The Inca Smart C - сорғыш FABER - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз The Inca Smart C FABER PDF форматында.
| Өнім түрі | Сәндік сорғыш |
| Бренд | Faber |
| Модель | The Inca Smart C |
| Ені | 90 см |
| Тереңдігі | 50 см |
| Биіктігі | 60 см |
| Салмағы | 15 кг |
| Қуат көзі | 220-240 В ~ 50 Гц |
| Қозғалтқыш қуаты | 200 Вт |
| Макс шу деңгейі | 65 дБ(А) |
| Макс ауа шығыны | 650 м³/сағ |
| Жарықтандыру | ЖШД 2 x 3 Вт |
| Май сүзгісі | Жууға болатын алюминий |
| Көмір сүзгісі | Қосымша, қайта зарядталатын |
| Басқару | Сенсорлық панель |
| Энергия тиімділігі класы | A |
| Орнату | Кіріктірілетін немесе аспалы |
| Күтім | Сүзгілерді 2 ай сайын тазалау |
| Қауіпсіздік | Қызып кеткенде автоматты өшіру |
| Қосалқы бөлшектер | faber.fr сайтында қолжетімді |
| Жөндеу мүмкіндігі | Жөндеу көрсеткіші 8,5/10 |
| Кепілдік | 2 жыл |
Жиі қойылатын сұрақтар - The Inca Smart C FABER
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы The Inca Smart C FABER
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз сорғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз The Inca Smart C - FABER және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. The Inca Smart C брендінің FABER.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ The Inca Smart C FABER
KK ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ....101
① Өз қауіпсіздігіңіз үшін және құрылғыны дұрыс пайдалану үшін, оны орнатудың және пайдаланудың алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны көшірген немесе сатқан жағдайда да, осы нұсқаулықтарды әрқашан құрылғымен бірге сақтаңыз. Пайдаланушылар құрылғыны пайдалану талаптары және қауіпсіздігі туралы өте жақсы дәрежеде хабардар болуы тиіс.

Сымдарды мамандандырылған техник қосуы тиіс.
- Қате немесе тиісті емес түрде орнату нәтижесінде туындаған кез келген зақымға өндіруші жауапты болмайды.
- Тамақ пісірушінің басы мен түтін сорғышқа дейінгі арақашықтық – 650 мм (кейбір үлгілері төменірек орнатылуы мүмкін, өлшемдер мен орнату туралы мәліметтерді тиісті бөлімдерден оқыңыз).
- Газ құрылғысын орнату жөніндегі нұсқаулықтарда ұзақ қашықтық көрсетілген болса, ол қашықтық сақталуы тиіс.
- Сыртқы қуат көзінің кернеуі түтін сорғыштың ішкі жағына бекітілген техникалық мәліметтер тақтасындағы көрсеткіштермен сәйкес болуын қадағалаңыз.
- Сөндіру құралдары, электр сымдар жүйесін құру ережелеріне сәйкес бекітілген сымдар жүйесінің бөлігі болуы тиіс. • 1-сынып құрылғылары үшін үйдегі қуат көзі жерге тұйықтауды тиісті түрде қамтамасыз ететінін тексеріңіз.
- Сорып алу құрылғысын 120 мм-лік ең аз диаметрге не құбыр арқылы сорып алу арнасымен біріктіріңіз. Арна төсеу жолы барынша қысқа болуы тиіс.
- Ауаны сорып алуға қатысты талаптарды ұстану керек.
- Сорып алу құрылғысын отын жануынан пайда болған түтіндерді (қазандар, каминдер) өткізетін түтіндіктерге жалғамаңыз.
- Сорып алу құрылғысы электр қуатын қолданбайтын құрылғылармен (мысалы, газды жағатын құрылғылар) бірге пайдаланылса, пайдаланылған газдардың бөлмеге қайта тартылмауын болдырмау үшін сол бөлмеде тиісті желдету болуы тиіс. Плита сүзгісі, электрден басқа энергиямен жұмыс істейтін құрылғылармен іргелес қолданылған кезде, түтін плита сүзгісінен кері кіруін болдырмау үшін, бөлмедегі теріс қысым 0,04 мбар-дан аспауы тиіс.
- Ауа, газдан немесе басқа отын түрлерінен қуат алатын құрылғылардан шығатын
түтінді сорып алуға арналған арнаға кірмеуі тиіс.
- Куат сымы зақымдалса, өндірушіден немесе сервистік ұйымнан ұсынылған сыммен ауыстырылуы тиіс.
- Ашаны қолданыстағы ережелерге сәйкес қолжетімді жердегі розеткаға қосыңыз. • Түтінді бұру үшін сақталуы тиісті техникалық шаралар мен қауіпсіздік шараларына келер болсақ, жергілікті органдар тарапынан белгіленген ережелерді мұқият сақтау маңызды.

ЕСКЕРТУ: Сорып алу құрылғысын орнатпас бұрын, қорғаныш үлдірлерін алып тастаңыз.
- Сорып алу құрылғысын бекіту үшін бұрамалар мен шағын бөлшектерді ғана қолданыңыз.

ЕСКЕРТУ: Бұрамаларды немесе бекіткіш бөлшектерді дұрыс орнатпаудың салдарынан электр тогының соғу қаупі төнуі мүмкін.
- Оптикалық құрылғылар (дүрбі, үлғайтқыш шыны...) арқылы жарыққа тура қарамаңыз.
- Жанып тұрған отпен дайындалатын тағамдарды сорып алу құрылғысының астында пісірмеңіз; өртену қаупі бар. • 8 жасқа толмаған балалар және физикалық, сезу немесе ақыл-ой қабілеті төмен немесе
тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз болып табылатын адамдар құрылғыны бақылаумен немесе қадағалаумен қауіпсіз тәсілмен қолданып, ілеспелі қауіп-қатерді түсінсе, оларға құрылғыны қолдануға рұқсат беріледі. Балаларға құрылғымен ойнауға тыйым салынады. Балалар құрылғыны қараусыз тазартпауы және оған қызмет көрсетпеуі тиіс.
- Балалар құрылғымен ойнамауын қамтамасыз ету үшін оларды бақылап отыру керек.
- Құрылғыны физикалық, сезу немесе ақыл-ой қабілеті төмен адамдар немесе кеңес нұсқау берілмеген болса, тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар (балалар) пайдаланбауы тиіс.

Қол жететін бөліктер пісіру құрылғыларымен бірге қолданған кезде ыстық болуы мүмкін.
- Сүзгілерді көрсетілген уақыт кезеңінен кейін тазартыңыз және/немесе ауыстырыңыз (өртену қаупі). «Күтім көрсету және тазарту» тармағын қараңыз.
- Сорып алу құрылғысы газдан немесе отынның басқа түрлерінен қуат алатын құрылғылармен бірге жұмыс істейтін орынжайда, тиісті желдету жүйесі қамтамасыз етілуі тиіс (ауаны қайтадан
орынжайға ысыратын құрылғыларға қатысты емес).
- Өнімдегі таңбасы бұл өнімді кәдімгі үй қоқысы ретінде тастауға болмайтынын білдіреді. Мұның орнына, қаптаманы электрлік және электрондық жабдықтарды қайта өңдеу үшін тиісті жинау орнына тапсыру керек. Бұл өнімді тиісті түрде тастау арқылы қоршаған ортаға және адам денсаулығына төнуі мүмкін теріс әсерлердің алдын аласыз, әйтпесе, өнімді дұрыс тастамаған кезде сол теріс әсерлерге себеп болуыңыз мүмкін. Осы өнімді тиісті түрде қайта өңдеу туралы егжей-тегжейлі мәлімет алу үшін қала әкімшілігіне, қоқыс тастау қызметіне немесе өнімді сатып алған дүкенге хабарласыңыз.
2. ПАЙДАЛАНУ
- Сорып алу құрылғысы ас үйдің иісін кетіру үшін тек үйде қолданылуға арналып жасалған.
- Сорып алу құрылғысын өзінің арнайы мақсаттары үшін ғана пайдалану қажет!
- Сорып алу құрылғысы жұмыс істеп тұрғанда үлкен жалын отты пайдаланбаңыз!
- Газдың жану қарқындылығын үнемі бақылап отыру қажет. От табаның сыртына шығып кетпей, оның түбіне бағытталуы тиіс.
- Жайпақ қуыруға арналған табаларды пайдалану кезінде үнемі бақылау қажет: май шамадан артық қызып кетсе, өртке ұласып кетуі мүмкін!
3. КҮТІМ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ТАЗАРТУ
- Белсендірілген көмір сүзгілері. Бұл сүзгілерді жууға болмайды әрі оларды қалпына келтіру мүмкін емес, сондықтан оларды 4 айда бір рет немесе көп пайдаланылған кезде одан да жиі ауыстырып отыру қажет (W).

- Тұрақты жұмыс істеп жүрген кезде сүзгілерді 2 ай сайын, ал өте ауыр немесе жиі пайдаланылғанда одан да жиі ауыстырып отырыңыз, оны ыдыс жуғыш машинада жууға болады (Z).

- Сорып алу құрылғысын дымқыл шуберекпен нейтрал тазартқыш затты пайдаланып тазалау керек.
| LЖарык Жарыктык жуйесын косужәне сөндіру. | |
| VЖылдамдык Экстактордың жумысжылдамдығын орнатады:0. Моторды сөндіру.1 Аласа жылдамдықжеңіл бу болғандаүздіксіз және ақырынауа алмасу үшінқолданылады.2 Орташа жылдамдықшу және ауа алмасужумыс шаруасы/шудәрежесін басқаруушін арналған.3 Максимал жылдамдықұзак ұақыттатамақ даярлаудағыбуынды жою үшінқолданылады. |
5. ЖАРЫҚТАНДЫРУ ҚҰРАЛЫ

| Шам | Куат (Вт) | Цоколь түрі | Кернеуі (В) | Көлемі (ММ) | Халықаралық шамдарды кодтау жүйесі |
| 4 | E14 | 220 – 240 | 107 x 37 | DRBB/F-4-220-240-E14-35/100 |