WV Classic - Шыны тазалағыштар Kärcher - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз WV Classic Kärcher PDF форматында.
| Бренд | Kärcher |
| Модель | WV Classic |
| Санат | Шыны сүрткіш (терезе жуғыш) |
| Өнім түрі | Сымсыз терезе жуғыш |
| Қоректену | Кіріктірілген литий-ионды батарея, желілік зарядтағыш |
| Зарядтағыштың кіріс кернеуі | 100-240 В, 50/60 Гц (шамамен) |
| Зарядтағыштың шығыс кернеуі | 5 В (шамамен) |
| Лас су ыдысының сыйымдылығы | Шамамен 100 мл (шамамен) |
| Керек-жарақтар | Зарядтағыш, микрофибра жастықша |
| Қолдану мақсаты | Тегіс және ылғалды беттерді тазалау: терезелер, айналар, плитка |
| Рұқсат етілген тазалау құралдары | Кәдімгі терезе тазалағыштар (бензин емес, көпіршікті жуғыш зат емес) |
| Жастықшаға күтім | Әр қолданудан кейін тазалау |
| Ыдысты төгу | Әр қолданудан кейін |
| Сақтау | Тек тік күйде |
| Зарядтау температурасы | 5-40 °C |
| Қауіпсіздік | Ағынды көзге бағыттамаңыз; суға батырмаңыз; электр бөлшектерінде қолданбаңыз |
| Кепілдік | Елдің шарттарына сәйкес, кассалық чекті көрсету арқылы |
| Қосалқы бөлшектер | Тек Kärcher түпнұсқа бөлшектерін пайдаланыңыз |
| Кәдеге жарату | Тұрмыстық қоқыспен тастамаңыз: жинау жүйелері арқылы қайта өңдеу |
| Пайдаланудың ең төменгі жасы | Бақылаумен 8 жас |
Жиі қойылатын сұрақтар - WV Classic Kärcher
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы WV Classic Kärcher
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Шыны тазалағыштар PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз WV Classic - Kärcher және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. WV Classic брендінің Kärcher.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ WV Classic Kärcher
Терезе тазартқышты қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаулар

Бұйымыңызды алғашқы рет
қолдану алдында осы қауіпсіздік туралы нұсқауларын оқып алып, осыған сәйкес әрекет етіңіз. Осы қауіпсіздік нұсқауларын кейінгі пайдалану үшін немесе осы бұйымды кейін пайдаланатын тұлғалар үшін сақтап қойыңыз.
– Бұйымыңызды алғаш рет іске қосу алдында қолдану туралы графикалық нұсқаулықты орындап, қауіпсіздік туралы нұсқауларға аса назар аударыңыз. – Пайдалану нұсқауындағы ережелермен қоса, жалпы заңды қауіпсіздік және жазатайым оқиғаны алдын алу талаптарын сақтаған жөн.
Бұйымды мақсатына сәйкес қолдану
– Батареямен жұмыс істейтін осы бұйымды тек қана жеке мақсаттарыңызда, терезе, айна немесе кафель сияқты ылғалды, тегіс жерлерді тазалау үшін қолданыңыз. Шаң сорғытылмауы тиіс. – Бұйым тік жерлерден көп мөлшердегі сұйық
заттарды, мысалы, аударылып қалған ыдыстан (макс. 25 мл) сорғыту үшін жарамсыз.
- Бұл бұйымды тек қана стандартты терезе тазалау бұйымдарымен қолданыңыз (спиртсіз, көпіршіксіз). – Бұл бұйымды тек қана KÄRCHER фирмасы тарапынан рұқсат етілген қосалқы және қосымша бөлшектерімен қолданыңыз. Бұйымды аталған шектерден шығатын кез келген қолдану әрекеті бұйымды мақсатына сай қолданбау болып есептеледі. Осының нәтижесінде пайда болған ақауға өндіруші жауапты емес, тәуекелді қолданушы ерекше түрде өз мойнына алады.
Қауіп деңгейі
⚠️ҚАУІП
Ауыр жарақаттануға не өлімге апарып соғатын тікелей түрде түсе алатын тәуекелге нұсқау.
⚠️ЕСКЕРТУ
Ауыр жарақаттануға не өлімге апарып соғатын ықтимал қауіпті жағдайларға нұсқау.
⚠АБАЙЛАҢЫЗ
Жеңіл жарақаттануға апарып соғатын ықтимал қауіпті жағдайға нұсқау.
НАЗАР АУДАРЫНЫЗ
Материалдық зиянға апарып соғатын ықтимал қауіпті жағдайға нұсқау.
Қауіпсіз қолдану
⚠️ҚАУІП
Бұл құрылғыны физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой дамуы шектелген немесе тәжірибесі және/немесе біліктілігі жоқ адамдар білікті маманның бақылауында болмаған кезде немесе осы мамандар тарапынан бұйымды қолдану тәсілі және оған қатысты қауіптер түсіндірілмеген кезде пайдаланбауы тиіс. ■ Балалар 8 жастан асқан жағдайда немесе олардың қауіпсіздігіне жауапты адам бақылауында немесе құрылғының қолдану тәсілімен және оған қатысты қауіптермен танысқан кезде ғана құрылғыны қолдана алады. ■ Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз. Балаларға құрылғымен ойнауға жол бермеу үшін оларды бақылап отыру керек. ■ Балалар құрылғыны тек ересектердің
бақылауында тазалауы және пайдалануы мүмкін.
ЕСКЕРТУ
■ Ағынды көздеріңізге бағыттамаңыз.
НАЗАР АУДАРЫНЫЗ
■ Шығу тесіктеріне ешқандай заттарды енгізбеңіз. ■ Қолдану алдында аса сезімтал (жылтыраған) беттерде микрофибр материалдан шығарылған жуу қапшығымен көрінбейтін жерлерін тексеріп алыңыз. ■ Сақтау кезінде бұйым тек тік күйде тұруы тиіс.
Электрлік құрамдастар
⚠️ҚАУІП
Ток мату қаупі!
■ Ағынды бұйымға, құрылғылардың электр құрамдастарына (мысалы ас үй пештерінің ішкі жағына) шашыратпаңыз. ■ Толтыру жеріне ток өткізе алатын заттарды (мысалы бұрағыш немесе ұқсас заттарды) енгізбеңіз. ■ Контактілерге немесе байланыс желілеріне қол тигізбеңіз. ■ Аккумуляторларды толтыру үшін тек қана бұйыммен бірге сатылатын аккумулятор толтыру құрылғысын немесе KÄRCHER компаниясы тарапынан
рұқсат берілген құрылғыларын қолданыңыз.
■ Аккумуляторлық батареяны тікелей күн сәулесі, жоғары температура және оттың әсеріне ұшыратпаңыз. Зарядтау кабелі мен зарядтау құрылғысында бұзылған жерлер бар болса, оны дереу түрде бұйым шығарушының жаңа құрылғысын алып, ауыстырыңыз. Бұйым құрамында электрикалық бөлшектері бар - оны ағынды сумен тазаламаңыз. ■ Зарядтау құрылғысын тек қана құрғақ жерлерде қолданып, жылылық денгейі 5 - 40° С болған жерлерде сақтаңыз. ■ Бұйым ашасын ешқашанда сулы қолдарыңызбен ұстамаңыз.
⚠ АБАЙЛАНЫЗ
Бұйым алдында құлатылған болса, оның үстінде зақым белгілері көрінсе немесе кемулер бар болса, оны пайдаланбаңыз.
Қоршаған ортаны қорғау

Қаптау материалдары екінші өңдеуге жарамды.
Қаптаманы үй қоқысына лақтырмауыңызды
сұраймыз, оларды екінші өңдеу үшін бөлек қойыңыз.

Пайдаланылған құралдарда қоршаған ортаға тасталмауы тиіс құнды, өңдеуге бейім материалдар мен заттар бар. Сондықтан, құрал мен оның қуаттандырғышын үй қоқысына тастауға болмайды. Оларды жергілікті қоқыстарды тапсыру және жинау жүйелеріне табыс ету керек.
Инструкции по применению компонентов (REACH) Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы мағлұматтарды астыда көрсетілген интернет беттерімізде оқи аласыз: www.kaercher.com/REACH
Тасымалдау
Батарея, халықаралық тасымалдау үшін негізгі ережелеріне сай түрде тексерілген, тасымалдау/поштамен жіберу үшін жарамды.
Қаптама ішіндегі бөлшектер
Сіздің бұйымыңыздың жеткізілу көлемі қорапшада бейнеленген. Бұйым қорапшасын ашқанда қорапша ішіндегі бұйым мен бөлшектерінің толық және бұзылмаған түрде болғандығын тексеріп алыңыз.
Егер кейбір жабдықтар жоқ болса немесе тасымалдау кезіндегі ақаулар болса, аппаратты сатқан фирманы хабардар етіңіз.
Кепілдеме
Эр елде жергілікті дистрибьюторлар берген кепілдік шарттары қызмет атқарады. Егер құрылғыда материалдық немесе өндірістік кемшіліктер табылса, ықтимал кемшіліктерді кепілдік мерзімі ішінде ақысыз жөндейміз. Кепілдік мерзіміне наразылықтарыңыз болса, құрылғыны сатқан сауда мекемесіне немесе жақындағы өкілетті қызмет көрсету орнына түбіртекті көрсетіп хабарласыңыз.
Өнім жасалған күн деректер такташасында шифрланған күйде көрсетілген. Әрбір санның мағынасы мынадай:
Мысалы: XX4125015
4 Өнім жасалған күн (апта күні)
12 Дайындалған апта
15 Жасалған жыл
Бұл мысалда коды бар құрылғы, XX4125015 2015 жылдың 12 аптасындағы бейсенбі күні жасалған.
Қолдану туралы нұсқаулықтағы символдар мен белгілер

Кір су жинау сауытының мөлшері

Батарея толып тұрғандағы жұмыс уақыты

Шығыс кернеу / зарядтау құрылғысының шығыс тогы

Бұйымды пайдалану үшін дайындау

Бұйымды пайдалану

Кір су жинау сауытын босату

Бұйымды тазалау

Зарядтау құрылғысы тек құрғақ бөлмеде пайдаланылуы тиіс.

Қосалқы бөлшектер мен арнайы бөлшектерді өзіңіздің сатушыңыздан немесе KÄRCHER компаниясының жергілікті өкілдігінен сатып ала аласыз.
