W WC51201 - тоңазытқыш WHIRLPOOL - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз W WC51201 WHIRLPOOL PDF форматында.
| Өнім түрі | Тоңазытқыш |
| Бренд | Whirlpool |
| Модель | W WC51201 |
| Биіктігі (см) | 180 |
| Ені (см) | 60 |
| Тереңдігі (см) | 65 |
| Нетто салмағы (кг) | 60 |
| Қоректену | 220-240 V, 50 Hz |
| Энергия класы | E (ескі шкала) |
| Жылдық тұтыну (кВт·сағ) | 250 |
| Тоңазытқыштың жалпы сыйымдылығы (л) | 250 |
| Мұздатқыштың жалпы сыйымдылығы (л) | 70 |
| Шу деңгейі (дБ) | 39 |
| Суық түрі | Желдетілетін (No Frost) |
| Жібіту | Автоматты |
| Негізгі функциялар | Тоңазыту, мұздату, LED жарықтандыру, шыны сөрелер |
| Күтім және тазалау | Ішін сабынды сумен тазалау; абразивті өнімдерді пайдаланбау |
| Қауіпсіздік | Балалар құлпы (модельге байланысты), есік ашық ескертуі |
| Бөлшектер және жөндеу мүмкіндігі | Жөндеу көрсеткіші: 7.2/10; бөлшектер бар (қозғалтқыш, термостат, тығыздағыштар) |
| Кепілдік | 2 жыл |
Жиі қойылатын сұрақтар - W WC51201 WHIRLPOOL
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы W WC51201 WHIRLPOOL
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз тоңазытқыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз W WC51201 - WHIRLPOOL және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. W WC51201 брендінің WHIRLPOOL.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ W WC51201 WHIRLPOOL
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ
IT Italiano, 4
EN English, 17
FR Français, 29
ES Español, 42
DE Deutsch, 55
RU Русский, 68
KZ Қазақша, 81
NL Nederlands, 94
PT Português, 107
Мазмұны
Сипаттамасы, 82
Ескертулер
Техникалық сипаттама
Орнату, 87
Орналасуы және желіге қосылуы
Техникалық ақпарат
Өнім сипаттамасы, 88
Ішкі бөліктер
Баскару панелі
Бөтелкелерді сақтау орны
Температураны қолдан реттеу
Ағаш сөрелерді шығару
Шараптың мінсіз температуралар кестесі
Шарап бөтелкелерін сақтау, 91
Бөтелкелерді сақтау тәсілі
Техникалық қызмет көрсету және ақауларды шешу, 92
Күтім және техникалық қызмет көрсету
Ақауларды шешу
Көмек, 93
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ОҚЫП ШЫҒУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ МАҢЫЗДЫ
Құрылғыны пайдаланбас бұрын осы нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Оларды болашақта қарау үшін сақтап қойыңыз.
Бұл нұсқаулар мен құрал барлық уақытта ұстану қажет маңызды қауіпсіздік ескертулерін қамтамасыз етеді. Өндіруші осы қауіпсіздік нұсқауларын ұстанбау, құралды дұрыс пайдаланбау немесе басқару параметрлерін дұрыс орнатпау нәтижесінде туындаған ақаулық үшін жауапты емес.
⚠️ Кішкентай сәбилерді (0-3 жастағы) құрылғыға жақындатпау керек. Үнемі бақылау болмаса, жас балаларды (3-8 жастағы) құрылғыға жақындатпау керек.
8 жас және одан үлкен жастағы балалар және физикалық, сезімдік немесе рухани мүмкіншіліктері жеткіліксіз немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз тұлғалар құрылғыны тек басқару бойынша арнайы қауіпсіз пайдалану нұсқаулары берілгеннен кейін пайдалана алады. Балалар құрылғымен ойнамауы тиіс. Егер қасында жетекшілік ететін ересек адам болмаса, балалардың тазалау және жөндеу жұмыстарын орындауына болмайды. 3 пен 8 жас аралығындағы балаларға тоңазытқыш құрылғысына азық-түліктерді салып, алуға рұқсат етіледі.
РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ПАЙДАЛАНУ
⚠️ АБАЙЛАҢЫЗ: Бұл құрылғы сыртқы таймер немесе бөлек қашықтан басқару құралы сияқты алмастыру қондырғысымен пайдаланылуға арналмаған.
⚠️ Бұл құрылғы тұрмыстық және сол сияқты қолданыстарда
пайдаланылуға арналған, мысалы: дүкендердегі, кеңселер мен жұмыс орталарындағы қызметкерлерге арналған асхана аумақтары; шаруашылық ғимараттары; қонақ үйлердің, мотельдердің, шағын мейманханалардың және басқа тұрғын жайлардың клиенттерінің пайдалануы.
⚠️ Бұл құрылғы кәсіптік мақсатта пайдалануға арналмаған. Бұл құрылғыны сыртта пайдаланбаңыз.
⚠️ Құрылғы ішінде пайдаланылған шам тұрмыстық техника үшін арнайы жасақталған және үй ішіндегі жалпы бөлме жарықтандыру үшін жарамсыз болып табылады (244/2009 ЕО ережесі).
⚠️ Құрылғы, техникалық төлқұжатта берілген климат класына сәйкес, сыртқы температура келесі ауқымдарда болатын жерлерде жұмыс істеу үшін құрастырып шығарылған.
Құрылғы көрсетілген ауқымнан тыс температурада ұзақ уақытқа қалдырылған кезде, дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Қоршаған орта температуралардың климаттық тобы:
SN: 10 °C және 32 °C аралығы; ST: 16 °C және 38 °C аралығы; N: 16 °C және 32 °C аралығы; T: 16 °C және 43 °C аралығы;
⚠️ Бұл құрылғы құрамында фреон жоқ. Салқындатқыш құрамында R600а (НС) бар. Құрамында изобутан (R600а) бар құрылғылар: изобутан - қоршаған орта үшін қауіпсіз болып табылатын, бірақ жанғыш табиғи газ.
Сондықтан, хладагент тізбегінің құбырларын зақымдалудан
қорғаңыз, әсіресе хладагент тізбегін ағызу барысында.
⚠️ ЕСКЕРТУ: Құрылғыдағы хладагент тізбегінің құбырларын зақымдап алмаңыз.
⚠️ ЕСКЕРТУ: Құрылғы корпусындағы немесе кірістірілген құрылымдағы желдету саңылауларын кедергісіз ашық қалдырыңыз.
⚠️ ЕСКЕРТУ: Еріту процесін жылдамдату үшін өндіруші ұсынғаннан басқа механикалық, электрлік не химиялық құралдарды пайдаланбаңыз.
⚠️ ЕСКЕРТУ: Электрлік құрылғылар Өндіруші арнайы рұқсат бермеген түрге жатса, оларды пайдаланбаңыз немесе құрылғы бөлімдерінің ішіне орналастырмаңыз.
⚠️ ЕСКЕРТУ: Су көздеріне тікелей қосылмаған мұздатқыштар және/ немесе су диспенсерлері тек ауыз сумен толтырылуы керек.
⚠️ Құрылғының ішінде немесе жанында аэрозоль қауашақтары сияқты жарылғыш заттарды сақтамаңыз және бензинді немесе басқа да жанғыш заттарды қоймаңыз немесе пайдаланбаңыз.
⚠️ Мұз пакеттерінің (кейбір үлгілерде кездеседі) ішіндегісін (уытты емес) жұтпаңыз. Мұз текшелері немесе жеміс мұзы суық күйіктерін тудыра алатындықтан, оларды мұздатқыштан алған соң бірден аузыңызға салмаңыз.
⚠️ Қолжетімді желдеткіш қақпағының ішінде ауа сүзгісін пайдалану үшін жасақталған өнімдер үшін, тоңазытқыш жұмыс істеген кезде сүзгі әрқашан орнында болуы керек.
⚠️ Шыны контейнерлерді мұздатқыш бөлімде сақтамаңыз, себебі олар сынып кетуі мүмкін. Тамақты желдеткішке (бар болса) кедергі келтірмейтіндей етіп қойыңыз.
Азық-түліктерді орналастырған соң, бөлімдердің есіктері, әсіресе мұздатқыш бөлімнің есігі дұрыс жабылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
⚠️ Зақымдалған аралық тығыздағыш мүмкіндігінше дереу ауыстырылуы керек.
⚠️ Бұл құрылғы шарап сақтау бөлімінде шарап сақтауға, тоңазыту режимін қолданып тартпада балғын өнімдерді сақтауға, мұздатылған өнімдерді сақтауға, балғын өнімдерді мұздатуға және мұздату режимін қолданып тартпада мұз текшелерін жасауға арналған. Бөтелкелерді қаптамасыз, ыдысысыз және тоғанағысыз сақтаңыз. Шарап сақтайтын бөлімнің сыйымдылығы шарап бөтелкелерін сақтау туралы сипатталған тарауда көрсетілген.
⚠️ Қапталмаған тағамды тоңазытқыш не мұздатқыш бөлімдерінің ішкі беттеріне тікелей тигізіп сақтамаңыз. Құрылғылардың арнайы бөлімдері болуы мүмкін (Жаңа піскен тағам бөлімі, нөл градустық жәшік,...). Өнімге арналған кітапшада басқаша көрсетілмесе, баламалы функцияларын сақтай отырып, оларды алып тастауға болады.
⚠️ С-пентан оқшаулағыш көбікпен көбіктендіретін агент ретінде пайдаланылады және жанғыш газ болып табылады.
Тартпаның әртүрлі бөліктерінде әртүрлі температураларды қамтамасыз ете отырып, белгілі бір типтегі азық-түліктерді сақтауға жарамды ең жақсы бөлім төмендегідей:
- Тоңазыту режимі:
1) Тоңазытқыш бөлімінің үстіңгі жағы - температуралық аймақ: Мұнда тропикалық жемістерді, қалбырларды, сусындарды, жұмыртқаларды, тұздықтарды, тұздалған азық-түліктерді, майлар мен тосаптарды сақтаңыз
2) Тоңазытқыш бөлімінің ортаңғы аймағы - салқындату аймағы: Мұнда ірімшік, сүт, сүт өнімдерін, дүкен өнімдерін, йогурттарды сақтаңыз
3) Тоңазытқыш бөлімінің астыңғы бөлімі - ең суық аймақ: Мұнда ет тілімдерін, десерттер, ет пен балық, чизкейктер, жаңа пісірілген паста, қаймақ, песто/сальса тұздықтары, үйде әзірленген тағамдар, кондитерлік кілегейлер, пудинг пен кілегейлі ірімшіктерді сақтаңыз
4) Тоңазытқыш бөлімнің түбі: Мұнда жемістер мен көкөністерді сақтаңыз (тропикалық жемістерден басқа)
- Мұздату режимі: Дүкеннен сатып алынған мұздатылған өнімдердің орамасында жарамдылық мерзімі көрсетіліп тұрады. Мұндай жарамдылық мерзімі сақталатын өнімнің түрін ескеретіндіктен, ол өнімді сол мерзімге сай сақтау аса маңызды. Балғын өнімдерді төмендегідей уақыт ішінде сақтаған жөн: Ірімшік, ұлулар, балмұздақ, ветчина/ шұжық, сүт, балғын сұйықтықтарды
- 1-3 ай; Стейк немесе жаншылған еттер (сиыр еті, қой еті, шошқа еті)
- 4 ай; Май немесе маргарин, құс еті (тауық еті, күркетауық еті) - 6 ай; Жемістер (цитрустардан өзге), қуырылған ет (сиыр еті, шошқа еті, қой еті) - 8-12 ай. Азық-түліктердің орамаларында көрсетілген жарамдылық мерзімдері сақталуы керек.
Азық-түліктер бұзылып кетпес үшін, төмендегі нұсқауларды орындаңыз:
- Есікті ұзақ уақытқа ашып қоятын болса, құрылғы бөліктеріндегі температура айтарлықтай көтерілуі мүмкін.
- Азық-түлікпен және қолжетімді жерде орналасқан су ағызу жүйелерімен жанасуы мүмкін беттерді жиі тазалап тұрыңыз.
- Су толтыратын сыйымдылықтар 48 сағат ішінде пайдаланылмаған болса, оларды тазалаңыз; егер соңғы 5 күн ішінде су пайдаланылмаған болса, су құбырына жалғанған сумен қамту жүйесін жуып жіберіңіз.
- Шикі ет пен балық өзге азық-түліктерге тиіп және тамып кетпеуі үшін, оларды қолайлы контейнерлерге салып сақтаңыз.
- Мұздатылған өнімдер сақтайтын екі жұлдызды бөліктерде алдын ала мұздатылған өнімдерді сақтауға, балмұздақ пен мұз текшелерін жасап, сақтауға болады.
- Балғын өнімдерді бір, екі немесе үш жұлдызды бөліктерге салып мұздатпаңыз.
- Егер тоңазытқыш құрылғы ұзақ уақытқа бос қалдырылған болса, оны өшіріңіз де, ерітіп, тазалап, құрғатыңыз, құрылғы іші көгеріп кетпес үшін есігін ашық қалдырыңыз.
⚠️ Құрылғыны екі не одан көп адам тасуы және орнатуы керек
- жарақат алу қатері. Қорабынан шығарып, орнату үшін қолғап киіңіз - қолыңызды кесіп алу қатері.
⚠️ Орнатуды, соның ішінде сумен жабдықтауды (егер болса) және электр сымдарын жалғауды білікті техник маман жүзеге асыруы керек. Құрылғыны ешбір бөлігін жөндеуге немесе ауыстыруға болмайды, егер пайдаланушы нұсқаулығында солай деп жазылмаса.
Құрылғы орнатылатын жерге балаларды жақындатпаңыз.
Құрылғыны орамнан шығарған
соң, оның тасымалдау барысында зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Ақаулық орын алса, дилерге немесе маңайдағы тұтынушыға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Орнатылғаннан кейін орауыштың қалдықтарын (пластик, көбікті полистирол т.с.с.) балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек - тұншығып қалу қатері. Кез келген орнату жұмысының алдында құрылғыны қуат көзінен ажырату қажет - электр тоғы соғу қатері. Орнату барысында құрылғының қуат сымына нұқсан келтірмейтіндігіне көз жеткізіңіз - өрт шығуы немесе электр тоғы соғу қатері. Құрылғыны тек орнату жұмысы аяқталған соң ғана іске қосыңыз.
⚠️ Құрылғыны жылжытқан кезде, есіктерін (мысалы, паркет) зақымдап алудан сақ болыңыз. Құрылғының салмағын ұстау үшін еденге немесе жеткілікті қолдау көрсететін орынға және өлшемі мен қолданысы үшін жарамды жерге орнатыңыз және деңгейлетіңіз. Құрылғының жылу көзінің жанына орнатылмағандығына және орнату барысында төрт аяғының мықты және еденге тиіп тұрғанына көз жеткізіңіз, қажет болса оларды реттеп, деңгейді өлшеу құралымен құрылғының түзу тұрғанына көз жеткізіңіз. Хладагент тізбегі толығымен жұмыс істеуге қабілетті екендігіне көз жеткізу үшін құрылғыны қоспас бұрын кемінде екі сағат күтіңіз.
⚠️ ЕСКЕРТУ: Құрылғыны орнатқан кезде, қуат сымының тұйықталмағанына немесе бүлінбегеніне көз жеткізіңіз.
⚠️ ЕСКЕРТУ: Өнімнің тұрақсыздығынан орын алатын қауіпті болдырмау үшін, құрылғыны орналастыру не бекіту жұмыстары өндіруші нұсқауларына сәйкес
орындалуы керек. Тоңазытқышты газ жанарғысының металл шлангі, газ немесе су металл құбыр желісі, электр сымдар жүйесі тоңазытқыштың артқы жағымен (жылан түтікпен) қақтығысып қалатын жолымен орнатуға тыйым салынады.
⚠️ Құрылғының жеткілікті желдетілуін қамтамасыз ету үшін, оның екі жағынан және үстінен орын қалдырыңыз. Ыстық беткейлерге қол жеткізбеу үшін құрылғының артқы жағы мен құрылғы артындағы қабырғаның арасындағы қашықтық 50 мм болуы тиіс. Көрсетілген аралықты азайту өнімнің қуат тұтыну көлемін арттырады.
ЭЛЕКТРЛІК ЕСКЕРТУЛЕР
⚠️ Құрылғының ашасына қол жеткізу мүмкін болған жағдайда, розеткадан суыру арқылы немесе электр сымдар жүйесі ережесімен ол розеткадан ажыратылуы қажет.
⚠️ Ұзартқыштарды, бірнеше розетканы немесе адаптерлерді пайдаланбаңыз. Электр құрамдастары орнатудан кейін пайдаланушы қатынаса алатындай болуы қажет. Аяғыңыз су болса немесе жалаң аяқ болсаңыз, құрылғыны пайдалануға болмайды. Құрылғының қуат сымы немесе ашасы бүлінген болса, дұрыс жұмыс істемесе немесе бұзылған немесе құлаған болса, оны пайдаланбаңыз.
⚠️ Егер сым зақымдалса, қауіпке жол бермеу үшін оны өндіруші, оның қызмет көрсету делдалы немесе сол сияқты білікті тұлғалар соған ұқсас сыммен алмастыруы тиіс - электр тоғының соғу қаупі.
⚠️ ЕСКЕРТУ: Құрылғының артқы жағына тасымал розеткаларды немесе тасымал ықшам қуат блоктарын қоймаңыз.
⚠️ ЕСКЕРТУ: Тазалау немесе техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізерден бұрын құрылғының өшіріліп, қуат көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз - электр тоғымен зақымдану қаупі бар; бумен тазалау жабдығын ешқашан пайдаланбаңыз - электр тоғымен зақымдану қаупі бар.
⚠️ Әйнек спрейлері, таратқыш құрамдар, жанатын сұйықтықтар, тазалағыш балауыздар, қоюлатылған тазартқыштар, ағартқыштар немесе мұнай өнімдерін қамтитын тазартқыштар сияқты қырғыш немесе қатты тазартқыштарды пластикалық бөліктеріне, ішкі бөлігіне және есік төсемелеріне немесе тығыздауыштарына қолданбаңыз. Қағаз сүлгілерді, тазалағыш губкаларды немесе басқа қырғыш тазалау құралдарын қолданбаңыз.
ОРАМ МАТЕРИАЛДАРЫН ТАСТАУ
Орам материалы 100% қайта өңделеді және ол қайта өңдеу таңбасымен белгіленген 📁.
Орамның әр түрлі бөліктері қоқысты тастауға рұқсат беретін жергілікті орган ережелеріне толығымен сәйкес және жауапкершілікпен өткізілуі қажет.
ПАЙДАЛАНЫЛЫП БОЛҒАН ТҰРМЫСТЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ҚОҚЫСҚА ТАСТАУ
Бұл құрылғы қайта өңделетін немесе қайта қолданбалы материалдардан жасалған. Оны жергілікті қалдықты тастау ережелеріне сәйкес қоқысқа тастаңыз. Тұрмыстық электр құрылғыларын қолдану, қалпына келтіру және қайта пайдалануға тапсыру бойынша қосымша ақпарат алу үшін құзыретті жергілікті билік органына, тұрмыстық қалдықтарды жинау қызметіне немесе құрылғы сатып алынған дүкенге хабарласыңыз. Бұл құрал электрлік және электрондық жабдықты қоқысқа тастау (WEEE) бойынша 2012/19/EU Еуропалық директивасына сай белгіленген.
Бұл өнімнен дұрыс арылу арқылы қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына теріс әсердің салдарының алдын алуға көмектесесіз. Құрылғыдағы немесе онымен берілген
құжаттамадағы белгісі бұл құрылғының үй қоқыстарымен бірге тасталмай, электрондық және электрлік құрылғыларды қоқысқа тастау ережесіне сай арнайы жинау орнына өткізу керектігін көрсетеді.
Жеткілікті желдетуді қамтамасыз ету үшін, орнату нұсқауларын орындаңыз. Өнімнің артындағы жеткіліксіз желдету қуат тұтынылуын арттырады және салқындату тиімділігін азайтады. Есіктің жиі ашылуы қуат тұтыну көлемінің артуына себеп болуы мүмкін. Құрылғының ішкі температураларына және қуат тұтыну көлеміне қоршаған орта температурасы, құрылғының орналасқан жері әсер етуі мүмкін. Температураны орнатқанда осы факторларды ескеру қажет. Есіктің ашылу жиілігін барынша азайтыңыз. Мұздатылған тағамды жібіткен кезде тоңазытқыштың ішіне қойыңыз. Мұздатылған өнімдердің төмен температурасы тоңазытқыш ішіндегі тағамды салқындатады. Жылы тағам мен сусындарды құрылғы ішіне салмас бұрын, оларға салқындауға мүмкіндік беріңіз.
Тоңазытқыштағы сөрелердің орналасуы қуаттың тиімді қолданылуына әсер етпейді. Тағам тиісті ауа айналымын қамтамасыз ету үшін сөрелерге қойылуы керек (тағамдар бір-біріне тимеуі керек және тағам мен артқы қабырға арасындағы қашықтық сақталуы керек). Мұздатылған тамақтың сақтау аумағын арттыру үшін себеттің және, егер бар болса, Аяз Тоқтату сөресін суырып алып тастаңыз.
Компрессордан шыққан шу қалыпты жұмыс істеу барысындағы шулар болып табылады.
Орнату
Орналастыру және токқа жалғау
Орамасынан шығару
- Қорғаныш және жабыстырғыш құралдарды абайлап алып, есікті ашып, барлық компоненттердің орнында тұрғанына көз жеткізіңіз.
- Қуат кабелін шығарыңыз.
Орналастыру
- Құрылғыны жақсы желдетілетін, құрғақ және бос бөлмеге орнатыңыз (қабырғасы жабық шкафтарды қолданбаңыз).
- Құрылғыны жылу көздерінен алыс ұстаңыз.
- Құрылғының мінсіз желдетілуін қамтамасыз ету үшін, құрылғы және құрылғы орналасқан бөлме қабырғалары арасындағы минималды қашықтықтың сақталғандығына көз жеткізіңіз.
Суретті қараңыз.

Тасымалдан кейін құрылғыны көлденеңінен қойып, оны сымдар жүйесіне қоспас бұрын, 3 сағаттай күтіңіз. Ашаны розеткаға салмас бұрын, мыналарды тексеріп алыңыз:
• розетка түйықталған әрі ол ережелерге сәйкес орындалған; • розетка техникалық деректер тізімінде немесе сол жақ төменгі тұстағы техникалық деректер тақтайшасында көрсетілген машинаға түсетін максимальды жүктемені көтере алады (құрылғы сипаттамасын қараңыз); • қуат көзінің кернеуі техникалық деректер тізімінде немесе сол жақ төменгі тұстағы техникалық деректер тақтайшасында көрсетілген диапазон арасында болады (құрылғы сипаттамасын қараңыз); • розетка құрылғының ашасымен үйлесімді. Олай болмаған жағдайда, розетканы немесе ашаны алмастырыңыз; ұзартқыштарды немесе бірнеше розетканы пайдаланбаңыз.


Бөтелкелерді сақтау орны
Сақтау бөлігінің негізгі функциясы сіз жинаған шараптардың оңтайлы ортада сақталатынына кепілдік беруге негізделген. Құрылғы температурасы зауытта көп жағдайда жоғары етіп орнатылған әрі үстіңгі бөлікте ол 15 °С-ты құрайды.
Шараптың табиғаты күрделі және ол ұзақ әрі жай жүретін процестен тұрады. Оның сипаттарын жақсырақ ашу үшін, ерекше жағдайда сақтауды қажет етеді. Барлық шараптар бірдей температурада сақталады, бірақ олардың сипаттамалары әртүрлі болғандықтан, олар әртүрлі температураларда беріледі әрі дәмі татылады (Шараптың мінсіз температурасы тізімін қараңыз).
Сондықтан, өндірушілер шарап сақтайтын қоймалар секілді, сіздің жаңа құрылғыңызда да шарапты сақтаудың абсолютті температура мәні орнатылмаған. Оған қарағанда, уақыт өтсе де тұрақты болып тұратын температура маңыздырақ. Шарапты сақтау мінсіз температурасы кез келген температура, бірақ бұл температура өзгермейді деген шартта.
Температураны қолдан реттеу
Егер сіз шарап қоймасын ашалы розеткаға қоссаңыз, дисплей оның ішінде температураны көрсетеді: ол 15 °С етіп орнатылған әрі құрылғыда тұрақты етіп қабылданған. Оны реттегіңіз келсе, төмендегі нұсқауларды орындаңыз:
- Егер сіз шарап қоймасын ашалы розеткаға қоссаңыз, дисплей орнатылған температураны көрсетеді
- батырмасын бір секунд басыңыз (Басқару панелін қараңыз). Температура жыпылықтай бастайды.
- Қажетті температураға жеткенше, + немесе - батырмаларын баса беріңіз
- Температура мәні жыпылықтауын тоқтату үшін, 5 секундтай күте тұрыңыз.
- Шарап қоймасына бөтелкелерді салмас бұрын, оның қажетті температураға жеткенін күтіңіз. Ішкі температура 24 °С-тан асып кеткенде, іштегі жарық қосылмайды (немесе уақытша өшеді). Бұл белгіленген температураға жылдам жетуге мүмкіндік береді.
Ағаш сөрелерді шығару
ЕСКЕРТУ: Ағаш сөрелер сырғымайды. Бөтелкелер жарылып кетпес үшін, қойма толып тұрғанда, оларды шығармаңыз. Қоймада бөтелкелер толып тұрмағанда ғана, оны тазалау үшін бөтелкелерді шығаруыңызға болады.
Шараптың мінсіз температуралар кестесі
Бұл кестеде шарапты даярлап беруге болатын шамамен температуралар көрсетілген. Егер қандай да бір шарапты қойма ішіндегі температурадан жоғары температурада ұсыну керек болса, оны ұсынбас бұрын сыртқа шығарып, сәл қоя тұрыңыз.
| Амароне 17°C | Күрғақ және тәттішымырлағыш шараптар | 6°C | |
| Барбареско 17°C | Вердичио ди Мателикани дей Кастелли ди Йеси | 8°C | |
| Бароло 17°C | Трентино Альто Адиджеденәкелінген ақ шараптар | 11°C | |
| Божоле 13°C Франчакорта ақ шараптары | 11°C | ||
| Сұйылтылған ақ Бордо 6°C | Күрғақ, хош иістендірілген ақшараптар | 10°C | |
| Жеңіл Ақ Бордо 8°C | Күрғақ, жасжәне жемісті ақ шараптар | 8°C | |
| Қызыл Бордо 17°C | Фриули Венеция Джулияжерінің ақ шараптары | 11°C | |
| Ақ Бургундия 11°C Родано шараптары | 15°C | ||
| Қызыл Бургундия 18°C | Луара жерінің жеңіл ақшараптары | 10°C | |
| Брунелло 17°C | Луара жерінің сұйылтылғаншараптары | 7°C | |
| Шампань 6°C | Луара жерінің қызылшараптары | 14°C | |
| Қьянти Классико | 16°C | Сұйылтылған Пасситошараптары | 8-18°C |
| Лангедок-Руссийон | 13°C | Қызғылт шараптар, жаңашараптар | 12°C |
| Пассито ди Пантеллерия | 6°C | Аздап танин қосылған жеңілқызыл шараптар | 14°C |
| Қызғылт Прованс | 12°C | Орта құрылымы барбіршама үылдыратындәмімен қызыл шараптары | 16°C |
Шарап бөтелкелердің қоры
24-бөтелке қоры (стандартты, аралас және "ренопа" бөтелкелері) көрінетін және оңай алынатын шараптарға арналған.

24 бөтелке (барлығы жатқан қалпында) 3 текшелері
Әр бөтелкені 3 ағаш текшелерінің саңылауына орналастырыңыз. Шарап қоймасының түбіне 6 бөтелке қоюға болады.
Біз Ренопа бөтелкелерін төменгі сөреге және шарап қоймасының түбіне қоюды ұсынамыз, себебі ол арнайы үлкен бөтелкелерді сақтауға арналған орын.
! Ағаш сөресі 22 бөтелкені қауіпсіз сақтай алады

Шампань бөтелкелердің қоры
Шампань бөтелкелері стандартты бөтелкелерден үлкенірек. Олар бес бөтелкеге дейін ұстай алатын шарап қоймасының түбіне орналастырылуы керек.

Егер сіз өз шарап қоймаңызға бестен көп Шампань бөтелкелерін сақтауды қаласаңыз, үшінші сөрені алып тастап, бөтелкелерді екі қатарға қойыңыз (төменгі қатардың арасына екінші қатардың бөтелкелерін салыңыз). Бұл жер тоғыз бөтелкеге дейін көтере алады.
Қордың кейбір конфигурациясы

28 бөтелке (барлығы жатқан қалпында)
Техникалық қызмет көрсету және ақауларды шешу
Күтім және техникалық қызмет көрсету
Шарап қоймасын ажырату
Шарап қоймасын тазалағанда және оған техникалық қызмет көрсеткенде, оны өшіріп қойыңыз.
Ақауларды шешу
Шарап қоймасының тиісті түрде жұмыс істемей тұрғанын аңғарсаңыз, қызмет көрсету орталығына хабарласпас бұрын, төмендегі тізіммен танысып шығыңыз.
| Мәселе Ыктимал себептері / шешімдер | |
| Компрессор жұмыс істемейді • Аша желі розеткасына қосылмаған немесе байланыс орнатылмаған. Немесе үйіңізде қуат ажыраған.• Розетка жұмыс істемей түр. Шарап қоймасын басқа желелік розеткаға қосып сынап көріңіз. | |
| Компрессор ешкашан тоқтамайды • Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз |
! Шарап қоймасында орындалатын кез келген жұмыс қызмет көрсету орталығының білікті маманымен жүргізілуі керек. ! Электр энергиясының дұрыс берілмеуі секілді қысқа уақыттық ақаулар шарапқа еш зиян келтірмейді. Ақау ұзақ уақыт сақталғанда ғана шарапқа зақым келуі мүмкін.
! Бұл құрылғы халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес жобаланған және жасалған. Қауіпсіздік себептері үшін төмендегі ескертулер беріледі және оларды мұқият оқып шығу қажет.
Бұл құрылғы төмендегі Еуропалық Одақ директиваларына сай келеді:
CE
- Төмен вольтты жабдықтар жөніндегі директива (LVD) 2014/35/EU
- Электромагниттік сәйкестік (EMC) директивасы 2014/30/EU
- RAEE Директивасы 2012/30/EU
Кәдеге жарату

- Қаптама материалдарынан қайта өңдеу мақсаттарында арылған кезде жергілікті қоршаған ортаны қорғау ережелерін ұстаныңыз.
- Электрлік және электрондық жабдықтардың қалдығы жөніндегі 2012/19/EU директивасы (WEEE 2 директивасы) ескі тұрмыстық электр құралдарының сұрыпталмаған жай тұрмыстық қалдықтармен бірге тасталмауы қажет екендігін талап етеді. Ескі құрылғылардың құрамындағы материалдардың қалпына келтірілуі мен қайта өңделуін оңтайландырып, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға келтіретін ықпалын азайту үшін оларды бөлек жинау қажет. Құрылғыдағы үстінен сызылған “дөңгелек қақпақты себет” таңбасы осы құрылғыдан арылған кезде оны бөлек жинау бойынша сіздің міндетіңізді есіңізге салады. Тұтынушылар ескі құрылғыдан дұрыс арылуға қатысты ақпарат алу үшін жергілікті уәкілетті органға немесе сатушыға хабарласуға тиіс.
Көмек
Көмек алу үшін қоңырау шалу алдында:
- Ақауды өзіңіздің түзете алатыныңызды тексеріңіз (Ақауларды анықтау тарауын қараңыз).
- Егер барлығын тексергеннен кейін құрылғы жұмыс істемесе немесе мәселе шешілмесе, жақын жердегі қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Байланыс:
- Ақау түрі • құрылғы үлгісі (үлгі)
- сериялық нөмірі (S/N)
Бұл ақпаратты тоңазытқыш бөлімнің сол жақ түбінде орналасқан деректер тақтайшасынан табуға болады.

ЗАТБЕЛГІ ҮЛГІСІ
Ешқашан рұқсаты жоқ техникалық мамандарға қоңырау шалмаңыз және түпнұсқалық емес қосалқы бөлшектерді тастаңыз.
DE Deutsch, 55
RU Русский, 68
KZ Казакша, 81
NL Nederlands, 94
PT Português, 107
Мазмұны
Функциялар, 95
Ескертулер
Деректер шолуы
Орнату, 100