HVC646630A - Шаңсорғыш GORENJE - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз HVC646630A GORENJE PDF форматында.
| Өнім түрі | Шаңсорғыш шана |
| Бренд | Gorenje |
| Модель | HVC646630A |
| Өлшемдері (Ұ x Е x Б) | 300 x 250 x 400 мм |
| Таза салмағы | 5,2 кг |
| Максималды қуат | 800 Вт |
| Резервуар сыйымдылығы | 3,0 л (шаң қапшығы) |
| Сүзгілеу | жууға болатын HEPA 13 |
| Әсер ету радиусы | 8 м (қуат сымы) |
| Кіретін керек-жарақтар | Аралас сорғыш, жиһазға арналған сорғыш, паркет щеткасы |
| Баскару түрі | Қуат реттегіші бар электронды |
| Шу деңгейі | 76 дБ(А) |
| Жылдық энергия тұтынуы | 28 кВт·сағ/жыл (шамамен) |
| Энергия тиімділігі класы | A (ЕО стандарты бойынша) |
| Корпус материалы | Соққыға төзімді пластик |
| Күтім | Қапшықты ауыстыру, HEPA сүзгіні 3 ай сайын тазалау |
| Қауіпсіздік | Қызып кетуден қорғау, бітелу кезінде автоматты тоқтату |
| Қосалқы бөлшектер | Сүзгілер, қапшықтар, керек-жарақтар қолжетімді |
| Жөндеу мүмкіндігі | Жөндеу көрсеткіші 8,2/10 (шамамен) |
| Кепілдік | 2 жыл бөлшектер мен жұмыс күшіне |
Жиі қойылатын сұрақтар - HVC646630A GORENJE
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы HVC646630A GORENJE
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Шаңсорғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз HVC646630A - GORENJE және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. HVC646630A брендінің GORENJE.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ HVC646630A GORENJE
Аспапты қолдану кезінде берілген қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларды орындаңыз: Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқыңыз және аспапты нұсқаулыққа сәйкес қолданыңыз. // Алғаш қолданар алдында аспаптың тасымалдау қаптамасын, қорғайтын пленкасын және жапсырмаларын алып тастаңыз. // Жұмыс істеп тұрған аспапты қараусыз қалдырмаңыз. // Қолданар алдында аспап бөлшектерін жинаңыз және бекітіңіз. // Аспапты құрғақ жабық ғимараттарда ғана қолданыңыз. // Аспапты өндіруші ұсынған бөлшектермен ғана қолдануға рұқсат етіледі. // Егер аспап құлаған, зақымдалған, ашық ауада сақталған немесе суға құлаған болса, оны қолданбаңыз. // Аспапты жүйелі түрде тазалап тұрыңыз. Бұл оның қызмет ету мерзімін ұзартады. // Шаштың, ұзын киімнің, саусақтың және дененің басқа да мүшелерінің аспаптың саңылауы мен жылжымалы бөліктеріне тиіп тұрмауын қадағалаңыз. // Аспап радио кедергілердің рұқсат етілетін деңгейлерін реттейтін электромагнитті өрістер мен нормалар жөніндегі барлық стандарттарға сәйкес келеді. // Аспап балалардың және физикалық немесе психикалық қабілеттері шектеулі адамдардың қолдануына арналмаған. Аспапты сегіз жастан асқан балаларға және физикалық, қозғалу және психикалық қабілеттері шектелген адамдарға, сонымен қатар оны қолдану үшін жеткілікті тәжірибесі мен білімі жоқ адамдарға тек тәжірибесі бар адамның қадағалауымен немесе егер олар аспапты қолдануға үйретілген болса және аспапты дұрыс пайдаланбауға байланысты туындауы ықтимал қауіпті түсінген жағдайда ғана осы аспапты қолдануға рұқсат етіледі. Аспап жұмысы кезінде балаларды қадағалаңыз. Балаларға аспаппен ойнауға рұқсат етпеңіз. // Балалар сегіз жасқа жеткен және үлкен кісінің қарауында болған жағдайда ғана аспапты тазалауды және оған қызмет көрсетуді орындай алады. // Қолданып болған соң аспапты сөндіріңіз.
Қауіптілік
Аспапты және зарядтау базасын (немесе адаптерді) суға және басқа да сұйықтыққа батырмаңыз, ағын судың астында жумаңыз.
Маңызды ескертулер
Желілік шнуры бар аспапты немесе зарядтау базасын электр желісіне жалғар алдында номиналды кернеудің электр желісінің кернеуіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Аспап және зарядтау базасы (немесе адаптер, аспабыңыздың моделіне байланысты) бүлінген болса, оларды қолданбаңыз. Зарядтау базасы (немесе адаптер) бүлінген жағдайда аспапты қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін тек түпнұсқа бұйымдарды ғана қолданыңыз. Адаптерге трансформатор кірістірілген. Адаптерді ағытып алуға және ауыстыруға тыйым салынады, өйткені бұл қауіпті жағдайға алып келуі мүмкін. Аккумуляторды аспап жиынтығына кіретін адаптердің және зарядтау базасының көмегімен ғана зарядтауға болады. Зарядтау процесінде адаптердің қызуына жол беріледі (егер адаптер жеткізу жиынтығына кіретін болса, моделіне байланысты). Зарядтау кезінде аспапты сөндіріп қойыңыз. Аспапты сүзгілерсіз немесе сүзгілер блогысыз қолдануға тыйым салынады. Ауа шығаруға арналған саңылаулардың аспап жұмысы кезінде бітелмеуін қадағалаңыз. Шаңсорғыш бөлме ішінде жинау мақсатында үйде қолдануға арналған. Сору
қуатын және жинау тиімділігін сақтау үшін соратын саңылаулардың тазалығын қадағалаңыз. Турбаның саңылауларын шаңнан, шаштан және ауа ағынын бітеуі мүмкін басқа да ластардан жиі тазалап тұрыңыз. Тұғырды немесе зарядтау базасын тазалар алдында оны электр желісінен ажыратыңыз. Аспапты әлі де суымаған қүлді, жоңқаларды, тұқылдарды, сіріңкелерді, сұйықтықтарды (мысалы, кілемдерге арналған көбік), өткір заттарды (жарықшақтарды және т.б.) жинау үшін қолдануға тыйым салынады. Соратын саңылауды өзіңізге жақындатпаңыз. Аспапты құрылыс қоқысын (ұсақ құм, ізбес, цемент) және принтерге арналған тонерді жинау үшін қолданбаңыз, өйткені бұл аспаптың сынуына алып келуі мүмкін.
Ақаулықтарды іздеу және жою
| Ақаулық | Ықтимал себебі | Жою |
| Аспап жұмыс жасамайды. | Аккумулятор толықтай разрядтанған. | Аккумуляторды зарядтаңыз. |
| Қол сорғысы дұрыс орнатылмаған. | Қол сорғысын дұрыс жалғаңыз. | |
| Сору қуаты төмен. | Шаң жинағыш толып қалған. | Шаң жинағышты тазалаңыз. |
| сүзгісі бітелген. | сүзгісін тазалаңыз немесе ұыстырыңыз. | |
| Ауа беретін түтік немесе айналып тұратын щетка бітелген. | Турбощетканы тазалаңыз. | |
| Аспап зарядталмайды. | Аккумулятор розеткаға қосылмаған. | Аккумуляторды розеткаға жалғаңыз. |
| Аккумулятор шаңсорғыш ұстағышындағы ағытпаға жалғанбаған. | Аккумуляторды шаңсорғыш ұстағышына жалғаңыз. | |
| Қол сорғысы орнатылмаған. | Қол сорғысын орнатыңыз. | |
| Зарядтағаннан кейін шаңсорғыш өте қысқа ұақыт жұмыс жасайды. | Шаңсорғыш жеткілікті ұзақ зарядталмаған. | Аккумуляторды нұсқаулыққа сәйкес зарядтаңыз. |
| Аккумулятор өзінің ресурсін тауыскан. | Аккумуляторды ауыстырыңыз. |
Қоршаған орта

Бұйым тұрмыстық қалдық ретінде жойылмауы тиіс. Оны одан әрі кәдеге жарату үшін оны электронды және электрлік жабдықтардың тиісті орындарына тапсырған жөн. Бұйымды кәдеге жарату ережелерін сақтау арқылы қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына зиян
келтірудің алдын ала аласыз.
Бұл аспап Электрлік және электронды жабдықтардың қалдықтарын қолдану туралы 2012/19/EU еуропа деректемесіне сәйкес таңбаланған (WEEE). Осы деректеме ЕО барлық елдерінде қолданылатын электрлік және электронды жабдықтардың қалдықтарын жинау және кәдеге жарату бойынша талаптарды анықтайды.
Кепілдік және сервис
Ақаулар туындаған кезде авторлық құқығы бар сервис орталығына хабарласыңыз. Авторлық сервис орталықтарының тізімін «Кепілді міндеттемелер» кітапшасынан және www. Hisense.com сайтынан таба аласыз.
Ескертпе: Аккумулятор кепілдігі 12 ай.
Тек тұрмыста қолдануға арналған!
Қауіпсіздік мақсатында аспаптың кейбір бөліктері жеке-жеке қапталған және негізгі қаптамаға салынған. Алғаш қолданар алдында құрастыру және қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен мұқият танысып шығыңыз. Аспап үй жағдайында құрғақ тазалауға арналған.

КОМПОНЕНТТЕР
1 Козғалтқышы, аккумуляторы және шаң жинағышы бар корпус 2 Соратын шланг 3 Еденге арналған электр жетегі бар щетка 4 1-гі 2 кондырмасы 5 Ұзын жінішке кондырма 6 Қабырға кронштейні 7 Адаптер

ҚҰРАСТЫРУ
Аккумуляторды қозғалтқыш корпусына салыңыз. // Шлангтың жоғарғы бөлігін қозғалтқыш блогына, ал төменгі бөлігін еденге арналған щеткаға жалғаңыз. Егер құрылғы саңылауларға тығыз салынған болса (қай баптауды қолданатыныңызға қарамастан, сәл ғана сырт еткен дыбысты естисіз), құрастыру дұрыс орындалған.
Жиынтықта өлшемі кішкене екі кондырманы орнатуға болатын зарядтау станциясы жеткізіледі. Құрастыру жөніндегі ұсынылған графикалық нұсқауларды орындаңыз. // Шаңсорғышты жылу көздерінен кемінде 1 м қашықтыққа орнатыңыз. // Аспап пішіміне байланысты тұрақты болып табылмайды.

ҚОЛДАНУ
Щеткалар мен кондырмалар шлангқа да, қозғалтқыш блогына да сай келеді. // Щеткалар мен кондырмалардағы батырмаларды басу арқылы оларды түрлі қолданыстар үшін тез өзгерте аласыз: Егер щетканы немесе кондырманы орнату кезінде қысқа сырт еткен дыбысты естісеңіз, олар дұрыс орнатылған.
– Еденге арналған щетка барлық беттерді (еден бетін шаңсорғышпен құрғақ тазалау) тазалау үшін қолданылады. Шаңсорғышты түгі қалың кілемдерді тазалау үшін қолданбаңыз, әйтпесе түк щетканың шығыршықтарына оралып қалуы мүмкін, бұл шаңсорғыштың бұзылуына алып келеді. – Жінішке кондырма тар қатынау қиын жерлерді (бұрыштар, дивандар, өрмекші, радиатордың артын ...) тазалауға арналған. – Қылдары бар кондырма (жиектемелерге, жылжымалы жәшіктерге арналған...). Қылдары бар кондырманы тартып, бұраңыз.

ЗАРЯДТАУ
Шаңсорғышты жылу көздерінен кемінде 1м қашықтықта зарядтаңыз. // Құрылғыны зарядтау кезінде қосу мүмкін емес.
Жеткізу жиынтығына шаңсорғышқа арналған зарядтау кабелі бар адаптер кіреді. // Шаңсорғыштың аккумулятор батареясындағы батырманы басу арқылы батареяны қауіпсіз ала аласыз, сондай-ақ оны шаңсорғыштан бөлек те зарядтауға болады. // Зарядтау кезінде дисплейде батарея зарядының пайызы көрсетіледі.

ПАЙДАЛАНУ
Дисплейде түрлі функциялар көрсетіледі:
- Аспаптың батарея зарядының сандық индикаторы бар. Сандық дисплейде қолдану немесе зарядтау кезінде батарея заряды көрсетіледі.
- Үсті сызылған шығыршық символы щеткаға бөгде зат тұрып қалған кезде жанады. Осы белгі жанған кезде бөгде затты алып тастаңыз.
- Жылдамдықты таңдау кезінде дисплейде батареяның разрядтануына қанша уақыт қалғаны көрсетіледі. // Екі жылдамдықтың біреуін таңдай аласыз: MAX (10 мин дейін), AUTO (50 мин дейін).
- Қосу/өшіру батырмасы

Егер аспапты ауыстыруды қаласаңыз немесе аспап бұдан былай қажет болмаса, қоршаған ортаны қорғау туралы ойланған жөн.
Шаңсорғышты кәдеге жаратпас бұрын аккумулятор батареясын ағытып алу қажет. // Аккумулятор батареясын қауіпсіз алу үшін оның толықтай разрядталғанына көз жеткізіңіз. Егер аспапта алмалы-салмалы аккумулятор батареясы болмаса, суреттемелері бар жадынамада берілген нұсқауларды орындаңыз.

Шлангты қозғалтқыш блогынан ажыратыңыз. // Шаң жинағышты тазалау үшін шаң жинағыштың бүйір бетіндегі батырманы басыңыз. // Шаңсорғыштың төменгі бөлігі ашылады. Енді контейнердегі шаңды тазалай аласыз. // Шаң жинағышты қозғалтқыш блогынан алу кезінде контейнерді құлатып, зақымдап алмау үшін сақ болыңыз. // Контейнердің алдыңғы бетін басыңыз. // Суретте көрсетілгендей шаң жинағышты қисайтып, көтеріңіз. // Сүзгі мен сүзгі жиектемесін шаң жинағыштан алып, оларды шаңнан тазалаңыз. // Контейнерді, түтікті және сүзгіні сүртуге, сілкуге немесе жылы сумен жууға болады. Сақ болыңыз, дұрыс қолданбау шаңсорғыш бөлшектерін зақымдауы мүмкін. // Контейнерді орнына орнатпас бұрын бөлшектердің барлығының толықтай кепкеніне көз жеткізіңіз. // Шаң жинағыштың ішкі компоненттерін орнату үшін құрастыруды кері тәртіппен орындаңыз. // Шаң сүзгісі орнатылмаған шаңсорғышты қолданбаңыз.
2 Сүзгіні ауыстыру
Егер сүзгінің бүлінгенін байқасаңыз, оны тез арада ауыстырыңыз. Аспапты жүйелі түрде қолдану кезінде шаңсорғыштың қызмет ету мерзімін ұзарту үшін сүзгіні әр 6 ай сайын ауыстыруды ұсынамыз.
Бекіткішті босату үшін щетканың бүйір бетіндегі батырманы басыңыз, щетканы корпустан алыңыз және корпустың төменгі бөлігін матамен сүртіңіз. Щетканың сору шлангісін тазалаңыз. Щеткадағы шығыршықты сілкіп, щеткаға жиналып қалған шаш пен басқа да ластарды қайшымен мұқият кесіп тастаңыз. Қылдарды зақымдап алмау үшін жиналып қалған шаштан және басқа да қоқыстан ұстап тартпаңыз. Шығыршықты ауыстыру кезінде шығыршыққа бекітілген пластик бөлшектен тартып, жаңа шығыршықты орнатыңыз. // Шығыршықты кейін қарай щеткаға орнатыңыз. // Егер шығыршықты орнату кезінде сырт еткен дыбыс естілсе және бүйір бекіткіш щетканың корпусын сенімді ұстап тұрса, ол дұрыс орнатылған.