WMD 863 - кір жуғыш машина HOTPOINT - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз WMD 863 HOTPOINT PDF форматында.

HOTPOINT WMD 863 - кір жуғыш машина
📄 60 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice HOTPOINT WMD 863 - page 49
Нұсқаулықты қарау : Français FR Deutsch DE English EN Қазақша KK Nederlands NL
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түрі Кір жуғыш машина
Бренд Hotpoint
Үлгі WMD 863
Өлшемдері (Е x Б x Т) 59.5 x 85 x 60.5 см
Жуу сыйымдылығы 1-ден 8 кг
Ең жоғары айналу жылдамдығы 1600 айн/мин
Электр қорегі 230 В, 50 Гц (зауыттық тақташаны қараңыз)
Су қысымы 0,05-тен 1 МПа (0,5-тен 10 бар)
Энергия тиімділігі класы A+++
Жылдық су шығыны 11594 литр
Жуу бағдарламалары Кәдімгі мақта 60°C, Кәдімгі мақта 40°C, Синтетика, Жылдам 60', Жылдам 30', Жүн, Нәзік, Төсек және ванна, т.б.
Арнайы функциялар Кешіктірілген іске қосу, Түймелерді құлыптау, Менің циклім, Жуу қарқындылығы, Аллергияға қарсы, Қосымша шаю
Дисплей түрі Фаза индикаторлары бар сандық экран
Күтім Өзін-өзі тазарту бағдарламасы, сорғыны тазалау, жуғыш зат жәшігін тазалау
Қауіпсіздік Люкті құлыптау, балалар қауіпсіздігі, асып кетуден қорғау
Су қосу 3/4 газ жіпті кіру шлангі, ағызу шлангі (еденнен 65-100 см)
Шамамен салмағы Шамамен 70 кг
Сертификаттар ЕО директивалары 2004/108/ЕО, 2012/19/ЕО, 2006/95/ЕО

Жиі қойылатын сұрақтар - WMD 863 HOTPOINT

Hotpoint WMD 863 кір жуғыш машинасын қалай орнатуға болады?
Құрылғыны орауыштан алыңыз, артқы жағындағы 4 тасымалдау бұрандасын алып тастаңыз және тесіктерді жиынтықтағы пластик тығындармен жабыңыз. Машинаны тегіс және қатты еденге қойыңыз, алдыңғы аяқтарды реттеу арқылы тегістеңіз. Су кіру шлангін суық су шүмегіне (3/4 газ) жалғаңыз және ағызу шлангін еденнен 65-100 см биіктіктегі дренажға жалғаңыз. Ашаны жерге тұйықталған розеткаға салыңыз.
Орнатқаннан кейін бірінші цикл қандай болуы керек?
Бірінші пайдалану алдында, Өзін-өзі тазарту бағдарламасын таңдап, жуғыш затпен бос жуу циклін іске қосыңыз. Бұл бағдарламаны іске қосу үшін A және B түймелерін бір мезгілде 5 секунд басып тұрыңыз. Бұл цикл шамамен 70 минутқа созылады.
Жуғыш зат жәшігін қалай пайдалануға болады?
Жәшікте бірнеше бөлімдер бар: 1-ші науа алдын ала жууға (ұнтақ), 2-ші науа негізгі жууға (ұнтақ немесе сұйық), және кондиционерге арналған бөлім. Сұйық жуғыш зат үшін жиынтықтағы A бөлгішін пайдаланыңыз. Қосымша 4-ші науа ағартқышқа арналған. Максималды деңгейден асырмаңыз.
Егер машина қосылмаса не істеу керек?
Ашаның дұрыс жалғанғанын және электр қуатының өшірілмегенін тексеріңіз. Люк есігінің дұрыс жабылғанына көз жеткізіңіз. Құрылғыны қосу үшін ON/OFF түймесін қысқа басыңыз. START/PAUSE шамы баяу жыпылықтауы керек.
Сорғы сүзгісін қалай тазалауға болады?
Машинаны ажыратыңыз және циклдің аяқталғанына көз жеткізіңіз. Бұрағыштың көмегімен алдыңғы панельді шешіңіз. Сорғы қақпағын сағат тіліне қарсы бұрап алыңыз (біраз су ағуы мүмкін). Ішін тазалап, мүмкін заттарды алыңыз. Қақпақты қайта бұрап, панельді орнына қойыңыз.
Неліктен машина айналдыру кезінде қатты дірілдейді?
Бұл дұрыс орауыштан ашпау (тасымалдау бұрандалары әлі орнында) немесе тегіс емес еденге байланысты болуы мүмкін. Тасымалдау бұрандаларының алынғанын және аяқтардың дұрыс тегістелгенін тексеріңіз (еңкейту 2°-тан аспауы керек). Машинаның жиһаздарға тірелмегеніне көз жеткізіңіз.
Электр қуаты өшіп қалғанда есікті қалай ашуға болады?
Ашаны ажыратыңыз. Су деңгейінің төмен екенін тексеріңіз (қажет болса, ағызу шлангі арқылы босатыңыз). Алдыңғы панельді бұрағышпен шешіңіз, содан кейін пластик тілшесін босағанша өзіңізге қарай тартыңыз. Есікті ашу кезінде төмен қарай тартыңыз. Кейін панельді орнына қойыңыз.
Нәзік киімдер үшін қандай бағдарламаларды қолдану керек?
Стразалар немесе жылтырлары бар бұйымдар үшін Нәзік бағдарламасын, ал қолмен жууға болатын жүн үшін Woolmark сертификатталған Жүн бағдарламасын пайдаланыңыз. Жібек пен перделер үшін 'Нәзік' қарқындылық деңгейімен Нәзік бағдарламасын таңдаңыз. Арнайы нәзік маталарға арналған сұйық жуғыш затты қолданыңыз.
Түймелерді құлыптауды қалай іске қосуға болады?
Кездейсоқ өзгертулерді болдырмау үшін ТҮЙМЕЛЕРДІ ҚҰЛЫПТАУ түймесін шамамен 2 секунд басып тұрыңыз. Экранда белгіше жанады. Тек ON/OFF түймесі ғана белсенді күйде қалады. Өшіру үшін түймені қайтадан 2 секунд басып тұрыңыз.
Егер экранда қате коды (мысалы: F-01) көрсетілсе не істеу керек?
Құрылғыны өшіріп, ашаны ажыратыңыз. Шамамен 1 минут күтіңіз, содан кейін қайта жалғап, қосыңыз. Егер код сақталса, оны жазып алып, уәкілетті техникалық қолдау қызметіне хабарласыңыз. Өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз. Зауыттық тақташадағы модель (Mod.) және сериялық нөмірді (S/N) дайындап қойыңыз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы WMD 863 HOTPOINT

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз кір жуғыш машина PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз WMD 863 - HOTPOINT және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. WMD 863 брендінің HOTPOINT.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ WMD 863 HOTPOINT

Қаптамадан алу және түзулеу

Ток пен суды қосу

Бірінші жуу циклы

Техникалық деректері

Кір жуғыш машина сипаттамасы, 52-53

Баскару тактасы

Дисплей

Жуу циклдары мен функциялары, 55

Жуу циклдарының кестесі

Жуу функциялары

WMD 863

Жуғыш заттар мен кірлер, 56

Жуғыш зат тартпасы

Кірлерді дайындау

Арнайы жуу циклдары

Жүкті теңестіру жүйесі

Күтім және пайдалану, 58

Су мен токты өшіру

Кір жуғыш машинаны тазалау

Жуғыш зат тартпасын тазалау

Құрылғының есігі мен барабанына күтім көрсету

Сорғыны тазалау

Судың кіріс түтігін тексеру

Бұл нұсқаулықты кейін қарау үшін жоғалып қалмайтындай бір жерге сақтап қою керек. Кір жуғыш машина сатылса, тасымалданса немесе көшірілсе, нұсқаулық құрылғымен бірге болатынын қамтамасыз етіңіз, солайша жаңа иесі оның жұмысы мен мүмкіндіктерімен танысады. Осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз: оның ішінде құрылғыны қауіпсіз орнату және қолдану туралы маңызды ақпараттар қамтылған.

Қаптамадан алу және түзулеу

Қаптамадан алу

  1. Кір жуғыш машинаны қаптамасынан алыңыз.
  2. Тасымалдау барысында кір жуғыш машина зақымдалмағанын тексеріңіз. Ол зақымдалған болса, сатушыға хабарласыңыз және орнату үдерісін тоқтатыңыз.

HOTPOINT WMD 863 - Қаптамадан алу - 1

  1. Құрылғының артқы жағында орналасқан 4 қорғаныш бұрандасын (тасымалдау кезінде қолданылады) және тиісті төсемі бар резеңке тығырықты алып тастаңыз (суды қараңыз).
  2. Тесіктерді бірге берілген пластикалық тығындармен жабыңыз.
  3. Барлық бөлшектерді сақтап қойыңыз: кір жуғыш машинаны басқа жерге тасымалдайтын болсаңыз, олар керек болады. ! Қаптама материалдарын балалардың ойыншығы ретінде қолдануға болмайды. ! Ораушы және оның жеке элементтері азықпен байланысуға арналмаған.

Түзулеу

  1. Кір жуғыш машинаны қабырғаға, жиһазға, шкафқа немесе басқа кез келген затқа сүйемей, тегіс әрі қалыпты еденге орнатыңыз.

HOTPOINT WMD 863 - Түзулеу - 1

  1. Еден түзу болмаса, алдыңғы аяқтарды қатайту немесе босату арқылы құрылғыны түзулеңіз (суретті қараңыз); құрылғының үстіңгі жағымен салыстырып өлшенген еңкею бұрышы 2°-тан аспауы керек.

Құрылғыны дұрыс түзулеу оған тұрақтылық береді, дірілдеу мен шамадан тыс шуылдың болмауына көмектеседі және жұмыс істеген кезде қозғалуына жол бермейді. Құрылғы кілемге немесе кілемшеге қойылса, аяқтарын оның астында вентиляция үшін жеткілікті орын болатындай етіп реттеу керек.

Ток пен суды қосу

Судың кіріс түтігін жалғау

HOTPOINT WMD 863 - Судың кіріс түтігін жалғау - 1

  1. Су жуетін шлангіні ¾ gas оймалы суық су кранына бұрап қосыңыз (сызбаны қараңыз). Қосар алдында су жуетін кранды одан таза су аққанша ашыңыз.

HOTPOINT WMD 863 - Судың кіріс түтігін жалғау - 2

  1. Кіріс түтігін кір жуғыш машинаның артқы жағының жоғарғы оң жағында орналасқан тиісті су кірісіне бұрап жалғаңыз (суретті қараңыз).
  2. Түтік бүктелмегеніне немесе майыстырылмағанына көз жеткізіңіз.

! Шүмектегі су қысымы Техникалық мәліметтер кестесінде көрсетілген мәндер аралығында болуы тиіс (келесі бетті қараңыз). ! Кіріс түтігінің ұзындығы жеткіліксіз болса, мамандандырылған дүкенге немесе куәландырылған маманға хабарласыңыз. ! Бұрын қолданылған түтіктерді пайдаланбаңыз. ! Құрылғымен бірге берілген түтіктерді қолданыңыз.

Ағызу түтігін жалғау65 - 100 см

Ағызу түтігін майыстырмай, еденнен 65-100 см жоғары орналасқан ағызу құбырына немесе қабырғадағы канализация құбырына жалғаңыз;

HOTPOINT WMD 863 - Судың кіріс түтігін жалғау - 4

немесе, оны ваннаға салып, берілген түтікті шүмекке бекітіңіз (суретті қараңыз). Түтіктің шеті су астында болмауы тиіс.

! Түтікті ұзартуға қарсымыз; бірақ басқа амалы болмаса, ұзарту түтігінің диаметрі бастапқы түтіктің диаметрімен бірдей болуы және оның ұзындығы 150 см-ден аспауы керек.

Электр қосылымдары

Құрылғыны розеткаға қоспас бұрын, мына жағдайларға көз жеткізіңіз:

  • розетка жерге тұйықталған және қолданыстағы заңды ережелерге сәйкес келеді;
  • розетка Техникалық деректер кестесінде көрсетілген құрылғының ең жоғарғы қуатына төзімді (жанындағы ақпаратты қараңыз);
  • қуат көзінің кернеуі Техникалық деректер кестесіндегі мәндер ауқымында (жанындағы ақпаратты қараңыз);
  • розетка кір жуғыш машинаның айырына сәйкес келеді. Олай болмаса, розетканы немесе айырды ауыстырыңыз.

! Жабық жер болса да, кір жуғыш машинаны сыртта орнатпау қажет. Құрылғыны жаңбыр, боран және басқа да ауа-райы жағдайларында қалдыру аса қауіпті.

! Кір жуғыш машина орнатылғаннан кейін розеткаға оңай қол жеткізу мүмкін болуы тиіс.

! Бірнеше розеткалар мен ұзартқыш сымдарын пайдаланбаңыз. ! Сымды майыстыруға немесе оған қысым салуға болмайды. ! Ток сымын тек өкілетті мамандар ауыстыруы тиіс.

Ескерту! Осы ережелер сақталмаған жағдайда, компания жауапты болмайды.

Бірінші жуу циклы

Кұрылғы орнатылғаннан кейін және оны алғаш рет пайдаланбас бұрын, "Өзін-өзі тазалау" жуу циклын қолдана отырып, жуғыш затпен кірлерді салмай-ақ, жуу циклын іске қосыңыз («Кір жұғыш машинаны тазалау» тарауын қараңыз).

Техникалық деректері
Улгі WMD 863
Өлшемдеріені 59,5 смбиіктігі 85 смтерендігі 60,5 см
Сыйымдылығы 1 - 8 кг
Электрқосылымдарықұрылғыға бекітілген техникалықдеректер тақтасын қараңыз
Су қосылымдарыең жоғары қысым 1 МПа (10 бар)ең темен қысым 0,05 МПа (0,5 бар)барабан сыйымдылығы 62 литр
Айналдыружылдамдығы1600 айналым/мин мәніне дейін
Құатты есептеубағдарламаларымынастандартқа сәйкес:EN 60456(60°) бағдарламасы (Түйменіңбірінші басылуы);8 кг жүкті қолдана отырып.
Бұл құрылғы төмендері ЕОдирективаларына сәйкес келеді:- 2004/108/ЕС (Электр магниттікүйлесімділік)- 2006/95/ЕС (Төмен кернеу)- 2012/19/EU

Кір жуғыш машина сипаттамасы

Басқару тақтасы ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі ЖУУ ЦИКЛЫН ТҮРІ түймесі СЫҒУ ЖЫЛДАМДЫҒЫ түймесі ДИСПЛЕЙ Жуғыш зат тартпасы ЖУУ ЦИКЛЫН ТАНДАУ түймелері ЖАД түймесі ФУНКЦИЯ түймелері Индикатор шамы бар БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесі АНТИАЛЛЕРГИЯЛЫҚ ШАЮ түймесі ТЕМПЕРАТУРА түймесі КЕШІКТІРІЛГЕН БАСТАУ ТАҚТАСЫН ҚҰЛЫПТА…

Жуғыш зат тартпасы: жуғыш заттар мен жуғыш қосындыларды енгізу үшін пайдаланылады («Жуғыш заттар мен кірлер» тарауын қараңыз).

ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі: оны құрылғыны қосу немесе өшіру үшін аз уақыт басыңыз. БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ индикатор шамы жасыл түспен баяу жыпылықтап тұрса, демек құрылғы қосылған. Жуу циклы барысында кір жуғыш машинаны өшіру үшін, түймені шамамен 3 секунд басып ұстан тұрыңыз; егер түйме аз уақыт немесе кездейсоқ басылса, құрылғы өшпейді. Құрылғы жуу циклы барысында өшірілсе, бұл жуу циклы тоқтатылады.

ЖУУ ЦИКЛЫН ТАНДАУ түймелері: қажетті жуу циклын орнату үшін пайдаланылады (Жуу циклдарының кестесін қараңыз).

ЖАД түймесі: құрылғының жадына өзіңіз қалаған параметрлер жинағы бар циклды сақтау үшін түймені басып ұстан тұрыңыз. Бұрын сақталған циклды шақыру үшін ЖАД түймесін басыңыз.

ФУНКЦИЯ түймелері: қажетті функцияны таңдау үшін түймені басыңыз. Дисплейдегі тиісті индикатор шамы жанады.

ЖУУ ЦИКЛЫНЫҢ ТҮРІ түймесі: ЖУУ ЦИКЛЫНЫҢ қажетті қарқындылығын таңдау үшін басыңыз.

АНТИАЛЛЕРГИЯЛЫҚ ШАЮ түймесі: қажетті шаю түрін таңдау үшін басыңыз.

СЫҒУ түймесі: сығу циклын азайту немесе толығымен алып тастау үшін басыңыз – мәні дисплейде көрсетіледі.

ТЕМПЕРАТУРА ТҮЙМЕСІ: температураны азайту үшін басыңыз: мән дисплейде көрсетіледі.

БАСҚАРУ ТАҚТАСЫН ҚҰЛЫПТАУ түймесі: басқару тақтасының құлпын қосу үшін түймені шамамен 2 секунд басып ұстан тұрыңыз. Индикатор шамы жанғанда, басқару тақтасы құлыпталады. Яғни, жуу циклдарын кездейсоқ түрде өзгертуден қорғауға болады, әсіресе, үйде балалар болса. Басқару тақтасының құлпын өшіру үшін түймені шамамен 2 секунд басып ұстан тұрыңыз.

КЕШІКТІРІП БАСТАУ ТҮЙМЕСІ: таңдалған жуу циклы үшін кешіктіріп бастауды орнату үшін басыңыз. Кешіктіру уақыты дисплейде көрсетіледі.

Индикатор шамы бар БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесі: жасыл индикатор шамы баяу жыпылықтап тұрғанда, жуу циклын бастау үшін түймені басыңыз. Цикл басталғаннан кейін индикатор шамы бір қалыпта жанып тұрады. Жуу циклын тоқтата тұру үшін, түймені тағы бір рет басыңыз; индикатор шамы қызғылт сары түспен жыпылықтайды. Индикатор шамы жанса, демек есікті ашуға болады. Жуу циклын тоқтатылған жерінен бастау үшін түймені тағы бір рет басыңыз.

Күту режимі

Осы кір жуғыш машина, жаңа қуатты үнемдеу ережелеріне сәйкес, ешбір әрекет байқалмаса, шамамен 30 минуттан кейін қосылатын автоматты күту жүйесімен жабдықталған. ҚОСУ-ӨШІРУ түймесін аз уақыт басып, құрылғының іске қосылуын күтіңіз.

Дисплей

Z B A X C D E Y 1600 1808 90 F

KZ

Дисплей құрылғыны бағдарламалаған кезде пайдалы және өте көп ақпарат береді.

Екі жоғарғы А және В жолдары таңдалған жуу циклы, жуу циклының кезеңі туралы мәліметті және жуу циклының орындалу барысына қатысты барлық ақпаратты береді.

С жолы орындалып жатқан жуу циклының соңына дейін қалған уақытты және, КЕШІКТІРІП БАСТАУ таңдалған болса, таңдалған жуу циклының басталуына дейін қалған уақытты көрсетеді.

D жолы ең көп сығу жылдамдығының мәнін көрсетеді (ол таңдалған жуу циклына байланысты болады); жуу циклына сығу циклы кірмесе, жол қолданылмайды.

Е жолы таңдауға болатын ең көп температура мәнін көрсетеді (ол таңдалған жуу циклына байланысты болады); жуу циклының температурасын өзгерту мүмкін болмаса, жол қолданылмайды.

F индикатор шамдары функцияларға сәйкес келеді және орнатылған жуу циклымен сыйысымды функция таңдалған кезде олар жанады.

Есік құлыптаулы таңбасы =0

Таңба жанып тұрса, ол кір жуғыш машина есігінің кездейсоқ ашылуына жол бермеу үшін оның құлыпталғанын білдіреді. Кез келген зақымдалудың алдын алу үшін құрылғы есігін ашпас бұрын таңбаның өздігінен өшуін күтіңіз. Ескертпе: КЕШІКТІРІП БАСТАУ функциясы іске қосылған болса, есікті ашу мүмкін болмайды; оны ашу керек болса, БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін басу арқылы құрылғыны тоқтатып қойыңыз.

! Құрылғы алғаш рет қосылғанда, сізден тілді таңдау сұралады және тілді таңдау мәзірі автоматты түрде көрсетіледі.

Қажетті тілді таңдау үшін X және Y түймелерін басыңыз; таңдауды растау үшін Z түймесін басыңыз. Тілді өзгерту үшін құрылғыны өшіріңіз де, дыбыс сигналы естілгенше X, Y, Z түймелерін бір уақытта басыңыз: тілді таңдау мәзірі қайтадан көрсетіледі.

  1. ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОСЫҢЫЗ. Түймесін басыңыз; дисплейде «WELCOME» мәтіні пайда болады және БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ индикатор шамы жасыл түспен баяу жыпылықтайды.
  2. КІРЛЕРДІ САЛЫҢЫЗ. Есікті ашыңыз. Келесі беттегі бағдарламалардың кестесінде көрсетілген ең көп жүк мәнінен асып кетпеуге назар аударып, кірлерді салыңыз.
  3. ЖУҒЫШ ЗАТТЫ ӨЛШЕҢІЗ. Жуғыш зат тартпасын ашып, «Жуғыш заттар мен кірлер» тарауында айтылғанмен сәйкес жуғыш затты тиісті бөлікке салыңыз.
  4. ЕСІКТІ ЖАБЫҢЫЗ.
  5. ЖУУ ЦИКЛЫН ТАҢДАҢЫЗ. Қажетті жуу циклын таңдау үшін ЖУУ ЦИКЛЫН ТАҢДАУ түймелерінің бірін басыңыз; жуу циклының атауы дисплейде көрсетіледі. Әрбір жуу циклы үшін температура мен сығу жылдамдығы орнатылған; оларды реттеуге болады. Дисплейде циклдың мерзімі көрсетіледі.
  6. ЖУУ ЦИКЛЫН ӨЗГЕРТІҢІЗ. Тиісті түймелерді қолданыңыз:

HOTPOINT WMD 863 - Есік құлыптаулы таңбасы =0 - 1

температура және/немесе сығу

жылдамдығын өзгерту. Құрылғы таңдалған жуу циклы үшін орнатылған ең жоғары температура мен сығу жылдамдығын автоматты түрде таңдайды; сондықтан, бұл мәндерді арттыру мүмкін емес, түймесін басу арқылы температураны суық сумен жуу циклының «OFF» параметріне жеткенше төмендетуге болады. Түймесін басу арқылы сығу жылдамдығын толығымен өшірілгенше, біртіндеп төмендетуге болады («OFF» параметрі). Бұл түймелер тағы да басылса, ең жоғарғы мәндер қалпына келеді.

! Киіс жағдай: (60) (Түйменің бірінші басылуы) бағдарламасы таңдалса, температураны 90°C-қа дейін көтеруге болады.

HOTPOINT WMD 863 - температура және/немесе сығу - 1

Кешіктіріп бастауды орнату.

Таңдалған бағдарлама үшін кешіктіріп бастауды орнату үшін, қажетті кешіктіру мерзіміне дейін жеткенше тиісті түймені қайта-қайта басыңыз. Бұл опция қосылғанда, дисплейде белгісі жанады. Кешіктіріп бастау функциясын алып тастау үшін дисплейде «ӨШІРУЛІ» мәтіні көрсетілгенше түймені басыңыз.

Жуу циклының қажетті қарқындылығын орнату.

„„ түймесі маталардың ластану дәрежесі мен жуу циклының қажетті қарқындылығына қарай жууды оңтайландыруға мүмкіндік береді. Жуу бағдарламасын таңдаңыз: цикл автоматты түрде «Normal» (Қалыпты) тәртібіне қойылады, себебі ол ластану дәрежесі орташа киімдерге оңтайландырылған (бұл параметр «Жүн» циклы үшін қолданылмайды, ол автоматты түрде “Delicate” (Нәзік) тәртібіне қойылады). Қатты ластанған киімдер үшін „„ түймесін “Super Wash” (Қарқынды) тәртібі шыққанша басыңыз. Циклдың бастапқы кезеңінде судың көп мөлшері қолданылатындықтан және барабан тез айналатындықтан бұл дәреже өнімділігі жоғары жууды қамтамасыз етеді. Ол қиын кетірілетін дақтарды тазарту үшін қолайлы. Оны ағартқышпен немесе ағартқышсыз пайдалануға болады.

Ағартқышты қолданғыңыз келсе, 1-бөлікке қосымша құрылғымен бірге берілетін 4-бөлікті салыңыз. Ағартқышты құйған кезде ортаңғы өзекте белгіленген «max» деңгейінен асып кетпеуге назар аударыңыз (56-беттегі кестені қараңыз).

Аз ластанған киімдер үшін немесе маталарды нәзік түрде өңдеу қажет болса, 📄 түймесін "Delicate" (Нәзік) дәрежесіне жеткенше басыңыз. Нәзік киімдер үшін керемет нәтижеге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін циклда барабан баяу айналады.

Шаю түрін орнату.

опциясы сезімтал теріні қорғау үшін қажетті шаю түрін таңдауға мүмкіндік береді. "Extra Rinse" (Қосымша шаю) дәрежесін таңдау үшін түймені бір рет басыңыз, ол стандартты циклдың шаюына қоса қосымша шаюды таңдауға және жуғыш заттың барлық қалдықтарын жоюға мүмкіндік береді. "Sensitive Skin" (Сезімтал тері) дәрежесін орнату үшін түймені тағы бір рет басыңыз, ол стандартты циклдың шаюына қоса қосымша екі шаюды таңдауға мүмкіндік береді; ол өте сезімтал теріге қолданылуға ұсынылады. "Anti allergy Rinse" (Антиаллергиялық) дәрежесін орнату үшін түймені үшінші мәрте басыңыз, ол стандартты циклдың шаюына қоса қосымша үш шаюды таңдауға және тозаң, кенелер немесе мысық пен ит жүні сияқты негізгі аллергендерді жоюға мүмкіндік береді.

"Normal Rinse" (Қалыпты) шаю түріне оралу үшін түймені тағы бір рет басыңыз. Ағымдағы параметрді орнату немесе өзгерту мүмкін болмаса, дисплейде "Not allowed" (Рұқсат жоқ) мәтіні көрсетіледі.

Цикл параметрлерін өзгерту.

  • Функцияны қосу үшін түймені басыңыз; түймеге сәйкес келетін индикатор шамы жанады.
  • Функцияны өшіру үшін түймені тағы бір рет басыңыз; индикатор шамы сөнеді. ! Таңдалған функция бағдарламаланған жуу циклымен үйлесімді болмаса, индикатор шамы жыпылықтайды және функция қосылмайды. ! Таңдалған функция оған дейін таңдалған функциялардың біреуімен үйлесімді болмаса, таңдалған бірінші функцияға тиісті индикатор шамы жыпылықтайды және екінші функция қосылады; қосылған функцияға сәйкес келетін индикатор шамы жанып тұрады. ! Функциялар ұсынылатын жүк мәніне және/немесе циклдың мерзіміне әсер етуі мүмкін.
  • БАҒДАРЛАМАНЫ БАСТАУ. БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін басыңыз. Тиісті индикатор шамы жасыл түспен қалыпты түрде жанып тұрады және есік құлыпталады (ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ таңбасы жанады). Жуу циклының барысында, орындалып жатқан кезең аты дисплейде көрсетіледі. Орындалып жатқан жуу циклын өзгерту үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесінің көмегімен кір жуғыш машинаны тоқтатып қойыңыз (БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ индикатор шамы қызғылт сары түспен баяу жыпылықтайды); одан кейін қажетті циклды таңдап, БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін тағы бір рет басыңыз. Цикл орындалып жатқан кезде есікті ашу үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін басыңыз; ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ таңбасы өшсе, есікті ашуға болады. Жуу циклын тоқтатылған жерінен қайта бастау үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін тағы бір рет басыңыз.
  • ЖУУ ЦИКЛЫНЫҢ СОҢЫ. Мұны дисплейдегі «END OF CYCLE» мәтіні білдіреді; ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ таңбасы өшкенде есікті ашуға болады. Есікті ашып, кірлерді алыңыз да, құрылғыны өшіріңіз.

! Басталып қойған циклды доғару қажет болса, ⏻ түймесін басып ұстан тұрыңыз. Цикл тоқтатылады және құрылғы өшеді.

Жуу циклдарының кестесі

ПрограммаларПрограммалардың сипаттамасыТемпература(°C)Макс. жылд.(айн/мин)Кір жуғыш құралдарМакс.жүктөү (кг)Циклін ұзактығы
Алдың ала жүүЖүүАғартқышШайғыш
Даққа қарсы40°1600-5Программалардың ұзактағын қисплейден тексеруге болған
Стандартты мақта 60° (Түйменің бірінші басылуы) (1): қатты ластанған ақ заттар мен тезімді түрлі түсті кірлер.60°(Max. 90°)1600●(3)8
Стандартты мақта 40° (Түйменің екінші басылуы) (2): қатты ластанған ақ заттар мен нәзік түрлі түсті кірлер.40°1600-8
Стандартты мақта 20° (Түйменің үшінші басылуы): қатты ластанған ақ заттар мен нәзік түрлі түсті кірлер.20°1600-8
Синтетика (Түйменің бірінші басылуы): қатты ластанған тезімді түрлі түсті кірлер.60°8004,5
Синтетика (Түйменің екінші басылуы): аз ластанған тезімді түрлі түсті кірлер.40°8004,5
Аралас 60' (Түйменің бірінші басылуы): аз ластанған киімдерді жылдам жуып алу үшін (жүннен немесе жібектен жасалған және қолмен жууды қажет ететін киімдер үшін жарамайды).60°1600--3,5
Аралас 30' (Түйменің екінші басылуы): аз ластанған киімдерді жылдам жуып алу үшін (жүннен немесе жібектен жасалған және қолмен жууды қажет ететін киімдер үшін жарамайды).30°800--3
МЖад: кез келген жуу циклын сақтауға мүмкіндік береді.
Тесек орын бүйымдары мен орамалдар60°1600-8
Жүн: жүн, кашемир және т.б. үшін40°800--2
Нөзік киімдер30°0--1
Жылдам сығу (Түйменің бірінші басылуы)-1600----8
Шаю (Түйменің екінші басылуы)-1600---8
Тартып шығару (Түйменің үшінші басылуы)-0----8

Дисплейде немесе осы кітапшада көрсетілген циклдың мерзімі тек шамамен берілген және ол стандартты жұмыс жағдайларына сәйкес есептеледі. Нақты мерзім су температурасы мен қысымы, қолданылған жуғыш зат мөлшері, салынған кірлердің мөлшері мен түрі, жүктің теңестірілуі және таңдалған кез келген опциялар сияқты факторларға байланысты болады.

Барлық сынақ мекемелері үшін:

1) Жуу циклын EN 60456 стандартына сәйкес тексеріңіз: 60°C 2) Мақтадан жасалған заттарға арналған ұзақ жуу циклы: 40°C 3) 60 °C-та "Алдын-ала жуу" функциясын таңдау мүмкін емес.

(Түйменің бірінші басылуы).

(Түйменің екінші басылуы).

Жуу функциялары

Алдын-ала жуу

Бұл функция таңдалса, алдын ала жуу циклы іске қосылады; ол кетпей қоятын дақтарды кетіру үшін пайдалы.

Ескертпе: Жуғыш затты тиісті бөлікке салыңыз.

! Оны 📞, 🌐, 🎩 (60°). (40°), 📂 опцияларымен бірге қолдануға болмайды.

Оңай үтіктеу

Бұл функцияны таңдау арқылы жуу және сығу циклдары қыртыстардың пайда болуын азайтатындай өзгертіледі. Циклдың аяғында кір жуғыш машинаның барабаны баяу айналады; ОҢАЙ ҮТІКТЕУ және БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ индикатор шамдары жыпылықтайды (қызғылт сары) және дисплейде «ЦИКЛ СОҢЫ» мәтіні көрсетіледі. Циклды аяқтау үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін немесе «ОҢАЙ ҮТІКТЕУ» түймесін басыңыз.

! Оны «Аралас 30» функциясымен бірге қолдануға болмайды.

Eco wash

Қуатты үнемдеу функциясы кір жууға арналған суды қыздырмау арқылы қуатты үнемдейді – яғни, қоршаған ортаға және шығындарыңызды азайтуға көмектеседі. Оның орнына, қарқынды жуу әрекеті мен суды оңтайлы қолдану арқылы стандартты циклдың орташа уақытымен бірдей уақытта керемет жуу нәтижесіне қол жеткізіледі.

Ең жақсы жуу нәтижесіне қол жеткізу үшін сұйық жуғыш затты пайдаланған жөн.

! Оны 📋, 📋, 📋, 📋, 📋 опцияларымен бірге қолдануға болмайды.

Жуғыш зат тартпасы

Жақсы жуу нәтижесіне қол жеткізу жуғыш заттың дұрыс мөлшеріне де байланысты болады: тым көп жуғыш зат қосылса, жуу міндетті түрде тиімдірек болмайды және шынында құрылғы ішінде қалдықтардың түзілуіне және қоршаған ортаны ластауға әкелуі мүмкін.

! Қолмен жууға арналған жуғыш заттарды қолданбаңыз, себебі олар тым көп көбік түзеді.

B A 1 2 3 4 C

Жуғыш зат тартпасын ашып, жуғыш затты немесе жуғыш қосындыны төмендегідей салыңыз.

1-бөлік: Алдын ала жууға арналған жуғыш зат (ұнтақ)

Жуғыш затты салмас бұрын, қосымша 4-бөлік алынғанына көз жеткізіңіз.

2-бөлік: Жуғыш зат (ұнтақ немесе сұйық)

Сұйық жуғыш зат пайдаланылса, дұрыс мөлшерлеу үшін ауыстырмалы пластикалық А өлшеу бөлігін қолданған жөн.

¥нтақ жуғыш зат пайдаланылса, бөлікті В ұясына қойыңыз.

3-бөлік: Қосындылар (кондиционерлер және т.б.)

Кондиционер белгіден асып кетпеуі керек.

Қосымша 4-бөлік: Ағартқыш

Кірлерді дайындау

  • Кірлерді мына жағдайларға байланысты бөліңіз:
  • мата түрі/жапсырмадағы таңба
  • түстер: түрлі-түсті киімдерді ақ киімдерден бөліңіз.

- Қалталарды босатып, түймелерді тексеріңіз.

- «Жуу циклдарының кестесі» атты кестедегі мәндерден асырып жібермеңіз, онда кірлердің құрғақ кездегі салмағы берілген.

Кірлердің салмағы қандай?

Даққа қарсы: Бұл бағдарлама төзімді түстері бар қатты ластанған киімдер үшін қолайлы. Ол стандартты сыныптан жоғары жуу сыныбын қамтамасыз етеді (А сыныбы). Бағдарламаны іске қосқан кезде түстері әртүрлі киімдерді араластырмаңыз. ұнтақ жуғыш затты қолданған жөн. Кетпей қоятын дақтар бар болса арнайы қосымша заттармен алдын ала өңдеген жөн.

Стандартты мақта 20°: циклы қатты кірленген мақта жүктемелеріне тамаша қолайлы. 40°-та жууға салыстыруға болатын төмен температураларда қол жеткізілетін тиімді өнімділік деңгейлері ауыспалы жылдамдықта қайталанатын әрі жиі жоғары жүктемемен орындалатын механикалық әрекеттермен қамтамасыз етіледі.

Төсек орын бұйымдары мен орамалдар: Төсек орын бұйымдары мен орамалдарды бір циклда жуу үшін бағдарламасын қолданыңыз: ол кондиционердің тиімділігін онтайландырады және уақыт пен қуатты үнемдеуге көмектеседі. ұнтақ жуғыш затты қолданған жөн.

Жүн: Осы Hotpoint-Ariston машинасының «Жүн» жуу циклы киім жапсырмасындағы нұсқауларды және осы кір жуғыш машина өндірушісінің нұсқауларын орындау шартымен, The Woolmark Company тарапынан қолмен жуулатын деп белгіленген жүн киімдерін жууға тексеріліп, құпталған. Hotpoint-Ariston – жуу өнімділігі және қуат пен су тұтынуы бойынша The Woolmark Company тарапынан «Apparel Care- Platinum» аттестатына сәйкес келетіні расталған алғашқы кір жуғыш машина бренді. (M1127)

HOTPOINT WMD 863 - Кірлердің салмағы қандай? - 1

Нәзік киімдер: Асыл тас немесе жарқырауықтар тігілген өте нәзік киімдерді жуу үшін бағдарламасын қолданыңыз.

Жібек киімдерді және перделерді жуу үшін циклды таңдап, "Деликатная" (Нәзік) тәртібіндегі қосымша қызметін іске қосыңыз.

Жуудан бұрын киімдердің ішін сыртқа қаратыңыз және кіші заттарды арнайы нәзік киімдерді жууға арналған сөмкеге салыңыз. Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін сұйық жуғыш затты пайдаланыңыз.

Жүкті теңестіру жүйесі

Әрбір сығу циклынан бұрын, шамадан тыс дірілдеудің алдын алу және жүкті біркелкі түрде тарату үшін, барабан жуу кезіндегі айналу жылдамдығын сәл көбірек жылдамдықпен айналып тұрады. Егер бірнеше әрекеттен кейін жүк дұрыс теңестірілмесе, құрылғы төмендетілген сығу жылдамдығында айналдырады. Егер жүк тым теңестірілмеген болса, құрылғы сығу орнына тарату үдерісін орындайды. Жүктің таралуы мен теңестірілуін жақсарту үшін кіші және үлкен киімдерді аралас салуды ұсынамыз.

! Бұл кір жуғыш машина халықаралық қауіпсіздік ережелеріне сай өңделіп шығарылған. Төмендегі ақпарат қауіпсіздік ережелерін ескерту мақсатында берілген және оны мұқият оқып шығу қажет.

Жалпы қауіпсіздік

  • Бұл құрылғы қауіпсіздіктеріне жауапты адам құрылғыны қолдану бойынша кеңес не нұсқау бермеген жағдайда, дене, сезіну немесе ой қабілеті төмен немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдармен (оның ішінде балалармен) қолданылуға арналмаған. Балалар құрылғымен ойнамауы үшін оларды бақылау керек.
  • Бұл құрылғы тек үйде пайдаланылуға арналған.
  • Құрылғыны жалаң аяқ немесе қолыңыз немесе аяғыңыз ылғал болғанда ұстамаңыз.
  • Құрылғыны розеткадан ағытқан кезде ток кабелінен ұстап тартпаңыз. Айырды ұстап тартыңыз.
  • Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде жуғыш зат тартпасын ашпаңыз.
  • Ағызылған суға тимеңіз, себебі оның температурасы өте жоғары болуы мүмкін.
  • Есікті күштеп тартпаңыз. Әйтпесе, кездейсоқ ашудан қорғауға арналған қауіпсіздік құлпы механизмі зақымдалуы мүмкін.
  • Құрылғы бұзылып қалса, ешбір жағдайда өз бетіңізбен жөндеу мақсатында ішкі бөліктерге тиюші болмаңыз. • Әрқашанда балаларды құрылғыдан алыс ұстаңыз.
  • Жуу циклы барысында есік қатты қызып кетуі мүмкін.
  • Құрылғыны жылжыту керек болса, екі немесе үш адамнан тұратын топпен жұмыс істеңіз және өте абай болыңыз. Мұны жалғыз өзіңіз орындамаңыз, себебі құрылғы өте ауыр.
  • Кірлерді кір жуғыш машинаға салмас бұрын, барабан бос екеніне көз жеткізіңіз.

Қоңысқа тастау

  • Орама материалдарын қоқысқа тастау: ораманың қайта пайдаланылуы мүмкін болатындай жергілікті ережелерді орындаңыз.
  • Электр және электроникалық құралдардың қалдықтарына қатысты 2012/19/EU Еуропа заңнамасына сәйкес үй құрылғылары қалыпты сортталмаған қалалық қалдық ағымымен бірге жойылмауы тиіс. Қоршаған орта мен адам денсаулығына тиетін зиянның алдын ала отырып, ескі құрылғылар қайта пайдалануды және қайта өңдеуді оңтайландыру мақсатында бөлек жиналуы керек. Өнімдегі сызылған

«доңғалақты қоқыс жәшік» сізге құрылғыны тастаған уақытта бөлек жиналуы туралы есіңізге салады. Ескі құрылғыларды дұрыс тастау жөнінде ақпарат алу үшін пайдаланушылар жергілікті өкілдеріне немесе сатушыларына хабарласулары керек.

Есікті қолмен ашу

Ток өшіп қалғанға байланысты есікті ашу мүмкін болмаса және кірлерді алғыңыз келсе, төмендегі әрекеттерді орындаңыз:

HOTPOINT WMD 863 - Есікті қолмен ашу - 1

  1. айырды розеткадан ағытыңыз.
  2. құрылғы ішіндегі судың деңгейі есік саңылауынан төмен екеніне көз жеткізіңіз; олай болмаса, ағызу түтігінің көмегімен, суретте көрсетілгендей, артық суды шелекке ағызып алыңыз.

HOTPOINT WMD 863 - Есікті қолмен ашу - 2

  1. бұрағыштың көмегімен, кір жуғыш машинаның алдыңғы төменгі бөлігіндегі қақпақ панелін алып тастаңыз (суретті қараңыз).

HOTPOINT WMD 863 - Есікті қолмен ашу - 3

  1. пластикалық арқалық өзінің тоқтау позициясынан босағанша, суретте көрсетілгендей, ілмектің көмегімен сыртқа қарай тартыңыз; төмен қарай тартып, бір уақытта есікті ашыңыз.
  2. құрылғыға итеріп салмас бұрын, ілмектері орнына мықтап отырғанына көз жеткізіп, панельді орнына қойыңыз.

Күтім көрсету және техникалық қызмет көрсету

Су мен токты өшіру

  • Әрбір жуу циклынан кейін су шүмегін жауып отырыңыз. Бұл кір жуғыш машинаның ішіндегі гидравликалық жүйенің тозуын шектейді және су ағып кетудің алдын алуға көмектеседі.
  • Кір жуғыш машинаны тазалаған кезде және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындаған кезде оны токтан ажыратыңыз.

Кір жуғыш машинаны тазалау

• Құрылғының сыртқы жақтары мен резеңкеден жасалған ұрамдас бөліктерін жылы сабынды сумен суланған жұмсақ шүберекпен тазалауға болады. Еріткіштерді немесе абразивті заттарды қолданбаңыз.

- Кір жуғыш машинада ішкі бөлшектеріне арналған «Өзін-өзі тазалау» бағдарламасы бар, оны барабанға ешбір зат салмай іске қосу керек.

Бұл циклды онтайландыру үшін кір жуғыш машинаны тазалау мақсатында жуғыш затты (қатты ластанған киімдер үшін берілген мөлшердің 10%) немесе арнайы қосымша заттарды пайдалануға болады.

Тазалау бағдарламасын әр 40 жуу циклында бір рет іске қосқан абзал.

Бағдарламаны бастау үшін А және В түймелерін бір уақытта басып 5 секунд ұстап тұрыңыз (Кестені қараңыз).

Бағдарлама автоматты түрде қосылады және шамамен 70 минут орындалады. Циклды тоқтату үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін басыңыз.

A B

Жуғыш зат тартпасын тазалау

HOTPOINT WMD 863 - Жуғыш зат тартпасын тазалау - 1

Диспенсерді көтеріп, тарту арқылы шығарып алыңыз (суретті қараңыз).

Оны су ағыны астында жуыңыз; бұл әрекетті жиі қайталап тұру керек.

Құрылғының есігі мен барабанына күтім көрсету

- Жағымсыз иістер пайда болмауы үшін есікті әрқашан сәл ашып қою керек.

Сорғыны тазалау

Кір жуғыш машина ешбір техникалық қызмет көрсетуді қажет етпейтін, өзін-өзі тазалайтын сорғымен жабдықталған. Кейде кіші заттар (тиындар немесе түймелер сияқты) сорғының төменгі жағындағы, оны қорғайтын алдыңғы камераға түсіп кетуі мүмкін.

! Жуу циклы аяқталғанына көз жеткізіңіз де, құрылғыны розеткадан ағытыңыз.

Алдыңғы камераға қол жеткізу үшін:

HOTPOINT WMD 863 - Сорғыны тазалау - 1

  1. бурағыштың көмегімен, кір жуғыш машинаның алдыңғы төмен бөлігіндегі қақпақ панелін алып тастаңыз (суретті қараңыз);

HOTPOINT WMD 863 - Сорғыны тазалау - 2

  1. қақпақты сағат тіліне қарсы бағытта бұру арқылы бұрап шығарып алыңыз (суретті қараңыз): кішкене су ағып кетуі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай;
  2. ішін жақсылап тазалаңыз;
  3. қақпақты орнына бұраңыз;
  4. құрылғыға итеріп салмас бұрын, ілмектері орнына мықтап отырғанына көз жеткізіп, панельді орнына қойыңыз.

Судың кіріс түтігін тексеру

Кіріс түтігін кем дегенде жылына бір рет тексеріңіз. Шатынаған болса, оны дереу ауыстыру керек: жуу циклдарының барысында су қысымы өте жоғары болады және шатынаған түтік жарылып кетуі әбден мүмкін.

! Бұрын қолданылған түтіктерді пайдаланушы болмаңыз.

Кір жуғыш машина жұмыс істемей қалуы мүмкін. Техникалық көмек көрсету орталығына хабарласпас бұрын («Көмек» тарауын қараңыз), төмендегі тізімді қолдана отырып ақаулықты оңай шешу мүмкін емес екендігіне кез жеткізіңіз.

Акаулық:Ыктимал себептері / шешімдері:
Кір жуғыш машина қосылмайды.Құрылғы розеткаға толығымен қосылмаған немесе түйіспейді.Үйде ток жоқ.
Жуу циклы басталмайды.Қір жуғыш машина есігі дұрыс жабылмаған.ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі басылмаған.БАСТАУ/ТОҚТАТА ТұРУ түймесі басылмаған.Су шумегі ашылмаған.Кешіктіріп бастау орнатылған («Жуу циклын іске қосу» тарауын қараңыз).
Кір жуғыш машина суды алмайды (дисплейде “NO WATER, CHECK SUPPLY” (СУ ЖОҚ, СУ ЖЕТКІЗУ ТУТІГІН ТЕКСЕРІНІЗ) мәтіні көрсетіледі).Судың кіріс түтігі шумекке қосылмаған.Түтік майыстырылған.Су шумегі ашылмаған.Үйде су жоқ.Қысым тым төмен.БАСТАУ/ТОҚТАТА ТұРУ түймесі басылмаған.
Кір жуғыш машина сумен толып, оны ағызып тұра береді.Ағызу түтігі еденнен 65-100 см биіктікте орналастырылмаған («Орнату» тарауын қараңыз).Түтіктің бос шеті су астында («Орнату» тарауын қараңыз).Қабыргадағы канализация жүйесі сапун құбырымен жабдықталмаған. Осы тексерулерден кейін де проблема шешілмесе, су шумегін жауып, құрылғыны өшіріңіз де, Көмек беру қызметіне хабарласыңыз. Егер ғимараттың жоғарғы қабаттарының бірінде тұратын болсаңыз, суды ағызуға байланысты проблемалар болуы мүмкін, оның нәтижесінде кір жуғыш машина сумен толып, оны ағызып тұра беруғ мүмкін. Дукендерде арнайы ағызуға қарсы клапандар бар, олар бұл проблеманы шешуге көмектеседі.
Кір жуғыш машина суды ағызбайды не сықпайды.Жуу циклында ағызу жоқ; Кейбір жуу циклдары ағызу кезеңінің қолмен басталуын қажет етеді («Жуу циклдары мен опциялары» тарауын қараңыз).ОНАЙ УТИКТЕУ функциясы қосылған: Жуу циклын аяқтау үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТұРУ түймесін басыңыз («Жуу циклдары мен функциялары» тарауын қараңыз).Ағызу түтігі майыскан («Орнату» тарауын қараңыз).Ағызу түтігі бітелген.
Кір жуғыш машина сығу циклы барысында көп дірілдейді.Орнату кезінде барабанның бұғаты дұрыс алынбаған («Орнату» тарауын қараңыз).Кір жуғыш машина түзу емес («Орнату» тарауын қараңыз).Кір жуғыш машина шкафтар мен қабыргалар арасына қойылған («Орнату» тарауын қараңыз).
Кір жуғыш машинадан су агады.Судың кіріс түтігі дұрыс бұралып мықталмаған («Орнату» тарауын қараңыз).Жуғыш зат тартпасы бітелген (оны тазалау туралы нұсқауларды «Күтім көрсету және техникалық қызмет көрсету» тарауынан қараңыз).Ағызу түтігі дұрыс бекітілмеген («Орнату» тарауын қараңыз).
Кір жуғыш машина құлыпталады және‘дисплей жыпылықтап, қате кодын көрсетеді (мысалы, F-01, F-..).Құрылғыны өшіріп, оны токтан ағытыңыз, одан кейін шамамен 1 минут күтіңіз де, оны қайтадан қосыңыз.Проблема шешілмесе, Техникалық көмек көрсету қызметіне хабарласыңыз.
Тым көп көбік болады.Жуғыш зат кір жуғыш машинаға қолайлы емес (онда «кір жуғыш машиналарға арналған», «қолмен жууға және кір жуғыш машинаға арналған» немесе осыған ұқсас жазу болуы керек).Тым көп жуғыш зат қолданылған.

Техникалық қолдау орталығына хабарласпас бұрын:

  • Ақаулықты өзіңіз шеше алатыныңызды тексеріңіз («Ақаулықтарды жою» тарауын қараңыз);
  • Ақаулық шешілгенін тексеру үшін бағдарламаны қайтадан бастаңыз;
  • Олай болмаса, кепілдік куәлігінде берілген телефон нөмірі бойынша өкілетті Техникалық көмек беру орталығына хабарласыңыз.

Тек уәкілетті мамандардан көмек сұраңыз.

Келесі мәліметтерді оңай жерде ұстаңыз:

  • ақаулықтың түрі; • құрылғының моделі (Мод.);
  • сериялық нөмірі (С/н).

Бұл ақпаратты кір жуғыш машинаның артқы жағына бекітілген және есікті ашу арқылы құрылғының алдынан көруге болатын техникалық деректер тақтасынан табуға болады.

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : HOTPOINT

Модель : WMD 863

Санат : кір жуғыш машина