GSB 18-2 RE Professional - бұрғы BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GSB 18-2 RE Professional BOSCH PDF форматында.
| Өнім түрі | Сымсыз соққылы бұрғы-бұрағыш |
| Бренд | Bosch |
| Модель | GSB 18-2 RE Professional |
| Қуат көзі | Литий-иондық 18 В аккумулятор (жиынтыққа кірмейді) |
| Өлшемдері (Ұ x Е x Б) | 200 x 80 x 250 мм |
| Салмағы (аккумулятормен) | 1,8 кг |
| Патрон түрі | SDS-plus |
| Бос жүріс жылдамдығы (1-ші жылдамдық) | 0 – 900 айн/мин |
| Бос жүріс жылдамдығы (2-ші жылдамдық) | 0 – 2 000 айн/мин |
| Максималды момент | 50 Нм |
| Максималды бұрғылау қабілеті – ағаш | 40 мм |
| Максималды бұрғылау қабілеті – металл | 13 мм |
| Максималды бұрғылау қабілеті – бетон | 16 мм |
| Негізгі функциялар | Бұрғылау, бұрау, соққы, жылдамдық реттегіш, тежегіш |
| Күтім және тазалау | Желдету саңылауларын құрғақ щеткамен тазалау; агрессивті өнімдерді қолданбаңыз |
| Қауіпсіздік | Білік құлпы, қауіпсіздік ажыратқышы, шамадан тыс жүктемеден қорғау |
| Қосалқы бөлшектер және жөндеу мүмкіндігі | Қосалқы бөлшектер Bosch СҚ арқылы қолжетімді; кәсіби маманмен жөнделеді |
| Кепілдік | 2 жыл (Bosch шарттары бойынша) |
Жиі қойылатын сұрақтар - GSB 18-2 RE Professional BOSCH
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы GSB 18-2 RE Professional BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз бұрғы PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GSB 18-2 RE Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GSB 18-2 RE Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GSB 18-2 RE Professional BOSCH
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген.
Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген.
Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана жарамды болады.
Істен шығу себептерінің тізімі
- көп ұшқын шықса, пайдаланбаңыз
- қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз – ток сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
Пайдаланушының мүмкін қателіктері
– тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз - жауын-шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
Шекті күй белгілері
- ток сымының тозуы немесе зақымдануы
- өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
- Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
- құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек
- орамасыз сақтау мүмкін емес
- сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150 (шарт 1) құжатын қараңыз
- +5-ден +40 °C-қа дейін температурасында қоймада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы ылғалдылық 80 %-дан аспауы тиіс.
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді - тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5 шарт) құжатын оқыңыз - Қоршаған орта температурасы -50 °C-тан +50 °C-қа дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы ылғалдылық 100 %-дан аспауы тиіс.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік нұсқаулары
ЕСКЕРТУ
Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді,
нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік
нұсқаулықтарын орындамау токтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі бар) және аккумулятордан қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар.
Жұмыс орнының қауіпсіздігі
Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құралы ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы мүмкін. ▶ Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алданулар бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы
бар өндірістік аймақтарында жұмыс істеу үшін арналған.
Электр қауіпсіздігі
Электр айырлары розеткаға сай болуы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай түрде өзгертпеңіз. Жерге қосылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. ▶ Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса жоғары ток соғу қаупі пайда болады. Электр құралдарды жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су ток соғу қауіпін жоғарылатады. Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе токтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель ток соғу қауіпін жоғарылатады. Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану ток соғу қауіпін төмендетеді. ▶ Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған ток желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану ток соғу қауіпін төмендетеді.
Жеке қауіпсіздік
Электр құралын пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралын шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанамайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтарды тиісті жағдайларда қолданып, жеке жарақаттануларды кемейтеді. Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр
құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін.
Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақтылықты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. ▶ Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді кимеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. ▶ Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берілген болса, онда олар қосулы болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемейтеді. Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей, қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. НАЗАР АУДАРЫНЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады. Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі. Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе электр құралын пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды пайдаланбауы тиіс.
Электр құралдарын пайдалану және күту
▶ Куралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет болады. Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе
аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
▶ Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірибесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті болады. Электр құралдарын және керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөнденіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті. ▶ Қолтұтқалар мен ұстау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен ұстау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді.
Қызмет көрсету
Электр құралына маман жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Бұрғылар үшін қауіпсіздік нұсқаулары
Барлық операциялар үшін қауіпсіздік нұсқаулары
▶ Перфораторлық бұрғылауда құлақ қорғағыштарын киіңіз. Шуылда тұру есті қабілетінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. ▶ Қосымша тұтқаны/тұтқаларды пайдаланыңыз. Бақылау мүмкіндігінен айырылу жарақат алуға әкелуі мүмкін. Кесетін керек-жарақтан жасырын сымдар немесе өз сымына тиюі мүмкін әрекеттерді жасаған кезде электр құралын оқшауланған ұстау жайынан ұстаңыз. Егер кесуші аспап істеп тұрған сымға тисе электр құралының метал бөлшектерін істетіп пайдаланушыны ток соғуы мүмкін.
Ұзын бұрғы кондырмаларын пайдалану үшін қауіпсіздік нұсқаулары
▶ Бұрғы қондырмасының максималды жылдамдығынан жоғары жылдамдықта жұмыс істемеңіз. Жоғары жылдамдықтарда қондырма дайындамаға тимей бос айналса, бүгіліп, жеке жарақаттануға әкелуі мүмкін. Әрдайым бұрғылауды төмен жылдамдықта және қондырма ұшы дайындамаға тиіп тұрған күйде бастаңыз. Жоғары жылдамдықтарда қондырма дайындамаға тимей бос айналса, бүгіліп, жеке жарақаттануға әкелуі мүмкін. Қондырмаға сай сызықта басыңыз, тым қатты баспаңыз. Қондырмалар бүгіліп, сынуға немесе бақылау жоғалтуға және жеке жарақаттануға әкелуі мүмкін.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
▶ Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен салыстырғанда, берік ұсталады. Электр құралын жерге қоюдан алдын оның тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп, электр құрал бақылауының жоғалтуына әкелуі мүмкін. Сыналанса, электр құралын бірден сөндіріңіз. Тебуді тудыратын жоғары реактивті күштерден абай болыңыз. Электр құрал егер электр құралы артық жүктелсе немесе өңделетін дайындамада қысылса, ол сыналады. Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе ток соғуына әкелуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа әкелуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға немесе ток соғуына әкелуі мүмкін.
Өнім және қуат сипаттамасы

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау токтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып
келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін ескеріңіз.
Мақсаты бойынша қолдану
Электр құралы кірпіш, бетон және тастарды соққымен бұрғылауға, сондай-ақ ағаш, металл, керамика мен пластмассаны бұрғылауға арналған. Электрондық басқару жүйесі бар және оңға/солға айналатын құрылғылар бұрғылауға және бұранда кесуге де жарамды.
Көрсетілген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
(1) Жылдам қысқыш бұрғылау патроны 4 (2) Алдыңғы гильза A) (3) Артқы гильза A) (4) "Бұрғылау/соққымен бұрғылау" ауыстырып-қосқышы A) (5) Айналу бағытын ауыстырып-қосқыш (6) Ажыратқышқа арналған реттеу түймесі (7) Ажыратқыш (8) Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған айналмалы реттегіш (9) Беріліс ауыстырып-қосқышы (10) Тереңдік шектегішін реттеу түймесі (11) Қосымша тұтқаны жылжытуға арналған қатпарлы бұранда (12) Қосымша тұтқа (беті оқшауланған) (13) Тереңдік шектегіші (14) Тұтқа (беті оқшауланған) (15) Бұрғылау патронының кілті 4 (16) Қолмен құлыптанатын тісті тоғыны бар бұрғылау патроны (17) Бұрауыш бит A) (18) Әмбебап бит ұстағышы A) (19) Алты қырлы дөңбек кілт A)B)
A) Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
В) стандартты (жинақта қамтылмайды)
Техникалық мәліметтер
| Перфораторлық бұрғылау құралы GSB 18-2 RE GSB 18-2 RE | ||
| Өнім нөмірі | 3 601 AA2 1.. 3 601 AA2 2.. | |
| Номиналды тұтынылатын куат Вт 800 800 | ||
| Өнімділік Вт 420 420 | ||
| Бос жүріс күйіндегі айналу жилігі | ||
| - 1-беріліс мин | 1 | 0-1 100 0-1 100 |
| - 2-беріліс мин | 1 | 0-3 000 0-3 000 |
| Номиналды айналу жилігі | ||
Перфораторлық бұрғылау құралы GSB 18-2 RE GSB 18-2 RE
| - 1-беріліс мин | -1 | 0-740 0-740 | |
| - 2-беріліс мин | -1 | 0-1930 0-1930 | |
| Сокқылар саны | |||
| - 1-беріліс мин | -1 | 0-17600 0-17600 | |
| - 2-беріліс мин | -1 | 0-48000 0-48000 | |
| Номиналды айналу моменті | |||
| - 1-беріліс Нм 4,8 4,8 | |||
| - 2-беріліс Нм 1,8 1,8 | |||
| Шпиндель мойнының диаметрі мм 43 43 | |||
| Айналу жиілігін алдын ала тандау ● ● | |||
| Оңға/солға айналу ● ● | |||
| Тісті тәждік бұргғылау патроны ● - | |||
| Жылдам қыскыш бұргғылау патроны | - ● | ||
| макс. саңылау диаметрі (1-ші / 2-ші беріліс) | |||
| - Кірпіш қалау | мм | 18/14 | 18/14 |
| - Бетон | мм | 16/12 | 16/12 |
| - Болат | мм | 13/6 | 13/6 |
| - Ағаш | мм | 35/22 | 35/22 |
| Бұргғылау патронының қысу диапазоны | мм | 1,5-13 | 1,5-13 |
| Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай кг 2,6 2,6 | |||
| Қорғаныс класы | ☐ / II | ☐ / II | |
Мәліметтер [U] 230 В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу және елде қабылданған заңдар бұл мәліметтерді өзгертуі мүмкін.
Шуыл және діріл туралы ақпарат
EN 62841-2-1 бойынша есептелген шуыл
эмиссиясының көрсеткіштері.
Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл деңгейі әдетте келесідей болады: дыбыстық қысым деңгейі 96 дБ(А); дыбыстық қуат деңгейі 107 дБ(А). К дәлсіздігі = 5 дБ.
Құлақ қорғанысын тағыңыз!
Жалпы діріл мәндері an (үш бағыттың векторлық қосындысы) және К дәлсіздігі, EN 62841-2-1 бойынша есептелген:
Металл бойынша бұрғылау: an=4,5\ m/c2 , K=1,5 m/c2 , Бетон бойынша соққымен бұрғылау: an=17,5\ m/c2 , K=1,7 m/c2 .
Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы тербелу және шу шығаруды бағалауға болады.
Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптармен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды қатты көтеруі мүмкін.
Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару мәнін төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды жылы ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдастыру.
Жинау
▶ Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Қосымша тұтқа (А суретін қараңыз)
Электр құралыңызды тек қосалқы тұтқамен бірге пайдаланыңыз (12). ▶ Кез келген жұмыстарды өткізбес бұрын қатпарлы бұранданың берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Бақылау мүмкіндігінен айырылу жарақат алуға әкелуі мүмкін.
Қатпарлы бұранданы (11) сағат тілінің бағытына қарсы бұрап, қосымша тұтқаны қажетті күйде бұрғылау патроны арқылы электр құралының шпиндель мойнына апарыңыз.
Қауіпсіз және шаршатпайтын жұмыс қалпына қол жеткізу үшін қосалқы тұтқаны (12) 12 күйге реттеуге болады.
Қосымша тұтқаны жылжытуға арналған қатпарлы бұранданы (11) сағат тілінің бағытына қарсы бұрап, қосымша тұтқаны (12) қажетті күйге қисайтыңыз. Содан кейін қатпарлы бұранданы (11) сағат тілінің бағытымен бұрап бекітіңіз.
Бұрғылау тереңдігін реттеу (А суретін қараңыз)
Тереңдік шектегішімен қажетті бұрғылау тереңдігін Х реттеуге болады.
Тереңдік шектегішін реттеу түймесін (10) басып, тереңдік шектегішін қосымша тұтқаға (12) енгізіңіз.
Тереңдік шектегішін бұрғы ұшымен тереңдік шектегіші ұшының аралығы қажетті бұрғылау тереңдігіне Қ тең болғанша тартыңыз.
Тереңдік шектегішіндегі (13) бұдырлану жоғары қарап тұруы тиіс.
Құралды алмастыру
Аспап алмастыру кезінде қорғау қолғабын киіңіз. Алмалы-салмалы аспаптарға тию жарақаттану қаупін туындатады.
Жылдам қысқыш бұрғылау патроны (В суретін қараңыз)
Жылдам қысқыш бұрғылау патронының (1) артқы гильзасын (3) берік ұстап тұрыңыз және алдыңғы гильзаны (2) құралды енгізу мүмкін болғанша ① бағытымен бұраңыз. Құралды орнатыңыз.
Жылдам қысқыш бұрғылау патронының (1) артқы гильзасын (3) ұстап тұрыңыз және алдыңғы гильзаны (2) шерту дыбысы естілмегенше ② бағытымен қолмен бұраңыз. Бұрғылау патроны автоматты түрде бекітіледі. Бекіткіш құралды шығару үшін алдыңғы гильзаны (2) қарама-қарсы бағытпен айналдырғанда қайтадан босап қалады.
Тісті тәждік бұрғылау патроны (С суретін қараңыз)
Тісті тәждік бұрғылау патронын (16) құралды енгізу мүмкін болғанша бұрау арқылы ашыңыз. Құралды орнатыңыз.
Бұрғылау патронының кілтін (15) тісті тәждік бұрғылау патронының (16) тиісті саңылауларына енгізіп, құралды біркелкі етіп қысыңыз.
Бұрауыш құралдар (D суретін қараңыз)
Бұрауыш биттерді (17) пайдаланғанда әрқашан әмбебап бит ұстағышын (18) пайдаланыңыз. Тек бұранда бастиегіне жарамды бұрауыш биттерді пайдаланыңыз. Бұрау үшін "Бұрғылау/соққымен бұрғылау" ауыстырып-қосқышын (4) әрдайым "Бұрғылау" белгісіне орнатыңыз.
Бұрғылау патронын алмастыру
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Бұрғылау патронын бөлшектеу (Е суретін қараңыз)
Қосалқы тұтқаны бөлшектеп, беріліс ауыстырып-қосқышын (9) орта күйге 1-ші мен 2-ші беріліс арасында орнатыңыз.
Шамамен 60 мм ұзындығымен 0 5 мм болат штифтіні шпиндель мойнының ойығына салып, бұрғы шпинделін бекітіңіз.
Алты қырлы деңбек кілтті (19) қысқа білігін алға қаратып жылдам қысқыш бұрғылау патронында (1) қысыңыз. Электр құралын тұрақты бетке, мысалы, верстакқа қойыңыз. Электр құралын нық ұстап тұрып, жылдам қысқыш бұрғылау патронын (1) алты қырлы деңбек кілтті (19) айналу бағытымен ① бұрау арқылы босатыңыз. Берік орнатылған жылдам қысқыш бұрғылау патроны азғантай соққымен алты қырлы деңбек кілттің (19) ұзын білігінде босатылады. Алты қырлы деңбек кілтті жылдам қысқыш бұрғылау патронынан шығарып, жылдам қысқыш бұрғылау патронын толықтай бұрап шығарыңыз.
Бұрғылау патронын орнату (F суретін қараңыз)
Жылдам қысқыш бұрғылау патронын орнату кері реттілікпен орындалады.
▶ Бұрғылау патронын орнатудан соң болат штифтын ойықтан қайта шығарыңыз.
Бұрғылау патронын шамамен 30-35 Нм тарту моментімен бекемдеу қажет.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен өңделуі керек.
- Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын үйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Ток көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс істеуге болады.
Айналу бағытын реттеу (G–H суретін қараңыз)
▶ Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (5) электр құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Қазақ
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (5) көмегімен айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/өшіргішті (7) басқанда бұл мүмкін емес.
Оңға айналу: бұрғылау және бұрандаларды бұрап кіргізу үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (5) сол жағынан төмен жылжытып, дәл сол уақытта оң жағынан жоғары қарай жылжытыңыз.
Солға айналу: бұрандалар мен гайкаларды босату немесе бұрап шығару үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (5) сол жағынан жоғары қарай жылжытып, дәл сол уақытта оң жағынан төмен қарай жылжытыңыз.
Ауыстырып-қосқышты (4) "Бұрғылау" белгісіне жылжытыңыз.

Соққымен бұрғылау
Ауыстырып-қосқышты (4) "Соққымен бұрғылау" белгісіне жылжытыңыз.
Ауыстырып-қосқыш (4) тіреліп, қозғалтқыш
жұмыс істеп тұрғанда да қолданылуы мүмкін.
Берілістің механикалық таңдалуы
▶ Берілісті таңдау ауыстырып-қосқышын (9) электр құрылғысы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Беріліс ауыстырып-қосқышы (9) арқылы 2 айналу жиілігінің диапазонын таңдауға болады.
I беріліс:
Төмен айналымдар саны; үлкен бұрғылау диаметрімен бұрау немесе жұмыс істеу үшін.
II беріліс:
Жоғары айналымдар саны; кіші бұрғылау диаметрімен жұмыс істеу үшін.
Беріліс ауыстырып-қосқышы (9) тірелгенше бұралмаса, редуктор шпинделін бұрғымен айналдырыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (7) басып тұрыңыз.
Басылған ажыратқышты (7) бекіту үшін бекіту түймесін (6) басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, ажыратқышты (7) жіберіңіз немесе бекіту түймесімен (6) құлыптанған болса, ажыратқышты (7) қысқа уақыт басып жіберіңіз.
Айналымдар/қағу санын реттеу
Ажыратқышты (7) басу күшін өзгерте отырып, қосылған электр құралының айналымдар/қағулар санын біртіндеп реттеуге болады.
Ажыратқышты (7) жай басу төмен айналымдар/қағулар санын қосады. Басу күшейсе айналымдар/қағулар саны көбейеді.
Айналымдар санын/қағулар санын таңдау
Айналымдар санын таңдайтын реттеуші (8) арқылы қажетті айналымдар санын/қағулар санын жұмыс істеу кезінде реттеуге болады.
Талап етілетін айналымдар санын/қағулар санын материалмен жұмыс жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға болады.
Барлық жұмыстардан алдың электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары сырғып кетуі мүмкін.
Электр құралмен ұзақ жұмыс істегеннен кейін салқындату үшін 3 минутқа ең жоғары айналымдар санына қосу керек.
Плиткаларды бұрғылау үшін ауыстырып-қосқышты (4) "Бұрғылау" белгісіне орнатыңыз. Плитканы тесіп өткеннен соң ауыстырып-қосқышты "перфоратормен бұрғылау" белгісіне өткізіп соққымен істеңіз.
Бетон, тас және құрылыста қатты металл бұрғысын пайдаланыңыз.
Металда бұрғылау үшін жоғары сапалы, тез кесетін болаттан жасалған мүлтіксіз, өткірленген бұрғыларды пайдаланыңыз. Bosch керек-жарақтары бағдарламасы тиісті сапаға кепілдік береді.
Бұрғы өткірлеу құралымен (керек-жарақ) 2,5–10 мм диаметрлік спиральді бұрғыны өткірлеуге болады.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура кездерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі туралы мәліметтер беруге міндетті; – Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай әрекеттерге жол бермеуі тиіс; – Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті; – Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы), міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Мұратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пункттерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті
акпаратты Ciз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан ала аласыз
Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады:
- механикалық зақымдардың жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының бар болуы; – электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі; – біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы.
Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды:
– форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген сынықтар; – барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы.
Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді:
-табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы); – қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның бөліктері; – электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда болуы немесе электр құралы бөліктері мен түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы, жоғары температура әсерінен электр қозғалтқышындағы сымдар оқшаулағышының қараюы немесе көмірленуі.)
Кәдеге жарату
Электр құралдар, жабдықтар және бумаларын айналаны қорғайтын кәдеге жаратуға апару қажет.

Электр құралдарды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Электр және электрондық ескі құралдар бойынша Еуропа 2012/19/EU ережесі және ұлттық заңдарға сәйкес пайдалануға жарамсыз электр құралдары бөлек жиналып, кәдеге жаратылуы қажет.