HV 11 Bp As - Шаңсорғыш Kärcher - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз HV 11 Bp As Kärcher PDF форматында.
| Өнім түрі | Сымсыз дымқыл/құрғақ сорғыш |
| Бренд | Kärcher |
| Модель | HV 11 Bp As |
| Ыдыс сыйымдылығы | 11 литр |
| Қуат көзі | Ауыстырылатын 18 В литий-ионды батарея |
| Шамамен жұмыс істеу уақыты | 30 минут |
| Зарядтау уақыты | 1 сағат |
| Салмағы | 5,5 кг |
| Өлшемдері (Ұ x Е x Б) | 400 x 350 x 500 мм |
| Сүзгі түрі | Жуылатын картридж сүзгісі |
| Шу деңгейі | 75 дБ(A) |
| Негізгі функциялары | Дымқыл сору, құрғақ сору, үрлеу |
| Қауіпсіздік | Судың максималды деңгейінде автоматты тоқтау, шашыраудан қорғау |
| Күту және тазалау | Жуылатын сүзгі, тазаланатын ыдыс |
| Қосалқы бөлшектер және жөндеу мүмкіндігі | Қосалқы бөлшектер қолжетімді (сүзгі, саптама, шланг, батарея), Kärcher сатудан кейінгі қызметі |
| Берілетін керек-жарақтар | Еденге арналған саптама, саңылау саптамасы, сору шлангі, сүзгі |
| Жалпы ақпарат | Пайдалану нұсқаулығы қоса беріледі, 2 жыл кепілдік |
Жиі қойылатын сұрақтар - HV 11 Bp As Kärcher
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы HV 11 Bp As Kärcher
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Шаңсорғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз HV 11 Bp As - Kärcher және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. HV 11 Bp As брендінің Kärcher.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ HV 11 Bp As Kärcher
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар. Дымқыл/Құрғақ тазалауға арналған шаңсорғыш
Бұйымды алғаш рет қолдану алдында осы қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқауларды және түпнұсқа пайдалану бойынша нұсқаулықты оқып шығыңыз. Оларға сай әрекет етіңіз. Кітаптардың екеуін де кейін пайдалану немесе кейінгі пайдаланушылар үшін сақтап қойыңыз.
● Пайдалану бойынша нұсқаулықтағы нұсқаулармен қоса, заңмен белгіленген жалпы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы бойынша ережелерге назар аударуыңыз қажет. - Құрылғыдағы нұсқаулары мен ескертулері бар тақтайша қауіпсіз пайдалануға арналған маңызды нұсқауларды береді.
Қауіп деңгейлері
⚠️ҚАУІП
- Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып соғатын тікелей қауіп бойынша нұсқау.
⚠️ЕСКЕРТУ
- Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып соғуы мүмкін қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
⚠АБАЙЛАҢЫЗ
- Жеңіл жарақаттануға апарып соғуы ықтимал қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
- Материалдық зиянға апарып соғуы ықтимал қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
Жеке қорғаныс құралы
△АБАЙЛАҢЫЗ
- Құрылғыдағы жұмыстарды орындау үшін тиісті қолғапты пайдаланыңыз.
Техникалық қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқаулар
⚠️ КАУІП • Түншығу қаупі! Қаптама пленканы балалардан алыс ұстау қажет.
⚠️ ЕСКЕРТУ • Құрылғыны тек нұсқауға сәйкес қолданыңыз. Жергілікті жағдайларды ескеріңіз және құрылғымен жұмыс істеген кезде, бөгде тұлғаларды,
әсіресе балаларды қадағалаңыз. • Құрылғыны физикалық, психикалық және ойлау қабілеті жеткіліксіз адамдардың, тәжірибесі/ білімі жеткіліксіз адамдардың пайдалануына болмайды.
- Құрылғыны пайдалану бойынша нұсқау берілген немесе құрылғыны пайдалану мүмкіндігін растаған және осы мақсатқа тағайындалған адамдар қолдануға рұқсат етілген. • Балаларға құрылғыны пайдалануға тыйым салынады.
- Балаларды бұйыммен ойнамайтындай етіп қадағалап тұрыңыз.
⚠️ АБАЙЛАҢЫЗ • Қорғаныс құрылғысы сіздің қауіпсіздігіңізге арналған.
Қорғаныс құрылғысын ешқашан өзгертпеңіз немесе ажыратпаңыз.
Ток соғу қаупі
⚠️ КАУІП • І қорғаныс сыныбы бар құрылғыны сәйкес жерге тұйықталған қуат көзіне қосу керек. • Зауыт тақтайшасында көрсетілген кернеу желі кернеуіне сәйкес келу керек. • Ешқашан қуат ашасы мен электр розеткасын ылғалды қолмен ұстамаңыз.
⚠️ ЕСКЕРТУ • Құрылғыны IEC 60364-1 стандартына
сәйкес электрик маман орындаған қуат көзіне жалғаңыз. ● Көбіктеніп немесе сұйықтық ағып кетсе, құрылғыны дереу сөндіріп, ашасын розеткадан суырыңыз немесе аккумулятор жинағын алыңыз. ● Құрылғыны пайдаланбас бұрын, ашасы бар қуат сымы зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Егер сым зақымдалған болса, қандай да бір қауіпті болдырмау үшін, оны өндіруші, өкілетті қызмет көрсету орталығы немесе кәсіби электр маманы тарапынан ауыстырылуы керек. ● Жаншу, қысу, созу немесе осыған ұқсас әрекетпен желі кабелін немесе ұзартқышты зақымдап алмауға тырысыңыз. Желі кабелін жоғарғы температура, май және өткір жиектер әсерінен қорғау керек. ● Желіге қосу үшін әзірлеуші рұқсат еткен желілік сымды ғана қолданыңыз, бұл шарт желілік сымды ауыстырған кезде де әрекет етеді. Тапсырыс № және түрі. Пайдалану нұсқаулығын қараңыз. ● Желі кабелі мен ұзартқыш жалғағыштарын тек су өткізбейтін және ұқсас
механикалық төзімділікке ие балама түрімен ауыстырыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ • Қосу процестері кернеудің қысқа уақытқа төмендеуіне әкеледі. • Электр желісінің сипаттамалары қанағаттанарлық болмаған кезде, кейбір құрылғылардың жұмысы шектеулі болады.
- Желінің толық кедергісі 0,15 Ом-нан аз болған кезде құрылғы жұмысында ақау байқалмайды.
Пайдалану
⚠️ ҚАУІП • Құрылғыны қауіпті аймақтарда (мыс., АЖҚС) қолданған кезде сәйкес қауіпсіздік ережелерін ұстаныңыз. • Жарылу қаупі бар жерлерде, егер құрылғы осы мақсатта нақты тағайындалмаған болса, жұмыс істеуге тыйым салынады, пайдалану нұсқаулығындағы Тағайындалуы бойынша пайдалану тарауын қараңыз. • Жарылыс қаупі. Кейбір заттар жарылғыш булар немесе сорғыш ауамен турбуленттілік нәтижесінде қоспалар түзіп, құрылғыда қолданылатын материалдарға ықпал ете алады.
- Жанғыш газдарды, сұйықтықтарды немесе шаңдарды (реактивті шаңдар) егер құрылғы бұл үшін нақты арналмаған болса, сорып алмаңыз, пайдалану нұсқаулығындағы Тағайындалуы бойынша пайдалану тарауын қараңыз.
- Реактивті металл шаңдарын (мысалы, алюминий, магний, мырыш) қатты сілтілі немесе қышқыл тазалағыш заттармен бірге сорып алмаңыз.
- Сұйылтылмаған сілтілерді немесе қышқылдарды шаңсорғышпен сормаңыз.
- Органикалық еріткіштерді (мысалы, бензин, ерітінділер, ацетон, мазут) сорып алмаңыз.
- Өртенетін немесе тозаңдаушы заттарды шаңсорғышпен сормаңыз.
⚠️ ЕСКЕРТУ • Құрылғымен адамдар мен жануарларды сорып алмаңыз. • Құрылғыны зиянды шаңды жою үшін арнайы белгіленген болса ғана пайдаланыңыз.
Пайдалану нұсқаулығындағы қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқауларды сақтаңыз.
⚠️ АБАЙЛАҢЫЗ ● Әрбір іске қосу алдында құрылғыны және құрамдас бөліктерін тексеріңіз, әсіресе қоректендіру кабелінің және ұзартқыш кабельдің тиісті күйін және қауіпсіз пайдаланылатынын тексеріңіз. Егер зақымдалған болса, ашаны розеткадан суырыңыз және құрылғыны пайдаланбаңыз. ● Құралды, егер ол өшірілмеген болса және ашасы розеткадан шығарылса немесе аккумулятор жинағы алынбаған болса, ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
- Құрылғыны 0 °С-тан төмен температурада қолданбаңыз. • Құрылғыны сыртта төмен температурада пайдаланбаңыз.
Құрғақ тазалауға арналған шаңсорғыш
⚠️ ЕСКЕРТУ • Құрылғы тек құрғақ тазалауға арналған. Құрылғыны тек сыртқы дымқыл жерлерде нақты түрде белгіленген кезде ғана пайдаланыңыз.
Дымқыл шаңсорғыш
⚠️ АБАЙЛАҢЫЗ • Сұйық орталарды тек 45 °C дейінгі температурада сорыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
- Құрылғыны салқындатқыштар мен жанар-жағармай материалдарын жоюға арналған тиісті жабдықтармен ғана қолданыңыз.
L, М және Н класты шаңы бар құрылғылар
⚠️ ҚАУІП ● Зиянды шаңнан қауіпті. Техникалық қызмет көрсету жұмыстары үшін (мысалы, сүзгіні ауыстыру) Р2 немесе одан жоғары респираторды және бір реттік киімді киіңіз. ● Құрылғыны және оған арналған заттарды пайдалану, соның ішінде жазылған материалдарды жоюдың қауіпсіздендірілген процедураларын тек білікті қызметкерлердің көмегімен жою. ● Егер бөлмедегі өңделген ауа қайтарылса, бөлмеде L ауа алмасудың жеткілікті мөлшерлемесі болуы керек. Қажетті шекті мәндерді орындау үшін қайтарылатын көлем ағынының мөлшері таза ауа көлемінің 50 %-ынан (бөлме көлемі VR х ауа алмасу мөлшерлемесі LW ) аспауы керек. Желдетудің арнайы шараларынсыз қолданылады: LW = 1 сағ-1 . ● Бұл құрылғыда
зиянды шаң бар. Босату және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды, оның ішінде шаң жинағыштарды алып тастауды тиісті қорғаныс құралдарын киетін мамандар ғана жүргізе алады.
- Құрылғыны толық сүзгілеу жүйесінсіз пайдаланбаңыз.
- Өңделетін материалдарға қатысты қолданылатын қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтаңыз.
- Құрылғының қауіпсіз орналасуы үшін бағыттауыш шығыршыққа тұрақ тежегіштерін қойыңыз. Тұрақ тежегіші ашық болған кезде құрылғы бақылаусыз қозғалуы мүмкін.
- Пайдаланушымен техникалық қызмет көрсету үшін жабдық қызмет көрсету персоналына немесе басқа адамдарға қауіп төндірмейтіндей бөлшектенген, тазаланған және қызмет көрсетілген болуы керек. Тиісті сақтық шаралары бөлшектеу алдында детоксикацияны, құрылғыны бөлшектенген жерде жергілікті сүзгіден өткізілетін мәжбүрлі желдетуді, техникалық қызмет көрсету аймағын тазалауды және персоналды тиісті түрде қорғауды қамтиды. • Құрылғының
сыртын қауіпті аймақтан шығаар алдында шаңсорғышпен тазартып, сүрту немесе тазартқышпен тазалау қажет. Барлық жабдықтар қауіпті аймақтан шығарылған кезде ластанған деп есептелуі керек. Шаңның таралуын болдырмау үшін тиісті шаралар қабылдануы керек. • Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде, қанағаттанарлық түрде тазалау мүмкін емес ластанған заттар жойылуы тиіс. Мұндай заттарды осындай қалдықтарды жою туралы қағидаларға сәйкес өткізбейтін қапшықтарға салып тастау керек. • Тек М және Н шаң класы:
Құрылғыны тасымалдау және оған қызмет көрсету кезінде сору қақпағын нығыздаушы тығынмен жабыңыз. ● Тек Н шаң класы: Құрылғының сүзгілеу тиімділігі EN 60 335-2-69 22.AA.201.2-те көрсетілгендей сынау әдісімен тексерілуі мүмкін.
Бұл сынау егер ол ұлттық талаптарда көрсетілген болса, кем дегенде жыл сайын немесе одан жиі өткізілуі керек. Егер сынау нәтижесі теріс болса, сынауды жаңа тегіс сүзгі арқылы қайталаңыз.
⚠️ ЕСКЕРТУ • Сауіптердің алдын-алу үшін қорғаныс құрал-жабдықтарын жылына кемінде бір рет өндіруші немесе оқытылған адам олардың қауіпсіздікке қатысты мінсіз функцияларын, мысалы, құрылғының тығыздығын, сүзгінің зақымдануын, басқару құрылғыларының қызметін (тек шаң класы М және Н) тексеріп отыруы керек.
Айналмалы қылшақтары бар құрылғылар
⚠️ ҚАУІП • Электр тогының соғу қаупі. Ешқашан желілік қосылым кабелін немесе ұзартқыш кабельді сору басының айналмалы қылшақтары арқылы жүргізбеңіз.
⚠️ АБАЙЛАҢЫЗ • Жарамсыз қылшақтар сіздің қауіпсіздігіңізге қауіп төндіреді. Жеткізу жынтығында бар немесе пайдалану нұсқаулығында ұсынылған қылшақтарды ғана пайдаланыңыз.
Пневматикалық шиналардағы құрылғылар
⚠️ АБАЙЛАҢЫЗ
- Шиналардағы максималды жарамды қысымнан асыруға рұқсат етілмейді. Шинада және, қажет болса, дискіде
шиналардағы қысымды есептеу қажет. Әртүрлі мәндер болған кезде ең аз мәнді ұстау қажет.
- Шиналардағы қысымды реттеу алдында компрессордағы қысым редукторы дұрыс реттелгеніне көз жеткізіңіз.
- Бұралатын дискілері бар құрылғыларға арналған: Шиналардағы қысымды реттеу алдында дискінің барлық бекіткіш бұрандалары тығыз бұралғанына көз жеткізіңіз.
Күтім және техникалық қызмет көрсету
⚠️ ЕСКЕРТУ • Тазарту, техникалық қызмет көрсету және бөлшектерді ауыстыру алдында құрылғыны өшіру қажет, қуат көзінен ажырату немесе аккумулятор жинағын алып тастау керек. Басқа функцияға ауыспас бұрын құрылғыны өшіріңіз.
⚠️ АБАЙЛАҢЫЗ • Құрылғыны рұқсат етілген сервистік қызмет көрсету орталықтарында қауіпсіздік техникасы бойынша барлық негізгі нұсқауларды білетін осы саладағы мамандар жөндеуі қажет. • Су деңгейінің өлшегішін үнемі тазартып, зақымдардың жоқтығын тексеріп отырыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
- Өндірістік мақсатта қолданылатын тасымалы құрылғылардың қауіпсіздігін тексерген кезде, қолданыстағы жергілікті нұсқауларды ұстану керек. - Қысқа тұйықталу немесе басқа зақымдар. Құрылғыларды түтік құбырдағы су ағынымен немесе жоғары қысым астында тазартуға тыйым салынады.
Сору түтігінде электр байланысы бар құрылғылар
⚠️ ҚАУІП • Электр тогының соғу қаупі. Ешқашан тазалауға арналған түтікті суға батырмаңыз.
⚠️ АБАЙЛАҢЫЗ • Тек өндіруші рұқсат еткен құрал-жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз. Түпнұсқа құрал-жабдықтар мен түпнұсқа қосалқы бөлшектер құрылғыны сенімді және үздіксіз пайдалануға кепілдік береді.
Тасымалдау
⚠️ АБАЙЛАҢЫЗ
• Тасымалдау алдында қозғалтқышты нық қойыңыз. Құрылғыны салмағын ескеріп
бекіту туралы ақпаратты пайдалану нұсқаулығындағы Техникалық сипаттар бөлімінен қараңыз.