TDI903239A - темір BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз TDI903239A BOSCH PDF форматында.
| Өнім түрі | Сымсыз / сымды үтік |
| Бренд | Bosch |
| Модель | TDI903239A |
| Өлшемдері (Ұ x Е x Б) | 30 см x 13 см x 16 см |
| Салмағы | 1,4 кг |
| Қуат көзі | 220-240 V, 50-60 Hz |
| Қуаты | 2400 Вт |
| Табан түрі | CeramicGliss табаны |
| Су ыдысының сыйымдылығы | 300 мл |
| Үздіксіз бу шығару | 40 г/мин |
| Айнымалы бу | Иә |
| Тік бу функциясы | Иә |
| Тамшыға қарсы функция | Иә |
| Кірге қарсы жүйе | Иә, алынатын кір жинағыш |
| Автоматты өшіру | Иә, 8 минут әрекетсіздіктен кейін |
| Кабель ұзындығы | 2,5 м |
| Тазалау | Табанды ылғалды, абразивті емес шүберекпен тазалаңыз |
| Ыдысқа күтім жасау | Әр қолданғаннан кейін ыдысты босатыңыз |
| Кірден тазарту | Ай сайын өздігінен тазалау функциясын қолданыңыз |
| Қосалқы бөлшектер және жөндеу мүмкіндігі | Ыдыс, табан, түймелер Bosch Service қызметінде қолжетімді |
| Жөнделу көрсеткіші | 7,8/10 |
| Кепілдік | 2 жыл |
Жиі қойылатын сұрақтар - TDI903239A BOSCH
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы TDI903239A BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз темір PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз TDI903239A - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. TDI903239A брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ TDI903239A BOSCH
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық

Bosch маркалы D190 шағын бу генераторын сатып алғаныңызға алғысымызды білдіреміз.
Аспаптың жұмыс ретін түсіну үшін буктеменің бірінші бетін ашыңыз. Бұл аспап халықаралық қауіпсіздік нормаларына сәйкес келеді.
Бұл нұсқаулықты Bosch компаниясының жергілікті басты беттерінен жүктеп алуға болады.
Жайылатын жақтарын ашу
Қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқамалар
Желіге қосылып тұрған үтікті қараусыз қалдырмаңыз. Аспапқа су толтырудан бұрын немесе оны пайдаланудан кейін су қалдығын төгуден бұрын ашаны айырын ұяшықтан шығарыңыз. Аспап орнықты бетте пайдаланылып, орналасуы керек. Аспапты оның тұрағына орналастыру кезінде тұрақ орналасқан беттің орнықты екендігіне көз жеткізіңіз. Үтік құлаған жағдайда немесе онда зақымданудың анық іздері болған немесе ол су жіберген жағдайда оны пайдаланбаңыз. Аспапты қайта пайдаланудың алдында өкілетті техникалық қызмет көрсету орталығында тексерту қажет болады. Қуат сымы зақымдалған немесе оны ауыстыру қажет болған жағдайда бұл тек қана өкілетті техникалық қызмет көрсету орталығында жасалуы тиіс. Қауіпсіз пайдалану туралы алдын ала нұсқама алу және аспапты пайдаланумен байланысты қауіпті ұғынған жағдайда немесе жауапты тұлғалардың қарауымен 8 жастан асқан балаларға және дене, сезіну және ақыл-ой қабілеттері шектеулі тұлғаларға немесе сәйкесінше тәжірибесі мен білімі жоқ тұлғаларға аталған аспапты пайдалануға болады. Балалардың электр аспабымен ойнауына жол бермеңіз. Ересектердің қарауынсыз балаларға аспапты тазалау мен күтім жасауға жол берілмейді. Аспап қосулы тұрған немесе пайдаланғаннан кейін сууға қойылған кезінде үтік пен оның сымжелісі 8 жастан кіші балалардың қолы жетпейтін жерлерде орналасуы керек. АБАЙЛАҢЫЗ. Ыстық бет. Қолдану барысында беті қызуы мүмкін.

Маңызды нұсқаулар
- Аталған аспап үй жағдайында пайдалануға арналған, сондықтан оны өндірістік мақсаттарға қолдануға жол берілмейді.
- Бұл аспап тек қана арнайы мақсатына сай, яғни үтік ретінде ғана қолданылуы тиіс. Аспаптың кез келген басқалай пайдаланылуы
бұрыс және, сондықтан, қауіпті болып танылады. Өндіруші аспапты дұрыс немесе тиісті түрде пайдаланбаудан пайда болған кез келген залалға жауапкершілік көтермейді.
- Пайдалану барысында бұл аспап қатты қызады және бу шығарады. Дұрыс пайдаланбаған жағдайда күйіп қалу және күйіктер алу қаупі бар.
- Үтіктің табанын ұстамаңыз! Үтікті тұтқасынан ұстаңыз.
- Аспапты құлатпау мақсатында қуат желісінің үстелден немесе үтіктеу тақтайынан салбырап тұрмауын қадағалаңыз.
- Киіліп тұрған киімді үтіктемеңіз!
- Ешқашан суды бүрікпеніз және буды адамдар мен жануарларға қарай бағыттамаңыз!
Куат желісінің өткір заттармен немесе қызып тұрған үтіктің табанымен жанасуын болдырмаңыз.
Ыстық үтікті ешқашанда көлденең қоймаңыз. Үтікті тігінен, табанымен орналастыру қажет.
Қосылып тұрған аспапты сулы қолдармен ұстамаңыз.
Бұл аспап оның техникалық сипаттамалары жазылған тақтайшадағы ақпаратқа сәйкес қосылуы және қолданылуы қажет.
Бұл аспап жерге тұйықталған ұяшыққа қосылуы қажет. Ұзартқышты пайдаланған жағдайда оның 16 А тұйықталуы бар қос полярлық ұяшықпен жабдықталғанын тексеріңіз.
Егер аспаптың жабдықтаушы балқығыш сақтандырғышы күйіп кетсе, аспап өшіп қалады. Қалыпты жұмысын қалпына келтіру үшін аспапты өкілеттенген техникалық қызмет көрсету орталығына жеткізу қажет болады.
Бұның алдын алу үшін өтпелі кернеудің төмендеуі немесе жарықтандырудың ауытқуы құбылыстары секілді негізгі жағымсыз жағдайларда үтікті кедергісі 0.27 Ω барынша жоғары электр желісіне қосуға кеңес беріледі. Қажет жағдайда пайдаланушы электрмен қамту компаниясынан қосылу нүктесіндегі кедергі туралы ақпаратты ала алады.
- Нақты ауа-райы жағдайларында аталған аспап жұмысында аздаған кідірістер болуы мүмкін.
- Аспапты суға толтыру үшін сутартқыш шүмектің астына қоюға болмайды.
- Ақаулықты сезген жағдайда аспапты тез арада желіден ағытыңыз. Сондай-ақ оны әрбір пайдаланғаннан кейін желіден ажыратып отырыңыз.
- Аспаптың айырын ұяшықтан қуат желісін жұлқи шығаруға болмайды.
- Үтікті ешқашан да суға немесе кез келген басқа сұйықтыққа батырмаңыз.
- Аспапты ауа-райы жағдайларының әсеріне (жаңбыр, күн сәулелері, аяз және т.б.) қалдырмаңыз.
- Бу шығарған уақытта үтіктің ішінен сорғы жұмысының дауысы шығады. Бұл қалыпты жағдай және суды буға айналдыру камерасына толтыруды білдіреді.
Қалдықтарды кәдеге жарату
Біздің тауарларымыздың қаптамасы дұрыс ойластырылған. Ол негізінен қайта өңделуге тиісті, жергілікті қалдықтарды жинау қызметіне өткізуге болатын материалдардан тұрады. Істен шыққан электр аспабымен не істеуге болатыны туралы ақпаратты жергілікті әкімшілік органдарынан ала аласыз.

Бұл аспаптың электрлік және электрондық аспаптарды кәдеге жарату 2012/19/ЕС еуропалық нормаларына сәйкестілік белгісі бар. Бұл нұсқаулық Еуропалық Кеңестің барлық аумағы үшін қолданылатын пайдаланылған аспаптарды
қайтару және кәдеге жарату бойынша жалпы шарттарды анықтайды.
Сипаттамасы
- Жанаспа қадағасы бар тұтқасы
- Бу жіберу түймелері*
- "SensorSteam" (түссіз) жарық көрсеткіші
- Бу жіберу тәртібін таңдау түймесі (SET)
- Бу жіберу тәртібінің жарық көрсеткіштері: жасыл = eco, қызыл = max
- Су бүрку түймесі
- Бу соққысының түймесі
- Суға арналған саңылау
- Құю тесігінің қақпағы
- Шашыратқыш бүріккі
- Судың ыдысы
- Толудың жоғары нәтижесінің белгісі
- Үтіктің табаны
- Температура көрсеткіші
- TempOK көрсеткіші бар жылу реттегіш
- Calc'nClean түймесі
- Сорғы жұмысының көрсеткіштері
- Қуат желici
- Қақты кетіруге арналған сұйықтық *
- TextileProtect нәзік маталарға арналған қондырма *
- StoreProtect* қосымша жабдығы *
Үтікті бірінші пайдаланбас бұрын
- Үтіктің табанынан (13) заттаңбалар мен қорғаныш орамасын алып тастаңыз.
- Қажет болған жағдайда үтіктің табанын (13) бірнеше қабатталған құрғақ мақталы матамен абайлап сүртіңіз. Бірінші қосқан кезде жаңа үтіктен ерекше иіс шығуы мүмкін, сонымен қатар одан азғантай түтін мен біраз түйіршіктер шығуы мүмкін. Бірнеше минуттан кейін бұл басылады.

Үтіктеу бойынша кеңестер: Бу жіберу қызметін бірінші пайдалануда буды киімге бағыттамаңыз, себебі жүйеде кір қалуы мүмкін.
Үтікті көлденең ұстау арқылы бу соққысы түймесін (7) бірнеше рет басыңыз. Үтіктің табанынан (13) бар ластанулар шығуы мүмкін.
Құралыңызды қалай қолдануыңыз керек

1. Судың ыдысын толтыру
Аталған аспап шүмек астындағы кәдімгі суды пайдалануға арналған.
- Басқа сұйықтықтарды (Bosch компаниясымен ұсынылмаған), мысалы, хош иісті қосу аспаптың бұзылуына әкеледі.
- Кептіру барабандарындағы, ауаны желдету жүйелеріндегі және ұқсас басқа құрылғылардағы су қалдығын қолданбаңыз.
Жоғарыда аталған құралдарды қолданудан пайда болған кез келген зақымдану кепілдеме әрекетінің тоқтатылуына әкеледі.

Ашаны айырын ұяшықтан шығарыңыз!
- Құю саңылауының қақпағын ашыңыз (9).
- Ыдысты толтырыңыз. Ешқашан да суды ең жоғарғы толтыру деңгейі белгісінен асыра құймаңыз (12).
- Су ыдысының қақпағын жабыңыз.

Үтіктеу бойынша кеңестер:
Бу жіберу жүйесінің ұзақ және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін шүмек суын тазартылған сумен 1:1 қатынасында араластырыңыз. Егер
сіздің ауданыңыздағы шүмек суы аса кермектелген болса, оны тазартылған сумен 1:2 қатынасында араластырыңыз.
Судың кермектілігін жергілікті сумен қамсыздандыру компаниясынан білуге болады.

2. SensorSteam қызметі
SensorSteam қызметі түмқаны жіберген кезде үтікті өшіреді, бүл аспапты пайдалану қауіпсіздігін арттырып, электр қуатын үнемдеуге мүмкіндік береді.
- Аспаптың ашалы айырын ұяшыққа салыңыз. Бастапқы қыздыру: Аспапты қосқаннан кейін бүл қызмет үтік белгіленген температураға дейін қызғанынша белсендірілмейді.
- Бастапқы қыздыру аяқталғаннан кейін жылу реттегіштің (15) TempOK көрсеткіші жыпылықтауды тоқтатып, автоматты түрде эко тәртібі орнайды.
- Үтікті тұтқасынан (1) ұстаған жағдайда, SensorSteam көрсеткіші (3) жыпылықтауын тоқтатып, үтік қосылады.
- Сіз үтік тұтқасын жіберген сәтте SensorSteam көрсеткіші үтіктің жақын арада өшетіндігін білдіріп, жыпылықтай бастайды.
- Сіз тұтқаны қайта ұстағанда үтік автоматты түрде қосылып, қыздыра бастайды. Үтікті бірнеше минуттан көп уақытқа қалдырып, сосын оның тұтқасынан аз уақытқа ғана қайта ұстаған жағдайда бастапқы қыздыру үдерісі қайта басталады.

3. Температураны реттеу
Үтік табанының (13) температурасын реттеу үшін жылу реттегіш (15) қолданылады.
- Үтіктеуді ең аз температуралық үтіктеу тәртібін қажет ететін киімнен бастаңыз. Үтіктеудің қажетті температурасын бұйымның жарлықшасынан көруге болады.
- Жылу реттегішті (15) үтіктің температураға дейін қызуы немесе сууы уақытында температура реттегішінің температура көрсеткішінің (14) сәйкесінше таңбасына қойыңыз.
| Температуралыктөртіп | Утіктеуге болатын маталар |
| Синтетикас | |
| жібек пен тоқыма мата | |
| мақта | |
| Max зығыр | |
| i-Temp Advanced* | үтіктеуге жарамды матаның кез келген түрі |
| AntiShine* | құңгірт және нәзік маталар.Утіктен қалатын жылтыр іздердің пайда болу мүмкіндігін азайтады. |

Үтіктеу бойынша кеңестер: Егер сіз жоғары температурада үтіктеп, сосын төмен температураға қойсаңыз, үтіктің сууы үшін біраз уақыт қажет болады. Үтік табанын тезірек суыту үшін бу соққысы түймесін (7) немесе бу жіберу түймесін (2*) басуға болады.

3.1 "TempOK" көрсеткіші
Үтік табанының белгіленген температураға дейін қызуы немесе сууы уақытында температура реттегішінің TempOK (15) көрсеткіші жыпылықтап тұрады. Үтік белгіленген температураға жеткенде көрсеткіш жыпылықтамай, тұрақты жарық жанып тұрады.

3.2 "i-Temp Advanced" қызметі *
Осы қызметті таңдаған жағдайда үтіктеуге болатын барлық мата түрлеріне арналған температура мен буға айналудың ыңғайлы үйлесімі орнайды.
“i-Temp Advanced” қызметі дұрыс таңдалмаған температурадағы киім зақымдалуының алдын алады.
"i-Temp Advanced" қызметін үтіктеуге болмайтын маталарға қолдануға
болмайды. Киімнің жарлықшасында келтірілген ұсыныстарға жүгініңіз немесе кигенде көрінбейтін жерді үтіктеп көріңіз.
“i-Temp Advanced” қызметін таңдағанда температура реттегішінің көк көрсеткіші жанады.

3.3 "AntiShine" қызметі *
Бұл қызметті таңдағанда киімде жылтыр іздердің қалу мүмкіндігі азаяды.
AntiShine қызметін таңдағанда температура реттегішінің көк көрсеткіші жанады.

4. Бу көлемін реттеу
Бу реттегіші үтіктеу кезіндегі түзілетін бу көлемін реттеу үшін қолданылады.
Үтікте келесі кестеге сәйкес бу жіберу тәртібін көрсететін бу жіберу тәртібін таңдау (4) және жарық көрсеткіштері (5) түймелері бар
| Бу жіберутәртібі | eco max | бусыз | |
| Жарықкөрсеткіштері | [АСХК] | [КА48] | [5Н52] |
| Жасыл | Қызыл | Жанбайды | |
Бұл жіберу тәртібін таңдау түймесін басу арқылы бу жіберу тәртібін өзгертуге болады (4).

Үтіктеу бойынша кеңестер: оңтайлы нәтижеге жету үшін үтіктеуді аяқтау алдында матаны жақсылап кептіру мақсатында үтікті оның үстінен бірнеше мәрте ылғалсыз жүргізіңіз.

5. Бумен үтіктеу
Тұтқаны ұстағанда (1) немесе бу жіберу түймесін (2*) басқан кезде бу түзіледі. Бу түзілу автоматты түрде температураға байланысты реттеледі.
5.1 Будың үздіксіз түзілуі
- Бу реттегішін eco немесе max белгісіне қойыңыз.
- Тұтқаны ұстаңыз (1).
5.2 Қажет болғандағы бу *
- Тұтқаны (1) ұстаудағы будың үздіксіз түзілуін өшіру үшін бу реттегішті ✗ күйіне қойыңыз.
- Бу жіберу түймесін басыңыз.
Сорғы жұмыс істеп тұрған кезде су ыдысының артқы бөлігіндегі көрсеткіш жанады.

6. Бу соққысы
Бұл қызмет үтіктелуі қиын қатпарларды кетіру үшін, тік сызықтарды жатқызып, бүрмелерді жазу үшін қолданылады.
- Жылу реттегішті max (15) белгісіне қойыңыз.
- Тұтқадағы бу соққысы түймесін (7) 5 секунд сайын бірнеше рет басыңыз.

7. Бумен тігінен үтіктеу
Бұл қызмет ілініп тұрған киімдегі, перде және т.б. бүктеулерді кетіру үшін қолданылады.
- Жылу реттегішті max (15) белгісіне қойыңыз.
- Киімді ілгішке іліп қойыңыз.
- Үтікті матадан 10 см қашықтықта тігінен ұстап, бу соққысы түймесін (7) аралығы 5 секундтан кем емес уақыт сайын бірнеше мәрте басыңыз.

8. Бусыз үтіктеу
Бұл тәртіп үтікті құрғақ үтіктеуде пайдалануға мүмкіндік береді.
- Тұтқасынан (1) ұстап, бу реттегішті ✉ белгісіне қойыңыз.
- Үтіктеу кезінде бу жіберу түймесін (2*) баспаңыз.

9. Бұл маңызды
Жылу реттегіш (15) төменгі белгіге қойылған жағдайда (•• төмен), үтік табанынан (13) су ағуын болдырмау мақсатында бу жіберу автоматты түрде өшіріледі.

10. Су бүрку
Бұл қызмет үтіктелуі қиын қатпарларды кетіру үшін қолданылады.
- Үтіктеу кезінде су бүрку түймесін (6) басыңыз, бүрку бүріккісіндегі (10) су киімге шашырайды.

Үтіктеу бойынша кеңестер: Су бүрку қызметін жібек маталарға қолданбаңыз, себебі оларда із қалып қоюы мүмкін.

11. Әрбір үтіктегеннен кейін
- Үтіктің ашасын айырды ұяшықтан шығарыңыз.
- Кую саңылауының қақпағын ашыңыз (9).
- Үтікті ұшымен төмен қаратып, су ыдысы (11) босағанша ақырын сілкіңіз.
- Су ыдысының қақпағын жабыңыз.
- Суыту үшін үтікті тігінен қойыңыз.
- Жылу реттегішті (15) “●” белгісіне қойыңыз.
- Сақтаудан бұрын қуат сымын (18) үтіктің төменгі бөлігіне босатып ораңыз.
- Үтікті тік күйінде сақтаңыз.

Қуат көзі мен суды үнемдеу бойынша кеңестер
Қуат көзі көбінесе бу түзуге кетеді. Қуат көзін пайдалануды азайту үшін келесі ұсыныстарды ұстаныңыздар:
- Осы басшылықтың нұсқауларын ескере отырып, бу жіберуді таңдалған температуралық үтіктеу тәртібіне сай реттеңіз. Егер бу жіберу тәртібінде үтіктесеңіз ("Бу көлемін реттеу" бөлімін қараңыз).
- Бу реттегішін төменірек белгіге қойып, аздап дымқыл бұйымдарды үтіктеуге тырысыңыз. Бұл кезде бу үтікте емес, матаның өзінде түзілетін болады. Егер сіз киімді кептіру машинасында кептірсеңіз, "Бусыз үтіктеу" бағдарламасын қолданыңыз.
- Мата жеткілікті дымқыл болса, бу жіберуді өшіріп тастаңыз ( "Бусыз үтіктеу" бөлімін қараңыз).

Тазалау

Назар аударыңыз! Күйіп қалу қаупі бар!
Тазалау және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу алдында аспаптың ашасын ұяшықтан шығарыңыз.
- Үтік аз ғана ластанған жағдайда айырды ұяшықтан шығарып, үтік табанын (13) суытыңыз. Үтіктің корпусы мен табанын дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
- Егер синтетикалық мата үтік табанының аса жоғары температурасының әсерінен күйіп қалған жағдайда, бу жіберуді өшіріп, жабысып қалған матаны бірнеше қабатталған мақталы матамен тазалап алыңыз.
- Үтік табанының тегістігін сақтау үшін оның металл заттармен жанасуына жол бермеңіз. Үтіктің табанын тазалау үшін ешқашан ыдыс жууға арналған қатты ысқыштар мен химиялық заттарды пайдаланбаңыз.

Қақ кетіру көпқызметті жүйесі
A "Self-clean" қызметі
Су ыдысы мен сорғы аралығындағы өздігінен тазарту сүзгісі бу түзу жүйесіндегі қақ жиналуының алдын алады және будың дұрыс түзілуін қамтамасыз етеді.
"Calc'nClean" қызметі бу түзілу камерасындағы ұсақ қақ бөліктерін жоюға көмектеседі. Сіздің аймақтағы су өте кермек болған жағдайда, бұл қызметті 2 аптада бір рет қолданған жөн.
Төменде сипатталған рәсімді ұстаныңыз:
① Үтікті электр желісінен ажыратып, су ыдысын толтырыңыз (11). ② Жылу реттегіш температурасын тах (15) белгісіне қойып, үтікті электр желісіне қосыңыз. ③ Қыздыру кезеңі аяқталғаннан кейін температура реттегіштің TempOK көрсеткіші (15) жыпылықтауын тоқтатады. Осыдан соң үтікті электр желісінен ажыратыңыз (бұл өте маңызды!)
④ Үтікті бақалшықтың үстіне әкеліңіз. "Calc'nClean" түймесін (16) басып, ыдыстағы судың үштен бір бөлігі ұшып кеткенінше үтікті сілкіңіз. Қақ пен түзілістердің қалдығын кетіріп, үтіктің табанынан қайнақ су ағып, бу шыға бастайды.
⑤ "Calc'nClean" түймесін (16) жіберіңіз де, үтікті бірнеше секунд бойы абайлап шайқаңыз.
⑥ 4 және 5 тармақтарда сипатталған шараларды су ыдысы босағанынша қайталаңыз.
⑦ Сосын үтікті желіге қосып, қалған судың толығымен ұшқанынша қайта қыздырыңыз. Қақпақшаны тазалау үшін "Calc'nClean" түймесін тағы да бірнеше рет басыңыз.
⑧ Утікті электр желісінен ажыратып, табанын суытыңыз. Табанын дымқыл мақталы матамен сүртіңіз (басқа маталарды қолданбаңыз).
D. Қақты кетіруге арналған сұйықтықпен бірге "Calc'nClean" қызметі *
Қақты сапалы түрде кетіру үшін Bosch компаниясымен арнайы дайындалған қақты кетіру сұйықтығын (19*) пайдалануға кеңес беріледі.
Бұл шараны әрбір 3 ай сайын орындау қажет.
- Утікті электр желісінен ажыратып
- Судың ыдысын қақты кетіруге арналған сұйықтықтың қажетті мөлшерімен (25 мл) араласқан шүмектегі сумен толтырыңыз.
- Содан кейін "Calc'nClean" (2-6 тармақ) сипатталған әрекеттерді орындаңыз. Қақты кетіруге арналған сұйықтықты сатудан кейінгі қызмет көрсету бөлімінде немесе арнайы дүкендерден сатып алуға болады:
Тиістілігінің атауы: TDZ1101
D "Anti-calc" қызметі
"Anti-calc" картриджі бумен үтіктеу кезіндегі қақ түзілуін азайтуға арналған, бұл үтіктің қызмет мерзімін ұлғайтуға көмектеседі. Алайда "anti-calc" картриджі уақыт өте түзілетін барлық қақты кетіре алмайды.
TextileProtect (20*) үтік қондырмасы нәзік маталардан тігілген киімдерді ең жоғарғы температурада зақымдамай бумен үтіктеу кезінде қолданылады. Қорғаныш тоқыма табанды сатудан кейінгі қызмет бөлімінде немесе арнайы дүкендерден сатып алуға болады.
Тиістілігінің атауы: TDZ1550
StoreProtect қондырмасы қосымша жабдығы (21*) үтіктің табаны суымаған жағдайда да қауіпсіз сақтауға мүмкіндік береді.
Қосымша жабдықты қызмет орталығынан немесе арнайы дүкендерден сатып алуға болады:
Тиістілігінің атауы: TDZ1750
| Мәселе Мүмкін себебі Жою әдісі | ||
| Утік қызбайды. 1. Жылуды реттеріш (15) ең төмен белгіге қойылған.2. SensorSteam жүйесі белсендірілген. Утік қуту тәртібіне ауысты. | 1. Жылу реттерішті жоғарырақ белгіге қойыңыз.2. Утікті қайта қосу үшін оның түтқасынан (1) ұстаңыз. | |
| "SensorSteam (3) жарық көрсеткіші жыпылықтайды. | 1. SensorSteam жүйесі белсендірілген. Утік қуту тәртібіне ауысты. | 1. Утікті қайта қосу үшін оның түтқасынан (1) ұстаңыз. |
| Жылу реттеріштің көрсеткіштері (15) жыпылықтайды. | 1. Утік қызады немесе белгіленген температураға дейін өшіп қалады. | 1. Бүл қалыпты жағдай, белгіленген температураға жеткеннен кейін көрсеткіштер жыпылықтамайды. |
| Киім жабысып қалады. • Өте жоғары температура. • Жылу реттерішті (15) төменірек белгіге қойып, үтіктің сууын күтіңіз. | ||
| Утіктің табанынан бумен бірге су ағады. | 1. Жылу реттеріш (15) аса төмен белгіге қойылған.2. Сіз шерту аралығында 5 секунд күтпестен, бу соққысының (7) түймесін бірнеше мәрте басып жібердіңіз. | 1. Жылу реттерішті (15) жоғарырақ температураға қойыңыз, және жылу реттеріштің TempOK көрсеткіші жыпылықтауын тоқтатып, тұрақты жарықпен жануын күтіңіз.2. Бу соққысының түймесін шерткенде, аралығында 5 секунд күтіңіз. |
| Бу көлденен қуйде шықпайды. | 1. Бу реттеріші қғ белгісіне қойылған.2. Өте төмен температура. Тамшыға қарсы жүйе белсендірілген. | 1. Бу реттерішін есо немесе тах белгісіне қойыңыз.2. Матаға сәйкес келген жағдайда одан да жоғары температураны қойыңыз. |
| Судың әдеттен тыс көп ағуы немесе буға айналуы. | 1. Calc'nClean жүйесі толығымен жабылмаған. | 1. Calc'nClean (16) түймесін бірнеше мәрте басыңыз. |
| Сорғы жұмыс істемейді 1. Утік көлденен қуйде орналасқан. 1. Утікті көлденен қуйде пайдаланыңыз. | ||
| Бастапқы рет қосқан кезде үтіктен түтін шығады. | 1. Кейбір ішкі бөлшектердің майлануы жоғалуда. | 1. Бүл қалыпты жағдай, бірнеше минуттан кейін тоқтайды. |
| Утік табанындағы саңылаулардан қақ шығады | 1. Буға айналу камерасынан қақ шығады. | 1. Тазалау кезеңін орындаңыз ("Calc'nClean" қызметі" бөлімін қараңыз). |
| Утіктен сорғы жұмысының дыбысы шығады | 1. Су буға айналу камерасына жиналады | 1. Бүл қалыпты жағдай. |
Бұл көмектеспеген жағдайда өкілетті техникалық қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.