CI 3640 ELITE - плита CANDY - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз CI 3640 ELITE CANDY PDF форматында.
| Өнім түрі | Индукциялық плита |
| Бренд | Candy |
| Модель | CI 3640 ELITE |
| Пісіру аймақтарының саны | 3 |
| Жабдықтау кернеуі | 220-240 В~ |
| Орнатылған электр қуаты | 7200 Вт |
| Өнімнің өлшемдері (Ұ x Е x Б) | 660 x 520 x 60 мм |
| Кесу өлшемдері (A x B) | 560 x 490 мм |
| Салмағы (шамамен) | 12 кг |
| Күшейту функциясы | Иә, әр аймақтың максималды қуаты 4000 Вт дейін |
| Жылы ұстау функциясы | Иә, 'U' арқылы көрсетіледі |
| Таймер | Минут өлшегіш және аймақты автоматты өшіру |
| Пернетақта құлпын басқару | Иә, кездейсоқ пайдалануды болдырмау үшін |
| Автоматты өшіру | Иә, қуат деңгейіне байланысты 1-ден 8 сағатқа дейін |
| Қызып кетуден қорғау | Иә, автоматты тоқтату |
| Кішкентай затты анықтау | Иә, жарамсыз таба болса, автоматты күту режимі |
| Ыстық бет көрсеткіші | Иә, 'H' дисплейі |
| Басқару түрі | Сенсорлы басқару сырғытпамен |
| Пісіру беті | Индукциялық шыны керамика |
| Тазалау | Арнайы плита тазалағышын пайдаланыңыз; абразивті губкалардан аулақ болыңыз |
| Қауіпсіздік функциялары | Балалардан қорғау, автоматты өшіру, ыстық бет туралы ескерту, қалдық жылу индикаторы |
| Орнату | Кірістірілген; кемінде 5 см саңылау және 30 мм жұмыс үстелінің қалыңдығы қажет |
| Кепілдік | Өндірушіге жүгініңіз; орнату білікті адаммен жүргізілуі керек |
Жиі қойылатын сұрақтар - CI 3640 ELITE CANDY
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы CI 3640 ELITE CANDY
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз плита PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз CI 3640 ELITE - CANDY және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. CI 3640 ELITE брендінің CANDY.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ CI 3640 ELITE CANDY
Қауіпсіздік техникасы жөніндегі
нұсқаулар
Біз сіздің қауіпсіздігіңізді ойлаймыз. Өзіңіздің пісіретін бетіңізді іске пайдалануды бастамай тұрып, төмендегі берілген ақпаратты мұқият оқып шығыңыз.
Орнату
Электр тогының соққысын алу қаупі
- Электр аспапқа қызмет көрсетуге немесе жөндеуге байланысты кез келген операцияларды орындаудан бұрын, электр аспапты электр желісінен ағытыңыз.
- Электр аспап қорғаныштық жерге тұйықталуы бар электр желісіне қосылуға тиіс.
- Сіздің үйіңізде электр сымдарын ауыстыруға байланысты жұмыстарды тек білікті электрик орындауға тиіс.
- Бұл талаптың орындалмауы электр тогының соққысын алуға немесе ажал құшуға әкеліп соғуы мүмкін.
Қолды кесіп алу қауіптілігі
- Сақ болыңыз – панельдің шеттері өте өткір болып табылады.
- Тиісті сақтық шараларын ұстанбау қолды кесіп алуға немесе басқа жарақаттарға әкеліп соғуы мүмкін.
Қауіпсіздік техникасы жөніндегі маңызды нұсқаулықтар
- Осы электр аспапты орнатуды және іске пайдалануды жүзеге асырмай тұрып, төмендегі келтірілген нұсқаулықтарды мұқият оқып шығыңыз.
- Бұл электр аспаптың үстіне ешқандай жанғыш материалдарды немесе жанғыш материалдардан жасалған бұйымдарды қоймаңыз.
- Бұл ақпаратты электр аспапты орнатуды жүзеге асыратын адамға хабарлаңыз, өйткені бұл сіздің оны орнатуға шығындарыңызды төмендетуге көмектесуі мүмкін.
- Қауіпті жағдаяттардың орын алуына жол бермеу үшін, бұл электр аспап оны орнату жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес орнатылуға тиіс.
- Бұл электр аспапты орнатуды және жерге тұйықтауды тек тиісті біліктілігі бар адам жүзеге асыруға тиіс.
- Бұл электр аспап қоректендіруші электр желісінен электр аспапты толық ажыратуды қамтамасыз ететін ажыратқышпен жабдықталған электр желісіне қосылуға тиіс.
- Электр аспаптың дұрыс орнатылмауы кепілдіктің күшінің жойылуына әкеліп соғуы мүмкін.
Іске пайдалану және қызмет көрсету
Электр тогының соққысын алу қаупі
- Зақымдалған немесе жарықшаланған пісіретін бетте тамақ дайындамаңыз. Пісіретін бет зақымдалған немесе онда жарықшалар түзілген жағдайда, дереу қабырғада орнатылған ажыратқышты басып, пісіретін бетті электр желісінен ажыратыңыз және техникалық қызмет көрсету жөніндегі маманға хабарласыңыз.
- Пісіретін бетті тазалауды немесе қызмет көрсетуді жүзеге асырудан бұрын оны бөлменің қабырғасында орнатылған ажыратқышты басу арқылы электр желісінен ажыратыңыз.
- Бұл талаптың орындалмауы электр тогының соққысын алуға немесе ажал құшуға әкеліп соғуы мүмкін.
Денсаулық үшін қауіптілік
- Бұл электр аспап электромагниттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі стандарттардың талаптарына сәйкес келеді.
- Алайда, имплантталған электрондық жүрек стимуляторларын немесе басқа имплантталған медициналық құрылғыларды
(мысалы, инсулин дозаторларын)
пайдаланатын адамдар бұл электр аспапты пайдалануды бастамай тұрып,
Электромагниттік өрістің импланттардың жұмысына теріс ықпал етпейтініне көз жеткізу үшін, дәрігердің немесе имплант өндірушінің кеңесін сұрауға тиіс.
- Бұл талаптың орындалмауы ажал құшуға әкеліп соғуы мүмкін.
Ыстық бетке байланысты қауіптілік
- Іске пайдалану уақытында бұл электр аспаптың қол жететін бөліктері жоғары температураға дейін қызады, бұл күйіп қалуға әкеліп соғуы мүмкін.
- Индукциялық пісіретін бет суығанға дейін өз тәніңіздің, киіміңіздің және ас үйдегі керекті ыдыс-аяқтан басқа заттардың индукциялық пісіретін бетке тиюінен сақтаныңыз.
- Сақ болыңыз: сіз киіп жүретін ферромагниттік материалдардан (қалдық магниттелуі бар материалдардан) жасалған заттар пісіретін бетке жақында жоғары температураға дейін қызуы мүмкін. Алтын мен күміс әшекейлер қызбайды.
- Балаларға пісіретін бетке тым жақын келуге рұқсат етпеңіз.
- Қазандар мен табалардың тұтқалары жоғары температураға дейін қызуы мүмкін. Қазандар мен табалардың тұтқалары басқа да қосулы тұрған қыздыру аумақтарының үстінен төніп
тұрмағанына көз жеткізіңіз. Қазандар мен табалардың тұтқаларына балалардың қолы жетпейтін болуға тиіс.
- Бұл талаптың орындалмауы күйіп қалуға әкеліп соғуы мүмкін.
Қолды кесіп алу қауіптілігі
- Пісіретін бетті тазалауға арналған қырғыштың қорғаныш қалпақшасын шешкеннен кейін өте өткір жүз ашылады. Пісіретін бетті тазалауға арналған қырғышты өте абайлап пайдаланыңыз және оны балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
- Тиісті сақтық шараларын ұстанбау қолды кесіп алуға немесе басқа жарақаттарға әкеліп соғуы мүмкін.
Қауіпсіздік техникасы жөніндегі маңызды нұсқаулықтар
- Қосулы тұрған пісіретін бетті ешқашанда қараусыз қалдырмаңыз. Пісіретін беттің үстіне қайнап тұрған сұйықтың төгілуі түтін түзілуіне әкеліп соғуы мүмкін, ал пісіретін беттің үстіне майдың шашырауы пісіретін беттің үстіндегі майдың жануына әкеліп соғуы мүмкін.
- Ешқашан пісіретін бетті жұмыс істейтін бет немесе заттарды сақтауға арналған бет ретінде пайдаланбаңыз.
- - Ешқашан пісіретін беттің үстінде ас үй ыдыс-аяғын немесе басқа заттарды қалдырмаңыз.
- - Бұл электр аспапқа құрамында қалдық магниттелуге ие материалдар бар заттарды (мысалы, несие карталары мен жады карталарын) және электрондық құрылғыларды (мысалы, компьютерлерді, МР3 плейерлерді) жақындатпаңыз, өйткені электромагниттік өріс ондай құрылғылардың жұмысына теріс әсер етуі мүмкін.
- Ешқашан пісіретін бетті үй-жайды жылыту үшін пайдаланбаңыз.
- Пісіретін бетті пайдаланудан кейін міндетті түрде қыздыру аумақтары мен бүкіл пісіретін бетті осы нұсқауда сипатталғандай өшіріңіз (сенсорлық басқару түймешіктерін пайдалану арқылы). Өзіңіз пісіретін беттің үстінен ыдыс-аяқты алған уақытта, пісіретін беттің үстінде ас үй ыдыс-аяғының болуын анықтау функциясына тым үміт артпаңыз.
- Балаларға электр аспаппен ойнауға, сондай-ақ оның үстіне отыруға, тұруға немесе мінуге рұқсат етпеңіз.
- Балаларды қызықтыруы мүмкін заттарды электр аспаптың үстінде орналасқан шкафтарда сақтамаңыз. Пісіретін беттің үстіне мінуге талпынған бала елеулі жарақат алуы мүмкін.
- - Жұмыс істеп тұрған пісіретін бетке жақын жерде жүрген балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
- - Балалар мен қозғалыс қабілеті бұзылған адамдар бұл электр аспапты пайдаланудан бұрын электр аспапты дұрыс пайдалануға қатысты білетін адамның нұсқауландыруынан өтуге тиіс. Нұсқауландыруды жүргізетін адам балалардың немесе қозғалыс қабілеті бұзылған адамдар электр аспапты өздері үшін және айналадағылар үшін қауіптілік тұғызбай пайдалана алатынына көз жеткізуге тиіс.
- Осы нұсқауда кеңес берілетін жағдайларды қоспағанда, электр аспапты өз бетіңізбен жөндеуді немесе бөлшектерін ауыстыруды жүзеге асырмаңыз. Электр аспапқа қызмет көрсетуге байланысты барлық басқа операцияларды білікті маман жүзеге асыруға тиіс.
- Пісіретін бетті тазалау үшін бумен тазалағышты пайдаланбаңыз.
- Пісіретін беттің үстіне ауыр заттар қоймаңыз және құлатпаңыз.
- Пісіретін беттің үстіне шығып тұрмаңыз.
- Түбі тегіс емес қазандар мен табаларды пайдаланбаңыз және қазандар мен табаларды индукциялық пісіретін беттің үстімен сырғанатпаңыз, өйткені бұл оның бетіне сызаттардың түсуіне себеп болуы мүмкін.
- Пісіретін бетті тазалау үшін металл жөкелер мен абразивтік тазартқыш құралдарды пайдаланбаңыз, өйткені бұл оның бетіне сызаттардың түсуіне себеп болуы мүмкін.
- Электр аспаптың зақымдалған қоректендіру бауын ауыстыруды жеткілікті білікті маман жүзеге асыруға тиіс.
Бұл электр аспап тұрмыстық және сол іспетті қолдануға, мысалы: - дүкендерде, кеңселерде және басқа орындарда қызметші құрамға арналған ас үй үй-жайларында; - қала сыртындағы үйлерде; - қонақүйлерде, мотельдерде және басқа тұрғын үй-жайларда клиенттердің пайдалануына; - "түнеу және таңғы ас" типті қонақүйлерде пайдалануға арналған.
Бұл электр аспапты, егер олардың іс-қимылдарын жауапты тұлға бақылайтын болса, және егер ондай адамдар электр аспапты қауіпсіз пайдалануға қатысты нұсқауландырылған және оның жұмысына байланысты қауіптерді түсінетін болса, 8 жастан бастап балаларға және қимыл немесе ақыл-ой қабілеті бұзылған адамдардың, сондай-ақ жеткілікті тәжірибесі мен білімдері жоқ адамдардың пайдалануына болады. Балаларға электр аспаппен ойнауға рұқсат етпеңіз. Пісіретін бетті тазалауды және қызмет көрсетуді балалар ересектердің қарауынсыз жүзеге асырмауға тиіс.
Балаларға электр аспаппен ойнауға рұқсат етпеңіз.
- ЕСКЕРТУ: Пісіретін бетте тамақ пісіру үдерісін байқаусыз қалдырып, май пайдаланып тамақ пісіру өрт шығуына әкеліп соғуы мүмкін. ЕШҚАШАНДА жалынды сумен сөндіруге тырыспаңыз. Электр аспапты өшіріңіз де, содан кейін жалынды, мысалы, қақпақпен немесе өрт сөндіру көрпесімен үстінен жабыңыз.
- Пісіретін беттің үстіне пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ секілді металл заттарды қоймаңыз, өйткені ондай заттар жоғары температураға дейін қызуы мүмкін.
- Пісіретін бетті пайдаланудан кейін оны басқару түймешігін пайдалану арқылы өшіріңіз (пісіретін беттің үстінде ас үй ыдыс-аяғының болуын тіркеу құрылғысына сенім артпаңыз).
- Бұл электр аспап сыртқы таймердің немесе сыртқы қашықтан басқару жүйесі арқылы басқаруға арналмаған.
Сізді жаңа индукциялық пісіретін бетті сатып алуыңызбен құттықтаймыз.
Біз сізге электр аспапты қалай дұрыс орнату және дұрыс пайдалану керек екенін түсіну үшін, оны орнату жөніндегі осы нұсқауды оқып шығу үшін біраз уақытыңызды жұмсауға кеңес береміз.
Электр аспапты орнатуды дұрыс жүзеге асыру үшін, оны орнату сипатталған бөлімді оқып шығыңыз.
Электр аспапты іске пайдалануды бастамай тұрып, қауіпсіздік техникасы жөніндегі барлық нұсқаулықтарды мұқият оқып шығыңыз және бұл нұсқауды келешекте пайдалану үшін оны сақтап қойыңыз.
Бұйымның жалпы сипаттамасы Үстінен қарағанда көрінісі

- Максималды қызу қуаттылығы 1200/1500 Вт қыздыру аумағы
- Максималды қызу қуаттылығы 2300/2600 Вт қыздыру аумағы
- Максималды қызу қуаттылығы 3000/4000 Вт қыздыру аумағы
- Шыны-кыш бет
- Сенсорлық басқару панелі
Басқару панелі

- Сенсорлық қыздыруды / таймерді реттеуіш
- Қыздыру аумағын таңдау түймешіктері
- Басқару түймешіктерін бұғаттау
- ҚОСУ / ӨШІРУ түймешігі
- Тамақты ысыған күйінде сақтау функциясының түймешігі
- Қатты қыздыру функциясының (Booster) түймешігі
- Таймерді реттеу
Индукциялық пісіретін бетте тамақ пісіру
Индукциялық пісіретін бетте тамақ пісіру заманауи, тиімді және үнемді тамақ пісіру технологиясы болып табылады. Бұл тамақ пісіру технологиясы пісіретін беттің шынысы арқылы өтетін жылуды емес, тікелей тамақ пісіретін ыдыста жылу генерациясын негізге алады. Шыны тек ыдыстан жылу ауысуының нәтижесінде қызады.

индуктивтілік орауышы
индукцияланған токтар
Өзіңіздің жаңа индукциялық пісіру
бетіңізді пайдаланудың алдында
- Осы нұсқауды, «Қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулар» бөліміне ерекше назар аударып, оқып шығыңыз.
- Индукциялық пісіру бетінің үстінен онда қалған қорғаныштық таспаның бәрін алып тастаңыз.
Сенсорлық басқару түймешіктерін пайдалану
- Сенсорлық басқару түймешіктері сәл жанасқанға жауап қатады. Сондықтан сіз оларға ешбір күш түсірмеуге тиіссіз.
- Түймешікке саусағыңыздың ұшын емес, саусағыңыздың басын тигізіңіз.
- Тигізу тіркелгеннен кейін, сіз дыбыстық сигналды естисіз.
- Басқару түймешіктерінің әрдайым таза, құрғақ болуын және олардың қандай да бір заттармен (мысалы, асүй ыдыс-аяғымен немесе киім түрлерімен) көлегейленбеуін қадағалаңыз. Басқару түймешігінде тіпті өте жұқа су қабатының болуы басқару түймешігінің жұмысының бұзылуына
әкеліп соғуы мүмкін.

Лайықты ас үй ыдыс-аяғын таңдау

- Тек индукциялық пісіру бетінде тамақ пісіру үшін жарайтын ас үй ыдыс-аяғын пайдаланыңыз. Қазанның түбінде немесе оның қапталымында
индукциялық қыздыру символы болуға тиіс.
- Сіз ыдыс-аяқтың жарамдылығын магниттің көмегімен тексере аласыз.

- Өзіңіз тексеруді қалайтын қазанға азғантай көлемде су құйыңыз.
- «Тамақ пісіруді бастау үшін» бөлімінде сипатталған қадамдарды орындаңыз.
- Егер пісіру индикаторы жыпылықтамаса, ал су ысыса, онда ыдыс-аяқ индукциялық бетте пайдалануға жарамды болып табылады.
Төменде тізімі берілген материалдардан жасалған асүй ыдыс-аяғы индукциялық пісіру бетінде пайдалануға жарамсыз: ферромагниттік материалдан жасалған табаны жоқ тот баспайтын болат, алюминий немесе мыс, шыны, ағаш, фарфор, кыш немесе фаянс.
Түбі тегіс емес немесе ойысқан асүй ыдыс-аяғын пайдаланбаңыз.



Қазанның немесе табаның табаны тегіс болып табылатынына, индукциялық пісіру бетіне жақсы қабысатынына және ыдыс-аяқтың диаметрі қыздыру аумағына тең екеніне көз жеткізіңіз. Диаметрі таңдап алынған қыздыру аумағына сәйкес келетін ас үй ыдыс-аяғын пайдаланыңыз. Диаметрі таңдап алынған қыздыру аумағынан сәл асатын ыдыс-аяқ пайдаланылған кезде, электр энергиясын пайдаланудың максималды тиімділігі қамтамасыз етіледі. Диаметрі одан кем ыдыс-аяқ пайдаланылатын кезде электр энергиясын пайдаланудың тиімділігі төмендейтін болады. Диаметрі 140 мм-ден кем қазанды пісіру беті ажыратпауы мүмкін. Қазанды міндетті түрде қыздыру аумағының тура ортасына қойыңыз.



Сіз қазанды индукциялық пісіру бетінен алатын уақытта, әрдайым оны пісіру бетімен сырғытпаңыз, тек көтеріңіз, әйтпесе, сіз пісіру бетіне сызат түсіруіңіз мүмкін.

Индукциялық пісіру бетін іске пайдалану Тамақ пісіруді бастау үшін
- ҚОСУ / ӨШІРУ ① сенсорлық басқару түймешігіне қолыңызды тигізіңіз.
Пісіру беті қосылғаннан кейін бір дыбыстық сигнал беріліп, барлық индикаторлар " - " немесе " - - " көрсетіледі. Бұл индукциялық пісіру бетінің күту режиміне ауысқанын білдіреді.

- Өзіңіз пайдалануды көздеген қыздыру аумағына лайықты қазанды немесе табаны қойыңыз.
Қазанның түбі мен қыздыру аумағының беті таза және құрғақ болып табылатынына көз жеткізіңіз.

- Қыздыру аумағын басқару түймешігіне қол тигізіңіз. Қыздыру аумағының жарық индикаторы жыпылықтай бастайды.

- Қыздыру қуаттылығын сенсорлық реттеуіштің көмегімен реттеңіз.

- Егер сіз 1 минуттың ішінде қыздыру қуаттылығын орнатпасаңыз, онда индукциялық пісіру беті автоматты түрде өшеді.
Сізге 1-ші қадамнан бастап, жоғарыда сипатталған операцияларды қайтадан орындау қажет болады.
- Сіз тамақ пісіру процесін жүзеге асыру кезінде қыздыру деңгейінің орнатылымын кез келген уақытта өзгерте аласыз.
Егер қыздыру деңгейін орнату кезінде индикатор жыпылықтайтын болса,
Бұл мынаны білдіреді:
- сіз қазанды немесе табаны қыздыру аймағына қойған жоқсыз, немесе,
- сіз пайдаланатын асүй ыдыс-аяғы индукциялық пісіру бетінде пайдалануға жарамайды, немесе,
- ыдыс-аяқ тым кішкентай немесе қыздыру аймағының дәл ортасына қойылмаған.
Егер қыздыру аймағына лайықты ыдыс-аяқ қойылмаған болса, онда қыздыру жүзеге асырылмайды.
Егер қыздыру аймағына лайықты ыдыс-аяқ қойылмаған болса, онда 1 минуттан соң индикатор автоматты түрде сөнеді.
Сіз тамақ пісіру процесін аяқтағаннан кейін
- Өшіргіңіз келген қыздыру аймағының түймешігіне қолыңызды тигізіңіз.
15
- Қыздыру аймағының қыздыру деңгейін сенсорлық реттеуішті сол жаққа бұру арқылы өшіріңіз.
Дисплейде "0" көрсетіліп тұрғанына көз жеткізіңіз.
ҚУАТТЫЛЫҚТЫ
АЗАЙТУ

- ҚОСУ / ӨШІРУ түймешігін басу арқылы бүкіл пісіретін бетті өшіріңіз.

- Ыстық беттердің бар екені туралы ескерту
Н индикаторының жанып тұрғаны қыздыру аумағы оған қол тигізу үшін тым ыстық болып табылатынын көрсетеді. Бұл индикатор бет қауіпсіз температураға дейін салқындаған уақытта сөнеді. Мұны сондай-ақ егер сіз әлі де ыстық болып тұрған қыздыру аумақтарын пайдаланып, басқа қазандарды ысытқыңыз келсе, электр энергиясын үнемдеу үшін пайдалануға болады.
- Қыздыру аумағын таңдау түймешігіне қолыңызды тигізіңіз.
15
- Қатты қыздыру функциясын таңдау түймешігіне қолыңызды тигізіңіз, қыздыру аумағының индикаторында "b" әрпі көрсетіледі және максималды қыздыру қуаттылығы орнатылады.

Қатты қыздыру функциясының күшін қайтару
- Сіз ол үшін қатты қыздыру функциясының күшін жоюды қалайтын қатты қыздыру функциясын таңдау түймешігіне қолыңызды тигізіңіз.
15
- a: Сіз ол үшін қатты қыздыру функциясының күшін жоюды қалайтын қыздыру аумағын таңдау түймешігіне қолыңызды тигізіңіз.
b: Қыздыру қуаттылығын алдында таңдап алынған деңгейге қайтару үшін сенсорлық қыздыру деңгейін реттеуішке қолыңызды тигізіңіз.

Немесе
- Бұл функция барлық қыздыру аймақтары үшін пайдаланыла алады.
- Қыздыру аймағы алдында таңдап алынған қыздыру деңгейіне 5 минуттан соң қайтып оралады.
- Егер қатты қыздыру функциясы бірінші қыздыру аймағы үшін қосылған болса, онда екінші қыздыру аймағы үшін қыздыру қуаттылығы автоматты түрде екінші қыздыру деңгейімен және керісінше шектеледі.
- Егер қыздыру аймағының бастапқы қуаттылығы 0 деңгейіне сәйкес болса, онда ол 15 деңгейге 5 минуттан соң қайтып оралады.
Тамақты ысытылған күйінде сақтау
функциясын пайдалану
Тамақты ысытылған күйінде сақтау функциясын қосу
- Қыздыру аймағын таңдау түймешігіне қолыңызды тигізіңіз.
15
- Тамақты ысытылған күйінде сақтау функциясын таңдау функциясына қолыңызды тигізіңіз, аймақтың индикаторында "U" көрсетіледі.

Басқару түймешіктерін бұғаттау
- Сіз басқару түймешіктерінің кездейсоқ пайдаланылуына (мысалы, баланың, қыздыру аймағын қосуына) жол бермеу үшін, олардың әрекетін бұғаттай аласыз.
- Егер басқару түймешіктері бұғатталған болса, онда Қосу / Өшіру түймешігінен басқа, пісіретін беттің барлық басқару түймешіктері жұмыс істемейді.
Басқару түймешіктерін бұғаттау үшін
Пісіретін беттің басқару түймешіктерін бұғаттау түймешігіне қолыңызды тигізіңіз. Таймердің индикаторында " Loc " көрсетіледі.
Баскару түймешіктерін бұғаттан шығару үшін
- Пісіретін беттің басқару түймешіктерін бұғаттау түймешігін біраз уақыт басып тұрыңыз.
- Енді сіз өзіңіздің индукциялық пісіретін бетіңізді қайтадан пайдалана аласыз.

Егер пісіретін бет басқару түймешіктерін бұғаттау режимінде тұрса, онда ҚОСУ / ӨШІРУ түймешігінен басқа ешқандай басқару түймешіктері жұмыс істемейді.
① Бұл орайда сіз қажет болған жағдайда пісіретін бетті ҚОСУ / ӨШІРУ түймешігін пайдалану арқылы әрдайым өшіре аласыз, бірақ бұл орайда пісіретін бетті келесі қосардан бұрын сіз басқару түймешіктерін бұғаттан босатуға тиіс боласыз.
Шекті температурадан асырудан қорғау
Индукциялық пісіретін бетте температура бергіші болады, оның көмегімен пісіретін беттің температурасын бақылауға болады. Егер тым жоғары температура тіркелсе, онда индукциялық пісіретін бет автоматты түрде өшіріледі.
Егер пісіретін бетте мөлшері жарамайтын ас үй ыдыс-аяғы немесе жарамсыз материалдан (мысалы, алюминийден) жасалған ас үй ыдыс-аяғы немесе шағын зат (мысалы, пышак, шанышқы, кілт) болса, онда 1 минуттан соң пісіретін бет автоматты түрде өшіріледі. Желдеткіш индукциялық пісіретін бетті салқындатуын тағы бір минут жалғастырады.
Автоматты қорғаныштың ажырату сіздің индукциялық пісіретін бетіңізді қорғау функциясы болып табылады. Егер сіз пісіретін бетті өшіруді ұмытып кетсеңіз, онда ол автоматты түрде өшірілетін болады. Төмендегі берілген кестеде ол өткен соң пісіретін беттің автоматты түрде ажыратылуы жүзеге асырылатын уақыттың мәндері келтірілген (әр түрлі қыздыру деңгейлері үшін).
| Қыздыру деңгейі | 1-5 | 6-10 | 11-14 | 15 |
| Таймерді әдепкі бойынша орнату (сағат) | 8 | 4 | 2 | 1 |
Индукциялық пісіретін беттен ыдыс-аяқты алғаннан кейін, пісіретін бет қыздыруды жүзеге асыруын дереу доғарады және 2 минуттан соң автоматты түрде өшірілетін болады.

Кардиостимуляторларды пайдаланатын адамдар индукциялық пісіретін бетті пайдаланбастан бұрын, дәрігердің консультациясын алуға тиіс.
Таймерді пайдалану
Сіз пісіретін беттің таймерін екі түрлі тәсілмен пайдалана аласыз:
- Сіз оны кері санау таймері ретінде пайдалана аласыз. Ондай жағдайда таймер берілген уақыт өткен соң қыздыру аумағын автоматты түрде өшірмейтін болады.
- Сіз оны берілген уақыт өткен соң қыздыру аумағын ажыратуды жүзеге асыру үшін орната аласыз.
- Сіз сондай-ақ таймердің іске қосылу уақытын 119 минутқа дейін орната аласыз.
Таймерді кері санау таймері ретінде пайдалану. Егер сіз белгілі бір қыздыру аумағын таңдамаған болсаңыз,
- пісіретін бетінің қосулы тұрғанына көз жеткізіңіз.
Ескерту: сіз кері санау таймерін ешқандай қыздыру аумағын таңдамай-ақ пайдалана аласыз.
- Таймерді басқару түймешігіне қолыңызды

тигізіңіз, таймердің дисплейінде "0 : 10" көрсетіледі және "0" жыпылықтайды.


- Сенсорлық реттеуішті пайдалану арқылы уақытты орнатыңыз (мысалы, 6).

- Таймерді басқару түймешігіне ☑ тағы бір рет қолыңызды тигізіңіз, дисплейде "1" жыпылықтайды.


- Сенсорлық реттеуішке қолыңызды тигізу арқылы уақытты орнатыңыз (мысалы, 9), енді сіздің таймеріңіздің орнатылымы 56 минутқа сәйкес келеді.
0:56

- Орнатылған уақытты санау аяқталғаннан кейін ұзақтығы 30 секунд дыбыстық сигнал естіледі және таймердің индикаторында "0:00" пайда болады.
0:00
Таймерді қыздыру аумағын өшіру үшін орнату
Егер таймер қыздыру аумақтарының бірі үшін орнатылған болса:
- Өзіңіз ол үшін таймерді пайдалануды қалайтын қыздыру аумағын таңдау түймешігіне қолыңызды тигізіңіз.

- Таймерді басқару түймешігіне қолыңызды тигізіңіз, таймердің дисплейінде "0 : 10" көрсетіледі және "0" жыпылықтайтын болады.

- Сенсорлық реттеуішті пайдалану арқылы уақытты орнатыңыз (мысалы, 6).
16

- Таймерді басқару түймешігіне тағы бір рет қолыңызды тигізіңіз, дисплейде "1" жыпылықтайтын болады.

- Сенсорлық реттеуішке қолыңызды тигізу арқылы уақытты орнатыңыз (мысалы, 9), енді сіздің таймеріңіздің орнатылымы 56 минутқа сәйкес келеді.
0:56

- Уақыт орнатылғаннан кейін таймер бірден кері санауды бастайды.
Дисплейде қалған уақыт көрсетіледі және таймердің индикаторы 5 секунд бойы жыпылықтайтын болады.
ЕСКЕРІМ: Қыздыру деңгейінің қасында орналасқан қызыл нүктенің жануы бұл қыздыру аумағының таңдалғанын көрсетеді.

- Таймермен берілген тамақ пісіру уақыты өткен соң, тиісті қыздыру аумағы автоматты түрде өшірілетін болады.


Егер басқа қыздыру аумақтары бұрын қосылған болса, олар жұмыс істеуін жалғастыра беретін болады.
Егер таймер бірнеше қыздыру аумағы үшін орнатылған болса
- Егер сіз таймерді қатарынан бірнеше қыздыру аумағы үшін орнатқан болсаңыз, онда тиісті қыздыру аумақтарының ондық нүктелері жанатын болады. Таймердің дисплейінде кері санау таймерінің орнатылымы көрсетілетін болады. Тиісті аумақтың нүктесі жыпылықтап тұрады.
15
3
6.
(15 минутқа орнатылған)
(45 минутқа орнатылған)
- Кері санаудың орнатылған уақыты өткен соң, тиісті қыздыру аумағы өшіріледі. Содан кейін таймердің басқа аумаққа арналған орнатылымы көрсетіледі және тиісті аумақтың нүктесі жыпылықтайтын болады.
30
6
- Қыздыру аумағын таңдау түймешігіне қолыңызды тигізіңіз, таймердің дисплейінде тиісті таймер көрсетілетін болады.
Тамақ пісіруге қатысты кеңестер

Тамақты қуырған кезде абай болыңыз, өйткені май мен тонмай, әсіресе, егер сіз қыздырудың жоғары қуаттылығын (PowerBoost) пайдаланатын болсаңыз, өте жылдам қызады. Өте жоғары температураға жеткен кезде майдың немесе тонмайдың өртенуі орын алуы, ол өз кезегінде өрт шығуына әкеліп соғуы мүмкін.
Тамақ пісіруге қатысты кеңестер
- Тамақ қайнай бастаған уақытта, қыздыру деңгейінің орнатылымын азайтыңыз.
- Қазанда қақпақты пайдалану тамақ пісіру уақытын қысқартады, сондай-ақ жылуды ұстап қалудың нәтижесінде электр энергиясын тұтынуды қысқартады.
- Тамақ пісіру уақытын қысқарту үшін, сұйықтың немесе тонмайдың көлемін барынша азайтыңыз.
- Тамақ пісіруді қыздырудың (температураның) жоғары деңгейінің орнатылымы кезінде бастаңыз және тамақ ысығаннан кейін қыздыру деңгейінің орнатылымын азайтыңыз.
- Тамақты аз отқа пісіру 85 °С градусқа жуық температура кезінде жүзеге асырылады. Бұл орайда ауа көпіршіктері онда тамақ пісіп жатқан сұйықтың бетіне көтеріле бастайды. Тамақты аз отқа пісіру сізге өте дәмді көжелер мен бұқтырылған еттен жұмсақ тағамдар пісіруге мүмкіндік береді. Өйтіп пісірген кезде тамақ хош иісті болып шығады және қатты піспейді. Сіз сондай-ақ жұмыртқаның негізіндегі тұздықтарды және ұнмен қойытылған тұздықтарды қайнау нүктесінен төмен температура жағдайында пісіре аласыз.
Кейбір тағамдарды пісіру үшін, соның ішінде абсорбция әдісін пайдаланып күріш пісіру үшін, тамақтың белгіленген уақыт ішінде дұрыс пісуі мақсатында температураны минималды температураның орнатылымын жоғары орнату талап етілуі мүмкін.
Ет қуыру
Шырынды, хош иісті бифштекс пісіру үшін:
- Етті пісірердің алдында оны шамамен 20 минут бөлме температурасы жағдайында ұстаңыз.
- Түбі қалың табаны қыздырыңыз.
- Кесек еттің екі жағына өсімдік майын жағыңыз. Табаға өсімдік майын жағыңыз, содан кейін етті табаға салыңыз.
- Етті пісірген уақытта кесек етті тек бір рет қана аударыңыз. Етті пісірудің нақты уақыты кесек еттің қалыңдығына және сіздің оны қалай пісіргіңіз келетініне байланысты. Етті пісіру уақыты 2 - 8 минут (әр жағына) шектерінде өзгеруі мүмкін. Кесек еттің қалай қуырылғанын тексеру үшін, оның үстінен басыңыз. Ет неғұрлым қатты болса, ол соғұрлым қатты қуырылған.
- Дастарқанға тартудың алдында қуырылған ет біраз жұмсаруы және былбырауы үшін оны қыздырылған тәрелкеге бірнеше минутқа сала тұрыңыз.
Тамақты үнемі араластыра отырып қызған майға қуыру
- Индукциялық пісіретін бетте пайдалану үшін жарамды ыдыс-аяқты немесе үлкен табаны алыңыз.
- Барлық ингредиенттер мен ыдыс-аяқты дайындаңыз. Тамақты үнемі араластыра отырып қызған майға қуыру жылдам болуға тиіс. Тамақты көп етіп пісіретін кезде оны шағын үлестермен пісіріңіз.
- Табаны жылдам қыздырып, оған екі ас қасық өсімдік майын үстеңіз.
- Алдымен етті пісіріп, оны табадан алыңыз да, жылы күйінде сақтап қойыңыз.
- Көкөністерді қуырыңыз. Көкөністер ысыған, бірақ бұрынғысынша қытырлақ болып қала беретін уақытта, қыздыру аймағының температурасын азайтыңыз, қуырылған етті табаға салып, тұздық қосыңыз.
- Ингредиенттер біркелкі ысуы үшін оларды ақырын араластырыңыз.
- Дастарқанға бірден қойыңыз.
Қыздыру деңгейін орнату
Төменде келтірілген қыздыру деңгейінің орнатылымдары ұсыныстамалық сипатқа ие. Қыздыру деңгейінің нақты орнатылымы бірқатар факторларға, соның ішінде пайдаланылатын ас үй ыдыс-аяғы мен пісірілетін тамақтың көлеміне байланысты болады. Оңтайлы орнатылымдарды анықтау үшін, өзіңіздің пісіретін бетіңізбен жиірек эксперименттер жасап отыру керек.
| Қыздыру деңгейінің орнатылымы | Операция |
| 1 - 3 | тамақтың шағын көлемін баяу ысытушоколад еріту, сарымайды жұмсарту және жылдам күйетін тамақты ысытутөмен отта қайнатубаяу ысыту |
| 4 - 5 | тамақты ысытужылдам қайнатукүріш пісіру |
| 8 - 10 | қүймақ пісіру |
| 11- 14 | сотирлеумакарон бүйымдарын пісіру |
| 15/Р | тамақты үнемі араластыра отырып, қызған майға қуырушыжғырукөжені қайнауға дейін жеткізусуды қайнату |
Күтім жасау және тазалау
| Не? | Қалай? | Бүл маңызды! |
| Шыныдағы әдеттегі кірлер (саусақ іздері, басқа ізідер, құрамында қант жоқ тамақтан немесе сүйықтан қалған дақтар) | 1. Пісіретін бетті қоректендіруден ажыратыңыз.2. Пісіретін беттің ұстіне тазартқыш құралды жағыңыз (бұл орайда шыны жылы болуға тиіс, бірақ ыстық болмауға тиіс!)3. Сумен шайыңыз да, таза шүберекті немесе қағаз сулгіні пайдаланып, құрғатып сүртіп алыңыз.4. Пісіретін бетті қоректендіруге қосыңыз. | • Егер пісіретін бетті қоректендіру қосылған болса, онда "ыстық бет" индикаторы жанбайды, бірақ бұл орайда қыздыру аумағы бұрынғысынша ыстық болып қала береді. Өте сақ болыңыз.• Ыдыс-аяқ жууға арналған металл жөкелер, ыдыс-аяқ жууға арналған кейбір нейлон жөкелер мен қатты / абразивтік тазартқыш құралдар шыныда сызат қалдыруы мүмкін. Пайдаланылатын тазартқыш құралды немесе ыдыс-аяқ жууға арналған жөкені сіздің пісіретін бетіңізді тазалау үшін пайдалануға болатынына көз жеткізу үшін, құлақша қағазда берілген акпаратты міндетті түрде оқып шығыңыз.• Ешкашанда пісіретін беттің ұстінде тазартқыш құралды қалдырмаңых: шыныда дақтар пайда болуы мүмкін. |
| Құрамында қантбар сүйыктын шыныға шашырауы мен тамшылары | Ондай кірлерді балық аршуғаарналған пышактың немесе индукциялық пісіретін бетті тазалау үшін жарамды өткір жүзді қырғыштың көмегімен дереу кетіріңіз. Бүл орайда ыстық қыздыру аумағына тиіп кеткен кезде күйіп қалмас үшін абай болыңыз.1. Қабырғаға орнатылған ажыратқыштың көмегімен пісіретін бетті қоректендіруді ажыратыңыз.2. Пышақты немесе қырғышты 30° бұрыш астында ұстан тұрып, кірді пісіретін беттің салқына аумағына қырып тастаңыз.3. Кірді шуберектің немесе қағаз сулгінің көмегімен кетіріңіз.4. «Шыныдағы әдеттегі кір» параграфының 2-шіден 4-ші қадамына дейін орынданыз (жоғарыдан қараңыз). | • Құрамында қант бар тамақтыңтөгілуінің нәтижесінде түзілген дақтарды мүмкіндігінше тез кетіріңіз. Егер ондай кірді пісіретін бетте олар қатқанға дейін қалдырс, онда оларды одан кейін кетіру өте қыын болады немесе олар пісіретін бетті зақымдауы мүмкін.● Қолды кесіп алу қаупі: Пісіретін бетті тазалауға арналған қырғыштың қорғаныш қалпақшасын шешкеннен кейін, өте өткір жүз жалаңашталады. Пісіретін бетті тазалауға арналған қырғышты өте абайлап пайдаланыңыз және оны балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. |
| Сенсорлық түймешіктердің үстіне тамақтың төгілуі | 1. Пісіретін бетті қоректендіруді ажыратыңыз.2. Тамақ төгілген жерді сулаңыз.3. Сенсорлық басқару түймешігін дымқыл таза жөкемен немесе шуберекпен сүртіп алыңыз.4. Аумақты қағаз сулгінің көмегімен құрғатып сүртіп алыңыз.5. Пісіретін бетті қоректендіруді қосыңыз. | • Дыбыстық сигнал қосылуы мүмкін, содан кейін пісіретін бет өшіріледі және егер сенсорлық басқару түймешіктеріне су тисе, олар жұмыс істемеуі мүмкін. Пісіретін бетті қайтадан қосардың алдында, онда сенсорлық басқару түймешіктері орналасқан аумақты құрғатып сүртіп алыңыз. |
Ақаулықтарды табу және жою
| Проблема | Ыктимал себептері | Не істеу керек |
| Пісіретін бет қосылмайды | Электр тогымен қоректендіру жіберілмейді. | Индукциялық пісіретін беттің электр желісіне қосылғанын және оның қосулы түрғанын тексеріңіз. Электр желісінде кернеудің бар екенін тексеріңіз. Егер осы тексерістерді жасағаннан кейін проблема қала берсе, білікті маманның көмегіне жүгініңіз. |
| Басқару түймешіктері жұмыс істемейді. | Басқару түймешіктерінің жұмысы бұғатталған. | Басқару түймешіктерін бұғаттан босатыңыз. Тиісті нұсқаулықтар алу үшін «Индукциялық пісіретін бетті іске пайдалану» бөлімін қараңыз. |
| Сенсорлық басқару түймешіктерін пайдалануға байланысты қындықтар туындайды. | Басқару түймешіктерінде судың жұқа қабаты болуы мүмкін немесе сіз басқару түймешіктеріне саусағыңыздың ұшын тигізесіз. | Сенсорлық басқару түймешіктері орналасқан аумактың құрғақ болып табылатынын тексеріңіз және басқару түймешіктеріне саусағыңыздың басын тигізіңіз. |
| Шыныда сызаттар бар. | Асүй ыдыс-аяғының түбі тегіс емес. ыдыс-аяққа арналған жарамсыз жөкелер немесе абразивтік тазартқыш құралдар пайдаланылады. | Түбі жайпак әрі тегіс асүй ыдыс-аяғын пайдаланыңыз. «Лайықты асүй ыдыс-аяғын пайдалану» бөлімін қараңыз. «Қүтім жасау және тазалау» бөлімін қараңыз. |
| Асүй ыдыс-аяғының кейбір түрлерін пайдаланатын кезде шытырлаған дыбыс естіледі. | Бүл ыдыс-аяқтың конструкциясына байланысты болуы мүмкін (әр түрлі металдардың қабаттары әр түрлі дірілдейді). | Бүл асүй ыдыс-аяғы үшін қалыпыты құбылыс және бүл проблеманың орын алғанын білдірмейді. |
| Индукциялық пісіретін бетті жоғары қыздыру деңгейінің орнатылымымен пайдаланатын кезде бәсен шуыл естіледі. | Бүл индукциялық қыздырудың спецификасына байланысты. | Бүл қалыпыты құбылыс, бірақ қыздыру деңгейін азайтқан кезде шуыл төмендеуге немесе түгелдей жоғалуға тиіс. |
| Индукциялық пісіретін бет жұмыс істеп түрган кезде желдеткіштің шуылы естіледі. | Электрондық компоненттердің қатты қызуын жол бермеу үшін, сіздің индукциялық пісіретін бетіңізге қоса орнатылған салқындатушы желдеткіш жұмыс істейді. Ол тіпті индукциялық пісіретін бет өшірілгеннен кейін де біраз уақыт жұмыс істеуін жалғастыруы мүмкін. | Бұл қалыпты құбылыс және ешқандай әрекеттер жасаудың қажеті жок. Желдеткіш жұмыс істеп түрган уақытта индукциялық пісіретін бетті қабырғада орналасқан ажыратқыштың көмегімен өшірмеңіз. |
| Ыдыс-аяқ қызады және дисплейде ыдыс-аяқтың ɔː жоқтығының белгісі көрсетіледі. | Индукциялық пісіретін бет оның үстіне қойылған ыдыс-аяқтың индукциялық пісіретін бетте тамақ пісіру үшін жарамайтынының салдарынан ол ыдыс-аяқты ажырата алмайды.Индукциялық пісіретін бет оның үстіне қойылған ыдыс-аяқтың пайдаланылатын қыздыру аумағы үшін тым кішкентай болуының немесе қыздыру аумағының тура ортасына орнатылмағанының салдарынан ол ыдысты ажырата алмайды. | Индукциялық пісіретін бетте пайдалану үшін жарамды асуй ыдыс-аяғын пайдаланыңыз. «Лайықты асуй ыдыс-аяғын тандау» бөлімін қараңыз.Ыдыс-аяқты қыздыру аумағының тура ортасына қойыңыз және ыдыс-аяқтың табанының диаметрі қыздыру аумағының мөлшеріне сәйкес келетінін тексеріңіз. |
| Индукциялық пісіретін бет немесе оның қыздыру аумағы кенеттен өшеді, дыбыстық сигнал беріледі де дисплейде қателік коды көрсетіледі (әдетте бүл таймердің дисплейінде көрсетілетін бір разрядтық немесе екі разрядтық код). | Техникалық ақаулық. | Әріптік-сандық қателік кодын жазып алыңыз, қабырғада орнатылған ажыратқыштың көмегімен индукциялық пісіретін бетті өшіріңіз де, білікті маманға хабарласыңыз. |
Қателік кодтары және тексеру
Индукциялық пісіретін беттің қалыпты жұмысы бұзылған кезде, пісіретін бет автоматты түрде қорғаныш әрекетінің күйіне ауысады және дисплейде тиісті қателік коды көрсетіледі.
| Проблема Ык | тимал себептері | Не істеу керек |
| F3-F8 | Температура бергіші ақаулы | Сервистік орталыққа хабарласыңыз. |
| F9-FE | IGBT температура бергіші ақаулы | Сервистік орталыққа хабарласыңыз. |
| E1/E2 | Қоректендіру кернеуі дұрыс емес | Қоректендіру кернеуін тексеріңіз.Қалыпты қоректендіру кернеуі қамтамасыз етілгеннен кейінн, электраспапты қосыңыз. |
| E3/E4 | Температура дұрыс емес | Асүй ыдыс-аяғын тексеріңіз. |
| E5/E6 | Индукциялық пісіретін бет генерациялайты жылу нашар сейіледі | Индукциялық пісіретін бет суығаннан кейін, оны қайтадан қосыңыз. |
Жоғарыда неғұрлым кең таралған ақаулықтарды табу және жою суреттелген. Қауіптер мен индукциялық пісіретін беттің ақаулықтарының туындауына жол бермеу үшін, ешқашанда индукциялық пісіретін бетті өз бетіңізбен бөлшектемеңіз.
Техникалық сипаттамалары
| Пісіретін бет CI 3640 ELITE | |
| Қыздыру аумақтарының саны | З аумақ |
| Қоректендіру кернеуі | 220-240 В~ |
| Орнатылған электр қуаттылығы | 7200 Вт |
| Бүйымның габариттік мөлшерлері Т х Е х Б (мм) | 0X520X6066 |
| А х В қоса орнатуға арналған ойықтардың мөлшерлері (мм) | 560X490 |
Жоғарыда көрсетілген массасы мен мөлшерлері дөлбарлы болып табылады. Біз өзіміз шығаратын өнімдерді жақсартуға үнемі ұмтылатындықтан, біз өзіміз шығаратын өнімдердің сипаттамаларын алдын ала құлақтандырусыз өзгерту құқығын өзімізге қалдырамыз.
Орнату
Орнатуға арналған орынды таңдау
Жұмыс бетінде суретте көрсетілген мөлшерлерге сәйкес ойық жасаңыз.
Жабдықты орнату және іске қосу үшін, тесілген ойықтың айналасында кемінде 5 см бос кеңістік болуы тиіс.
Жұмыс бетінің (үстел тақтасының) қалыңдығы кемінде 30 мм болуы тиіс.
Жұмыс бетінің материалы пісіру бетінен қызудан туындаған деформацияға жол бермеу үшін термиялық төзімді болуы тиіс. Төменде көрсетілгендей:

Индукциялық пісіру бетінің жақсы желдетілетінін және ауа кіруіне және шығуына арналған ойықтардың бітеліп қалмағанын міндетті түрде тексеріңіз. Индукциялық пісіру бетінің қалыпты жұмыс күйінде тұрғанына көз жеткізіңіз. Төменде көрсетілгендей:

Ескерту: Пісіру беті мен оның үстінде орналасқан аспалы шкафтың арасындағы қашықтық кемінде 760 мм болуы тиіс.


| A(MM) | B (MM) | C (MM) | D | E |
| 760 кемдегенде50 | кемдегенде20 | Ауа кіруінеарналған ойық | Ауа шығуына арналғанойық, кем дегенде 5 мм |
Пісіру бетін орнату алдында төмендегілерді тексеріңіз:
- Жұмыс беті тікбұрышты болуы және горизонтальды түрде орналасуы тиіс, сондай-ақ конструкциялық элементтер қажетті бос кеңістікке қатысты талаптарды бұзбауы тиіс.
- Оған пісіру беті орнатылатын жұмыс беті термиялық төзімді материалдан жасалған болуы тиіс. • Егер пісіру беті пештің үстіне орнатылатын болса, онда пеш қосымша орнатылған салқындатушы желдеткішпен жабдықталған болуы тиіс.
- Орнату саңылауларға қатысты талаптарға және қолданыстағы ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкес орындалуы тиіс.
- Тұрақты сымдар электр аспапты қоректендіруші электр желісінен толық ажыратуды қамтамасыз ететін, қолданыстағы ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкес орнатылған ажыратқышпен жабдықталған болуы тиіс. Контактілерінің арасында барлық полюстерде (немесе, егер оған қолданыстағы электротехникалық ережелермен және нормалармен жол берілетін болса, барлық фазаларда) 3 мм-ге тең ауа саңылауы бар, бекітілген типті ажыратқыш пайдаланылуы тиіс.
- Пісіру беті орнатылғаннан кейін ажыратқышқа ыңғайлы қол жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.
• Егер сіздің электр аспапты орнатуды жүзеге асырудың дұрыстығына қатысты күмәніңіз болса, сіздің үйіңізді басқаратын компаниядан кеңес алыңыз. • Пісіру бетін қоршап тұрған қабырғалардың беті жылуға төзімді және оңай тазаланатын материалмен (мысалы, керамикалық плиткамен) қапталған болуы тиіс.
Пісіру бетін орнатуды жүзеге асырудан бұрын төмендегілерді тексеріңіз:
- Қоректендіру сымына шкафтың есікшелері мен жәшіктері арқылы қол жеткізу жүзеге асырыла алмауы тиіс. • Пісіру бетінің түбіне сырттан таза ауаның жеткілікті ағыны қамтамасыз етілуі тиіс. • Егер пісіру беті шкафтың үстіне орнатылатын болса, онда пісіру бетінің түбінің астына термиялық қорғаныш бөгеті орнатылуы тиіс.
- Электр тогымен қоректендіру желісін ажыратқыш пайдаланушы үшін оңай қол жеткізетіндей болуы тиіс.
Орнықтырғыш қапсырмаларды орнатудан бұрын
Пісіретін бет орнықты, тегіс беттің үстіне орнатылуға тиіс (қапталымында көрсетілген ақпаратты пайдаланыңыз). Пісіретін бетінен шығыңқы тұрған басқару органдарына күш салмаңыз.
Орнықтырғыш қапсырманың қалпын реттеу
Орнатқаннан кейін пісіретін бетті жұмыс бетінде пісіретін беттің түбінде орналасқан төрт қапсырманың көмегімен бекітіңіз (суретті қараңыз).
Қапсырманың қалпын жұмыс бетінің (үстел тақтасының) қалыңдығына сәйкес реттеңіз.

- Индукциялық пісіретін бетті білікті маман орнатуға тиіс. Бізде сіздің пісіретін бетіңізді дұрыс орнатып беретін мамандар бар. Ешқашанда пісіретін бетті орнатуды өз бетіңізбен жүзеге асырмаңыз.
- Пісіретін бет тікелей ыдыс жуғыш машинаның, тоңазытқыштың, мұздатқыштың, кіржуғыш машинаның немесе кірге арналған барабан құрғатқыштың үстінде орнатылмауға тиіс, өйткені ондай жағдайда пісіретін беттің электрондық компоненттеріне ылғалдың әсер етуінің нәтижесінде олардың зақымдалуы орын алуы мүмкін.
- Индукциялық пісіретін бет ол генерациялайтын жылудың оңтайлы сейілуі қамтамасыз етілетіндей түрде орнатылған болуға тиіс.
- Қабырға мен жұмыс бетінің үстінде орналасқан аумақ жылудың әсеріне шыдайтын болуға тиіс.
- Қатпарлы материал мен желім термикалық төзімді болуға тиіс.
Пісіретін бетті электр желісіне қосу

Пісіретін бетті қоректендіруші электр желісіне тек білікті маман қосуға тиіс.
Пісіретін бетті электр желісіне қосудан бұрын төмендегілерді тексеріңіз:
- сіздің үйіңіздегі электр сымдарының жүктемелік қабілеті пісіретін бет тұтынатын қуаттылық үшін жеткілікті болып табылуға тиіс.
- Электр желісінің кернеуі пісіретін беттің төлқұжаттық табличкасында көрсетілген кернеуге сәйкес болуға тиіс.
- Қоректендіру бауы пісіретін беттің төлқұжаттық табличкасында көрсетілген жүктемеге шыдайтын болуға тиіс.
Пісіретін бетті электр желісіне қосу үшін жалғастырғыш тетіктер мен үштіктерді пайдаланбаңыз, өйткені бұл өрт шығуына әкеліп соғуы мүмкін.
Қоректендіру кабелі ыстық бөлшектерге жанаспайтын болуға және оның нүктелерінің ешқайсысында температура 75°C градустан аспайтындай орналасқан болуға тиіс.

Электриктің сіздің үйіңіздегі электр сымдарын пісіретін бетті қоректендіру үшін пайдалануға болатынын тексеруін сұраңыз. Электр сымдарындағы барлық өзгертуді тәжірибелі электрик орындауға тиіс.
Қоректендіру кернеуі қолданыстағы электротехникалық ережелер мен нормаларға сәйкес қосылуға тиіс немесе төменде көрсетілгендей, бір полюсті автоматты ажыратқыш пайдаланылуға тиіс.
- Қауіпті жағдаяттардың орын алуына жол бермеу үшін, зақымдалған қоректендіру бауын ауыстыруды сатудан кейін қызмет көрсету қызметінің қызметкері арнайы құрал-сайманды пайдаланып орындауға тиіс.
- Егер электр аспап электр желісіне тура қосылатын болса, онда бір полярлық автоматты ажыратқыш орнатылуға тиіс. Ондай ажыратқыштың контактыларының арасындағы қашықтық кем дегенде 3 мм болуға тиіс.
- Жабдықты орнатуды жүзеге асыратын маман электр қосылыстардың дұрыс және қолданыстағы нормалар мен ережелерге сәйкес орындалғанын тексеруге тиіс.
- Желілік бау бүктелмеуге немесе шиырылмауға тиіс.
- Желілік бау жүйелі қарап тексеріліп отыруға тиіс. Желілік бауды ауыстыруды тек бекітілген маман орындауға тиіс.

КӘДЕГЕ ЖАРАТУ: Бұл бұйымды сұрыпталмаған тұрмыстық қалдықтар секілді тастамаңыз. Бұл бұйымды онда пайдаланылатын материалдарды сұрыптауды орындаумен бірге кәдеге жарату қажет.
Бұл электр аспаптың электр және электрондық жабдықты (WEEE) кәдеге жарату жөніндегі 2012/19/ЕО еуропалық директивасына сәйкес таңбаламасы бар. Бұл электр аспапты дұрыс кәдеге жарату қоршаған ортаны ластаудың және адамдардың денсаулығына зиян келтірудің алдын алады.
Бұйымдағы таңбалама бұл бұйымды әдеттегі тұрмыстық қалдықтар секілді тастауға болмайтынын көрсетеді. Бұл бұйымды онда пайдаланылатын электр және электрондық компоненттерді екінші қайтара пайдалану үшін жинау пунктіне жеткізу керек.
Бұл электр аспап үшін арнайы кәдеге жарату талап етіледі. Бұл бұйымды кәдеге жаратуға және оның ішінде бар материалдарды қайта пайдалануға қатысты бұдан көрі толық ақпарат алу үшін, жергілікті басқару органдарына, жергілікті тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату қызметіне немесе сіз одан бұл бұйымды сатып алған дүкенге хабарласу керек.
Бұл бұйымды кәдеге жаратуға және оның ішіндегі материалдарды қайта пайдалануға қатысты толық ақпарат алу үшін, жергілікті басқару органдарына, жергілікті тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату қызметіне немесе сіз бұл бұйымды сатып алған дүкенге хабарласуыңыз керек.
Өндіруші басып шығару барысында орын алған осы нұсқаулықтағы қателіктер үшін жауапкершілік көтермейді. Өндіруші өз бұйымдарына, негізгі сипаттамаларын сақтай отырып, өзі пайдалы деп табатын өзгертулер енгізуге құқылы.