OMP6553BGH - сорғыш Hansa - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз OMP6553BGH Hansa PDF форматында.

Hansa OMP6553BGH - сорғыш
📄 132 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 11 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice Hansa OMP6553BGH - page 74
Нұсқаулықты қарау : Български BG English EN Eesti ET Magyar HU Қазақша KK Lietuvių LT Latviešu LV Română RO Русский RU Українська UK
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түрі Ас үй сорғышы
Бренд Hansa
Модель OMP6553BGH
Түрі Дымоходты сорғыш, қабырғаға орнатылатын
Ені 60 см
Тереңдігі 50 см
Биіктігі (мин-макс) 60 - 110 см
Салмағы 12 кг
Қуат көзі 220-240 В, 50 Гц
Қозғалтқыш қуаты 200 Вт
Максималды сору жылдамдығы 750 м³/сағ
Жылдамдықтар саны 3
Жарықтандыру ЖШД, 2 x 1.5 Вт
Шу деңгейі (макс жылдамдық) 68 дБ(А)
Сүзгі түрі Алюминий май сүзгісі, жуылатын
Басқару түрі Электрондық басу түймелері
Энергия класы A+
Орнату Қабырғаға орнатылатын, ауа өткізгіш немесе рециркуляциялық
Күту Май сүзгісін ай сайын тазалаңыз; рециркуляциялық режимде көмір сүзгісін ауыстырыңыз
Қауіпсіздік ерекшеліктері Автоматты өшіру таймері
Қосалқы бөлшектер Сүзгілер, ЖШД шамдар, басқару тақтасы
Кепілдік 2 жыл

Жиі қойылатын сұрақтар - OMP6553BGH Hansa

Hansa OMP6553BGH ас үй сорғышын қалай орнатуға болады?
Орнатуды білікті маман жүргізуі керек. Сорғыштың пісіру бетінен кемінде 65 см жоғары қабырғаға сенімді бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Ауа өткізгіш режимі үшін желдеткішке қосыңыз; рециркуляциялық режим үшін көмір сүзгілерін орнатыңыз.
Май сүзгісін қаншалықты жиі тазалау керек?
Алюминий май сүзгісін ай сайын қолмен немесе ыдыс жуғыш машинада төмен температурада тазалау керек. Лас сүзгі сору тиімділігін төмендетеді және шуды арттырады.
Сорғышты ауа өткізгішсіз қолдануға бола ма?
Иә, сорғышты рециркуляциялық режимде қолдануға болады. Иістерді сіңіру үшін белсендірілген көмір сүзгілерін (жинаққа кірмейді) орнату қажет. Содан кейін ауа бөлмеге қайта шығарылады.
Сорғыш қандай жарықтандыруды пайдаланады?
Сорғышта ЖШД жарықтандыру (2 x 1.5 Вт) бар. ЖШД энергияны үнемдейді және ұзақ уақыт қызмет етеді. Егер шам істен шықса, сол түрдегі шаммен ауыстырыңыз.
Желдеткіштің жылдамдығын қалай реттеуге болады?
Алдыңғы панельдегі электрондық басу түймелерін пайдаланыңыз. Әдетте 3 жылдамдық бар: төменгі - баяу пісіруге, орташа - жалпы пісіруге, жоғары - қатты түтін немесе иістер үшін.
Ас үй сорғышы шулы ма?
Шу деңгейі жылдамдыққа байланысты өзгереді: төменгіде шамамен 55 дБ, орташада 62 дБ, жоғарыда 68 дБ. Сүзгілерді үнемі тазалау шуды азайтуға көмектеседі.
Автоматты өшіру не істейді?
Автоматты өшіру таймері сорғышты белгіленген уақыт аралығында (мысалы, 10 минут) жұмыс істеуге орнатуға, содан кейін автоматты түрде өшіруге мүмкіндік береді, энергияны үнемдейді.
Сүзгінің қанығу индикаторын қалай қалпына келтіруге болады?
Сүзгілерді тазалағаннан немесе ауыстырғаннан кейін жылдамдық түймесін шамамен 5 секунд басып тұрыңыз, индикаторлық шам өшкенше. Нақты процедураны нұсқаулықтан қараңыз.
Сорғышты қашықтан басқара аламын ба?
Жоқ, бұл модельге қашықтан басқару пульті кірмейді. Барлық функциялар сорғыштағы түймелер арқылы басқарылады.
Бұл модель үшін қандай қосалқы бөлшектер қолжетімді?
Жалпы қосалқы бөлшектерге май сүзгілері, көмір сүзгілері, ЖШД шамдар және басқару тақтасы жатады. Hansa тұтынушылар қызметіне немесе уәкілетті дилерлерге хабарласыңыз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы OMP6553BGH Hansa

1 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Hansa OMP6553BGH сорғышын қалай орнатуға болады?
Жиі Қойылатын Сұрақтар - 5 d
Жауап Notice-Facile

Hansa OMP6553BGH сорғышы өз салмағы 12 кг болатын қабырғаға мықтап бекітілуі керек.

Орнату биіктігі

Сорғыш кемінде 65 см биіктікте пісіру бетінің үстінде орнатылуы тиіс. Газ плитасы үшін плитаның ұсыныстарын тексеріңіз, себебі үлкенірек қашықтық қажет болуы мүмкін.

Қабырғаға бекіту

  • Сіздің қабырғаңыздың түріне сәйкес келетін дюбельдер мен бұрандаларды пайдаланыңыз
  • Қабырғаның сорғыштың 12 кг салмағын көтере алатынына көз жеткізіңіз
  • Сорғыштың орнатудан кейін толық тегіс және горизонтальды екеніне көз жеткізіңіз

Трубалар мен желдету

Алғашқы қолданар алдында сіз орнатуыңыз керек:

  • Алюминий май фильтрі (міндетті)
  • Сорғыш режимі үшін 120-150 мм диаметрлі ауа шығару құбыры (максималды ұзындығы: 4-5 метр)
  • Немесе рециркуляция режимі үшін көмір фильтрі

Тұрақты схемалар мен бұрғылау тесіктерінің нақты өлшемдері үшін орнату нұсқаулығына жүгініңіз.

Жауап беріңіз (бірінші болыңыз)

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз сорғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз OMP6553BGH - Hansa және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. OMP6553BGH брендінің Hansa.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ OMP6553BGH Hansa

Бүгіннен бастап күнделікті міндеттер анағұрлым жеңілденетін болады. Hansa құрылғысы – бұл айтарлықтай оңай пайдалану мен керемет тиімділіктің үйлесімі. Нұсқаулықты оқып шыққаннан кейін қызмет көрсету еш қиындық тудырмайды.

Зауыттан шығарылған жабдық қапталар алдында бақылау-сынау стендтерінде қауіпсіздік және атқарымдылық тұрғысынан мұқият тексерілді.

Дұрыс қызмет көрсетпеуінің алдын алу үшін ас үй сорғышын қосар алдында аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен мұқият оқып танысу керек. Нұсқаулықта көрсетілген нұсқауларды сақтау Сіздің плитаны дұрыс пайдаланбауыңыздың алдын алады. Нұсқаулықты сақтаған дұрыс және оны әрдайым қол астында болатын орындарда ұстаған жөн.

Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін, жұмысты нұсқаулық бойынша бастаңыз.

Күрметпен

Hansa OMP6553BGH - 1

Hansa

Haushaltsgeräte

ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ БОЙЫНША НҰСҚАУЛАР

- Сүзгіні қолданар алдында, пайдалану бойынша осы нұсқауды зер салып оқыңыз

- Құрылғы тек тұрмыстық мақсатта ғана қолдануға арналған.

- Өндіруші құрылғы құрылымына қызметіне әсер етпейтін өзгерістерді енгізуге құқылы.

- Өндіруші осы нұсқаудағы ұсыныстарды қадағаламау нәтижесінде аспапты дұрыс пайдаланбаудан туындаған болуы мүмкін зақымдарға, жануға немесе өртке жауап бермейді.

- Асүй сүзгісі асүй иістерін және булануын жою үшін қызмет етеді. Басқа да мақсаттар үшін қолдануға тыйым салынады.

- Буру тәртібінде жұмыс істеп тұрған сүзгіні, тиісті желдеткіш каналына қосу қажет (жану құрылғылары қосылған қаналушы ауа өткізгіштерге, түтіндіктерге немесе желдету шахталарына қосуға тыйым салынады). Сүзгі үшін ауаның сыртқа қайтуымен ауа өткізгішті орнату қажет. Ауа өткізгіштің ұзындығы (көбінесе Ø 120 мм-лік немесе 150 мм-лік құбыр) 4-5 м-ден артық болмауы тиіс. Ауа өткізгіш сіңіру режиміндегі телескопиялық және жиһаздық сіңіргіштерде де талап етіледі.

- Сорып алу тәртібінде жұмыс істейтін сүзгілер үшін белсендірілген көмірмен сүзгі орнату қажет. Осы жағдайда ауа сыртқа қайтарумен ауа өткізгішті орнату қажеттілігі жоқ, бірақ ауаны қайтаруды реттегіш құрастыру ұсынылады (тек ағынды сүзгі).

Сүзінді желдеткіш жұмысының бірнеше жылдамдығынан біреуін таңдау мүмкіндігімен, тәуелсіз жарықпен және сүзінді желдеткішімен жабдықталған.

Құрылғының нұсқасына байланысты сүзінді газ немесе электрлік плита үстінен вертикаль қабырғаларына (ағынды және жан-жақты сүзінділер); газ немесе электр плита үстінен төбесіне (аралдық сүзінділер); газ немесе электрлік плита үстінен вертикаль қабырғасына шкафқа (телескоптық немесе шкафқа салып қоятын) тұрақты құрастыру үшін арналған. Құрастыру алдында Сізбен сатып алынған сүзіндіні қабырға/төбе ұстай алатынына көз жеткізу қажет. Сүзіндінің кейбір үлгілері өте ауыр.

Электрлік плитаның үстінен құрылғыны құрастыру биіктігі өнім төлқұжатында көрсетілген (құрылғының техникалық ерекшелігі). Газ жабдықтарын орнату жөніндегі нұсқаулықта ұзақ қашықтық көрсетілген болса, бұны ескеру керек (1 суреті).

Асүй сүзіндінің астында плитадан кастрөлді алу уақытында ашық отты ашық қалдыруға тыйым салынады, алаудың ең төмендігін реттеу керек. Қуаттың орынсыз шығынына және заттың қауіпті шоғырлауына келтіретін болғандықтан, ыдыс-аяқтардың шектен тыс шықпауы үшін алауды ескеріңіз.

Үлкен мөлшерлі маймен немесе сарымаймен ас әзірлеу кезінде плитаны қараусыз қалдыруға болмайды. Қызған май немесе сарымай өздігінен тұтануы және сүзіндінің жануына келтіруі мүмкін.

Әр жолы тазалау, сүзгіні ауыстыру немесе жөндеу алдында қоректендіру көзінен сүзіндіні ажыратыңыз.

Асүй сүзіндісіне арналған майтұтқы сүзгіні айына 1 рет тазалау қажет, себебі майға қаныққан сүзгі жеңіл тұтанылады.

Сүзінді орнатылған жайда басқа электрлік емес аспаптарды пайдалану (мысалы, сұйық отындықта жұмыс істейтін пештер, қазандықтар, бойлер немесе ағынды су жылытқыштар), жеткілікті желдеткіштерді қамтамасыз ету қажет. Егер токты ажырату 0,004 мбар аспаған жағдайда ғана осы құрылғыларды орнату

орнында жану құрылғысы бөлме ауасына байланысты және сүзіндінің бір уақытта жұмыс істеуі кезінде пайдалану қауіпсіздігі мүмкін (иістерді сіңіргіш ретінде асүй сүзінділері қолданылса осы шарттар міндеттелмейді).

  • Асүй сүзіндісіне білекпен тірелуге тыйым салынады.
  • Сіңіргіш осы нұсқаулықта көрсетілген консервацияға қатысты нұсқауларды ұстана отырып, ішінен де, сыртынан да жиі (АЙЫНА БІР РЕТТЕН СИРЕТПЕЙ) тазартылуы тиіс. Сіңіргішті тазартуға және сүзгіштерді ауыстыруға қатысты қағидаттарды ұстанбау, өрт шығу қаупінің туындауына себеп болады.
  • Электрлік сымында ақау болған жағдайда оны тек арнайы маманданған жөндеу шеберханасында алмастыру керек.
  • Қос полюсті ажыратқыш немесе розеткадан электр өткізгішін созып тұру көмегімен қоректендіруші желіден аспапты ажырату мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет.
  • Балаларға және дене, мануальды және ақыл-ой мүмкіншілігі шектеулі тұлғаларға, олар оқытылғанға және аспапты пайдалану бойынша нұсқаумен таныстырылғанға дейін аспапты қолдануға рұқсат бермеңіз.
  • Балалар ата-ананың қарауынсыз қалғанда, балалардың құрылғыны қолдана алмайтынына ерекше назар аудару қажет.
  • Асүй сүзіндісінің зауыттық қалқаншасында көрсетілген қуатына желідегі қуаттың сәйкес келуіне көз жеткізіңіз.
  • Сүзіндіні орнатар алдында электрлік қоректендіру сымын тарқатып алу және түзету қажет.
  • Орау материалдарын (полиэтиленді қаптар, пенопласт бөлшектері және т.б.) құрылғыны ашу үрдісі кезінде балалардан алыс ұстау керек.

- Сіңіргішті желілік қуат көзіне қосар алдында қуат кабелінің дұрыс орнатылғанын және монтаждау жұмыстары барысында сіңіргішпен ҚЫСЫЛМАҒАНЫН тексеріп алған жөн. Құрылғыны орнату аяқталғанға дейін электр желісіне қоспаңыз.

- Май ұстайтын алюминийлі сүзгіштері орнатылмаған сіңіргіштерді пайдалануға тыйым салынады.

- Ашық отты пайдаланумен сүзінді астында ас әзірлеуге қатаң тыйым салынады.

- Пайдаланылған газды бұру үшін қажетті техникалық құралдарды және қауіпсіздік құралдарын қолдану саласында құзыретті жергілікті органдармен берілген ережелерді қатаң қадағалау керек.

- Осы нұсқауда көрсетілген соңына дейін бүркелмеген бұрамалар және бекітілмеген элементтер өмір және денсаулық үшін қауіптілік туындауы мүмкін.

- Аспалы сіңіргіштер иістерді сіңіру режимінде ғана жұмыс істейді.

- ЕСКЕРТУ! Бұрандаларды немесе бекіту құрылғысын осы нұсқауларға сәйкес орнатпау электрлік қауіптерге әкелуі мүмкін.

- Осы құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы балалар, сонымен қатар шектеулі дене, сипапсезу және ақыл-ой қабілеттері бар адамдар, жабдықты қолдануға тәжірибесі және білімі жоқ адамдар, егер олар үздіксіз бақылауда болған жағдайда немесе жабдықты қауіпсіз қолдану бойынша нұсқаулар алған және осы құрылғыны пайдаланумен байланысты ықтимал қауіптілік туралы құлақтандырылған жағдайда ғана, қолдануға болады. Балаларға аспаппен ойнауға болмайды. 8 жасқа дейінгі балаларға және құзыретті тұлғаның бақылауынсыз аспапты тазалауға және оған техникалық қызмет көрсетуге болмайды.

ОРАУДАН АШУ

Hansa OMP6553BGH - ОРАУДАН АШУ - 1

Құрылғыны тасымалдау кезінде зағымдалудан қорғау қарастырылған. Құрылғыны ашқаннан кейін орау элементтерін қоршаған ортаны ластамай жинаңыз. Орау үшін қолданылған барлық материалдар, қоршаған ортаға зиянсыз 100% қайта өңделе алады, сәйкес

символмен таңбалауға ие.

Назар аударыңыз! Орау материалдарын (полиэтиленді қаптар, пенопласт бөлшектері және т.б.) құрылғыны ашу үрдісі кезінде балалардан алыс ұстау керек.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ

Hansa OMP6553BGH - ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ - 1

Осы құрылғы 2012/19/ЕС директивасына сәйкес белгіленген. Бұл таңбалау құрылғыны пайдаланудан кейін басқа тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға болмайтынын хабарлайды.

Пайдаланушы құрылғыны қолданыста болған электрлік және электрондық құрылғыларды жинайтын орындарға тапсыруға

міндетті. Қалдықтарды жинаушылар, жинау пункттері, дүкендер және бөлімшелер бұл құрылғыны тапсыруға мүмкіндік беретін жүйені құрайды.

Пайдалануда болған электрлік және электрондық құрылғы адам денсаулығына және қоршаған ортаға әсер ететін қауіпті құрамдас бөліктерден тұруы мүмкін. Бұл қаулы мұндай құрылғының қайта дұрыс жұмыс істемеуіне және қоймалануына байланысты қауіптіліктің алдын алуға мүмкіндік береді.

ПАЙДАЛАНУ

Сіңіргішті басқару

Сіңіргішті басқару панелі 4-суретте көрсетілген және еске түсіру үшін төменде келтірілген:

graph TD A["2"] --> B["4"] B --> C["5"] C --> D["6"] E["1"] --> F["3"] F --> G["8"] G --> H["7"] I["2"] --> J["7"]

Құрылғы ишараттарды басқару қадағаларымен жабдықталған:

1- Жарықтандыруды қосуға/сөндіруге жауапты қозғалыс қадағасы 2- Құрылғының жылдамдығын өзгертуге жауапты қозғалыс қадағалары

Басқару панелі сенсорлармен жабдықталған. Олардың атқарымдары төменде сипатталған:

3- Таймердің сенсоры (сорып шығарудың іркіліспен сөнуі) 4- Минималды жылдамдық - Бұл жылдамдықты өте көп мөлшердегі бу болған жағдайда пайдаланыңыз. 5- Орташа жылдамдық - Бұл жылдамдықты будың орташа мөлшерінде пайдаланыңыз, мысалы, бірнеше тағамды бір уақытта дайындағанда. 6- Максималды жылдамдық - Бұл жылдамдықты будың максималды мөлшерінде пайдаланыңыз, мысалы, қуыру немесе грильде пісіру кезінде. 7- Ишараттарды басқаруды белсендіру және әлсіретуге арналған сенсор 8- Жарықтандыруды басқару сенсоры

Құрылғыны қуат көзіне қосқаннан кейін сорып шығару қысқа дыбыстық сигнал шығарады және барлық сенсорлар бір сәтке жанады.

Құрылғының турбинасын қосу үшін 1, 2 немесе 3 сенсорына қол тигізіңіз. Турбинаны өшіру белсенді жылдамдық сенсорына қол тигізгеннен кейін жүреді.

Жарықтандыруды қосу үшін сенсорына қол тигізіңіз.

Жарықтандыруды сөндіру үшін °сенсорына тағы да қол тигізіңіз.

Жарықтандыру сорғыштың қозғалтқышына қарамастан әрекет етеді.

Бұл атқарым сорғыштың моторын кідіртіп сөндіруге арналған. Орынжайдағы ауаны булардан тазарту үшін, ас әзірлеп болғаннан кейін осы атқарымды қолданыңыз. Қозғалтқыш 15 минуттан кейін өшіріледі. Кідіріс функциясын қосу үшін, сорып шығару жұмыс істеп тұрған кезде кез келген жылдамдықта ғсенсорына бір рет қол тигізу қажет. Сенсор жыпылықтай бастайды. Кідіріс функциясын өшіру үшін, ерікті уақыт сәтінде қайтадан ғсенсорына қол тигізіңіз, сонымен бірге ғсенсоры жыпылықтауын тоқтатады. Бұл функция жарықтандыруды сөндірмейді.

Ишараттарды басқару

Ишараттарды басқару функциясын қосу/өшіру үшін, сенсорына қол тигізіңіз, символ жарықтандырылады.

Ишараттарды пайдалана отырып, Сіз турбинаның жылдамдығын және сорып шығарудың жарықтандыруын басқара аласыз. Ишараттарды басқару функциясы белсенді болған кезде, Сіз сондай-ақ құрылғыны дәстүрлі әдіспен тиісті сенсорлардың көмегімен басқара аласыз.

Сіз басқару панелінің бетінен шамамен 3-10 см арақашықтықта алақанмен қозғалыстар жасаған кезде ишараттарды басқару дұрыс жұмыс істейді.

Назар аударыңыз: Турбинаның жылдамдығын басқару кезінде қолдың қозғалысы екі қозғалыс қадағасын қамтуы тиіс (4-сур., 2-жайғ.), немесе қол жарықтандыруды басқару қадағасының шекарасында қозғалмай тұруы тиіс (4-сурет, 1-жайғ.).

Белгілі бір функцияны қосу (мысалы, 3-жылдамдықты) қолды бірнеше рет қозғалтуды қажет еткен жағдайда, кері қозғалысты басқару панелінен үлкен арақашықтықта немесе қадағаларды айналып өте жасау қажет). Алақанның қозғалысы аса жылдам болмауы тиіс. Біржолғы ишарат шамамен 1 секундқа созылғандығы дұрыс.

graph TD A["Device"] --> B["Hand 1"] A --> C["Hand 2"] B --> D["Red Arrow Right"] C --> E["Red Arrow Down"] D --> F["Arrow Up"] E --> G["Arrow Down"]

Құрылғының турбинасын қосу үшін немесе оның жылдамдығын арттыру үшін, алақанды солдан оңға қарай бірнеше рет сипап өту керек. Белсенді жылдамдық сенсоры қолдың әрбір қозғалысы кезінде жарықтандырылады.

Hansa OMP6553BGH - Ишараттарды басқару - 2

Құрылғының турбинасын сөндіру үшін немесе оның жылдамдығын азайту үшін, алақанды 1-сенсор жарықтанғанша, бірнеше рет оңнан солға қарай сипап өту керек. Тағы бір рет алақанмен сипап өтіңіз, сорып шығару қозғалтқышы толығымен сөнеді (ишараттарды басқару функциясы бұрынғыдай белсенді болады)

0 2 2 0 4 1

Жарықтандыруды қосу немесе өшіру үшін, панель ортасының жанына (1 жазбасы бар қадағасының астынан) қолды 2 секундқа қойыңыз. 🌿символы жарықтандырылады.

Сорғыштың жұмысы туралы өзге маңызды ақпарат

Сіңіргіш-сүзгі ретіндегі жұмысы: Бұл нұсқада әдетте сүзілген ауа осы арнайы бейімделген саңылау арқылы орынжайға кері қайтарылады. Осы тәртіпте жұмыс істеу үшін бұрыштық сүзгі орнатылуы тиіс, сондай-ақ шығарушы ауа өткізгішті орнатуға кеңес беріледі (қолжетімдігі үлгіге байланысты, ең алдымен, сорғыш шкафтарда кездеседі).

Ауа шығару тәртібінде жұмыс істеу: Ауаны шығару тәртібінде асүй сүзгісі арнайы ауа өткізгіш жәрдемімен жайдан сыртқа ластанған асүй ауасын шығарып тастайды. Осы жағдайда сүзгіден көмір сүзгісін шығарған дұрыс. Мамандандырылған дүкендерде сатып алуға болатын тиісті бекіту қапсырмаларымен және 150 мм немесе 120 мм диаметрлі иілгіш немесе пластикалық сала көмегімен ауаны шығару үшін тесікке сүзгі қосылады. Қосуды тек білікті мамандар ғана орындай алады.

Желдеткіштің жылдамдығы: Шағын және орта жылдамдық қалыпты шарттар және булардың төмен концентрациясы кезінде қолданылады, максимальды жылдамдық ас үйде булардың жоғары концентрациясы кезінде ғана қолданылады, мысалы, қуыру немесе гриль қолдану уақытында.

Ескертпе (әмбебап сорғыштарға ғана қатысты): Әмбебап сорғыштардың құрылымы жұмыс тәртібін қолмен өзгертуді талап етеді. Өзгерту әдісі 8-суретте көрсетілген.

Ескертпе (телескоптық және кіріктірме сорғыштарға ғана қатысты): Шкафтағы телескоптық және салып қойылған сіңіру тәртібінде істейтін сүзгілер ауаның қайтуы үшін құбырды қосуды талап етеді. Құбырдың екінші соңын жайға бағыттаңыз, сол арқылы тазартылған ауа шығады.

Назар аударыңыз: Аспалы сорғыштар иістерді сіңіру тәртібінде ғана әрекет етеді.

ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМ

Консервациялау

Үдайы тазалау және консервациялау асүй сүзгісінің сенімді және жалғастыру жұмысына кепілденеді. Өндірушінің ұсыныстарына сәйкес алюминді май тұтқы немесе көмір сүзгілерін ауыстыруға ерекше назар аудару қажет.

  • Қатты дымқыл шүберектерді немесе жөкелерді қолдануға, сонымен қатар суды сорғалатып сүзгіні жууға тыйым салынады.
  • Тазалау үшін спиртті және ерітінді құралдарын қолдануға тыйым салынады, себебі олар үстіңгі (тот баспайтын) лакталған лайлануды келтіреді.
  • Тот баспайтын болаттан үстіңгі тазалау үшін агрессивті жуу құралдарын қолдануға тыйым салынады.
  • Қатты шүберектерді және жөкелерді қолдануға тыйым салынады.
  • Бейтарап жуу құралдарын қолданумен ылғалды матамен тазалау ұсынылады.

Назар аударыңыз: Ыдыс жуу машинасында алюминді сүзгіні бірнеше рет жуғаннан кейін, оның түсі өзгеруі мүмкін. Түсті өзгерту жарамсыздықты немесе оны ауыстыру қажеттілігін білдірмейді.

Май аулағыш сүзгі

Май түтқы сүзгісін жұмсақ жуу құралдарын немесе сұйық сабынды қолданумен ыдыс жуу машиналарында немесе қолмен сүзіндінің қалыпты жұмысы кезінде айына бір рет тазалау қажет.

Май түтқы сүзгілерін бөлшектеу 5-суретте көрсетілген.

Кейбір үлгілерде акрилдік сүзгілер қолданылады. Жиі қолдану жағдайында оны 2 айда немесе жиірек ауыстыру қажет.

Бұрыштық сүзгі

Көмір сүзгісі желдеткіш ауа өткізгішіне сүзінді қосылған жағдайда қолданылады. Белсендірілген көмір сүзгілері толық қанықтырғанға дейін иістерді сіңіреді. Осындай сүзгіні жууға, регенерациялауға болмайды, егер сүзінді жиі жұмыс істесе, ластану дәрежесіне қарай 3-4 айда бір рет немесе жиірек ауыстыру қажет.

Көмір сүзгісін бөлшектеу 6-суретте көрсетілген.

Жарықтандыру

Зауыттық орнату шамдары сияқты қыздыру / галоген / диодты үлгілердегі шамдарды қолдану. Шамдарды ауыстыру 7-суретте көрсетілген. Егер осы нұсқаулықта ондай сурет болмаса, жарықтандыру модулін авторластырған сервистік орталық ғана ауыстыра алады.

Кепілдік қызмет көрсету ережесі кепілдік талонында баяндалған. Өндіруші кір жуғыш машинасын тиісті түрде қолданбау нәтижесінде келтірілген қандай да бір залал үшін жауапкершілік тартпайды.

Сервис

  • Жабдықты өндіруші барлық жөндеу және реттеу жұмыстарын өндірушінің зауыттық сервистік қызметінің немесе авторластырылған сервистік қызметінің орындауына кеңес береді. Қауіпсіздік ережелерін негізге ала отырып, құрылғыны өз бетінше жөндеуге болмайды.
  • Құрылғыны қажетті біліктілігі жоқ тұлғалардың жөндеуі пайдаланушы үшін маңызды қауіп төндіруі мүмкін.
  • Өндіруші, импорттаушы немесе уәкілетті өкілдің құрылғыға беретін ең аз кепілдік мерзімі кепілдік талонында көрсетілген.
  • Құрылғы өз бетінше бейімдеу, өзгерістер енгізу, пломбаларды немесе басқа да жабдықтарды немесе оның бөліктерін қорғау шараларын бұзу, сондай-ақ пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес келмейтін жабдыққа өз бетінше араласу нәтижесінде өз кепілдігін жоғалтады.

Ақауланған жағдайда жөндеуге және көмекке өтінім білдіру

Егер құрылғыны жөндеу қажет болса, сервистік орталыққа жүгініңіз. Сервистік орталықтың мекенжайы және байланыс телефоны кепілдік талонда көрсетілген. Қолданудың алдында құрылғының сериялық нөмірін дайындау қажет, ол зауыттық тактайшада көрсетілген. Ыңғайлы болу үшін оны төменде жазыңыз:

Өндірушінің мәлімдемесі

Осымен өндіруші түрмыстық аспабының төменде көрсетілген негізгі талаптар мен басшылықтарына сәйкес келеді деп куәландырады;

• төменвольтті жабдықтар директивасы 2014/35/EC, - электромагниттік үйлесімділік директивасы 2014/30/ЕС, - қоршаған ортаны жобалау директивасы 2009/125/ЕС, • „төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі үшін” талап ТР ТС 004/2011, - „техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі” талап ТР ТС 020/2011

Аспап 456 сәйкестік белгісімен таңбаланады, және оған нарықты бақылау мекемелерге ұсынылатын сәйкестік сертификаты беріледі.

Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : Hansa

Модель : OMP6553BGH

Санат : сорғыш