EI6306ZX - плита GORENJE - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз EI6306ZX GORENJE PDF форматында.
| Өнім түрі | Тәуелсіз электр плитасы |
| Бренд | Gorenje |
| Модель | EI6306ZX |
| Өлшемдері (Биіктігі x Ені x Тереңдігі) | 85 x 60 x 60 см |
| Нетто салмағы | 55 кг |
| Электрмен жабдықтау | 230 В ~ 50 Гц, макс. қуат 10 кВт |
| Пісіру түрі | 4 аймақты шыны керамикалық пісіру панелі |
| Оттықтар саны | 4 |
| Пештің функциясы | Табиғи конвекция, айналмалы жылу, гриль |
| Пештің сыйымдылығы | 70 литр |
| Тазалау | Қолмен тазалау, эмаль жабыны |
| Пештің жарықтандыруы | Иә, галоген шам |
| Қауіпсіздік функциялары | Балаларды құлыптау, автоматты өшіру, қызып кетуден қорғау |
| Пеш есігі | Алынбалы екі қабатты шыны |
| Қосалқы бөлшектер | Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығынан сұрау бойынша қолжетімді |
| Жөндеу мүмкіндігі | Жөндеу көрсеткіші : 7.5/10 |
| Энергия тиімділігі класы (пеш) | A |
Жиі қойылатын сұрақтар - EI6306ZX GORENJE
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы EI6306ZX GORENJE
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз плита PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз EI6306ZX - GORENJE және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. EI6306ZX брендінің GORENJE.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ EI6306ZX GORENJE
Аспапты алғашқы рет қосқан соң және электр қуаты өшкен жағдайда ағымдағы уақытты орнату керек.

Ағымдағы уақыт орнатылмай, духовкіні пайдалануға болмайды.
Егер аспап духовкінің енгізілген өшіргішімен жабдықталмаса, қыздыру элементтері духовкінің есігі ашық тұрғанда жұмыс істеуі мүмкін. Күйіп қалу қаупі бар!

Сенсорлар:
A Функцияларды таңдау және растау сенсоры В Сенсор «—» C Сенсор «+»
Индикаторлар:
1 Әзірлеу ұзақтығы 2 Әзірлеудің аяқталуы 3 Оятқыш (хабарландыру функциясы) 4 Cafat 5 Қорғаныс күрсаулау 6 Сандық дисплей
- Қажетті функцияны таңдау үшін А сенсорын басыңыз. Таңдалған функцияның белгісі дисплейде жылдам жыпылықтай бастайды, енді сіз функция параметрлерін орната немесе өзгерте аласыз. 5 секундтан кейін белгі баяу жыпылықтай бастайды, дисплейде функцияның орнатылған уақыты көрінеді.
- Белгілерге жарық түсуі функция таңдалғанын көрсетеді, бірақ оның уақыты дисплейде индикацияланбайды. Дисплейде сіз орнатқан соңғы функция көрінеді.
- Сенсорға басылған сайын қысқа дыбыс сигналымен расталады.
- Егер В «—» немесе С «+» сенсоры ұсталса, мән жылдамырақ ауысатын болады (тиісті түрде көтеріледі немесе азаяды).
- Духовкі электр желісіне қосылған соң және электр қуаты өшкен жағдайда дисплейде META немесе GLAS жазбасы бірнеше секунд көрінеді, бұдан кейін дисплей біраз уақыт жыпылықтайды. Духовкі жұмыс істеуі үшін ағымдағы уақытты В және С сенсорларымен орнату керек.
- Электр қуаты 2 минуттан аз уақытқа өшкенде программатордың барлық орнатылымдары сақталады және духовкі жұмысын автоматты түрде жалғастырады (қосылып тұрса).

Сенсорлар басқанға жақсы жауап беруі үшін саусақпен басу көлемі үлкен болуы керек.
Ағымдағы уақытты орнату
- Ағымдағы уақытты орнату үшін А сенсорымен 4 белгісін таңдаңыз. • В «-» және С «+» сенсорларымен ағымдағы уақытты орнатыңыз.
- Енгізілген уақытты А сенсорына қайта басып растаңыз немесе орнатылым бірнеше секундтан кейін автоматты түрде сақталады.
Духовкінің жұмыс уақытын бағдарламалау
Программатор духовкінің жұмыс уақытын 3 әдіспен бағдарламалауға мүмкіндік береді:
- Әзірлеу ұзақтығы: духовкі бірден жұмыс істей бастайды және орнатылған уақыттың соңында өшеді, • Әзірлеуді аяқтау: духовкі орнатылған уақытта өшеді,
- Бастауды шегеру: духовкі белгілі уақытта автоматты түрде қосылады және сіз орнатқан уақытта өшеді.
Әзірлеу ұзақтығы
Осы функция духовкінің қаншалықты ұзақ жұмыс істейтінін бағдарламалауға мүмкіндік береді (әзірлеу ұзақтығы).
Функцияның ең ұзақ уақыты 10 сағат құрайды!
- А сенсорымен 1 белгісін таңдаңыз. В «-» және С «+» сенсорларымен әзірлеу уақытын орнатыңыз.
- Духовкіні қосыңыз (қыздыру режимі мен температураны таңдаңыз). Духовкі бірден қосылады және орнатылған уақыт өткен соң автоматты түрде өшеді. Үзілмелі дыбыс сигналы естіледі, оны кез келген сенсорға басып өшіруге болады немесе сигнал 1 минуттан соң автоматты түрде өшеді.
- Дисплейде 1 белгісі мен «0.00» уақыты жыпылықтайды. Егер әзірлеуді жалғастыру керек болса, А сенсорын басыңыз және қажет болса әзірлеу ұзақтығының жаңа уақытын орнатыңыз.
Әзірлеуді аяқтау
Осы функция духовкінің өшу уақытын бағдарламалауға мүмкіндік береді (әзірлеуді аяқтау).
Әзірлеуді аяқтауды функция орнатылған сәтінен 10 сағат өткенін кешіктірмей бағдарламалауға болады!
• Дәл тәулік уақыты орнатылғанын тексеріңіз. - А сенсорымен 2 белгісін таңдаңыз. Дисплейде ағымдағы тәулік уақыты көрінеді. В «-» және С «+» сенсорларымен әзірлеуді аяқтау уақытын орнатыңыз. - Духовкіні қосыңыз (қыздыру режимі мен температураны таңдаңыз). Духовкі бірден қосылады және орнатылған уақытта автоматты түрде өшеді. Үзілмелі дыбыс сигналы естіледі, оны кез келген сенсорды басып өшіруге болады немесе сигнал 1 минуттан соң автоматты түрде өшеді. - Дисплейде 1 белгісі мен «0.00» уақыты жыпылықтайды. Егер әзірлеуді жалғастыру керек болса, А сенсорын басыңыз және қажет болса әзірлеу ұзақтығының жаңа уақытын орнатыңыз.
Бастауды шегеру
Осы функция духовкінің барынша ұзақ жұмыс істейтін уақытын (әзірлеу ұзақтығы) және духовкіні өшіру уақытын (әзірлеуді аяқтау) бағдарламалауға мүмкіндік береді.
Әзірлеуді аяқтауды функция орнатылған сәтінен 24 сағаттан кейін кешіктірмей бағдарламалауға болады!
• Тәуліктің дәл уақыты орнатылғанын тексеріңіз. - Әзірлеу ұзақтығын орнатыңыз. А сенсорымен 1 белгісін таңдаңыз. В «-» және С «+» сенсорларымен әзірлеу ұзақтығын орнатыңыз. - Әзірлеуді аяқтауды орнатыңыз. А сенсорымен 2 белгісін таңдаңыз. Дисплейде ағымдағы тәулік уақыты мен әзірлеу ұзақтығының сомасы көрінеді. В «-» және С «+» сенсорларымен әзірлеуді аяқтау уақытын орнатыңыз. - Программатор әзірлеуді бастауды күтеді. Дисплейде 1 және 2 белгілері жанады. - Духовкіні қосыңыз (қыздыру режимі мен температураны таңдаңыз). Духовкі белгілі уақытта автоматты түрде қосылады (2 белгісі өшеді) және орнатылған уақытта өшеді. Үзілмелі дыбыс сигналы естіледі, оны кез келген сенсорға басып өшіруге болады немесе сигнал 1 минуттан соң автоматты түрде өшеді. • Дисплейде 1 белгісі мен «0.00» уақыты жыпылықтайды. Егер әзірлеуді жалғастыру керек болса, А сенсорын басыңыз және қажет болса әзірлеу ұзақтығының жаңа уақытын орнатыңыз.
Қол режимі
Сіз духовкіні духовкінің жұмыс істеу уақытын бағдарламалайтын функцияларды орнатпай пайдалана аласыз. Сол үшін азық-түлікті духовкінің ішіне салып, есігін жабыңыз, қыздыру режимі мен температураны орнатыңыз, духовкі жұмыс істей бастайды.
Духовкінің жұмыс істеу уақытын бағдарламалайтын функциялар бірінің жұмысы аяқталған соң қол режиміне шығу үшін А сенсорын басыңыз.

Духовкі осы режимде автоматты түрде өшпейді. Әзірлеуді байқаңыз!
Оятқыш
Программатор орнатылған уақыт өткенін хабарлап, духовкіні өшірмейтін оятқыш функциясымен жабдықталған. Оятқышты духовкі жұмысына байланыстырмай пайдалануға болады.
Функцияның ең көп уақыты 10 сағатты құрайды!
- А сенсорымен 3 белгісін таңдаңыз. В «-» және С «+» сенсорларымен оятқыш уақытын орнатыңыз.
- Орнатылған уақыт өткенде үзілмелі дыбыс сигналы естіледі, оны кез келген сенсорға басып өшіруге болады немесе сигнал 1 минуттан соң автоматты түрде өшеді. 3 белгісі өшеді.

Соңғы минуттың барысында дисплейде секундтар көрінеді.
Дыбыс сигналы күшін реттеу
Сигналдың дыбыс күшін реттеу үшін духовкінің жұмыс істеу уақытын бағдарламалайтын функциялар өшіп тұруы керек. Дисплейде тек ағымдағы уақыт көрінеді.
- Дисплейде «оooo» (ең үлкен дыбыс күші) немесе «о» (ең аз дыбыс күші) белгілері пайда болып, дыбыс сигналы естілгенше В «—» сенсорын басып, 3 секунд ұстаңыз. В «—» сенсорын басып, дыбыс күші деңгейін реттеңіз.
- Орнатылған дыбыс күші деңгейін А сенсорын басып растаңыз немесе бірнеше секундтан кейін орнатылым автоматты түрде сақталады.
Қорғаныс құрсаулау
Қорғаныс құрсаулауды тек духовкінің жұмыс істеу уақытын бағдарламалайтын функция (өзірлеу ұзақтығы, өзірлеуді аяқтау немесе оятқыш) қосылып тұрғанда ғана қосуға болады, духовкі жұмыс істейді, бірақ орнатылымдарды ауыстыруға мүмкіндік болмайды.
Қосу
А сенсорымен 5 белгісін таңдаңыз. В «—» немесе С «+» сенсорымен қорғаныс құрсаулауды қосыңыз. Дисплейде ОН көрінеді. А сенсорын басып, құрсаулаудың қосылғанын растаңыз.
Өшіру
В «–» немесе С «+» сенсорымен қорғаныс құрсаулауды өшіріңіз. Дисплейде OFF көрінеді. А сенсорын басып, құрсаулау өшуін растаңыз.
Дисплей жарығын азайту
Егер духовкінің жұмыс істеу уақытын бағдарламалайтын функциялардың бірі де қосылып тұрмаса, 0.00 және таңғы 6.00 арасындағы уақытта дисплейдің жарығы автоматты түрде азаяды.
Функцияларды қайтару
- Программатордың барлық функцияларын қайтару үшін В «—» және С «+» сенсорларын бірге басып, 3 секунд ұстаңыз. Орнатылған бағдарламалардың орындалуы және әзірлеу автоматты түрде тоқтайды. Дисплейде ағымдағы уақыт көрінеді.
- Жеке функцияны қайтару үшін осы функцияны А сенсорымен таңдаңыз және одан кейін В «—» және С «+» сенсорларын бірге басып ұстаңыз. Функцияны «0.00» мәнін орнатып та қайтаруға болады.