CH64C/2 X - плита CANDY - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз CH64C/2 X CANDY PDF форматында.
| Өнім түрі | Еркін тұратын пеш |
| Бренд | Candy |
| Модель | CH64C/2 X |
| Түсі | Тот баспайтын болат |
| Жалпы өлшемдері (HxWxD) | 85 x 60 x 60 см |
| Салмағы | Шамамен 50 кг |
| Қуат көзі | Газ (плита) және 230В/50Гц (пеш) |
| Газ оттықтарының саны | 4 |
| Пеш түрі | Электрлік конвекциялық пеш |
| Пештің сыйымдылығы | 70 литр |
| Гриль функциясы | Иә |
| Таймер | Механикалық таймер |
| Басқару түрі | Тетіктер |
| Тазалау | Эмальданған ішкі беті, сүртіп тазалауға болатын плита |
| Қауіпсіздік ерекшеліктері | Газ клапанының қауіпсіздік құрылғысы, пеш есігін бекіту |
| Қосалқы бөлшектердің қолжетімділігі | Уәкілетті қызмет көрсету орталықтары арқылы қолжетімді |
| Жөндеуге қабілеттілік | Жөндеуді жеңілдететін модульдік дизайн |
| Энергия тиімділігі класы | Пеш: A |
| Орнату түрі | Еркін тұратын, кіріктірілген емес |
Жиі қойылатын сұрақтар - CH64C/2 X CANDY
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы CH64C/2 X CANDY
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз плита PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз CH64C/2 X - CANDY және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. CH64C/2 X брендінің CANDY.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ CH64C/2 X CANDY
ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ НҰСҚАУЛЫҒЫ
KZ
CONTENT GB
Қауіпсіздік техникасы ережелері 13
- Орнатуды орындау жөніндегі нұсқаулықтар .....14 1.1. Орнатылатын пісіретін беттер .....14 1.2. Пісіретін бетті орнатуға арналған орынды таңдау .....14
- Электр желісіне қосу (тек Ұлыбритания үшін) .....14 2.1. Электр желісіне қосу....14
2.2. Газбен жабдықтау
2.3. Пісіретін бетті газдың басқа түрлеріне бейімдеу.....15 2.4. Минималды жалынды реттеу....15 3. Пісіретін бетті пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар .....15 3.1 Газ конфоркасын пайдалану .....15 3.2. Электр плиталарды пайдалану жөніндегі нұсқау....16 4. Қызмет көрсету және тазалау....16 5. Сатудан кейін қызмет көрсету....16 6. Қоршаған ортаны қорғау....16
МАЗМҰНЫ
RU
ЕСКЕРТУ: Тұрмыстық электр аспап және оның ашық бөліктері жұмыс істеп тұрған уақытта жоғары температураға дейін қызуы мүмкін. Сақ болыңыз, оларға тигізбеңіз.
8 жастан кіші балалар тұрмыстық аспапқа тұрақты қадағалаусыз жақындамауға тиіс.
Бұл тұрмыстық электр аспапты 8 жастан асқан балалар, сондай-ақ дене немесе ақыл-ой қабілеті бұзылған немесе тиісті тәжірибесі жоқ адамдар, олар бақылауда болатын және тұрмыстық аспапты қауіпсіз пайдалануға қатысты нұсқауландырылған жағдайда, сондай-ақ егер олар орын алған қауіптіліктер туралы хабардар болса, пайдалана алады.
Балаларға тұрмыстық аспаппен ойнауға рұқсат етпеңіз.
Балалар тұрмыстық аспапты тазалауды және қызмет көрсетуді ересектердің қадағалауынсыз орындамауға тиіс.
ЕСКЕРТУ: Пісіретін бетте тонмайды немесе майды пайдаланып тамақ пісіру тиісті қараусыз қауіпті болуы және өртке әкеліп соғуы мүмкін.
ЕШҚАШАНДА жалынды сумен сөндіруге тырыспаңыз. Тұрмыстық электр аспапты өшіріңіз де, жалынды қақпақпен немесе отқа төзімді матамен үстінен жабыңыз.
ЕСКЕРТУ: Өрт шығу қаупі: пісіретін бетті оның үстінде заттарды сақтау үшін пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРТУ: Пісіретін бетте жарықша пайда болған жағдайда, электр тогының соққысын алудан сақтану үшін, тұрмыстық аспапты өшіріңіз.
Тазалау үшін бу генераторын пайдаланбаңыз.
Қақпақты жабудың алдында пісіретін беттің суынуына мүмкіндік беріңіз.
Тұрмыстық аспап сыртқы таймердің немесе бөлек қашықтан басқару жүйесінің көмегімен басқаруға арналмаған.
Тұрмыстық аспапты электр желісіне қосу қолданыстағы электр қауіпсіздік ережелері мен нормаларына сәйкес айырғыш құрылғыны пайдалану арқылы орындалуға тиіс.
Нұсқаулықта қоректендіру бауының типі көрсетілген болуға тиіс. Бұл орайда электр аспаптың артқы қабырғасының температурасы ескерілуге тиіс.
Қоректендіру бауы зақымдалған жағдайда, оны өндіруші, техникалық қызмет көрсету жөніндегі агент немесе жеткілікті біліктілікке ие маман ауыстыруға тиіс. Бұл қауіптен сақтану үшін қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Құрылғының жылулық қорғанышты кездейсоқ қайтаруына байланысты қауіптен сақтану үшін, бұл тұрмыстық электр аспап сыртқы ауыстырып қосқыш құрылғылар, таймер немесе электр аспапты алма-кезек қосып және өшіріп тұратын басқа құрылғы арқылы қоректендірілмеуге тиіс.
Бұл тұрмыстық аспап қолданыстағы ережелерге сәйкес және тек жақсы желдетілетін үй-жайларда орнатылуға тиіс. Тұрмыстық аспапты орнатардың немесе пайдаланардың алдында нұсқаулықты оқып шығыңыз.
Осы нұсқаулық тек тұрмыстық аспапта елдің символы болған жағдайда ғана күшіне ие болады. Егер ондай символ жоқ болса, онда техникалық суреттемені қарау қажет, онда нақты елдегі іске пайдалану шарттарына сәйкес аспапты модификациялауға қатысты қажетті нұсқаулықтар беріледі.
Орнатуды орындаудың алдында жергілікті тарату шарттары (газдың түрі және газ қысымы) мен аспаптың реттелімдері бірі-бірімен үйлесімді болуын тексеріңіз.
Бұл тұрмыстық аспапқа арналған реттеу шарттары құлақша қағазда (немесе төлқұжаттық табличкада) көрсетілген.
Бұл тұрмыстық аспап жану өнімдерін ауа тартқышқа қосылмаған. Ол қолданыстағы қосылу ережелеріне сәйкес орнатылуға және қосылуға тиіс. Желдетуге қатысты талаптарға ерекше назар аудару қажет.
Газ плитасын іске пайдалану өзінің соңынан плита орнатылған бөлмеде жылу мен ылғалдың бөлініп шығуын ілестіреді. Асүйдің жақсы желдетілетініне көз жеткізіңіз: табиғи желдетудің ойықтары бітелмеген болуға тиіс, немесе механикалық желдету құрылғысын (ауа тартқышты) орнатыңыз. Плитаны әрі қарқынды пайдаланған кезде пешке қосымша желдету, мысалы, терезені ашу немесе анағұрлым тиімді желдету, мысалы, ауа тартқыштың өнімділігін ұлғайту (егер ол пайдаланылатын болса) қажет болуы мүмкін.
1. ОРНАТУДЫ ОРЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТАР
ТҰРМЫСТЫҚ ТЕХНИКАНЫ ОРНАТУ ОНЫҢ ДҰРЫС ОРЫНДАЛМАУЫ ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ТЕРІС САЛДАР ӘКЕЛУІ МҮМКІН КҮРДЕЛІ ЖҰМЫС БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. СОЛ СЕБЕПТЕН, ТҰРМЫСТЫҚ ТЕХНИКАНЫ ОРНАТУДЫ ЖОҒАРЫ БІЛІКТІ МАМАНДАР ОРЫНДАУҒА ТИІС, ОЛАР ОРНАТУДЫ БАРЛЫҚ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЕРЕЖЕЛЕР МЕН НОРМАЛАРДЫ САҚТАЙ ОТЫРЫП ОРЫНДАЙДЫ. БҰЛ ЕСКЕРТУ ЕЛЕНБЕГЕН ЖӘНЕ ОРНАТУДЫ ЖЕТКІЛІКТІ БІЛІКТІЛІГІ ЖОҚ ТҰЛҒА ОРЫНДАЙТЫН ЖАҒДАЙДА, ӨНДІРУШІ ЖАБДЫҚТЫҢ ІСТЕН ШЫҒУЫНА ЖӘНЕ БҰЛ ОРАЙДА МҮЛІККЕ НЕМЕСЕ АДАМДАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА КЕЛТІРІЛГЕН НҰҚСАНҒА ҚАТЫСТЫ ЕШҚАНДАЙ КІНӘРАТ-ТАЛАПТАРДЫ ҚАБЫЛДАМАЙТЫН БОЛАДЫ.
Пісіретін бет асүйдегі 100 °C температураға дейін үстелдің қыздыруға қалыңдығы шыдай алатын және 25 - 40 мм бар кез келген жұмыс бетінде орнатыла алады. Асүй жұмыс үстелінің бетінде ойылуға тиіс ойықтың мөлшерлері 2-ші суретте көрсетілген.
Егер пісіретін бет оның екі шкафтар орналасатындай қапталында түрде орнатылатын болса, онда пісіретін бет пен шкафтың арасындағы кем дегенде 15 см (4-ші суретті), қашықтық
ал пісіретін бет пен оның артында орналасқан қабырғаның арасындағы қашықтық кем дегенде 5,5 см болуға тиіс.
Пісіретін бет пен басқа электр аспаптың (мысалы, ауа тартқыш қалпақтың) арасындағы қашықтық кем дегенде 70 см болуға тиіс
(4-ші суретті қараңыз).
Егер пісіретін беттің астында бос кеңістік бар болса, онда пісіретін беттің астында жылу оқшаулайтын материалдан (мысалы, ағаштан) жасалған бөлгіш панель орнату керек (3-ші суретті қараңыз).
Маңызды ақпарат: 1-ші суретте герметик қалай жағылатыны көрсетілген.
Пісіретін бет орнықтырғыш қысқыштардың көмегімен бекітіледі, олар пісіретін беттің табанында орналасқан ойықтарға сұғылады. Егер 60 см пісіретін бет онда желдеткішті салқындату жүйесі жоқ түмша пештің үстінде орнатылатын болса, онда ауаның қалыпты циркуляциясын қамтамасыз ету үшін қоса орнатылатын жиһазда ойықтар жасауға кеңес беріледі.
Ондай ойықтардың ауданы кем дегенде 300 см² болуға тиіс және ол ойықтар 5-ші суретте көрсетілгендей орналасуға тиіс.
Егер пісіретін бет духовканың үстінен 75 см биіктікте бекітілетін болса, онда духовкада желдеткіші бар салқындату жүйесі болуға тиіс.
Бұл тұрмыстық аспап қолданыстағы ережелерге сәйкес және тек жақсы желдетілетін үй-жайларда орнатылуға тиіс. Тұрмыстық аспапты орнатардың немесе пайдаланардың алдында нұсқаулықты оқып шығыңыз.
Газ плиталар орнатылған жерлерде жылу мен ылғал бөлініп шығады. Сондықтан, сіз не табиғи желдетуге арналған ойықтардың көмегімен, не электр ауа тартқыштың көмегімен үй-жайда жақсы желдетуді қамтамасыз етуге тиіссіз. Плитаны ұзақ әрі қарқынды пайдаланған кезде пешке, мысалы, терезені ашу және үй-жайды желдету арқылы немесе мәжбүрлік желдету жүйесінің электр желдеткішінің (егер ол орнатылған болса) айналу жылдамдығын үлғайту арқылы қамтамасыз етілетін қосымша желдету қажет болуы мүмкін.
Егер ауа тартқыш қалпақты орнатуға мүмкіндік жоқ болса, онда қабырғада немесе терезе ойығында ауа тартқыш электр желдеткіш орнату керек.
Ауа тартатын желдеткіштің асүйдегі ауа сағатына 3-5 рет толық ауысып отыруы үшін жеткілікті қуаттылығы болуға тиіс.
Орнату ұлттық ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкес орындалуға тиіс.
Назар аударыңыз, бұл электр аспап жерге тұйықталған болуға тиіс.
Бұл электр аспап тек тұрмыстық қолдануға арналған. Электр желісіне қосылуды тек тәжірибелі электрик барлық қолданыстағы электр қауіпсіздік ережелері мен нормаларын сақтай отырып орындауға тиіс.
Бұл электр аспап жүктемелік қабілеті жеткілікті электр желісінің таралымына қосылуға тиіс. Бұл қосылыс үшін 13 А арналған 3 істікті аша/розетка жарамайды. Электр тогымен қоректендіру желісінде қосполюсті ажыратқыш орнатылған болуға және тізбек тиісті номиналды балқыма сақтандырғыштың көмегімен қорғалған болуға тиіс. Нақты бұйым үшін электр тогымен қоректендіруге қойылатын талаптарға қатысты бұдан көрі толық
ақпарат іске пайдалану жөніндегі нұсқаулықта және бұйымға бекітілген төлқұжаттық табличкада берілген. Егер пісіретін беттің жынтықталымында жеткізілетін қоректендіру кабелінің ұзындығы жеткіліксіз болып табылса, онда жүктемелік қабілеті жеткілікті одан көрі ұзын жылуға төзімді қоректендіру кабелін пайдалану керек. Электр желісіне қосылу төмендегідей түрде орындалуға тиіс: қараңыз
| ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ ТАРАМЫНЫЙ КЛЕММАСЫНА КОСЫНЫЗ | |
| Жасыл-сары сымКөк сымКоңыр сым | ЖерНейтральФаза |
Ескерім: Пісіретін бетті жерге ток жылыстауды анықтау құрылғысы арқылы қоспаңыз, өйткені бұл "жалған ажыратылуға" әкеліп соғуы мүмкін. Тағы бір еске саламыз, электр аспап дұрыс жерге тұйықталған болуға тиіс және өндіруші электр аспаптың электр желісіне дұрыс қосылмағанының нәтижесінде орын алған зақымдар мен жазатайым оқиғалар жағдайында ешқандай кінәрат-талаптарды қабылдамайды.
Пісіретін беттің кірістік кернеуі электр желісінің кернеуіне сәйкес келетініне көз жеткізу үшін, пісіретін беттің сыртына бекітілген төлқұжаттық табличкада келтірілген деректерді тексеріңіз.
Пісіретін бетті электр желісіне қосудан бұрын, жерге тұйықтау жүйесін тексеріңіз.
Бұл электр аспап міндетті түрде жерге тұйықталған болуға тиіс. Бұл талап орындалмаған жағдайда, өндіруші адамдардың денсаулығына келтірілген зиян мен мүліктің зақымдалуы үшін жауапкершіліктен өзін босатады. Егер қоректендіру кабеліне аша жалғанбаған болса, қоректендіру кабеліне оның жүктемелік қабілеті төлқұжаттық табличкада көрсетілгенге сәйкес келетін ашаны жалғаңыз. Жерге тұйықтау сымының түсі жасыл-сары болып табылады. Электр розеткасына әрдайым еркін қол жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілген болуға тиіс.
Егер пісіретін бет электр желісіне тікелей қосылатын болса, онда автоматты ажыратқыш орнатылған болуға тиіс.
Қауіптіліктерге жол бермеу үшін, зақымдалған қоректендіру кабелін ауыстыруды тек білікті маман орындауға тиіс.
Жерге тұйықтау сымы (жасыл-сары) фаза мен нейтраль сымдарынан шамамен 10 мм ұзынырақ болуға тиіс.
Қоректендіру кабелінің өткізгіштерінің қимасы пісіретін бет тұтынатын қуаттылыққа сәйкес келетін болуға тиіс.
Электр аспап тұтынатын қуаттылықтың төлқұжаттық табличкада көрсетілген мәнін тексеріңіз, сондай-ақ 3x0.75 mm2 H05 V2V2-F типті қоректендіру кабелі пайдаланылатынын тексеріңіз.
Электр тогымен қоректендіру желісі
| ФАЗА | L | Коңыр сымСары-жасыл сымКек сым | Коңыр сымКоректендірукабелі |
| ЖЕР | |||
| НЕЙТРАЛЬ | N |
Егер электр аспап ашасы бар қоректендіру кабелінсіз немесе III санаттың асқын кернеуі орын алған жағдайда электр аспапты электр желісінен толық ағытуды қамтамасыз ететін электр желісінен барлық фазаларды ағытумен ажыратуға арналған басқа құрылғыларсыз жеткізілетін болса, онда электр аспап электр сымдарын тарту ережелеріне сәйкес монтаждалған қатқыл электр сымдары бар ағытқыш құрылғы арқылы қосылуға тиіс.
Осы нұсқаулықтар жабдықты орнатуды ұлттық ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкес орындау үшін жеткілікті біліктілікке ие мамандарға арналған. Тек Ұлыбритания үшін. Заңға сәйкес, орнатуды/пайдалануға қосуды тек "Gas Safe" қызметінің қызметкері орындауға тиіс.
Барлық жұмыстар электр қуатымен қоректендіру ағытылған кезде орындалуға тиіс.
Пісіретін бетке бекітілген төлқұжаттық табличкада пісіретін бет онда жұмыс істеуге тиіс газдың түрі көрсетілген. Пісіретін бетті газбен жабдықтау желісіне немесе газ баллонына қосудың алдында пісіретін беттің оған жіберілетін газдың түріне реттелгенін тексеру қажет. Егер пісіретін бет газдың керекті түріне реттелмеген болса, реттеуді қалай өзгерту керектігі суреттелген келесі параграфтарда келтірілген нұсқаулықтарды қараңыз.
Сұйытылған газда (баллондағы газ) жұмыс істеген кезде ұлттық стандарттардың талаптарына жауап беретін қысым реттеуішті пайдалану керек.
Құбырлар, шайбалар мен тығыздағыш аратесемдер ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес болуға тиіс.
Кейбір модельдер конустық бұрандасы бар інімен (жалғастырғыш тетікпен) бірге жеткізіледі. Бірқатар елдерде ондай жалғастырғыш тетіктерді пайдалану міндетті болып табылады. 8-ші суретте цилиндрлік бұрандасы бар жалғастырғыш тетікті конустық бұрандасы бар жалғастырғыш тетіктен қалай ажыратуға болатыны көрсетілген (СУ = цилиндрлік, СО = конустық).
Кез келген жағдайда, цилиндрлік бұрандасы бар жалғастырғыш тетіктің шеті пісіретін бетке қосылуға тиіс.
Икемді түтікше ол жиһаздың жылжытылатын бөліктеріне (мысалы, жәшікке) тимейтіндей және қысылып қалуы мүмкін жерлерде өтпейтіндей етіп құрастырылады.
Егер пісіретін бетті газбен жабдықтау желісіне қосу икемді шлангінің көмегімен жүзеге асырылатын болса, икемді шлангінің ұзындығы 2 метрден аспайтынын тексеріңіз.
Пісіретін бетті зақымдап алмау үшін, оны орнатуды суреттелгендей орындаңыз (6-шы суретті қараңыз).
1) Бөлшектерді суретте көрсетілгендей қосыңыз:
A) 1/2 дюйм сыртқы цилиндрлік бұрандасы бар жалғастырғыш тетік
В) 1/2 дюйм аратесем
С) 1/2 дюйм бұрандасы бар газдық жалғастырғыш тетік, конустық-цилиндрлік немесе цилиндрлік-цилиндрлік.
2) Қосылысты гайкалық кілттердің көмегімен қатайтып тартыңыз. Қосылысты қатайтып тартудың алдында құбырларды керекті қалпында орнатыңыз.
3) Иінді С газ жіберу желісіне қатты мыс түтіктің немесе икемді болат түтіктің көмегімен жалғаңыз.
МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТПЕ: Пісіретін бетті газбен жабдықтау желісіне қосқаннан кейін, барлық құбырлық қосылыстарды сабынды ерітіндінің көмегімен газ жылыстауының жоқ болуы тұрғысынан тексеріңіз. ЕШҚАШАНДА ГАЗ ЖЫЛЫСТАУЫН ТЕКСЕРУ ҮШІН ЖАЛЫНДЫ ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. Сондай-ақ икемді шлангінің асүй жиһазының жылжытылатын бөліктеріне (мысалы, тартпа жәшікке) тимейтінін және ол зақымдалуы мүмкін жерлерде өтпейтінін тексеріңіз.
Ескерту: Егер сіз пісіретін беттің маңында газдың иісін сезсеңіз, пісіретін бетке газ жіберуді жабыңыз да, маманды шақыртыңыз. Газ жылыстайтын жерді ашық жалынның көмегімен іздемеңіз.
Пісіретін бетті газдың басқа түрлерімен жұмыс істеуге бейімдеу үшін, төмендегі суреттелген нұсқаулықтарды орындаңыз:
торлар мен конфоркаларды шешіп алыңыз
конфорканың табанына алты қырлы кілтті (7 мм) сұғыңыз (7-ші сурет)
Бүркіткішті бұрап алыңыз да, оны пайдаланылуға тиіс газдың түріне сәйкес келетін бүркіткішке ауыстырыңыз (газ түрлерінің кестесін қараңыз).
Конфорканы тұтандырғаннан кейін жалынның биіктігін реттеуіштің тұтқасын минималды жалынға сәйкес келетін қалыпқа орнатыңыз, содан кейін әлсіз күш түсіріп, реттеуіштің тұтқасын шешіп алыңыз.
Минималды жалынды реттеу 9-шы суретте көрсетілгендей, винттің және кішкентай бұрауыштың көмегімен орындалады. Винтті сағат тілінің бағыты бойынша бұру газ ағынын азайтады, ал винтті сағат тілінің бағытына қарсы бұру газ ағынын ұлғайтады. Осындай реттеудің көмегімен биіктігі 3-4 мм жалынға жеткізіңіз, содан кейін реттеуіштің тұтқасын орнына орнатыңыз.
Егер сұйытылған мұнай газы (СМГ) пайдаланылатын болса, винтті сағат тілінің бағытымен ақырына дейін бұрыңыз.
Пісіретін бетті газдың басқа түріне бейімдеу үшін реттеуді орындағаннан кейін, пісіретін бетке бекітілген, онда газдың түрі көрсетілген ескі табличканы онда пісіретін бет оған көшірілген газдың түрі көрсетілген жаңасына (пісіретін бетпен жиынтықталымда жеткізіледі) ауыстырыңыз.
3. ПІСІРЕТІН БЕТТІ ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚТАР
Бұл электр аспап тек оның тура нысаналы мақсаты бойынша, яғни, үй жағдайларында тамақ пісіру үшін пайдалануға арналған. Пісіретін бетті кез келген басқа қолдану дұрыс емес және сондықтан қауіпті болуы мүмкін деп саналады. Өндіруші пісіретін бетті дұрыс пайдаланбаудың салдары болып табылатын зақымдар мен ысыраптар үшін жауапкершілік көтермейді.
3.1. ГАЗ КОНФОРКАСЫН ПАЙДАЛАНУ
Конфорканы тұтандыру үшін, оған жанған сіріңкені тақап, жалынның биіктігін реттеу тұтқасын басыңыз да, оны сағат тілінің бағытына қарсы бұрыңыз.
Егер конфоркалар екі немесе одан артық күннің ішінде пайдаланылмаған болса, онда, конфорканы тұтандырмастан бұрын, түтікшелерден ауа шыққанынша бірнеше секунд күте тұрыңыз.
Электр тұтандыру құрылғысымен пісіретін беттің конфоркасын тұтандыру үшін, төмендегі операцияларды орындаңыз:
- жалынның биіктігін реттеу тұтқасын басып, оны сағат тілінің бағытына қарсы тұтандыру белгісімен көрсетілген қалпына бұрыңыз.
- электр тұтандыру түймешігінің көмегімен конфорканы тұтандырыңыз.
Егер пісіретін бет автоматты электр тұтандырумен жабдықталған болса, жай жалынның биіктігін реттеу тұтқасын басыңыз және оны тұтандыру белгісімен көрсетілген қалпына орнатыңыз. Электр тұтандыру жүйесі жалынды реттеу тұтқасы басулы қалпында тұрғанынша, үнемі ұшқындар тұғызатын болады.
Егер конфорка 5 секундтың ішінде тұтанбаса, реттеу тұтқасын 0 қалпына орнатыңыз және жоғарыда сипатталған операцияны қайталаңыз.
Жалын кенеттен сөнген жағдайда газ жіберуді автоматты түрде жабатын қорғаныш клапанмен жабдықталған модельдерде конфоркалар жоғарыда сипатталғандай тұтандырылады, бірақ бұл жағдайда конфорканы тұтандырғаннан кейін сақ болу қажет.
Газ плитасын қосудың алдында конфоркалар мен олардың қақпақтары плитаның үстінде дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР
Ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін түбі жайпақ, мөлшерлері газ конфоркаларының мөлшерлеріне сәйкес келетін табалар мен қазандарды пайдаланыңыз (А кестесін қараңыз).
А кестесі
| Конфорканың типі | Табаның/казанның ∅ (см) | Табаның/казанның ∅(см) | |
| AUX Кішкентай конфорка | ≥ 10 | ≤ 18 | |
| SR Жартылай жылдам конфорка | ≥ 12 | ≤ 24 | |
| R Жылдам конфорка | ≥ 16 | ≤ 26 | |
| QC 4 сакина | ≥ 18 | ≤ 26 | |
Кішірек табаны немесе қазанды пайдаланған кезде, жалын табаның немесе қазанның түбінің шегінен шықпайтындай етіп реттелуі тиіс. Түбі дөңес немесе ойыс ыдыстарды пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРТУ: Егер жанарғы кездейсоқ сөніп қалса, реттеу тұтқасын ӨШІРУ қалпына қойыңыз және кем дегенде бір минут ішінде жалынды қайта тұтандыруға тырыспаңыз.
Егер плита бірнеше жыл жұмыс істегеннен кейін газ крандарын бұру қиын болса, оларды майлау қажет.
Бұл жұмысты тек қызмет көрсету жөніндегі білікті маман орындауы тиіс.
3.2. ЭЛЕКТР ПЛИТАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУ
Электр плитаның қажетті қыздыру температурасын таңдау үшін ажыратқышты тиісті қалыпқа бұрыңыз. Бұл кезде жарық индикаторы жанады және электр плита қыза бастайды.
Тамақ пісіру процесі аяқталған соң ажыратқышты "О" қалпына бұрыңыз (10-сурет). Электр плитаны қосулы күйінде қалдырмаңыз. Пайдаланылатын ыдыс түбінің диаметрі мен пішіні өте маңызды фактор болып табылады. Ыдыс түбінің максималды диаметрі – 14 см, түбі жайпақ әрі тегіс ыдысты пайдалануға кеңес беріледі.
Электр плитаны алғаш қосқан кезде ыдысты қоймастан бұрын 5 минут күте тұрыңыз. Бұл плитаның ыстыққа төзімді жабынының қызу нәтижесінде қатаюына мүмкіндік береді.
Электр плитаның бетін тазалау үшін дымқыл шүберек пен жуғыш құралды пайдаланыңыз. Электр плитаның бетінен тамақ қалдықтарын кетіру үшін пышақ немесе басқа өткір және үшкір заттарды пайдаланбаңыз.
Бетін тазалағаннан кейін электр плитаны конфоркалар толық құрғағанша бірнеше секундқа қосыңыз. Алайда, бос электр плитаны бірнеше секундтан артық қосулы күйінде қалдырмаңыз.
| Калпы Куаттылығы (Вт) | Куаттылығы (Вт) | Түсініктеме | |
| 0 | 0 | 0 | Өшірулі |
| 1 | 100 W | 135 W | Қыздыру |
| 2 | 180 W | 220 W | Төмен температура жағдайында тамак пісіру |
| 3 | 250 W | 300 W | Төмен температура жағдайында тамак пісіру |
| 4 | 500 W | 850 W | Пісіру, Құыру, Қайнату |
| 5 | 750 W | 1150 W | Пісіру, Құыру, Қайнату |
| 6 | 1000 W | 1500 W | Пісіру, Құыру, Қайнату |
Ыдыстың ұсыныстамалық мөлшерлері (11-ші сурет)
Көлемі үлкенірек ыдыстың қыздыру ауданы да үлкенірек екенін ұмытпау керек.
Бұл қыздыру ауданы кемірек ыдыспен салыстырғанда, тамақтың анағұрлым жылдам пісуін қамтамасыз етеді.
Әрқашанда мөлшері пісірілетін тамақтың көлеміне сәйкес келетін ыдысты пайдаланыңыз. Тегілуден немесе шашыраудан сақтану үшін, әсіресе сұйық тағамдар үшін, мөлшері шағын ыдыс-аяқты пайдалану керек. Жылдам пісетін тамақ үшін тым үлкен ыдысты пайдаланбаңыз, өйткені ол жабысып қалуы және тамақтың қалдықтары ыдыстың бетінде қалып қоюы мүмкін.
Тәтті тоқаштар пісіру үшін жабық ыдыс-аяқты, табаны немесе қалыпты пайдалану керек. Жабық емес ыдыстан төгілген шырын немесе қант электр плитаның бетіне жабысып қалуы мүмкін және оларды кетіру қиынға соғады.
Бұл әсіресе қуыруға немесе жоғары температура жағдайында қысым астында пісіруге арналған ыдыс-аяқ үшін маңызды.
Бос конфорканы немесе бос ыдыс-аяқ тұрған конфорканы қараусыз қалдырмаңыз.
Ыдыс-аяқтың төмендегі өлшемдерге сәйкестігін тексеріңіз:
Ол ауыр болуға тиіс.
Ол конфорканың бетін толық жауып тұратын болуға тиіс; аздап үлкенірек болуы мүмкін, бірақ ешбір жағдайда кішірек болмауға тиіс.
Түбі абсолютті жайпақ болуға және конфорканың бетімен тығыз қабысып тұруға тиіс.
Электр плитаны барынша жақсы пайдалану және электр энергиясы тұтынысын қысқарту үшін, түбі тегіс, жайпақ ыдыс-аяқты пайдаланыңыз. Ыдыстың мөлшері конфорканың диаметрімен бірдей немесе сәл үлкен болуға, бірақ ешбір жағдайда одан кем болмауға тиіс.
Конфорканың бетіне сұйық төгілуінен сақтаныңыз және конфорканың үстіне дымқыл ыдыс-аяқ қоймаңыз. Бос ыдыс-аяқты конфорканың үстінде қалдырмаңыз және бос тұрған конфорканы қосулы күйінде қалдырмаңыз.
Пісіретін бетті тазалауға кірісудің алдында, оның суығанын тексеріңіз. Ашаны розеткадан суырыңыз немесе (егер пісіретін бет электр желісіне тікелей қосылған болса) қоректендіруші кернеуді ажыратыңыз.
Балалар тұрмыстық аспапты тазалауды және қызмет көрсетуді ересектердің қадағалауынсыз орындамауға тиіс.
Абразивтік және жеміргіш тазартқыш құралдарды, ағартқыш заттектерді немесе қышқылдарды пайдалануға тыйым салынады. Эмаль жалатылған және лак жалатылған бөлшектерді, сондай-ақ тат баспайтын болаттан жасалған бөлшектерді тазалау үшін қышқылдар мен сілтілерді (лимон шырыны, сірке және т.б.) пайдаланбаңыз.
Эмаль жалатылған, лак жалатылған және хромдалған беттерді тазалау сабынды судың немесе бейтарап жұғыш құралдың көмегімен орындалуға тиіс. Тат баспайтын болаттан жасалған беттерді тазалау үшін лайықты тазалағыш ерітіндіні пайдалану қажет.
Конфоркаларды сабынды судың көмегімен тазалауға болады. Олардың бастапқы жылтырын қалпына келтіру үшін, тат баспайтын болатқа арналған тұрмыстық тазартқыш құралды пайдаланыңыз. Жанарғыларды тазалағаннан кейін оларды құрғатыңыз да, орнына орнатыңыз.
Конфоркалардың дұрыс құрастырылуын қадағалаңыз.
Хромдалған торлар мен конфоркалар
Хромдалған торлар мен конфоркалар уақыт өте келе күңгірт тартады.
Бұл қалыпты және табиғи құбылыс, ол пісіретін беттің жұмысына теріс ықпалын тигізбейді.
Сіз қосалқы бөлшектерді біздің компаниямыздың сатылғаннан кейін қызмет көрсету бөлімінен сатып ала аласыз.
Пісіретін бетті жөндеуді жүргізу үшін техникалық қызмет көрсету жөніндегі маманды шақырмай тұрып, төмендегідей тексеруді орындаңыз:
- Қоректендіру кабелінің ашасы электр розеткасына дұрыс суғылғанын және балқыма сақтандырғыштың жанып кетпегенін тексеріңіз.
• Газ жіберілетінін тексеріңіз.
Егер сіз ақаулықтың себебін өз бетіңізбен анықтай алмасаңыз:
Пісіретін бетті өшіріңіз де, сатылғаннан кейін қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. ЭЛЕКТР АСПАПТЫ ӨЗ БЕТІҢІЗБЕН ЖӨНДЕУГЕ ТЫРЫСПАҢЫЗ.
Бұл аспаптың 2012/19/ЕС электр және электрондық жабдық өндірісінің қалдықтары туралы Еуропалық директиваға (WEEE) сәйкес таңбаламасы бар. Электр және электрондық жабдық өндірісінің қалдықтарының құрамында ластаушы заттектер (қоршаған ортаға теріс әсер етуі мүмкін) және негізгі компоненттер (екінші қайтара пайдалануға жататын) болады.
Электр және электрондық жабдық өндірісінің қалдықтарының барлық ластаушы заттектерді кетіру және кәдеге жарату, сондай-ақ барлық материалдарды регенерациялау және екінші қайтара пайдалану мақсатында арнайы өңдеуге жатқызылуы маңызды.
Эркім де электр және электрондық жабдық өндірісінің қалдықтары тұғызатын экологиялық проблемалардың бетін қайтаруға елеулі үлес қоса алады; ол үшін бірқатар негізгі ережелерді сақтаған маңызды:
Электр және электрондық жабдық өндірісінің қалдықтарын түрмыстық қалдықтар секілді жаратуға болмайды.
Электр және электрондық жабдық өндірісінің қалдықтарын жергілікті билік органдарының немесе тіркелген компаниялардың бақылауындағы жинау пункттеріне табыстау керек. Көпшілік елдерде электр және электрондық жабдық өндірісінің қалдықтарының көлемі көп болған кезде, қалдықтарды үйден жинау жузеге асырылады.
Жаңа аспапты сатып алған кезде ескі аспапты бөлшек сауда кәсіпорнына қайтаруға болады, ол оны егер ондай аспаптар бірдей типті және қайтарылатын аспап тура сатылатын аспап секілді функцияларға не болса, өзара бірсыңайлы сәйкестіктің негізінде тегін қабылдауға міндетті.
Сәйкестік туралы маглумдама : Бул жабдықтың тамақпен жанасатын бөлшектері ЕЭО 89/109 директивасында баяндалған талаптарға сәйкес келеді.

Осы өнімге таңбаламасын түсіре отырып, біз ез жауапкершілігімізге, өнімдердің осы түрі үшін заңнамада кезделген барлық Еуропалық қауіпсіздік, денсаупық қорғау нормаларына және экологиялық талаптарға сәйкестігі туралы мәлімдейміз.
Өндіруші осы нұсқаулықта кездесетін қате жазулар мен жансақтықтар үшін жауапкершілік көтермейді. Біз шығарылатын өнімдердің сапасын жақсарту мақсатында өзіміз шығаратын бұйымдардың конструкциясына өзгерістер енгізу құқығын өзімізге қалдырамыз. Бұл орайда бұйымның негізгі функциялары мен оның қауіпсіздігі өзгеріссіз қала беретін болады.

Бұл бұйым Кедендік Одақтың төмендегі техникалық регламенттеріне сәйкес келеді:
- КО ТР 004/2011 «Төмен вольтті жабдықтың сәйкестігі туралы»
- КО ТР 016/2011 «Газ түріндегі отында жұмыс істейтін аппараттардың қауіпсіздігі туралы»
- КО ТР 020/2011 «Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімдігі»
Бұйым «РОСТЕСТ-МОСКВА» өнімдер мен қызметтерді сертификаттау жөніндегі органында сертификатталған, Мәскеу қаласы.
Сіз сәйкестік сертификатының көшірмесін тауар сатып алынған дүкеннен немесе, candymow@candy.ru электрондық поштасына сұрау жолдау арқылы алуыңызға болады.
1-ші кесте
| Коса орнатылатын пісіретін беттер | ||||||
| Типі / Моделі | PLV6S | PLV7S | ||||
| Конфоркалар | 3 газ | 4 газ 3 газ+1э 5 газ | 4 газ | 5 газ | ||
| Косалқы конфорка (AUX) | 1 | 1 | 1 | 1 | ||
| Жылдамдығы орташа конфорка (SR) | - | 2 | 2 | 1 | 1 | |
| Жылдам конфорка (R) | 1 | 1 | - | 2 | ||
| Өте жылдам конфорка (UR) | - | - | - | - | ||
| Төрт тәжі бар конфорка с (QC) | 1 | - | - | 1 | 1 | |
| Электр плита | - | - | 1 | - | ||
| Жалынның сәнуінен қорғаныш құрылғысы | Иә | |||||
| Электр түтандыру | Иә | |||||
| Орнату класы | 3 | 3 | 3 | 3 | ||
| Пісіретін беттің мөлшерлері (мм х мм) | 595 x 510 | 745 x 510 | 860x510 | |||
| Пайдаланылатын газ/ құаттылығы | ||||||
| Газ конфоркасының құаттылығы (кВт) (kW) | 7,1 7 | 4,5 | 11,35 | 8,8 | 5 11,35 | |
| G20, 20 мбар (табиги газ)(л/сағат) | 676 | 667 | 429 | 1081 | 843 | 1081 |
| Сүйытылған мұнай газында (СМГ) жұмыс істеуге арналған бөлшектердің жиынтықталымы бар | ||||||
| Газ конфоркасының құаттылығы (кВт) (kW) | 7,1 7 | 4,5 | 11,35 | 8,85 | 11,35 | |
| G30/G31, 30/30 мбар (СНГ)(г/сағат) | 516 | 509 | 327 | 825 | 644 | 825 |
| Номиналды кірістік электр құаттылығы | ||||||
| Кернеуі (В) / Жиілігі (Гц) | 220-240 V / 50-60 Гц | |||||
| Электр құаттылығы (Вт) | 1 | 1 | 1500 | 1 | 1 | 1 |
Бұл өнім тек үйде пайдалануға арналған.
TYPE PLV6S TYPE PLV7S
Өндіруші осы нұсқаулықта кездесетін қате жазулар мен жаңсақтықтар үшін жауапкершілік көтермейді. Біз шығарылатын өнімдердің сапасын жақсарту мақсатында өзіміз шығаратын бұйымдардың конструкциясына өзгерістер енгізу құқығын өзімізге қалдырамыз. Бұл орайда бұйымның негізгі функциялары мен оның қауіпсіздігі өзгеріссіз қала беретін болады.