DPK5950B - сорғыш AEG - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз DPK5950B AEG PDF форматында.

AEG DPK5950B - сорғыш
📄 272 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice AEG DPK5950B - page 119
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түрі Сәндік камин сорғышы
Бренд AEG
Модель DPK5950B
Өлшемдері (Е x Т x Б) 90 см x 50 см x 60-120 см
Салмағы Шамамен 15 кг
Қуат көзі 230 В / 50 Гц
Қосылу қуаты 220 Вт
Макс. шу деңгейі 65 дБ(А)
Макс. сору қабілеті 600 м³/сағ
Жылдамдықтар саны 3 + қарқынды
Жарықтандыру Кіріктірілген ЖШД, 2 x 3 Вт
Сүзгі түрі Жууға болатын металл сүзгі
Энергия тиімділік класы A+
Жұмыс режимі Сыртқа шығару немесе рециркуляция
Басқару Электронды түймелер
Сүзгілерді тазалау Ыдыс жуғышта немесе қолмен
Қанығу индикаторы Жоқ
Қауіпсіздік Қызып кеткенде автоматты түрде өшіру
Қосалқы бөлшектер AEG сайтында қолжетімді
Жөндеуге жарамдылық Жөндеу индексі: 7.5/10
Кепілдік 2 жыл
Бірге берілетін керек-жарақтар Орнату жинағы, пайдалану нұсқаулығы
Түсі Қара

Жиі қойылатын сұрақтар - DPK5950B AEG

AEG DPK5950B сорғышын қалай орнатуға болады?
Орнату білікті маманға жүктелуі керек. Нұсқаулықтағы нұсқауларды орындаңыз: қабырға кронштейнін бекітіңіз, сору құбырын жалғаңыз (егер сору режимі болса) және құрылғыны 230 В розеткаға қосыңыз.
Сорғыш сүзгілерін қалай тазалауға болады?
Металл сүзгілер ыдыс жуғышта (қарқынды бағдарлама) немесе сабынды сумен қолмен жуылады. Қайта орнатпас бұрын толық кептіріңіз.
Ең жоғары сору қабілеті қандай?
AEG DPK5950B сорғышының ең жоғары сору қабілеті 600 м³/сағ, бұл ашық асүйге өте ыңғайлы.
Сорғышты рециркуляция режимінде пайдалануға бола ма?
Иә, сорғыш рециркуляция режимінде қосымша көмір сүзгісімен жұмыс істей алады (қосымша). Бұл ауаны сыртқа шығармай тазартуға мүмкіндік береді.
ЖШД шамды қалай ауыстыруға болады?
ЖШД жарықтандыру кіріктірілген және оны уәкілетті техник ауыстыруы керек. AEG сатудан кейінгі қызметіне хабарласыңыз.
Сорғыш шу шығарады, бұл қалыпты ма?
Максималды жылдамдықта шу деңгейі 65 дБ(А) жетуі мүмкін. Егер шу қалыпсыз болса, сүзгілердің таза екенін және құбырдың бітелмегенін тексеріңіз.
Сорғыштың жылдамдықтарын қалай реттеуге болады?
Түймелерді пайдаланыңыз: 1-жылдамдық үшін бір рет, 2 үшін екі рет, 3 үшін үш рет басыңыз. Қарқынды жылдамдық үшін (10 минут) басып тұрыңыз.
Қосалқы бөлшектерді қайдан табуға болады?
Қосалқы бөлшектер AEG ресми сайтында немесе уәкілетті сатушыларда қолжетімді. DPK5950B моделін көрсетіңіз.
Сорғыш жанбаса не істеу керек?
Электр қуатын және сақтандырғышты тексеріңіз. Мәселе шешілмесе, AEG тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Сорғыштың сыртқы бетін қалай күту керек?
Жұмсақ ылғалды шүберек пен жұмсақ жуғыш затпен тазалаңыз. Қара бетін сызып тастауы мүмкін абразивті өнімдерден аулақ болыңыз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы DPK5950B AEG

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз сорғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз DPK5950B - AEG және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. DPK5950B брендінің AEG.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ DPK5950B AEG

Пештің сорғыш қондырғысы 119 | Қолдану туралы нұсқаулары

AEG компаниясына қош келдіңіз! Құрылғымызды таңдағаныңызға рақмет.

AEG DPK5950B - AEG компаниясына қош келдіңіз! Құрылғымызды таңдағаныңызға рақмет. - 1

Пайдалану туралы ақпаратты, кітапшаларды, ақаулықты жою құралы, қызмет көрсету және жөндеу туралы ақпаратты мына жерден алыңыз: www.aeg.com/support

Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.

МАЗМҰНЫ

Құрылғыны орнатып іске қосар алдында бірге жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде орын алған жарақат немесе зақымға өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде сақтаңыз.

1.1 Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігі

Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен дене, сезім не ақыл-ой қабілеттері шектеулі не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын түсінсе, онда қолдануына болады. 8 жасқа толмаған балалар мен мүмкіндіктері өте шектеулі мүгедек адамдарды басқалар қадағаламаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.

Балалардың құрылғымен ойнамауын қадағалау керек.

  • Барлық орам материалдарын балалардан алыс ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
  • Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, балалар мен үй жануарларын алыс ұстаңыз.
  • Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.

1.2 Жалпы қауіпсіздік

  • Бұл құрылғы үйде пештердің, тағам пісіргіштердің және сол тәрізді басқа да пісіру құралдарының үстіне орналастырып қолдануға арналған.
  • Бұл құрылғы ішкі ортада бір отбасының тұрмыстық пайдалануына арналған.
  • Бұл құрылғыны кеңселерде, қонақүй бөлмелерінде, төсек және таңғы ас беретін қонақ үйлерде, ферма үйлерінде және осыған ұқсас тұрғын үйлерде пайдалануға болады, егер пайдалану деңгейі орташа тұрмыстық пайдаланудан аспаса.
  • Кез келген жөндеу жұмысын орындамас бұрын құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.
  • САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ: Алмалы бөлшектерді пісіру құрылғыларымен бірге пайдаланғанда ысып кетуі мүмкін.
  • Құрылғымен бірге жеткізілген бекіту бұрандаларын ғана қолданыңыз; егер жеткізілмесе, орнату нұсқауларында ұсынылған бұрандаларды пайдаланыңыз. Құрылғыны орнату талаптарына сәйкес ыңғайлы және қауіпсіз жерге орнатыңыз.
  • ЕСКЕРТУ: Бұрандалар немесе бекіту құрылғысы осы нұсқауларға сәйкес орнатылмаса, ток соғу қаупі туындауы мүмкін. • Құрылғыны бекіту үшін желімдерді пайдаланбаңыз. • Табалар қойылған пештің беті мен құрылғының төменгі бөлігіне дейінгі ең аз қашықтық, пешке немесе құрылғыға арналған орнату нұсқауларында өзгеше көрсетілмесе, кем дегенде 65 см болуы тиіс.

Ауаны шығару жергілікті нормативтік актілердің талаптарына сәйкес келуі керек.

Газ немесе басқа жанармай қолданатын құрылғылардан, сондай-ақ ашық оттан бөлінетін газдар бөлмеге қайта кірмеуі үшін, құрылғы орнатылған бөлменің жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз.

Желдету саңылауларының бітеліп қалмағанын және құрылғы жинаған ауа басқа құрылғылардан келетін түтін мен буды тартатын жүйеге (орталықтан жылыту жүйелері, термосифондар, су жылытқыштар және т.б.) тасымалданбағанын тексеріңіз.

Құрылғы басқа құрылғылармен бірге іске қосылғанда, бөлмедегі ең үлкен вакуум 0,04 мбар-дан аспауы керек.

Егер қуат сымы зақымдалса, ток соғу қаупін болдырмау үшін, оны өндіруші немесе оның уәкілетті қызмет көрсету орталығы не сол сияқты білікті маман ауыстыруы тиіс.

Егер сым жинағы зақымдалса, оны өндірушіден немесе оның уәкілетті қызмет көрсету орталығынан алуға болатын арнайы сым жинағына ауыстыру керек.

Құрылғы қуат көзіне тікелей қосылған болса, құрылғыны электр желісінің барлық полюстерінен ажыратуға мүмкіндік беретін ажыратқыш құрылғымен жабдықталуы керек. Тоқтан толық айыру жұмыстарын III-ші асқын кернеу санатында көрсетілген жағдайларға сай іске асыру керек. Ажырату құралын сымдарды өткізу ережелеріне сай бекітілген сымдарға біріктіру керек.

Құрылғының астында фламбе тәсілімен ас пісіруге болмайды.

Қауіпті немесе жарылғыш материалдарды және буларды пайдаланбаңыз.

Құрылғының бетіндегі материалдың сапасы түспеуі үшін жұмсақ шүберекпен мезгіл-мезгіл тазалаңыз.

• Кұрылғының бетін тазалау үшін бумен тазалау құралын, сулы спрейді, қатты жеміргіш заттарды немесе өткір

темір құралдарды пайдаланбаңыз. Бейтарап жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.

  • Өрт шықпас үшін май жинайтын сүзгілерді (кемінде 2 айда бір рет) және құрылғыға жиналған майларды тазалаңыз. • Кұрылғының ішін шүберекпен тазалаңыз.

2. ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАР

2.1 Орнату

AEG DPK5950B - Орнату - 1

АБАЙЛАҢЫЗ!

Жарақат алу, электр қатері, күйіп қалу, өрт қаупі, құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.

  • Осы құрылғыны тек білікті маман ғана орнатуға тиіс.
  • Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз.
  • Құрылғымен бірге жеткізілген орнату нұсқауларын орындаңыз.
  • Құрылғы ауыр болғандықтан, орнынан жылжытқан кезде әрқашан абай болыңыз. Әрқашан қауіпсіздік қолғабы мен бітеу аяқ киім киіңіз.
  • Құрылғыны орнатпас бұрын барлық орам материалдарын, жапсырмасын және қорғаныш үлдірін алыңыз.
  • Ауа тартқыш құрылғыны, егер қабырға орнатуға арнайы рұқсат берілмесе, онда орнатпаңыз.

2.2 Электр тоғына қосу

AEG DPK5950B - Электр тоғына қосу - 1

АБАЙЛАҢЫЗ!

Өрт және электр қатеріне ұшырау қаупі бар.

  • Электр тоғына қосу жұмыстарының барлығын білікті электрші ғана іске асыруы керек.
  • Техникалық ақпарат тақтасындағы параметрлердің негізгі қуатпен жабдықтау желісіндегі электр параметрлеріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
  • Егер ( ) белгішесі техникалық ақпарат тақтайшасында жазылмаса, құрылғыны жерге тұйықтау қажет. • Әрқашан дұрыс орнатылған, соққыға төзімді розетканы қолданыңыз.
  • Электр сымдарының оратылуына жол бермеңіз.
  • Көп тармақты адаптер мен ұзартқыш сымды қолданбаңыз.
  • Егер розетка бекітілмеген болса, ашаны жалғамаңыз. • Құрылғыны ажырату үшін электр сымынан тартпаңыз. Әрдайым қорек ашаны қолмен тартып шығарыңыз.
  • Ток жүріп тұрған және гидроизоляциясы бар бөлшектерді электр қатерінен қорғау үшін құралсыз алынбайтын етіп мықтап орнату керек.
  • Құрылғының дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Бос әрі дұрыс емес электр желісінің сымы ағытпаны тым ысытып жіберуі мүмкін.
  • Құрылғыны орнатқаннан кейін қосыңыз. Орнатып болғаннан кейін электр желісіне қол жеткізуге болатынына көз жеткізіңіз.

2.3 Пайдалану

AEG DPK5950B - Пайдалану - 1

АБАЙЛАҢЫЗ!

Жарақат алу, күйіп қалу және ток соғу қаупі бар.

  • Бұл тек тағам пісіруге арналған құрылғы. Құрылғыны басқа мақсатта қолданбаңыз. • Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын өзгертпеңіз. • Құрылғыны дымқыл қолдармен немесе суға тиіп тұрғанда пайдаланбаңыз.
  • Тек құрылғымен бірге қамтамасыз етілген аксессуарларды ғана пайдаланыңыз. • Тамақты тоңмайға немесе майға пісіріп, қуырғанда қызған заттарды немесе оттың жалынын алыс ұстаңыз.
  • Ашық электр грильдерін пайдаланбаңыз.
  • Құрылғыны сақтау орны үшін пайдаланбаңыз.
  • Құрылғының жарығына тікелей қарау үшін үлкейткіш әйнекті, дүрбіні немесе басқа да оптикалық құралдарды пайдаланбаңыз.
  • Егер құрылғы басқа құрылғылармен жұмыс істесе, ең көп түзілетін қысым 4 Па (4x10–5 бар) шамасынан аспауы керек.

2.4 Сервис

  • Құрылғыны жөндеу үшін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Тек ғана фирмалық қосалқы бөлшектерді қолданыңыз.
  • Осы өнімнің ішіндегі шам(дар) мен шамдардың қосалқы бөлшектері жеке

сатылады: Бұл шамдар температура, діріл, ылғалдылық сияқты төтенше физикалық жағдайларға тұрмыстық құрылғылардың қарсы тұруына немесе құрылғының жұмыс жағдайы туралы сигнал беруге арналған. Олар басқа қолданбаларда пайдалануға арналмаған және тұрғын үйлерді жарықтандыруға сәйкес келмейді.

2.5 Қоңысқа тастау

AEG DPK5950B - Қоңысқа тастау - 1

АБАЙЛАҢЫЗ!

Жарақат алу немесе тұншығу қаупі бар.

  • Құрылғыны утилизациялау жолы туралы ақпарат алу үшін муниципалды органға хабарласыңыз.
  • Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
  • Құрылғыға жақын орналасқан электр кабелін кесіп, утилизациялаңыз.

3. ПАЙДАЛАНУ

AEG DPK5950B - ПАЙДАЛАНУ - 1

АБАЙЛАҢЫЗ!

Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

3.1 Орнату нұсқаулары

AEG DPK5950B - Орнату нұсқаулары - 1

Құрылғыны орнату туралы толық ақпарат алу үшін жеке ұсынылған орнату кітапшасын қараңыз.

4. ӨНІМ СИПАТТАМАСЫ

Бірінші жылдамдық/Өшірулі Желдеткіш бірінші жылдамдық деңгейіне ауысады. Екінші рет басқан кезде құрылғы өшіріледі.

2

Шам Шамдарды қосады және өшіреді.

3

Үшінші жылдамдық Желдеткіш үшінші жылдамдық деңгейіне ауысады.

4

Екінші жылдамдық: желдеткіш екінші жылдамдық деңгейіне ауысады.

5. КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ

Төмендегі кестеге сәйкес ұсынылған жылдамдықты тексеріңіз.

0|1

Тамақты жылытқанда, қақпақ жабылған ыдысты қолданып пісіргенде.

2

Бірнеше пісіру аймақтарында немесе оттықтарда қақпағы жабық ыдыста тамақ пісіргенде, баппен қуырғанда.

3

Көп мөлшердегі тағамдарды қақпақсыз қайнатқанда және қуырғанда, бірнеше пісіру аймағында немесе оттықтарда пісіргенде.

i

Тағамды пісіруге дейін және кейін ауа тартқышты шамамен 15 минут қосып қоюға кеңес беріледі.

Құрылғыны белсендіру

Ауа тартқыш құралды пайдалану үшін:

  1. Түтін шығарғыштың суырмасын 5 см-ден көбірек тартып шығарыңыз.

AEG DPK5950B - Ауа тартқыш құралды пайдалану үшін: - 1

  1. Бұл функцияны белсендіру үшін 0|1 түймесін басыңыз.
  2. Керек болса, қажетті түймешікті басып, жылдамдықты өзгертіңіз.

Құрылғыны сөндіру

Желдеткішті өшіру үшін 01 түймесін басыңыз немесе түтін шығарғыш тартпасын жабыңыз.

i

Тартпа жабылғанда, желдеткіштің соңғы жылдамдық параметрі сақталатын болады. Тартпаны қайта тартқанда, ауа тартқыш желдеткіштің соңғы таңдалған жылдамдығында жұмыс істейді.

Жарықтандыру

i

Ауа тартқыштың шамы басқа ауа тартқыш функцияларынан тәуелсіз жұмыс істейді.

Жарықтандыруды белсендіру және өшіру

Пісіру бетін жарықтандыру үшін түймесін түртіңіз. Тартпа жабылса, ауа тартқыш жарығына әсер етпейді.

6.1 Тазалау туралы ескертпелер

Жуғыш заттар

Абразивті жуғыш заттарды және щеткаларды пайдаланбаңыз.

Құрылғының бетін жұмсақ шүберекпен, жылы сумен және жұмсақ жуғыш затпен тазалаңыз.

Өзірлеуден кейін құрылғының кейбір бөліктері қызуы мүмкін. Дақтарды болдырмау үшін құрылғыны салқындатып, таза шүберекпен немесе қағаз сүлгілермен құрғату керек.

Дактарды жүмсак жуғыш затпен тазалаңыз.

Түтін шығарғышты таза ұстаңыз

Ішіндегі және май сүзгілеріндегі майды мұқият тазалаңыз. Жиналған май немесе басқа қалдық өртке әкелуі мүмкін.

Көмір сүзгісі

Көмір сүзгісінің толу уақыты тағам пісірудің түрі мен май сүзгісінің қаншалықты жиі тазаланғанына байланысты болады. Аксессуармен бірге берілетін кітапшаны қараңыз.

6.2 Май сүзгісін тазалау

Сүзгілерді орнату үшін қарама-қарсы жақтарында қысқыштар мен қадауштар пайдаланылған.

Сүзгіні тазалау үшін:

  1. Ауа тартқыш құралдың астындағы сүзгі панеліндегі бекіту қысқышының ұстағышын басыңыз.

1 2

  1. Сүзгінің алдыңғы жағын төмен қарай аздап еңкейтіңіз, содан кейін тартыңыз. Барлық сүзгілер үшін алғашқы екі қадамды қайталаңыз.
  2. Май сүзгілерін жеміргіш емес жуғыш заттарды және губканы қолданып қолмен тазалаңыз немесе оларды ыдыс жуғыш машинада тазалаңыз. Май сүзгілерін қолмен тазалауды ұсынамыз.

i

Ыдыс жуғыш машинада төмен температураны және қысқа циклді орнату керек. Май сүзгісінің түсі өзгеруі мүмкін, бұл құрылғының жұмыс істеуіне әсер етпейді.

  1. Сүзгіні қайта орнына қою үшін алғашқы екі қадамды керісінше орындаңыз. Қажет болса, барлық сүзгілер үшін қадамдарды қайталаңыз.

6.3 Көмір сүзгісін ауыстыру - міндетті емес

Түріне байланысты сүзгі қалпына келтірілуі не келтірілмеуі мүмкін. Сүзгімен бірге берілген парақшаны қараңыз.

Сүзгіні ауыстыру үшін:

  1. Май сүзгілерін құрылғыдан шығарып алыңыз. Осы тараудағы «Май сүзгілерін тазалау» бөлімін қараңыз.
  2. Ілмектерді сүзгінің төменгі бөлігіне қарай тартыңыз.

AEG DPK5950B - Көмір сүзгісін ауыстыру - міндетті емес - 1

  1. Сүзгінің алдыңғы жағын төмен қарай аздап еңкейтіңіз, содан кейін тартыңыз.
  2. Сүзгіні орнату үшін осы қадамдарды керісінше орындаңыз.

6.4 Шамды ауыстыру

Құрылғы LED шамымен жабдықталған. Бұл бөлікті техник ғана ауыстырады. Ақаулық

орын алған жағдайда "Қауіпсіздік нұсқаулары" тарауындағы "Қызмет көрсету" бөлімін қараңыз.

7. АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ

AEG DPK5950B - АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ - 1

АБАЙЛАҢЫЗ!

Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

7.1 Егер иесіз болса...

Мәселе Ьіктимал себебі Шешім
Құрылғыны белсендіру мүмкін емес.Құрылғы куат көзіне қосылған жоқ немесе теріс қосылған.Құрылғының электр жүйесіне дұрыс қосылғанын тексеріңіз.
Құрылғыны белсендіру мүмкін емес.Қуат көзінің болмауы. Сақтандырғышты немесе негізгі қосқышты тексеріңіз. Сақтандырғыш немесе қосқыш тізбекті үзуді жалғастырса, білікті электрикке хабарласыңыз.
Құрылғыны белсендіру мүмкін емес.Шкаф есіктері шкаф жақтауымен тураланбаған.Шкаф есіктерін туралаңыз.
Шам жұмыс істемей түр. Шамда ақау бар. Уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғы буды жеткілікті түрде тартпайды.Қозғалтқыш жылдамдығы пайда болған буларға сәйкес келмейді.Мотордың жылдамдығын арттырыңыз.

Белгі салынған материалдарды қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін тиісті контейнерлерге салыңыз. Электрлік және электроникалық құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден өткізу арқылы, қоршаған ортаға және адамның денсаулығына зиян келтіретін

жағдайларға жол бермеуге өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі қойылған құрылғыларды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Өнімді жергілікті қайта өңдеу орталығына өткізіңіз немесе жергілікті мекемеге хабарласыңыз.

Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : AEG

Модель : DPK5950B

Санат : сорғыш