AquaExpress WK 300 - су қайнатқыш BRAUN - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз AquaExpress WK 300 BRAUN PDF форматында.
| Өнім түрі | Электр шәйнегі |
| Бренд | Braun |
| Модель | AquaExpress WK 300 |
| Сыйымдылық | 1.7 L |
| Қуат | 2200 Вт |
| Кернеу | 220-240 В |
| Жиілік | 50-60 Гц |
| Өлшемдері (L x W x H) | 23 x 18 x 24 см |
| Салмақ | 1.2 кг |
| Сым ұзындығы | 75 см |
| Материал | Тот баспайтын болат корпус, пластик тұтқа |
| Қыздыру элементі | Жасырын тот баспайтын болат |
| Сүзгі | Алынбалы әк сүзгісі |
| Су деңгейінің көрсеткіші | Иә, белгілері бар мөлдір терезе |
| Автоматты өшіру | Иә, қайнағаннан кейін |
| Құрғақ қайнаудан қорғау | Иә |
| 360° негіз | Иә, сымсыз жұмыс істеу |
| Қақпақ түрі | Батырмасы бар ашылатын қақпақ |
| Тазалау | Дымқыл шүберекпен сүрту; әктен тазарту ұсынылады |
| Қауіпсіздік мүмкіндіктері | Автоматты өшіру, құрғақ қайнаудан қорғау, салқын тұтқа |
| Қосалқы бөлшектер | Сүзгі мен негіз қызмет көрсету орталықтары арқылы қолжетімді |
| Кепілдік | 2 жыл (шарттарға байланысты) |
Жиі қойылатын сұрақтар - AquaExpress WK 300 BRAUN
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы AquaExpress WK 300 BRAUN
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз су қайнатқыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз AquaExpress WK 300 - BRAUN және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. AquaExpress WK 300 брендінің BRAUN.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ AquaExpress WK 300 BRAUN
Біздің өнімдер сапа, жұмыс өнімділігі мен сыртқы көрінісі бойынша ең жоғары талаптарға сай болатын етіп жасалады. Біз жаңа Braun құрылғыңыздың пайдасын толық көресіз деп үміттенеміз.
Пайдаланардан бұрын
Осы аспапты пайдаланардан бұрын нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Абайлаңыз
- Бұл құрылғыны 8 жасқа толған және одан асқандар ғана қолдануға тиіс және кембағал, сезім жүйесі дамымаған немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдар құрылғыны қауіпсіз қолдану, қатерлі жағдайлар туралы нұсқау алса немесе тиісті адамның қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс.
- Балалар құрылғымен ойнамауы тиіс.
- Балалар 8 жастан аспаған болса және ересектердің қадағалауы болмаса, тазалау мен күтіп ұстау жұмыстарын іске асырмауға тиіс. • 8 жасқа толмаған балаларды құрылғыға және оның электр сымына жақындатуға болмайды.
- Қорек сымы бүлініп қалса, қатерлі жағдай орын алмас үшін оны өндіруші немесе өндірушінің уәкілетті агенті немесе білікті адам ауыстыруға тиіс.
- Шайнекті тек жинаққа кіретін тұғырымен бірге пайдалану керек.
- Шайнек толып кетсе, қайнаған су тасып төгілуі мүмкін.
- Құрылғыны ешқашан суға немесе басқа сұйық заттарға матырмаңыз.
- Бұл құрылғы тұрмыста ғана қолдануға арналған және тағамдарды тұрмыста қажетті мөлшерде ғана қолдану қажет.
- Аспапты осы нұсқаулықта сипатталған қолданылу мақсатынан басқа мақсатта пайдалануға болмайды. Дұрыс пайдаланбау адамның жарақат алуына себеп болуы мүмкін.
- Ағытпаға сұйық заттың шашырауына жол бермеңіз
- Алғаш рет пайдаланар алдында немесе қажет болған кезде, „Күтіп ұстау және тазалау“ бөлімдеріндегі нұсқауларға сүйеніп, барлық бөлшектерін тазалаңыз.
- Құрылғыны ағытпаға қоспас бұрын, ағытпаның қуат күші құрылғыда көрсетілген қуат күшіне сай екеніне көз жеткізіңіз.
- Шәйнекті тек су қайнату үшін ғана пайдаланыңыз.
- Шәйнекті тек құрғақ, тегіс әрі орнықты жерде пайдаланыңыз.
- Сымының үстелдің үстінен салбырап тұруына жол бермеңіз. Сымның ұзындығын сым сақтайтын ұяға айналдыра орау арқылы қысқартуға болады.
- Тұғырды, шәйнекті немесе қуат сымын ыстық беткі қабаттарға (мысалы, электр пештері) тигізуге болмайды.
- Шәйнек токтан кездейсоқ ағытылып қалған жағдайда, асқын қызудан сақтайтын функциясы оны автоматты түрде өшіреді. Мұндай жағдайда шәйнекке су құймас бұрын оны 10 минут суытып қойыңыз.
- Су қайнап жатқанда қақпағын ашуға болмайды.
- Жұмыс істеп тұрғанда шәйнек ысып кетуі және пайдаланып болғаннан кейін ыстығын сақтауы мүмкін. Сондықтан оны тек тұтқасынан ұстаңыз. Ыстық су төгіліп кетпес үшін тұтқасын әрқашанда тік күйінде ұстау керек.
- Тек WK 500 үлгісі: Шәйнекті пайдаланған кезде басқа электр аспаптарын тым көп пайдаланбауға тырысыңыз. • Розетка сақтандырғышы кем дегенде: 16 А
Сипаттама
а Тат сүзгісі (жылжымалы)
b Қақпақ
с Қақпақты ашу түймесі
d Қосу/өшіру түймесі
е Су деңгейінің көрсеткіші
f Басқару шамы
g Сымды салуға арналған ұясы бар негіз
- Ең үлкен сыйымдылығы: 1,7 л су
Алғашқы қолданыс алдында
Шәйнекті алғаш рет пайдаланардан бұрын оған ең жоғары деңгейге дейін таза су толтырып, қайнатыңыз да, суды төгіп тастаңыз. Осы процедураны 3 рет қайталаңыз.
Суды бірнеше рет қайнатқаннан кейін шәйнек негізінде конденсацияның пайда болуы заңды құбылыс.
Солай болған жағдайда, жай ғана құрғақ матамен сүртіп шығыңыз.
Қолдана бастау
1a Қақпақты ашпай шәйнекті шүмек арқылы толтырыңыз, немесе 1b қақпақты ашу түймесін басыңыз (с), қақпақты ашыңыз, суды толтырып, қақпақты қайта жабыңыз (қақпақ ашық тұрған уақытта шәйнек жұмыс істемейді). 2 Шәйнекті құрғақ негізге орнатып, негізді токқа қосыңыз.
3 Қосу/өшіру түймесін бассаңыз (d), басқару шамы жанады (шәйнек қосылып тұрған уақытта қақпақты ашпаңыз). 4 Су қайнаған уақытта шәйнек автоматты түрде өшіріледі. Сіз қайнату барысын кез келген уақытта қосу/өшіру түймесін басу арқылы тоқтата аласыз (d). 5 Әр кез пайдаланғаннан кейін шәйнекті босатыңыз.
Ескертпе: Егер шәйнекті 2 күннен астам уақыт пайдаланбаған болсаңыз, оны таза сумен шайыңыз.
Автоматты өшіру мүмкіндігі
Шәйнек өшірілетін жағдайлар ...
- су қайнағанда, – су жоқ болғанда (байқаусыз қосу жағдайында), – қақпағы ашық кезде, – негізден алынған жағдайда.
Егер тат сүзгісі орнатылмаған болса, автоматты өшіру мүмкіндігі кідіре жұмыс істейді.
Тазалау
Тазаламас бұрын негізді ажыратыңыз.
Шәугімді немесе негізді ешуақытта суға матырмау керек.
Шәугімнің сыртын дымқыл матамен тазалаңыз. Ішкі бөлігін қылшақпен тазалауға болады. Жылжымалы тат сүзгісі ыдыс жуғыш машинасының ішінде орналасқан.
Тат кетіру
- Шәугімнің қызмет ету мерзімін ұзарту үшін және қуатты үнемдеу үшін біз тат кетірудің келесі жиілігін ұсынамыз:
- Қаттылығы төмен немесе орташа сумен қалыпты түрде қолданған жағдайда әр 3 ай сайын (күніне 5 уақытқа дейін).
- Бұдан жиі немесе қатты сумен қолдану жағдайында әр ай сайын.
- Су қаттылығын жергілікті су жабдықтаушысынан біле аласыз.
- Шәугімде 0,8 л суды қайнатыңыз.
- Маңызды: Шәугімді өшіріп, 0,4 л сірке суынан қосыңыз (4% қышқыл). Құрамындағыны қайнатпаңыз, өйткені төгілген жағдайда күйю себебі болуы мүмкін.
- Су және сірке суының қосындысын бір түнге қалдырып қойыңыз.
- Шәугімді босатып, ішін тұщы сумен жақсылап шайып шығыңыз. Шәугімге тұщы суды толтырып, қайнатыңыз.
- Шәугімді босатып, оны түщы сумен қайта шайыңыз.
- Егер шәугімде тат қалса, рәсімді қайта қайталаңыз.
Тат сүзгісіндегі татты кетіру үшін оны су қосылған сірке суына малып алуыңызға болады.
Шығарылған жылын белгілеу үшін бұйым тақташасындағы 5-сандық шығарушы кодын қараңыз. Шығарушы кодының бірінші саны шығарған жылдың соңғы санын білдіреді. Келесі 2 сандар шығарылған жылдың күнтізбелік апта санын білдіреді. Ал соңғы 2 сандар 1992 жылдан бастап автоматты түрде есептелген басып шығару мерзімін білдіреді. Мысалы: 30421 – Бұйым 2013 жылының 4 аптасында шығарылған.
EAC
| Улгі | WK 300, WK 500 |
| Кернеу 220 – 240 В | |
| Герц 50 – 60 Гц | |
| Ватт | WK 300: 1920-2280 ВТWK 500: 3000 ВТ |
| Сақтау шарттары: | температура:+5°C және +45°Сылғалдылық: < 80% |
Румынияда жасалған
Германия Заңды өндіруші:
Бұйымды іске пайдалану нұсқаулығына сәйкес өз мақсатында пайдалану керек.
Бұйымның қызмет мерзімі тұтынушыға сатылған күннен бастап 2 жылды құрайды.
Импортер:
«Делонги» ААҚ, Ресей, 127055, Москва қаласы, Сущёвская көшесі, 27/3-үй (27-үй, 3-құрылым) Тел. +7 (495) 781-26-76
Сақталу мерзімі: Шектелмеген
Арылу жағдайлары: Қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес
Тасымалдау жағдайлары: Тасымалдау кезінде құлатып алуға немесе шамадан тыс шайқалтуға болмайды.
Сату жағдайлары: Сату жағдайларын өндіруші көрсетпеген, бірақ олар жергілікті, мемлекеттік және халықаралық ережелер мен стандарттарға сай болуға тиіс.
Өндіруші зауыт:
De'Longhi Braun Household GmbH,
Carl-Ulrich-Strasse 4, 63263 Neu Isenburg,
Germany
Ақаулықты түзету
| Ақаулық Себебі Шешімі | ||
| Шайнек жұмыс істемейді. | Қуат жоқ. Шайнектің ро | зеткаға қосылғанын тексеріңіз. Шайнектің қуат тұғырына дұрыс орнатылғанын тексеріңіз. Уйіңіздегі сақтандырғышты/қыска тұйықтағышты тексеріңіз. Егер жоғарылардың ешқайсысы анықталмаса, «Техникалық қызмет көрсету және тұтынушыларды қолдау» бөлімін қараңыз. |
| Шайнек қайнағаннан кейін автоматты түрде өшпейді немесе өшу уақыты тым үзак. | Сүзгі су ағатын шүмекке дәл келтірілмеген. | Әрқашан да сүзгіні пайдаланыңыз және суды Мах деңгейінен асырып қүймаңыз. |
| Су ағатын шүмектен су шашырайды. | Шайнекке су тым асыра қүйылған. | Су деңгейінің, Мах деңгейінен жоғары болмауын тексеріңіз. |
| Сүзгі су ағатын шүмекке дәл келтірілмеген. | Әрқашан да сүзгіні пайдаланыңыз және суды Мах деңгейінен асырып қүймаңыз. | |
| Шайнек жұмыс істеп тұрып өшіп қалады. | Қыздырғыш тактаға әк/минералды заттар түзілген | Қыздырғыш элементтің қақтан таза екенін тексеріңіз. «Өктен тазарту» бөлімін қараңыз. |
| Шайнектегі судың жеткіліксіз болуына байланысты судың қайнап тартылуынан қорғайтын функция іске қосылған. | Қуат тұғырынан алыңыз. Қайтадан су қүярдан бұрын суығанша қүтіңіз. Шайнек суығаннан кейін қосқыш өзінен өзі бұрынғы қалпына келеді. Су деңгейінің ең кіші деңгейден жоғары екенін тексеріңіз. |