X89463MD02 - ас үй желдеткіші AEG - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз X89463MD02 AEG PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз ас үй желдеткіші PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз X89463MD02 - AEG және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. X89463MD02 брендінің AEG.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ X89463MD02 AEG
kk ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ
ТАМАША НӘТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҮШІН
AEG өнімін таңдағаныңызға рахмет. Бұл өнімді тұрмыс-тіршілікті жеңілдету
үшін инновациялық технологияны - қатардағы құрылғыларда бола бермейтін
функцияларды қолдана отырып, сізге жылдар бойы мүлтіксіз көмек көрсету
үшін арнайы жасадық. Құрылғының мүмкіншіліктерін барынша толық қолдану
үшін бірнеше минутыңызды бөліп, осы ақпаратты оқып шығыңыз.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАРЫ МЕН ШЫҒЫНДЫ МАТЕРИАЛДАРЫ
AEG веб-дүкенінен AEG құрылғыларыңыздың барлығын мінсіз күйде ұстап,
тамаша жұмыс істетуге қажетті заттардың барлығын таба аласыз. Бұл
жерден жоғары деңгейдегі сапа стандартын қамтамасыз ету үшін арнайы
жасалған, керек-жарақтардың мол таңдауын - арнайы ыдыстардан бастап, ас
құралдарына арналған себеттерді, бөтелке ілгектері мен кір жууға арналған
нәзік қалталарды таба аласыз…
Веб-дүкенге мына мекенжай арқылы барыңыз:
ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ
Белгі салынған материалдарды қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам
материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін тиісті контейнерлерге салыңыз.
Электрлік және электроникалық құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден
өткізу арқылы, қоршаған ортаға және адамның денсаулығына зиын
келтіретін жағдайларға жол бермеуге өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі салынған
құрылғыларды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Өнімді жергілікті
қайта өңдеу орталығына өткізіңіз немесе жергілікті мекемеге хабарласыңыз.
ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Біз фирмалық бөлшектерді қолдануды ұсынамыз.
Қызмет көрсету орталығына хабарласқан кезде, келесі деректердің дайын
болуын қамтамасыз етіңіз.
Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады.
Үлгісі ____________________________
Өнім нөмірі ______________________
Сериялық нөмірі __________________81
1. КЕҢЕСТЕР МЕН ҰСЫНЫСТАР
• Пайдалану туралы нұсқаулар осы
құрылғының бірнеше нұсқалары үшін пайда-
ланылады. Сондықтан, мұнда құрылғыңызда
жоқ жеке мүмкіндіктер сипатталуы мүмкін.
• Қате немесе тиісті емес түрде орнату
нәтижесінде туындаған кез келген зақымға
өндіруші жауапты болмайды.
• Тамақ пісірушінің басы мен түтін сорғышқа
дейінгі арақашықтық – 650 мм (кейбір үлгілері
төмендеу орнатылуы мүмкін, өлшемдер
мен орнату туралы мәліметтерді тиісті
бөлімдерден оқыңыз).
• Сыртқы қуат көзінің кернеуі түтін сорғыштың
ішкі жағына бекітілген техникалық мәліметтер
тақтасындағы көрсеткіштермен сәйкес болу-
• 1-сынып құрылғылары үшін үйдегі қуат көзі
жерге тұйықтауды тиісті түрде қамтамасыз
ететінін тексеріңіз.
• Сорып алу құрылғысын диаметрі кем
дегенде 120 мм түтікпен түтіндікке жалғаңыз.
Түтіндіктің ұзындығы мүмкіндігінше қысқа
• Сорып алу құрылғысын отын жануынан
пайда болған түтіндерді (қазандар, каминдер)
өткізетін түтіндіктерге жалғамаңыз.
• Егер шығару құралы электрлік емес
құрылғылармен іргелес қолданылса (мысалы,
газ жағатын құрылғылар), пайдаланылған
газдың кері шығуына жол бермеу үшін
бөлмеде жеткілікті ауа алмасуы деңгейі
қамтамасыз етілуі тиіс. Асүйде таза ауаның
кіруіне кепілдік беретін сыртқы ауамен тікелей
байланысатын саңылау болуы тиіс. Плита
сүзіндісі электрден басқа энергиямен жұмыс
істейтін құрылғылармен іргелес қолданылған
кезде, түтін плита сүзіндісінен кері кіруін
болдырмау үшін бөлмедегі теріс қысым 0,04
• Қуат сымы зақымдалған жағдайда, кез келген
қауіпті болдырмау үшін оны өндіруші немесе
техникалық қызмет көрсету бөлімі ауыстыруы
• Сорып алу құрылғысы ас үйдің иісін кетіру
үшін тек үйде қолданылуға арналып
• Сорып алу құрылғысын басқа мақсаттарда
пайдаланушы болмаңыз.
• Сорып алу құрылғысы жұмыс істеп тұрғанда
үлкен жалын отты пайдаланбаңыз.
• Оттың күшін тек табаның түбіне тиетіндей
реттеп, табаның шетінен шықпайтынына көз
• Терең ыдыста майды қыздырған кезде
абайлаңыз: аса қызған май тұтануы мүмкін.
• Түтін сорғыш астында тағамды ішімдік қосу
арқылы пісіру әдісін пайдаланбаңыз, ол өртке
• Бұл құрылғыны физикалық, сезу немесе ақыл-
ой қабілеті төмен, сондай-ақ, қауіпсіздігіне
жауапты адам кеңес немесе нұсқау бермеген
болса, тәжрибесі мен білімі жеткіліксіз адам-
дар (балалар) пайдаланбауы тиіс.
• Балалар құрылғымен ойнамауын қамтамасыз
ету үшін оларды бақылап отыру керек.
• “САҚ БОЛЫҢЫЗ: Қол жететін бөліктер пісіру
құрылғыларымен бірге қолданған кезде ыстық
3. ТЕХНИКАЛЫҚ КҮТІМ КӨРСЕТУ
• Кез келген жөндеу жұмыстарын жүргізбес
бұрын құрылғыны өшіру немесе тоқтан ағыту
• Белгіленген уақыт өткенде сүзгілерді тазалау
және/немесе ауыстырып отыру қажет
(әйтпесе, өрт шығу қаупі бар).
- W белсендірілген көмір сүзгілері. Бұл
сүзгілерді жууға болмайды әрі оларды
қалпына келтіру мүмкін емес, сондықтан
оларды 4 айда бір рет немесе көп
пайдаланылған кезде одан да жиі ауысты-
- Z май сүзгісін де тазалаңыз. Тұрақты
жұмыс істеп жүрген кезде сүзгілерді
2 ай сайын, ал өте ауыр немесе жиі
пайдаланылғанда одан да жиі ауыстырып
отырыңыз, оны ыдыс жуғыш машинада
- Бақылау лампасы, егер болса.
• Сорып алу құрылғысын дымқыл шүберекпен
нейтрал тазартқыш затты пайдаланып
5. ЖАРЫҚТАНДЫРУ ҚҰРАЛЫ
Түйме Функция Көрсеткіш шамы
a Жарықтандыру жүйесін қосады және ажыратады.Түтін
сорғыш ажыратылғанда және еш сүзгі дабылы іске
қосылмағанда 5 секунд басылып тұрса, ол:
Белсендірілген ағаш көмірі сүзгісін іске қосады.
Белсендірілген ағаш көмірі сүзгісін ажыратады.
2 рет жарқылдайтын көрсеткіш шам түймешігі H
1 рет жарқылдайтын көрсеткіш шам түймешігі H
b Моторды ажыратады.
5 секунд басылып тұрса, пернетақтаны құлыптау режимін
Оны ажырату үшін, осы түймені 5 секунд басып тұрыңыз.
Барлық көрсеткіш шамдар екі рет жарқылдайды
және пернетақтаны құлыптау режимінде көрсеткіш
шамдар кезекпен жанады.
Барлық көрсеткіш шамдар бір рет жыпылықтайды.
c Бірінші деңгей жылдамдығын іске қосады. Қосу.
d Екінші деңгей жылдамдығын іске қосады. Қосу.
E Үшінші деңгей жылдамдығын іске қосады. Қосу.
f Ажыратылған мотормен қоса кез келген басқа жылдамдықтан
қарқынды жылдамдықты іске қосады. Бұл жылдамдық
5 минут бойы жүйе алдыңғы орнатылған жылдамдыққа
қайтқанша жұмыс істейді. Тамақ пісіргенде көптеп бөлінетін
түтінді шығаруға ыңғайлы.
Оны түймені басу немесе моторды ажырату арқылы өшіруге
g 15 минуттан соң мотор мен жарықтандыру жүйесін
автоматты түрде кешіктіріп ажырату функциясын іске қосады.
Қалдық иістерді жоюға ыңғайлы, бұл функцияны түймені басу
немесе моторды ажырату арқылы ажыратуға болады.
Түтін сорғыш (мотор және шамдар) ажыратылғанда және еш
сүзгі дабылы іске қосылмағанда 5 секунд басылып тұрса, ол:
Қашықтан басқару құралын іске қосады.
Қашықтан басқару құралын ажыратады.
2 рет жарқылдайтын көрсеткіш шам түймешігі C + B
1 рет жарқылдайтын көрсеткіш шам түймешігі C + B
h Түтін шығарғыш ажыратылған кезде түймені шамамен 2
секунд басып тұрған кезде, сүзгінің толып қалуын көрсететін
дабылды қайта орнатады.
100 сағат жұмыс істеген соң, көрсеткіш шам металл
май сүзгілерінің толып қалғанын көрсету үшін үздіксіз
200 сағат жұмыс істеген соң, көрсеткіш шам
белсендірілген ағаш көмір сүзгісінің толып қалғанын
көрсету үшін үздіксіз жанып тұрады.83
Notice-Facile