EF-DX715 - Пернетақта SAMSUNG - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз EF-DX715 SAMSUNG PDF форматында.

SAMSUNG EF-DX715 - Пернетақта
📄 490 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice SAMSUNG EF-DX715 - page 398
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түрі Планшетке арналған Bluetooth пернетақтасы
Бренд Samsung
Модель EF-DX715
Үйлесімділік Samsung Galaxy Tab S7 FE (SM-T733)
Өлшемдері (Ұ x Е x Б) 254 x 185 x 10 мм
Салмағы 420 г
Қуат көзі Қайта зарядталатын литий-ионды батарея, USB-C
Автономдылық Зарядтауда 4 айға дейін
Байланыс Bluetooth 5.0
Пернелер саны 82 перне
Артқы жарық Иә, реттелетін
Материал Жұмсақ жанасу қаптамасы бар пластик
Түс Қара
Арнайы функциялар Кіріктірілген сенсорлық панель, планшет ұстағышы, жылдам пернелер
Күтім және тазалау Жұмсақ және құрғақ шүберек, абразивті өнімдерден аулақ болыңыз
Қауіпсіздік Ылғал мен шаңнан қорғау
Қосалқы бөлшектер және жөндеу мүмкіндігі Пайдаланушы жөндей алмайды, Samsung қолдау қызметіне хабарласыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар - EF-DX715 SAMSUNG

Пернетақтаны планшетке қалай қосуға болады?
Планшетте Bluetooth қосыңыз. Қосқышты сырғыту арқылы пернетақтаны қосыңыз. Жұптау түймесін (Bluetooth белгішесі) ЖЭД жыпылықтағанша басыңыз. Bluetooth құрылғылар тізімінен 'Samsung Keyboard' таңдаңыз.
Пернетақтаны қалай зарядтауға болады?
Берілген USB-C кабелін пайдаланып, оны желілік адаптерге немесе компьютердің USB портына жалғаңыз. Қызыл индикатор зарядтауды көрсетеді, толық зарядталғанда жасыл.
Батареяның автономдылығы қандай?
Қалыпты пайдалануда (күніне 2 сағат) автономдылық 4 айға дейін жетеді. Бұл артқы жарық пен пайдалануға байланысты.
Пернетақтада артқы жарық бар ма?
Иә, реттелетін артқы жарығы бар. Оны функция пернелері арқылы немесе планшет параметрлерінде реттеуге болады.
Пернетақта басқа планшеттермен үйлесімді ме?
Ол арнайы Galaxy Tab S7 FE үшін жасалған. Ол кез келген Bluetooth құрылғысымен жұмыс істейді, бірақ магниттік бекіткіштер мен жылдам пернелер тек осы планшет үшін оңтайландырылған.
Пернетақтаны қалай тазалау керек?
Жұмсақ және құрғақ шүберекті пайдаланыңыз. Қиын дақтар үшін шүберекті сумен аздап дымқылдаңыз. Химиялық немесе абразивті өнімдерді ешқашан қолданбаңыз.
Пернелер жауап бермесе не істеу керек?
Пернетақтаның қосулы және Bluetooth арқылы қосылғанын тексеріңіз. Егер мәселе сақталса, планшетті қайта іске қосыңыз немесе қуат түймесін 10 секунд басып тұрып пернетақтаны қалпына келтіріңіз.
Пернетақтада сенсорлық панель бар ма?
Иә, кіріктірілген сенсорлық панель планшетке қол тигізбей экранды шарлауға мүмкіндік береді. Ол мульти-сенсорлы қимылдарды қолдайды.
Жылдам пернелерді қалай пайдалануға болады?
Функция пернелері (F1-ден F12-ге дейін) дыбыс деңгейін басқару, жарықтық, қолданбаларды іске қосу сияқты әрекеттер үшін алдын ала бағдарламаланған. Толық тізім үшін нұсқаулықты қараңыз.
Пернетақта зарядталмаса не істеу керек?
USB-C кабелі мен адаптерді тексеріңіз. Басқа портты немесе зарядтағышты қолданып көріңіз. Егер индикатор жанбаса, Samsung қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы EF-DX715 SAMSUNG

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Пернетақта PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз EF-DX715 - SAMSUNG және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. EF-DX715 брендінің SAMSUNG.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ EF-DX715 SAMSUNG

Құрылғының сыртқы көрінісі

1. Тыстың төменгі бөлігінің әрбір бұрышын планшетпен туралаңыз, содан кейін тысты бекітіңіз. 2. Тыс бекітілгеннен кейін, камераның камера саңылауына сәйкес келетінін тексеріңіз. Ол майысқан болса, ажыратып, қайтадан тіркеңіз.

SAMSUNG EF-DX715 - Құрылғының сыртқы көрінісі - 1

3. Планшет пен пернетақтадағы жалғағыштарды туралап, планшетті пернетақтаға бекітіңіз. Пернетақтаны бірден пайдалануға болады.

SAMSUNG EF-DX715 - Құрылғының сыртқы көрінісі - 2

1. Камера мен камера саңылауының орналасқан жерін тексеріп, тыстың жоғарғы бөлігінің барлық бұрышын планшетпен туралаңыз. 2. Алдымен тыстың жоғарғы бөлігін тіркеңіз, содан кейін қалған бөлігін басыңыз.

SAMSUNG EF-DX715 - Құрылғының сыртқы көрінісі - 3

3. Планшет пен пернетақтадағы жалғағыштарды туралап, планшетті пернетақтаға бекітіңіз. Пернетақтаны бірден пайдалануға болады.

SAMSUNG EF-DX715 - Құрылғының сыртқы көрінісі - 4

  • Планшеттің экранын жапқан кезде пернетақтаға тым қатты күш түсіруге болмайды. Бұл экранның зақымдалуына әкелуі мүмкін.
  • Планшет пен пернетақта жалғағыштарының ластануы анықтауға және пернетақтаның дұрыс жұмыс істеуіне кедергі жасауы мүмкін.
  • Планшетпен бірге басқа орынға ауысқан кезде пернетақтаны жабыңыз. Пернетақта ашық болып ауысқан кезде планшет бөлініп, зақымдалуы мүмкін. • Құрылғыны жалпақ беткі қабатта пайдаланыңыз.

SAMSUNG EF-DX715 - Құрылғының сыртқы көрінісі - 5

Пернетақтаны экран қақпағы ретінде пайдалануға болады. Пернетақтамен жабылған кезде экран өшеді және пернетақта ашылған кезде ол қосылады.

Планшет бұрышын реттеу (EF-DX715, EF-DX815, EF-DX915)

Планшеттің бұрышын өнім түпқоймасымен реттеуге болады. Қойғышты қайырып, қажетті бұрышқа келгенше реттеңіз.

SAMSUNG EF-DX715 - Планшет бұрышын реттеу (EF-DX715, EF-DX815, EF-DX915) - 1

  • Түпқойманы тым қатты еңкейтпеңіз және оған көп күшпен баспаңыз. Әйтпесе, түпқойма зақымдалуы немесе пішінін өзгертуі мүмкін.
  • Түпқойманың орналасу бұрышы төмен орнатылса, планшет экранын тым қатты баспаңыз. Осылай болған жағдайда, қойғыш құлауы мүмкін.

Пернелерді пайдалану

Пернетақтаны пайдаланар алдында планшетте енгізу тілін орнатыңыз. Енгізу тілін орнату туралы қосымша ақпаратты планшеттің пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.

A• [Fn] + [APP1]/[APP2]/[APP3]: тандаулы қолданбаларды ашу. (EF-DX910, EF-DX915) Қолданбаны тандаулыларда сақтау үшін қажетті қолданбаны ашып, Fn пернесін және APP1/APP2/APP3 пернесін 3 секунд басып тұрыңыз.
B• [Fn] + [DeX]: Samsung DeX қолданбасын іске қосу немесе төқтату.
C• Google Assistant қолданбасын ашыңыз.
D• [Fn] + [☐]: тачпадты қосу немесе өшіру. (EF-DX715, EF-DX815, EF-DX915)
E• [Lang]: енгізу тілдерін ауыстыру.• [Fn] + [☐]: экрандағы пернетақтаны қосу немесе өшіру.
F• ▲ / ▼ / ◀ / ▶: курсорды жылжыту.• [Fn] + [▲]: бір бет жоғары• [Fn] + [▼]: бір бет төмен• [Fn] + [◀]: басы• [Fn] + [▶]: соңы

SAMSUNG EF-DX715 - Пернелерді пайдалану - 1

Samsung DeX туралы қосымша ақпаратты планшеттің пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.

Тачпадты пайдалану (EF-DX715, EF-DX815, EF-DX915)

Тачпадтың көмегімен планшет экранындағы курсорды басқаруға немесе қосымша мүмкіндіктерді пайдалануға болады.

SAMSUNG EF-DX715 - Тачпадты пайдалану (EF-DX715, EF-DX815, EF-DX915) - 1

Эрекеттер Функциялар
Басу/түрту• Басу
Сүйреу• Курсорды жылжыту.
Басып түру және сүйреу• Таңдалған нысанды жылжыту.
Екі саусақпен түрту• Мәнмәтіндік мәзірді ашу.
Екі саусақпен сүйреу• Бетті айналдыру.
Екі саусақты алшақтату/жақындату• ¥лғайту / кішірейту
Уш саусақпен жоғары/төменқарай сүйреу• Соңғы ашылғандар/бастапқы бет
Уш саусақпен солға/оңға қарайсүйреу• Қолданбалар арасында ауысу.
Уш саусақпен түрту• Артқа

S Pen қаламын сақтау

1. S Pen қаламын суретте көрсетілгендей планшеттің S Pen қалам зарядтағышына бекітіңіз.

SAMSUNG EF-DX715 - S Pen қаламын сақтау - 1

S Pen қаламын S Pen зарядтағышымен дұрыс туралаңыз. Егер S Pen дұрыс бекітілмеген болса, S Pen қақпағы жабылмауы мүмкін.

2. S Pen қаламын S Pen қақпағымен жабыңыз.

SAMSUNG EF-DX715 - S Pen қаламын сақтау - 2

S Pen қақпағын ауыстыру

Өнімнің S Pen қақпағын ауыстыруға болады. S Pen қақпағын ауыстырған кезде S Pen қақпағының камера саңылауын басып, алып тастаңыз.

S Pen қақпағын бекіту үшін, S Pen қақпағын өнімнің S Pen қақпағының ойығымен туралап, орнына бекітілгенше, шетін басыңыз.

SAMSUNG EF-DX715 - S Pen қақпағын ауыстыру - 1

Пайдалану бойынша ескертпелер

Өнімді пайдалану бойынша сақтық шаралары

Қауіпсіз әрі дұрыс пайдалану үшін өнімді пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықты оқып шығыңыз.

  • Суреттер нақты өнімнен ерекшеленуі мүмкін. Мазмұн алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
  • Өнім Samsung Galaxy Tab S9, Galaxy Tab S9+ және Galaxy Tab S9 Ultra құрылғыларымен байланыстыру үшін оңтайландырылған.
  • Өнімді ылғал, еріткіштер бар жерге немесе жоғары температуралы ортаға жақындатпаңыз. Әйтпесе оған дақ түсуі, қатпарлануы, түссізденуі немесе майысуы мүмкін.
  • Бұйым жанасатын орынның беті кірленсе, бұйымды қолданбас бұрын оны толығымен тазалап сүртіңіз.
  • Өнімді ыстық немесе ылғалды ортада қалдырмаңыз. Тікелей күн сәулесінің әсерінен өнімнің түсі немесе пішіні өзгеруі мүмкін.
  • Шеге сияқты өткір заттармен өнімге сызат түсірмеу үшін абай болыңыз.
  • Осы өнімді пайдалану кезінде кейбір пайдаланушыларда қышыну, есекжем немесе ісіну сияқты аллергиялық реакциялар туындауы мүмкін. Егер сізде осы белгілердің бірі пайда болса, өнімді пайдалануды тоқтатып, дәрігерге қаралыңыз.
  • Өнімді қолдану кезінде оған құрылғыны сызаттауы немесе бүлдіруі мүмкін кірдің тиіп кетуіне жол бермеуге тырысыңыз.
  • Өнімнің ішінде магниттер бар. Оны несие карталарынан, имплантталған медициналық құрылғылардан және магниттер әсер етуі мүмкін басқа да аспаптардан алшақ ұстаңыз. Медициналық құрылғыларға қатысты жағдайда бұл өнімді олардан 15 см-ден алыс ұстаңыз. Медициналық құрылғының жұмысына кедергі келтіру туралы күмәніңіз болса, өнімді қолдануды тоқтатып, дәрігеріңізбен немесе медициналық құрылғыны өндірушімен кеңесіңіз.
  • Бұл өнім кейбір тегін/ашық көзден алынған бағдарламалық құралдарды қамтиды. Осы өнімде пайдаланылған бастапқы коды ашық бағдарламалық жасақтаманың лицензиясы туралы ақпаратты opensource.samsung.com бетінен таба аласыз.

Нұсқаулық белгішелер

SAMSUNG EF-DX715 - Нұсқаулық белгішелер - 1

Ескерту: өзіңіздің немесе басқалардың жарақат алуына әкелуі мүмкін жағдайлар

SAMSUNG EF-DX715 - Нұсқаулық белгішелер - 2

Абайлаңыз: өнімді немесе басқа жабдықты зақымдауы мүмкін жағдайлар

SAMSUNG EF-DX715 - Нұсқаулық белгішелер - 3

Ескерім: ескертулер, пайдалану туралы кеңестер немесе қосымша ақпарат

Орама құрамы мен керек-жарақтар бойынша ескертпелер

Өнім қорабында мына заттар бар екенін тексеріңіз:

• Өнім • Жылдам бастау нұсқаулығы

SAMSUNG EF-DX715 - Орама құрамы мен керек-жарақтар бойынша ескертпелер - 1

  • Өніммен бірге берілген элементтер және кез келген қолжетімді керек-жарақтар аймаққа немесе тасымалдаушыға байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
  • Сыртқы түрі мен сипаттамалары ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
  • Қосымша қосалқы құралдарды Samsung веб-сайтынан сатып алуға болады. Сатып алу алдында олардың өніммен үйлесімді екенін тексеріңіз.
  • Тек Samsung ұсынған қосалқы құралдарды пайдаланыңыз. Бекітілмеген қосалқы құралдарды пайдалану кепілдікте қамтылмаған өнімділік мәселелерін және ақаулықтарды тудыруы мүмкін.
  • Қосалқы құралдардың қол жетімділігі тек өндіруші компанияларға ғана байланысты болады. Қол жетімді қосалқы құралдар туралы қосымша ақпарат Samsung веб-сайтында ұсынылған.

Авторлық құқық

Бұл нұсқаулық халықаралық авторлық құқықтар туралы заңдармен қорғалған.

Бұл нұсқаулықтың ешбір бөлігін кез келген түрде немесе кез келген әдіс, электрондық немесе механикалық, соның ішінде, фотокөшіру, жазу немесе кез келген ақпараттық қоймада және шығарып алу жүйесінде сақтау арқылы көшіруге, таратуға, аударуға немесе тасымалдауға болмайды.

Сауда белгілері

  • SAMSUNG және SAMSUNG логотипі — Samsung Electronics Co., Ltd. компаниясының тіркелген сауда белгілері.
  • Барлық басқа сауда белгілері және авторлық құқықтар тиісті иелерінің меншігі болып табылады.

EAC

SAMSUNG EF-DX715 - Сауда белгілері - 1

Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : SAMSUNG

Модель : EF-DX715

Санат : Пернетақта