Serie 6 TDS 6041 - темір BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз Serie 6 TDS 6041 BOSCH PDF форматында.
| Өнім түрі | Бу генераторы бар үтік |
| Бренд | Bosch |
| Модель | Serie 6 TDS 6041 |
| Өлшемдері (Ұ x Е x Б) | 400 x 275 x 190 mm |
| Салмағы | 5.2 kg |
| Қуат көзі | 220-240 В ~ 50/60 Гц |
| Қуат | 2400 W |
| Бу қысымы | 4.1 bar |
| Су резервуарының сыйымдылығы | 1.4 L |
| Үздіксіз бу беру | 120 g/min |
| Бу үдету | 200 g/min |
| Табан | Керамика (Ceramium) |
| Негізгі функциялар | Автоматты тоқтату, тамшыға қарсы, айнымалы бу, әкке қарсы жүйе |
| Күтім және тазалау | Әр 2-3 ай сайын әк тазалау, табанды дымқыл шүберекпен тазалау |
| Қауіпсіздік | 8 минут әрекетсіздіктен кейін автоматты тоқтату, станцияны құлыптау |
| Қосалқы бөлшектер және жөндеу мүмкіндігі | Алынбалы су резервуары, ауыстырылатын табан, Bosch Service-те қолжетімді |
| Жалпы ақпарат | Тиімді үтіктеу үшін жоғары сапалы бу станциясы |
Жиі қойылатын сұрақтар - Serie 6 TDS 6041 BOSCH
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы Serie 6 TDS 6041 BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз темір PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз Serie 6 TDS 6041 - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. Serie 6 TDS 6041 брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ Serie 6 TDS 6041 BOSCH
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық

Пайдалану барысында бойлердің әк кетіру немесе тазалау саңылауы қысым астында болады және ашылмауы тиіс. Желіге қосылып тұрған үтікті қараусыз қалдырмаңыз. Аспапқа су толтырудан бұрын немесе оны пайдаланудан кейін су қалдығын төгуден бұрын ашаны айырын ұяшықтан шығарыңыз. Аспап орнықты бетте пайдаланылып, орналасуы керек. Аспапты оның тұрағына орналастыру кезінде тұрақ орналасқан беттің орнықты екендігіне көз жеткізіңіз. Үтік құлаған жағдайда немесе онда зақымданудың анық іздері болған немесе ол су жіберген жағдайда оны пайдаланбаңыз. Аспапты қайта пайдаланудан бұрын оны өкілетті Техникалық қызмет көрсету орталығы тексеруі тиіс. Қауіпті жағдайларды болдырмау, аспап қажет ететін кез келген жұмыс немесе жөндеу, мысалы, ақаулы желі кабелін ауыстыру тек қана өкілетті техникалық қызмет көрсету орталығында жасалуы тиіс. Қауіпсіз пайдалану туралы алдын ала нұсқама алу және аспапты пайдаланумен байланысты қауіпті ұғынған жағдайда немесе жауапты тұлғалардың қарауымен 8 жастан асқан балаларға және дене, сезіну және ақыл-ой қабілеттері шектеулі тұлғаларға немесе сәйкесінше тәжірибесі мен білімі жоқ тұлғаларға аталған аспапты пайдалануға болады. Балалардың аспаппен ойнауына жол бермеңіз. Ересектердің қарауынсыз балаларға құрылғыны тазалау мен күтім жасауға жол бермеңіз. Аспап қосулы тұрған немесе пайдаланғаннан кейін сууға қойылған кезінде үтік пен оның сымжелісі 8 жастан кіші балалардың қолы жетпейтін жерлерде орналасуы керек. Бұл аспап тек тұрмыстық жағдайда теңіз деңгейінен 2000 м жоғары пайдаланылу үшін жасақталған.

АБАЙЛАҢЫЗ. Ыстық бет.
Қолдану барысында бет қызуы мүмкін.
Бұл:
- Аспапқа арналған пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз да, оны болашаққа сақтап қойыңыз.
- Аталған аспап үй жағдайында пайдалануға арналған, сондықтан оны өндірістік мақсаттарға қолдануға жол берілмейді.
- Бұл аспап тек қана арнайы мақсатына сай, яғни үтік ретінде ғана қолданылуы тиіс. Аспаптың кез келген басқалай пайдаланылуы бұрыс және, сондықтан, қауіпті болып танылады. Өндіруші құрылғыны дұрыс немесе тиісті түрде пайдаланбаудан пайда болған кез келген залал үшін жауапкершілік артпайды.
- Бұл аспапты техникалық сипаттамалары жазылған тақтайшадағы ақпаратқа сәйкес қосу және қолдану қажет.
- Бұл аспапты жерге тұйықталған ұяшыққа қосу қажет. Ұзартқышты міндетті түрде пайдалану қажет болған жағдайда, ол 16 А сәйкес және жерге тұйықталу қосылымы бар ұяшықпен жабдықталғанына көз жеткізіңіз.
- Су контейнерін толтыру мақсатында аспапты ешқашан су құбыры шүмегінің астына тікелей орналастыруға болмайды. • Айырдың сымын ұяшықтан жұлқып шығаруға болмайды.
- Үтікті ешқашан да суға немесе кез келген басқа сұйықтыққа батырмаңыз.
- Аспапты ауа-райы жағдайларының әсеріне (жаңбыр, күн сәулелері, аяз және т.б.) қалдырмаңыз.
- Пайдалану барысында бұл аспап жоғары температураға дейін қызады және бу шығарады, бұл дұрыс пайдаланбаған жағдайда күйіктерді тудыруы мүмкін.
- Қуат сымының өткір заттармен немесе қызып тұрған үтіктің табанымен жанасуын болдырмаңыз.
Кәдеге жарату туралы кеңес
Біздің тауарларымыздың қаптамасы дұрыс ойластырылған. Бұл негізінен екінші шикізат ретінде қалдықтарды кәдеге жарату бойынша жергілікті қызмет көрсету орталығына жіберілуі тиіс ластамайтын материалдарды қолданудан тұрады. Ескірген құрылғыларды кәдеге жарату туралы ақпаратты жергілікті қала әкімшілігінен алуыңызға болады.

Бұл аспапта қолданылатын электрлік және электрондық аспаптарға қатысты 2012/19/ЕО Еуропалық директивасына сәйкес белгіленген (электрлік және электрондық жабдық қалдықтары - ЭЭЖҚ). Бұл нұсқаулық ЕО барлық аумағы үшін қолданылатын пайдаланылған аспаптарды қайтару және қайта өңдеу бойынша жалпы шарттарды анықтайды.
Сипаттама

- Индикатор шамы бар "қосу/өшіру" түймесі
- Индикатор шамы бар "Calc'nClean" қақты кетіру түймесі
- Индикатор шамы бар "Су багын босату" түймесі
- Индикатор шамы бар "Eco" қуатты үнемдеу түймесі
- Бу шлангісі
- Желі кабелі
- Желі кабелі мен бу шлангісіне арналған ұстағыш
- Бойлер қақпағы / "Calc'nClean" қақ коллекторы *
- Су багы
- Максималды толтыруға арналған деңгей белгісі
- Құю мойнының қақпағы
- Үтік төсемеші
- Үтікті құлыптау жүйесі "SecureLock" *
- Бу шығару түймесі
- Үтіктің индикатор шамы
- Үтіктің табаны
- "Calc'nClean" контейнері
Кіпішне

Қарапайым, жылдам әрі қауіпсіз үтіктеуге арналған EasyComfort.
EasyComfort функциясымен үтіктеудің жаңа жолын ашыңыз – бұдан былай үтіктің температурасын өзгерту және шаршататын алдын ала сұрыптаудың қажеті жоқ! Енді жалғыз температура параметрінің арқасында ультра жіңішке нәзік маталардан аса қалың маталарға дейін барлық үтіктелетін материалдар көзіңізді ашып жұмғанша бүкпесіз болады. Бұл өз кезегінде басқа тірліктеріңізге көбірек уақыт қалдырады.
Құрылғыны пайдалану


Бұл құрылғы әдеттегі құбыр суын пайдалану үшін әзірленген.
Маңызды: Қоспаларды қолданбаңыз! Иіссу, сірке, крахмал, кептіргіш барабандардан немесе ауа салқындату жүйелерінен алынған конденсат немесе химикаттар сияқты басқа сұйықтықтарды қосу құрылғыға зақым келтіруі мүмкін. Жоғарыда аталған өнімдерді қолданудан туындаған кез келген зақым кепілдеме күшінің жойылуына әкеледі!
1 Кую мойнының қақпағын (11) ашыңыз. 2 Су багын (9) толтырыңыз. Ешқашан максимальды толтыруға арналған "max" деңгей белгісінен (11) асырмаңыз! 3 Кую мойнының қақпағын жабыңыз. 4 Индикатор шамы (3) қосылғанда су багын қайта толтырыңыз. Үш дыбыстық сигнал естіледі. Маңызды: Қайта толтырған соң, түймені (3) басыңыз.
Кеңес: Оңтайлы бу функциясының мерзімін ұзарту үшін, құбыр суын дистилденген сумен 1:1 қатынасында араластыруға болады. Егер өңіріңіздегі құбыр суы іте кермек болса, дистилденген сумен 1:2 қатынасында араластырыңыз.

2. Қыздыру
1 Егер бу станциясы үтікті құлыптау жүйесімен (13*) жабдықталған болса, түймесін басу арқылы түтікті босатыңыз. 2 Бу шлангісін (5) және желі кабелін (6) жазып алыңыз. Желі кабелін жерге тұйықталған розеткаға жалғаңыз. 3 Құрылғыны қосу үшін, түймені (1) басыңыз. Индикатор шамдары (1, 15) жыпылықтап, құрылғының қызып жатқанын көрсетеді. 4 Үтік жұмысқа дайын болғанда, индикатор шамдары (1, 15) тұрақты түрде жанып тұрады. Екі дыбыстық сигнал беріледі.

3. Үтіктеу
1 Бумен үтіктеу үшін, бу шығару түймесін (14) басыңыз.
Маңызды: Үтікті төсемеге қойған кезде, ең алдымен табан суретте көрсетілгендей басқару панелінің жоғарғы жағына міндетті түрде салынуы керек.
Кеңес: Үтіктеу нәтижелерін жақсарту үшін, соңғы бөліктерін үтіктегенде киімді кептіру мақсатында бу шығару түймесін (14) баспаңыз.

"PulseSteam" функциясы
Бұл аспапта күрделі бүрмелерді жазуға арналған арнайы функция бар.
1 Бу шығару түймесін (14) қатарынан екі рет басыңыз. Будың ірі мөлшері шығарылады.

Тіке бу шығару
Ілініп тұрған киімнен, пердеден және т.б. бүрмелерді кетіру үшін пайдалануға болады.
1 Утікті бу жіберілетін киімнен 15 см аралығында тік күйде ұстап тұрыңыз. 2 Бу шығару түймесін (14) кем дегенде 5 секундтық кідірістермен бірнеше рет басыңыз.
Ескерту: бу ағынын ешқашан қолданылып жатқан киімге, адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз.

4. Қуатты үнемдеу
Қуатты үнемдеу параметрі таңдалған болса, қуат пен суды үнемдей отырып, киімді үтіктеген кезде сонда да жақсы нәтижелерге қол жеткізе аласыз.
1 "Eco" қуатты үнемдеу түймесін (4) басыңыз. Индикатор шамы жанып қалады. 2 Қалыпты қуат тұтыну режиміне қайтып ауысу үшін, "Eco" түймесін қайтадан басыңыз. Қалың және өте үйпалақ киімде үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін қалыпты қуат тұтыну режимін пайдалану ұсынылады.

Қауіпсіздік мақсатында және қуатты үнемдеу үшін, құрылғы 8 минут бойы қолданылмаған жағдайда автоматты түрде өшеді. Үш дыбыстық сигнал беріледі және барлық индикатор шамдары (1, 2, 3, 4) жыпылықтайды.
1 Бу станциясын қайта қосу үшін, бу шығару түймесін (14) қайтадан басыңыз.

Тазалау және техникалық қызмет көрсету

1. Қақ кетіру процесі
Маңызды: құрылғыңызды ұзақ уақыт бойы жақсы қалпында сақтау үшін, қақ кетіру процесін белгілі бір пайдалану мерзімінен кейін орындау керек. "Calc'nClean" индикатор шамы (2) жыпылықтап және 3 дыбыстық сигнал беріліп, процесті орындау қажеттілігін көрсетеді.
1 Құрылғыны өшіру үшін, түймені (1) басыңыз. Құрылғыны ажыратып, кем дегенде 2 сағат суытыңыз. 2 Су багын босатыңыз. 3 Үтікті төсемесінен (12) алып тастаңыз. 4 Бойлер қақпағын (8) бұрап шығарыңыз. Бойлерді бірден босатыңыз. 5 Бойлерді шамамен 300 мл күбыр суымен толтырыңыз. Бойлер қақпағын жауып, негізгі блокты біраз уақыт сілкіп жіберіңіз. Сонаң соң, оны толығымен босатыңыз.
Маңызды: Үздік нәтижеге қол жеткізу үшін, бұл әрекетті екі рет орындауға кеңес береміз. Қайта жабудан бұрын бойлерде су қалмағанына көз жеткізіңіз.
6 Егер құрылғыңыз қақ коллекторымен (8*) жабдықталған болса, оны жуу керек болады ("Қақ кетіру және қатқан қақ коллекторы" бөлімін қараңыз). 7 Қақпақты ауыстырып, бекемдеп қойыңыз.
Қақ кетіру және қатқан қақ коллекторы *
1 Қатқан қақ коллекторын су құбырының шүмегіне қойыңыз. 2 Қатқан қақ қалдықтары кетірілгенше жуыңыз.
Үтіктен қақ кетіру
1 Бакты (9) кұбыр суымен толтырыңыз. 2 Желі кабелін (6) жалғап, құрылғыны қосу үшін түймені (1) басыңыз. 3 Қақ кетіру түймесін (2) 2 секунд басып тұрыңыз. Оның индикатор шамы тұрақты түрде жанып тұрады. 4 Индикатор шамы (1) жыпылықтауды тоқтатып, тұрақты түрде жанып тұрмағанша күтіңіз. Екі дыбыстық сигнал беріледі. 5 Су жинау үшін, үтікті бос суағар үстінен тік күйінде ұстаңыз. Құрылғыңыз "Calc'nClean" контейнерімен жабдықталған болса, үтікті оның үстіне қойыңыз. 6 Бу шығару түймесін (14) 2 секунд басып тұрыңыз. Қақ кетіру процесі автоматты түрде іске қосылады. Ескерту: қайнап тұрған су ішінде болуы мүмкін қатқан қақпен және/немесе тұнбамен бірге тұғыр арқылы шығарылады. Процесс барысында дыбыстық сигнал әр 5 секунд сайын беріледі. 7 3 минуттай уақыттан кейін, үтік бу шығаруды тоқтатады. Ұзақ дыбыстық сигнал беріліп, қақ кетіру процесінің аяқталғаны туралы хабарлайды. Құрылғы автоматты түрде өшеді. 8 Тұғырды (16) тазалау үшін, ыстық үтікті ылғалды сүзгіш мата үстінен жүргізу арқылы бүкіл қалдықтарды бірден тазартып шығыңыз.

2. Құрылғыны тазалау
Құрылғыны дұрыс күйінде ұстау үшін жүйелі түрде тазалап тұрыңыз.
1 Егер құрылғы сәл ғана ластанған болса, оны тек қана суланған шүберекпен сүртіп кептіріңіз. 2 Тұғырды жылтыр күйде сақтау үшін, қатты металл заттардың жанасуын болдырмау керек. Табанды тазалау үшін ешқашан ыдыс жууға арналған қатты ысқыштар мен химиялық заттарды пайдаланбаңыз.

Құрылғыны сақтау


1 Құрылғыны ажыратып, суытыңыз. Су багын (9) босатыңыз.
2 Үтікті төсемеде (12) еңкейтіп бу станциясына қойыңыз. Бу станциясы үтікті құлыптау жүйесімен (13*) жабдықталған, үтікті соған бекітіңіз. Алдымен табанды енгізіп, содан кейін құлыптау жүйесін үтікке қарай жылжыту арқылы ұшты блоктаңыз.
3 Бу шлангісін (5) және желі кабелін (6) ұстағышта сақтаңыз (7).

Ақаулықтарды жою
Үтік қосылғанда түтін шығара бастайды.
- Алғаш рет пайдаланғанда: құрылғының кейбір құрамдас бөлшектері зауытта жеңіл майланған және алғаш рет қыздырылған кезде түтіннің азғантай мөлшерін шығаруы мүмкін.
- Кейінгі пайдалану барысында: тұғыр ластанған болуы ықтимал.
- Бұл жағдай толықтай қалыпты болып табылады және біраздан соң тоқтап қалады.
- Тұғырды осы нұсқаулықтағы тазалау нұсқауларына сай тазалаңыз.
| Мәселе Ьіктимал | себептері Шешім | |
| Су тұғырдағы саңылаулардан ағады. | 1. Бу алғаш рет қолданылғандықтан немесе ұзақ ұақыт бойы қолданылмай түргандықтан, су түтіктердің ішінде буға айналуда. | 1. Утікті үтіктеу аймағынан ары бағыттап, бу шығарылмайынша бу шығару түймесін басыңыз. |
| Кір тұғырдан шығады. | 1. Бойлер мен үтік ішінде қатқан қақ немесе минералдар жиналып қалды.2. Химиялық өнімдер немесе қоспалар пайдаланылды. | 1. Тазалау циклін өткізіңіз ("Қақ кетіру процесі" бөлімін қараңыз).2. Ешкашан суға өнімдер қоспаңыз ("Су бағын толтыру" бөлімін қараңыз).Тұғырды дымқыл шүберекпен тазалаңыз. |
| "Calc'nClean" индикатор шамы (2) өшпейді. | 1. Утіктен қақ кетіру процесі аяқталмай тоқтатылды. | 1. Утіктен қақ кетіру процесі қайта іске қосып, аяғына дейін орындаңыз. |
| Құрылғы соратын дыбыс шығарады. | 1. Су бу бағына сорылып жатыр.2. Дыбыс тоқтамай шығады. | 1. Бұл қалыпыты жағдай.2. Егер дыбыс шығуы тоқтамаса, бу станциясын қолданбаңыз және өкілетті техникалық қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. |
| Утіктеу кезінде қысым жоғалды. | 1. Бу шығару түймесі ұзақ ұақыт бойы іске қосылған, ягни өте жиї басылған. | 1. Бу шығару түймесін аралықтармен пайдаланыңыз. |
| Утіктеу барысында киімді су дақтары пайда болады. | 1. Утіктеу тақтасында будың суға айналуына байланысты болуы мүмкін. | 1. Утіктеу тақтасының тоқымалы үстін сүртіңіз және кез келген су дақтарын кептіру үшін үтіктеңіз. |
| Шланг жұмыс барысында ыстық болып кетеді. | 1. Бұл қалыпыты жағдай. Мұның себебі - бумен үтіктеу барысында будың шланг арқылы өтуі. | 1. Шлангіге үтіктеу барысында тимеу үшін, оны қарама-қарсы жаққа қойыңыз. |
| Бойлерден су ағып түр. | 1. Бойлер қақпағы (8) босаған. | 1. Қақпақты бекемдеңіз |
Егер жоғарыдағы кеңестер мәселені шешуге көмектеспесе, тұтынушыларға қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз.
Бұл нұсқаулықты жергілікті Bosch басты беттерінен жүктеп алуға болады.