ
- Төсем сақинасын (с2) сулаңыз және оны қозғалтқыш блогіне (с1) тиесілі түрде орнатыңыз: егер сақинада үш қатпар көрінсе, онда сақина дұрыс орнатылған. Егер ол басқаша орнатылса, құмырада пышақтың блогін бұғаттау мүмкін болмайды. (1 сур.)
- Құмыраның (с3) түбіне жиналған құрылымды (с1+с2) орнатыңыз. Пышақ блогін сағат тіліне қарама қарсы бағытта бір ширек айналымға бұрау арқылы бұғаттаңыз. (2 сур.)
- Құрам бөлшектерді қоса ұсынылған құмыраға ең үлкен рұқсат етілген деңгейден асырмай салыңыз:
* сұйықтықтар үшін 1 л
- Қақпақты (С4) құмырада бекітіңіз. Мөлшерлегіш қалпақшаны (С5) қақпақтағы ойыққа орнатыңыз.
- Блендердің жиналған құмырасын (С) қозғалтқыш блогіне (А) орналастырыңыз. Қызыл түсті құлыптың (ашық) белгісі қозғалтқыш блогіндегі ойықтың орналасуымен үйлесуі керек. (3-сурет, 1-жағдай).
- Енді блендер құмырасын (С) бір ширек айналымға жасыл түсті құлыптың (жабық) белгісі пайда болғанша бұраңыз. (3-сурет, 2-жағдай).
- Құмыраны екі жағдайда орналастыруға болады: қозғалтқыш блогінен сабы сол жақта немесе оң жақта.
- Блендерді қатарынан 3 минуттан артық қолданбаңыз.
- Көкке арналған ұсақтағыштың (D) көмегімен пияз, сарымсақ, ет (алдын ала бөлшектеп туралған) және кептірілген жемістер сияқты өнімдерді бірнеше секунд ішінде ұсақтауға, кепкен нан дайындауға болады.
- Көкке арналған ұсақтағышты сұйық қоспаларды (жеміс шырындарын және т.б.) дайындау барысында қолданбаңыз.
- Дәмдеуіштерге арналған ұнтақтағыштың көмегімен кориандрдың дәндерін, бұрыштың бұршақтарын және т.б. бірнеше секунд ішінде ұнтақтауға болады.
- Осы керек-жарақтар сыйымдылықпен (F) жабдықталған, сондықтан қолдану барысында пышақтарға қол тигізуі мүмкін емес.
- Сыйымдылықты (F) аударыңыз және құрам бөлшектерді төгіңіз.
- Төсем сақинасын (d1) немесе (e1) пышақ блогіндегі (d2 немесе e2) сәйкес ойыққа орналастырыңыз. (4-сурет). Құмырадағы және пышақ блогіндегі сәйкес таңбаларды үйлестіру арқылы пышақ блогін қойыңыз. Пышақ блогін сағат тіліне қарама-қарсы бағытта бір ширек айналымға бұрау арқылы бұғаттаңыз. (5-сурет).
Абай болыңыз! Егер сыйымдылық дұрыс бекітілмесе, ішіндегілері ағып кетуі мүмкін.
- Жиналған құрылымды (D немесе E) бұраңыз және оны қозғалтқыш блогіне орналастырыңыз. Қызыл түсті құлыптың (ашық) бейнесі қозғалтқыш блогіндегі ойықтың орналасуымен үйлесуі керек. (6 сур. — 1 жағдай).
- Енді жиналған құрылымды (D немесе E) бір ширек айналымға жасыл түсті құлыптың (жабық) бейнесі пайда болғанша бұраңыз. (6 сур. — 2 жағдай).
- Құрылғыны электр желісіне жалғаңыз және жылдамдықты ауыстырып-қосқышты (В) сәйкес жағдайға қойыңыз немесе бірнеше соққы жасаңыз. Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде сыйымдылықты (F) ұстап тұрыңыз.
Құрылғының жұмысын тоқтату үшін жылдамдықты ауыстырып-қосқышты (В) "О" жағдайына ауыстырыңыз.
- Сыйымдылықты қызыл түсті құлыптың (ашық) бейнесі пайда болғанша сағат тіліне қарсы бағытта бір ширек айналымға бұрау арқылы бұғаттан шығарыңыз. Жиналған құрылымды (D, E) қозғалтқыш блогінен алыңыз.
Пышақ блогін (d2, e2) сыйымдылықтан (F) алу үшін оны жұмыс бетінде бұраңыз – бөлшектеуді кері тәртіпте жүргізіңіз.
Енді дайын болған өнімді сыйымдылықтан алуға болады.
* Кейбір өте қатты құрам бөліктерді (қалампыр, даршын және т.б.) ұсақтағаннан кейін сыйымдылықтың түсі өзгеруі мүмкін.
| Құрам бөліктер | Мөлшері (ең көп) | Жұмыс істеу уақыты | Керек-жарак |
| Өріктер | 40 г | 3 с / 2 жылдамдық | D |
| Қепкен нан 1 кепкен нан | серпілісті режимде 10 с | D | |
| Пияз 60 г 6 с / 1 жылдамдық | D | ||
| Бадам / орман жаңғақтары 60 г | серпілісті режимде 30 с | D | |
| Ақжелкен / күнзе 10 г Соққылақмен | D | ||
| Кориандр дәндәрі 40 г 30 с / 2 жылдамдық | E |
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ТАЗАЛАУ
- Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз және барлық керек-жарақтарды ажыратыңыз.
- Оларды сақтықпен қолданыңыз: блендер құмырасында және басқа керек-жарақтардағы пышақтар өте өткір.
- Құмыраны алыңыз және оны және қақпақты ағып тұрған су астында жуыңыз.
- Қозғалтқыш блогін (А) тазалау үшін ылғал шүберекті қолданыңыз. Мұқият кептіріңіз.
- Қозғалтқыш блогін (А) ағып тұрған су астына салмаңыз.
- Құрылғының алынбалы бөлшектерін қолданып болғаннан кейін бірден сабын қосылған жылы суда жуған оңайырақ болады.
- Блендердің құмырасын (С) жууды ыңғайлы ету үшін пышақ блогін (с1) сағат тіліне қарама-қарсы бағытта бір ширекке бұрау арқылы оны ажыратыңыз. Төсем
сақинасын (с2) алыңыз, барлық бөлшектерді ағып тұрған су астында немесе ыдыс жуатын машинада жуыңыз.
- ШЫНЫ ҚҰМЫРАСЫ БАР НҰСҚА (үлгіге байланысты):
- Шыны құмыраны (С) «ECO» немесе «ЖЕҢІЛ ЛАСТАНУ» бағдарламаларын қолдану арқылы ыдыс жуатын машинада жууға болады. Керек-жарақтарды (D, E) ыдыс жуатын машинада жууға болмайды.
- ПЛАСТИК ҚҰМЫРАСЫ БАР НҰСҚА (үлгіге байланысты):
Пластик құмыра (С) мен керек-жарақтарды (D, E) ыдыс жуатын машинада жууға болмайды.
ЕГЕР ҚҰРЫЛҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕМЕСЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
| АКАУЛАР СЕБЕПТЕР ШЕШІМДЕР | ||
| Бүйым жұмыс істемейді | Ол электр желісіне жалғанбаған | Құрылғыны сәйкес кернеуі бар электр розеткасына қосыңыз. |
| Құмыра немесе керек-жарактар дұрыс орналаспаған немесе қөзғалтқыш блогінде бұғатталмаған | Құмыраның немесе керек-жарактардың тиесілі түрде орналасқанына және қөзғалтқыш блогінде осы нұсқаулықтағы суретке сәйкес бұғатталғанына көз жеткізіңіз. | |
| Қатты діріл | Бүйым тегіс емес бетте орналасқан | Бүйымды тегіс бетке орналастырыңыз. |
| Құрам бөлшектердің өте көп мөлшері | Өнделетін Құрам бөліктердің, мөлшерін азайтыңыз. | |
| Қақпағынан ағады | Құрам бөлшектердің өте көп мөлшері | Өнделетін Құрам бөліктердің, мөлшерін азайтыңыз. |
| Қақпак дұрыс орнатылмаған | Қақпақты блендер Құмырасында тиесілі түрде бұғаттаңыз. | |
| Блендер Құмырасының түбінен ағады | Құмыраның төсем сақинасы (с2) дұрыс орнатылмаған немесе ол жоқ. | Төсем сақинасын тиесілі түрде орнатыңыз және пышақ ұстағышын бұғаттаңыз. |
| Керек-жарактың түбінен ағады. | Пышақ блогінің төсем сақинасы (d2) немесе (e2) дұрыс орнатылмаған немесе ол жоқ. | Төсем сақинасын пышақ блогінде (d2) немесе (e2) тиесілі түрде орналастырыңыз және оны сыйымдылықта (F) бұғаттаңыз. |
| Пышақ кушпен айналады | Өнімдердің бөліктері өте үлкен немесе өте қатты | Бөліктердің өлшемін кішірейтіңіз немесе өнделетін Құрам бөліктердің, мөлшерін азайтыңыз. Сұйықтықты қосыңыз. |
| Пышақ блогін және төсем сақинасын (с1+с2) Құмырада (с3) бұғаттау мүмкін емес | Төсем сақинасы (с2) тиесілі түрде орнатылмаған. | Төсем сақинасын 1 суретке сәйкес тиесілі түрде орнатыңыз. |
Блендер бұрынғысынша жұмыс істемей ме?
Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз (тізімді қызмет көрсету кітапшасынан қараңыз). Блендерді дилерден немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығынан сатып алуға
болатын келесі керек-жарақтармен толықтыруға болады: Көкке арналған ұсақтағыш (D), дәмдеуіштерге арналған ұнтақтағыш (E), блендердің қосымша құмырасы (C).