K57375RW - плита GORENJE - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз K57375RW GORENJE PDF форматында.

GORENJE K57375RW - плита
📄 52 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы ⚙️ Сипаттамалар
Notice GORENJE K57375RW - page 39
Нұсқаулықты қарау : Български BG Deutsch DE Қазақша KK Русский RU Українська UK
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түріЕркін тұратын электр плитасы
МодельK57375RW
БрендGorenje
ТүсАқ (RW)
СалмақШамамен 55 кг
Өлшемдері (Биіктік x Ені x Тереңдік)Шамамен 85 x 60 x 60 см
Электрмен жабдықтау230 В / 400 В, 50/60 Гц
Қосылу қуатыШамамен 10,5 кВт
Пісіру аймақтарының саны4 (2 стандартты, 2 күшті)
Пеш түріАйналымды
Пеш көлеміШамамен 65 литр
Тазалау түріЭмаль (оңай тазаланады)
Таймер функцияларыБағдарламаланатын таймер, қысқа уақыт еске салғыш, автоматты режим
ДисплейСандық (уақыт, таймер, жұмыс ұзақтығы)
БасқаруБұрылатын тетіктер және сенсорлық түймелер
ҚауіпсіздікБалалардан қорғау (міндетті емес), қызып кетуден қорғау
Керек-жарақтарПісіру табағы, гриль торы, май науасы
Қосалқы бөлшектерGorenje тұтынушыларға қызмет көрсету немесе интернет-дүкендер арқылы қолжетімді
Жөндеу мүмкіндігіТүпнұсқа бөлшектермен жөндеуге болады
Энергия тиімділігі класыA (пеш)
Шу шығару< 65 дБ(A)

Жиі қойылатын сұрақтар - K57375RW GORENJE

Плитада ағымдағы уақытты қалай орнатуға болады?
Пештің жұмыс ұзақтығын қалай бағдарламалауға болады?
Пештің жұмысының аяқталуын қалай орнатуға болады?
Жұмыс ұзақтығы мен аяқталу уақытын бір уақытта бағдарламалауға бола ма?
Қысқа уақыт еске салғышты қалай пайдалануға болады?
Дыбыстық сигналдың дыбыс деңгейін қалай өзгертуге болады?
Орнатылған уақыт бағдарламасын қалай жоюға болады?
Бағдарлама аяқталғаннан кейін пешті қолмен өшіру керек пе?
Плитаны қалай жақсы тазалауға болады?
Қосалқы бөлшектерді немесе жөндеу ақпаратын қайдан табуға болады?

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы K57375RW GORENJE

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз плита PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз K57375RW - GORENJE және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. K57375RW брендінің GORENJE.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ K57375RW GORENJE

Құралды электр желісіне алғаш рет қосқаннан кейін және электр қуаты өшірілген жағдайда ағымдағы уақытты орнату қажет.

GORENJE K57375RW - 1

Ағымдағы уақытты орнатпаған жағдайда, пешті қолдануға болмайды.

Егер құрал пешті өшіру ажыратқышымен жабдықталмаған болса, онда қыздырғыш элементтер пештің ашық есігінде де жұмыс істеуі мүмкін. Күйіп қалу қаупі бар!

S1 S3 A 88.00 S2 1 2 3 4 5

1 Қоңырау 2 Дайындау уақытының ұзақтығы 3 Дайындау уақытының аяқталуы 4 «—» түймесі 5 «+» түймесі

Ағымдағы уақытты орнату

Құралды электр желісіне қосқанда және электр қуаты өшірілгенде дисплейде 0:00 мен S3 индикаторы жыпылықтайды. Бір мезгілде 2 мен 3 түймелерін басыңыз, содан кейін 4 пен 5 түймелерімен дәл тәулік уақытын орнатыңыз. Бірнеше секундтан кейін S1 индикаторы жанып, құралдың қолмен іске қосу режимінде жұмыс істейтінін көрсетеді.

GORENJE K57375RW - Ағымдағы уақытты орнату - 1

Егер «+» немесе «-» түймелерін басып тұрып, көрсеткішті тезірек өзгертуге болады (үлкейеді не керісінше төмендейді).

Қолмен іске қосу режимі

Бір мезгілде 2 мен 3 түймелерін басыңыз. Орнатылған барлық функциялар өзгертіледі (S3 индикаторы қосылып тұрған жағдайда өшіп қалады). S1 индикаторы қосылады. Бұл құралдың қолмен іске қосу режимінде жұмыс істеп жатқанын көрсетеді.

Пештің жұмыс істеу уақытын бағдарламалау

GORENJE K57375RW - Пештің жұмыс істеу уақытын бағдарламалау - 1

Пештің жұмыс істеу уақытын бағдарламалау үшін пешті қосып, қыздыру режимі мен температураны таңдаңыз. Содан кейін қажетті функцияны орнатуға болады. Дайындап болған соң, пешті өшіріп, ауыстырып-қосқышты 0 күйге орнатыңыз.

Дайындау уақытының ұзақтығы

Осы функция арқылы пештің жұмыс істеу ұзақтығын уақытты бағдарламалаумен орнатуға болады (дайындау уақытының ұзақтығы).

Функцияның ең жоғары уақыты 10 сағат құрайды.

• 2 түймесін басыңыз. Дисплейде 0:00 пайда болады. 4 пен 5 түймелерімен дайындау уақытының ұзақтығын орнатыңыз. S3 индикаторы қосылады. Уақыт бір минут қадаммен орнатылады. Функцияның ең жоғары уақыты 10 сағат құрайды. - Орнатудан 5 секунд өткен соң, уақыт санағы басталады. Дисплейде тәулік уақыты көрсетіледі. 2 түймесін баса отырып, қалған уақытты тексеруге болады және оны қажет кезде 4 пен 5 түймелері арқылы өзгертуге болады. - Орнатылған уақыт өткен соң, дыбыстық белгі естіледі. Оны 1, 2 не 3 түймелерін баса отырып өшіруге болады немесе 7 минуттан соң дыбыс автоматты түрде өшіп қалады. S1 индикаторы өшіп, S3 индикаторы жыпылықтайды. Пеш автоматты түрде өшіп қалады. Бір мезгілде 2 мен 3 түймелерін басқанда, S3 индикаторы өшіп қалады. S1 индикаторы қосылады да, пеш қолмен іске қосу режиміне дайын.

Дайындау уақытын аяқтау үшін пешті өшіріп, ауыстырып-қосқышты 0 күйге орнатыңыз.

Дайындау уақытының аяқталуы

Осы функция арқылы пешті өшіру уақытын бағдарламалауға болады (дайындау уақытының аяқталуы).

Дайындау уақытының аяқталуын функцияны орнатқаннан бастап, 10 сағатқа дейін уақытқа бағдарламалауға болады.

  • 3 түймесін басыңыз. Дисплейде тәулік уақыты көрсетіледі. 4 пен 5 түймелермен дайындау уақытының аяқталу уақытын орнатыңыз (уақыт ұзақтығы қазіргі уақыттан артық болуы қажет). S3 индикаторы қосылады.
  • Орнатудан 5 секунд өткен соң, дисплейде тәулік уақыты көрсетіледі. 3 түймесін басып, қалған уақытты тексеруге болады және оны қажет кезде 4 пен 5 түймелермен ауыстыруға болады.
  • Орнатылған уақыт өткен соң, дыбыстық белгі естіледі. Оны 1, 2 не 3 түймелерін баса отырып, өшіруге болады немесе 7 минуттан соң дыбыс автоматты түрде өшіп қалады. S1 индикаторы өшіп, S3 индикаторы жыпылықтайды. Пеш автоматты түрде өшіп қалады. Бір мезгілде 2 мен 3 түймелерін басқанда, S3 индикаторы өшіп қалады. S1 индикаторы қосылады да, пеш қолмен іске қосу режиміне дайын.

Дайындау уақытын аяқтау үшін пешті өшіріп, ауыстырып-қосқышты 0 күйге орнатыңыз.

Қосуды кейінге шегеру

Осы функция арқылы пештің жұмыс істеу ұзақтығының уақытын (дайындау уақытының ұзақтығы) мен пешті өшіру уақытын бағдарламалауға болады (дайындау уақытының аяқталуы). Дайындау уақытының аяқталуын функцияны орнатқаннан бастап, 10 сағатқа дейін бағдарламалауға болады.

• 2 түймесін басыңыз да, 4 пен 5 түймелермен дайындау уақытының ұзақтығын орнатыңыз. • 3 түймесін басыңыз да, дисплейде қазіргі тәулік уақытының көрсеткіші мен дайындау уақытының ұзақтығы көрсетіледі. 4 пен 5 түймелермен дайындау уақытының аяқталу уақытын орнатыңыз.

- Егер де, дайындау уақытының аяқталу уақыты қазіргі тәулік уақыт көрсеткіші мен дайындау уақытының ұзақтығынан жоғары болғанда S1 индикаторы өшеді. Пеш автоматты түрде белгілі уақытта қосылады да, орнатылған уақытта өшеді.

Мысал:

Қазіргі уақыт 12:00, дайындау уақытының ұзақтығы 1:30 орнатылды, ал аяқталуына 14:00 орнатылды. Демек, пеш 12:30 қосылады.

Дайындау уақытын аяқтау үшін пешті өшіріп, ауыстырып-қосқышты 0 күйге орнатыңыз.

Коңырау

Бағдарламалаушы қоңырау функциясымен жабдықталған. Ол орнатылған уақыттың өткенін хабарлайды да, пешті өшірмейді. Қоңырауды пештің жұмыс істеуіне тәуелсіз қолдануға болады.

Функцияның ең жоғары уақыты 23 сағат 59 минут құрайды!

• 1 түймесін басып, 4 пен 5 түймелермен қоңырау уақытын орнатыңыз. S2 индикаторы қосылады. Функцияның ең жоғары уақыты 23 сағат 59 минут құрайды! - Орнатудан 5 секунд өткен соң, уақыт санағы басталады. Дисплейде тәулік уақыты көрсетіледі. 1 түймесі арқылы қалған уақытты тексеруге болады және оны қажет кезде 4 пен 5 түймелермен өзгертуге болады. - Орнатылған уақыт өткен соң, дыбысты белгі естіледі. Оны 1, 2 не 3 түймелерін баса отырып, өшіруге болады немесе 7 минуттан соң дыбыс автоматты түрде өшіп қалады. S2 индикаторы өшеді.

Дыбыс белгінің дауыс қаттылығын орнату

Сіз дыбыс белгінің дауыс қаттылығының 3 деңгейінің біреуін таңдай аласыз.

• 4 түймесін басып тұрыңыз. Сіз дауыс қаттылығының бірінші деңгейін естисіз. Жіберіңіз де, қайта 4 түймесін басыңыз. Келесі дауыс қаттылығының деңгейі естіледі. Бағдарламалаушы соңғы орнатылған дауыс қаттылығының деңгейін автоматты түрде сақтайды.

- Сіз дыбыс белгінің дауыс қаттылығын қалаған уақытта өзгерте аласыз.

Ағымды функцияны болдырмау

- Кез келген ағымды функцияны болдырмау үшін тек қоңыраудан басқа, бір мезгілде 2 мен 3 түймелерін басыңыз. Бағдарламаны орындау мен дайындау автоматты түрде тоқтатылады. Бағдарламалаушы қолмен іске қосу режиміне ауысады.

Функцияны дереу болдырмау

- Функцияны 1, 2 не 3 түймелері арқылы шақыртып, оны болдырмау үшін 4 пен 5 түймелерін басыңыз.

S1 S3 88:00 S2 1 2 3 4 5

Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : GORENJE

Модель : K57375RW

Санат : плита