LivingColors 6914730PH - Жарықтандыру PHILIPS - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз LivingColors 6914730PH PHILIPS PDF форматында.
| Бренд | Philips |
| Модель | LivingColors 6914730PH |
| Өнім түрі | Көңіл-күй жарығы |
| Жарық көзі | LED (кірістірілген) |
| Түстер | 16 миллион түс, күңгірттелетін |
| Өлшемдері (Е x Б x Т) | 120 x 180 x 120 мм |
| Салмағы | 0,5 кг |
| Қуат көзі | Желі адаптері (100-240В айнымалы ток) |
| Электр тұтынуы | 10 Вт |
| Функциялары | Түс ауыстыру, атмосфера режимдері, өшіру таймері |
| Бақылау | Қашықтан басқару пульті (жиынтықта) |
| Күтім | Құрғақ, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз |
| Қауіпсіздік | Сыртта немесе ылғалды бөлмелерде пайдалануға жарамсыз |
| Корпус түсі | Ақ |
| Жарамды | Үй іші, қонақ бөлме, ұйықтайтын бөлме |
| Жөндеу | Philips қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз |
| Жәшік мазмұны | Шам, қашықтан басқару пульті, адаптер, нұсқаулық |
Жиі қойылатын сұрақтар - LivingColors 6914730PH PHILIPS
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы LivingColors 6914730PH PHILIPS
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Жарықтандыру PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз LivingColors 6914730PH - PHILIPS және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. LivingColors 6914730PH брендінің PHILIPS.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ LivingColors 6914730PH PHILIPS
KK LivingColors пайдалану нускаулығы
Philips компаниясының LivingColors еден шамын сатып алғаныңызға рахмет!
LivingColors түс және жарық арқылы үйіңізде өзіңіз қалаған жағдай жасайды.
LivingColors шамын алғаш рет пайдаланған кезде осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз да, оны келешекте анықтамалық ретінде қолдану үшін сақтап қойыңыз. Бөрілген нұсқауларды орындау арқылы Philips LivingColors шамының толық қызметін пайдаланасыз.
Маңызды:
-Бөлшектерді абайлап орамасынан алыңыз.
-Барлық бөлшектер бар екенін тексеріңіз.
Жумысты бастау:
- Тірегішті шамның аяқ бөлігіне салыңыз, одан кейін тірегішті сағат тілімен тірелгенше бұраңыз (1-сурет).
- Ашаны шамның аяқ бөлшегінің астыңғы жағындағы ашық жерге жалғаңыз да (2-сурет), қабырғадағы розеткаға қосыңыз.
- Тірегіштің үстіңгі жағындағы ашаны шамға қосыңыз - «сырт еткеніне» көз жеткізіңіз (3-сурет).
- Шамды тірегішке орнатқаннан кейін, LivingColors еден шамын қабырғаға жақындатып орналастырыңыз (ең қолайлы қашықтық – 40 см) – 4-сурет. LivingColors шамы аз уақытқа түстерді ауыстырып жанады. Шамның биіктігін тірегіштің ортасындағы сақинаны бұрып, тірегіштің жоғарғы белшегінің биіктігін қалаған биіктікке сәйкес етіп, одан кейін орнатқан күйді бекіту үшін сақинаны кері бұрап реттеуіңізге болады (5-сурет).
5.Қашықтан басқару құралының батареяға арналған бөлігін артындағы түймені ысыру арқылы ашыңыз. ААА батареясының 3 данасын салыңыз (+ және - белгілеріне сәйкес) (сурет а) - LivingColors шамын қосу үшін, қашықтан басқару құралында орнатылған қосу/өшіру түймесіндегі «І» (қосу) дегенді басыңыз (сурет с).
7.Өзіңіз қалаған жағдайды жасаңыз:
-Түстер деңгелегіндегі қалаған түсті басыңыз. Шамның түсін жақсарту үшін саусағыңызды түстер деңгелегі бойымен жүргізіңіз (сурет d).
-Түс қанықтығын өзгертіңіз (негізгі түстің өңін ағарту). Түсті қоюлату үшін (ф) ал ашық ету үшін, ( ) фүймесін басыңыз (сурет а). Түс қанықтығын мейлінше азайтқанда, ақ түс шығады.
-Күңгірттеу. Арттыру (*немесе азайту ( )*уймелері арқылы шам жарығының қарқының өзгертіңіз (сурет f).
- LivingColors шамын «0» (өшіру) түймесін аз уақытқа басу арқылы өшіріңіз. LivingColors шамы соңғы қойылған түс күйін есіне сақтап, келесі пайдаланғанда сол түспен жанады (сурет с).
LivingColors шамының қосымша мүмкіндіктері:
1. Түсті автоматты түрде алмастыру мүмкіндігі
Саусағыңызды түстер деңгелегі бойымен айландыра жүргізіңіз де (толыктай бір шеңбер), «І» (қосу) түймесін басыңыз; сонда LivingColors шамы түсті автоматты түрде алмастыру режиміне қосылады.
Түстердің ауысу жылдамдығын өзгертуге болады. Жылдамдық сағат тілінің бағыты бойынша, жылдамнан
(тустер деңгелегіндегі кою көк түс) баяу карқынға (кулгін түс) өзгертіледі (сурет г). Түстер деңгелегінің кез-келген жерінен басуға болады. Түсті автоматты түрде алмастыру режимінде түстердің қанықтығы мен ашықтығын да өзгертуге болады.
Дағдылы режимге қайту үшін түстер дөңгелегін қайта айландырып, сосын «0»түймесін басыңыз. Сондай-ақ, «0» түймесін басып, LivingColors шамын өшіруге және «І» түймесін басып, қайта қосуға болады. (сурет с)
2. Біріктірілген LivingColors шамдары
-
Бірнеше LivingColors шамдарын бір ғана қашықтан басқару құралы арқылы реттеуге болады. Сонда LivingColors шамдары бірдей түсті жарық түсіреді (немесе түстерді бір мезгілде өзгертеді). Бірнеше LivingColors шамын бір басқару құралына қосу үшін, оны шамның жоғарғы жағындағы Philips белгісіне жақындатып, «І» (қосу) түймесін басыңыз. LivingColors шамы 3 рет жыпылықтайды да, аз уақыт жасыл түс жанады. Енді түймені жіберуге болады. Біріктірілген шамдар басқару құралында соңғы қойылған түспен жанады.
-
Осы қадамдарды әрбір біріктіру қажет LivingColors шамымен орынданыз.
-
LivingColors шамын қайта жеке пайдалану үшін, оны басқа басқару құралына жоғарыда суреттелген әдіспен қосыңыз.
-
Сонымен қатар, бір ғана LivingColors шамын бірнеше басқару құралымен басқаруға болады. Ол үшін алдымен басқару құралдарының біреуін «0» және (* ) түймелерін бірге 5 секунд басып ұстан тұру арқылы бастанқы қалпына қайта келтіріңіз. Сосын екі қашықтан басқару құралын бір- біріне жақын ұстан, екеуіндегі «І» түймесін 7 секунд басып тұрыңыз. Енді жаға басқару құралын LivingColors шамына жоғарыда суреттелген әдіспен қосуға болады.
-
Екі (немесе одан артық) басқару құралына қосылған LivingColors шамдары олардың кез-келгенімен басқарыла алады.
- Басқару құралын LivingColors шамынан ажырату үшін, оны шамға жақындатып, «0» түймесін 3 секунд басып тұрыңыз. LivingColors шамы 3 рет жыпылықтайды. «0» түймесін ұзағырақ басып тұрыңыз, шам біраздан кейін сөнеді. Енді басқару пульті мен LivingColors шамы ажыратылған.
3. Таймермен сәйкестендіру
LivingColors шамын таймермен пайдалануға болады (жинакта кірмейді). LivingColors шамы таймермен қосылып түрганда, ол соңғы реттеуді көрсетеді (түрақты немесе түсті автоматты түрде алмастыру режимі)
Тазалау және күту:
Ашаны кабырғадағы ток көзінен ажыратыңыз.
Сырып алмас үшін, LivingColors шамын, басқару құралын және жалғау ашасын тек жұмсақ дымқыл шуберекпен ғана тазалау керек.
Тазалайтын куралдарды қолдануға болмайды.
Қауіпсіздік нұсқаулары:
Ашаны және LivingColors шамын сүйықтықтан және ылғал жерден алшақ ұстаңыз.
-LivingColors шамы тек үйде пайдалануға арналған. Білғал жерде пайдаланбаңыз, мысалы, ваннада немесе сыртта.
-LivingColors балалар ойнайтын ойыншык емес.
-Ыстық бетке қоймаңыз
-Қауінсіздік үшін және кепілдік шарттары бойынша, LivingCo-
lors шамын және ашаны ашуға болмайды.
-Жинактағы куат адаптерін ғана пайдаланыңыз: басқа адаптер түрі LivingColors шамын закымдау мүмкін.
Коршаған орта:
Егер құралды қоқыска тастамақшы болсаңыз, оны жөргілікті үкімет берген нұсқау бойынша тастаңыз. Басқару құралын тастаған кезде, батареяларды шығарып тастаңыз. Батареяларды түрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз. Оларды ресми жинақтау нүктесіне немесе Philips компаниясының дилеріне тапсыру міндettі, өйткені олар батареялардан құтылудың қоршаған ортаға зиян тигізбейтін әдісін пайдаланады.
Аша ерекшеліктері:
Айнымалы ток адаптері
Улгі: EADP-15YB C(Еуропа түрі)
EADP-15YB D (Улы Британия түрі + Сингапур)
EADP-10EB E (Австралия түрі)
Kipic: 220 - 240B \~ 0,3A 50 Гц
Шығыс: 18,5В 0,83 А
Шамның куатты тұтынуы : 15,4 Вт-қа дейін
Қашыктан басқару құралы:
Батареялар: 3 x Philips Powerlife Alkaline AAA LR03, 1,5 B
Сымсыз мүмкіндік ерекшеліктері:
Сымсыз радио жилігінің мөлшері: 2405\~2475 МГц
Сымсыз байланыс хаттамасы: IEEE 802,15.4)
Кызмет ету каналдары: 11, 15, 20
немесе 25 каналдары
Сыртқы ортаға бейімделу ерекшеліктері:
Температура (кызмет ету): 0...40 °C
Температура (сақтау): -25...60 °C
Салыстырмалы ылғалдылық мөлшері:
5...95 % коюланбайтын
Коршаған айнала:


Баскару пультін тастар алдында батареяларын алып тастаңыз. Батареяларды әдеттегі ўй қоқыстарымен бірге тастауға болмайды. Олар арнайы жинайтын орынға немесе Philips Диллеріне апарылуы тиіс, осы екі жерде де оны қоршаған айналаға зақым тигізбейтін жолмен жояды.
Кепілдік:
Philips компаниясының екі жылдық кепілдігі өнім нүсқауларға сәйкес және көрсетілген мақсатқа пайдаланылған жағдайда жарамды болып табылады. Шағымдар сатып алынған күні, дилердің аты-жәні және өнімнің сипаттамасы көрсетілген сатып алу дәлелі (инвойс, сатып алу түбіртегі немесе чегі) берілгенде ғана қабылданады.
Philips кепілдігі жарамайды, егер:
- сатып алған құжатта немесе өнім сипаттамасы құжатында кез келген нәрсе алмастырылған, шимайланған, өшірілген немесе айырғысыз болса;
- закымдалса, дұрыс қосылмаса және дұрыс пайдаланылмағандықтан жұмыс істемей түрса;
- LivingColors шамына сэйкес келмейтін жағдайлар барысында, мәселен, найзагай, су тасқыны, өрт, дұрыс қолданбау немесе ұқыпсыздық салдарынан зақым тиген болса;
- LivingColors ашылған немесе белшектелген болса.
Кепілдік және қызмет:
Қосымша ақпарат керек болса және егер ақаулық түынданжатса, www.philips.com/livingcolors мекенжайы бойынша Philips веб-торабына кіріңіз немесе мына тегін телефон арқылы Philips жарық байланыс орталығымен байланысыңыз: 00800-PHILIPSL немесе 00800-74454775
| Ақаулық Мұмкің себептер Шешімі | ||
| LivingColors шамы жарық бермейді | Шам ток көзіне дұрыс қосылмаған. Тоқ сымының шамға жалғанғанын тексеріңіз. | |
| Ашаның ток көзіне дұрыс жалғанғанына көз жеткізіңіз. | ||
| Басқару құралы жұмыс істемеуі мүмкін. Келесі бөлімді оқыңыз. | ||
| LivingColors шамы басқару құралымен басқарылмайды. | Басқару құралы жұмыс істемеуі мүмкін. Басқару құралының ішіндегі батареяларды тексеріңіз. Батареялар дұрыс орнатылған (+ және -) және зарядталған болуы керек. Басқару құралы әлі де жұмыс істемесе, батареялардың орнын алмастырып көріңіз. | |
| Мүмкін басқару құралы шамға байланыстырылмаған болар. | ||
| Оны LivingColors шамына байланыстыру үшін келесі әрекеттер тәртібін орындаңыз: «2. LivingColors шамдарын біріктіру» | ||
| Мүмкін сымсыз ақпарат желісі шамадан тыс жуктелген болар (мысалы, сымсыз маршрутизатор) | ||
| LivingColors шамын сымсыз жүйеге қосылу нүктесінен алшақ қойыңыз. | ||
| Осы басқару құралына байланыстырылған LivingColors шамдарының барлығы қосылып тұрганын тексеріңіз, әйтпесе бул әрекеттен кейін олар құралмен басқарылмайды. Басқа каналға ауысу үшін «0» және (☎) түймелерін кем дегенде 5 секунд бірге басып ұстан тұрыңыз (LivingColors шамдарының барлығы растау белгісі ретінде жасыл түспен жыпылықтайды). Бүл әрекетті 3 рет қайталауға болады, мұны әр түрлі жерден орындаған дұрыс. | ||
| Бірнеше LivingColors шамдарын біріктіру жүзеге аспады. | Мүмкін «І» түймесі қажетінше ұзақ басылмаған болар. | |
| Келесі әрекеттер тәртібін қайта орындаңыз: «2. LivingColors шамдарын біріктіру». Егер де ол сөтті жалғанған болса, шам жасыл түспен жарқ етеді, ал біріктіру сәтті болмаса, ол жасыл түспен жыпылықтамастан, бірден алдындағы реттеу қалпына қайта келеді. | ||
| Мүмкін LivingColors шамдары бөлек нұскаларға жататын болар. | ||
| Біріктіре алмай түрган шамдардың астында және басқару құралының артында «G2» белгісінің бар екеніне көз жеткізіңіз. Егер шамдардың біреуінде бүл белгі болмаса, ол ондай белгісі бар шамға біріктіріле алмайды (бірақ G2 белгісі жоқ басқа шамдарға біріктірілуі әбден мүмкін). | ||
| Түсті автоматты түрде алмастыру режимін қоса алмадым. | Мүмкін деңгелекті қозғалту әрекеті дұрыс болмаған шығар. | |
| Егер түс басқа (турақты режим) түске алмасып, бірақ түстердің ауысу жүйесі қосылмаса, онда деңгелек бойымен жүргізу әрекеті дұрыс орындалмаған болуы мүмкін, қайта орындал көріңіз. | ||
| LivingColors шамы өлі де стандартқа сәйкес қызмет көрсетпейді | Басқа ақаулықтар Philips жарық байланыс өрталығымен байланысыңыз (сонымен қатар, Кепілдік және қызмет тармағын оқыңыз) |