SCA-H-VER31-2000 - санатталмаған Scarlett - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз SCA-H-VER31-2000 Scarlett PDF форматында.
| Өнім түрі | Тұрмыстық техника |
| Бренд | Scarlett |
| Үлгі | SCA-H-VER31-2000 |
| Қуат көзі | 220-240В ~ 50/60Гц |
| Номиналды қуат | 2000Вт |
| Өлшемдері (шамамен) | 200 x 150 x 100 мм |
| Салмағы | 1.2 кг |
| Кабель ұзындығы | 1.5 м |
| Функциялары | Қосу/өшіру, реттелетін параметрлер |
| Қауіпсіздік ерекшеліктері | Қызып кетуден қорғау, автоматты өшіру |
| Күтім және тазалау | Ажыратыңыз, дымқыл шүберекпен сүртіңіз; суға батырмаңыз |
| Қосалқы бөлшектер | Өндірушіден немесе уәкілетті дилерлерден қол жетімді |
| Жөндеу мүмкіндігі | Білікті маман жөндей алады |
| Нұсқаулық тілдері | EN, KK, RU, UK |
| Құжаттама | Пайдаланушы нұсқаулығы (44 бет PDF) |
Жиі қойылатын сұрақтар - SCA-H-VER31-2000 Scarlett
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы SCA-H-VER31-2000 Scarlett
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз санатталмаған PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз SCA-H-VER31-2000 - Scarlett және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. SCA-H-VER31-2000 брендінің Scarlett.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ SCA-H-VER31-2000 Scarlett
Курметті сатып алушы!
Сәтті тандау жасап, осы аспапты сатып алғаныңыз үшін алғыс айтамыз. Ол Сізге үзак қызмет етеді.
1. МАНЫЗДЫ АКПАРАТ
Аспапты пайдалану алдында пайдалану жөніндегі нүсқаулықпен мұқият танысуыңызды сұраймыз. Бұл пайдалану нүсқаулығында сіздің қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпарат, сондай-ақ аспапты дұрыс пайдалану және оны күтіп ұстау жөнінде ұсыныстар бар. Пайдалану жөніндегі нүсқаулықты кепілдік талонмен, кассалық чекпен, мүмкіндігінше картон қорабымен және орау материалымен бірге сақтаңыз. Осы пайдалану жөніндегі нүсқаулықта осы үлгідегі құрылғы түрлері сипатталады. Сіз сатып алған аспап нүсқаулықта сипатталғаннан өзгеше болуы мүмкін, бұл оны қолдану мен пайдалану тәсілдеріне әсер етпейді. Өндіруші қосымша ескертусіз бұйымның конструкциясына оның қауіпсіздігіне, жұмыс қабілеті мен функционалына түбегейлі әсер етпейтін елеусіз өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады. Осы Нүсқаулықтың мәтінінде және цифрлық белгілерінде елеусіз қателер жіберілуі мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫНЫЗ!
Маңызды сақтық шаралары және осы нұсқаулықтағы нұсқаулар кез-келген болуы мүмкін режимдер мен жағдайларды қамтымайды. Дайындаушы аспап немесе оның жекелеген бөліктері оны тасымалдау кезінде, дұрыс орнатылмауы нәтижесінде, кернеу ауытқуы нәтижесінде бүлінген жағдайда, сондай-ақ аспаптың қандай да бір бөлігі өзгертілген немесе модификацияланған жағдайда жауапты болмайды.
ECKEPTNE
Бүйымда аспап туралы барлық қажетті техникалық деректер мен басқа да пайдалы ақпарат көрсетілген заттаңба бар. Аспапты осы Нұсқаулықта көрсетілген мақсаттарда ғана пайдаланыңыз.
2. САКТЫК ШАРАЛАРЫ
Аспапты пайдалану кезінде бірнеше сақтық шараларын сақтаған жөн. Бүл қағидаларды ескермеу салдарынан дұрыс пайдаланбау пайдаланушының және басқа адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, сондай-ақ олардың мүлкіне нұқсан келтіруге әкеп соктыруы мүмкін. Өндіруші аспапты дұрыс орнатпау және пайдаланбау нәтижесінде денсаулыққа келтірілген зиян және мүліктің зақымдалуы үшін жауапты болмайды.
- Колдану кезінде бузушылыктарды болдырмас үшін аспапты пайдаланар алдында бул нускаулыкты муқият оқып шығыңыз.
- Бастапкы іске қосар алдында бүйымда көрсетілген техникалық сипаттамалардың электр желісінің параметрлеріне сәйкестілігін тексеріңіз.
- Аспап жерге түйыктау контактісі бар еуроашасымен жабдыкталған. Аша қалыпты еуророзеткаға сәйкес келіп және оған ешбір ерекше күш салусыз кіруі тиіс. Егер аша розеткаға кірмесе немесе тығыз кіретін болса, оны вертикаль бойымен 180 градусқа аударыңыз және тағы да кіргізіп көріңіз. Егер бұдан кейін де Сіз ашаны розеткаға оңай кіргізе алмасаңыз, розетканы ауыстыру үшін электрикті шақыртыңыз. Егер аша розеткаға толық кірмесе, еш уақытта аспапты қолданбаңыз.
- Егер оның үстіңгі беті ылғалды (сулы) болса, еш уақытта аспапты электр желісіне қоспаңыз.
- Егер ол сумен жанасуы мүмкін болса, еш уақытта аспапты пайдаланбаныз.
- Аспап іске қосылған және істеп тұрса, оның үстіңгі беттерін және басқару блогының үстін сулы қолмен және дененің кез келген бөлшектерімен үстамаңыз.
- Уй-жайдан тыс немесе влғалдылығы жоғары жағдайларда пайдаланбаңыз.
- Кандай да бір желдету, ауажинағыш немесе шығыс тесіктеріне саусақтарыңызды салмаңыз және бөгде заттардың түсуіне жол берменіз, өйткені бүл электр тоғымен зақымдалуға немесе аспаптың бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін.
- Конвектордың ішінде ыстық және жарқылдайтын кұрамдауыштар бар. Конвекторды бензин, бояу немесе басқа жанғыш сүйықтықтарды пайдалану немесе сақтау орындарында пайдаланбаңыз. Аспап тез түтанатын және жеңіл бұзылатын объектілерден алыс орналасуы тиіс.
- Осы Пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес тек түрмыстық мақсатта ғана пайдалану. Дайындаушымен кеңес берілмейтін кез келген басқа түрде қолдану өртке, электр тоғымен зақымдалуына немесе адамдардың жарақаттануына әкеп соктыруы мүмкін. Аспап өнеркәсіптік мақсатта қолдануға арналмаған.
- Аспап жұмыс істеу кезінде өте жоғары температураларға дейін қызады. Күйіктерді болдырмас үшін қолмен және денеңіздің басқа бөлшектерімен аспаптың үстіңгі беттерін ұстамаңыз.
- Кызып кетуді және өрт шығу тәуекелін, сондай-ақ ішкі электр желісінің зақымдалуын болдырмас үшін, желілік баусымның ұзындығын өзгертпеніз және аспапты электр ұзартқыштар арқылы қоспаңыз. Алайда, қажет болған жағдайда, егер оның параметрлері аспаптың қуаттылығына сәйкес келсе және егер ол электр энергиясын тұтынушылардың өзгелерімен пайдаланылмайтын болса, ұзартқышты пайдалану мүмкіндігі бар.
- Аспапты қатаң вертикал күйінде орнатыңыз және пайдаланыңыз. Аспапты көлденең немесе қигаш күйінде пайдалануға тыйым салынған.
- Коректендіру баусымының өткір жиектермен және ыстық үстіңгі беттермен жанаспауын қадағалап отырыңыз.
- Жеткізу жиынтығына кірмейтін керек-жарактарды пайдаланбаныз.
- НАЗАР АУДАРЫНЫЗ! Ол жумыс істеп турған кезде, АСПАПТЫН УСТИН ЖАППАНЫЗ. Оның устінде киімдерді және кез келген басқа да маталар мен материалдарды кептірмеңіз. Бул оның қызып кетуіне, істен шығуынаәкеп соктыруы немесе Сізге және/немесе Сіздің мүлігіңізге едәуір нуксан келтіруі мүмкін.
- НАЗАР АУДАРЫНЫЗ! Өндіруші бузылудың мүндай түрін кепілдікті емес жағдай ретінде қарастырады.
IM2022
- Аспап үнемі бақылауда болуы тиіс, әсіресе аспапка жақын жерде балалар бар болса. Аспаппен ойнауды болдырмас үшін балалар бақылауда болуы тиіс.
• Жинау, бузу және тазалау алдында немесе егер Сіз оны пайдаланбайтын болсаңыз, үнемі электр желісінен ажыратып отырыңыз.
- Егер оның желілік баусымы немесе ашасы закымдалған болса, конвекторды қоспаңыз. Коректендіру баусымы закымдалған кезде, қауіп-қатерді болдырмас үшін, оның ауыстыруын дайындаушы, сервис қызметі немесе ұқсас білікті персонал жүргізуі тиіс.
- Өз бетіңізше аспапты жөндеуге немесе қандай да бір бөлшектерін ауыстыруға тырыспаңыз. Ақаулар анықталған жағдайда, жақын маңдағы Сервис орталығына жүгініңіз.
• Аспапты жуыну бөлмелерінде, душ немесе бассейндерде, аспап іске қосылған кезде оның үстіңгі бетіне су ағынының және тамшыларының тікелей түсу ықтималдығы бар жерлерде орнатуға және пайдалануға тыйым салынған.
- Аспаптың желілік баусымын кілем жабындары астымен өткізбеніз және жићаздармен қыспаңыз. Желілік баусымды оған сүріну мүмкін болмайтындай етіп өткізіңіз.
- Аспапты электр желісінен ажыраткан кезде коректендіру баусымынан тартпаңыз, ашасынан устаңыз. Баусымды бурамаңыз және оны ештеңеге орамаңыз.
- Аспапты тікелей жақын немесе электр розеткасының астында немесе өткізілген электр кабелінің астында орнатуға тыйым салынған. Бүл қызып кетуге әкеп соктыруы мүмкін, ал бүл авариялық жағдайларға себепші болады.
- Аспап, оларда өмірлік тәжірибесі, не білімі болмаса, егер олардың қауіпсіздігі үшін жауапты түлғаның бақылауында болмаса немесе аспапты қолдану туралы нұсқаулықтан өтпесе, физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеттілігі төмен түлғалармен (балаларды қоса алғанда) пайдалануға арналмаған.
- Бул кұрылғыны 8 жастан асқан балалар, сөндай- ақ физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибе мен білімі жоқ адамдар, егер олар кұрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы нұсқау алса және онымен байланысты қауіптерді түсінсе, қолдана алады.
• Балалар курылғыны тазалау мен қызмет көрсетуді караусыз жүргізбеуі тиіс.
• 3 жаска дейінгі балаларды, егер олар ўнемі бақылауда болмаса, алыста устау керек.
• 3-тен 8 жаска дейінгі балаларға құрылғыны қалыпты жұмыс жағдайында орналастырылған немесе орнатылған және құрылғыны қауіпсіз пайдалану және ықтимал қауіптерді түсіну туралы бақылауда болған немесе нұсқау алған жағдайда ғана қосуға / өшіруге болады. 3 жастан 8 жаска дейінгі балаларға желіге қосуға, аспапты реттеуге және тазалауға немесе пайдаланушының техникалық қызмет көрсетуін орындауға тыйым салынады.
- НАЗАР АУДАРЫНЫЗ! Бул өнімнің кейбір бөліктері қатты қызып, күйдіруі мүмкін. Балалар мен осал адамдарға ерекше назар аудару керек.
- Егер бүйым бірнеше уақыт бойы 0°C төмен температура кезінде сақталса, оны іске қосар алдында бөлме жағдайында кемінде 2 сағаттай ұстаған абзал.
- Пиктограммалардың түсіндірмесі:

Абайлаңыз! Ыстық үстіңгі бет

Назар аударыңыз! Жаппаңыз
3. АСПАПТЫН АРНАЛУЫ
Түрмыстық электр конвекторы үй-жайларды негізгі немесе қосымша жылытаға және жылдың суық мезгілінде үй-жайларда жайлы жағдай жасауға арналған. Бүл қыздыру аспабы орнатуда ыңғайлы, әрі қарапайым, электр энергиясын аз шығындау, жоғары жылу бергіштігі және жылу ағынының барынша жайлы таралуына байланысты пайдалануда тиімді, әрі үнемді болып табылады. Электр конвекторларының жылытқыштардың басқа үлгілерімен салыстырғандағы негізгі артықшылығы – жұмыс істеу принципі ауаның табиғи конвекциясына негізделген, бүл қызмет көрсетілетін үй-жайды жылдам, әрі тиімді жылытаға мүмкіндік береді.
4. ЖУМЫС СИПАТТАМАЛАРЫ
Техникалық сипаттамалары
Кұрылғының техникалық сипаттамалары 1-кестеде көрсетілген.
1-кесте
| Атауы | Өлшем бірлігі | SCA H VER31 1000 | SCA H VER31 1500 | SCA H VER31 2000 |
| Режимдер бойынша номиналды тұтынатын куаты | Вт | 500/1000 | 750/1500 | 1000/2000 |
| Электр куатының параметрлері | В / Гц | 220-240~/50 | 220-240~/50 | 220-240~/50 |
| Номиналды ток күші | А | 4.3 | 6.5 | 8.7 |
| Таза салмағы | кг | 3.82 | 4.6 | 5.46 |
| Құрылғының өлшемдері | мм | 270x497x465 | 270x495x615 | 270x495x773 |
| Электр қорғау санаты | - | Class I | Class I | Class I |
| Жылыту алаңы | м2 | 10-15 | 15-20 | 20-25 |
* Сурет анықтама ретінде берілген және нақты құрылғыдан ерекшеленуі мүмкін
- Корпус
- Тірек аяктары
- Ашасы бар желілік бау
- Баскару панелі
- Ауа жинайтын тор
- Ауа шығаратын тор
6. ЖЕТКІЗУ ЖИЫНТЫFЫ
- Электр конвекторы-1 дана.
- Тірек аяктары-2 дана.
- Кабырғаға орнатылатын кондырғы жиынтығы-1 дана –
- Бекіту бұрандаларының жынтығы-1 дана
- Пайдалану жөніндегі нүсқаулық-1 дана.
- Кепілдік талоны - 1 дана.
- Каптамасы - 1 дана.
Конвектор еденге орнатуға арналған аяқтармен және қабырғаға орнатуға арналған қабырға жинағымен жабдықталған.
Конвекторды аяктарға орнату
-
Конвекторды пайдалануды бастамас бұрын, каптамадан аяқтар мен бұрандалар жиынтығын алыңыз. Аяқтарды конвектордың төменгі жағына орнатыңыз. Аяқтарды бұрандалармен бекітіңіз, оларды төменгі панельге арнайы тесіктер арқылы бұраңыз.
-
Конвекторды еденге орнатыңыз және оның тұрақтылығына көз жеткізіңіз.
Қабырғаға бекіту кезіндегі әрекеттер тәртібі:
-
Кұрылғының артындағы кескіндер арасындағы қашықтықты өлшеңіз (2А-суретін қараңыз)
-
Еденнен конвектордың төменгі бөлігіне дейін кемінде 120 мм биіктікті көздей отырып, құрылғының артқы жағындағы саңылаулар мен бекіту тақталарына сәйкес қабырғаға тесіктер бұргғылаңыз (2В-суретті қараңыз).
-
Бурғыланған тесіктерге дюбельдерді орнатыңыз және бекіту бұрандаларын пайдаланып, қабырғаға бекіту такталарын бекітіңіз (2В-суретті қараңыз).
-
Конвекторды төңкеріп, бекіту бұрандаларын пайдаланып, бекіту такталарын оның түбіне бұраңыз (2С-суретті қараңыз).
-
Конвекторды қабырғаға бекітілген бекіту тақталарына іліңіз, бекіту тақталарындағы саңылауларды құрылғының артқы жағындағы саңылаулармен туралаңыз және құрылғының төменгі жағындағы бекіту тақталарын қабырғаға қойыңыз.

Курылғы тек тірек аяқтары орнатылған немесе қабырғаға орнатылған жағдайда ғана пайдалануы керек. Конвекторды тіреу аяқтарынсыз немесе қабырғаға орнатпай пайдалануға тыйым салынады!
Электр желісіне қосылу
- Конвектор бір фазалы кернеуі 220-240 В\~ / 50Гц электр желісіне қосылуға арналған.
- Косар алдында косу орнындағы электр желісінің параметрлері аспаптың техникалық деректері бар таңбалай тақтайшасында көрсетілген параметрлерге сәйкес келетініне көз жеткізініз.
- Конвекторды электр желісіне қосқан кезде қолданыстағы электр қауіпсіздігі ережелерін сақтау керек.
- Электр розеткасын дұрыс жерге тұйықтау керек. Розетка кемінде 10А номиналды токқа есептелген болуы керек. Электр тогының кемуіне жол бермеу үшін электр розеткасы мен ашасы әрдайым құргғақ болуы керек. Электр ашасының розеткаға мықтап жалғанғанын үнемі тексеріп отырыңыз. Тексеруді келесі ретпен жүргізіңіз: электр ашасын розеткаға салыңыз. Жарты сағат жұмыс істегеннен кейін конвекторды өшіріп, ашаны розеткадан алыңыз, ашаның қызғанын қолыңызбен тексеріңіз. Егер аша 50°C-тан жоғары температураға дейін қызған болса, зақымдануды, шөгуді, электр байланысының нашар болуы салдарынан өрттің пайда болуын болдырмас үшін розетканы басқасына ауыстырыңыз. Мұны маман жасауы керек.
НАЗАР АУДАРЫНЫЗ!
Электр желісінде конвекторды жерге түйыктаусыз пайдалануға тыйым салынады.
8. КУРЫЛГЫНЫ ПАЙДАЛАНУ
Баскару панелі

3- cypet
1. Термостат туткасы
Бөлмеде қажетті температураны орнату үшін қолданылады.
Курылғы қызған кезде жанады.
3. Куат режимдерін ауыстырып қосқыш түтқасы
Ол келесі қыздыру режимдерін тандау үшін қолданылады: "0" өшірулі, "І" төмен қуат, "ІІ" жоғары қуат.
* Сурет аныктама ретінде берілген және нақты басқару тақтасынан өзгеше болуы мүмкін
Конвекторды пайдалану
1. Kocy
1.1 конвекторды электр желісіне қосыңыз, электр сымының ашасын электр розеткасына салыңыз.
2.1 Төмен жылу қуатын тандау үшін пернені "І" күйіне орнатыңыз.
2.2 жоғары жылу қуатын тандау үшін пернені "ІІ" күйіне орнатыңыз.
Термостаттың түтқасын сағат тілімен токтағанша бұраңыз. Бөлме температурасы қажетті деңгейге жеткенде, термостаттың түтқасын құрылғы өшірілгенге дейін сағат тіліне қарсы бұраңыз, термостаттың өшірілген дыбысы шығады. Енді термостат конвекторды мезгіл-мезгіл қосып, өшіре отырып, белгіленген температураны сақтайды.
Эсіресе суык ауа райында конвектор бөлмені толык жылыта алмауы мүмкін. Бүл жағдайда термостат түтқасын қалаған деңгейден сөл жоғары етіп орнатыңыз.
Өшіру
Кыздыру режимдерінің ажыраткыш пернелерін "0" калпына орнатыңыз және кұрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
9. КЫЗМЕТ КОРСЕТУ
Аспаптың сыртын тұрақты түрде шаң-тозаңнан және ластанудан тазалап отыру кажет, өйткені бүл оның жұмыс істеу тиімділігіне және үй-жайды жылытудың температуралық параметрлеріне әсер етеді.
Профилактикалық жұмыстарды орындау алдында аспапты сөндіріңіз және оны электр желісінен ажыратыңыз, оған салқындауға уақыт беріңіз, содан кейін оның бетін жұмсақ сәл ылғалды шүберекпен сүртіп шығыңыз. Тазалау үшін жуу құралдарын, оның ішінде абразивті құрамдары бар құралдарды пайдаланбаған абзал. Аспаптың өткір заттармен зақымдалуына жол берменіз, өйткені боялған беттегі сызаттар тоттың пайда болуына әкеп соқтыруы мұмкін.
Конвектордың артқы бөлігін де тұрақты түрде шаңнан және ластанудан тазалап отыру керек. Ол үшін аспапты кронштейннен шешіп алыңыз, ал тазалағаннан кейін, оны бастапқы күйіне қайтарыңыз.
Профилактикалық тазалау рәсімін конвектордың техникалық күйін қолдау және оның сыртқы түрін ұзак жылдар бойы сақтау үшін тұрақты түрде жүргізіп отырған жөн.
ECKEPTY:
Беткі жағында эмаль түсінің өзгеруі ақау болып табылмайды, өйткені бұған ауада шаң-тозаң мен басқа да ластау бөлшектерінің жоғары құрамы себеп болады.
10. CAKTAY
Аспап бөлшектеліп, узак сақтау үшін қаптамаға салынғанша дейін, аспаптың корпусы және оның қыздыру элементінің салқындағанына көз жеткізіңіз.
ТАЗАЛАУ ЖЭНЕ КУТИМ бөлімінің барлық талаптарын орынданыз.
Коректену бауын ораныз.
Аспап узак уакыт бойы пайдаланылмайтын болса, оны күрғақ салқын жерде зауыттық картон қаптамада сақтаңыз.
11. АКАУЛАРДЫ ЖОЮ
Ыктималды ақаулар және оларды жою әдістері 2-кестеде берілген.
Егер ақауды ұсыныстарға сәйкес жою мүмкін болмаса немесе басқа да бір ақаулар туындаған кезде, авторландырылған сервис орталығына жүгініңіз.
Кесте 2
| Акау | Ыктималды себептер | Жою |
| Аспап электр желісіне қосылған, ажыратқыш қыздыру режиміне орнатылған, бірақ аспап жұмыс істемейді. | Электр қуаты жоқ | Электр қуаты аспаптан ажыратылмаған ба тексеріңіз және қажет болған жағдайда аспапқа электр қуатын беріңіз. |
| Температураны шектеуіш элект тізбегін ажыратып жіберді және қыздыру элементтерін сөндіріп тастады | Ауажинағыш немесе ауа шығару торлары бөгде заттармен бөгелмегеніне көз жеткізіңіз және аспатың корпусы салқындағаннан кейін, температура шектеуіштің іске қосылуын күтіңіз. | |
| Электр желісінің автоматты ажыратқышы жарамсыз | Электр желісінің автоматты ажыратқышының жұмыска қабілеттілігін тексеру және қажет болған жағдайда жарамсыз ажыратқышты ауыстыру | |
| Жарамсыз қуш релесі | Авторландырылған сервис орталығына жүгіну | |
| Термостат жарамсыз | ||
| Қыздыру элементі жарамсыз | ||
| Температураны шектеуіш жарамсыз | ||
| Электр кабелінің үзілуі | Электр кабелінің түтастығын тексеру және оны ауыстыру қажет болған жағдайда авторландырылған сервис қызметіне жүгіну | |
| Аспап нашар жылытады | Электр желісіндегі төмен кернеу | Электр желісіндегі кернеуді тексеру |
| Термостатта үй-жайды жылытудың төмен температурасы орнатылған | Термостатта үй-жайды жылытудың неғұрлым жоғары температурасын орнатыңыз | |
| Қыздыру элементі жарамсыз | Авторландырылған сервис орталығына жүгіну |
Аспаптың қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін оны кәдеге жарату орнында қолданылатын
нормаларға, ережелерге және әдістерге сәйкес кәдеге жарату керек. Аспапты кәдеге жарату бойынша егжей-тегжейлі ақпаратты жергілікті билік органының өкілінен орган аспап туралы толық ақпаратты ұсына отырып, алуға болады. Дайындаушы және ол үәкілеттік берген тулға Сатып алушының. Сатып алушы тандаған аспапты кәдеге жарату және кәдеге жарату тәсілдері жөніндегі заң талаптарын орындауы
ушін жауапты болмайды. Аспаптың қызмет ету мерзімі кепілдік талонда көрсетілген. Аспаптың кепілдік мерзімі, кепілдік шарттары және кепілдік мерзімі кепілдік талонында көрсетілген. Кепілдік талоны осы аспапты жеткізу жынтығына кіретін тауарға ілеспе құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылады. Жеткізу жынтығында кепілдік талоны болмаған жағдайда, Сатушыдан оны талап етіңіз. Сатушы беретін кепілдік талоны Дайындаушы белгілеген нысанға сәйкес болуы тиіс. Дайындаушы және Дайындаушының уәкілетті түлғасы осы аспаптың адамдарға, жануарларға, мүліkke тікелей немесе жанама түрде келтірілген ықтимал зиян үшін, егер бүл пайдалану ережелері мен шарттарын сақтамау, аспапты орнату, тұтынушының және/немесе үшінші түлғалардың қасақана немесе абайсыз іс-әрекеттері нәтижесінде болған жағдайда, сондай-ақ табиги және/немесе антропогендік форс-мажор құбылыстарынан туындаған жағдайларда, кез келген жауапкершіліктен өзін босатады.