OMP6251BGH - сорғыш Hansa - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз OMP6251BGH Hansa PDF форматында.

Hansa OMP6251BGH - сорғыш
📄 128 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice Hansa OMP6251BGH - page 66
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түрі Ас үй сорғышы
Бренд Hansa
Модель OMP6251BGH
Орнату түрі Қабырғаға орнатылатын (мұржа сорғышы)
Бақылау элементтері Итеру түймелері
Жылдамдық саны 3 (Төмен, Орта, Жоғары) + Өшіру
Жарықтандыру Тәуелсіз қосу/өшіру қосқышы; қыздыру/галоген/ЖШД модульдері
Сүзгі түрі Алюминий май сүзгісі (жүуге болады); белсенді көмір сүзгісі (ауыстырылатын)
Май сүзгісін тазалау Ай сайын ыдыс жуғышта немесе қолмен жұмсақ жуғыш затпен
Көмір сүзгісін ауыстыру Әр 3-4 ай сайын немесе қарқынды пайдалану кезінде жиірек
Ауа шығару режимі 120/150 мм құбыр арқылы сыртқа шығарылады
Ауа рециркуляциясы режимі Белсенді көмір сүзгісін қажет етеді; сүзілген ауа бөлмеге қайтарылады
Кернеу 220-240 В (әдеттегі, тақтайшаны тексеріңіз)
Жиілік 50/60 Гц
Қуат тұтыну Көрсетілмеген; әдетте 200-300 Вт
Шу деңгейі Көрсетілмеген
Материал Тот баспайтын болат (әдеттегі)
Сертификаттар CE, UKCA
Кепілдік Кепілдік картасы бойынша ең аз кепілдік мерзімі
Жөндеу Уәкілетті қызмет көрсету орталығы жүргізуі керек
Қауіпсіздік ескертулері Ашық оттың астында қолданбаңыз; қуыруды қадағалаңыз; тазалау алдында ажыратыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар - OMP6251BGH Hansa

Май сүзгісін қаншалықты жиі тазалау керек?
Май сүзгісін айына кемінде бір рет тазалау керек. Оны ыдыс жуғышта немесе қолмен жұмсақ жуғыш зат немесе сұйық сабынмен жууға болады.
Белсенді көмір сүзгісін қалай ауыстырамын?
Көмір сүзгісін әр 3-4 ай сайын немесе сорғыш қарқынды пайдаланылса, жиірек ауыстыру керек. Оны жууға немесе қайта пайдалануға болмайды. Бөлшектеу нұсқауларын нұсқаулықтағы 6-суреттен қараңыз.
Сорғышты құбырсыз қолдануға бола ма?
Иә, сорғыш ауа рециркуляциясы режимінде жұмыс істей алады. Бұл режимде иісті сіңіру үшін белсенді көмір сүзгісін орнату керек. Сүзілген ауа бөлмеге қайтарылады.
Шамдарды қалай ауыстырамын?
Зауытта орнатылғандай бірдей сипаттамадағы қыздыру, галоген немесе ЖШД модульдерін пайдаланыңыз. Ауыстыру нұсқаулары үшін нұсқаулықтағы 7-суретке жүгініңіз. Егер қол жетімді болмаса, уәкілетті қызметке хабарласыңыз.
Жылдамдық параметрлері не үшін?
Төмен жылдамдық - аз буы бар жеңіл пісіру үшін, орта жылдамдық - бірнеше тағам үшін, жоғары жылдамдық - қарқынды буы бар қуыру немесе гриль үшін.
Сорғышты газ плитасының үстінде қолдану қауіпсіз бе?
Иә, бірақ техникалық парақта көрсетілген орнату қашықтығын сақтаңыз. Егер газ плитасының нұсқаулары үлкенірек қашықтықты талап етсе, оны сақтау керек. Сорғыштың астында ешқашан ашық отты қалдырмаңыз.
Кепілдік мерзімі қандай?
Ең аз кепілдік мерзімі құрылғымен бірге берілген кепілдік картасында көрсетілген. Нақты ақпаратты кепілдік картасынан қараңыз немесе қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Ескі құрылғыны қалай жою керек?
Оны тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Жергілікті ережелерге және ЕО 2012/19/EU директивасына сәйкес электр және электрондық жабдықтарды жинау орталығына апарыңыз.
Балалар сорғышты пайдалана ала ма?
8 жас және одан үлкен балалар сорғышты қадағалаумен және қауіпсіз пайдалану жөнінде нұсқау алумен пайдалана алады. Балалар құрылғымен ойнамауы керек. Тазалау және техникалық қызмет көрсетуді балаларға қадағалаусыз жүргізуге болмайды.
Қуат сымы зақымдалса, не істеу керек?
Қуат сымын қауіпті жағдайларды болдырмау үшін мамандандырылған қызмет көрсету орталығы ауыстыруы керек. Жөнделгенге дейін құрылғыны пайдаланбаңыз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы OMP6251BGH Hansa

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз сорғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз OMP6251BGH - Hansa және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. OMP6251BGH брендінің Hansa.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ OMP6251BGH Hansa

Бүгіннен бастап күнделікті міндеттер анағұрлым жеңілденетін болады. Hansa құрылғысы – бұл айтарлықтай оңай пайдалану мен керемет тиімділіктің үйлесімі. Нұсқаулықты оқып шыққаннан кейін қызмет көрсету еш қиындық тудырмайды.

Зауыттан шығарылған жабдық қапталар алдында бақылау-сынау стендтерінде қауіпсіздік және атқарымдылық тұрғысынан мұқият тексерілді.

Дұрыс қызмет көрсетпеуінің алдын алу үшін ас үй сорғышын қосар алдында аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен мұқият оқып танысу керек. Нұсқаулықта көрсетілген нұсқауларды сақтау Сіздің плитаны дұрыс пайдаланбауыңыздың алдын алады. Нұсқаулықты сақтаған дұрыс және оны әрдайым қол астында болатын орындарда ұстаған жөн.

Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін, жұмысты нұсқаулық бойынша бастаңыз.

Құрметпен

Hansa OMP6251BGH - 1

Hansa

Haushaltsgeräte

ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ БОЙЫНША НҰСҚАУЛАР

  • Сүзгіні қолданар алдында, пайдалану бойынша осы нұсқауды зер салып оқыңыз
  • Құрылғы тек тұрмыстық мақсатта ғана қолдануға арналған.
  • Өндіруші құрылғы құрылымына қызметіне әсер етпейтін өзгерістерді енгізуге құқылы.
  • Өндіруші осы нұсқаудағы ұсыныстарды қадағаламау нәтижесінде аспапты дұрыс пайдаланбаудан туындаған болуы мүмкін зақымдарға, жануға немесе өртке жауап бермейді.

- Асүй сүзгісі асүй иістерін және булануын жою үшін қызмет етеді. Басқа да мақсаттар үшін қолдануға тыйым салынады.

- Буру тәртібінде жұмыс істеп тұрған сүзгіні, тиісті желдеткіш каналына қосу қажет (жану құрылғылары қосылған қаналушы ауа өткізгіштерге, түтіндіктерге немесе желдету шахталарына қосуға тыйым салынады). Сүзгі үшін ауаның сыртқа қайтуымен ауа өткізгішті орнату қажет. Ауа өткізгіштің ұзындығы (көбінесе Ø 120 мм-лік немесе 150 мм-лік құбыр) 4-5 м-ден артық болмауы тиіс. Ауа өткізгіш сіңіру режиміндегі телескопиялық және жиһаздық сіңіргіштерде де талап етіледі.

- Сорып алу тәртібінде жұмыс істейтін сүзгілер үшін белсендірілген көмірмен сүзгі орнату қажет. Осы жағдайда ауа сыртқа қайтарумен ауа өткізгішті орнату қажеттілігі жоқ, бірақ ауаны қайтаруды реттегіш құрастыру ұсынылады (тек ағынды сүзгі).

- Сүзгіш желдеткіш жұмысының бірнеше жылдамдығынан біреуін таңдау мүмкіндігімен тәуелсіз жарықпен және сүзгіш желдеткішімен жабдықталған.

- Құрылғының нұсқасына байланысты сүзгіш газ немесе электрлік плита үстінен вертикаль қабырғаларына (ағынды және жан-жақты сүзгіштер); газ немесе электр плита үстінен төбесіне (аралдық сүзгіштер); газ немесе электрлік плита үстінен вертикаль қабырғасына шкафқа (телескоптық немесе шкафқа салып қоятын) тұрақты құрастыру үшін арналған. Құрастыру алдында Сізбен сатып алынған сүзгішті қабырға/төбе ұстай алатынына көз жеткізу қажет. Сүзгіштің кейбір үлгілері өте ауыр.

- Электрлік плитаның үстінен құрылғыны құрастыру биіктігі өнім төлқұжатында көрсетілген (құрылғының техникалық ерекшелігі). Газ жабдықтарын орнату жөніндегі нұсқаулықта ұзақ қашықтық көрсетілген болса, бұны ескеру керек (1 суреті).

- Асүй сүзгіштің астында плитадан кастрөлді алу уақытында ашық отты ашық қалдыруға тыйым салынады, алаудың ең төмендігін реттеу керек. Қуаттың орынсыз шығынына және заттың қауіпті шоғырлауына келтіретін болғандықтан, ыдыс-аяқтардың шектен тыс шықпауы үшін алауды ескеріңіз.

- Үлкен мөлшерлі маймен немесе сарымаймен ас әзірлеу кезінде плитаны қараусыз қалдыруға болмайды. Қызған май немесе сарымай өздігінен тұтануы және сүзгіштің жануына келтіруі мүмкін.

- Әр жолы тазалау, сүзгіні ауыстыру немесе жөндеу алдында қоректендіру көзінен сүзгішті ажыратыңыз.

- Асүй сүзгішіне арналған майтұтқы сүзгіні айына 1 рет тазалау қажет, себебі майға қаныққан сүзгі жеңіл тұтанылады.

- Сүзгіш орнатылған жайда басқа электрлік емес аспаптарды пайдалану (мысалы, сұйық отындықтажұмыс істейтін пештер, қазандықтар, бойлер немесе ағынды су жылытқыштар), жеткілікті желдеткіштерді қамтамасыз ету қажет. Егер токты ажырату 0,004 мбар аспаған жағдайда ғана осы құрылғыларды орнату

орнында жану құрылғысы бөлме ауасына байланысты және сүзгіштің бір уақытта жұмыс істеуі кезінде пайдалану қауіпсіздігі мүмкін (иістерді сіңіргіш ретінде асүй сүзгіштері қолданылса осы шарттар міндеттелмейді).

  • Асүй сүзгішіне білекпен тірелуге тыйым салынады.
  • Сіңіргіш осы нұсқаулықта көрсетілген консервацияға қатысты нұсқауларды ұстана отырып, ішінен де, сыртынан да жиі (АЙЫНА БІР РЕТТЕН СИРЕКТЕТПЕЙ) тазартылуы тиіс. Сіңіргішті тазартуға және сүзгіштерді ауыстыруға қатысты қағидаттарды ұстанбау, өрт шығу қаупінің туындауына себеп болады.
  • Электрлік сымында ақау болған жағдайда оны тек арнайы маманданған жөндеу шеберханасында алмастыру керек.
  • Қос полюсті ажыратқыш немесе розеткадан электр өткізгішін созып тұру көмегімен қоректендіруші желіден аспапты ажырату мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет.
  • Балаларға және дене, мануальды және ақыл-ой мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға, олар оқытылғанға және аспапты пайдалану бойынша нұсқаумен таныстырылғанға дейін аспапты қолдануға рұқсат бермеңіз.
  • Балалар ата-ананың қарауынсыз қалғанда, балалардың құрылғыны қолдана алмайтынына ерекше назар аудару қажет.
  • Асүй сүзіндісінің зауыттық қалқаншасында көрсетілген қуатына желідегі қуаттың сәйкес келуіне көз жеткізіңіз.
  • Сүзіндіні орнатар алдында электрлік қоректендіру сымын тарқатып алу және түзету қажет.
  • Орау материалдарын (полиэтиленді қаптар, пенопласт бөлшектері және т.б.) құрылғыны ашу үрдісі кезінде балалардан алыс ұстау керек.

- Сіңіргішті желілік қуат көзіне қосар алдында қуат кабелінің дұрыс орнатылғанын және монтаждау жұмыстары барысында сіңіргішпен ҚЫСЫЛМАҒАНЫН тексеріп алған жөн. Құрылғыны орнату аяқталғанға дейін электр желісіне қоспаңыз.

- Май ұстайтын алюминийлі сүзгіштері орнатылмаған сіңіргіштерді пайдалануға тыйым салынады.

- Ашық отты пайдаланумен сүзінді астында ас әзірлеуге қатаң тыйым салынады.

- Пайдаланылған газды бұру үшін қажетті техникалық құралдарды және қауіпсіздік құралдарын қолдану саласында құзыретті жергілікті органдармен берілген ережелерді қатаң қадағалау керек.

- Осы нұсқауда көрсетілген соңына дейін бүркелмеген бұрамалар және бекітілмеген элементтер өмір және денсаулық үшін қауіптілік туындауы мүмкін.

- Аспалы сіңіргіштер иістерді сіңіру режимінде ғана жұмыс істейді.

- ЕСКЕРТУ! Бұрандаларды немесе бекіту құрылғысын осы нұсқауларға сәйкес орнатпау электрлік қауіптерге әкелуі мүмкін.

- Осы құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы балалар, сонымен қатар шектеулі дене, сипапсезу және ақыл-ой қабілеттері бар адамдар, жабдықты қолдануға тәжірибесі және білімі жоқ адамдар, егер олар үздіксіз бақылауда болған жағдайда немесе жабдықты қауіпсіз қолдану бойынша нұсқаулар алған және осы құрылғыны пайдаланумен байланысты ықтимал қауіптілік туралы құлақтандырылған жағдайда ғана, қолдануға болады. Балаларға аспаппен ойнауға болмайды. 8 жасқа дейінгі балаларға және құзыретті тұлғаның бақылауынсыз аспапты тазалауға және оған техникалық қызмет көрсетуге болмайды.

ОРАУДАН АШУ

Hansa OMP6251BGH - ОРАУДАН АШУ - 1

Құрылғыны тасымалдау кезінде зағымдалудан қорғау қарастырылған. Құрылғыны ашқаннан кейін орау элементтерін қоршаған ортаны ластамай жинаңыз. Орау үшін қолданылған барлық материалдар, қоршаған ортаға зиянсыз 100% қайта өңделе алады, сәйкес

символмен таңбалауға ие.

Назар аударыңыз! Орау материалдарын (полиэтиленді қаптар, пенопласт бөлшектері және т.б.) құрылғыны ашу үрдісі кезінде балалардан алыс ұстау керек.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ

Hansa OMP6251BGH - ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ - 1

Бұл құрылғы 2012/19/ЕС директивасына сәйкес келеді. Бұл таңбалау құрылғыны пайдаланудан кейін басқа тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға болмайтындығын хабарлайды.

Пайдаланушы құрылғыны қолданыста болған электр және электронды құрылғыларды жинайтын орындарға тапсыруға

міндетті. Қалдықтарды жинаушылар, жинау пункттері, дүкендер және бөлімшелер бұл құрылғыны тапсыруға мүмкіндік беретін жүйені құрайды.

Пайдалануда болған электр және электронды құрылғылардың құрамындағы қауіпті элементтер адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін. Бұл қаулы мұндай құрылғылардың қайта дұрыс жұмыс істемеуіне және қоймалануына байланысты қауіптіліктің алдын алуға мүмкіндік береді.

ПАЙДАЛАНУ

Сіңіргішті басқару

Сіңіргішті басқару панелі 4-суретте көрсетілген және еске түсіру үшін төменде келтірілген:

1 2 3 4

Басқару панелі түймелермен жабдықталған (isostat).

Сүзіндіні қосу үшін, тиісті түймені басу арқылы төменде сипатталған жылдамдық режимдерінің бірін таңдаңыз:

1- Ең төмен жылдамдық. Осы жылдамдықты булардың онша көп емес мөлшерінде қолданыңыз. 2- Орташа жылдамдық. Осы жылдамдықты булардың орташа мөлшерінде қолданыңыз, мысалы, бірнеше тағамды бір уақытта әзірлеген кезде. 3- Ең жоғары жылдамдық. Осы жылдамдықты булардың ең жоғары мөлшерінде, мысалы, қуырған кезде немесе грильде ас әзірлеген кезде. 4- Сүзіндіні сөндіру

🚫 белгісімен белгіленген түйме жарықтандыруды қосуға немесе сөндіруге арналған. Сүзіндідегі жарықтандыру жылдамдық режиміне қарамастан жұмыс істейді.

Сорғыштың жұмысы туралы өзге маңызды ақпарат

Сіңіргіш-сүзгі ретіндегі жұмысы: Бұл нұсқада әдетте сүзілген ауа осы арнайы бейімделген саңылау арқылы орынжайға кері қайтарылады. Осы тәртіпте жұмыс істеу үшін бұрыштық сүзгі орнатылуы тиіс, сондай-ақ шығарушы ауа өткізгішті орнатуға кеңес беріледі (қолжетімдігі үлгіге байланысты, ең алдымен, сорғыш шкафтарда кездеседі).

Ауа шығару тәртібінде жұмыс істеу: Ауаны шығару тәртібінде асүй сүзіндісі арнайы ауа өткізгіш жәрдемімен жайдан сыртқа ластанған асүй ауасын шығарып тастайды. Осы жағдайда сүзіндіден көмір сүзгісін шығарған дұрыс. Мамандандырылған дүкендерде сатып алуға болатын тиісті бекіту қапсырмаларымен және 150 мм немесе 120 мм диаметрлі иілгіш немесе пластикалық сала көмегімен ауаны шығару үшін тесікке сүзінді қосылады. Қосуды тек білікті мамандар ғана орындай алады.

Желдеткіштің жылдамдығы: Шағын және орта жылдамдық қалыпты жағдайларда және булардың төмен концентрациясы кезінде қолданылады, максималды жылдамдық ас үйде булардың жоғары концентрациясы кезінде ғана қолданылады, мысалы, қуыру немесе гриль қолдану уақытында.

Ескертпе (әмбебап сорғыштарға ғана қатысты): Әмбебап сорғыштардың құрылымы жұмыс тәртібін қолмен өзгертуді талап етеді. Өзгерту әдісі 8-суретте көрсетілген.

Ескертпе (телескоптық және кіріктірме сорғыштарға ғана қатысты): Шкафтағы телескоптық және салып қойылған сіңіру тәртібінде істейтін сүзгілер ауаның қайтуы үшін құбырды қосуды талап етеді. Құбырдың екінші соңын сыртқа бағыттаңыз, сол арқылы тазартылған ауа шығады.

Назар аударыңыз: Аспалы сорғыштар иістерді сіңіру тәртібінде ғана әрекет етеді.

ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ

Консервациялау

Үнемі тазалау және консервациялау асүй сорғышының сенімді және ұзақ жұмысына кепілдік береді. Өндірушінің ұсыныстарына сәйкес алюминий май тұтқыш немесе көмір сүзгілерін ауыстыруға ерекше назар аудару қажет.

  • Қатты дымқыл шүберектерді немесе жөкелерді қолдануға, сонымен қатар суды сорғалатып сорғышты жууға тыйым салынады.
  • Тазалау үшін спиртті және еріткіш құралдарды қолдануға тыйым салынады, себебі олар үстіңгі (тот баспайтын) лакталған қабаттың бұзылуына әкеледі.
  • Тот баспайтын болаттан жасалған үстіңгі бетті тазалау үшін агрессивті жуу құралдарын қолдануға тыйым салынады.
  • Қатты шүберектерді және жөкелерді қолдануға тыйым салынады.
  • Бейтарап жуу құралдарын қолданып, ылғалды матамен тазалау ұсынылады.

Назар аударыңыз: Ыдыс жуу машинасында алюминий сүзгіні бірнеше рет жуғаннан кейін, оның түсі өзгеруі мүмкін. Түстің өзгеруі жарамсыздықты немесе оны ауыстыру қажеттілігін білдірмейді.

Май аулағыш сүзгі

Май тұтқыш сүзгіні жұмсақ жуу құралдарын немесе сұйық сабынды қолданып, ыдыс жуу машинасында немесе қолмен сорғыштың қалыпты жұмысы кезінде айына бір рет тазалау қажет.

Май түтқы сүзгілерін бөлшектеу 5 суретте көрсетілген.

Кейбір үлгілерде акрилдық сүзгілер қолданылады. Жиі қолдану жағдайында оны 2 айда немесе жиірек ауыстыру қажет.

Бұрыштық сүзгі

Көмір сүзгісі желдеткіш ауа өткізгішіне сүзінді қосылған жағдайда қолданылады. Белсендірілген көмір сүзгілері толық қаныққанға дейін иістерді сіңіреді. Осындай сүзгіні жууға, регенерациялауға болмайды, егер сүзінді жиі жұмыс істесе, ластану дәрежесіне қарай 3-4 айда бір рет немесе жиірек ауыстыру қажет.

Көмір сүзгісін бөлшектеу 6 суретте көрсетілген.

Жарықтандыру

Зауыттық орнату шамдары сияқты қыздыру / галоген / диодты үлгілердегі шамдарды қолдану. Шамдарды ауыстыру 7 суретте көрсетілген. Егер осы нұсқаулықта ондай сурет болмаса, жарықтандыру модулін авторластырылған сервистік орталық ғана ауыстыра алады.

Кепілдік қызмет көрсету ережесі кепілдік талонында баяндалған. Өндіруші кір жуғыш машинасын тиісті түрде қолданбау нәтижесінде келтірілген қандай да бір залал үшін жауапкершілік тартпайды.

Сервис

  • Жабдықты өндіруші барлық жөндеу және реттеу жұмыстарын өндірушінің зауыттық сервистік қызметінің немесе авторластырылған сервистік қызметінің орындауына кеңес береді. Қауіпсіздік ережелерін негізге ала отырып, құрылғыны өз бетінше жөндеуге болмайды.
  • Құрылғыны қажетті біліктілігі жоқ тұлғалардың жөндеуі пайдаланушы үшін маңызды қауіп төндіруі мүмкін.
  • Өндіруші, импорттаушы немесе уәкілетті өкілдің құрылғыға беретін ең аз кепілдік мерзімі кепілдік талонында көрсетілген.
  • Құрылғы өз бетінше бейімдеу, өзгерістер енгізу, пломбаларды немесе басқа да жабдықтарды немесе оның бөліктерін қорғау шараларын бұзу, сондай-ақ пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес келмейтін жабдыққа өз бетінше араласу нәтижесінде өз кепілдігін жоғалтады.

Ақауланған жағдайда жөндеуге және көмекке өтінім білдіру

Егер құрылғыны жөндеу қажет болса, сервистік орталыққа жүгініңіз. Сервистік орталықтың мекенжайы және байланыс телефоны кепілдік талонда көрсетілген. Қолданудың алдында құрылғының сериялық нөмірін дайындау қажет, ол зауыттық тақтайшада көрсетілген. Ыңғайлы болу үшін оны төменде жазыңыз:

Өндірушінің мәлімдемесі

Осымен өндіруші тұрмыстық аспабының төменде көрсетілген негізгі талаптар мен басшылықтарға сәйкес келетінін куәландырады:

• төмен вольтті жабдықтар директивасы 2014/35/EC, - электромагниттік үйлесімділік директивасы 2014/30/ЕС, - қоршаған ортаны жобалау директивасы 2009/125/ЕС, • „төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі үшін“ талап ТР ТС 004/2011, - „техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі” талап ТР ТС 020/2011

Аспап сәйкестік белгісімен таңбаланады, және оған нарықты бақылау мекемелеріне ұсынылатын сәйкестік сертификаты беріледі.

Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : Hansa

Модель : OMP6251BGH

Санат : сорғыш