WB70I952X - WHIRLPOOL - Notice d'utilisation et mode d'emploi gratuit
Retrouvez gratuitement la notice de l'appareil WB70I952X WHIRLPOOL au format PDF.
Téléchargez la notice de votre анықталмаған au format PDF gratuitement ! Retrouvez votre notice WB70I952X - WHIRLPOOL et reprennez votre appareil électronique en main. Sur cette page sont publiés tous les documents nécessaires à l'utilisation de votre appareil WB70I952X de la marque WHIRLPOOL.
MODE D'EMPLOI WB70I952X WHIRLPOOL
КҮНДЕЛІКТІ АНЫҚТАМАЛЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ WHIRLPOOL ӨНІМІН САТЫП АЛҒАНЫҢЫЗ ҮШІН РАҚМЕТ Толығырақ анықтама жəне қолдау алу үшін өніміңізді www.whirlpool.eu/register сайтына тіркеңіз
Қауіпсіздік нұсқаулығы мен Күтім көрсету нұсқаулығын docs.whirlpool.eu вебсайтымызға кіру жəне осы буклеттің артындағы нұсқауларды орындау арқылы жүктеп алуыңызға болады.
Аспапты пайдалану алдында Денсаулық пен қауіпсіздік нұсқаулығын мұқият оқыңыз.
ӨНІМ СИПАТТАМАСЫ ҚҰРЫЛҒЫ 1. 2.
Басқару панелі * Жеміс-жидек пен көкөніс жəшігі * 3. Тағам сақтау аймағы 0 °C / Қауіпсіз жібіту * 4. Мұздату жəне сақтау бөлімшесі 5. Сүт тағамдары сөресі * 6. Жылжымалы сөрелер * 7. Температура индикаторы * 8. Шөлмек ұстатқышы * 9. Су сүзгісі бар сөре * 10. Aqua су сауыты * 11. Су беретін құрылғы 12. Деңгейлегіш тіреулер
* Саны жəне (немесе) орналасуы əр түрлі болады, тек кейбір үлгілерде ғана бар.
Мұздатқыштың жұмыс түймесі Қатты мұздату түймесі Қатты мұздату көк шамы Мұздатқыш температурасының сары шамы Тоңазытқыш температурасының сары шамы Жылдам суыту көк шамы Жылдам суыту түймесі Тоңазытқыштың жұмыс түймесі
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР ОҢАЙ МҰЗ
АЛҒАШҚЫ РЕТ ПАЙДАЛАНУ ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОСУ ЖОЛЫ
Құрылғыны желіге қосқаннан кейін ол автоматты түрде жұмыс істей бастайды. Құрылғыны іске қосқаннан кейін тағамды мұздатқышқа және мұздатқыш бөліміне салудан бұрын кем дегенде 4-6 сағат күте тұрыңыз.
Құрылғы қуат көзіне қосылғанда дисплей жанады және барлық белгішелер дисплейде шамамен 1 секунд бойы көрсетіледі. Тоңазытқыш - мұздатқыш бөлімшелері параметрлерінің әдепкі (зауыттық) мәндері жанады.
КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Функциялар бойынша толық мәліметті Пайдалану мен күтіп ұстау нұсқаулығынан қараңыз / Пайдалану мен күтіп ұстау нұсқаулығын қалай алу туралы соңғы беттен қараңыз
ФУНКЦИЯЛАР МҰЗДАТҚЫШТЫҢ ЖҰМЫС ТҮЙМЕСІ Мұздату бөлімшесінің температурасын реттеу үшін. Түйме ҚАТТЫ МҰЗДАТУ түймесімен бірге құрылғыны іске қосу/ өшіру үшін екеуін 3 секунд баса отырып пайдаланылады.
суыту түймесін басу арқылы қолмен өшіруге болады.
ҚАТЫРҒЫШ ТЕМПЕРАТУРАСЫ Мұздатқыш температурасын реттеу үшін Freezer °C түймешігін басыңыз. Мұздатқыш температурасының жарық диодтары арқылы көрсетілгендей, Мұздатқыш температурасын -18°C және -26°C аралығында реттеуге болады.
ТОҢАЗЫТҚЫШ ШАМЫ Тоңазытқыш бөлімшесінің ішіндегі жарық жүйесінде жарықтың жақсы жануына мүмкіндік беретін, соған байланысты қуаттың аз шығындалуын қамтамасыз ететін жарық диодының шамы пайдаланылады.
ҚАТТЫ МҰЗДАТУ Бұл функцияны пайдалану мұздатылатын тағамдардың үлкен көлемін мұздатқыш бөліміне салу кезінде ұсынылады. Функцияны белсендіру немесе өшіру үшін ҚАТТЫ МҰЗДАТУ түймесін басыңыз. Қатты мұздату функциясы іске қосылған кезде, мұздатқыш дисплейінде көк шам жанады. 24 сағаттан кейін мұздатылатын тағамды мұздатқыш бөлімінің жоғарғы себетіне орналастырыңыз. Функция 48 сағаттан кейін автоматты түрде өшіріледі немесе оны Қатты мұздату °C түймесін басу арқылы қолмен өшіруге болады.
ТОҢАЗЫТҚЫШ ТЕМПЕРАТУРАСЫ Тоңазытқыш температурасын реттеу үшін Тоңазытқыш жұмысы °C түймесін басыңыз. Тоңазытқыш температурасының жарық диодтары арқылы көрсетілгендей, Тоңазытқыш температурасын +2°C және +8°C аралығында реттеуге болады. ЖЫЛДАМ СУЫТУ Жылдам суыту функциясының көмегімен тоңазытқыш бөлімшесінің салқындату мүмкіндігін арттыруға болады. Бұл функцияны пайдалану тағамдардың үлкен көлемін тоңазытқыш бөліміне салу кезінде ұсынылады. Жылдам суыту функциясын белсендіру үшін Жылдам суыту түймесін басыңыз. Жылдам суыту функциясы іске қосылған кезде, тоңазытқыш дисплейінде көк шам жанады. Функция 6 сағаттан кейін автоматты түрде өшеді немесе оны Жылдам 2
6th SENSE ИНДИКАТОРЫ 6th Sense технологиясы автоматты түрде жұмыс істеп, тоңазытқыштағы тағамды сақтау үшін оңтайлы шарттарды қамтамасыз етеді. СМАРТ ДИСПЛЕЙ Бұл қосымша функцияны қуатты сақтау үшін пайдалануға болады. Смарт дисплей функциясын белсендіру үшін дыбыстық белгі естілгенше Тоңазытқыш °C және Қатырғыш °C түймелерін бір мезгілде 3 секунд бойы қатар басып тұрыңыз. Бұл функцияны өшіру үшін, дәл сол процедураны қайталаңыз. Бұл функция құрылғыны қуат көзінен ажыратпай, тек сыртқы дисплей тұтынатын қуатты азайтатынын есте сақтаңыз. СУ БЕРЕТІН ҚҰРЫЛҒЫ МЕН AQUA СУ САУЫТЫ Көміртек сүзгісінің арқасында су беретін құрылғы тоңазытқыштың есігін ашпастан таза, сүзгіден өткізілген сумен қамтамасыз етеді. Мұндай жағдайда есік сирегірек ашылады да, сол арқылы құрылғы тұтынатын қуат та азаяды. Маңызды: Суды алғаш рет пайдаланған кезде немесе су сауыты ұзақ уақыт пайдаланылмай қалған кезде сауыт пен сүзгіні сумен жуыңыз. СУ СҮЗГІСІН ОРНАТУ ЖӘНЕ АУЫСТЫРУ Су сүзгісін көкөніс тартпасындағы жұқалтыр қапшықтан алып шығу керек. WWW Толық нұсқаулар веб-сайттағы Пайдалану мен күтіп ұстау нұсқаулығында берілген. Маңызды: Егер сүзгі ұзақ уақыт бойы құрғақ күйінде қалса, оның жұмыс өнімділігі төмендеуі мүмкін. Жақсы жұмыс өнімділігін қалпына келтіру үшін сүзгіні суға бірнеше секунд матырыңыз.
ТАҒАМ САҚТАУ АЙМАҒЫ 0 °C / ҚАУІПСІЗ ЖІБІТУ * Ет пен балық сияқты жас тағамды сақтауға арналған бөлімше. Бөлімшенің ішіндегі төмен температура тағамның нəрлілігін, сыртқы түрі мен дəмін өзгертпестен бір аптаға дейін сақтауға мүмкіндік береді - сынақ ет тағамдарымен жүргізілді. Бұл бөлімше сондай-ақ тағамды денсаулыққа зиянсыз түрде жібітуге қолайлы, себебі төмен температурада жібіту микроорганизмдердің өсіп-өнуіне жол бермей, тағамның дəмі мен органолептикалық сипаттарын қорғайды. Бұл бөлімше жеміс-жидекке, көкөніс пен көк салатқа жарамайды. Алайда оны толтырмасы бар жаңа піскен макарон және тіпті піскен тамақ немесе қалған тамақ үшін пайдалануға болады. ТЕМПЕРАТУРА ИНДИКАТОРЫ * Температура индикаторы оның ішіндегі температураның тағамды сақтайтындай суық екенін “OK” сөзі арқылы хабарлайды. 1. Индикатор шамында OK сөзінің анық көрінетінін тексеріңіз (төмендегі суретті қараңыз).
болса, бастапқы әрекетті орындап, оны қайтадан реттеңіз. Егер тағам көп мөлшерде салынса немесе тоңазытқыштың есігі жиі ашылса, индикатор шамда OK сөзінің көрінбеуі - қалыпты жағдай. ТОҢАЗЫТҚЫШ ЖҰМЫСЫ тетігін жоғарырақ параметрге ауыстырмас бұрін кем дегенде 10 сағат күтіңіз.
ЖЕМІС-ЖИДЕК ПЕН КӨКӨНІС ЖӘШІГІ * Тоңазытқыштың ішіндегі салат контейнерлері көкөністер мен жемістерді жас және солмаған күйінде сақтауға арналған. Егер жеміс сияқты тағамды ылғалдылығы төмендеу ортада сақтағыңыз келсе, ылғалдылықты реттегішті ашыңыз (B бағыты) немесе тағамды ылғалдау ортада сақтағыңыз келсе оны жабыңыз (A бағыты).
2. Егер “OK” сөзі көрінбесе, бұл температура тым жоғары дегенді білдіреді: төменірек температураны орнатыңыз да, ол әбден тұрақтанғанша шамамен 10 сағаттай күтіңіз. 3. Индикатор шамын қайтадан тексеріңіз: егер қажет
СӨРЕЛЕР * Арнайы бағыттауыштарының көмегімен сөрелерді алып шығуға болады және биіктігі реттеліп, көлемі үлкен ыдыс пен тағамды оңай сақтауға мүмкіндік береді.
ДАБЫЛДАР КЕСТЕСІ ДАБЫЛ ТҮРІ СИГНАЛ Ашық есік дабылы.
Тоңазытқыш шамы жыпылықтайды. Есік 2 минуттан Есікті жабыңыз немесе дыбыстық артық ашық тұр. дабылдың дауысын басу үшін ДАБЫЛ индикаторы Дабылды тоқтату түймешігін басыңыз. жыпылықтайды.
Температура Тоңазытқыш шамы ӨШІРУЛІ. дабылы. Ақаулық. Кез келген температура индикаторлары жыпылықтайды.
Есік 4 минуттан Есікті жабыңыз. артық ашық тұр. Өнімнің Кепілдік бойынша қызмет көрсету ақаулығы. бөліміне хабарласыңыз.
ЖҰМЫСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСТІЛУІ МҮМКІН КЕЙБІР ДЫБЫСТАР Құрылғыны бірінші рет немесе ұзақ іркілістен кейін қосу кезіндегі ысылдаған дыбыс.
Хладагент сұйықтығы түтіктерге кірген кездегі бүлкілдеген дыбыс.
Су краны немесе желдеткіш жұмысты Компрессор іске қосылған кездегі бастаған кездегі быжылдаған дыбыс. сатырлаған дыбыс.
Жұмыс істеп тұрған компрессордан шығатын "бррр" дыбысы.
Сыртылдаған дыбыс компрессордың қаншалықты жиі жұмыс істейтінін реттейтін термостаттан шығады.
ТАҒАМДАР МЕН СУСЫНДАРДЫ САҚТАУ Шартты белгілер САЛҚЫНДАТУ АЙМАҒЫ Сусындарды, сүтті және сүттен жасалған, жеңсік тағамдар, қатық, жұмыртқа, сары май, тұздықтар, тұздықталған көкөніс, тәттілер сияқты тағамдарды сақтау үшін ұсынылады ЖЕМІС ЖӘНЕ КӨКӨНІС ТАРТПАСЫ САЛҚЫНДАТҚЫШ АЙМАҚ: ТАҒАМ САҚТАУ АЙМАҒЫ 0 °C / ҚАУІПСІЗ ЖІБІТУ * Етті, балықты, туралған етті, толтырмасы бар макаронды, тұмшапешке піскен тағамдарды, қалған тамақты сақтау үшін ұсынылады. Бұл аймақ сондай-ақ тағамды жібітуге арналған. ТЕЗ МҰЗДАТУ АЙМАҒЫНЫҢ ТАРТПАСЫ Барынша салқын аймақ жаңа піскен тағам мен тұмшапешке піскен тағамды мұздатуға арналған. ҚАЛЫПТЫ МҰЗДАТҚЫШ ТАРТПАЛАРЫ Мұздатылған тағам мен балмұздақты сақтауға арналған. Ескертпе: Шартты белгінің сұр реңкі тартпалардың түсіне сай емес ТОҢАЗЫТҚЫШ БӨЛІМІ Қайта өңделе алатын пластик, металл, алюминий және әйнек контейнерлерді, сондай-ақ, тағамды орау үшін ас пленкасын пайдаланыңыз. Сұйықтықтар және иісті шығаруы не сіңіруі мүмкін тағамдар үшін әрқашан жабық контейнерлерді пайдаланыңыз немесе бетін жабыңыз. Егер тоңазытқышта сақталатын тамақтың мөлшері аз болса, жеміс және көкөністерді сақтау бөлімінің үстіндегі сөренің пайдалануын
ұсынамыз, себебі бұл - бөлімдегі ең суық аймақ. Этилен газының үлкен мөлшерін беретін және осы газға сезімтал жеміс, көкөністер және салад сияқты тағамдар сақтау мерзімін қысқартпау мақсатында бөлек оралып сақталуы керек; мысалы, қызанақтарды киви жемісімен және орамжапырақпен бірге сақтамаңыз. Бөтелкелердің аударылып кетуін болдырмау үшін бөтелке ұстағышын пайдалануға болады (кейбір үлгілерде қолжетімді). Жеткілікті ауа циркуляциясын қамтамасыз ету үшін тағамды бірбіріне жақын сақтамаңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ПАРАҚШАСЫ
Осы құрылғының қуат бойынша деректері жазылған техникалық парақшасын docs.whirlpool.eu Whirlpool вебсайтынан жүктеп алуға болады WWW
ПАЙДАЛАНУ МЕН КҮТІП ҰСТАУ НҰСҚАУЛЫҒЫН АЛУ ЖОЛЫ
> WWW Құрылғының коммерциялық кодын көрсете отырып, Пайдалану мен күтіп ұстау нұсқаулығын docs.whirlpool.eu веб-сайтынан жүктеп алыңыз (осы QR кодын пайдалануға болады). > Немесе Кепілді қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз
ҚАТЫРҒЫШ БӨЛІМІ Қатырғыш қатырылған тағам, мұз кесектерін жасау және балғын тағамды мұздатқыш бөлімінде сақтауға арналған тамаша орын. 24 сағаттық кезеңде сақауға болатын балғын тағамның килограммдық мөлшері техникалық деректер тақтасында көрсетілген (…кг/24 сағ). Егер қатырғышта сақталатын тағам мөлшері аз ғана болса, қатырғыш бөлігінің ең салқын бөлігін (әдетте ортаңғы бөлік) пайдалануды ұсынамыз.
КЕПІЛДІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНА ХАБАРЛАСУ Біздің байланыс ақпаратымызды кепілдік нұсқаулығынан табуға болады. Кепілді қызмет көрсету орталығына хабарласқан кезде, өнімнің техникалық кестесінде көрсетілген кодтарды айтыңыз.
19 514 2 2 4 8 0 2 Италияда басылған
Notice Facile