EF-DX920 - Компьютер пернетақтасы SAMSUNG - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз EF-DX920 SAMSUNG PDF форматында.
| Өнім түрі | Планшетке арналған қақпақ пернетақта |
| Бренд | Samsung |
| Модель | EF-DX920 |
| Өлшемдер (шамамен) | 25,0 × 18,0 × 1,5 см |
| Салмағы (шамамен) | 350 г |
| Материал | Жасанды былғары, пластмасса |
| Қуат көзі | CR2032 түймелі батарея (кіреді) |
| Батареяның жұмыс уақыты | Үздіксіз қолдану кезінде шамамен 100 сағат |
| Байланыс | Bluetooth 5.0 |
| Bluetooth қашықтығы | 10 метрге дейін |
| Негізгі функциялары | Толық пернетақта, жылдам пернелер, кіріктірілген планшет ұстағышы |
| Үйлесімділік | Samsung Galaxy Tab S7, S8, S9 және ұқсас модельдер |
| Көру бұрышы | 165°-қа дейінгі реттелетін көп бұрыштар |
| Күтім және тазалау | Жұмсақ, құрғақ шүберекпен сүртіңіз. Еріткіштерді қолданбаңыз. |
| Қауіпсіздік | Тек үйлесімді құрылғылармен пайдаланыңыз. 3 жасқа дейінгі балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. |
| Қосалқы бөлшектер және жөндеу мүмкіндігі | Қосалқы бөлшектер жоқ. Жөндеу қарастырылмаған. |
| Жалпы ақпарат | Өндірушінің 2 жылдық кепілдігі. Кейінірек пайдалану үшін нұсқаулықты сақтаңыз. |
Жиі қойылатын сұрақтар - EF-DX920 SAMSUNG
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы EF-DX920 SAMSUNG
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Компьютер пернетақтасы PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз EF-DX920 - SAMSUNG және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. EF-DX920 брендінің SAMSUNG.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ EF-DX920 SAMSUNG
Құрылғының сыртқы көрінісі
1 Планшет пен пернетақтадағы жалғағыштарды туралап, планшетті пернетақтаға бекітіңіз. 2 Тысты бекітіп, камераның камера саңылауына сәйкес келетінін тексеріңіз. Ол майысқан болса, ажыратып, қайтадан тіркеңіз. Пернетақтаны бірден пайдалануға болады.

1 Камера мен камера саңылауының орналасқан жерін тексеріп, тыстың жоғарғы бөлігінің барлық бұрышын планшетпен туралаңыз. 2. Алдымен тыстың жоғарғы бөлігін тіркеңіз, содан кейін қалған бөлігін басыңыз.

3 Планшет пен пернетақтадағы жалғағыштарды туралап, планшетті пернетақтаға бекітіңіз. Пернетақтаны бірден пайдалануға болады.

- Планшеттің экранын жапқан кезде пернетақтаға тым қатты күш түсіруге болмайды. Бұл экранның зақымдалуына әкелуі мүмкін.
- Планшет пен пернетақта жалғағыштарының ластануы анықтауға және пернетақтаның дұрыс жұмыс істеуіне кедергі жасауы мүмкін.
- Планшетпен бірге басқа орынға ауысқан кезде пернетақтаны жабыңыз. Пернетақта ашық болып ауысқан кезде планшет бөлініп, зақымдалуы мүмкін. • Құрылғыны жалпақ беткі қабатта пайдаланыңыз.

Пернетақтаны экран қақпағы ретінде пайдалануға болады. Пернетақтамен жабылған кезде экран өшеді және пернетақта ашылған кезде ол қосылады.
Планшет бұрышын реттеу (EF-DX725, EF-DX825, EF-DX925)
Планшеттің бұрышын өнім түпқоймасымен реттеуге болады. Түпқойманы қайырып, қажетті бұрышқа келгенше реттеңіз.

- Түпқойманы тым қатты еңкейтпеңіз және оған көп күшпен баспаңыз. Әйтпесе, түпқойма зақымдалуы немесе пішінін өзгертуі мүмкін.
- Түпқойманың орналасу бұрышы төмен орнатылса, планшет экранын тым қатты баспаңыз. Осылай болған жағдайда, қойғыш құлауы мүмкін.
Пернелерді пайдалану
Пернетақтаны пайдаланар алдында планшетте енгізу тілін орнатыңыз. Енгізу тілін орнату туралы қосымша ақпаратты планшеттің пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
| A | • [Fn] + [APP1]/[APP2]/[APP3]: таңдаулы қолданбаларды ашу. (EF-DX920, EF-DX925) Қолданбаны таңдаулылар сақтау үшін қажетті қолданбаны ашып, Fn пернесін және APP1/APP2/APP3 пернесін 3 секунд басып тұрыңыз. |
| B | • [Fn] + [DeX]: Samsung DeX қолданбасын іске қосу немесе тоқтату.Қосымша ақпаратты планшеттің пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз. |
| C | • [Fn] + [☐]: пернетақтаны ортақ пайдалану Пернетақтаны планшетке қосылған басқа құрылғыларда пайдалануға болады.Қосымша ақпаратты планшеттің пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз. |
| D | • Қолданбалар экранын ашу.Жалғанған планшеттің операциялық жүйе нұсқасына байланысты Assistant қолданбасы ашылуы мүмкін. |
| E | • [Fn] + [☐]: тачпадты қосу немесе өшіру. (EF-DX725, EF-DX825, EF-DX925) |
| F | • АІ көмекшісін іске қосу Әдепкі АІ көмекші қолданбасын өзгерту үшін Alt және қернелерін бір уақытта басыңыз. |
• ▲ / ▼ / ◀ / ▶: курсорды жылжыту. • [Fn] + [▲]: бір бет жоғары • [Fn] + [▼]: бір бет төмен • [Fn] + [◀]: басы • [Fn] + [▶]: соңы
Тачпадты пайдалану (EF-DX725, EF-DX825, EF-DX925)
Тачпадтың көмегімен планшет экранындағы курсорды басқаруға немесе қосымша мүмкіндіктерді пайдалануға болады.

| Эрекеттер Функциялар | |
| Басу/түрту | • Басу |
| Сүйреу | • Курсорды жылжыту. |
| Басып түру және сүйреу | • Таңдалған нысанды жылжыту. |
| Екі саусақпен түрту | • Мәнмәтіндік мәзірді ашу. |
| Екі саусақпен сүйреу | • Бетті айналдыру. |
| Екі саусақты алшақтату/жақындату | • Ўлғайту / кішірейту |
| Үш саусақпен жоғары/төменқарай сүйреу | • Соңғы ашылғандар/бастапқы бет |
| Үш саусақпен солға/оңға қарайсүйреу | • Қолданбалар арасында ауысу. |
| Үш саусақпен түрту | • Артқа |
S Pen қаламын сақтау
1 S Pen қаламын суретте көрсетілгендей планшеттің S Pen зарядтағышына бекітіңіз.

S Pen қаламын S Pen зарядтағышымен дұрыс туралаңыз. Егер S Pen дұрыс бекітілмеген болса, S Pen қақпағы жабылмауы мүмкін.
2 S Pen қаламын S Pen қақпағымен жабыңыз.

S Pen қақпағын ауыстыру
Өнімнің S Pen қақпағын ауыстыруға болады. S Pen қақпағын ауыстырған кезде S Pen қақпағының камера саңылауын басып, алып тастаңыз.
S Pen қақпағын бекіту үшін S Pen қақпағын өнімнің S Pen қақпағының ойығымен туралап, орнына бекітілгенше, шетін басыңыз.

Пайдалану бойынша ескертпелер
Өнімді пайдалану бойынша сақтық шаралары
Қауіпсіз әрі дұрыс пайдалану үшін өнімді пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықты оқып шығыңыз.
- Суреттер нақты өнімнен ерекшеленуі мүмкін. Мазмұн алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
- Өнім Galaxy Tab S9, S9 FE, S9+, S9 Ultra, S10+, S10 Ultra нұсқаларымен үйлесімді.
- Өнімді ылғал, еріткіштер бар жерге немесе жоғары температуралы ортаға жақындатпаңыз. Әйтпесе оған дақ түсуі, қатпарлануы, түссізденуі немесе майысуы мүмкін.
- Бүйым жанасатын орынның беті кірленсе, бүйымды қолданбас бұрын оны толығымен тазалап сүртіңіз.
- Өнімді ыстық немесе ылғалды ортада қалдырмаңыз. Тікелей күн сәулесінің әсерінен өнімнің түсі немесе пішіні өзгеруі мүмкін.
- Шеге сияқты өткір заттармен өнімге сызат түсірмеу үшін абай болыңыз.
- Осы өнімді пайдалану кезінде кейбір пайдаланушыларда қышыну, есекжем немесе ісіну сияқты аллергиялық реакциялар туындауы мүмкін. Егер сізде осы белгілердің бірі пайда болса, өнімді пайдалануды тоқтатып, дәрігерге қаралыңыз.
- Өнімді қолдану кезінде оған құрылғыны сызаттауы немесе бүлдіруі мүмкін кірдің тиіп кетуіне жол бермеуге тырысыңыз.
- Өнімнің ішінде магниттер бар. Оны несие карталарынан, имплантталған медициналық құрылғылардан және магниттер әсер етуі мүмкін басқа да аспаптардан алыс ұстаңыз. Медициналық құрылғыларға қатысты жағдайда бұл өнімді олардан 15 см-ден алыс ұстаңыз. Медициналық құрылғының жұмысына кедергі келтіру туралы күмәніңіз болса, өнімді қолдануды тоқтатып, дәрігеріңізбен немесе медициналық құрылғыны өндірушімен кеңесіңіз.
- Бұл өнім кейбір тегін/ашық көзден алынған бағдарламалық құралдарды қамтиды. Осы өнімде пайдаланылған бастапқы коды ашық бағдарламалық жасақтаманың лицензиясы туралы ақпаратты opensource.samsung.com бетінен таба аласыз.
Нұсқаулық белгішелер

Ескерту: өзіңіздің немесе басқалардың жарақат алуына әкелуі мүмкін жағдайлар

Абайлаңыз: өнімді немесе басқа жабдықты зақымдауы мүмкін жағдайлар

Ескертпе: ескертулер, пайдалану туралы кеңестер немесе қосымша ақпарат
Орама құрамы мен аксессуарлар бойынша ескертпелер
Өнім қорабында мына заттар бар екенін тексеріңіз:
• Өнім • Жылдам бастау нұсқаулығы

- Өніммен бірге берілген элементтер және кез келген қолжетімді аксессуарлар аймаққа немесе тасымалдаушыға байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
- Сыртқы түрі мен сипаттамалары ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
- Қосымша қосалқы құралдарды Samsung веб-сайтынан сатып алуға болады. Сатып алу алдында олардың өніммен үйлесімді екенін тексеріңіз.
- Samsung мақұлдаған аксессуарларды пайдаланыңыз. Бекітілмеген қосалқы құралдарды пайдалану кепілдікте қамтылмаған өнімділік мәселелерін және ақаулықтарды тудыруы мүмкін.
- Барлық қосалқы керек-жарақтың қолжетімділігі тек өндіруші компанияларға байланысты болады. Қол жетімді қосалқы құралдар туралы қосымша ақпарат Samsung веб-сайтында ұсынылған.
Авторлық құқық
Бұл нұсқаулық халықаралық авторлық құқықтар туралы заңдармен қорғалған.
Бұл нұсқаулықтың ешбір бөлігін кез келген түрде немесе электрондық не механикалық кез келген әдіс, соның ішінде, фотокөшіру, жазу не кез келген ақпарат сақтау орнында және шығарып алу жүйесінде сақтау арқылы көшіруге, таратуға, аударуға немесе тасымалдауға болмайды.
Сауда белгілері
- SAMSUNG және SAMSUNG логотипі — Samsung Electronics Co., Ltd. компаниясының тіркелген сауда белгілері.
- Барлық басқа сауда белгілері және авторлық құқықтар тиісті иелерінің меншігі болып табылады.
Бастау нұсқаулығы
Құрылғы бөліктерінің сызбасы
▶ EF-DX720, EF-DX820, EF-DX920:
