USP-1095D - плита Unit - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз USP-1095D Unit PDF форматында.

Unit USP-1095D - плита
📄 35 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice Unit USP-1095D - page 14
Нұсқаулықты қарау : English EN Қазақша KK Русский RU
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түрі Еркін тұрған пеш
Бренд Unit
Модель USP-1095D
Ені 60 см (стандартты)
Биіктігі 85-90 см (реттелетін аяқтар)
Тереңдігі 60 см
Салмағы Шамамен 55 кг
Қуат көзі 220-240 В ~ 50/60 Гц
Энергия көзі Электрлік (конвекциялық пеш, керамикалық плита)
Пеш түрі Грильмен мультифункционалды
Пісіру аймақтарының саны 4 (керамикалық)
Тазалау Жұмсақ жуғыш заттармен қолмен тазалау; пеш есігі алынатын
Қауіпсіздік мүмкіндіктері Балалар құлпы, автоматты өшіру, қалдық жылу индикаторлары
Қосалқы бөлшектердің қолжетімділігі Уәкілетті қызмет көрсету орталықтары арқылы қолжетімді
Жөндеу мүмкіндігі Білікті мамандармен жөндеуге болады; жылыту элементтері мен термостаттар сияқты бөлшектер ауыстырылады
Энергия тиімділігі класы A (осы санат үшін әдеттегі)
Шу деңгейі < 50 дБ
Нұсқаулық тілдері EN, RU, KK және сұрау бойынша басқалары

Жиі қойылатын сұрақтар - USP-1095D Unit

Пешті қалай қауіпсіз орнатуға болады?
Пешті тегіс, тұрақты бетке қойыңыз. Тиісті жерге тұйықтау арқылы арнайы қуат көзіне қосыңыз. Нұсқаулыққа сәйкес қабырғалардан кемінде 10 см арақашықтықты сақтаңыз.
Пеш қызбаса не істеу керек?
Қуат көзі мен ажыратқышты тексеріңіз. Егер пеш әлі де қызбаса, жылыту элементі немесе термостат ақаулы болуы мүмкін. Ауыстыру үшін білікті маманға хабарласыңыз.
Керамикалық плитаны қалай тазалауға болады?
Керамикалық плита тазалағышын және жұмсақ шүберекті пайдаланыңыз. Абразивті губкалардан аулақ болыңыз. Дақтардың пайда болуын болдырмау үшін төгілген сұйықтықтарды дереу тазалаңыз.
Пештің гриль функциясын қалай пайдалануға болады?
Басқару тұтқасындағы гриль функциясын таңдаңыз. 5 минут қыздырыңыз. Тамақты жоғарғы сөреге қойыңыз. Грильдеу кезінде пеш есігін сәл ашық ұстаңыз.
Балалар құлпы функциясы не істейді?
Балалар құлпы басқару панелін кездейсоқ пайдалануды болдырмау үшін өшіреді. Оны қосу үшін құлыптау түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.
Пешім дыбыс шығарып, қате кодын көрсетеді. Не істеуім керек?
Нақты қате коды үшін нұсқаулықтың ақаулықтарды жою бөлімін қараңыз. Жалпы кодтар қызып кету немесе сенсор ақауларын көрсетеді. 1 минутқа ажыратып, қалпына келтіріңіз.
Пеш шамын өзім ауыстыра аламын ба?
Иә, пештің қуатсыз және суық екеніне көз жеткізіңіз. Шыны қақпақты алып, шамды 25 Вт ыстыққа төзімді түрімен (G9 розеткасы) ауыстырыңыз.
Бу функциясын қаншалықты жиі кірден тазалауым керек?
Егер үлгіңізде бу функциясы болса (міндетті емес), 3-6 ай сайын кірден тазалау құралын пайдаланып тазалаңыз. Нұсқаулықты орындаңыз.
Қосалқы бөлшектерді қайдан табуға болады?
Қосалқы бөлшектер Unit уәкілетті қызмет көрсету орталықтары арқылы қолжетімді. Тапсырыс беру кезінде USP-1095D үлгі нөмірін көрсетіңіз.
Пеш энергияны үнемдей ме?
Пеш энергия тиімділігі A класына ие, яғни төмен рейтингті үлгілерге қарағанда аз электр энергиясын тұтынады. Энергияны үнемдеу үшін қалдық жылуды және дұрыс таба мөлшерін пайдаланыңыз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы USP-1095D Unit

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз плита PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз USP-1095D - Unit және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. USP-1095D брендінің Unit.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ USP-1095D Unit

Сізге UNIT фирмасының бұйымын сатып алғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!

Назар аударыңыз! UNIT фирмасының бұйымын сатып алған кезде, Сіз сатушыдан толтырылған кепілдеме талонын алуыңыз керек. Тек ол болған жағдайда ғана, Сіз UNIT тұрмыстық техникасының барлық сервистік орталықтарында өндірушінің кепілдемесін пайдалана аласыз.

ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНАРДАН БҰРЫН БҮКІЛ НҰСҚАУЛЫҚТЫ МҰҚИЯТ ОҚЫҢЫЗ.

ҚҰРАЛДЫҢ МАҚСАТЫ

ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚТЫҢ МАЗМҰНЫ

НЕГІЗГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ...26
АСПАПТЫН НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ...28
АСПАП СИПАТЫ...31
ПАЙДАЛАНУГА ДАЯРЛАУ...33
АСПАПТЫ ПАЙДАЛАНУ...36
ҚАКПАҚТЫ БІРІКТІРУ ЖӘНЕ АЖЫРАТУ...38
БУДА ДАЯРЛАУГА АРНАЛГАН ТОРДЫ ҚОЛДАНУ...38
ТАЗАЛАУ...39
ПАЙДАЛАНУ УРДІСІНДЕ ТУАТЫН МәСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫН ПАЙДА БОЛУЫНЫН МУМКІІ СЕБЕПТЕРІ...39
НЕГІЗГІ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР...40

ҚАУІПСІЗДІКТІҢ НЕГІЗГІ ШАРАЛАРЫ

Аспапты қолдану кезінде өрт туынуының, электр тогымен соғуының және/немесе қандай да бір өзге бүлінулердің алдын алу үшін келесі ережелерді қоса алғанда, қауіпсіздік техникасын үнемі қадағалап отыру қажет. Дайындау кезінде тұтануы мүмкін тағамдарды (тез тұтанатын өнімдерді) дайындау үшін жылдам пісіргішті ешқашан пайдаланбаңыз.

• Аспапты пайдалануды бастамас бұрын берілген нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. • Дайындау кезінде күйіп кетуі мүмкін өнімдерді (жылдам тұтанатын өнімдерді) дайындау үшін жылдам қайнататын-ыстайтын аспапты ешқашан қолданбаңыз. Жылыту аспаптары, газ және электр плиталары секілді жылу қайнарлары қасында аспапты орналастырмаңыз. Аспапты жоғарылатылған ылғалдылығы бар жерлерде қолданбаңыз. - Ішкі тостағанға және ыстауға арналған тостағанға салынатын сұйықтықтар мен өнімдердің көлемі «Аспапты пайдалану» тарауының 2-т. ұсынылған көлемге сәйкес келуі тиіс (Сур. 2,3 қараңыз). Ішкі тостағанға және ыстауға арналған тостағанға «Аспапты пайдалану» тарауының 2-т. көрсетілген көлемнен көп өнімдер және/немесе сұйықтық салуға тыйым салынады (Сур. 2,3 қараңыз). - Егер тығыздағыш сақинада қандай да бір бүлінулер болса, аспапты пайдалануға тыйым салынады. Аспапты тек осы жылдам қайнататын аспаппен бірге жеткізілетін тығыздағыш сақинамен ғана пайдалануға рұқсат беріледі. Тығыздағыш сақина ретінде қандай да бір өзге сақинаны немесе затты ешқашан қолданбаңыз. • Ішкі болат сақинаны қолмен немесе қандай да бір өзге затпен бұрамаңыз және түр өзгертпеңіз. Ішкі болат сақинада қандай да бір бүліну болған жағдайда, сонымен бірге сақина жылжығанда немесе ол болмаған жағдайда аспапты пайдалануға тыйым салынады. Болат сақинада бүліну табылғанда немесе ол болмаған жағдайда қақпақты ауыстыру немесе жөндеу үшін UNIT қызмет көрсету орталығына жүгініңіз. Осыған қоса ішкі болат сақинаның бүлінуі, түр өзгертуі және жылжу себебі бойынша қақпақтың жөнделуі немесе ауыстырылуы кепілдік жағдай болып

есептелінбейді.

  • Сақтандырғыштың ластануына жол бермеңіз. Сақтандырғышты ластанулардан ретті түрде тазалап отырыңыз.
  • Аспаптан қақпақты қысым реттегіші саңылауландыру күйінде болғанда ғана шешіп алуға рұқсат етіледі.
  • Ретті түрде ішкі тостағанның түбін, ыстауға арналған тостағанды және жылдам қайнататын аспаптың жылыту элементін тазалап отырыңыз, олардың ластануына жол бермеңіз. Осы нұсқаулықта сипатталғаннан басқа қандай да бір өзге тәсілмен ішкі тостағанды және ыстауға арналған тостағанды қолдануға тыйым салынады. Тостағанды ашық отта, қысқа толқынды пеште және т.б. қандай да бір тағамдарды дайындау үшін қолданбаңыз. Жылдам қайнату аспабының ішіне аспаппен жинақта жеткізілетін ішкі тостаған және ыстауға арналған тостағаннан басқа қандай да бір өзге тостағанды немесе контейнерді қоюға тыйым салынады.
  • Алынбалы тостағанның ішкі беткейі мұқият және ұқыпты күтім жасауды талап ететін арнайы керамикалық күйіп қалуға қарсы жабынға ие. Тостағанның керамикалық күйіп қалуға қарсы жабынын бүлдіріп алмау үшін ағаш қасықты немесе аспаппен бірге жинақта жеткізілетін пластик қасықты қолдану ұсынылады.
  • Жылуды ұстап тұру қызметін қолданудың максималды уақыты 24 сағатты құрайтындығын есте сақтаңыз. Бұл уақыттың аяқталуына қарай Сізге аспапты сөндіру және оны электр желісінен ажырату қажет. Жылуды ұстап тұру қызметін 24 сағаттан артық қолдануға тыйым салынады. Ішкі тостағанда және ыстауға арналған тостағанда жылдам бұзылатын өнімдер болған жағдайда жылуды ұстап тұру қызметін қолдануға тыйым салынады.

Назар аударыңыз! Бұл аспаптың қысыммен жұмыс жасайтындығын және өте мұқият әрі ұқыпты күтім жасауды талап ететіндігін естен шығармаңыз. Егер аспап ішіндегі қысым нормадан асып кететін болса, артық қысым сақтандырғыш қақпақша көмегімен автоматты түрде жойылатын болады. Аспап ішінде қысымды тұрақтандыру кезінде артық бу сақтандырғыш қақпақша арқылы шығады.

Жылдам қайнататын-ыстау аспабында тағамдарды даярлау кезінде будың терінің, қолдың немесе беттің ашық аймақтарымен байланысқа түсуіне жол бермеңіз. Күйіп қалу қаупі бар!!! Қолдану кезінде будың мол көлемінің бөлінуі аспап жұмысы кезінде қалыпты болып табылмайды. Егер бұл орын алған болса, аспапты электр желісінен жылдам ажыратыңыз және аспапты қарау, жөндеу немесе қалпына келтіру үшін UNIT қызмет көрсету орталығына жүгініңіз. - Ішінде ыстық тағам немесе сұйықтық бар жылдам қайнататын-ыстайтын аспапты араластыру кезінде өте абай болыңыз. Аспапты қозғалтқан немесе орнын ауыстырған кезде жылдам қайнататын аспапты тек тұтқасынан ұстаңыз. Аспапты қозғалтқан немесе орнын ауыстырған кезде қақпақты тұтқасынан ешқашан ұстамаңыз. - Назар аударыңыз! Аспапты өзіңізбен бөлшектеуге (оның ішінде аспаптың негіздемесін ажырату) үзілді-кесілді тыйым салынады, себебі бұл өрттің, электр тогының соғуына немесе бақытсыз жағдайдың тууына алып келуі мүмкін. Жөндеу жұмыстары тек UNIT қызмет көрсету орталықтарында ғана жүзеге асырылуы тиіс. - Абай болыңыз, пайдалану кезінде аспаптың кейбір бөлшектері қызып кетеді. Аспаптың ыстық беткейлеріне жақындамаңыз. Аспапты пайдалану кезінде тек тұтқаларды немесе түймелерді қолданыңыз. - Өрттің, электр тогымен соғудың немесе жарақаттанып қалуға жол бермеу үшін алынбалы желілік сым, шанышқы және жылдам қайнататын аспаптың негіздемесі сумен немесе өзге сұйықтықпен жанаспауын қадағалаңыз!!! • Балалар мен мүгедектердің қатысуында аспапты пайдалану кезінде ерекше абай болыңыз. Балалардың аспапты қолдануына тыйым салынады. - Пайдаланудың аяқталуына қарай және тазалауды бастамас бұрын аспапты үнемі электр желісінен ажыратып отырыңыз. - Аспапты электр желісінен ажырату кезінде желілік сымнан емес, шанышқының өзінен тартыңыз. Тазалауды бастамас бұрын және жылдам қайнататын-ыстайтын

Аспаптан қандай да бір бөлшекті шешпес немесе орнатпас бұрын аспаптың толық сууын күтіңіз. - Көрінетін механикалық бүлінулері бар (оның ішінде желілік сым немесе шанышқының, сонымен бірге құлағаннан кейін немесе қандай да бір бүлінулерден кейін) электрлік аспапты қолдануға тыйым салынады. Бұл жағдайда аспапты қарау немесе жөндеу үшін UNIT қызмет көрсету орталығына жүгініңіз. - Аспап тек тұрмыстық қолдану үшін арналған. Аспапты коммерциялық мақсатта қолдануға тыйым салынады. - Аспапты жайдан тыс жерде қолданбаңыз. - Желілік сымның ыстық беткейлермен жанасуына рұқсат етілмейді. Желілік сымды тартудың, айналдырудың немесе созудың қажеті жоқ. Пайдалану кезінде желілік сым үстел шетінен немесе жұмыс беткейінен салбырап тұрмауы қажет. - Бұл аспаптың жинағына кірмейтін құрылғыларды, бейімдегіштерді және аксессуарларды қолдану өрттің тууына, электр тогымен ұрылуға немесе бақытсыз жағдайға душар еткізуі мүмкін. Тек аспаппен жеткізілетін бейімдегіштер мен аксессуарларды ғана қолданыңыз. Кәрі жағдайда Сіз кепілдікке және кепілдік қызмет көрсетуге берілетін құқықты жоғалтасыз. - Аспапты және аксессуарларды тазалау үшін қырғыш тазалағыштарды және агрессивті жуу заттарын қолданбаңыз. - Аспапты электр желісіне қоспас бұрын аспапта көрсетілген кернеудің (220-240 В, 50 Гц) Сіздің үйіңіздегі электр желісі кернеуіне сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз. - Ыстау үшін ыстауға арналған торды үнемі қолданыңыз, өнімдерді ыстауға арналған тостаған түбіне қоймаңыз. - Егер ішкі тостаған немесе ыстауға арналған тостаған ішінде өнімдер және/немесе сұйықтық болмаса, «Салқын ыстау» тәртібінен өзге жағдайда жылдам қайнататын-ыстау аспабын ешқашан қолданбаңыз. - Ешқашан ішкі тостағанды және аспаптың ыстауға арналған тостағанын және жылдам қайнату-ыстау аспабының өзін өнімдерді сақтау үшін қолданбаңыз. - Егер даярлау кезінде Сіз дыбыстық белгі естісеңіз және СК дисплейінде қате кодының белгісі (төмендегі кестені қараңыз) көрінсе, онда аспапты электр желісінен жылдам ажыратыңыз және аспапты жөндеу немесе қалыпқа келтіру үшін UNIT қызмет көрсету орталығына жүгініңіз. Аспапты бұл жағдайда пайдалануға тыйым салынады. - Құралдың қақпағын қысым реттегіштің, герметизация жойылған күйде болған кезінде ғана шешуге рұқсат етіледі. - Ішкі тостағанның түбі мен жылдам пісіргіштің қыздыру элементін жиі тазалаңыз, олардың ластануына жол бермеңіз. Ішкі тостағанды осы нұсқаулықта сипатталғаннан басқа тәсілмен пайдалануға тыйым салынады. Тостағанды ашық отта, қысқа толқынды пеште және т.б. қандай да болмасын тағамдарды пісіру үшін пайдаланбаңыз. - Жылдам пісіргіштің ішіне, құралмен бірге жиынтықта берілетін, ішкі тостағаннан басқа, қандай да болмасын басқа тостаған немесе контейнерді қоюға тыйым салынады. - Алынбалы тостағанның ішкі бетінде, ұқыпты және күтіммен пайдалануды талап ететін, күюге қарсы арнайы жабын бар. Тостағанның күюге қарсы жабынын зақымдап алмау үшін, құралмен бірге жиынтықта берілетін, пластик қасықты немесе ағаш қасықты пайдалану қажет. - Есіңізде сақтаңыз, жылуды ұстап тұру функциясын пайдаланудың максималды уақыты 24 сағатты құрайды. Бұл уақыт өткеннен кейін, Сізге құралды электр желісінен ажырату арқылы сөндіру қажет. Жылуды ұстап тұру функциясын 24 сағаттан артық пайдалануға тыйым салынады. Ішкі тостағанда жылдам бұзылатын азықтар болған жағдайда, жылуды ұстап тұру функциясын пайдалануға тыйым салынады.

Назар аударыңыз! Есіңізде сақтаңыз, бұл құрал қысым астында жұмыс істейді және өте ұқыпты және мұқият қарауды талап етеді. Егер құрал ішіндегі қысым қалыпты

қысымнан артық болған жағдайда, артық қысым сақтандыру клапанының көмегімен автоматты түрде жойылатын болады. Құралдың ішіндегі қысымды тұрақтандырған жағдайда, артық бу сақтандырғыш клапан арқылы шығады.

  • Жылдам пісіргіште тамақ пісіру кезінде, будың дененің шық, аумақтарына, қолға немесе бетке тиюін болдырмаңыз. Күйіп қалу қаупі бар!!! Пайдалану барысында будың көп мөлшерде шығуы құралдың жұмысы үшін қалыпты болып табылмайды. Егер бу көп болатын болса, құралды электр желісінен жедел ажыратып, UNIT сервистік орталығына оны көрсету, жөндеу немесе баптау үшін жүгініңіз.
  • Ыстық тағам немесе сұйықтық бар жылдам пісіргішті қозғаған кезде, абай болыңыз. Құралды қозғағанда немесе орнын ауыстырған кезде, жылдам пісіргішті тек тұтқаларынан ғана ұстаңыз. Құралды қозғағанда немесе орнын ауыстырған кезде, оны ешқашан қақпағының тұтқасынан ұстамаңыз. Назар аударыңыз! Құралды өз еркіңізбен бөлшектеуге қатаң тыйым салынады (сонымен қатар, құралдың негіздемесін де), себебі бұл өртке, электр тогының соғуына немесе қайғылы оқиғаға алып келуі мүмкін. Жөндеу тек UNIT сервистік орталықтарында ғана жүзеге асырылуы тиіс.
  • Мұқият болыңыз, пайдалану кезінде құралдың кейбір бөлшектері қызады. Құралдың ыстық беттерін ұстамаңыз. Құралды пайдалану кезінде тек тұтқалар немесе батырмаларды пайдаланыңыз.
  • Өрт, электр тогының соғуы немесе жарақат алуды болдырмау үшін, жылдам пісіргіштің алынбалы желілік бауы, ашасы және негізі суға немесе басқа сұйықтыққа тимеуін қадағалаңыз!!!
  • Құралды балалардың және мүгедек жандардың жанында пайдаланған кезде аса абай болыңыз. Құралды балалардың пайдалануына тыйым салынады.
  • Құралды пайдаланып болғаннан кейін және тазалардан бұрын үнемі электр желісінен суырыңыз.
  • Құралды электр желісінен ажыратқан кезде, желілік бау емес, ашадан ұстаңыз. Тазалардан, және жылдам пісіргіштің қандай да болмасын бөлігін шешерден немесе орнатардан бұрын, құралдың толық сууын күтіңіз.
  • Көзге көрінетін механикалық бүлінулері бар (сонымен қатар, желілік бау немесе ашаның), сонымен қатар ол құлағаннан кейін немесе басқа зақымдануынан кейін электр құралын пайдалануға тыйым салынады. Бұл жағдайда, құралды көрсету немесе жөндету үшін, UNIT сервистік орталығына жүгініңіз. • Құрал тұрмыстық пайдалануға арналған. Құралды коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады. • Құралды ғимараттан тыс пайдаланбаңыз. Желілік баудың ыстық беттерге тиюіне жол бермеңіз. Желілік бауды тартуға, бұрауға немесе созуға болмайды. Пайдалану кезінде желілік бау үстел шетінен немесе жұмыс бетінен салбырамауы тиіс.
  • Құралдың жиынтығына кірмейтін құрылғыларды, аспаптарды және керек-жарақтарды пайдалану өртке, электр тогының соғуына немесе қайғылы оқиғаға алып келуі мүмкін. Құралмен бірге берілетін аспаптар мен керек-жарақтарды ғана пайдаланыңыз. Олай болмағанда, Сіз кепілдеме мен кепілдемелік қызмет көрсету құқығын жоғалтасыз. • Құрал мен керек-жарақтарды тазарту үшін, абразивті тазартқыштар мен агрессиялы жуу құралдарын пайдаланбаңыз.
  • Құралды электр желісіне қосудан бұрын, құралда көрсетілген кернеу (220-240 В, 50 Гц) Сіздің үйіңіздегі электр желісіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. • Ішкі тостағанда азықтар және/немесе сұйықтық болмаса, жылдам пісіргішті ешқашан пайдаланбаңыз.
  • Құралдың ішкі тостағаны мен жылдам пісіргіштің өзін азықтарды сақтау үшін пайдаланбаңыз. • Жылдам пісіргіште азықтарды сусыз пісіруге тыйым салынады!
  • Егер де пісіру барысында, Сіз дыбыс дабылын естісеңіз және СК дисплейде қате кодының белгісі пайда болса (төмендегі кестені қараңыз), құралды жедел электр

желісінен ажыратыңыз және оны жөндету немесе баптау үшін, UNIT сервистік орталығына жүгініңіз. Бұл жағдайда құралды пайдалануға тыйым салынады.

Қателер кодтары

Индикация кодыE1E2E3E4
АкауСенсорлы датчиктің электр жүйесі сөндірілгенСенсорлы датчиктің кыскаша түйыкталуыҚұрал қызып кеттіСөндіргіш блокталуының дабылы

НАЗАР АУДАРЫНЫЗ!

  1. Құралдың ішінде автоматты түрде қысым төмендесе, ерекше сақ болыңыз, себебі бұл сәтте, Сақтандыру клапанынан бу шығады. Ыстық будың бетке немесе қолға тиюін болдырмаңыз - күйіп қалу қаупі бар.
  2. Ыстық беттер мен құралдың қақпағын ұстамаңыз. Құралдан қақпақты шешерден бұрын немесе тазалардан бұрын, құрал толық суығанша күтіңіз.
  3. Қандай да болмасын жолмен, қақпақтың құралдың корпусына жанасу орнын оқшаулауға, мысалы оны орамалмен жабуға қатаң тыйым салынады.
  4. Қысым астындағы құралдың қақпағын ашуға қатаң тыйым салынады. Қақпақты ашардан бұрын, құралдың ішіндегі қысымның мәні, қауіпсіз мәнге жеткенге дейін, күту қажет.
  5. Құралдың қақпағын ашардан бұрын, құралды үнемі электр желісінен ажыратыңыз.

БҰЛ НҰСҚАУЛЫҚТЫ ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ БҮКІЛ МЕРЗІМІНІҢ ІШІНДЕ САҚТАҢЫЗ!

ҚҰРАЛДЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ

Электрлі жылдам пісіргіш – бұл заманауи және көп функционалды құрал, Сіз онда өзіңіздің сүйікті тағамдарыңызды оңай және жылдам дайындай аласыз. Жылдам пісіргіште азықтар буға немесе қысымға пісіріледі, бұл оларды дайындау үшін майды пайдаланбауға мүмкіндік береді, бұл кезде қарапайым қайнату немесе қуыру кезінде жоғалатын дәрумендер мен минералдар сақталады.

Электрлі жылдам пісіргіш – бұл тек өз денсаулықтарын ғана ойлап қоймай, уақыттарын бағалайтын заманауи үй шаруасындағы әйелдер үшін таптырмас құрал. Сізге пештің маңайында тұрып, тамақтың пісуін бақылаудың қажеті жоқ. Сіз бар болғаны жылдам пісіргішке барлық қажетті ингредиенттерді салып, тағамды дайындау параметрлерін қоясыз.

USP-1095D үлгісі бейімделген мәзірмен жабдықталған, соның арқасында Сіз дайындағыңыз келген тағамға арналған жұмыс тәртібін таңдай аласыз. Енді жаңа тағамдар пісірген кезде, Сізге температура мәндерін еске сақтаудың қажеті жоқ. USP-1095D жылдам пісіргішінің артықшылықтары:

Функционалдық және басқарудың қарапайымдылығы

Электрлі жылдам пісіргіш үш құралдың - күріш пісіргіштің, буға пісіргіштің және жылдам пісіргіштің - ыдыстың функцияларын біріктіреді. Сіз жылдам пісіргіште кез - келген тағамды, оған қоса күріш, ботқа, кеже, қуырдақ, балық және т.б. пісіре аласыз. Сонымен қатар, бұл құралды азықтарды бұқтыру және буға пісіру мақсатында пайдалануға болады. Тағамды әзірлеу үшін, сізге қысым және температура мәндерін қоюдың қажеті жоқ - құралды басқару басқару панеліндегі батырмаларды басумен шектеледі. Сізге азықтарды жылдам пісіргішке салып, және қажеттілік болғанда бағдарламаланған пісіру уақытын өзгерту қажет, ал жылдам пісіргіш оның ішіндегі тағамның пісірілуіне қажетті оңтайлы температура мен қысымды автоматты түрде ұстап тұрады. Тағамды пісіру үдерісі аяқталғаннан кейін, Сіз дыбыстық дабыл естисіз және жылдам пісіргіш жылуды ұстап тұру функциясын қосады.

Кейінге қалтырылған қосылу функциясы (24 сағатқа дейін) - көрсетілген мерзім өткеннен соң, Сіз жылдам пісіргіштің қосылуын қалаған уақытты орнатыңыз және қойылған уақыт өткеннен соң, ол автоматты түрде қосылады.

Жады функциясы - тағамды дайындау барысында электр энергиясы кенеттен сөніп қалған жағдайда, құрал автоматты түрде барлық пісіру орнатылымдарын еске сақтайды және құралды қосқан кезде, дайындау үдерісі, ол үзілген сәттен бастап әрі жалғастырады.

Тағамның жылдам пісірілуі, уақыт пен электр энергиясын үнемдеу

  • Жылдам пісіргіште азықтар дайындалып жатқан азықтар типімен анықталатын қысым астында пісіріледі, яғни азықтардың әрбір жеке типтері үшін дайындаудың оңтайлы тәсілі таңдалады – азықтар жылдамырақ пісіріледі – уақыт және электр энергиясы үнемделеді.
  • Сіз тағамды жылдам пісіргіште дайындаған кезде, қарапайым бу пісіргіште дайындағаннан қарағанда, 15% - дейін уақытты, 20% -ға дейін электр энергиясын үнемдейсіз.
  • Жылдам пісіргіште күріш ботқасын, кежені дайындау кезінде, сонымен қатар әдетте ұзақ бұқтырылатын азықтарды бұқтыру кезінде, Сіз 40% уақыт пен 45% электр энергиясын үнемдейсіз.

Дәмді және пайдалы тағамдар

Жылдам пісіргіште тағамдар ауа кіргізілмей, 110-115°C температурада пісіріледі, соның арқасында оларда көп дәрумендер мен минералдар, тағамдардың бастапқы дәмі сақталады.

Дәстүрлі тәсілдермен әртүрлі тағамдар дайындаған кезде (плитада), көп мөлшерде жағымсыз иіс пен бу шығады. Жылдам пісіргіш дайындалып жатқан азықтардың иісі мен буын шығармай пісіру мүмкіндігін береді.

Стильді дизайн, сапа және сенімділіктің үйлесімі

Берілген үлгі стильді дизайнға ие, заманауи ыңғайлы сенсорлы панельмен және құралдың жұмысын ыңғайлы және қауіпсіз ететін, қорғаныстың сегіз дәрежесімен жабдықталған.

• Қауіпсіздік жүйесі

Қақпақ құрал ішіндегі қысым өте жоғары болған кезде де максималды қорғанысты қамтамасыз ететіндей құрастырылған. Сонымен қатар, егер іштегі қысым тым жоғары болса, Сіз қақпақты аша алмайсыз, бұл Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін өте маңызды. Себебі, егер Сіз қысым астындағы құралдың қақпағын ашсаңыз, бұл көп мөлшердегі будың шығарылуы мен күйікке алып келуі мүмкін.

• Ішкі қысымның қауіпсіз мәнін ұстап тұру құралы

Егер ішкі қысымның мәні тағамды пісіруге қажетті қысымнан асып кетсе, қысымды төмендетудің сақтандырғыш клапаны іске қосылады, бұл кезде құралдан ауа шығарылып, қысым төмендейді.

• Ішкі қысымды азайту құралы

Ішкі қысымның қауіпсіз мәнін ұстап тұру құралы қосылмай қалса, ішкі қысымды азайту құралы қосылады да, артық қысым қақпақтың құралға жанасу орнында орналасқан қосымша қорғау құрылғысы арқылы шығарылады.

• Құралдың автоматты түрде сөндірілу құрылғысы

Егер ішкі тостағанда азықтар болмаса, жылдам пісіргіш автоматты түрде сөндіріледі.

• Қызып кетуден қорғаныс

Егер ішкі тостағандағы температура қойылған температурадан асып кетсе, жылдам пісіргіш автоматты түрде сөндіріледі. - Қорғаудың магнитті құрылғысы — қақпақсыз құралдың қосылуының алдын алады («Қақпақсыз пісіру» функциясы ғана ерекшеленеді). - Құралға бекітілетін қақпақ — құралдың құрылымы оны ашқан кезде, құралда бекітулі күйде қалтыруға мүмкіндік береді.

Азықтарды жылдам пісіргіште пісірген кезде келесі екі параметр негізгі болып табылады:

- Азықтарды қысым астында дайындау уақыты - бұл қысым астында дайындау циклі жүретін уақыт. Азықтарды қысым астында пісіру уақытының мәнін сіз қажеттілік болса Басқару панелінен өзгерте аласыз.

- Жылыту уақыты (жылуды ұстап тұру функциясы) - дайындау циклі аяқталған кезде, жылуды ұстап тұру автоматты түрде қосылып, жылыту циклі басталады. Берілген жұмыс циклі кезінде құралдың ішінде 60 - тан 80°C - қа дейінгі температура ұсталып тұрады. Жылуды ұстап тұру функциясын пайдаланудың максималды уақыты 24 сағатты құрайды, ол уақыт өткеннен кейін, Сіз құралды электр желісінен ажыратып, сөндірүйніз қажет.

  1. Қысымды төмендетуді реттегіш
  2. Қақпақтың пластик бөлігі
  3. Қақпақтың болат бөлігі
  4. Куюге қарсы жабыны бар алынбалы ішкі тостаған
  5. Бу шығару клапаны
  6. Пластик жиектеме
  7. Басқару панелі
  8. Алынбалы желілік бау
  9. Болат корпус
  10. Қасықты бекіткіш
  11. Пластик негіз
  12. Қыздыру элементі
  13. Сенсор
  14. Ішкі болат шығыршық
  15. Бу шығару клапанына арналған сақтандырғыш
  16. Иілгіш тығыздаушы шығыршық
  17. Қосалқы иілгіш тығыздаушы шығыршық
  18. Қасық
  19. Өлшеуіш стакан
  20. Буда пісіруге арналған тор

Баскару панелінің батырмалары

Батырманың, атауыМаксаты Функцияның,бул түрі үшін бағдарла-маланған уақыт, минУақыттың, колмен баптаудиапазоны, мин (тәртіптемені тақдағаннан кейін, 3 секунд ішінде «уақытты орнату» батырмасын (басыңыз)Ескерту
Болдырмау/Жылудыустап түруОрнатылымдардыболдырмау/Жылуды устантуру функциясынқосу- - «Болдырмау/Жылудыустап түру»батырмасындайындаутәртіпмесінтаңдамайтурып басқанкезде, жылудыустап түруфункциясыавтоматытурдекосылады.
УакыттыорнатуПісіру уакытынорнату/ Кейінгеқалтырылғанқосылу таймеріПісіру уакытынорнату — 1 минутқадаммен/Кейінгеқалтырылғанқосылу таймерінорнату— 30 минутқадаммен«+» / «Уакыттыорнату »«-»/«Болдырмау/Жылуды устантуру»Дайындаубағдарламасын тандағанғадейін, бұлбатырмакейінгеқалтырылғанқосылутаймерінорнатады;дайындаубағдарламасынтаңдағаннанкейін, бұлбатырматағамныңпісірілууакытынауысты-рады.
Күріш Күрішті пісіру 125-16
БоткаСулы жармасынпісіру53-15Бұлбағдарламасулы жармасынпісіругеарналған,карақумықботкасын пісіруушін, уакытты10 минутқадейін артырукерек.
Ет Етті пісіру 20 10-30 Кус етінпісіру ўшін,уакытты 15минутка азайтукерек. Бүлтәртіптемедепалау пісіру 50минут уакыталады.
Балык, Балыкты пісіру 10 515
Пісіру/куыруПісіру жәнекуырудыдайындау---
ІркілдекІркілдек пісіру40 20-120
ЖылытуЖылдам жылыту 103-15
Бұршақтұқымда-старБұршақ тұқымдас,қосалқыазықтарды пісіру40 20-60
Мульти-ТәртіптемеӘртүрлітағамдарды пісіруүшін18 5-45Уакытты өзеркіңізбенорнатып, бүлтәртіптемедекез - келгентағамдыпісіругеболады.
БупісіргішіБуға пісіру15 1-45Тостағанғасу құйып,буға пісіругеарналғанкерек – жарак- торды орнатукерек.

Ескерту: кестеде келтірілген уақыт орташа есеппен алынған болып табылады және әртүрлі жағдайларда оны азықтардың сипатына, негізгі рецептіге, пайдаланушылардың талғамдарына, азықтың көлеміне байланысты өзгерту қажет болуы мүмкін, сондықтан да тәжірибелік тәсілімен пісіруге көбірек келетін уақытты анықтауға кеңес береміз.

Маңызды! Пісіру уақыты жылдам пісіргіш ішіндегі қажетті қысымды басқаннан кейін басталады (қысымды төмендету реттегіші «бітеу» күйінде болған тәртіптемеде). Бұл тостағанның салынуына байланысты қосымша 5 – 25 минут уақыт алады.

ПАЙДАЛАНУҒА ДАЙЫНДЫҚ

• Құралды және барлық керек-жарақтарды қаптама материалынан босатыңыз. • Құралды тегіс және құрғақ бетке орнатыңыз. - Азықтармен жанасатын барлық бөлшектерді, ішкі тостағанды, өлшеуіш стаканды, қасықты және буға пісіруге арналған торды қоса отырып, жылы сабынды суда жақсылап жуып, мұқият шайып, кептіріп сүртіңіз. - Корпусты, құралдың ішкі жабынын, сонымен қатар қақпақты дымқыл шуберекпен сүртіп, одан соң таза, құрғақ шуберекпен жете кептіріңіз. - Құралды электр желісіне қосардан бұрын, құралда көрсетілген кернеудің Сіздің үйіңіздегі кернеуге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз (220-240 В, 50 Гц). • Құралды суға немесе қандай да болмасын сұйықтыққа салмаңыз!

ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ

- Какпактың туткасын сағат тілі бойынша бурап, Какпакты ашыңыз.

• Ішкі тостағанды құралдан алыңыз, ол үшін тостағанды екі қолмен алып, жоғары көтеру керек.

Ішкі тостағанның қабырғаларында өлшеудің қос шкаласы бар:

- үлесте - 1/6, 2/6, 3/6, 4/6;

- және тостағанда (CUP) - 2, 4, 6, 8;

- сондай-ақ FULL (толы тостаған).

Пісіргіңіз келген азықтарды тостағанға салып, құрамының деңгейі 1/6 және 4/6 (минималды деңгейдің белгіленуі - 1/6, максималды деңгейдің белгіленуі - 4/6) белгілерінің аралықтарында болатындай етіп сумен толтырыңыз.

Unit USP-1095D - ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ - 1

Unit USP-1095D - ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ - 2

4 сурет. Тостағанның толтырылғандығының минималды және максималды деңгейі

Пісірілу барысында көлемі өсетін азықтар үшін, максималды деңгейдің белгісі 3/6 белгісінен аспауы тиіс!

Unit USP-1095D - Пісірілу барысында көлемі өсетін азықтар үшін, максималды деңгейдің белгісі 3/6 белгісінен аспауы тиіс! - 1

5 сурет: Көлемі өсетін азықтарды пісіру кезіндегі тостағанның толтырылуының максималды деңгейі

Ескерту: тағам біртекті пісірілуі үшін, ол толығымен суға батырылуы тиіс, әйтпесе, судың деңгейінен жоғары тұрған азық пісірілмей қалуы мүмкін.

  1. Тостағанды құралға орнатардан бұрын, ішкі жабын мен қыздыру элементтерінің беттерінде ешқандай ластанулардың жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Ластанулар болған жағдайда, құралдың ішкі жабыны мен қыздыру элементін таза, сәл дымқыл шүберекпен сүртіп тазалап, жете кептіріңіз.
  2. Азықтар салынған тостағанды шетінен екі қолмен абайлап алып, ұқыптап басып, оны орнатыңыз. Тостағанды орнатқаннан кейін, ол құралда түзу орналасатындай етіп, суретте көрсетілгендей ақырын бұраңыз.

Unit USP-1095D - Пісірілу барысында көлемі өсетін азықтар үшін, максималды деңгейдің белгісі 3/6 белгісінен аспауы тиіс! - 2

6 сурет: Құралдағы тостағанды орнату

  1. Ары қарай қақпақты саңылау қалтырмай жабу керек, ол үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
  2. Құралдың қақпағының ішкі бетінде ілгіш шығыршықты орнатыңыз.
  3. Егер тығыздауыш шығыршық нашар бекітілсе немесе дұрыс орнатылмаса, оны ішкі болат шығыршыққа тиісінше бекітіңіз.
  4. Ары қарай қақпақты тұтқасынан ұстап, онымен құралды жабыңыз, қақпақты сағат тіліне қарсы, тірелгенге дейін бұраңыз. Қақпақ қажетті күйде берік бекітіледі.
  5. Қосудан бұрын қысымды төмендету реттегішін «саңылаусыз» күйіне орнатуды ұмытпаңыз, бұл күйде ауа құралдан шыға алмайды, нәтижесінде, құралдың ішінде пісірудің басталуына қажетті қысым орнатылады. Сонымен қатар, жабық клапан сұйықтықтың қайнап, азықтардың куюіне қарсы тұрады.

Ескерту: Қысымды төмендету реттегіші 2 күйден тұрады: "саңылаусыз" және «будың шығуы». «Пісіру» бағдарламасы кезінде, қысымды төмендету реттегіші «будың шығуы» күйінде болуы тиіс.

  1. Құралды электр желісіне жалғай отырып, қосыңыз, бұл кезде дисплейде «00:00» пайда болады. Содан кейін пісіру параметрлерін қою керек.

Қосылу таймері

Пісірудің басталу уақытын кейінге қалтыру қажеттілігі болмаса, бұл қадамды өткізіп, келесіге ауысыңыз.

Дайындау үдерісі бірден емес, біраз уақыттан соң басталуын қалаған жағдайда, Сіз қосылу таймерін пайдалана аласыз. Бұл кезде жұмысқа дайындалған жылдам пісіргіш қойылған уақыт өткеннен кейін тағамды дайындай бастайды; ол үшін жылдам пісіргішті қоса салысымен, (дайындау бағдарламасын таңдағанға ДЕЙІН) «Уақытты орнату» батырмасын басу керек. Бұл батырманың көмегімен қажетті уақытты орнатыңыз. Мысалы, егер көрсетілген мән - «4:00» болса, тағамның пісірілуі 4 сағаттан кейін басталады. Тағамның пісірілуін кейінге қалтырудың максималды уақыты 24 сағатты құрайды.

  1. Пісіру параметрлерін орнату. Баскару панелінде оның көмегімен Сіз азықтың түріне байланысты, дайындалу бағдарламасын қоя алатын мәзір бар. Дайындауды бастау үшін, қажетті азыққа сәйкес келетін батырманы басыңыз. Мысалы, күрішті пісіру үшін, «Күріш» батырмасын басу керек.

Ескерту: бағдарламалардың азықтардың сипаттамаларының, орта мәнінің негізіне есептелгенін ескеру керек, олар: қаттылық дәрежесі, пісу дәрежесі, тағамның пісуінің қалаулы дәрежесі, кесектер мөлшері және т.б., сондықтан да, берілген бағдарламаларға негізделе отырып, дайындалу уақытын өз талғамыңыз бойынша өзгертуді ұсынамыз.

  1. Жоғары қысым астында пісіру уақытының мәнін өзгерту үшін, (+/-) «Уақытты орнату»/ «Болдырмау» батырмалары көмектеседі, мысалы: егер Сіз бұршақ пісірсеңіз, құрал желіге қосылғаннан кейін, «Бұршақ тәрізділер» батырмасын басу керек, бұл кезде «Р0:40» пайда болады, бұл мән құралдың ішіндегі жоғары жұмыс қысымына қол жеткізілгеннен оның пісудің аяқталуына дейін 40 минут өтетінін білдіреді.

Егер бұл уақытты қысқарту қажет болған жағдайда, «Болдырмау/Жылуды ұстап тұру» (-) батырмасын, уақыттың қажетті мәнін көргенге дейін басу керек.

Егер тағамның пісірілу уақытын арттыру қажет болса, «Уақытты орнату» (+) батырмасын қойылған тәртіптеме диапазонының шегінде, сізге қажетті мәнге дейін басыңыз. Мысалы, «Бүршақ тәрізділер» тәртіптемесі үшін – бұл 20 - 60 минут.

Маңызды! Уақытты өзгерту мен нақты азықтың батырмаларын басу арасындағы уақыт 3 секундтан аспауы тиіс, олай болмағанда, дайындау үдерісі, Сіздің уақытты түзетуіңізді «күтпестен» басталып кетеді.

Ескерту: қажетті азықтың батырмасын басу уақытынан кейін көрсетілетін уақыт - Рх:хх - дайындаудың бүкіл үдерісінің ұзақтығына тең емес, себебі пісіру басынан бастап тағамды дайындауға қажетті, құралдың ішіндегі жоғары қысымға жетуге дейінгі кезеңді қоспайды. Қысымды төмендетудің жабық реттегішінде қысымды жинау үдерісі тостағанның толтырылуына байланысты, 5 – 25 минут уақыт алуы мүмкін.

Егер Сіз дайындағыңыз келген тағам басқару панеліндегі тағамдарды таңдау батырмаларының мәзіріндегі тағамдардың ешбір тобына жатпайтын болса, сипаттамалары бойынша жақын топты таңдау қажет және қажеттілік болса, жоғары қысымда пісіру уақытын өзгерту керек (РХ:XX).

  1. Іштегі қысым қажетті деңгейге жеткеннен кейін, пісірудің кері есебі басталады.
  2. Дайындау үдерісі аяқталғаннан кейін (дисплейде көрсетілген уақыт біткеннен соң), дыбыстық дабыл естіледі (3 рет), дисплейде «00:00» шығады, автоматты түрде жылуды ұстап тұру функциясы қосылады.

Ескерту: Қойылған уақытты дайындау барысында өзгертуге болмайды.

  • Пісіру параметрлерін алып тастау үшін немесе құралдың ағымдағы жұмыс тәртібін тоқтату үшін (дайындау үдерісі, жылуды ұстап тұру функциясы және т.с.с.) «Болдырмау/Жылуды ұстап тұру» батырмасын басыңыз.
  • Егер Сіз дайындау параметрлерін қоймасаңыз, «Болдырмау/Жылуды ұстап тұру» батырмасын басып, Сіз жылуды ұстап тұру (жылыту) функциясын қосасыз.
  • Ары қарай, құралдың ішіндегі қысымды төмендету керек, ол үшін қысымды төмендету реттегішін қысымды түсіру күйі - «будың шығуы» күйіне бұраңыз және бір минут уақыттай күтіңіз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сіз қысымды төмендету реттегішін «будың шығуы» күйіне ауыстырған кезде, бу шығуы мүмкін! Күйіп қалмау үшін, құралдың үстінен қарамаңыз және саусақтарыңыздың қысымды төмендету реттегішінің саңылауларына тимеуін қадағалаңыз.

Назар аударыңыз! Жылуды ұстап тұру функциясын пайдаланудың максимальды уақыты 24 сағатты құрайды, бұл уақыт өткеннен кейін, құралды электр желісінен ажыратып, сөндіріңіз.

Ескерту:

  1. Сұйық немесе жабысқақ тағамдарды (мысалы, ботқалар) пісірген кезде, пісіру аяқталғаннан кейін, қысымды бірден төмендетуге болмайды. Құрал суысын. Не болмаса, суыту жүйесін пайдаланыңыз. Бұл ережені сақтамау будың шығарылуы мен күйіктер алуға алып келуі мүмкін. • Құралды электр желісінен ажыратыңыз, алынбалы бауды құралдан ажыратыңыз.
  2. Қақпақты тұтқасынан ұстап, қақпақты сағат тіліне қарсы, құрал корпусы мен қақпақ арасындағы бекітілім босағанын сезгенше бұраңыз, қақпақты ашыңыз. Тостағаннан азықтарды немесе дайын тағамды алыңыз.

Ескертулер:

  1. Алынбалы тостағанның ішкі бетінде өте ұқыпты және күтіммен қарауды талап ететін, куюге қарсы жабын бар. Куюге қарсы жабынды зақымдап алмау үшін, құралмен бірге жиынтықта берілетін пластик немесе ағаш қасықты пайдалану керек.
  2. Тостағаннан азықтарды немесе дайын тағамды алған кезде абай болыңыз, себебі тостағанның қабырғалары, сонымен қатар азықтардың өзі де өте ыстық болулары

мүмкін!

• Тұтқаны суретте көрсетілгендей сағат тілі бойынша бұрап, жоғары көтеріңіз.

Unit USP-1095D - Ескертулер: - 1

Назар аударыңыз! Құралды пайдалану кезінде кейбір беттер қатты қызуы мүмкін. Қақпақты шешерден бұрын құралдың сууын күтіңіз.

Жалғау үшін:

- Қақпақты босатып, тірелгенге дейін сағат тіліне қарсы бұраңыз. Бұл күйде қақпақ бекітіледі.

- Тағамды әзірлеу кезінде, қақпақтың соңына дейін бұралуы маңызды, себебі қақпақтың ішкі жағында, кері жағдайда әзірлеу үдерісін бастауға мүмкіндік бермейтін, блоктаушы клапан орналасқан.

Unit USP-1095D - Ескертулер: - 2

  • Құралдың қақпағын ашып, ішкі тостағанға 1/6 белгіге дейін су құйыңыз («Құралды пайдалану» бөлімін қараңыз). «Құралды пайдалану» бөлімінде көрсетілгендей, су құйылған ішкі тостағанды орнатыңыз.
  • Пісіруге арналған азықтарды торға орналастырыңыз, торды тостағанға орнатып, құралды қақпақпен жабыңыз, «Құралды пайдалану» бөлімін қараңыз.
  • Қысымды төмендету реттегішін «саңылаусыз» күйіне орнатыңыз (бітеу күйі), «Құралды пайдалану» бөлімін қараңыз. Желілік бауды құралға жалғап, содан соң желілік бауды электр желісіне қосыңыз. «Бу пісіргіш» батырмасын басыңыз және қажеттілік болса, «Құралды пайдалану» бөлімінде көрсетілгендей, дайындау уақытын орнатыңыз. Тағамды әзірлеуге қажетті уақыт өткеннен кейін, құрал жылуды ұстап тұру күйіне өтеді. Дайындау үдерісін тоқтату үшін, «Болдырмау/Жылуды ұстап тұру» батырмасын басып, құралды электр желісінен ажыратып, «Құралды пайдалану» бөлімінде сипатталғандай, азықтарды ішкі тостағаннан шығарыңыз.

СУЫТУ ЖҮЙЕСІ

Дайындалып болғаннан кейін, жылуды ұстап тұру функциясы қосылады. Іштегі қысым мен температура тым жоғары, сондықтан құралдың қорғаныс құрылғылары қақпақты блоктайды, оны күйіп қалмау үшін ашу мүмкін емес. Қақпақты ашу үшін, іштегі қысымның қалыпқа келуін күту керек. Бұл сәтті жылдамдату үшін, құралды суыту жүйесі ойластырылған:

• Құралды желіден ажыратыңыз; - Қысымды төмендету реттегішін «будың шығуы» күйіне бұраңыз. - Іштегі температура мен қысым жеткілікті түрде төмендеген кезде — қақпақ ашылады.

ТАЗАЛАУ

  • Тазалаудан бұрын, құралды электр желісінен ажыратып, желілік бауды құралдан ажыратыңыз және құралдың толығымен сууын күтіңіз.
  • Корпустың үстіңгі пластик бөлігін дымқыл орамалмен сүртіңіз.
  • Құралдан ішкі тостағанды алып шығыңыз, оны жылы сабынды сумен жуып, шайып, жақсылап кептіріңіз.
  • Құралдың корпусын тазарту үшін, оны дымқыл таза шуберекпен сүртіңіз, одан кейін таза құрғақ шуберекпен кептіріңіз.
  • Илгіш тығыздауыш шығыршықты жылы сабынды сумен жуыңыз, жақсылап шайып, кептіріңіз.

Ескерту: Сақтандыру клапанын өте мұқият тазалау керек, себебі ондағы ластанулар оның блокталуына алып келуі мүмкін, бұл өз кезегінде сақтандырғыш клапанға пісіру барысында құралдың ішіндегі қысымды тұрақтандыруға кедергі жасайды!!!

- Сақтандыру клапанының негізін тазалау үшін, қылшақты пайдалану керек.

Маңызды! Сіз бен жаныңыздағылардың қауіпсіздігі үшін, электр құралдарының сумен кез келген жанасуының қауіпті екенін есте ұстаңыз! Өрттің, электр тогының соғуының немесе жарақат алудың алдын алу үшін, алынбалы желілік бау, аша және жылдам пісіргіштің негізі сумен немесе басқа сұйықтықпен жанаспауын қадағалаңыз!!! Құралдың корпусын суға салуға немесе жууға не болмаса ыдыс жуатын машинада жууға қатаң тыйым салынады!!!

ПАЙДАЛАНУ БАРЫСЫНДА ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТУЫНДАУЫНЫҢ ЫҚТИМАЛ СЕБЕПТЕРІ

NO.МәселеЫктимал себепМәселені жою тәсілі
1Какпак, нашар жабыладыТығыздауыш шығыршық какпакта нашар бекітілгенТығыздауыш шығыршықты бекітіңіз
2Какпак, нашар ашыладыІштегі қысым тым жоғарыҚысымды темендету Реттегішін онға немесе солға бұру арқылы, қысымды түсіріңіз
3 Тамақ азірлеу барысында көп бу шығарыладыКакпакта тығыздауыш сақина жоқТығыздауыш шығыршықты салыңыз
Тығыздауыш шығыршықта ластанулар барТығыздауыш шығыршықты тазалаңыз
ТығыздауышшығыршықзақымдалғанТығыздауышшығыршықтыUNIT сервистікорталығындаауыстырыңыз(кепілдемелікжағдай болыпесептелмейді)
Қақпак нашарбекітілгенҚақпақты тиісіншежолмен бекітіңіз(«Құралдыпайдалану» белімінқараңыз)
4 Басқару панеліжанбайдыҚұрал желігеқосылмағанРозетканың, баудың,ашаның булінбегенінтексеріңіз
Басқа ақаулар UNITсервистікорталығынажүгініңіз
5 Дисплейде Е1 қатекодының белгісіСенсорлыдатчиктің электржүйесі сөндірілгенUNIT сервистікорталығынажүгініңіз
Дисплейде Е2 қатекодының белгісіСенсорлыдатчиктің қыскажа түйықталуы
Дисплейде Е3 қатекодының белгісіҚұрал қызып кетті
Дисплейде Е4 қатекодының белгісіСөндіргіш блоктауының,дабылы
МаксималдыкысымЖылыту температу-расыКейінге калтырылған қосылудың, ықтимал уақытыҚысым астында післірудің ықтимал уақытыЖылуды сақтау функциясының ықтимал узактығыҚұралдың қызмет мерзімі
90 кПа 70-80°C 0-24 сағ120 мин. 0-24 сағ20000 цикл,бірақ құралды сатып алған күннен бастан, 5 жылдан артық емес

Дайындаушы:

Құралды сақтауды және пайдалануды ауада агрессивті қоспалар болмаған кезде, 80% аспайтын салыстырмалы ылғалдылықта, +5°C төмен емес температурада, құрғақ от жағылатын тұрғынжайларда жүргізу.

Тасымалдаған және сақтаған кезде, механикалық және өзге зиянды әсерлерден қорғау.

Құралды жөндеуді және қалыпқа келтіруді кепілдік түбіртегіне сәйкес, арнайы мамандандырылған шеберханаларда жүргізген жөн.

Өндіруші өз өнімін жетілдіру үшін үнемі жұмыс жасайтындықтан, дизайн және техникалық сипаттамалары алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.

Тауар сертификатталған.

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : Unit

Модель : USP-1095D

Санат : плита