LivingAmbiance 6916160PH - Жарықтандыру PHILIPS - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз LivingAmbiance 6916160PH PHILIPS PDF форматында.
| Өнім түрі | Қосылған LED төбе шамы |
| Бренд | Philips |
| Модель | LivingAmbiance 6916160PH |
| Қуат көзі | 200-240 В, 50-60 Гц |
| Ақ шам қуаты | 2 x 60 Вт макс. |
| Түсті шам қуаты | 15 Вт макс. |
| Қашықтан басқару пульті | Сымсыз, 3 x AAA 1,5 В батареялар |
| Жиілік диапазоны | 2 405 - 2 475 МГц |
| Байланыс хаттамасы | IEEE 802.15.4 |
| Қолжетімді арналар | 11, 15, 20, 25 |
| Негізгі функциялар | Қос ақ/түсті жарықтандыру, күңгірттеу, түс таңдау, 3 есте сақталатын атмосфера, автоматты түс өзгерту режимі |
| Атмосфералар саны | 3, теңшелетін |
| Жұмыс температурасы | 0...40 °C |
| Сақтау температурасы | -25...60 °C |
| Салыстырмалы ылғалдылық | 5...95 % конденсациясыз |
| Күтім және тазалау | Тек жұмсақ құрғақ шүберек, тазалау өнімдерін пайдаланбаңыз |
| Қауіпсіздік | Ашпаңыз, ылғалдан қорғаңыз, балалардан алыс ұстаңыз |
| Кепілдік | 2 жыл, сатып алу дәлелін ұсынған кезде |
Жиі қойылатын сұрақтар - LivingAmbiance 6916160PH PHILIPS
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы LivingAmbiance 6916160PH PHILIPS
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Жарықтандыру PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз LivingAmbiance 6916160PH - PHILIPS және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. LivingAmbiance 6916160PH брендінің PHILIPS.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ LivingAmbiance 6916160PH PHILIPS
Қашықтан басқару құралы: жарықты таңдау
Өшіру / қосу
Түсті таңдау
Түс қанықтығын арттыру / түс қанықтығын азайту
Реңк түймелері
ET
Қашықтан басқару пульті









KK LivingColors пайдалану нұсқаулығы
Philips LivingColors түрлі түсті және түссіз төбеге ілінетін шамын сатып алғаныңызға рахмет! Осы ерекше шамның көмегімен кез келген сәтке қолайлы жағдай жасауға болады.
Бұл нұсқаулық мына әрекеттерді орындауға көмектеседі:
Жұмысты бастау
Қалау бойынша түстерді таңдап, реттеу
Қалау бойынша бөлмеге түрлі түсті және түссіз жарық беру
Жарық реңктерін жасау
Philips LivingColors түрлі түсті және түссіз шамның қашықтан басқару құралына басқа шамдарды қосу
Жиі қойылатын сұрақтарға жауап беру
Қосымша қолдау алу
1. Жұмысты бастау
- Сактандырғышты ажыратыңыз.
- Төбеден кабельдер шығып тұратын жерді табыңыз. Төбеде үш тесік жасап, алдымен сол тесіктерге тығын салып, одан кейін шамның табақшасын бұрандамен төбеге бұрап бекітіңіз.
- Шамның негізгі бөлігін табақшаға қойып, бекітіңіз.
- Жерге қосу кабелін (әдетте сары/жасыл түсті болады) шамның ішіндегі жерге қосу элементіне жалғаңыз. «L» (әдетте қара немесе қоңыр) және «N» (әдетте көк) сымдарын қосқыштарға жалғаңыз (L/N деп белгіленген)
- Шамды (қалпақсыз) төбеге бұрандамен бекітілген негізгі бөлікке қойыңыз. Ортасына екі бұранда бұрап, оны бекітіңіз.
- Шамға екі лампа бұрап салыңыз
- Сактандырғышты және қосқышты қосыңыз
8. Philips LivingColors түрлі түсті және түссіз жарық шығаратын төбе шамы жоғары қарай сарғылт, ал жан-жағына түссіз жарық шығарып қосылады.
- Суретте көрсетілгендей, шам қалпағының екі бөлігін орнатыңыз. Төменгі бөлігін мүмкіндігінше оңға бұрап, екі бөлікті бір-біріне бекітіңіз.
- Артындағы түймесін сырғытып, қашықтан басқару құралындағы батарея бөлімінің қақпағын ашыңыз. Жинаққа кіретін 3 ААА батареясын (+ және – жақтарын көрсетілгендей қаратып) салыңыз.
2. Қалау бойынша жарық түрлерін таңдау және реттеу
Шамның екі лампасын да бір уақытта реттеуге болады немесе оның түссіз және түрлі түсті жарығын бөлек реттеуге болады. Басқару үшін, жарықты алдымен таңдау керек. Бұл жарықты таңдау түймелері арқылы жасалады. Таңдалғанда, жарық жыпылықтап, қашықтан басқару құралындағы (жарық шамындағы) жарықты таңдау көрсеткіші жанады. Осыдан кейін таңдалған жарық түрін қалау бойынша реттеуге болады.
Ешбір жарық түрі таңдалмаса (түсті таңдау көрсеткіші өшірілгенде), реттеулердің барлығы қашықтан басқару құралына қосылған бүкіл жарық түрлеріне қолданылады (мысалы, түссіз бен түрлі түстің жарықтығын бірге азайтуға болады).
Түстер басқарылатын ретті де өзгертуге болады (мысалы, әрдайым алдымен түссіз жарықты, ал одан кейін түрлі түсті жарықты жанатын етіп қоюға болады). Түссіз жарықпен мынаны орындаңыз: қашықтан басқару құралын шамға жақындатып, «І» түймесін басып тұрыңыз. Шам 3 рет жыпылықтайды. Қашықтан басқару құралы сигнал бергенше «І» түймесін басып тұрыңыз. Одан кейін, осы қадамдарды түрлі түсті жарықпен қайталаңыз. Осыдан кейін, алдымен түссіз жарық, ал одан кейін түрлі түсті жарық беріледі.
Егер бір қашықтан басқару құралына бірнеше жарық түрі қосылған болса («Басқа жарық түрлерін қосу» атты 5-бөлімді қараңыз), ретті өзгерту жұмысы жоғарыда көрсетілгендей болады.
3. Қалау бойынша бөлмеге түрлі түсті және түссіз жарық беру
Төмендегі әрекеттерді орындап, ыңғайлы орта жасаңыз:
Түрлі-түсті жарықты таңдау («Қалау бойынша жарық түрлерін таңдау және реттеу» атты 2-бөлімді қараңыз) Түсті реттеу шеңберіндегі керекті түсті түрту. Түсті жақсарту үшін, саусақты түс шеңберінің бойымен жылжытуға болады.
Түс қанықтығын өзгерту (ағымдағы түске қосымша ақшылдық беру). Түсті қанықтыру үшін, түс қанықтығын арттыру түймесін, ал түсті ашық ету үшін, түс қанықтығын азайту түймесін басыңыз. Түс қанықтығын азайту түймесі басылып тұрса, түссіз жарық қосылады.
Түсті автоматты түрде ауыстыру режимін қосу. Түс шеңберін саусақпен айналдырып (бір толық айналым), «І» («Қосу») түймесін жылдам басыңыз. Сигнал берілін, LivingColors құралы автоматты түрде түсті ауыстыру режиміне ауысады, яғни шам автоматты түрде түстерді ауыстыра бастайды.
Түстердің ауысу жылдамдығын реттеуге болады. Жылдамдықты, сағат тілінің бағыты бойынша, жылдам қарқыннан (түс шеңберіндегі қою көк) баяу қарқынға (қүлгін) өзгертуге болады. Түс шеңберінің кез келген жерін түртуге болады. Түсті автоматты түрде ауыстыру режимінде түстердің қанықтығы мен ашықтығын да өзгертуге болады.
Тұрақты түс режиміне қайту үшін, түс шеңберін қайта айналдырып (бір толық айналым), «0» түймесін басыңыз.
Жарықтығын реттеу. Түрлі түсті жарық күшінің деңгейін жарықтығын реттеу түймелері арқылы арттырыңыз немесе азайтыңыз.
Түссіз жарықты таңдау («Қалау бойынша жарық түрлерін таңдау және реттеу» атты 2-бөлімді қараңыз). Түссіз жарықтың ашықтығын реттеуге болады, яғни жарық күшінің деңгейін жарықтығын реттеу түймелері арқылы арттыруға немесе азайтуға болады.
Түссіз немесе түрлі түсті жарықты ғана өшіруге болады. Жарық түрін таңдап, «0» түймесін басыңыз. Жарықты қайта қосу үшін, «1» түймесін басыңыз.
Жарық таңдалмаған болса, түссіз немесе түрлі түсті жарықтың екеуін де өшіруге болады. Ол үшін, «0» түймесін басыңыз. Түрлі түсті жарық дереу өшеді, ал түссіз жарық жайлап сөнеді. Оны да дереу сөндіру керек болса, «0» түймесін қайта басыңыз. Жарықтарды қайта қосу үшін, «1» түймесін басыңыз. Үстел шамы соңғы параметрлер бойынша жанады. Бұған қоса, жарықты реңк түймелерінің бірін басып қосуға да болады. Шам бірден сол реңкте қосылады («Жарық реңктерін жасау» атты 4-бөлімді қараңыз).
4. Жарық реңктерін жасау
Егер түрлі түсті және түссіз жарықтың белгілі бір бірлескен түрін жасау керек болса (мысалы, түрлі түсті жарықтың ішінен қызыл түс таңдалған, ал түссіз жарықтың ашықтығы азайтылған), кейін оңай түрде қалпына келтіру мақсатында осы реңкті сақтауға болады. Ол үшін, қашықтан басқару құралы сигнал бергенше Реңк түймелерінің біреуін басып тұрыңыз. Осыдан кейін, реңк басылған Реңк түймесіне сақталады. Осы жолмен белгілі бір автоматты түсті ауыстыру режимін де сақтауға болады.
Жарықты қалау бойынша реттеуді жалғастыруға болады. Кез келген уақытта сақталған реңкке қайту үшін, сақтау кезінде басылған Реңк түймесін басыңыз. Сол реңк түймесі жанып, реңктің таңдалғанын көрсетеді, ал жарық сақталған параметрге өтеді.
Ең көбі 3 реңк (әр реңк түймесі үшін біреуден) сақтауға болады.
Шамда әдепкі параметр ретінде мына реңктер орнатылған: 1-реңк — жоғары қарай жарықтығы төмендетілген сарғылт жарық, ал жан-жағына жарықтығы едәуір төмендетілген түссіз жарық беріледі 2-реңк — жоғары қарай ашық жасыл жарық, ал жан-жағына жарықтығы біраз төмендетілген түссіз жарық беріледі 3-реңк — жоғары қарай көк жарық, ал жан-жағына түссіз жарық беріледі
5. Philips LivingColors түрлі түсті және түссіз шамның қашықтан басқару құралына қосымша шам қосу
Әсерлі жарық реңктерін жасау үшін, түрлі түсті және түссіз шамның қашықтан басқару құралына басқа шамдарды қосуға болады. Бірнеше мүмкіндік бар:
Бір қашықтан басқару құралына бірнеше Philips LivingColors шамын қосуға болады. Philips LivingColors шамдарының көбі осы құралмен жұмыс істейді. Ол үшін құралда «Gen2» немесе байланыстырылатын LivingColors қашықтан басқару құралының ішінде «SmartLink» белгісі болу керек. Осы белгілердің кемінде біреуі бар өнімдерді Philips LivingColors түрлі түсті және түссіз шамның қашықтан басқару құралына қосуға болады.
Philips LivingColors шамын қашықтан басқару құралына қосу үшін, құралды шамға жақындатып «І» түймесін басып тұрыңыз. Шам 3 рет жыпылықтап, жасыл түспен жанып, содан кейін сөнеді. Қашықтан басқару құралы сигнал бергенше «І» түймесін басып тұрыңыз. Байланыстырылған шам соңғы параметрге өтеді (соңғы параметр «өшіру» болса, қосылып тұрған кездегі соңғы параметрге өтеді).
LivingColors түрлі түсті және түссіз шамы үшін түссіз жарықты да қосуды ұмытпаңыз.
LivingColors шамын қашықтан басқару құралынан ажырату қажет болса, құралды шамға жақындатып, сигнал берілгенше «0» түймесін басып тұрыңыз. Шам 3 рет жыпылықтап, сөнеді.
Бұған қоса, Philips LivingColors түрлі түсті және түссіз шамның қашықтан басқару құралына Philips LivingWhites өнімдерін (шамдар, штепсельдік ұштар, қуат үнемдегіштер) қосуға болады. Philips LivingColors түрлі түсті және түссіз шамның қашықтан басқару құралына Philips LivingWhites шамын қосу үшін, қашықтан басқару құралын LivingWhites өніміне жақындатып, «І» түймесін басып тұрыңыз. Шам 3 рет жыпылықтайды. Қашықтан басқару құралы сигнал беріп, шам 2 рет жыпылықтағанша «І» түймесін басып тұрыңыз. Байланыстырылған шам соңғы параметрде өтеді.
LivingWhites жарығын қашықтан басқару құралынан ажырату керек болса, құралды өнімге жақындатып, сигнал берілгенше «0» түймесін басып тұрыңыз. Шам 3 рет жыпылықтап, сөнеді.
Шамдарды бірнеше қашықтан басқару құралымен басқаруға болады. Қосымша LivingColors немесе LivingWhites қашықтан басқару құралын қосу үшін, мына әрекеттердің біреуін орындаңыз:
Қосылатын қашықтан басқару құралын бастапқы қалпына келтіріңіз, яғни батарея бөлімінің қақпағын ашып, кішкентай түймені бірнеше секунд басып тұрыңыз (мысалы, қағаз қыстырғышпен). Батареялар салынған болуы тиіс. Бастапқы қалпына келгенде қашықтан басқару құралы дыбыс шығарады.
Бастапқы қалпына келтірілген қашықтан басқару құралын қолданыстағы қашықтан басқару құралына жақын апарыңыз. Біреуі дыбыс шығарғанша, қашықтан басқару құралының «І» түймелерін басып тұрыңыз. Осыдан кейін шамдарды жоғарыда айтылған жолдар бойынша қашықтан басқару құралдарының екеуімен де жалғауға болады, ал шамдар, қажет болғандай, қашықтан басқару құралдарымен басқарылады.
6. Жиі қойылатын сұрақтар
Мына жағдайларда жасалатын әрекеттер:
LivingColors шамы қашықтан басқару құралымен басқарылмайды
Қашықтан басқару құралының ішіндегі батареяларды тексеріңіз. Батареялар дұрыс салынған (+ және -) және зарядталған болуы керек. Басқару құралы әлі де жұмыс істемесе, батареяларды ауыстырып көріңіз.
Қашықтан басқару құралын LivingColors шамына осы нұсқаулықтың 5.1-бөлімінде түсіндірілген тәртіп бойынша байланыстырыңыз.
Сирек жағдайларда, бұл сымсыз желінің шамадан тыс жүктелуінен туындауы мүмкін (мысалы, сымсыз маршрутизатор). LivingColors шамын маршрутизатордан аулақ орналастырып көріңіз. Әйтпесе, мына әрекеттердің біреуін орындаңыз:
осы басқару құралына байланыстырылған LivingColors шамдарының барлығы қосылып тұрғанын тексеріңіз, әйтпесе бұл әрекеттен кейін оларды құралмен басқару мүмкін болмайды.
Басқа арнаға ауысу үшін, «0» және түс қанықтығын арттыру түймесін кемінде 5 секунд бірге басып тұрыңыз (LivingColors шамдарының барлығы жасыл болып жыпылықтайды).
Бұл әрекетті 3 рет қайталауға болады. Әр түрлі жерлерден орындаған дұрыс.
Қашықтан басқару құралын пайдаланған соң түймелер жыпылықтайды
Бұл қашықтан басқару құралындағы батарея заряды таусылғанын және оны ауыстыру керек екенін білдіреді.
Түсті автоматты түрде ауыстыру режимі қосылмады Бұл қашықтан басқару құралы түс шеңберінің айналу әрекетін анықтамағанынан болуы мүмкін. Қайта көріңіз, толық айналым кезінде саусақты түс шеңберінен алмаңыз
LivingColors шамын таймермен байланыстыруға бола ма? Иә. Philips LivingColors түрлі түсті және түссіз шамды таймермен пайдалануға болады (жинаққа кірмейді). Таймер арқылы қосылған LivingColors шамы соңғы параметрде өтеді. Соңғы параметр «өшіру» күйінде болмағанын тексеріңіз.
Менің сұрағым бұл тізімде жоқ Көмек үшін Philips компаниясына хабарласыңыз («Қосымша қолдау» атты 7-бөлімді қараңыз).
7. Қосымша қолдау
Қызмет:
Қосымша ақпарат керек болса, сондай-ақ қиындықтар орын алса, Philips компаниясының веб-сайтына мына мекенжай бойынша www.consumer.philips.com өтіңіз, өйтпесе, Philips жарық өнімдерінің байланыс орталығына мына тегін телефон арқылы хабарласыңыз: 00800-PHILIPSL немесе 00800-74454775
Кепілдік:
Өнім нұсқауларға сай және мақсаты бойынша қолданылған болса, Philips компаниясының екі жылдық кепілдігі жарамды болады. Кепілдік бойынша арыздар тек сатып алынған күні, сатқан мекеменің аты және өнім сипаттамасын қамтитын түпнұсқалы сатып алу құжаты (инвойс, сатқан мекеменің түбіртегі немесе чек) болса ғана, қабылданады.
Мына жағдайларда Philips кепілдігі жарамсыз болады:
- Сатып алу тізімдемесінде немесе өнім сипаттамасында кез келген нәрсе өзгертілген, сызылған, өшірілген немесе түсініксіз болғанда.
- Зақым, байланыстарды қате орнату немесе дұрыс пайдаланбау жағдайларынан туындаған ақаулықтар орын алғанда.
- Найзағай, су тасқыны, өрт, дұрыс қолданбау немесе немқұрайдылық сияқты LivingColors шамдарына тікелей қатысты емес жағдайлар барысында зақым келгенде.
- LivingColors шамы ашылған немесе бөлшектенген жағдайда.
Тазалау және техникалық қызмет көрсету:
Штепсельдік ұшты қабырғадағы розеткадан ажыратыңыз.
Сырып алмас үшін, LivingColors түрлі түсті және түссіз шамды, қашықтан басқару құралын және адаптерді тек жұмсақ құрғақ шүберекпен сүрту керек.
Тазалау құралдарын пайдаланбаңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары:
Штепсельдік ұшты және LivingColors түрлі түсті және түссіз шамды сұйықтықтардан және ылғалдан аулақ сақтаңыз.
LivingColors түрлі түсті және түссіз шамы тек үй ішінде пайдалануға арналған. Ванна сияқты ылғалды жерлерде немесе сыртта қолдануға болмайды.
LivingColors түрлі түсті және түссіз шамы балалар ойнайтын ойыншық емес.
Ыстық жерге қоймаңыз.
Қауіпсіздік шараларын қадағалау мақсатында, сондай-ақ кепілдік шарттары бойынша LivingColors түрлі түсті және түссіз шамды және штепсельдік ұшты ашуға болмайды.
Берілген қуат адаптерін ғана пайдалану керек. Басқа адаптер LivingColors түрлі түсті және түссіз жарық шамын зақымдауы мүмкін.
Қоршаған орта:
Қоқысқа тастау уақыты келгенде, құралды жергілікті үкімет нұсқаулары бойынша тастаңыз. Қашықтан басқару құралын қоқысқа тастамас бұрын батареяларын алып тастаңыз.
Батареяларды әдеттегі үй қоқыстарымен бірге тастауға болмайды. Ресми жинау орнына немесе Philips дилеріне апару керек. Осы екі жерде оларды қоршаған ортаға қауіпсіз жолмен жояды.
Техникалық сипаттамалар:
Түссіз жарық: ең көбі 2 x 60 Вт
Түрлі-түсті шам жарығы: ең жоғары 15 Вт
Қашықтан басқару құралы:
Батарея: 3 x Philips Powerlife Alkaline AAA
LR03, 1,5 В
Сымсыз байланыс сипаттамасы:
Сымсыз РЖ режимінің жиілік диапазоны: 2405~2475 МГц
Сымсыз байланыс протоколы: IEEE 802.15.4
Жұмыс арналары: 11, 15, 20 немесе 25
Қоршаған ортаның сипаттамасы:
Температура (жұмыс): 0...40 °C
Температура (сақтау): -25...60 °C
Салыстырмалы ылғалдылық: 5...95 % (конденсациясыз)