EO24352 - Электр пеші DELONGHI - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз EO24352 DELONGHI PDF форматында.
| Өнім түрі | Электрлік пеш |
| Бренд | Delonghi |
| Модель | EO24352 |
| Өлшемдері (Ұ x Би x Т) | 495 x 305 x 450 мм |
| Нетто салмағы | 11,6 кг |
| Қоректену кернеуі | 220-240 В ~ 50-60 Гц |
| Тұтынылатын қуат | 1800 Вт (2000 Вт конвекциялық жылу режимінде) |
| Пісіру функциялары | Гратен, Гриль, Дәстүрлі, Жібіту, Конвекциялық жылу, Нәзік пісіру, Жылы ұстау |
| Қыздырғыштар | Жоғарғы және төменгі |
| Ішкі жарықтандыру | Иә (кейбір үлгілерде) |
| Есік | Шыны |
| Керек-жарақтар | Тор, пісірме табағы, үгінді жинағыш |
| Бақылау түрі | Айналмалы, таңдау түймелері, термостат және таймер |
| Жарық индикаторлары | Қызыл ҚОСУ шамы, жасыл °C шамы (температура жеткенде) |
| Таймер | 120 минутқа дейін (20 минуттан аз уақытты бағдарламалау: толық бұрап, содан кейін қайтару) |
| Тазалау | Тазалау алдында ажырату; өткір металл заттарды қолданбау; керек-жарақтарды мұқият тазалау |
| Қауіпсіздік ережелері | Ауа сору тесіктерін бітемеңіз; сыртқы таймерді қолданбаңыз; 8 жасқа дейінгі балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз |
| Мақсатты пайдалану | Тек тұрмыстық мақсатта, тамақ пісіру үшін |
| Орнату | Көлденең бетке, қабырғаға қарама-қарсы, биіктігі кемінде 85 см, розеткадан 20 см |
| Жөндеу мүмкіндігі | Уәкілетті қызмет орталығына жүгіну; өзіңіз бөлшектемеңіз |
Жиі қойылатын сұрақтар - EO24352 DELONGHI
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы EO24352 DELONGHI
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Электр пеші PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз EO24352 - DELONGHI және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. EO24352 брендінің DELONGHI.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ EO24352 DELONGHI
Құрылғының сипаттамасы
А. Үстіңгі қыздыру элементі
В. Ішкі шам (кейбір үлгілерде ғана)
С. Сым текше – (*) Кейбір үлгілерде ғана
D. Тамшы табасы
Е. Термостат дөңгелегі
F. Таймер тетігі
G. Функцияны таңдау дөңгелегі
Н. Жасыл °С шамы
I. Қызыл ҚОСУ шамы
L. Шыны қақпақ
М. Астыңғы элемент
N. Кішкым науасы
Техникалық деректер
Өлшемі: Ұзындығы х Биіктігі х Диаметрі:
495 × 305 × 450
Салмағы: 11.6 кг (максимум)
Функциялар

КОЛЕРЛЕУ ФУНКЦИЯСЫ тамақты қызартып пісіруге өте ыңғайлы (кейбір үлгілерде)

ГРИЛЬ ФУНКЦИЯСЫ тамақты грильде пісіруге өте ыңғайлы

ДӘСТҮРЛІ ПЕШ ФУНКЦИЯСЫ барлық дәстүрлі пісіру түрлері үшін ыңғайлы

ЕРІТУ ФУНКЦИЯСЫ барлық өнімдерді ерітуге ыңғайлы (кейбір үлгілерде ғана)

КОНВЕКЦИЯЛЫҚ ҚЫЗДЫРУ жылдамырақ және біркелкі пісіру үшін өте ыңғайлы (кейбір үлгілерде ғана)

НӘЗІК ТАҒАМДЫ ПІСІРУ ФУНКЦИЯСЫ пісірілетін тағамға, әсіресе оның төменгі жағына сән қосуға өте жақсы

ТАМАҚТЫ ЖЫЛЫ КҮЙДЕ ҰСТАУ
Шамдар
ON √

Пеш
ҚЫЗЫЛ
қосулы
шамы
болған
кезде, ЖАНАДЫ.
°C
температураға жеткен кезде жанады
Маңызды қауіпсіздік шаралары
Құрылғыны пайдаланбас бұрын барлық нұсқаулықтарды мұқият оқып шығыңыз. Осы нұсқаулықтарды сақтап қойыңыз.

Ескеріңіз:
Бұл таңба пайдаланушыға арналған маңызды кеңесті немесе ақпаратты білдіреді.
- Пешті бірінші рет пайдаланбас бұрын, пештің ішіндегі қорғаныш қатырма қағаз, кітапшалар, полиэтилен қалталары, т.б. сияқты кез келген қағазды және басқа нәрселерді алып тастаңыз.
- Құрылғы қосылған розеткадан кемінде 20 см қашықтықта орналасуы керек.
- Тасымалдау алдында қыздыру элементтеріне жабыстырылған қорғаныш заттардың болуынан туындайтын кез келген түтінді және «жаға» иісті кетіру үшін, бірінші рет пайдалану алдында құрылғының термостатын кемінде 15 минутқа қойып, пешті бос күйінде қосыңыз. Бөлмені желдетіңіз.
- Барлық керек-жарақтарды пайдалану алдында жуыңыз.
- Уақытты 20 минуттан аз мөлшерге орнату үшін, алдымен таймер тетігін соңына дейін барынша бұрап барып, қалаған уақытқа бағыттаңыз.

Маңызды!
Мұндай ескертуді елемеу жарақаттануға немесе құрылғыны зақымдауға себеп болуы мүмкін.
- Бұл пеш тамақ пісіруге арналған. Оны ешқашан басқа мақсаттар үшін пайдалануға, кез келген түрде құрылымын өзгертуге немесе жасанды түрде жасауға болмайды.
- Құрылғыны орамынан шығарған соң, оның қақпағының зақымданбағанын және дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз.
Қақпақ шыныдан жасалған, сондықтан ол сынғыш болып келеді. Егер оның шытынағаны, соғылғаны немесе сызылғаны байқалса, оны ауыстыру керек. Құрылғыны пайдалану, тазалау және жылжыту кезінде қақпақты қатты жаппаңыз немесе ұрмаңыз. Құрылғы ыстық болған кезде шыныға сұйық
зат құймаңыз.
- Құрылғыны әрқашан биіктігі кемінде 85 см, беті көлденең және балалардан қорғалған жерге орналастырыңыз.
- Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балаларға, қозғалу, сезу немесе ойлану мүмкіндіктері шектелген адамдарға немесе осы құрылғыға қатысты тәжірибесі немесе білімі жоқ адамдарға тек оларға ықтимал қауіп-қатерлер мен құрылғыны қауіпсіз жолмен пайдалану туралы нұсқау берілгенде және олар бақыланғанда ғана пайдалануға болады. Балалардың осы құрылғымен ойнамауын қадағалаңыз. Балалар сегіз жастан аспаған болса және үнемі бақылауда болмаса, тазалауды және пайдаланушы орындайтын техникалық күтімді балалар бақылаусыз орындамаулары керек.
- Құрылғыны және қуат кабелін сегіз жастан аспаған балалардан аулақ ұстаңыз.
• Құрылғыны қолдану барысында жылжытпаңыз.
- Бұл құрылғыны мына жағдайларда пайдаланбаңыз:
- қуат кабелінде ақаулық болса;
- құрылғы құлап кеткен болса, оның зақымданғаны немесе ақаулығы байқалса. Мұндай жағдайларда барлық қауіп-қатерлердің алдын алу үшін құрылғыңызды ең жақын жердегі уәкілетті тұтынушы қызметтеріне алып барыңыз.
- Бұл құрылғыны ешқашан ыстық көздерінің қасына қоймаңыз.
- Бұл құрылғыны жылу көзі ретінде пайдаланбаңыз.
- Пештің ішіне ешқашан қағаз, қатырма қағаз немесе пластмассаны салмаңыз және құрылғының үстіне ешқашан ешнәрсе қоймаңыз (құралдар, торлар, басқа заттар).
- Желдету саңылауларына ешқашан ешнәрсе салмаңыз. Оларға ешнәрсе тұрып қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Бұл пеш кірістіріп орнатуға арналмаған.
- Ашық қақпақтың үстіне ауыр заттарды, қайнап жатқан табаларды немесе ыдыстарды қоймаңыз. Тұтқаны төмен қарай баспаңыз.
- Кәсіби немесе дұрыс емес қолдану немесе пайдалану нұсқауларын орындамау өнім жасаушысын барлық жауапкершіліктерден босатады және кепілдікті жарамсыз етеді.
- Бұл – тек үйде пайдалануға арналған құрылғы.
Оны мынадай жерлерде пайдалануға болмайды: дүкендердегі, офистердегі және басқа жұмыс орталарындағы қызметкерлер тамақтанатын орындарда; фермаларда; қонақүйлердегі, мотельдердегі және басқа қонақ күту орталарындағы клиенттерге; төсек және таңғы ас беретін орталарда.
- Пайдаланылмаған кезде және тазаламас бұрын, құрылғыны әрқашан розеткадан ажыратып жүріңіз.
• Бұл құрылғыны таймермен
немесе бөлек қашықтан басқару жүйесімен пайдаланылмауы керек.
- Бұл құрылғыны артын қабырғаға қаратып орналастыру арқылы пайдалану керек.
- Нан табасын тазалау үшін өткір немесе істік металл заттарды пайдаланбаңыз.
- Тазалау алдында таймерді «0» бағытына бұрау және оны розеткадан ажырату арқылы әрқашан құрылғыны ажыратып отырыңыз.
• Бұл өнім тағам сақтауға арналмаған және жасалмаған.
- Тамақ пісіруге арналған құралдар қышқыл негізіндегі консервілеуге жарамайды. Лимон қышқылы мен сірке суы сияқты заттарды қосымша құралдардың бетінде ұзақ уақытқа қалдырмаңыз. Лимон шырыны, қызанақ, сірке суы және сол сияқты қышқыл заттар қосымша құралдардың бетінде ұзақ уақыт қалып қойса, олардың беткі қабаты зақымдануы мүмкін.

Күйіп қалу қаупі бар!
Мұндай ескертуді елемеу күйіп қалуға әкеп соқтырады.
- Жұмыс істеп тұрған кезде қақпақ және қол жетімді сыртқы беттері қатты қызуы мүмкін. Әрқашан құлақшаларды, тұтқаларды және түймелерді ғана ұстап пайдаланыңыз. Металл бөліктерді немесе шыныны ешқашан ұстамаңыз. Қажет болса ас пісіру қолғабын киіңіз.
- Бұл құрылғы өрт шығуына әкеп соқтыруы мүмкін жоғарғы температураларда жұмыс істейді.
• Өнімдерді ешқашан пештің қасына немесе
ол орналасқан жердегі жұмыс істелетін бетке қоймаңыз.
• Бұл құрылғыны ешқашан қабырға шкафының, текшесінің астында немесе перделер, жалюздер және т.б. сияқты тұтанғыш материалдардың қасында пайдаланбаңыз. - Егер тамақ немесе пештің басқа бөліктері өртенсе, өртті ешқашан сумен өшіруге әрекеттенбеңіз. Қақпақты жабыңыз, розеткадан суырыңыз және отты дымқыл шүберекпен бүркеңіз.

Қайынмі!
Мұндай ескертуді елемеу электр тогына түсу салдарынан өмірге қауіп төндіретін жарақатқа себеп болуы мүмкін.
- Розеткаға қоспас бұрын, мынаған көз жеткізіңіз:
- Құрылғының төлқұжат жапсырмасында көрсетілген кернеуі үйдегі розетканың кернеуіне сәйкес.
- розетка жерге тұйықталған болуы керек және онда кемінде 16 А қуат болуы керек. Осы апатты жағдайдың алдын алуға арналған ереже орындалмаған жағдайда өнім жасаушысы ешнәрсе үшін жауапты болмайды.
- Қуат кабелінің түйдектеліп қалуына жол бермеңіз және пештің ыстық бөліктерін ұстамаңыз. Құрылғыны қуат кабелін тарту арқылы ешқашан ажыратпаңыз.
- Егер ұзартқыш кабельді пайдаланғыңыз келсе, оның жақсы күйде тұрғанына, розетканың жерге тұйықталғанына және сымдардың айқасқан бөліктері кемінде құрылғымен бірге берілген қуат сымына тең екеніне көз жеткізіңіз.
- Электрлік шоктың барлық қауіптерінің алдын алу үшін, қуат кабелін, ашаны немесе құрылғының өзін ешқашан суға батырмаңыз.
- Егер қуат кабелі зақымданса, барлық қауіп-қатерлердің алдын алу үшін оны өнім жасаушысы, өнім жасаушысының тұтынушылық
қызметтері немесе білікті маман ауыстыруы керек.
- Жеке қауіпсіздігіңіз үшін құрылғыны ешқашан өз бетіңізше бөлшектемеңіз. Әрқашан тұтынушыларды қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Бұл құрылғы тағамдармен байланыста болатын материалдарға қатысты ЕО 1935/2004 ережесінің талаптарына сай.
Әр түрлі функциялар мен пісіру кестелері туралы ақпаратты мына беттегі суреттерден көріңіз: 79-89.
| Бүйым түрі: | өнімдегі таңбалауға қараңыз |
| Үлгі: | “ |
| Кернеу: | “ |
| Жиілік: | “ |
| Қуаты: | “ |
Қытайда:
De'Longhi Appliances s.r.l.
via L.Seitz, 47 - 31100 Treviso Italy
Виа Л. Зейц, 47 31100 Тревизо Италия үшін жасалған.
Кедендік одақтар аумағында тұтынушыларға тасымалдау үшін жауапкершілікті және импортер:
"Делонги" ЖШК
127055 Ресей, Мәскеу қ.,
Сущёвская көшесі, 27-үй, 3-ғимарат
Бұл құрылғы пайдалану нұсқаулығында көрсетілгендей жолмен пайдаланылады. Өнімнің мерзімі сатып алынған күннен бастап 2 жылға созылады.
Сақтау шарттары:
Ылғалдылық ауқымы < 80% және температура ауқымы + 5°C және + 45°C аралығындағы бөлмелер.
Буйым шығарылған күнін буйым корпусында жазылған сериялық нөмір бойынша анықтау мүмкін. (Сериялық нөмірі: ASSCC, бұл жерде А – өнім жасалған жылдың соңғы саны, SS – өнім жасалған апта, CC – басып шығару күні, 1992 жылдан бастан автоматты түрде есептеледі.
Мысалы: Сер.№ 30411, өнім жасалған жыл – 2003, өнім жасалған апта – 4)
EAC