XPERIA 10 II - смартфон SONY - Notice d'utilisation et mode d'emploi gratuit

Retrouvez gratuitement la notice de l'appareil XPERIA 10 II SONY au format PDF.

Page 61
Assistant notice
Powered by ChatGPT
En attente de votre message
Informations produit

Marque : SONY

Modèle : XPERIA 10 II

Catégorie : смартфон

Téléchargez la notice de votre смартфон au format PDF gratuitement ! Retrouvez votre notice XPERIA 10 II - SONY et reprennez votre appareil électronique en main. Sur cette page sont publiés tous les documents nécessaires à l'utilisation de votre appareil XPERIA 10 II de la marque SONY.

MODE D'EMPLOI XPERIA 10 II SONY

Komponenty, ktoré nie sú dodané s výrobkom

Kazakh ЖАЛПЫ ҚАУІПСІЗДІК Кез келген тазалау немесе техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындамас бұрын ашаны шығару немесе желілік қуат көзін ажырату арқылы сорғышты электр желісінен ажыратыңыз. Орнату жəне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізген кезде əрдайым жұмыс қолғабын киіңіз. Бұл құрылғыны 8 жастағы жəне одан үлкен балалар, дене, сезу немесе ақылой қабілеттері шектеулі тұлғалар немесе тəжірибесі мен білімі жоқ тұлғалар оны қауіпсіз жолмен пайдалануға қатысты нұсқау алып, ықтимал қауіптерді ұғынған жағдайда жəне бақылауда болғанда пайдалана алады. Балалардың басқару элементтерін өзгертуіне жəне құрылғымен ойнауына жол бермеу керек. Тазалау жəне өз бетінше техникалық қызмет көрсету жұмыстарын балалардың бақылаусыз жүргізуіне болмайды. Асүй сорғышы басқа газ жағу құрылғыларымен немесе басқа отындармен пайдаланылған кезде, құрылғы орнатылған бөлме жеткілікті түрде желдетілуі қажет. Сорғыштың іші-сыртын тұрақты түрде тазалап тұру қажет (АЙЫНА КЕМІНДЕ БІР РЕТ). Оны осы нұсқаулықта берілген техникалық қызмет көрсету нұсқауларына сəйкес жүзеге асыру керек. Осы пайдаланушы нұсқаулығында сорғыш пен сүзгілерді тазалауға қатысты берілген нұсқауларды орындамау өрт қаупіне əкеп соғады. сорғыш астында Тамақты тікелей жандыруға қатаң тыйым салынады. Ашық жалынды пайдалану сүзгілер үшін зиян жəне өрт қаупін туындатуы мүмкін, сондықтан оған ешқашан жол бермеу керек. Майдың шамадан тыс қызып немесе жанып кетпеуін қамтамасыз ету үшін, тамақты абайлап қуыру қажет.

KK САҚ БОЛЫҢЫЗ: Сорғыштың қолжетімді бөліктері тамақ дайындау құрылғылары пайдаланылған кезде қызып кетуі мүмкін. Шамды ауыстыру үшін тек осы нұсқаулықтың «Техникалық қызмет көрсету/Шамдарды ауыстыру» бөлімінде көрсетілген шам түрін пайдаланыңыз. ЕСКЕРТУ! Орнату толық аяқталмайынша құрылғыны электр желісіне қоспаңыз. Будың шығуына қарсы қолданылатын техникалық жəне қауіпсіздік шараларын ескере отырып, жергілікті билік органдары бекіткен ережелерді мұқият орындау маңызды. Осы құрылғының түтік арқылы бағыттау жүйесін газ немесе басқа отынды жағатын құрылғылардан шыққан буларды шығару сияқты басқа да мақсаттарда пайдаланылатын кез келген қолданыстағы желдету жүйесіне жалғау қажет. Электр тогының соғу қаупіне байланысты шамы дұрыс бекітілмеген сорғышты пайдаланбаңыз жəне қалдырмаңыз. Торлары тиісті түрде бекітілмеген сорғышты ешқашан пайдаланбаңыз. Арнайы көрсетілмейінше, сорғышты ЕШҚАШАН тірек беті ретінде пайдаланбаңыз. Тек орнату үшін өніммен бірге берілген бекіту бұрандаларын пайдаланыңыз, егер берілмесе, бұранданың тиісті түрін сатып алыңыз. Бұрандалардың орнату нұсқаулығында көрсетілген дұрыс ұзындығын пайдаланыңыз. Күмəндансаңыз, өкілетті қызмет көрсету бойынша жəрдем көрсету орталығына немесе тиісті маманданған тұлғаға хабарласыңыз. ЕСКЕРТУ! Бұрандаларды немесе бекіту құрылғысын осы нұсқауларға сəйкес орнатпау электрлік қауіптерге əкелуі мүмкін. Компания осы нұсқаулықта қамтылған нұсқауларды орындамау нəтижесінде

туындаған құрылғы ақаулықтары, зақымдалуы немесе өрт үшін жауапкершілікті өз мойнына алмайды. Қақпақ осы кітапшада көрсетілген суреттерден өзгеше болып көрінуі мүмкін. Дегенмен, қолдану, техникалық қызмет көрсету жəне орнату нұсқаулары бірдей болады. Дайындаушы аспапты пайдалану барысында бұл нұсқауда белгіленген қолдану шарттарын сақтамағанның кесірінен болған олқылық өрт пен зақым үшін жауап бермейді. Сорғыш тек қана үйде пайдалануға болатындай етіп жобаланған. ! Кезкелген уақытта бұл нұсқаумен пайдалану үшін ақтаған маңызды. Бұйым сатылған,тапсырған немесе жойылған кезде ол онымен бірге қалғанына көз жеткізіңіз. ! Нұсқауды мұқият оқыңыз: онда бұйамды қондыру, пайдалану жəне қауыпсіздік жөнінде маңызды мəлімет бар. ! Бұйымның электрондық немесе механикалық конструкциясында немесе сорғыш вентиляциялық каналдарында ешқандай да өзгерістер жасамаңыз. ! Орнатуды орындамас бұрын берілген барлық құрамдастардың зақымдалмағанын тексеріңіз немесе орнатуды жалғастырмас бұрын делдалға хабарласыңыз. Сорғыштың төменгі қыры мен ыдыс астындағы тіреуіш жазықтығының ара қашықтығы электр плитасы үшін 50cm, ал газ немесе біріктірілген плиталар үшін 65cm ден кем болмауы тиіс. Егер нұсқауда газ плитасын орнатуға артығырақ ара қашықтық белгіленген болса, оны ескеріңіз.

ЭЛЕКТР БАЙЛАНЫСЫ Желінің кернеуі аспаптың ішінде орналасқан тақтайшада белгіленген техникалық деректердей кернеуге сəйкес келуі керек. Егер сорғыш вилкамен жабдықталған болса, орнатылғаннан кейін де істеуге болатын, қол жетерлік жерде болуы тиіс, істеп тұрған ережелерге сəйкес алмалы-салмалы штепсельге сорғышты қосыңыз. Егер сорғыш вилкамен жабдықталмаған болса (желіге тура қосылу), немесе алмалысалмалы штепсель орнатылғаннан кейін де қол жетерлік жерде болмаса, онда орнату нұсқауына сəйкес 3-дəрежедегі асқын кернеуді болдырмайтын жəне желінің толық ашылуын қамтамассыз ететін тиісті екіполюстік ажыратқышты пайдаланыңыз. ЕСКЕРТУ! қорек желісіне сорғыштың электрлік жүйесін қосу алдында қорек кабелі дұрыс монтаждалғанына көз жеткізіңіз. Қуат кабелін ауыстыру Суыру қалпағы арнайы нəр беруші сымжелімен жабдықталған. Сымжелі бұзылған жағдайда оны ауыстыру үшін тиісті қызмет көрсету орталықтарына барыңыз.

АУА ТАРТУ САҢЫЛАУЫ (сору нұсқалары үшін) Сорғышты қабырғадағы сорғыш құбырлары мен ауа шығаратын тесіктердей, сол диаметрдегі тесіктерге қосыңыз (біріктіруші фланец). Қабырғадағы сорғыш құбырлары мен кемдеу диаметрдегі тесікті пайдалану, сору қуатын нашарлатып, гүрілдеуін күшейтеді. ! Қажетті минималды ұзындықтағы түтікті қолданыңыз. ! Барынша көп иілімі бар түтікті қолданыңыз (иілімнің максималды бұрышы: 90°). ! Түтіктің көлденең қимасында түбегейлі өзгерістерді болдырмаңыз. ! Түтікті ішінде мүмкін болғанша бірқалыпты қолданыңыз. ! Түтік сертификатталған материалдан жасалуы тиіс. ! Бұл ережелер орындалмаған жағдайда компания ешбір жауапкершілікті көтермейді.

СҮЗГІЛЕУ НЕМЕСЕ ТҮТІК АРҚЫЛЫ БАҒЫТТАУ? !

Пеш қақпағы сору нұсқасында пайдалануға дайын. Қақпақты сүзгілеу функциясы бар нұсқада пайдалану үшін арнайы САЙМАНДАР ЖИНАҒЫ орнатылуы тиіс. Осы нұсқаулықтың бірінші беттерінде САЙМАНДАР ЖИНАҒЫНЫҢ жабдықталғандығын немесе жеке сатып алу қажеттігін тексеріңіз. Ескертпе: Жабдықталған болса, қақпаққа кейбір жағдайда қосымша белсендірілген көмір сүзгілеу жүйесін орнату қажет болуы мүмкін. Қақпақты сору нұсқасынан сүзгілеу нұсқасына ауыстыру туралы ақпарат осы нұсқаулықта берілген.

Түтік арқылы бағыттау нұсқасы Бу сыртқа біріктіруші фланецке қосылған сорғыш құбыр арқылы шығарылады. Сорғыш құбырдың диаметрі біріктіруші сақинаның диаметрімен теңдес болу керек. Назар аударыңыз! Сорғыш құбыры сорғыш жинақтамасымен жеткізілмейді, оны бөлек сатып алу керек. Ауаны сыртқа жақсырақ шығару үшін, көлбеу қабырғада құбырды азғана (шамамен 10°) көтеріңкіреу керек. Сүзгі нұсқасы Ол үшін бір көмір сүгісі қажет, оны əдеттегі сатушылардан алуға болады. Сүзгі шығарылған ауаны жоғарғы шығыс торы арқылы бөлмеге қайта жіберу алдыда оны май мен иістерден тазартады.

БАСҚАРУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ Суыру желдеткішінің жылдамдығын бақылау үшін жəне плитаның үстіне жарық түсіру үшін, суыру қалпағы басқару қалқанымен жабдықталған. Астың булану концентрациясы едəуір көбейген кезінде, сорғыштың қарқынды тəртібін пайдаланыңыз. Біз сорғышты тамақ пісіру алдында 5 мин бұрын қосуға, жəне пісіріп болғаннан кейін 15мин қосып қалдыруға кеңес береміз.

орнатылған болса, ауыстырудың қажет екенін көрсеткен жағдайда). Жууға немесе қалпына келтіруге БОЛМАЙДЫ. Құрастыру Көмір сүзгісін қақпақтың алдымен металл дөңес жерінің артына, одан кейін алдына екі түймемен іліңіз. Бөлшектеу Көмір сүзгісін қақпаққа 90° бұрышында ұстайтын тұтқаларды бұру арқылы алып тастаңыз.

Жарықты ҚОСУ/ӨШІРУ қосқышы 1-жылдамдық/ӨШІРУ қосқышы 2-жылдамдықты таңдау 3-жылдамдықты таңдау

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ Тазалау Сорғыш ішінен жəне сыртынан жиі тазаланып тұруы қажет (кем дегенде шамамен майды ұстап қалатын фильтрді тазалау мерзіміне сəйкес). Тазалау үшін ТЕК бейтарап жуғыш затпен суланған арнайы шүберекті пайдаланыңыз. ҚҰРЫЛҒЫНЫ НЕМЕСЕ ТАЗАЛАУ ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ! Абразиялық қоспасы бар затты пайдаланбаңыз. СПИРТТІ ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ! Ескерту! Фильтрді ауыстыру жəне аспапты тазалау ережелерінің сақталынбауы өрттің пайда болуына əкелуі мүмкүн. Сондықтан берілген нұсқаумен пайдалануға кеңес береміз. Жоғарыда көрсетілген ескертулерді сақтамағандықтан немесе дұрыс емес жөндеу салдарынан болған өрт немесе қозғауыштың бүлінуіне байланысты барлық жауапкершілік алынады.

Периметрлік сору панелі Ćұěńŕқ řүáĺđĺęňł ćəíĺ ŕđŕëŕńňűđűëғŕí ćóғűř çŕňňű ďŕéäŕëŕíűď, ňүňłí řűғŕđó құáűđűíűң ęөëĺěäł ňŕқňŕńűí ěŕé ńүçăłńłěĺí áłđäĺé ćčłëłęďĺí ňŕçŕëŕңűç. Ĺřқŕřŕí ŕáđŕçčâňł ňŕçŕëŕó өíłěäĺđłí ďŕéäŕëŕíáŕңűç. Майды тазарту сүзгілеріне техникалық қызмет көрсету Ас дайындаудағы май бөлшектерін ұстап қалады. Фильтрді ай сайын жуғыш заттармен қолмен немесе төмен температурада жəне үнемді жуу цикліндегі ыдыс жуғыш машинасында тазалап тұру керек (немесе фильтрді қанықтыру жүйесі, егер сіздің үлгіде болса, берілген қажеттілікті көрсеткен жағдайда). Майды тазалау фильтрі ыдыс жуғыш машинасымен жуғанда өңсізденуі мүмкін. Бірақ оның тазалау сипаты мүлде өзгермейді. Май сүзгісін алып тастау үшін серіппелі босату тұтқасын тартыңыз

Лампаларды ауыстыру Аспапты электр жүйесінен өшіріңіз Ескерту! Лампаны ұстаудан бұрын, олар суығандығына көз жеткізіңіз. Қасиеттер жапсырмасында немесе корпустағы шам лампасында көрсетілгендей, ескі шам лампасын бірдей түрдегі лампамен алмастырыңыз. 1. Кішкентай бұрауыш немесе ұқсас аспап арқылы қорғайтын панелді шығарып алыңыз. 2. Бұзылған шамды ауыстырыңыз. Макс.12V -20W - G4 галогендік шамдарды ғана қолданыңыз. Қолдарыңызды тигізбеңіз. 3. Қорғайтын панелді жауып қойыңыз (фиксатор көмегімен).

Көмір сүзгісіне қызмет көрсету Ас пісірген кезде жарамсыз иісті ұстап қалады. Көмір фильтрінің қанығуы, асүйдің түрі мен көмір фильтрінің жүйелі тазаланылуына байланысты ұзақ уақыт қолданғаннан кейін болады. Қандай жағдай болмасын, картриджді кемінде 4 ай сайын ауыстырып тұру қажет (немесе фильтрдің қанығу индикатор жүйесі, егер сіздің моделіңізге

ЖОЮ Электрлік жəне электрондық аспаптарды қайта пайдаға асыру жөніндегі 2012/19/EC Европалық директивке (WEEE) сəйкес берілген өнім таңбаланды. Берілген өнімді дұрыс қайта пайдаға асыруды қамтамассыз етумен, Сіз қоршаған ортаға жəне адам денсаулығына кері əсерін тигізу ді болдырмауға көмектесесіз.

Аспаптағы немесе жолдама құжаттағы таңбасы берілген аспапты қайта пайдаға асыруда əдеттегі тұрмыстық қалдық ретінде игеруге болмайтынын көрсетеді. Оның орнына электрлік жəне электрондық аспаптарды қайта пайдаға асыруға арналған қабылдау пунктіне тапсыру керек. Бұзуға тапсыру аспапты қайта пайдаға асыру жөніндегі жергілікті ережелерге сəйкес шығарылуы тиіс. Бұндай өнімдерді пайдалану, қайта пайдаға асыру ережелері жөнінде толық ақпаратты жергілікті əкімшілік орындарынан, қалдықтарды қайта пайдаға асыру қызметінен немесе берілген өнімді Сіз сатып алған дүкенен ала аласыз. Құрылғы келесілерге сай жобаланған, сыналған жəне жасап шығарылған: • Қауіпсіздік: EN/IEC 60335-1; EN/IEC 60335-2-31, EN/IEC 62233. • Өнімділік: EN/IEC 61591; ISO 5167-1; ISO 5167-3; ISO 5168; EN/IEC 60704-

1; EN/IEC 60704-2-13; EN/IEC 60704-3; ISO 3741; EN 50564; IEC 62301. • EMC: EN 55014-1; CISPR 14-1; EN 55014-2; CISPR 14-2; EN/IEC 61000-3-2;

EN/IEC 61000-3-3. Қоршаған ортаға əсерді азайту үшін дұрыс пайдалану туралы нұсқаулар: Əзірлеуді бастағанда қақпақты ең аз жылдамдықпен қосыңыз жəне əзірлеу аяқталғаннан кейін біраз минут бойы жұмыс істетіңіз. Жылдамдықта тек түтіннің жəне будың үлкен мөлшері жағдайында арттырыңыз жəне күшейту жылдамдығын(қтарын) тек шекті жағдайларда пайдаланыңыз. Жақсы жағымсыз иісті азайту тиімділігін сақтау үшін қажет болғанда көмір сүзгісін(лерін) ауыстырыңыз. Жақсы май сүзгісі тиімділігін сақтау үшін қажет болғанда май сүзгісін(лерін) ауыстырыңыз. Тиімділікті оңтайландыру жəне шуды барынша азайту үшін осы нұсқаулықта көрсетілген өткізу жүйесінің ең үлкен диаметрін пайдаланыңыз.

АҚАУЛЫҚТАР Егер құрылғының бір бөлігі дұрыс жұмыс істемесе, Техникалық қызмет көрсету бөліміне қоңырау шалмас бұрын келесі əрекеттерді орындаңыз: • Қақпақ жұмыс істемесе: Төмендегілерді тексеріңіз: - Қуат ажыратылмаған. - Жылдамдық таңдалған. • Қақпақ жеткіліксіз қызмет атқарса: Төмендегілерді тексеріңіз: - Таңдалған мотор жылдамдығы босатылған түтін мен будың мөлшері үшін жеткілікті. - Асүй ауа кірісі үшін жеткілікті желдетіледі. - Көмір сүзгісі тозбаған (қақпақ сүзу нұсқасында). • Қақпақ қалыпты əрекет барысында өшірілсе: Төмендегілерді тексеріңіз: - Қуат ажыратылмаған. - көп полюсті ажырату құрылғысы өшірілмеген. Егер қақпақ тиісінше жұмыс істемесе, оны сымды тарту арқылы желілік розеткадан 5 секундқа қысқа уақытқа ажыратыңыз. Содан кейін оны қайтадан жалғаңыз да, Техникалық қолдау қызметіне хабарласу алдында қайта қосып көріңіз.

ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР Үлгі

62,3-114,8 72,7-114,8

Жалпы сіңіру мен жарық сіңіруді тексеру үшін тақтаны тексеріңіз. Қуат Өлшемдер Кернеу (В) Қақпақ (Вт) (mm) Alogena 2 x 20W 12 G4 33xØ10

Өніммен бірге берілмеген құрамдастар