SAMSUNG

EBPG930 - смартфон SAMSUNG - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз EBPG930 SAMSUNG PDF форматында.

📄 227 бет PDF ⬇️ Қазақша KK 🔧 SAV 💬 ЖИ сұрағы 🖨️ Басып шығару
Notice SAMSUNG EBPG930 - page 178
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : SAMSUNG

Модель : EBPG930

Санат : смартфон

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз смартфон PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз EBPG930 - SAMSUNG және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. EBPG930 брендінің SAMSUNG.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ EBPG930 SAMSUNG

Жұмысты бастамас бұрын

Қауіпсіз әрі дұрыс пайдалану үшін құрылғыны пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықты оқып

Суреттердің сыртқы түрі нақты өнімнен ерекшеленуі мүмкін. Мазмұн алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Нұсқаулық белгішелер Ескерту: өзіңіздің немесе басқалардың жарақат алуына әкелуі мүмкін жағдайлар Абайлаңыз: құрылғыны немесе басқа жабдықты зақымдауы мүмкін жағдайлар Ескерім: ескертулер, пайдалану туралы кеңестер немесе қосымша ақпарат

Жұмысты бастау Орама құрамы Өнім қорабында мына заттар бар екенін тексеріңіз:

Жылдам бастау нұсқаулығы

Құрылғымен бірге берілген элементтер және кез келген қол жетімді қосалқы құралдар аймаққа немесе қызмет көрсетушіге байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.

Берілген элементтер тек осы құрылғыға арналған және басқа құрылғылармен үйлесімді болмауы мүмкін.

Сыртқы түрі және сипаттамалар ескертусіз өзгертілуі мүмкін.

Қосымша қосалқы құралдарды жергілікті Samsung сатушысынан сатып алуға болады. Сатып алу алдында олардың құрылғымен үйлесімді екенін тексеріңіз.

Тек Samsung рұқсат еткен қосалқы құралдарды ғана пайдаланыңыз. Бекітілмеген қосалқы құралдарды пайдалану кепілдікте қамтылмаған өнімділік мәселелерін және ақаулықтарды тудыруы мүмкін.

Қосалқы құралдардың қол жетімділігі тек өндіруші компанияларға ғана байланысты болады. Қол жетімді қосалқы құралдар туралы қосымша ақпарат, Samsung веб-сайтында ұсынылған. Құрылғының сыртқы көрінісі Ысыру/батарея деңгейі түймесіUSB зарядтағыш портыЗарядтағыш портыИндикатор шамы

Батарея топтамасын зарядтау Батарея топтамасын бірінші рет пайдалану алдында немесе батарея топтамасы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса, батареяны зарядтаңыз.Тек Samsung бекіткен зарядтағыштарды және кабельдерді пайдаланыңыз. Бекітілмеген зарядтағыштар немесе кабельдер батареяның жарылуына немесе батарея топтамасының зақымдалуына әкелуі мүмкін. Батареялар топтамасын USB қуат адаптеріне USB кабелі арқылы жалғаңыз. USB қуат адаптерін электр розеткасына қосу.Зарядтағышты дұрыс жалғамау батарея топтамасын қатты зақымдауы мүмкін. Дұрыс пайдаланбау тудырған ешбір зақымды кепілдік қамтымайды. Батареялар топтамасын зарядтағышты (бөлек сатылады) пайдаланып зарядтауға болады. Компьютер сияқты зарядтағыштан ерекшеленетін қуат көзін пайдалану, токтың ең төмен жылдамдығы себебінен зарядтау жылдамдығының төмендеуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Батарея топтамасын зарядталып жатқанда пайдалануға болады, бірақ батареяны толық зарядтауға ұзағырақ уақыт кетуі мүмкін. Зарядтау кезінде, батарея топтамасы қызып кетуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай және батарея топтамасының қызмет мерзіміне немесе өнімділігіне әсер етпеуі тиіс. Егер батарея әдеттегіден ыстығырақ болса, зарядтағыш зарядтауды тоқтатуы мүмкін. Нақты сыйымдығы (Вт·сағ) шығыс тогы мен батареяның кернеуі бойынша өлшенеді. Ол, шығыс қуатының шарттарына, жалғанған құрылғы тізбектерінің конфигурациясына және пайдалану шарттарына байланысты, құрылғыда көрсетілген сыйымдықтан (Вт·сағ) ерекшеленуі мүмкін. Батарея топтамасы дұрыс зарядталмай жатса, батарея топтамасы мен зарядтағышты Samsung сервис орталығына апарыңыз.

Толық зарядтағаннан кейін, USB кабелін батарея топтамасынан ажыратып, оны электр розетка ұясынан ажыратыңыз.Қуатты үнемдеу үшін пайдаланылмаған кезде зарядтағышты желіден ажыратыңыз. Зарядтағыштың қуат қосқышы жоқ, сондықтан қуатты ысыраптауды болдырмау үшін пайдаланбаған кезде зарядтағышты электр розетка ұясынан ажырату керек. Зарядтау кезінде зарядтағыш электр розетка ұясына жақын және оңай қол жетімді болуы керек. Қалған батарея қуатын тексеру Батарея деңгейі түймесін басып, қалған батарея қуатын тексеріңіз.Индикатор шамдары сізге қалған батарея қуаты туралы хабарлайды.Қалған батарея қуатыИндикатор шамының күйі75-100% Төрт индикатор шамы қосулы50-75% Үш индикатор шамы қосулы25-50% Екі индикатор шамы қосулы5-25% Бір индикатор шамы қосулы0-5% Бір индикатор шамы жыпылықтайды

Ұялы құрылғыны зарядтау

USB кабелінің соңын батареялар топтамасының USB зарядтау портына жалғаңыз. Содан кейін USB кабелінің екінші соңын мобильді құрылғының көп мақсатты ұяшығына жалғаңыз. Мобильді құрылғы толығымен зарядталғаннан кейін USB кабелін құрылғылардың екеуінен де ажыратыңыз. Егер ұялы құрылғы батарея топтамасына жалғанғаннан кейін зарядталмаса, Ысыру түймесін басыңыз. Батарея топтамасы қосалқы сыртқы батарея болып табылады. Ол кейбір ұялы құрылғыларды толық зарядтамауы мүмкін. Егер батарея топтамасы тым ыстық немесе суық температуралар әсер етсе немесе қате орын алса, индикатор шамы қызыл түспен жыпылықтайды. Мобильді құрылғыны батарея топтамасынан ажыратып, қайта жалғаңыз.

5Авторлық құқық Copyright © 2016 Samsung Electronics Бұл нұсқаулық халықаралық авторлық құқықтар туралы заңдармен қорғалған. Samsung Electronics компаниясының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз бұл нұсқаулықтың ешбір бөлігін кез келген түрде немесе кез келген әдіс, электрондық немесе механикалық, соның ішінде, фотокөшіру, жазу немесе кез келген ақпараттық қоймада және шығарып алу жүйесінде сақтау арқылы көшіруге, таратуға, аударуға немесе тасымалдауға болмайды. Сауда белгілері

SAMSUNG және SAMSUNG логотипі — Samsung Electronics компаниясының тіркелген сауда белгілері.

Барлық басқа сауда белгілері және авторлық құқықтар сәйкес иелерінің меншігі болып