MWA1211XHA - кір жуғыш машина HOTPOINT - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз MWA1211XHA HOTPOINT PDF форматында.
| Өнім түрі | Кірістірілетін микротолқынды пеш |
| Бренд | Hotpoint |
| Модель | MWA 121.1 X/HA |
| Өлшемдер (Ұ x Б x Т) | 594 x 343,5 x 388 мм |
| Нетто салмағы | 14,85 кг |
| Қуат көзі | 230 В ~ 50 Гц |
| Микротолқынды кіріс қуаты | 1250 Вт |
| Микротолқынды шығыс қуаты | 800 Вт |
| Сыйымдылығы | 20 л |
| Айналмалы науаның диаметрі | 245 мм |
| Пісіру функциялары | Микротолқын, салмақ бойынша (dEF1) және уақыт бойынша (dEF2) жібіту, көп сатылы пісіру (ең көбі 2), жылдам бастау |
| Автоматты бағдарламалар | 10 мәзір (пицца, картоп, ет, балық, көкөністер, сусын, макарон, попкорн, тауық, қайта қыздыру) |
| Дисплей және басқару элементтері | Айналмалы түйме, сенсорлық түймелер, 24 сағаттық сағат, таймер |
| Балалар қауіпсіздігі | [PAUSE STOP] түймесін 3 секунд басып тұру арқылы құлыптау |
| Электр қауіпсіздігі | Міндетті жерге тұйықтау, барлық полюсті ажыратқыш ұсынылады |
| Есік және тығыздағыштар | Қауіпсіздік құлыптау жүйесі, тығыздағыштарды үнемі тазалау |
| Рұқсат етілген материалдар | Шыдамды шыны, микротолқынды пластик, қағаз, металсыз керамика |
| Күтім және тазалау | Ішін дымқыл шүберекпен тазалау, бу тазалағышты немесе абразивті жуғыш заттарды қолданбау |
| Орнату | Ені 60 см шкафқа кірістірілетін, желдету саңылауларын бітемеу |
| Жеткізілетін керек-жарақтар | Шыны науа, айналмалы науа тірегі, пайдалану нұсқаулығы |
| Жөндеу мүмкіндігі | Бөлшектемеңіз, жөндеу үшін білікті маманға хабарласыңыз |
| Экологиялық ақпарат | ЭҚЭ сәйкес келеді, тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз |
Жиі қойылатын сұрақтар - MWA1211XHA HOTPOINT
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы MWA1211XHA HOTPOINT
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз кір жуғыш машина PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз MWA1211XHA - HOTPOINT және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. MWA1211XHA брендінің HOTPOINT.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ MWA1211XHA HOTPOINT
Сактық ескертулер және ұсыныстар, 119
Пешті орнату, 124
Пайдалану туралы нұсқаулар, 125
Қысқа толқынды пешті пайдалану алдында осы нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз және мұқият сақтаңыз.
Егер нұсқауларды орындасаңыз, пеш сізге көп жыл жақсы қызмет көрсетеді.
а) Бұл пешті есігі ашық күйде пайдалануға әрекет жасамаңыз, өйткені бұл қысқа толқынды қуаттың зиянды әсеріне әкелуі мүмкін. Қауіпсіздік құлыптарын бұзбау немесе оларды өзгертпеу маңызды. (b) Пештің алдыңғы беті мен есігі арасында ешбір зат қоймаңыз, немесе тығыздағыш беттерде кірдің немесе тазалағыш қалдығының жиналуына мүмкіндік бермеңіз. (c) ЕСКЕРТУ: егер есік немесе есік тығыздағыштары зақымдалса, білікті адам жөндегенше пешті пайдаланбау керек.
ҚОСЫМША
Егер құрылғы жақсы таза күйде сақталса, оның беті жағдай болуы мүмкін.
Техникалық спецификациялар
| Улгі | MWA121.1 X /HA |
| Номиналды кернеу | 230 В~50 Гц |
| Номиналды кіріс куат (қыска толқындар) | 1250 Вт |
| Номиналды шығыс куат (қыска толқындар) | 800 Вт |
| Пеш сыйымдылығы | 20 л |
| Айналатын деңгелектің диаметрі | ø 245 мм |
| Сыртқы өлшемдері | 594x343,5x388 мм |
| Таза салмағы | 14,85 кг |
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР
ЕСКЕРТУ
Өрт, ток соғу, адамдардың жарақаттануы немесе құрылғыны пайдаланғанда қысқа толқынды пеш энергиясының артық әсер етуі қаупін азайту үшін негізгі сақтық шараларын, соның ішінде, келесілерді қолданыңыз:
- Ескерту: сұйықтықтарды және басқа тамақтарды жабық ыдыстарда қыздырмау керек, өйткені олар жарылуы мүмкін.
- Ескерту: Білікті адамнан басқа кез келген адамның қысқа толқындар энергиясынан қорғауды беретін қақпақты алуы бар кез келген қызмет көрсету немесе жөндеу әрекетін орындауы қауіпті.
- Ескерту: Балалар пешті қауіпсіз пайдалана алатындай және дұрыс пайдаланбау қауіптерін түсінетіндей тиісті нұсқаулар берілгенде ғана оларға пешті қадағалаусыз пайдалануға рұқсат етіңіз.
- Ескерту: Құрылғы тіркесім режимінде пайдаланылса, пайда болатын температураларға байланысты балалар пешті тек ересектердің қадағалауымен пайдалануы керек. (тек гриль сериясы үшін)
- Тек қысқа толқынды пештерде пайдалануға жарамды құралдарды пайдаланыңыз.
- Пешті жүйелі түрде тазалап тұру және тамақ қалдықтарын кетіріп тұру керек.
- «ЫҚТИМАЛ АРТЫҚ ҚЫСҚА ТОЛҚЫНДЫ ҚУАТ ӘСЕР ЕТУІН БОЛДЫРМАУДЫҢ АРНАЙЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН» бөлімін және ондағы нұсқауларды орындаңыз.
- Тамақты пластик немесе қағаз ыдыстарда қыздырғанда пешті қарап тұрыңыз, өйткені тұтану орын алуы мүмкін.
- Егер түтін байқалса, құрылғыны өшіріңіз немесе розеткадан суырыңыз және кез келген жалындарды басу үшін есікті жабық ұстаңыз.
- Тамақ дайындау уақытын асырып жібермеңіз.
- Пеш қуысын сақтау мақсатында пайдалануға болмайды.
Нан, печенье, т.б. сияқты заттарды пеш ішінде сақтамаңыз.
- Пешке қою алдында қағаз немесе пластик ыдыстардан/пакеттерден сым бұрағыш қысқыштарды және металл тұтқаларды алыңыз.
- Осы пешті тек қамтамасыз етілген орнату туралы нұсқауларға сай орнатыңыз немесе орналастырыңыз.
- Қабықтағы жұмыртқаларды және бүтін қатты қайнатылған жұмыртқаларды қысқа толқынды пештерде қыздыруға болмайды, өйткені олар тіпті қысқа толқындармен қыздыру аяқталғаннан кейін де жарылуы мүмкін.
- Бұл құрылғыны тек өз мақсатында нұсқаулықта сипатталғандай пайдаланыңыз. Коррозия тудыратын химикаттарды немесе буларды осы құрылғыда пайдаланбаңыз. Бұл пеш қыздыруға арналған. Ол өндірістік немесе зертханалық пайдалануға арналмаған.
- Куат сымы зақымдалса, қауіпті болдырмау үшін оны өндіруші, оның қызмет көрсету агенті немесе солар сияқты білікті адамдар ауыстыруы керек.
- Бұл құрылғыны сыртта сақтамаңыз немесе пайдаланбаңыз.
- Бұл пешті су жанында, ылғалды негізде немесе бассейн жанында пайдаланбаңыз.
- Құрылғы жұмыс істеп жатқанда қол жеткізуге болатын беттердің температурасы жоғары болуы мүмкін. Пайдалану кезінде беттер қызуы мүмкін. Сымды қыздырылған беттен аулақ ұстаңыз және пешті ешбір жағдайда жаппаңыз.
- Сымның үстел немесе сатушы сөресі жиегінен салбырап тұруына жол бермеңіз.
- Пешті таза күйде ұстамау беттің тозуына әкеліп, бұл құрылғының қызмет мерзіміне теріс әсер етуі және қауіпті жағдайға әкелуі мүмкін.
- Күйіктерді болдырмау үшін тұтыну
алдында тамақтандыру бөтелкелерінің және сәбилер тамағы банкаларының құрамын араластыру немесе сілку және температураны тексеру қажет.
- Сусындарды қысқа толқындармен қыздыру кешіктірілген жарылатын қайнауға әкелуі мүмкін, сондықтан, ыдысты ұстағанда сақ болу керек.
- Бұл құрылғы қауіпсіздік үшін жауапты тұлға тарапынан аспапты пайдалану нұсқаулары үйретілмесе, физикалық, сезу органдары немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тиісті тәжірибе мен білімге ие емес тұлғалар (балаларды қосқанда) пайдалануға арналмаған.
- Балалардың құрылғымен ойнамауын қадағалау керек.
- Шкафта сыналған болмаса, қысқа толқынды пешті шкафқа қоймау керек.
- Құрылғылар сыртқы таймер немесе бөлек қашықтан басқару жүйесі арқылы пайдалануға арналмаған.
- ЕСКЕРТУ: Ток соғу мүмкіндігін болдырмау үшін шамды ауыстыру алдында құрылғы өшірулі екеніне көз жеткізіңіз.
- Қол жететін бөліктер пайдалану кезінде ыстық болуы мүмкін. Жас балаларды аулақ ұстау керек.
- Бумен тазалағышты пайдаланбау керек.
- Сақтау тартпасының беті қызуы мүмкін.
- Күшті абразивтік тазалағыштарды немесе үшкір металл қырғыштарды есік әйнегін тазалау үшін пайдаланбаңыз, өйткені олар бетке сызат түсіріп, бұл әйнектің сынуына әкелуі мүмкін.
- Пайдалану кезінде құрылғы ыстық болады. Пеш ішіндегі қыздыру элементтеріне тиіп кетпеу керек.
- Тек осы пеш үшін ұсынылған температура өлшегішті пайдаланыңыз (температураны сезетін өлшегішті пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етілген пештерде).
- Бірінші пайдалану кезінде кейбір құрамдастарды қорғайтын өндірістік майларға байланысты ерекше иіс болады.
- Бұл аспапты бақылауда немесе аспапты қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаулармен таныс болса және одан келетін қауіпті түсінген жағдайда, 8 немесе одан жоғары жастағы балалар және физикалық, сезім органдары немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тиісті тәжірибеге және білімге ие емес адамдар пайдалануы мүмкін. Балалар құрылғымен ойнамауы керек. 8 жастан үлкен болмаса және қадағаланбаса, тазалауды және пайдаланушының техникалық қызмет көрсетуін балалар орындамауы керек.
- Құрылғыны және оның сымын 8 жасқа толмаған балалардан аулақ ұстаңыз.
- Бұл құрылғы үйде және келесіге ұқсас қолданыстарда пайдалануға арналған:
- дүкендердегі, кеңселердегі және басқа жұмыс орталарындағы қызметкерлердің асүй аумақтарында;
- қонақ үйлердегі, мотельдердегі және басқа тұрғын орталарындағы клиенттер;
- фермалар;
- төсек және таңғы ас түріндегі орталар.
- ЕСКЕРТУ: Құрылғы және оның қол жеткізуге болатын бөліктері пайдалану кезінде қызады. Қыздыру элементтеріне тимеуге тырысу керек. Үздіксіз қадағаланбаса, 8 жасқа толмаған балаларды аулақ ұстау керек.
Кейбір ішкі құрамдастарға тию ауыр жарақатқа немесе өлімге әкелуі мүмкін. Бұл құрылғыны бөлшектемеңіз.
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі
Жерге қосуды тиісті емес пайдалану ток соғуына әкелуі мүмкін. Құрылғы дұрыс орнатылып, жерге қосылғанша розеткаға қоспаңыз.
ТАЗАЛАУ
Құралды қуат көзінен ажыратыңыз.
- Пайдаланудан кейін пештің ішін аздап дымқыл шүберекті пайдаланып тазалаңыз.
- Қосалқы құралдарды әдеттегідей сабынды суда тазалаңыз.
- Лас болса, есік жақтауын, тығыздағышты және іргелес бөліктерді дымқыл шүберекпен мұқият тазалау керек.
Екі дөңгелек істікті аша
ҚҰРАЛДАР
«Қысқа толқынды пеште пайдалануға болатын материалдар немесе қысқа толқынды пеште пайдалануға болмайтын материалдар» бөліміндегі нұсқауларды қараңыз.
Қысқа толқындармен өзірлеу үшін пайдалану қауіпті белгілі бір металл емес құралдар бар. Күмәніңіз болса, қарастырылып отырған құралды төмендегі процедураны орындап тексере аласыз.
Құралды тексеру:
- қысқа толқындар үшін қауіпсіз ыдысты 1 шыныаяқ салқын сумен (250 мл), әрі қарастырылып отырған құралмен толтырыңыз.
- Ең жоғары қуатпен 1 минут бойы әзірлеңіз.
- Құралға ақырын тиіңіз. Егер бос құрал жылы болса, оны қысқа толқындармен әзірлеу үшін пайдаланбаңыз.
- 1 минут әзірлеу уақытынан асырмаңыз.
САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ
Жеке жарақат қаупі
Білікті адамнан басқа кез келген адамның қысқа толқындар энергиясынан қорғауды беретін қақпақты алуы бар кез келген қызмет көрсету немесе жөндеу әрекетін орындауы қауіпті.
Қысқа толқынды пеште пайдалануға болатын материалдар
| Құралдар | Ескертүлер |
| Алюминий фольга | Тек қалқандау. Шағын тегіс бөліктерді артық әзірлеуді болдырмау үшін жұқа ет немесе құс еті бөліктерін жабу үшін пайдалануға болады. Фольга пеш қабырғаларына тым жақын болса, доға пайда болуы мүмкін. Фольга пеш қабырғаларынан кемінде 1 дюйм (2,5 см) қашықтықта болуы керек. |
| Қызарту ыдысы | Өндірушінің нұсқауларын орынданаңыз. Қызарту ыдысының түбі айналатын дөңгелектен кемінде 3/16 дюйм (5 мм) жоғары болуы керек. Дұрыс емес пайдалану айналатын дөңгелектің сынуына әкелуі мүмкін. |
| Ыдыс | Тек қысқа толқындарға қауіпсіз. Өндірушінің нұсқауларын орынданаңыз. Жарықтары немесе сынықтары бар ыдыстарды пайдаланбаңыз.Шыны банкалар Әрқашан қақпакты ашыңыз. Тек тамақты жылы болғанша қыздыру үшін пайдаланыңыз. Шыны банкалардың көпшілігі қызуға төзімді емес және сынуы мүмкін. |
| Шыны ыдыс | Тек ыстыққа төзімді пешке арналған шыны ыдыс. Металл қабат жоқ екенін тексеріңіз.Жарықтары немесе сынықтары бар ыдыстарды пайдаланбаңыз. |
| Пеште әзірлеу пакеттері | Өндірушінің нұсқауларын орынданаңыз. Металл қысқышты жаппаңыз. Будың шығуына мүмкіндік беру үшін тесіктер жасаңыз. |
| Қағаз тәрелкелер және шыныаяқтар | Тек қысқа мерзімді әзірлеу/жылыту үшін пайдаланыңыз. Әзірлеу кезінде пешті қараусыз қалдырманыз. |
| Қағаз сулгілер | Қыздыру және майды сініру үшін тамақты жабу үшін пайдаланыңыз. Қадағалаумен тек қысқа мерзімді әзірлеу үшін пайдаланыңыз. |
| Пергамент | Шашырауды болдырмау үшін қақпақ немесе бумен әзірлеу үшін орам ретінде пайдаланыңыз. |
| Пластик | Тек қысқа толқындарға қауіпсіз. Өндірушінің нұсқауларын орынданаңыз. «Қысқа толқындарға қауіпсіз» деп белгіленуі керек. Ішінdegі тамақ қызғанда кейбір пластик ыдыстар жұмсарады.«Қайнатылатын пакеттерді» және тығыз жабылған пластик пакеттерді орамада нұсқау берілгендей тесу немесе желдету керек. |
| Пластик орам | Тек қысқа толқындарға қауіпсіз. Ылғалды сақтау үшін әзірлеу кезінде тамақты жабу үшін пайдаланыңыз. Пластик орамның тамаққа тиюіне жол бермеңіз. |
| Термометрлер | Тек қысқа толқындар үшін қауіпсіз (ет және кәмпит термометрлері). |
| Балауыз қағаз | Шашырауды болдырмау және ылғалды сақтау үшін қақпақ ретінде пайдаланыңыз. |
Қысқа толқынды пеште пайдалануға болмайтын материалдар
| Құралдар | Ескертулер |
| Алюминий науа | Доғаны тудыруы мүмкін. Тамақты қысқа толқындар үшін қауіпсіз ыдыска салыңыз. |
| Металл түтқасы бар тамақ қорабы | Доғаны тудыруы мүмкін. Тамақты қысқа толқындар үшін қауіпсіз ыдыска салыңыз. |
| Металл немесе металл қабаты бар құралдар | Металл тамақты қысқа толқындар қуатынан қорғайды. Металл қабат доғаны тудыруы мүмкін. |
| Металл бұрағыш қысқыштар | Доғаны тудыруы және пеште өртті тудыруы мүмкін. |
| Қағаз пакеттер | Пеште өрт тудыруы мүмкін. |
| Пенопласт | Жоғары температура әсер еткенде пенопласт еруі немесе ішіндегі сүйықтықты ластауы мүмкін. |
| Ағаш | Қысқа толқынды пеште пайдаланғанда ағаш құрғайды және бөлінуі немесе жарылуы мүмкін. |
KZ
Пеш бөліктерінің және қосалқы құралдарының атаулары
Пешті және барлық материалдарды қораптан және пеш қуысынан алыңыз.
Пеште келесі қосалқы құралдар бар:
Шыны науа 1
Айналатын дөңгелек сақинасын жинау 1
Пайдалану нұсқаулығы 1

A) Баскару тактасы B) Айналатын дөңгелектің білігі C) Айналатын дөңгелек сақинасы жинағы D) Шыны науа E) Бақылау терезесі F) Есікті жинау G) Қауіпсіздік құлып жүйесі
Айналатын дөңгелекті орнату
а. Ешқашан шыны науаны аударып қоймаңыз. Шыны науа ешқашан қысылмауы керек. b. Шыны науа да, айналатын дөңгелек сақинасы жинағы да әзірлеу кезінде әрқашан пайдаланылуы керек. c. Барлық тамақ және тамақ ыдыстары әзірлеу үшін әрқашан шыны науаға орналастырылады. d. Егер шыны науада немесе айналатын дөңгелек сақинасы жинағында сынықтар пайда болса, ең жақын өкілетті сервистік орталыққа хабарласыңыз.

Айналатын дөңгелек сақинасы жинағы
Орнату және қосу
- Бұл құрылғы тек үйде пайдалануға арналған.
- Бұл құрылғы тек кірістірілген түрде пайдалануға арналған. Ол үстел бетінде пайдалануға немесе шкаф ішінде пайдалануға арналмаған.
- Осы орнату туралы арнайы нұсқауларды орындаңыз.
- Құрылғыны ені 60 см қабырғаға бекітілетін шкафта орнатуға болады (кемінде 55 см терең және еденнен 85 см қашықтықта).
- Құрылғы ашамен жабдықталған және оны тек тиісті түрде орнатылған, жерге қосылған розеткаға жалғау керек.
- Желілік кернеу көрсеткіштер тақтасында көрсетілген кернеуге сай болуы керек.
- Розетканы орнатуды және жалғағыш кабельді ауыстыруды тек білікті электрик орындауы керек. Егер орнатудан кейін ашаға қол жеткізу мүмкін болмаса, орнату орнында байланыс саңылауы кемінде 3 мм барлық полюсті ажырататын құрылғы болуы керек.
- Адаптерлерді, көп жақты жолақтарды және ұзартқыш сымдарды пайдаланбау керек. Артық жүктеме өртке әкелуі мүмкін.
Қол жеткізуге болатын бет пайдалану кезінде ыстық болуы мүмкін.

1. Сағатты орнату
Қысқа толқынды пеште электр болса, пеш «0:00» көрсетеді, зумымен бір рет шырылдайды.
1) “ 📞/ Ⓛ ” түймесін бір рет басыңыз. «00:00» көрсетіледі. 2) “” түймесін басып сағат цифрын реттеңіз, енгізілген уақыт 0--23 (24 сағат) арасында болуы керек. 3) “ 📞/ Ⓛ ” түймесін басыңыз, минут цифрлары жыпылықтайды. 4) “ ” түймесін басып минут цифрларын реттеңіз, енгізілген уақыт 0--59 арасында болуы керек. 5) Сағат орнатуды аяқтау үшін “/” түймесін басыңыз. «:» жыпылықтайды.
Ескертпе:
1) Егер орнатылмаған болса, сағат қуат берілгенде жұмыс істемейді. 2) Сағатты орнату барысында “FAOSE STOP” түймесін бассаңыз, пеш алдыңғы күйге автоматты түрде оралады.
2. Қысқа толқындармен пісіру
“ ” түймесін басыңыз, ЖШД «Р100» көрсетеді. “ ”түймесін уақыттар үшін басыңыз немесе “
” тұтқасын бұрып қажет қуатты таңдаңыз және әр қосымша басқанда «Р100», «Р80», «50», «Р30» немесе «Р10» көрсетіледі. Содан кейін растау үшін “START” түймесін басыңыз және 0:05 және 95:00 арасында пісіру уақытын орнату үшін “,” тұтқасын бұраңыз.
Пісіруді бастау үшін “START” түймесін қайтадан басыңыз.
Мысал: 80% қысқа толқындар қуатын 20 минут бойы пісіру үшін пайдаланғыңыз келсе, пешті келесі қадамдардағыдай пайдалана аласыз.
1) “ ” түймесін бір рет басыңыз, экранда «Р100» көрсетіледі. 2) 80% қысқа толқындар қуатын таңдау үшін “ »» ”түймесін қайтадан басыңыз немесе “ ”тұтқасын бұрыңыз. 3) Растау үшін “START” түймесін басыңыз, сонда экранда «Р 80» көрсетіледі. 4) Пісіру уақытын пеш «20:00» уақытын көрсеткенше реттеу үшін "тұтқасын бұрыңыз. 5) Пісіруді бастау үшін “START” түймесін басыңыз.
3. Жылдам іске қосу
1) Күту күйінде 100% қуатпен пісіруді бастау үшін “START” түймесін басыңыз, әр қосымша басу пісіру уақытын 30 секундқа арттырады, 95 минутқа дейін. 2) Қысқа толқындармен пісіруде немесе уақытпен еріту күйінде “START” түймесін әр басу пісіру уақытын 30 секундқа арттырады. 3) Күту күйінде 100% қысқа толқындар қуаты бар пісіру уақытын орнату үшін “ [icon] ” тұтқасын бұраңыз, содан кейін пісіруді бастау үшін “ START” түймесін басыңыз.
4. Салмақ бойынша еріту
1) “ ⏻/ß ✱” түймесін бір рет басыңыз, сонда пеште «dEF1» көрсетіледі. 2) 100 және 2000 г арасынан тамақ салмағын таңдау үшін“ 🚫 ” тұтқасын бұраңыз. 3) Ерітуді бастау үшін "START" пернесін басыңыз.


| Рет | Дисплей | Кыска толкындардың куаты |
| 1 | P100 | 100% |
| 2 | P80 | 80% |
| 3 | P50 | 50% |
| 4 | P30 | 30% |
| 5 | P10 | 10% |
5. Уақыт бойынша еріту
1) “📋/ü*” түймесін екі рет басыңыз, сонда пеште «dEF2» көрсетіледі. 2) Еріту уақытын таңдау үшін “ ” тұтқасын бұраңыз. Ең көп орнатылатын уақыт — 95 минут. 3) Ерітуді бастау үшін “START” пернесін басыңыз. Еріту қуаты — Р30 және ол өзгермейді.
6. Асүй таймері
1) “/” түймесін екі рет басыңыз, ЖШД-де 00:00 көрсетіледі, таймер индикаторы жанады. 2) Дұрыс уақытты енгізу үшін “🍒” тұтқасын бұраңыз. (Ең көп әзірлеу уақыты — 95 минут.) 3) Параметрді растау үшін “START” түймесін басыңыз, таймер индикаторы жанады. 4) Асүй уақытына жеткенде таймер индикаторы өшеді. Зуммер 5 рет шылдырлайды. Егер сағат орнатылып жатса (24 сағаттық жүйе), ЖШД ағымдағы уақытты көрсетеді.
Ескертпе: Асүй уақыты 24 сағаттық жүйеден басқаша. Асүй таймері — таймер.
7. Сұрау функциясы
1) Қысқа толқындармен, грильмен және тіркесіммен әзірлеу күйлерінде “ ” түймесін басыңыз, ағымдағы қуат 3 секунд бойы көрсетіледі. 3 секундтан кейін пеш бұрынғы күйіне оралады; 2) Әзірлеу күйінде уақытты сұрау үшін “📋/℃” түймесін басыңыз, сонда уақыт 3 секунд бойы көрсетіледі.
8. Автоматты мәзір
1) Мәзірді таңдау үшін “,” тұтқасын оңға бұраңыз, сонда «А-1» - «А-10» көрсетіледі. 2) Растау үшін “START” түймесін басыңыз. 3) Мәзір диаграммасы ретінде әдепкі салмақты таңдау үшін "☐" тұтқасын бұраңыз. 4) Әзірлеуді бастау үшін "START" түймесін басыңыз. Мысал: 350 г балықты әзірлеу үшін «Автоматты мәзірді» пайдалану керек болса. 1) “” тұтқасын «А-4» көрсетілгенше сағат бойымен бұраңыз. 2) Растау үшін “(START)” түймесін басыңыз. 3) Балық салмағын «350» көрсетілгенше таңдау үшін “,” тұтқасын бұрыңыз. 4) Әзірлеуді бастау үшін "START" түймесін басыңыз.
9. Көп бөлімдік әзірлеу
Әзірлеу үшін ең көбі 2 бөлімді орнатуға болады. Көп бөлімді әзірлеуде бір бөлім ерітіп жатса, содан кейін еріту бірінші бөлімге орналастырылады.
Мысал: тамақты 5 минут бойы еріту, содан кейін 80% қысқа толқындар қуатымен 7 минут бойы әзірлеу қажет болса, келесідей әрекет етіңіз:
1) “☐/☐☑” түймесін екі рет басыңыз, сонда пеште «dEF2» көрсетіледі.
2) “ ” тұтқасын бұрап «5:00» көрсетілгенше еріту уақытын таңдаңыз.
3) “ ” түймесін бір рет басыңыз, экранда «Р100» көрсетіледі.
4) 80% қысқа толқындар қуатын таңдау үшін “ ” түймесін қайтадан басыңыз немесе “ ” тұтқасын бұраңыз.
5) Растау үшін “START” түймесін басыңыз, сонда экранда «Р 80» көрсетіледі. 6) Әзірлеу уақытын пеш «7:00» уақытын көрсеткенше реттеу үшін “,” тұтқасын бұрыңыз. 7) Әзірлеуді бастау үшін “START” түймесін басыңыз, сонда бірінші бөлім үшін зуммер бір рет дыбыс шығарады, еріту уақыты кері саналады; екінші әзірлеуге кіргенде зуммер тағы бір рет дыбыс шығарады. Әзірлеу аяқталғанда зуммер бес рет дыбыс шығарады.
10. Балаларға арналған құлыптау функциясы
Құлып: Күту күйінде “PAUSE STOP” түймесін 3 секунд бойы басыңыз, балалар құлпы күйіне кіруді білдіретін ұзақ дыбыстық сигнал болады және уақыт орнатылған болса, ағымдағы уақыт көрсетіледі, әйтпесе, ЖШД “
“[::]” жазуын көрсетеді.
Құлыптан шығу: Құлыпталған күйде “ (PAUSE STOP) ” түймесін 3 секунд бойы басыңыз, құлып босатылғанын білдіретін ұзақ «дыбыстық сигнал» болады.
Мәзір диаграммасы:
| Мәзір | Салмағы (г) | Дисплей |
| А-1ПИЦЦА | 200 г | 200 |
| 400 г | 400 | |
| А-2Картоп | 200 г | 200 |
| 400 г | 400 | |
| 600 г | 600 | |
| А3Е-т | 250 г | 250 |
| 350 г | 350 | |
| 450 г | 450 | |
| А-4Балық | 250 г | 250 |
| 350 г | 350 | |
| 450 г | 450 | |
| А-5Көкөніс | 200 г | 200 |
| 300 г | 300 | |
| 400 г | 400 | |
| А-6Сусын | 1 шыныаяқ (120 мл) | 1 |
| 2 шыныаяқ (240 мл) | 2 | |
| 3 шыныаяқ (360 мл) | 3 | |
| А-7Паста | 50 г (450 мл салқын су бар) | 50 |
| 100 г (800 мл салқын су бар) | 100 | |
| А-8Попкорн | 50 | 50 |
| 100 | 100 | |
| А-9Тауық | 200 | 200 |
| 400 | 400 | |
| 600 | 600 | |
| 800 | 800 | |
| А-10Қыздыру | 200 | 200 |
| 400 | 400 | |
| 600 | 600 | |
| Қалыпты | ||
| Қысқа толқынды пеш ТД қабылдауына кедергі келтіруде | Қысқа толқынды пеш жұмыс істеп жатқанда радио және ТД қабылдауына кедергі келтірілуі мүмкін.Бұл миксер, шаңсорғыш және электр вентилятор сияқты шағын электр құрылғылардың кедергілеріне ұқсайды. Бұл қалыпты. | |
| Пеш жарығын күңгірттеңіз | Төмен куатты қысқа толқындармен әзірлеу кезінде пеш жарығы күңгірттенуі мүмкін. Бұл қалыпты. | |
| Есікте бу жиналады, саңылаулардан ыстық ауа шығады | Әзірлеу кезінде тамақтан бу шығуы мүмкін. Оның көп бөлігі саңылаулар арқылы шығады. Бірақ біразы пеш есігі сияқты салқын орында жиналуы мүмкін. Бұл қалыпты. | |
| Есікте бу жиналады, саңылаулардан ыстық ауа шығады | Құрылғыны ішінде ешбір тамақсыз іске қосуға тыйым салынады.Бұл өте қауіпті. | |
| Ақаулық | Мүмкін себеп | Шешім |
| Пешті іске қосу мүмкін емес | (1) Қуат сымы розеткаға тығыз қосылмаған | Розеткадан ажыратыңыз. Содан кейін 10 секундтан кейін қайтадан розеткаға қосыңыз. |
| (2) Сақтандырғыш қүйіп кетеді немесе автоматты өшіргіштер жұмыс істейді. | Сақтандырғышты ауыстырыңыз немесе автоматты өшіргіштерді ысырыңыз (компанияңыздың кәсіпкой мамандары жәндейді). | |
| (3) Розетка ақаулығы | Басқа электр құрылғылар қосылмаған розетканы тексеріп көріңіз. | |
| Пеш қызбайды | (4) Есік жақсылап жабылмаған | Есікті жақсылап жабыңыз |
| Шыны айналатын дөңгелек қыска толқынды пеш жұмыс істегенде шу шығарады | (5) Ролик тірегі және пештің түбі лас | Лас бөліктерді тазалау үшін «Қыска толқынды пешке техникалық қызмет көрсету» бөлімін қараңыз. |

Қоқыс электр және электрондық жабдық (WEEE) директивасына сай WEEE бөлек жинау және өңдеу керек. Егер болашақта кез келген уақытта осы өнімді қоқысқа лақтыру керек болса, бұл өнімді тұрмыстық қоқыспен бірге лақтырмаңыз. Бұл өнімді бар болса, WEEE жинау орындарына жіберіңіз.
Орнату алдында нұсқаулықты мұқият оқып
Орнату
Ескеріңіз:
Электр қосылым
Пеш ашамен жабдықталған және оны тек тиісті түрде орнатылған, жерге қосылған розеткаға жалғау керек. Тиісті ережелерге сай розетканы орнатуды және жалғағыш кабельді ауыстыруды тек білікті электрик орындауы керек.
Егер орнатудан кейін ашаға қол жеткізу мүмкін болмаса, орнату орнында байланыс саңылауы кемінде 3 мм барлық полюсті оқшаулайтын қосқыш болуы керек.
Орнатылған шкафта құрылғы артында артқы қабырға болмауы керек.
Ең аз орнату желдету ұяшықтары және сору тесіктері.
Ескертпе:
Қуат кабелін қысып қалмаңыз немесе майыстырмаңыз.
- Төменгі шкаф үлгісіндегі нұсқауды оқыңыз, үлгіні шкафтың төменгі жазықтығына қойыңыз.

- Үлгінің «а» белгілеріне сай шкафтың төменгі жазықтығында белгілер жасаңыз.

- Төменгі шкаф үлгісін алыңыз және кронштейнді А бұрандасымен бекітіңіз.

С. Пешті орнату

- Пешті шкафқа орнатыңыз
- Пештің арты кронштейнмен құлыпталғанын тексеріңіз.
- Қуат кабелін қысып қалмаңыз немесе бұрамаңыз.
- Есікті ашыңыз, пешті шкафқа В бұрандасымен орнату тесігінде бекітіңіз.