BOSCH

GST 18VLI S - Ара BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GST 18VLI S BOSCH PDF форматында.

📄 279 бет PDF ⬇️ Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы 🖨️ Басып шығару
Notice BOSCH GST 18VLI S - page 161
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : GST 18VLI S

Санат : Ара

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Ара PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GST 18VLI S - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GST 18VLI S брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GST 18VLI S BOSCH

Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана жарамды болады. Iстен шығу себептерінің тізімі – қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз – тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз Пайдаланушының мүмкін қателіктері – тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз Шекті күй белгілері – тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі – Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.

– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ15150-69 (шарт1) құжатын қараңыз – +5-ден +40°C-қа дейін температурасында қоймада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы ылғалдылық 80% -дан аспауы тиіс.

– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ15150-69 (5шарт) құжатын оқыңыз – Қоршаған орта температурасы −50°С-тан +50°С-қа дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы ылғалдылық 100%-дан аспауы тиіс. Қауіпсіздік нұсқаулары Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік

Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді, нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау тоқтың соғуына, өрт және/ немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған Электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар. Жұмыс орнының қауіпсіздігі u Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. u Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құрал ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы

u Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алданулар бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. u Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы бар өндірістік аймақтарында жұмыс істеу үшін

Bosch Power Tools 1 609 92A 861 | (21.07.2022)162 | Қазақ Электр қауіпсіздігі u Электр айырлары розеткаға сай боулы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай тәрізде өзгертпеңіз. Жерге косылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. u Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса жоғары тоқ соғу қауіпі пайда

u Электр құралдарды жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе тоқтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстамаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендейді. u Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған тоқ желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендетеді. Жеке қауіпсіздік u Электр құралды пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралды шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі

u Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанбайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтары тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды

u Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. u Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. u Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақытылқты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. u Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді киймеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. u Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берліген болса, онда олар қосулы болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемейтеді. u Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. u НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. u Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады. u Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі. u Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе электр құралын пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды пайдаланбауы тиіс. Электр құралдарын пайдалану және күту u Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. u Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет

u Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр 1 609 92A 861 | (21.07.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 163 құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. u Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті

u Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. u Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. u Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану

u Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді. Батарея құралын пайдалану және күту u Тек өндіруші сипаттаған зарядтағышмен қайта зарядтаңыз. Батарея жинағының бір түріне сай зарядтағыш басқа батарея жинағымен қолдануда өрт қауіпіне адып келуі мүмкін. u Электр құралдарын тек арнайы тағайындалған батарея жинақтарымен пайдаланыңыз. Кез келген басқа батарея жинақтарын пайдалану жарақаттану мен өрт қауіпіне алып келеді. u Егер батарея жинағы қолдануда болмаса, оны түйреуіш, тиын, кілт, шеге, бұранда немесе басқа кіші метал заттардан ұстаңыз, олар бір терминалдан басқасына байланыс жасауы мүмкін. Батарея терминалдарын қосу күйік немесе өртке алып келуі мүмкін. u Дұрыс емес пайдалануда батареядан сұйықтық ағуы мүмкін, оған тимеңіз. Егер тиіп қалсаңыз, сумен шайып тастаңыз. Егер сұйықтық көзге тисе дәрігерге хабарласыңыз. Батареядан шаққан сұйықтық қозу немесе күйіктерге алып келуі мүмкін. u Зақымдалған немесе өзгертілген батарея жинақтарын пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе өзгертілген батареялар өртке, жарылуға немесе жарақаттуға алып келуі мүмкін кездейсоқ әрекеттерге алып келуі мүмкін. u Батарея жинағын немесе құралын өртке немесе қатты температураға салдырмаңыз. 130°C жоғары температураларда жарылыс болуы мүмкін. u Барлық зарядтау нұсқауларын орындап батарея жинағын нұсқауларда белгіленген температура ауқымынан тыс жағдайда зарядтамаңыз. Дұрыс емес зарядтау немесе белгіленген ауқымнан тыс температурада зарядтау батареяны зақымдап өрт қауіпін жоғарылатуы мүмкін. Қызмет көрсету u Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз

u Зақымдалған батарея жинақтарын ешқашан пайдаланбаңыз. Батарея жинақтарын тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету жабдықтаушысы арқылы орындалуы мүмкін. Жұқа аралар бойынша қауіпсіздік нұсқаулықтары u Кесетін керек-жарақтан жасырын сымдарға тиюі мүмкін әрекеттерді жасаған кезде электр құрылғы оқшауланған ұстау жайынан ұстаңыз. Егер кесуші аспап істеп тұрған сымға тисе электр құралының метал бөлшектерін істетіп пайдаланушыны тоқ соғуы мүмкін. u Дайындаманы тұрақты ретте ұстау үшін бекіту және тіреу үшін қамыт немесе басқа жолын пайдаланыңыз. Дайындаманы қолмен немесе денеге тіреп ұстау оны тұрақты емес қылып бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. u Қолыңызды аралау аймағынан қашық ұстаңыз. Дайындама астына тимеңіз. Ара полотносына тию жарақаттану қаупін тудырады. u Электр құралын дайындамаға тек қосулы күйде апарыңыз. Әйтпесе электр құралы дайындамаға ілініп кері соғу қаупі пайда болады. u Аралауда тіреу тақтасының тұрақты тұруына көз жеткізіңіз. Қисайған ара полотносы сынуы немесе керу соғуға алып келуі мүмкін. u Жұмысты аяқтағаннан соң электр құралын өшіріп, ара полотносы тоқтағаннан соң ғана оны кесіктен шығарыңыз. Осы арқылы кері соғудан сақтанып, электр құралының қауіпсіздігін қамтамасыз етесіз. u Электр құралын жерге қоюдан алдын оның тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін. u Бұзылмаған мінсіз ара полотносын пайдаланыңыз. Кисайған немесе өтпес ара полотнолары сынуы, кесікті зақымдауы немесе кері соғуды тудыруы

u Ара полотносын өшіргеннен соң бүйір басу арқылы тоқтатпаңыз. Ара полотносының бұзылуы, сынуы немесе керу соғу себебі болуы мүмкін. u Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты Bosch Power Tools 1 609 92A 861 | (21.07.2022)164 | Қазақ жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін. u Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. u Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі u Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін. u Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз. Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі

Өнім және қуат сипаттамасы Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін

Тағайындалу бойынша қолдану

Электр құралы қатты тірелген күйде ағаш, пластмасса, металл, күйіктас тақта және резеңкеде кесіктер мен ойықтарды аралауға арналған. Тік және қиғаш кесіктер жасауға арналған. Ара дискілері бойынша ұсыныстарға назар аударыңыз.

Электр құралы қатты тірелген күйде ағаш, пластмасса, метал, күйіктас тақта және резинада кесіктер мен ойықтарды аралау үшін арналған. Ол тура және қисық кесіктерді 45° бұрышта аралау үшін арналған. Ара полотносы ұсыныстарына назар аударыңыз. Көрсетілген құрамды бөлшектер Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар беттегі электр құралының сипаттамасына сай. (1) Ажыратқышты іске қосылудан қорғайтын құлып (GST18V‑LIB) (2)

(5) Алты қырлы дөңбек кілт (GST18V‑LIB) (6) Пластик жылжыма (7) Тірек тақтасы (8) Тербелісті реттегіш иінтірек (9) Бағыттауыш ролик (10) Ара дискісі

(11) Ара дискісін босатуға арналған иінтірегі (12)

(13) Жанасудан қорғаныс (14) Тұтқа (беті оқшауланған) (15) Жұмыс шамының түймесі (GST18V‑LIS) (16) Жүріс санын алдын ала таңдауға арналған айналмалы реттегіш (GST18V‑LIS) (17) Ара дискісінің бекіткіші (18) Болат жылжыма

(19) Жарылудан сақтайтын пластина (20) Аспирациялық келте құбыр

(22) Тірек тақтасының бұрандасы (GST18V‑LIB) (23) Еңіс бұрышының шкаласы (GST18V‑LIB)

Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз. Техникалық мәліметтер Аккумуляторлық жұқа ара GST18 V-LI S GST18 V-LI B Өнім нөмірі 3601EA51.. 3601EA61.. Номиналды кернеу B= 18 18 Бос жүріс саны n

550–2700 0–2700 Жүріс мм 23 23 Макс. кесік тереңдігі – ағашта мм 120 120 1 609 92A 861 | (21.07.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 165 Аккумуляторлық жұқа ара GST18 V-LI S GST18 V-LI B – алюминийде мм 20 20 – болатта (қорытпалар) мм 8 8 Кесік бұрышы (сол/оң жақ), макс. ° – 45 Салмағы EPTA-Procedure01:2014 құжатына сай кг 2,1–3,2

Зарядтау кезіндегі ұсынылатын қоршаған орта температурасы °C 0…+35 0…+35 Жұмыс кезіндегі

және сақтау кезіндегі рұқсат етілген қоршаған орта температурасы °C –20…+50 –20…+50 Ұсынылатын аккумуляторлар GBA 18V… ProCORE18V… GBA 18V… ProCORE18V… Ұсынылатын зарядтағыш құрылғылар GAL 18… GAX 18… GAL 36… GAL 18… GAX 18… GAL 36… A) пайдаланған аккумуляторға байланысты B) <0 °C температураларында қуаты шектелген Техникалық мәліметтер жинақтағы аккумулятормен жұмыс істеуге есептелген. Шуыл/діріл туралы ақпарат

GST18V‑LIS GST18V‑LIB

EN62841‑2‑11 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының көрсеткіштері. Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл деңгейі әдетте келесідей болады: Дыбыстық қысым деңгейі дБ(A)

Дыбыстық қуат деңгейі дБ(A)

Құлақ қорғанысын тағыңыз! Жалпы діріл мәндері a

(үш бағыттың векторлық қосындысы) және K дәлсіздігі,EN62841‑2‑11 бойынша есептелген: Жоңқа тақтаны ара дискісімен аралауT144D:

1,5 1,5 Табақ металды ара дискісімен аралауT118AF:

1,5 1,5 Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы тербелу және шу шығаруды бағалауға болады. Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды қатты көтеруі мүмкін. Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару мәнін төмендетеді. Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.

u Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін

Аккумуляторды зарядтау u Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау Bosch Power Tools 1 609 92A 861 | (21.07.2022)166 | Қазақ құралдары сіздің электр құралыңыздың ішінде литий- иондық аккумулятормен сәйкес. Нұсқау: аккумулятор ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан алдын толық зарядтаңыз. Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады. Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына

Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection (ECP)" (электрондық элементтерді қорғау) арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа қозғалмайды. u Электр құралы автоматты өшкеннен соң қосқыш/ өшіргішті енді басушы болмаңыз. Әйтпесе аккумулятор зақымдануы мүмкін. Аккумуляторда (3) аккумуляторды босату түймесі (4) байқаусызда басылып кеткенде оның түсіп кетуінен қорғайтын екі құлыптау деңгейі бар. Аккумулятор электр құралына салынған болса, оны серіппе өз орнында ұстап

Аккумуляторды (3) шығару үшін аккумуляторды босату түймесін (4) басыңыз және аккумуляторды электр құралынан жоғары қарай тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш салмаңыз. Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторындағы жасыл түсті жарық диодтары аккумулятордың заряд деңгейін көрсетеді. Қауіпсіздік тұрғысынан заряд деңгейін электр құралының жұмыссыз күйінде ғана шақыруға болады. Заряд деңгейін көрсету үшін заряд деңгейінің индикаторына арналған немесе түймесін басыңыз. Мұны аккумулятор шығарылғанда да орындауға болады. Заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені басқаннан кейін ешқандай жарық диоды жанбаса, бұл аккумулятордың ақаулы және оны ауыстыру керек екендігін білдіреді. Аккумулятор түрі GBA 18V... Жарық диодтары Қуаты Үздіксіз жарық 3× жасыл 60−100% Үздіксіз жарық 2× жасыл 30−60% Үздіксіз жарық 1× жасыл 5−30% Жыпылықтау 1× жасыл 0−5% Аккумулятор түрі ProCORE18V... Жарық диодтары Қуаты Үздіксіз жарық 5× жасыл 80−100% Үздіксіз жарық 4× жасыл 60−80% Үздіксіз жарық 3× жасыл 40−60% Үздіксіз жарық 2× жасыл 20−40% Үздіксіз жарық 1× жасыл 5−20% Жыпылықтау 1× жасыл 0−5% Ара полотносын салу/алмастыру u Алмалы-салмалы аспапты орнату немесе алмастыру кезінде қорғағыш қолғап киіңіз. Алмалы-салмалы аспаптар өткір болып ұзақ уақыт пайдаланғанда қызып кетуі мүмкін. Аралау дискісін таңдау Ұсынылатын дискілерге шолуды осы пайдалану нұсқаулығының соңында табуға болады. Тек қана бір тұтқалы ара полотноларын (T-тұтқа) орнатыңыз. Ара полотносы қажетті кесіктен ұзын болмауы керек. Жіңішке кесіктер үшін жіңішке ара полотноларын пайдаланыңыз. Ара полотносын орнату(A суретін қараңыз) u Орнатудан алдын ара полотносы тұтқасын тазалаңыз. Кірленген тұтқаны қатты бекіту мүмкін

Ара полотносын (10) тістерімен кесік бағытында ара полотносы бекіткішіне (17) тірелгенше жылжытыңыз. SDS тұтқышы (11) атоматты ретте артқы секреп аралау дискі бекітіледі. Тұтқышты (11) қолмен артқа баспаңыз, әйтпесе электр құралы зақымдалады. Ара полотносын салуда ара полотносының арқасы бағыттауыш дөңгелектің (9) ойығында жатуына көз жеткізіңіз. u Ара полотносының бекем тұруына көз жеткізіңіз. Босаң ара полотносы жарақаттауы мүмкін. Ара полотносын лақтыру(B суретін қараңыз) u Ара полотносын лақтыруда электр құралын ешбір адам немесе хайуан лақтырылған ара полотносы арқылы зақымдалмайтын ретте ұстаңыз. SDS тұтқышын (11) тиюден қорғау (13) бағытында алға бұраңыз. Ара полотносы босатылып шығады. Жылжыма (Cсуретінқараңыз) Тіреу тақтасының(7) пластик сырғу плитасы(6) сезімтал беттердің қырылуын азайтады. Металды өңдеу кезінде болат жылжыманы(18) пайдаланыңыз. Болат жылжыманы(18) орнату үшін оны алдыңғы жақтан тіреу тақтасына(7) жылжытыңыз. Пластик сырғу плитасын(6) тозған жағдайда алмастыру

1 609 92A 861 | (21.07.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 167 Жарылудан сақтайтын пластина (Dсуретін

Жарылудан сақтайтын пластина (19) (керек-жарақтар) ағаш аралауда беттің жарылып кетуінен сақтауы мүмкін. Жарылудан сақтайтын пластинаны тек арнайы аралау дискі түрлерінде және 0° кесік бұрышында пайдалану тиіс. Тіреу тақтасын (7) жарылудан сақтайтын пластинамен аралауда қырға жақын аралауда артқа жылжыту мүмкін емес. Жарылудан сақтайтын пластинаны(19) алдыңғы жақтан тіреу тақтасына(7) кіргізіңіз. Шаңды және жоңқаларды сору Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін. Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін. – Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін шаңсорғышты пайдаланыңыз. – Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз. – P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз. u Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін. Шаңсорғышты жалғау (E–Fсуреттерінқараңыз) Аспирациялық келте құбырды(20) тіреу тақтасының(7) ойығына орнатыңыз. Шаңсорғыш шлангын (21) (керек-жарақ) жоңқаларды аспирациялық келте құбырға (20) қосыңыз. Сорғыш шлангын (21) шаңсорғышқа қосыңыз (керек-жарақтар). Осы нұсқаулықтар ақырында түрлі шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген. Оптималды шаңсору үшін мүмкіндігінше жарылудан сақтайтын пластинаны (19) орнатыңыз. Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет. Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.

Пайдалану түрлері u Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін

Тербелісті реттеу Төрт басқышта реттелетін тербелу аралау жылдамдығын, аралау өнімділігін және аралау суретін өңделетін материалға лайықтауға мүмкіндік береді. Реттеу тұтқышымен (8) тербелуді пайдалану кезінде де реттеуге болады. тербеліс жоқ кіші тербеліс орташа тербеліс үлкен тербеліс Әр жұмыс үшін оңтайлы тербеліс басқышы сынақ тәжірибемен анықтауға болады. Төмендегі ұсыныстарды

– Кесік шеті қанша нәзік және таза болуы керек болса, тербеліс басқышын сонша кіші реттеңіз немесе толығымен өшіріңіз. – Жұқа заттектерді (мысалы металды) өңдегенде тербелісті өшіріңіз. – Қатты заттектерді өңдегенде (мысалы, болат) кіші тербелісті реттеңіз. – Жұмсақ материалдарда және ағашты талшықтар бағытында аралаған кезде максималдық тербеліспен жұмыс істеуге болады. Еңіс бұрышын реттеу (Gсуретінқараңыз) (GST18V‑LIB) Тіреуіш тақта (7) тек 45° дейін еңіс бұрыштары үшін оңға қырылуы мүмкін. Аспирациялық келте құбырды(20) және жарылудан сақтайтын пластинаны(19) қиғаш аралау кезінде орнату мүмкін емес. – Аспирациялық келте құбырды(20) және жарылудан сақтайтын пластинаны(19) алып тастаңыз. – Бұранданы(22) алты қырлы дөңбек кілтпен(5) босатып, тіреу тақтасын (7) аккумуляторға(3) қарай тірелгенше жылжытыңыз. – Дәл еңіс бұрышын реттеу үшін тіреу тақтасының оң жән сол жағында 0° және 45° бұрыштарында тірелу нүктелері бар. Тіреу тақтасын (7) шкалаға (23) сәйкес қажетті күйге қисайтыңыз. Басқа еңіс бұрыштарын бұрыш өлшегіші арқылы реттеуге болады. – Содан кейін тіреу тақтасын (7) ара дискісіне (10) қарай тірелгенше жылжытыңыз. – Бұранданы (22) қайтадан бұрап бекітіңіз. Тіреу тақтасын жылжыту (Gсуретінқараңыз) (GST18V‑LIB) Шетке жақын аралау үшін тіреуіш тақтаны (7) арқыға жылжытуға болады. Тіреу тақтасының(22) бұрандасын алты қырлы дөңбек кілтпен(5) босатып, тіреу тақтасын(7) аккумуляторға(3) қарай тірелгенше жылжытыңыз. (22) бұрандамасын қайта берік бұрап қойыңыз. Bosch Power Tools 1 609 92A 861 | (21.07.2022)168 | Қазақ Жылжытылған тіреу тақтасында (7) тек 0° еңіс бұрышында аралауға болады. Оған қоса жарылудан сақтайтын пластинаны (19) пайдалануға болмайды. Пайдалануға ендіру Аккумуляторды орнату Нұсқау: Электр құралыңызға арналмаған аккумуляторды пайдалану қате жұмыс істеуіне немесе электр құралының зақымдануына алып келуі мүмкін. Зарядталған аккумуляторды (3) астыңғы жақтан электр құралының аяғына кіргізіңіз. Аккумуляторды берік бұғатталғанша аяқ ішіне толықтай кіргізіңіз. Жарық диодты жұмыс шамын қосу (GST18V‑LIS) Жұмыс шамын(12) қосу немесе өшіру үшін жұмыс шамының түймесін(15) басыңыз. u Жұмыс жарығына тікелей қарамаңыз, ол көзді зақымдауы мүмкін. Қосу/өшіру (GST18V‑LIS) u Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу мүмкіндігіне көз жеткізіңіз. Электр құралын қосу үшін ажыратқышты(2) ауыстырып- қосқышта "І" көрсетілетіндей алға жылжытыңыз. Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты(2) ауыстырып-қосқышта "0" көрсетілетіндей артқа жылжытыңыз. Қосу/өшіру (GST18V‑LIB) Электр құралын қосу үшін алдымен белгісінің жанындағы іске қосылудан қорғайтын құлыпты(1) басыңыз және оны ажыратыңыз. Содан кейін ажыратқышты (2) басып тұрыңыз. Жұмыс шамы косқыш/өшіргішті (2) жай немесе толық басылғанда жеткіліксіз болған жарық жағдайында жұмыс аймағын жарықтандырады. u Жұмыс жарығына тікелей қарамаңыз, ол көзді зақымдауы мүмкін. Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (2) жіберіңіз. Іске қосылудан қорғайтын құлыпты(1) іске қосу үшін белгісінің жанындағы іске қосылудан қорғайтын құлыпты

Нұсқау: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (2) құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған болуы қажет. Жүріс санын алдын ала таңдау (GST18V‑LIS) Жүріс санын алдын ала таңдауға арналған реттегіш дөңгелек (16) көмегімен алдын ала таңдауға немесе жұмыс кезінде өзгертуге болады. Талап етілетін жүріс санын материал мен жұмыс жасау жағдайына байланысты болып они тәжірибе арқылы анықтауға болады. Ара дискісін дайындамаға орнатуда және пластмасса мен алюминийді өңдеуде аралау жылдамдығын төмендету

Аз жүрістер санында ұзақ уақыт электр құралды пайдалану оның қатты қызуын тудыруы мүмкін. Ара полотносын алып электр құралын салқындату үшін шам. 3минут максималдық жүріс санында істетіңіз. Жүріс санын басқару (GST18V‑LIB) Қосқышты/өшіргішті (2) басу күшін өзгерте отырып, қосылған құралдың жүріс санын біртіндеп реттеуге

Қосқышты/өшіргішті (2) жай басқанда төменірек жүріс санымен жұмыс істейді. Басу күші асқанда жүріс саны

Талап етілетін жүріс санын материал мен жұмыс жасау жағдайына байланысты болып они тәжірибе арқылы анықтауға болады. Ара дискісін дайындамаға орнатуда және пластмасса мен алюминийді өңдеуде аралау жылдамдығын төмендету

Аз жүрістер санында ұзақ уақыт электр құралды пайдалану оның қатты қызуын тудыруы мүмкін. Ара полотносын алып электр құралын салқындату үшін шам. 3минут максималдық жүріс санында істетіңіз. Температураға байланысты артық жүктеу қорғанысы Тағайындалуына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралы артық жүктелмейді. Артық жүктелу немесе рұқсат етілген аккумулятор температурасы аралығы өтілсе айналымдар саны қысқарып, электр құралы өшеді. Төменделген айналымдар санында электр құралы аккумулятор рұқсат етілген температураға жеткеннен соң немесе төменделген жүктелуде толық айналымдар санымен жұмыс істейді. Автоматты өшуде электр құралын автоматты ретте өшіріп, аккумуляторды суытыңыз да, электр құралын қайта қосыңыз. Пайдалану нұсқаулары u Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін

u Қылышты ара тұрып қалса электр құралын бірден

u Кіші немесе жұқа дайындамаларды өңдеуде әрдайым жылжымайтын тіреуішті пайдаланыңыз. Ағаш, ЖАТ, құрылыс материалдары және т.б. бойынша аралау алдында ине, бұрандалар және т.с.с. сияқты бөгде заттардың бар-жоғын тексеріп, қажетінше алып тастаңыз. Батырма аралар (H суретін қараңыз) u Қол арасымен тек ағаш, гипсокартон т.б. сияқты жұмсақ материалдарды өңдеуге болады! Қол ара үшін тек қысқа ара полотноларын пайдаланыңыз. Жұқа ара 0° еңіс бұрышымен мүмкін болады. Электр құралын тіреуіш тақтаның (7) алдыңғы шетімен дайындамаға ара дискісін (10) дайындамаға тигізбей қойыңыз да қосыңыз. Жүріс басқаруы бар электр 1 609 92A 861 | (21.07.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 169 құралдарда максималды жүріс санын таңдаңыз. Электр құралын қатты дайындамаға басып ара полотносын ақырын дайындамаға кіргізіңіз. Тіреу тақтасы (7) толық бетімен дайындамада жатқанда қажетті аралау сызығымен аралаңыз. Суыту/майлау құралдары Металды аралауда қызып кетуі себебінен кесік сызығында суыту немесе майлау құралын сүру керек. Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы

Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан

Аккумуляторды тек –20°C...50°C температура ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз. Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз. Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін

Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды

Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау u Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін

u Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз. Ара полотносының бекіткішін жүйелі түрде тазалаңыз. Ол үшін ара полотносын электр құралынан алып электр құралын тегіс жерге жай қағыңыз. Электр құралының қатты ластануы жұмыс ақаулықтарына алып келуі мүмкін. Сол үшін қатты шаң жасалатын материалдарды төменнен баспен араламаңыз. Егер шаң түсу бітеліп қалса, электр құарлын өшіріп шаңсоруды шешіп шаң және жоңқаларды алып қойыңыз. Бағыттауыш дөңгелекті (9) кейде бір тамшы маймен

Бағыттауыш роликті(9) жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз. Тозған бөлшекті Bosch қызмет көрсету орталығында алмастыру қажет. Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады. Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс. Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі

Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс: – Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі туралы мәліметтер беруге міндетті; – Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай әрекеттерге жол бермеуі тиіс; – Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті; – Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы), міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады. Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану

Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап

Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.

Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау

Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан

Қызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден қараңыз: www.bosch-pt.com/serviceaddresses Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады: – механикалық зақымдардың жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының

– электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі; – біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы. Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды: – форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген

– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы. Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді: – табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы); – қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның

– электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда болуы немесе электр құралы бөліктері мен түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы, жоғары температура әсерінен электр қозғалтқышындағы сымдар оқшаулағышының қараюы немесе көмірленуі.)

ЕО сәйкестік мағлұмдамасы Өз жауапкершілікпен біз аталған өнімдер төменде жзылған директикалар мен жарлықтардың тиісті қағидаларына сәйкестігін және төмендегі нормаларға сай екенін білдіреміз. Техникалық құжаттар: * Аккумуляторлық