QA506 - ас үй роботы MOULINEX - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз QA506 MOULINEX PDF форматында.
| Өнім түрі | Көпфункциялы ас үй роботы |
| Бренд | Moulinex |
| Модель | QA506 |
| Қуат көзі | 220-240 В, 50/60 Гц (шамамен) |
| Қуат | Көрсетілмеген, бірақ сипатталған пайдалануға жарамды |
| Тот баспайтын болат ыдыстың сыйымдылығы | Жеңіл қамырдың 1,8 кг дейін |
| Миксер ыдысының сыйымдылығы | Қою қоспалар үшін 1,5 л, сұйықтықтар үшін 1,25 л |
| Негізгі функциялар | Араластыру, илеу, шайқау, эмульсиялау, көпірту, миксерлеу, турау, үккіш, кесу, центрифуга (модельге байланысты), ұсақтау (модельге байланысты) |
| Жинақтағы қосымша бөлшектер | Тот баспайтын болат ыдыс, қақпақ, илеу ілгек, араластырғыш, көп талшықты көпірткіш, миксер ыдысы, адаптер, турағыш басы, көкөніс кескіш (конустар), центрифуга (модельге байланысты) |
| Жылдамдықтар | 1-ден макс-қа дейін электронды реттегіш, импульстік режим |
| Баспа түрі | Тоқтат (0) және импульстік жұмыс (pulse) бар айналмалы тетік |
| Негізгі ыдыстың материалы | Тот баспайтын болат |
| Қауіпсіздік | Қауіпсіздік люгі, шамадан тыс жүктеме кезінде автоматты тоқтату бар микропроцессор, басты бекіту |
| Күтім және тазалау | Ыдыс жуғышта жууға болатын қосымша бөлшектер (турағыш басының металл бөліктерінен басқа); қозғалтқыш блогын дымқыл шүберекпен сүрту |
| Қосымша бөлшектер және опционалды аксессуарлар | Тот баспайтын болат ыдыс, қақпақ, илеу ілгек, араластырғыш, көпірткіш, миксер ыдысы, центрифуга, ұсақтағыш, турағыш басы, адаптер, көкөніс кескіш (конустар), жаңа макарон жинағы, тұздық аксессуары, макарон жайғыш |
| Жөндеу мүмкіндігі | Жөндеу үшін уәкілетті орталық; нұсқаулықты көрсеткен кезде бөлшектер қолжетімді |
| Өлшемдер (шамамен) | Көрсетілмеген, ас үй роботы үшін стандартты өлшем |
| Салмағы (шамамен) | Көрсетілмеген, шамамен 5-7 кг |
| Кепілдік | Көрсетілмеген, қызмет көрсету кітапшасын қараңыз |
Жиі қойылатын сұрақтар - QA506 MOULINEX
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы QA506 MOULINEX
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз ас үй роботы PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз QA506 - MOULINEX және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. QA506 брендінің MOULINEX.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ QA506 MOULINEX
A - Қозғалтқыш блогі
A1 Электронды жылдамдықты ауыстырып-қосқыш
A2 Көпфункционалды бастиекті босату батырмасы (a3)
A3 Көпфункционалды бастиек
A4 Жоғары жылдамдықты шығыс (миксердің / шырынсыққыштың / ұсақтағыштың сыйымдылығын жалғауға арналған)
A5 Қорғайтын қақпақ
A6 Миксер (қамыр илегіштің, дөңгелек көпсітетін саптаманың, араластырғыштың) саптамаларына арналған шығыс
A7 Қоректендіру баусымын сақтауға арналған орын
В - Жинауға арналған сыйымдылық
B1 Тот баспайтын болаттан жасалған тостаған
B2 Қақпақ
С - Миксердің саптамалары
C1 Қамыр илегіш
C2 Араластырғыш
С3 Дөңгелек көпсітетін саптама
D - Блендер тостағаны (үлгіге байланысты)
D1 Сыйымдылық
D2 Қақпақ
D3 Мөлшерлегіш қақпақша
Е – Саптамаларға арналған бекіткіш (үлгіге байланысты)
F - Ет тартқыштың бастиегі (үлгіге байланысты)
F1 Металл түрқы
F2 Иірлік
F3 Пышак
G - Көкөніс турағыш (үлгіге байланысты)
G1 Цилиндрлерге арналған түрқы
G2 Итергіш
G3 Кесетін цилиндр
G4 Ірілеп үгуге арналған цилиндр
G5 Ұсақтап үгуге арналған цилиндр
G6 Картоп тілімшелеріне арналған цилиндр
Н - Шырынсыққыш (үлгіге байланысты)
Н1 Итергіш
H2 Қақпақ
НЗ Айналатын сүзгі
Н4 Шырынды жинауға арналған сыйымдылық
Н5 Құятын шүмек
- Алғаш қолданар алдында барлық саптамаларды (жалғайтын блоктан (Е) басқа: "Тазалау" бөлімін қараңыз) сабынды сумен жуып шығыңыз. Оларды мұқият шайыңыз және кептіріңіз.
- Құралды тегіс, таза әрі құрғақ бетке орнатыңыз. Жылдамдықты ауыстырып-қосу батырмасының (А1) "0" жағдайда орнатылғанына көз жеткізіңіз, сосын құралды желіге қосыңыз.
- Құралды бірнеше әдіспен іске қосуға болады:
- Кідірмелі жұмыс істеу (серпілісті режим): жылдамдықты ауыстырып-қосу батырмасын (A1) "Pulse" жағдайына ("Серпілісті режим") бұраңыз. Кідірмелі жұмыс істеу тағамдардың бірқатарын дайындау үшін қолайлы.
- Үздіксіз жұмыс істеу: жылдамдықты ауыстырып-қосу батырмасын (A1) дайындалып жатқан тағамға байланысты "1"-ден "max"-қа дейінгі қажетті жағдайға бұраңыз. Жұмыс істеу барысында режимді ауыстыруға болады.
- Құралды тоқтату үшін батырманы (A1) "0" жағдайына бұраңыз.
Маңызды! Құралды тек қақпақ (A5) пен бастиек (A3) орнықтырылғаннан кейін ғана іске қосуға болады. Жұмыс істеу барысында қақпақ (A5) және/немесе бастиек бұғаттан шығарылған жағдайда құрал жылдам тоқтайды. Қақпақты (A5) және/немесе бастиекті орнықтырыңыз, басқару батырмасын (A1) "0" жағдайына бұраңыз, сосын қажет жылдамдықты таңдау арқылы құралды іске қосыңыз.
Құрал жұмыс қуатының талдауын және басқаруын жүргізетін микропроцессормен жабдықталған. Егер жүктеме өте жоғары болса, құрал автоматты түрде тоқтайды. Құралды қайта іске қосу үшін бұралатын ауыстырып-қосқышты (A1) "0" жағдайына орнатыңыз. Құралды бірнеше минут бойы салқындатыңыз.
Бөлімдердің нөмірлері суреттердегі нөмірлерге сәйкес келеді.
Қақпағы (В2) бар тот баспайтын болаттан жасалған ыдыстың (В1) көмегімен нақты тағамға байланысты 1,8 кг-ға дейін жеңіл қамырды дайындауға болады.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
- Тот баспайтын болаттан жасалған тостаған (В1)
- Қақпақ (В2)
- Қамыр илегіш (C1), араластырғыш (C2), немесе дөңгелек көпсітетін саптама (C3)
- Көпфункционалды бастиекті (A3) босату үшін батырманы басыңыз (A2) және бастиек өз орнында орнықтырылатындай етіп оны көтеріңіз. • Тот баспайтын болаттан жасалған ыдысты (В1) құрылғыда орнықтырыңыз (сағат тілі бағытымен бұрау арқылы) және оған құрам бөліктерді салыңыз. • Шығыста (А6) қажетті саптаманы (С1, С2 немесе С3) орнатыңыз, оны өз орнында бекіту үшін саптаманы ширек айналымға сағат тіліне қарама-қарсы бағытта бұраңыз.
- Көпфункционалды бастиекті (A3) көлденең жағдайда орнатыңыз: батырманы (A2) басыңыз және көпфункционалды бастиекті (A3) орнықтыру жағдайына дейін (батырма (A2) бастапқы жағдайға қайта келеді) қолмен түсіріңіз.
- Қақпақты (В2) тот баспайтын болаттан жасалған ыдысқа (В1) жабыңыз. Ескертпе. Қақпақты қолдану міндетті емес, бірақ ол шашыраудың алдын алады.
- Қақпақтың (A5) жоғары жылдамдықты шығыста (A4) дұрыс орнықтырылғанына (сағат тілі бағытымен) көз жеткізіңіз.
1.2 - ҚОЛДАНЫЛУЫ
Алдымен ауыстырып-қосқыштың батырмасын (A1) рецептіге байланысты қажетті жағдайға бұраңыз.
- Құрал дереу жұмыс істеуін бастайды. Жұмыс істеу барысында қақпақтағы (В2) саңылау арқылы өнімдерді қосуға болады.
- Құралды тоқтату үшін батырманы (A1) "0" жағдайына бұраңыз.
Кеңестер:
- Илеу
– Саптама ретінде қамыр илегішті (С1) “1” жылдамдықта қолданыңыз. 500 г-ға дейін ұнды (бидай ұнын, ірілей тартылған ұнды, үгілме қамыр үшін және т.б.) илеуге болады. - Барынша ұзақ қолдану уақыты: 13 минут.
- Араластыру
- Араластырғышты (C2) "1"-ден "max" (ең жоғары) жылдамдыққа дейін қолданыңыз.
- 1,8 кг-ға дейін жеңіл қамырды (кекстер, печенье және т.б.) араластыруға болады.
- Барынша ұзақ қолдану уақыты: 13 минут.
- Тығыз қамырды илеу үшін ешқашан араластырғышты (C2) қолданбаңыз.
- Көпсіту / эмульгациялау / бұлғау
- Дөңгелек көпсітетін саптаманы (С3) "1"-ден "max" (ең жоғары) жылдамдыққа дейін қолданыңыз. – Сізге: майонезді, айолиді, тұздықтарды, көпсітілген ақуыздарды (8 жұмыртқа ақуызына дейін), шантильи кремін (500 мл-ге дейін) және т.б. дайындауға болады.
- Барынша ұзақ қолдану уақыты: 10 минут. – Дөңгелек көпсітетін саптаманы (С3) ешқашан тығыз қамырды илеу үшін және жеңіл қамырды араластыру үшін қолданбаңыз.
- Құралдың толығымен тоқтағанын күтіңіз.
- Қақпақты (В2) алыңыз.
- Батырманың (A2) көмегімен көпфункционалдық бастиекті (A3) босатыңыз және оны жоғары жағдайға ауыстырыңыз.
- Саптаманы (С1, С2 немесе С3) бастиек бағытында саптаманы басу және оны ширек айналымға сағат тілі бағытымен бұрау арқылы көпфункционалдық бастиектегі (А3) орнықтыру жағдайынан босатыңыз.
- Сыйымдылықты таттанбайтын болаттан алыңыз.
2 - АРАЛАСТЫРУ (ҮЛГІГЕ БАЙЛАНЫСТЫ)
Қолданылатын өнімдерге байланысты блендердің (D) көмегімен 1,5 л-ге дейін қою қоспаны немесе 1,25 л-ге дейін сұйық қоспаны дайындауға болады.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН САПТАМАЛАР:
- Блендер тостағаны (D).
2.1 - КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ЖИНАУ ТӘРТІБІ
- Көпфункционалды бастиекті (A3) көлденең жағдайда орнатыңыз: батырманы (A2) басыңыз және көпфункционалды бастиекті (A3) орнықтыру жағдайына дейін (батырма (A2) бастапқы жағдайға қайта келеді) қолмен түсіріңіз.
- Қорғайтын қақпақты (A5) сағат тіліне қарама-қарсы бағытта бұрау арқылы жоғары жылдамдықты шығыстан (A4) ажыратыңыз және оны алыңыз.
- Блендерді (D) жалғаудан бұрын құрылғының ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
- Блендер тостағанын (D) сағат тілі бағытымен бұрау арқылы оны шығыста (A4) орнықтырыңыз.
- Өнімдерді блендер тостағанына салыңыз және қақпақты бекітіңіз.
2.2 - ҚОЛДАНЫЛУЫ
- Алдымен ауыстырып-қосқыштың батырмасын (A1) рецептіге байланысты (V4-тен Vmax-ке дейін немесе "pulse" (Серпілісті режим)) қажетті жағдайға бұраңыз. Араластыру үдерісін бақылауды жақсарту үшін және араластыру сапасын жақсарту үшін "Pulse" (Серпілісті режим) жағдайын қолданыңыз.
Жұмыс істеу барысында мөлшерлегіш қақпақшасындағы (D3) саңылау арқылы өнімдерді қосуға болады.
- Құралды тоқтату үшін батырманы (A1) "0" жағдайына бұраңыз.
Кеңестер:
- Барынша ұзақ қолдану уақыты: 3 минут.
Кеңестер:
Келесі тағамдарды дайындауға болады:
- біркелкі сорпалар, велюте тұздықтары, нәрсулар, сүт және басқа коктейльдер. – май негізіндегі суық қоспалар (жайма құймақтар, құймақтар, пісірмелер, пісірілген кремі бар фландар).
- Құрам бөліктер сыйымдылықтың қабырғасына жабысып қалған кезде құралдың жұмысын тоқтатыңыз. Құралдың толығымен тоқтағанын күтіңіз. Блендерді алыңыз, қабырғаларға жабысып қалған өнімдерді қалақшаның көмегімен пышақтарға түсіріңіз және жұмысты жалғастыру үшін блендерді орнына орнатыңыз.
- Блендер тостағанына ешқашан қайнап тұрған сұйықтықты құймаңыз.
- Егер блендер тостағаны бос болса, құралды ешқашан қоспаңыз.
- Блендер тостағанын үнемі қақпағымен жабыңыз.
- Пышақтар толығымен тоқтағанша қақпақты ашпаңыз.
- Үнемі алдымен тостағанға сұйық құрам бөліктерді құйып, сосын қаттыларын қосу керек.
• Құралдың толық тоқтағанын күтіңіз, осыдан кейін блендерді сағат тіліне қарама-қарсы бағытта бұрау арқылы оны алыңыз және орнына қорғайтын қақпақты (A5) шығыста (A4) орнықтыру арқылы (сағат тілі бағытымен) орнына орнатыңыз.
3 - ЕТ ТАРТҚЫШТЫ ҚОЛДАНУ (ҮЛГІГЕ БАЙЛАНЫСТЫ)
ҚОЛДАНЫЛАТЫН САПТАМАЛАР:
- Саптамаларға арналған бекіткіш (E) - жинақтағы ет тартқыштың бастиегі (F)
- Көпфункционалдық бастиекті (A3) босату үшін батырманы (A2) басыңыз және бастиекті өз орнында орнықтырылатындай етіп көтеріңіз.
- Жалғанатын блокты (E) орнатыңыз және ет тартқыштың шығысы құралға қатысты туралануы үшін оны сағат тіліне қарама-қарсы бағытта бұрау арқылы орнықтырыңыз.
- Батырманы (A2) қайта басу арқылы көпфункционалдық бастиекті (A3) көлденең жағдайда орнатыңыз.
- Тұрқыны (F1) кең саңылауын жоғары қарай қаратып жүктейтін құбырынан алыңыз.
- Иірлікті (F2) (ұзын білігін жоғары қарай) тұрқыға (F1) салыңыз.
- Пышакты (F3) иірліктің (F2) қысқа білігіне кесетін жиектері сыртқа қарай бағытталатындай етіп орнатыңыз.
- Тордағы дөңес жерлерді тұрқыдағы (F1) ойық жерлермен үйлестіру арқылы таңдалған торды (F4 немесе F5) пышакқа (F3) орнатыңыз.
- Сомынды (F6) орнықтырмай, тұрқыға (F1) сағат тіліне қарама-қарсы бағытта бұрап кіргізіңіз.
- Жиналған түйінді тексеріңіз. Біліктің ешқандай люфті болмауы керек және білік өз бетінше айналмай тығыз орнатылуы керек. Әйтпесе, жинау үдерісін қайталау керек.
- Жалғанатын блоктың (E) шығысына ет тартқыштың жиналған бастиегін (F) оңға қарай бұрып, ет тартқыш бастиегіндегі екі байонетті қосылысты жалғау блогындағы екі ойықпен үйлестіру арқылы бастиекті орнатыңыз.
Ет тартқыштың бастиегін жалғанатын блокқа салыңыз, оны сағат тіліне қарама-қарсы бағытта ол орнықтырылғанша бұраңыз, сонымен бірге жүктейтін құбыр тік қалыпта орналасуы керек.
- Алынбалы науаны (F8) жүктейтін құбырға орнатыңыз.
- Сорғайтын қақпақтың (A5) жоғары жылдамдықты шығыста (A4) дұрыс орнықтырылғанына (сағат тіліне қарама-қарсы бағытта бұрау арқылы) көз жеткізіңіз.
- Құрылғының алдына ұсақталған өнімді жинауға арналған контейнерді қойыңыз.
- Ауыстырып-қосқыштың (A1) көмегімен "3" немесе "4" жылдамдығын таңдау арқылы құралды іске қосыңыз.
- Жүктейтін құбырға етті итергіштің (F7) көмегімен бөлшектеп итеріңіз. Құрам бөлшектерді жүктейтін құбырға ешқашан саусақтарыңызбен немесе қандай да бір басқа заттармен итермеңіз.
- Сіз 3 кг-ға дейін етті жүктей аласыз.
- Барынша ұзақ қолдану уақыты: 10 минут.
- Келесі қолдануды қайта бастау үшін сіз құралыңызды міндетті түрде салқындатыңыз.
- Құралды тоқтату үшін ауыстырып-қосқышты "0" жағдайына бұраңыз және құралдың толығымен тоқтағанын күтіңіз.
- Жинау үдерісіне кері тәртіпте әрекет ете отырып, ет тартқыштың бастиегін ажыратыңыз.
Кеңестер:
- Ет тартқышқа арналған өнімдерді дайындаңыз (егер бұл ет болса, сүйектерін, шеміршектерін және сіңірлерін алып тастаңыз, етті шамамен 2 x 2 см өлшемде бөлшектеп тураңыз).
- Еттің толығымен жібітілгеніне көз жетізіңіз.
- Ұсақтау үдерісінің соңында машинаның ішінде қалып қойған етті кетіру үшін нанның бірнеше шағын тілімдерін жүктейтін құбырға салуға болады.
4 - ЕГУ / ТУРАУ (ҮЛГІГЕ БАЙЛАНЫСТЫ)
ҚОЛДАНЫЛАТЫН САПТАМАЛАР:
- Саптамаларға арналған бекіткіш (E) - Жиналған көкөніс турағыш (G)
- Цилиндрлер (үлгіге байланысты)
- Көпфункционалды бастиекті (A3) босату үшін батырманы (A2) басыңыз және бастиекті өз орнында орнықтыру үшін оны көтеріңіз.
- Жалғанатын блокты (Е) орнатыңыз және ет тартқыштың шығысы құралға қатысты туралануы үшін оны сағат тіліне қарама-қарсы бағытта бұрау арқылы орнықтырыңыз.
- Батырманы (A2) қайта басу арқылы көпфункционалдық бастиекті (A3) көлденең жағдайда орнатыңыз.
- Қорғайтын қақпақтың (A5) жоғары жылдамдықты шығыста (A4) дұрыс орнықтырылғанына (сағат тіліне
қарама-қарсы бағытта бұрау арқылы) көз жеткізіңіз.
- Жалғанатын блоктың (Е) шығысына цилиндрлерге арналған түрқыны (G1) өңға қарай бұрып, цилиндрлерге арналған түрқындағы екі байонетті қосылысты жалғау блогындағы екі ойықпен үйлестіру арқылы түрқыны орнатыңыз. Цилиндрлерге арналған түрқыны жалғанатын блокқа салыңыз, оны сағат тіліне қарама-қарсы бағытта ол орнықтырылғанша бұраңыз. Сонымен бірге жүктейтін құбыр тік қалыпта орналасуы керек.
- Түрқыға қажетті цилиндрді салыңыз және оның түрқыда тығыз орнатылғанына көз жеткізіңіз.
- Құрылғының алдына ұсақталған өнімді жинауға арналған контейнерді қойыңыз.
- Ауыстырып-қосқыштың (A1) көмегімен "3" немесе "4" жылдамдығын таңдау арқылы құралды іске қосыңыз.
- Жүктейтін құбырға өнімдерді салыңыз және құбырды ішіне итергіштің (G2) көмегімен итеріңіз. Құрам бөлшектерді жүктейтін құбырға ешқашан саусақтарыңызбен немесе қандай да бір басқа заттармен итермеңіз.
- Сіз 2 кг-ға дейін өнімді дайындай аласыз.
- Барынша ұзақ қолдану уақыты: 10 минут.
• Құралды тоқтату үшін ауыстырып-қосқышты "0" жағдайына бұраңыз және құралдың толығымен тоқтағанын күтіңіз. - Жинау үдерісіне кері тәртіпте әрекет ете отырып, цилиндрлер түрқыны ажыратыңыз. - Цилиндрлердің арналуы:
- Ірілеп үгу (G4) / ұсақтап үгу (G5): сәбіз, балдыркөк, картоп, ірімшік және т.б.
– Қалыңдап турау (G3): картоп, сәбіз, қияр, алма, қызылша және т.б.
- Картоп драниктері (G6): картоп, пармезан және т.б.
- Жиналған шырын сыққыш (Н).
• Сузгіні (НЗ) шырын жинауға арналған сыйымдылықтың (Н4) ортасына орнатыңыз. - Қақпақты орнықтырыңыз: шырын жинауға арналған сыйымдылықтағы (Н4) қақпақты сағат тіліне қарама-қарсы бағытта бұраңыз (жабық құлып жағдайы). - Ортақ орнықтыру: тоқтатқыш иінтіректі (Н6) жабық құлып жағдайына ауыстырыңыз.
- Көпфункционалды бастиекті (A3) көлденең жағдайда орнатыңыз: батырманы (A2) басыңыз және көпфункционалды бастиекті (A3) орнықтыру жағдайына дейін (батырма (A2) бастапқы жағдайға қайта келеді) қолмен түсіріңіз.
- Қорғайтын қақпақты (A5) сағат тіліне қарама-қарсы бағытта бұрау арқылы шығыстан (A4) ажыратыңыз және оны алыңыз.
- Шырын сыққышты (А) жалғаудан бұрын құрылғының ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
- Жиналған шырын сыққышты құятын шүмекке арналған шығысы құралға қатысты туралануы үшін оны сағат тіліне қарама-қарсы бағытта бұрау арқылы орнықтырыңыз.
- Құятын шүмекті (Н5) шырын жинауға арналған сыйымдылыққа (Н4) орнатыңыз.
- Құятын шүмектегі (Н5) тығынның жақсылап ашылғанын тексеріңіз.
- Құятын шүмектің (Н5) астына үлкен стақан қойыңыз.
- Ауыстырып-қосқыштың (A1) көмегімен "3" жылдамдығын таңдау арқылы құралды іске қосыңыз.
- Жемістерді және / немесе көкөністерді тілімдерге тураңыз.
- Оларды итергіштің (H1) көмегімен құрал ішіне баяу итеру арқылы қақпақтағы (H2) жүктейтін құбыр арқылы салыңыз. Құрам бөліктерді ешқашан саусақтарыңызбен немесе қандай да бір басқа заттармен итермеңіз.
- Сеанстар арасында құралды толығымен суытпай үздіксіз 5 реттен артық 500 г өнімнен артық өңдеуге
болмайды.
Барынша ұзақ қолдану уақыты: 10 минут.
- Ең жақсы нәтижелерге жету үшін әр 300 г құрам бөлікті өңдегеннен кейін сүзгінің тазалауын жүргізіңіз. • Маңызды! Жеміс жұмсағын жинауға арналған сыйымдылық толған кезде, құралды тоқтатыңыз және сыйымдылықты босатыңыз.
- Құралды тоқтату үшін ауыстырып-қосқышты "0" жағдайына бұраңыз және құралдың толығымен тоқтағанын күтіңіз.
- Шырын сыққышты құралдан алудан бұрын айналатын сүзгінің толығымен тоқтағанын күтіңіз.
- Шырын сыққышты алу үшін оны сағат тіліне қарама-қарсы бағытта бұрау арқылы ажыратыңыз. • Тоқтатқыш иінтірегін (Н6) ашық құлып жағдайына бұраңыз. Қақпақты ашыңыз (ашық құлып жағдайы). Осыдан кейін сүзгіні тазалап, сыйымдылықты (Н4) босату үшін сүзгіні алуға болады.
Кеңестер:
• Сәбізден, томаттан, алмадан, жүзімнен, құлпынайдан және т.б. шырын дайындауға болады. - Қабығы қалың жемістерді қабығынан тазалаңыз; сүйектерін, ананастан ортасын алып тастаңыз. - Кейбір жемістер мен көкөністер шырын сығу үшін жарамайды: бұл банан, авокадо, қара бүлдірген, алманың кейбір сұрыптары және т.б. • Әрдайым шырын сыққышты тазаламай-ақ әр түрлі жемістер мен көкөністерден шырын сығуға болады, өйткені иістер араласпайды. Шырын сыққышты әр түрлі шырындарды сығудан бұрын, жай ғана судың аз ғана мөлшерімен іске қосу керек. - Жаңа сығылған шырындарды бірден ішіңіз, ал егер оларды бірнеше сағатқа тоңазытқышқа салатын болсаңыз, оларға лимон шырынын қосыңыз.
6 - БАУСЫМНЫҢ ҰЗЫНДЫҒЫН РЕТТЕУ
Құралды қолданудың немесе сақтаудың қолайлығы үшін баусымның жартысын артқы бөліктері (А7) саңылау арқылы қозғалтқыш блогіне салу арқылы ұзындығын азайтуға болады.
-Жиналған ұсақтағыш.
Ұсақтағыштың арналуы:
– Бірнеше секунд ішінде серпілісті режимде: кептірілген інжір, кептірілген өріктер және т.б. ұсақтауға болады.
Барынша ұзақ қолдану уақыты: 100 г / 5 с
Осы ұсақтағыш кофе сияқты қатты өнімдер үшін арналмаған.
ТАЗАЛАУ
- Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
- Қозғалтқыш блогын (А) немесе жалғау блогын (Е) суға батырмаңыз және ағын су астына қоймаңыз. Құралды құрғақ немесе сәл ылғал шүберекпен сүртіңіз. • Егер керек-жарақтарды қолданып болғаннан кейін бірден жусаңыз, құрылғыны тазалау оңайырақ болады. Ет тартқыштың бастиегін толығымен бөлшектеңіз. Жарақаттардың алдын алу үшін пышақтарды сақтықпен пайдаланыңыз.
Керек-жарақтарды жуыңыз, шайыңыз және кептіріңіз: ет тартқыш бастиегінің барлық металл бөліктерінен: тұрқыдан (F1), бұрандадан (F2), пышақтан (F3), торлардан (F4 және F5), сомынан (F6) басқа керек-жарақтарды ыдыс жуатын машинада жууға болады.
- Торлар (F4) және (F5), сонымен қатар пышақ (F3) майлануы керек. Оларды өсімдік майымен майлаңыз.
Кеңестер:
- Керек-жарақтардың қандай да біреуі боялған (сәбізбен, апельсинмен және т.б.) жағдайда, оларды өсімдік майымен майланған шүберекпен сүртіңіз және әдеттегідей жуыңыз.
• Блендердің тостағаны (D): ыдыс жуатын сұйықтықтың бірнеше тамшысы қосылған ыстық су құйыңыз. Қақпақты жабыңыз. Блендерді құралға қойыңыз және оны импульстік режимде бірнеше минутқа қосыңыз. Блендерді алыңыз, ыдысты ағын су астында жуыңыз және оны кептіріңіз (төңкерілген күйде).
САҚТАУ
Құралды ылғал бөлмеде сақтамаңыз.
Егер құрал жұмыс істемесе, келесілерге көз жеткізіңіз:
- құралдың розеткаға сенімді қосылғанына;
- саптамалардың тиісті түрде орнықтырылғанына; – қозғалтқыш түймесінің (A1) жағдайы: "0" позициясына қайтарып, содан соң қайта қажетті жылдамдықты таңдау қажет.
Құрал жұмыс қуатының талдауын және басқаруын жүргізетін микропроцессормен жабдықталған. Егер жүктеме өте жоғары болса, құрал автоматты түрде тоқтайды. Құралды қайта іске қосу үшін бұралатын ауыстырып-қосқышты (A1) "0" жағдайына орнатыңыз. Құралды бірнеше минут бойы салқындатыңыз. Осыдан кейін қажетті жылдамдықты таңдау арқылы жұмыс істеуді жалғастырыңыз.
Құрылғы әлі де жұмыс істемей ме? Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз (тізімді қызмет көрсету кітапшасынан қараңыз).
Қаптама тек қана қоршаған орта үшін қауіпсіз материалдардан тұрады; ол қолданыстағы ережелерге сәйкес пайдаға асырылуы мүмкін.
Құралдың өзін пайдаға асыру үшін сәйкес қызметпен хабарласу керек.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР
Құрылғыны дилерлерден немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығынан сатып алуға болатын келесі керек-жарақтармен толықтыруға болады:
• Таттанбайтын болаттан жасалған тостаған • Таттанбайтын болаттан жасалған тостағанның қақпағы - Қамыр илегіш - Араластырғыш
- Дөңгелек көпсітетін саптама
- Блендер тостағаны
- Шырын сыққыш
- Ұсақтағыш
- Ет тартқыштың бастиегі
- Саптамаларға арналған бекіткіш
- Көкөніс кескіш:
- турағыш
- ірілеп үгу
- сактап қою
- картоп драниктері • Пастаны дайындауға арналған жинақ
- Жеміс езбесін дайындауға арналған саптама
- Үй кеспесін дайындауға арналған саптама
Абай болыңыз! Қандай да бір саптаманы сатып алу үшін сізде құралды пайдалану нұсқаулары бар кітапша немесе құралдың өзі болуы керек.