P12SP - кондиционер LG - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз P12SP LG PDF форматында.
| Өнім түрі | Бөлшек ауа кондиционері (ішкі + сыртқы блок) |
| Модель | P12SP |
| Бренд | LG |
| Салқындату қуаты | 12000 BTU/сағ (шам. 3.5 кВт) |
| Жылыту қуаты | 12000 BTU/сағ (шам. 3.5 кВт) - Жылу сорғы үлгісі |
| Энергия тиімділігі класы | A++ (Салқындату) / A+ (Жылыту) |
| Ішкі блок өлшемдері (Е x Б x Т) | 998 x 345 x 210 мм |
| Сыртқы блок өлшемдері (Е x Б x Т) | 770 x 545 x 288 мм |
| Ішкі блок салмағы | 12 кг |
| Сыртқы блок салмағы | 32 кг |
| Салқындатқыш | R32 |
| Компрессор түрі | Цифрлық инвертор (DC) |
| Қуат көзі | 220-240 В ~ 50 Гц, 1 фаза |
| Жұмыс режимдері | Салқындату, Жылыту, Ылғалдылықты азайту, Желдеткіш, Авто |
| Ерекше мүмкіндіктер | Ұйқы режимі, 24 сағаттық таймер, Автоматты қайта іске қосу, Өзін-өзі диагностикалау |
| Ауа сүзгісі | Жуылатын ұсақ шаң сүзгісі (PE) |
| Шу деңгейі (Ішкі) | 30 дБ(А) (Төмен), 44 дБ(А) (Жоғары) |
| Шу деңгейі (Сыртқы) | 50 дБ(А) |
| Қашықтан басқару пульті | Сымсыз инфрақызыл (жиынтықта) |
| Техникалық қызмет көрсету | Ауа сүзгісін әр 2 апта сайын тазалаңыз; кәсіби қызмет көрсету жылына бір рет |
Жиі қойылатын сұрақтар - P12SP LG
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы P12SP LG
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз кондиционер PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз P12SP - LG және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. P12SP брендінің LG.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ P12SP LG
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ
АУА КОНДИЦИОНЕРІ

Құрылғыны пайдаланбас бұрын пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз және анықтама үшін оны әрқашан ыңғайлы жерде сақтаңыз.
Жабдық Техникалық Ережелер талаптарына сай келеді, электр немесе электронды жабдыққа белгілі бір қауіпті заттардың қолданылуы шектелген.
EAC
МАЗМҰНЫ
Бұл нұсқаулықта сатып алған үлгіден өзгеше кескіндер немесе мазмұн болуы мүмкін.
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары....3
ПАЙДАЛАНУ....11
Пайдалануға қатысты ескертпелер .... 11
Бөлшектер мен функциялар 11
Сымсыз қашықтан басқару құралы.....12
Ауа кондиционерін автоматты түрде қайта іске қосу ...... 17
«Jet Mode» функциясын пайдалану.... 19
Желдеткіш жылдамдығы функциясын пайдалану....20
Ауа ағынының бағыты функциясын пайдалану....20
Қосу/Өшіру таймерін орнату....21
Ұйқы функциясын пайдалану (Қосымша)......22
Кәдімгі таймер функциясын пайдалану (Қосымша) 22
Қуатты көрсету функциясын пайдалану (Қосымша)....23
Жарықты өшіру функциясын пайдалану (Қосымша)....23
Қолайлы ауа функциясын пайдалану (Қосымша).... 23
Қуатты үнемдеу функциясын пайдалану (Қосымша) 24
Қуатты бақылау функциясын пайдалану (Қосымша) 24
Арнайы функцияларды пайдалану....25
СМАРТ ФУНКЦИЯЛАР......28
LG ThinQ қолданбасы 28
Smart Diagnosis.... 30
Микро шаң, үштік және аллергиялық сүзгіні тазалаңыз (Қосымша)...... 34
АҚАУЛАРДЫ ЖОЮ....35
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
KK
Қауіпсіздік нұсқаулары өнімге қауіп тудыра отырып, пайдалану және дұрыс пайдаланбау салдарынан болатын қауіптер мен зақымдардың алдын алуға арналған. Нұсқаулар төменде сипатталғандай «АБАЙЛАҢЫЗ» және «ЕСКЕРТУ» болып бөлінеді.

Бұл таңба қауіп тудыратын жағдайлар мен жұмысты анықтау үшін көрсетіледі. Осындай таңбасы бар бөлімді мұқият оқып шығыңыз және қауіптің алдын алу үшін нұсқауларды орындаңыз.

АБАЙЛАҢЫЗ
Бұл нұсқаулар орындалмаған жағдайда ауыр жарақатқа немесе өлімге әкелуі мүмкін екенін білдіреді.

ЕСКЕРТУ
Бұл нұсқаулар орындалмаған жағдайда өнімнің аз деңгейде зақымдалуы мен бұзылуын білдіреді.
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары

АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғыны пайдаланған кезде жарылу, өрт, өлім, ток соғу, зақымдау немесе адамды күйдіру қауіпінің алдын алу үшін мыналарды қоса негізгі қауіпсіздік шараларын қолданыңыз:
Үйдегі балалар
Бұл құрылғы физикалық мүмкіндігі мен ақыл-есі шектеулі немесе құрылғыға қатысты тәжірибесі мен білімі аз адамдарды (балаларды қоса) олардың қауіпсіздігіне жауапты адам қадағаламаған кезде немесе құрылғыны пайдалануға қатысты нұсқаулар берілмеген кезде пайдалануға арналмаған. Балалардың құрылғымен ойнамауы қадағалануы қажет.
Орнату
- Ауа кондиционерін тұрақсыз бетке немесе құлап кету қаупі бар жерге орнатпаңыз.
- Ауа кондиционерін орнатқан немесе орнын ауыстырған кезде өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
- Басқару құралының панелі мен қақпағын қауіпсіз орынға орнатыңыз.
- Ауа кондиционерін тұтанғыш сұйықтар немесе бензин, пропан, бояу еріткіш сияқты заттар сақталған жерге орнатпаңыз.
- Ауа кондиционерін орнату кезінде ішкі және сыртқы құрылғыларды жалғайтын түтік пен қуат кабелінің қатты тартылып қалмауын тексеріңіз.
- Ауа кондиционерінің жұмыс режиміне сәйкес келетін стандартты ажыратқыш пен сақтандырғышты пайдаланыңыз.
- Жүйеге арнайы мұздатқыш агенттен басқа ауа немесе газ жібермеңіз.
- Агенттің ағуын және ауаның шығуын тексеру үшін тұтанбайтын газды (нитроген) пайдаланыңыз; қысылған ауаны пайдалану немесе тұтанғыш газ өрт немесе жарылыс тудыруы мүмкін.
•Ішкі/сыртқы сым қосылымдары қатты қысылуы керек және кабель қосатын терминалдардан тартылып тұрмайтындай етіп жүргізілуі керек. Дұрыс жалғанбау немесе байланыстың жоғалуы қызып кетуге немесе өртке әкелуі мүмкін.
- Ауа кондиционерін пайдаланбас бұрын соған арналған штепселді розетка мен ажыратқышты орнатыңыз.
- Жерге жалғайтын сымды газ құбырына, найзағай тартқышына немесе телефонның жерге жалғанатын сымына жалғамаңыз.
- Сым жалғау ережелеріне сәйкес, бекітілген сымдарға ажырату құралдары кірістірілуі қажет.
Пайдалану
- Қызмет көрсету бөлшектері тізімінде берілген бөлшектерді ғана пайдаланыңыз. Құрылғыны өзгертуге ешқашан әрекет етпеңіз.
- Балалардың сыртқы құрылғыға шықпауын немесе оны ұрмауын қадағалаңыз.
- Батареяларды өрт болмайтын жерге тастаңыз.
- Ауа кондиционерінің жапсырмасында көрсетілген мұздатқыш агентті ғана пайдаланыңыз.
- Егер ауа кондиционерінен шу, иіс немесе түтін шықса, электр қуатын ажыратыңыз.
- Бензин немесе бояу еріткіш сияқты тұтанғыш заттарды ауа кондиционерінің қасында қалдырмаңыз.
- Ауа кондиционері суға түскен жағдайда өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
- Ауа кондиционерін дұрыс желдетілмейтін жерде ұзақ уақыт пайдаланбаңыз.
- Егер газ жіберілсе (фреон, пропан, сығылған газ, тағы басқа), ауа кондиционерін қайта пайдаланбас бұрын орынды желдетіп алыңыз.
- Ішін тазалау үшін өкілетті қызмет көрсету орталығына немесе дилерге хабарласыңыз. Күшті тазарту құралдарын пайдалану тот басуға немесе құрылғыны зақымдауы мүмкін.
- Ауа кондиционері мен қыздырғыш сияқты қыздыратын құрылғылар бір уақытта пайдаланылған кезде жеткілікті түрде желдетіңіз.
- Ауа ағыны жүретін ішкі немесе сыртқы саңылауды жаппаңыз.
- Ауа кондиционері жұмыс істеп тұрғанда қолыңызды немесе басқа заттарды ауа жүретін ішкі немесе сыртқы саңылауларға салмаңыз.
- Қуат кабелінің лас және бос еместігін немесе үзілмегенін тексеріңіз.
- Ауа кондиционерін ешқашан ылғал қолыңызбен ұстамаңыз, іске қоспаңыз немесе жөндемеңіз. - Қуат кабелінің үстіне ешнәрсе қоймаңыз.
- Қыздырғыш немесе басқа қыздыратын құрылғыларды қуат кабелінің қасына қоймаңыз.
- Қуат кабелін өзгертпеңіз немесе ұзартпаңыз. Қуат кабеліндегі сызаттар мен изоляциясының түсуі өрт немесе ток соғу қаупін тудыруы мүмкін және ол ауыстырылуы керек.
- Электр қуаты өшірілген немесе найзағай болған кезде электр қуатын бірден өшіріңіз. - Қуат кабелінің жұмыс барысында ажыратылмайтындығына немесе зақымдалмайтындығына көз жеткізіңіз. - Жабдық жұмыс істеп тұрған кезде немесе жұмысынан кейін дереу суық агент құбырына, су құбырына немесе басқа да ішкі бөліктеріне тимеңіз.
Қызмет көрсету
- Өнімге тікелей су шашып құрылғыны тазаламаңыз. - Құрылғыны тазаламас немесе қызмет көрсетпес бұрын қуат көзін ажыратып, желдеткіш тоқтағанша күтіңіз.
Техникалық қауіпсіздік
•Рұқсаты жоқ адамдардың орнатуы мен жөндеу жұмыстары сізге немесе басқаларға зақым келтіруі мүмкін.
-Нұсқаулықтағы ақпарат қауіпсіздік процедураларымен таныс және дұрыс тексеру құралдарымен жабдықталған техникалық қызмет көрсету маманы пайдалануға арналған.
-Нұсқаулықтағы барлық нұсқауларды оқымау немесе орындамау құрылғының дұрыс жұмыс істемеуіне, зақымдауға және/немесе өлімге әкелуі мүмкін.
- Құрылғы жергілікті жалғау ережелеріне сәйкес орнатылуы керек.
-Қуат сымы ауыстырылатын кезде ол жұмысты тек рұқсаты бар маман істеуі керек және түпнұсқа бөлшектермен ауыстырылуы керек.
- Құрылғы электр тогының соғу қаупін азайту үшін жерге дұрыс жалғануы керек.
- Ашадағы жерге жалғанатын істікті кесіп алып тастамаңыз.
- Адаптерді қабырғалық розетка қақпағының бұрандасына жалғау құрылғыны қақпақтың бұрандасы темір болмай, оқшауланбаған және қабырғалық розетка іштегі сым арқылы жалғанған жағдайда жерге жалғанбайды.
- Егер ауа кондиционерінің жерге дұрыс жалғануына күмәндансаңыз, қабырғалық розетка мен ажыратқышты электр маманына тексертіңіз.
- Құрылғыда пайдаланылатын мұздатқыш агент пен оқшаулағыш газ арнайы тастау процедуларын қажет етеді. Оларды тастамас бұрын қызмет көрсету агентіне немесе ұқсас маманға хабарласыңыз.
- Егер қуат сымы зақымдалса, қауіптің алдын алу үшін оны өндіруші немесе оның қызмет көрсету агенттері немесе ұқсас мамандар ауыстыруы керек.
ECKEPTY
Өнімді пайдаланған кезде адамдарға келетін қауіпті азайту, өнімнің дұрыс жұмыс істемеуін болдырмау үшін келесі нұсқаулармен бірге негізгі нұсқауларды орындаңыз:
Орнату
- Ауа кондиционерін тікелей теңіз желі (тұзды бүркінді) болатын жерге орнатпаңыз.
• Су конденсациясы тегіс кебу үшін саңылауды дұрыс жасаңыз.
- Ауа кондиционерін орамнан шығарған және орнатқан кезде абайлаңыз.
- Орнату немесе жөндеу кезінде аққан мұздатқыш агентті ұстамаңыз.
- Ауа кондиционерін екі немесе одан көп адаммен тасымалдаңыз.
- Сыртқы құрылғыны тікелей күн сәулесінен қорғалатындай етіп орнатыңыз. Ішкі құрылғыны күн сәулесі тікелей терезе арқылы түсетін жерге қоймаңыз.
- Орнатудан немесе жөндеуден кейін дұрыс орамды пайдаланып бұрандалар, шегелер немесе батареялар сияқты нәрселерді қауіпсіз түрде тастаңыз.
- Ауа кондиционерін сыртқы құрылғыдан шығатын шу немесе пайдаланылған газ көршілерге қолайсыздық тудырмайтын жерге орнатыңыз. Егер олай істемесеңіз, көршілермен келіспеушілік болуы мүмкін.
Пайдалану
- Баскару құралы ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса, оның батареяларын алып тастаңыз.
- Ауа кондиционерін іске қоспастан бұрын сүзгінің орнатылғанын тексеріңіз.
- Ауа кондиционерін орнатқаннан немесе жөндегеннен кейін мұздатқыш агенттің ақпауын тексеріңіз.
- Ауа кондиционеріне ешнәрсе қоймаңыз. - Қашықтан басқару құралында әр түрлі батареяларды немесе жаңа не ескі батареяларды араластырмаңыз. - Ылғалдық деңгейі жоғары болған кезде, есік немесе терезе ашық қалған кезде ауа кондиционерін ұзақ уақыт қоспаңыз.
- Батареядан сұйықтық ақса, қашықтан басқару құралын пайдалануды тоқтатыңыз. Киіміңізге немесе теріңізге батареядан аққан сұйықтық тисе, оларды таза сумен жуыңыз. Адамдарды, жануарларды немесе өсімдіктерді ұзақ уақыт бойы суық немесе ыстық ауа ағынында ұстамаңыз.
- Егер батареядан аққан сұйықтықты жұтып қойсаңыз, аузыңызды мұқият шайып, дәрігерге қаралыңыз.
- Ауа кондиционерінен аққан суды ішпеңіз. Өнімді тағам сақтау, өнер туындылары сияқты жеке мақсаттарға пайдаланбаңыз. Бұл нақты мұздату жүйесі емес, тұтыну мақсаттарына арналған ауа кондиционері. Өнімнің зақымдалу немесе жойылу қаупі бар. Батареяларды қайта зарядтамаңыз немесе бөлшектемеңіз.
Қызмет көрсету
- Ауа сүзгісін алған кезде ауа кондиционерінің темір бөлшектерін ешқашан ұстамаңыз.
- Биіктегі ауа кондиционерін тазалаған, қызмет көрсеткен немесе жөндеген кезде қозғалмайтын орындықты немесе сатыны пайдаланыңыз.
- Ауа кондиционерін тазалаған кезде күшті тазалау құралдары мен ерітінділерін пайдаланбаңыз және су шашпаңыз. Жұмсақ мата пайдаланыңыз.
Қалдық батареяларды/аккумуляторларды қоқысқа тастау

- Батареяның құрамында кем дегенде 0,0005% сынап, 0,002% кадмий немесе 0,004% қорғасын болса, бұл таңба сынап (Hg), кадмий (Cd) немесе қорғасынның (Pb) химиялық таңбасымен бірге көрсетілуі мүмкін.
- Батареялардың/аккумуляторлардың барлығы қалалық қоқыстардан бөлек, мемлекет немесе жергілікті билік органдары тарапынан белгіленген арнайы жинау пункттерінде тасталуы тиіс.
- Ескі батареяларды/аккумуляторларды дұрыс жерге тастау қоршаған ортаға, жануарларға және адамдарға тиетін ықтимал зияннан қорғайды.
- Ескі батареяларды/аккумуляторларды қоқысқа тастау туралы қосымша ақпарат алу үшін қаладағы кеңсеге, қалдықты кәдеге жарату қызметіне немесе өнімді сатып алған дүкенге хабарласыңыз.
Пайдалану
KK
Пайдалануға қатысты ескертпелер
Куат үнемдеуге қатысты ұсыныс
- Бөлмені ете қатты салқындатпаңыз. Бүл денсаулығыңызға зиян болуы және электр қуатын көп тұтынуы мүмкін.
- Ауа кондиционерін пайдаланған кезде күн сәулесін пердемен жауып қойыңыз.
- Есіктер мен терезелерді жабулы күйде ұстаңыз.
- Іштегі ауа айналу үшін ауа ағынын көлденеңінен немесе тігінен реттеңіз.
- Іштегі ауаны аз уақыт ішінде жылдам салқындату немесе жылыту үшін желдеткішті жылдамдатыңыз.
- Ауа кондиционері ұзақ пайдаланылса, бөлмедегі ауа нашарлауы мүмкін, сондықтан терезелерді ашып бөлмені желдетіп тұрыңыз.
- Ауа сүзгісін 2 аптада бір рет тазалаңыз. Ауа сүзгісіне жиналған шаң мен қоқыстар ауа өтетін саңылауды бітеуі немесе құрылғының өнімділігін төмендетуі мүмкін.
Бөлшектер мен функциялар
Ішкі құрылғы Сыртқы құрылғы

1 Ауа сүзгісі 2 Ауа кіретін саңылау 3 Алдыңғы қақпақ 4 Ауа шығатын саңылау 5 Ауа дефлекторы (Көлденең қалқанша) 6 Ауа дефлекторы (Тік қалқанша) 7 Қосу/Өшіру түймесі
1 Ауа кіретін желдеткіш 2 Ауа шығатын желдеткіш
ЕСКЕРТПЕ
- Жұмыс істеудің индикатор шамдарының саны мен орналасуы ауа кондиционерінің моделіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
- Мүмкіндік модельдің түріне байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Сымсыз қашықтан басқару құралы
Батареяларды салу
Егер басқару құралының дисплейі өше бастаса, батареяларды ауыстырыңыз. Басқару құралын пайдаланбас бұрын AAA (1,5 В) батареяларын салыңыз.
1. Батарея қақпағын алыңыз.

2. Жаңа батареяларды салып, олардың + және - клеммаларының дұрыс салынғанын тексеріңіз.

Қашықтан басқару құралының ұстағышын орнату
Қашықтан басқару құралын қорғау үшін ұстағышты күн сәулесі тікелей түспейтін жерге орнатыңыз.
1. Ыңғайлы орынды таңдаңыз.
2. Ұстағышты 2 бұранда арқылы бұрағышпен бекітіңіз.

Жұмыс істеу әдісі
Ауа кондиционерін іске қосу үшін оның оң жағындағы сигнал қабылдағышына қашықтан басқару құралын бағыттаңыз.

- Қашықтан басқару құралы басқа электрондық құрылғыларға бағытталса да оларды басқаруы мүмкін. Қашықтан басқару құралын ауа кондиционерінің сигнал қабылдағышына бағыттағаныңызды тексеріңіз.
• Дұрыс жұмыс істеуі және сигнал таратқышы мен қабылдағышын тазарту үшін жұмсақ мата пайдаланыңыз.
- Егер өнімде ондай функция берілмесе, қашықтан басқару құралында Ауа ағынының бағыты (SWING), Қуат дисплейі (kw[3s1]), Ауа тазалау функциясынан (☎) басқа осындай функцияға арналған түймені басқанда өнімнен дыбыс шықпайды.
Ағымдағы уақытты орнату
1 Батареяларды салу.
- Төмендегі белгішелер дисплейдің төменгі жағында жыпылықтайды.

2 Минутты таңдау үшін немесе түймесін басыңыз.

3 Аяқтау үшін SET/CANCEL түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
- Қосу/Өшіру таймері ағымдағы уақытты орнатқаннан кейін қолжетімді болады.
°C/°F түрлендіру функциясы (Қосымша)
Бұл функция °С және °F мәндерін ауыстырады.
SWING түймесін шамамен 5 секунд ұстап тұрыңыз.
Ауа кондиционерін қашықтан басқару құралынсыз іске қосу
Қашықтан басқару құралы жоқ болған кезде ауа кондиционерін қосу үшін іштегі құрылғыдағы ON/OFF түймесін пайдалануыңызға болады.
1 Алдыңғы қақпақты (2-түрі) немесе көлденең қалақты (1-түрі) ашыңыз.
2 ON/OFF түймесін басыңыз.
1-түрі

2-түрі

ЕСКЕРТПЕ
- Егер көлденең дефлектор жылдам ашылса, қадамдық мотор бұзылуы мүмкін.
- Желдеткіштің жылдамдығы жоғары.
- Мүмкіндік модельдің түріне байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
- Осы төтенше жағдай ON/OFF түймесін пайдаланған кезде температура өзгертілмейді.
- Тек салқындатқыш модельдері үшін температура 22 °C мәніне қойылады.
- Салқындатқыш және жылытқыш модельдері үшін температура 22 °C - 24 °C мәніне дейін қойылады.
Сымсыз қашықтан басқару құралын пайдалану
Ауа кондиционерін қашықтан басқару құралымен оңай басқарасыз.

| 1 Түйме | 2 Дисплей | Сипаттама |
| - Ауа кондиционерін өшіру/косу. | ||
| 88° | Салқындату, жылыту кезінде бөлменің қалаған температурасын реттеу немесе режимді автоматты түрде ауыстыру. | |
| MODE | Салқындату режимін тандау. | |
| Жылыту режимін тандау. | ||
| Ылғалсыздандыру режимін тандау. | ||
| Желдеткіш режимін тандау. | ||
| «Авто ауыстыру»/«Автоматты түрде жұмыс істеу» режимін тандау. | ||
| JET MODE | Po | Бөлменің температурасын жылдам өзгерту. |
| FAN SPEED | Желдеткіш жылдамдығын реттеу. | |
| Ауа бағытын тігінен немесе көлденеңінен реттеу. | ||
ЕСКЕРТПЕ
• * түймелер модельдің түріне қарай өзгертілуі мүмкін.
KK
| 1 Түйме | 2 Дисплей | Сипаттама | |
| Ауа кондиционерінің қалаған уақыттаөшірілуі/қосылуы. | |||
| SET/CANCEL | - | Арнайы функция мен таймерді орнату/бас тарту. | |
| - Таймер | параметрлерін орнату. | ||
| - Уақытты | реттеу. | ||
| *LIGHTOFF | - | Ішкі құрылғыдағы дисплейдіңашықтығын орнату. | |
| ROOMTEMP | Бөлменің температурасын көрсету. | ||
| °C←°F [5 s] | °C°F | °C және °F мәндерін ауыстыру. | |
| *ENERGYSAVING | Қуат тұтынуды азайту. | ||
| *COMFORTAIR | Желдің бағытын өзгерту үшін ауаағынын реттеу. | ||
| kW [3 s] - | Электр қуатына қатысты ақпараттыңкөрсетілуін не көрсетілмеуін орнату. | ||
| *ENERGYCTRL | 88% | Электр қуатын үнемдеудің әсерін қосу. | |
| *COMFORTSLEEP | Үйқыға қолайлы орта жасау. | ||
| DIAGNOSIS[5 s] | - | Өнімге техникалық қызмет көрсетутуралы ақпаратты тексеру. |
KK

| 1 Түйме | 2 Дисплей | Сипаттама |
| Ион генераторы іштегі ауа сапасын жақсарту үшін миллиондаған иондарды пайдаланады. | ||
| Сыртқы құрылғыдан шығатын шуды азайту. | ||
| Ионды кластерді шығара отырып теріңізді ылғал күйінде сақтау. | ||
| Бөлме ішінің ылғалдылығын жылдам төмендету. | ||
| Ең төменгі бөлме температурасын сақтау және бөлмедегі нәрселердің қатып қалуының алдын алу. | ||
| Масаларды жолатпау. | ||
| Ішкі құрылғының ішінде пайда болған ылғалды жою. | ||
| Үйқыға қолайлы орта жасау. | ||
| RESET - | Қашықтан басқару параметрлерін бастанқы қалпына келтіру. |
ЕСКЕРТПЕ
- Кейбір функцияларға модельге байланысты қолдау жоқ болуы мүмкін. • * түймелер модельдің түріне қарай өзгертілуі мүмкін. • Таңдалған FUNC басқару үшін SET/CANCEL түймесін басыңыз.
Ауа кондиционерін автоматты түрде қайта іске қосу
Электр қуаты өшірілгеннен кейін ауа кондиционері қосылған кезде бұл функция алдыңғы параметрлерді қайта қалпына келтіреді.
Автоматты түрде қайта іске қосуды ажырату
1 Алдыңғы қақпақты (2-түрі) немесе көлденең қалақты (1-түрі) ашыңыз.
2 ON/OFF түймесін 6 секунд басып тұрыңыз, содан кейін құрылғы екі рет дыбыс шығарады және шам қатарынан 4 рет жыпылықтайды.
- Функцияны қайта қосу үшін ON/OFF түймесін 6 секундтай басып тұрыңыз. Құрылғы екі рет дыбыс шығарады және шам 4 жыпылықтайды.
1-түрі
2-түрі
ЕСКЕРТПЕ
- Мүмкіндік модельдің түріне байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
- Егер ON/OFF түймесін 6 секунд басудың орнына 3 – 5 секундтай басып тұрсаңыз, құрылғы жұмыс істеуді тексеруге ауысады. Жұмыс істеуді тексеру кезінде құрылғы 18 минуттай өте салқын ауа шығарып, кейін әдепкі зауыттық параметрге оралады.
Бұл функция қалаған функцияны таңдауға мүмкіндік береді.
Салқындату және жылыту моделі![graph TD A["«Салкындату» режимі"] --> B["«Авто ауыстыру» режимі"] B --> C["«Ылгалсыздандыру» режимі"] C --> D["«Жыльту» режимі"] D --> E["«Желдеткіш» режимі"]](/content/2026/06/1351399/images/fe33d341e0a404c8a81d908871b3452049c49fbf18e15eb4db35d1839f62051f.jpg)
«Салқындату» режимі
1 Құрылғыны қосыңыз. 2 «Салқындату» режимін таңдау үшін MODE түймесін қайталап басыңыз.
• Дисплейде белгішесі көрсетіледі.
3 Қалаған температураны орнату үшін немесе √ түймесін басыңыз.

Автоматты түрде жұмыс істеу (Жасанды интеллект)
Бұл режимде бөлменің температурасы негізінде желдеткіштің жылдамдығы мен температура автоматты түрде реттеледі.
1 Құрылғыны қосыңыз.
2 «Автоматты түрде жұмыс істеу» режимін таңдау үшін MODE түймесін қайталап басыңыз.
• Дисплейде белгішесі көрсетіледі.
3 Температура қалаған температурадан жоғары немесе төмен болып, қалаған жұмыс істеу температурасын таңдау үшін ⬤ немесе ⬤ түймесін басыңыз.

| Код Сипаттама |
| 2 Салкын |
| 1 Сөл сүык |
| 0 Бөлме температурасын сақтау |
| -1 Сөл ыстык |
| -2 ыстык |
ЕСКЕРТПЕ
- Бұл режимде желдеткіштің жылдамдығын реттей алмайсыз, бірақ ауа дефлекторының автоматты түрде айналуына қоя аласыз.
«Авто ауыстыру» режимі
Салқындату және жылыту моделі
Бұл автоматты түрде ±2 °С мәніне қойылған температураны сақтау үшін режимді ауыстырады.
1 Құрылғыны қосыңыз.
2 «Авто ауыстыру» режимін таңдау үшін MODE түймесін қайталап басыңыз.
• Дисплейде белгішесі көрсетіледі.
3 Қалаған температураны орнату үшін немесе √ түймесін басыңыз.
4 Желдеткіштің жылдамдығын реттеу үшін FAN SPEED түймесін басыңыз.
«Ылғалсыздандыру» режимі
Бұл режим шірудің алдын алу үшін ылғалдығы жоғары деңгейдегі ортадан немесе жаңбырлы күні артық ылғалды шығарады. Режим ылғалдың тиімді деңгейін сақтау үшін бөлменің температурасын және желдеткіштің жылдамдығын реттейді.
1 Құрылғыны қосыңыз.
2 «Ылғалсыздандыру» режимін таңдау үшін MODE түймесін қайталап басыңыз.
• Дисплейде белгішесі көрсетіледі.
- Бұл режимде бөлменің температурасын реттей алмайсыз, ол автоматты түрде реттеледі.
- Бөлменің температурасы дисплейде көрсетілмейді.
- Құрғату режимінде бөлме температурасы 24° градустан төмен болған кезде компрессор мен жабық желдеткіш жұмыс істемеуі мүмкін.
«Жылыту» режимі
1 Құрылғыны қосыңыз.
2 «Жылыту» режимін таңдау үшін MODE түймесін қайталап басыңыз.
• Дисплейде белгішесі көрсетіледі.
3 Қалаған температураны орнату үшін немесе √ түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
- Еріту функциясы жұмыс істеген кезде іштегі құрылғыда ✗ көрсетіледі.
- Сонымен қатар, бұл көрсеткіш іштегі құрылғыда көрсетіледі:
– Алдын ала қыздыру жұмыс істеген кезде.
– Бөлме температурасы орнатылған температураға жеткен кезде.
«Желдеткіш» режимі
Бұл режим бөлменің температурасын өзгертпестен ішкі ауаны айналдырады.
1 Құрылғыны қосыңыз. 2 «Желдеткіш» режимін таңдау үшін MODE түймесін қайталап басыңыз.
• Дисплейде белгішесі көрсетіледі.
3 Желдеткіштің жылдамдығын реттеу үшін FAN SPEED түймесін басыңыз.
«Jet Mode» функциясын пайдалану
Бөлменің температурасын жылдам өзгерту
Бұл функция бөлменің ішін жазда жылдам салқындатуға немесе қыста жылдам жылытуға мүмкіндік береді.
- Салқындату және жылыту моделі: «Jet Mode» функциясын салқындату, жылыту және ылғалсыздандыру режимдерімен бірге қолдануға болады.
- Тек салқындату моделі: «Jet Mode» функциясын салқындату, ылғалсыздандыру, желдеткіш, автоматты түрде жұмыс істеу және ауа тазарту функциясымен бірге қолдануға болады.
1 Құрылғыны қосыңыз. 2 Қалаған режимді таңдау үшін MODE түймесін қайталап басыңыз. 3 JET MODE түймесін басыңыз.
• Дисплейде белгішесі көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ
- «Жылдам жылыту» режимі кейбір модельдерде жоқ. • «Jet Cooling» күшті ауа 30 минут бойы үреді.
- 30 минуттан кейін белдесу температурасы 18 °С шамасында болады.
Егер температураны өзгерткіңіз келсе, қажетті температураны орнату үшін ⏻ немесе √ түймесін басыңыз.
• «Jet Heating» күшті ауа 30 минут бойы үреді. • 30 минуттан кейін белдесу температурасы 30 °С шамасында болады.
Егер температураны өзгерткіңіз келсе, қажетті температураны орнату үшін ⏻ немесе ⚽ түймесін басыңыз.
- Бұл функция қашықтан басқару дисплейінен басқаша жұмыс істейді.
Желдеткіш жылдамдығы функциясын пайдалану
Желдеткіш жылдамдығын реттеу
- Желдеткіш жылдамдығын реттеу үшін FAN SPEED түймесін қайталап басыңыз.
| Дисплей Жылдамдығын | |
| Жоғары | |
| Орташа – Жоғары | |
| Орташа | |
| Орташа – Темен | |
| Төмен | |
| - Табиги жел | |
- Вентилятордың табиғи жел жылдамдығы автоматты түрде реттеледі.

- Желдеткіш жылдамдығы белгішелері кейбір ішкі құрылғыларда көрсетіледі.
F1→F2→F3→F4 F5
- Ішкі құрылғының дисплейі тек 5 секунд көрсетіліп, кейбір модельдерде температура орнатуға қайта оралады.
Ауа ағынының бағыты функциясын пайдалану
Бұл функция ауа ағынының бағытын тігінен (көлденеңінен) реттейді.
SWING (SWING) түймесін қайталап басып қалаған бағытты таңдаңыз.
- Ауа ағынын автоматты түрде реттеу үшін (түймесін таңдаңыз.
- Модельге байланысты ауа ағынының бағытын көлденеңге өзгертуге қолдау жоқ.
- Ауа дефлекторын өз бетінше реттеу өнімнің істен шығуына әкелуі мүмкін.
- Ауа кондиционерін өшіріп қайта қоссаңыз, ол алдында орнатылған ауа үрлеу бағытымен жұмыс істейді, сондықтан ауа дефлекторы қашықтан басқару құралында көрсетілген белгішемен сәйкес келмеуі мүмкін. Олай болған жағдайда ауа ағынының бағытын қайта реттеу үшін SWING немесе SWING түймесін басыңыз.
- Бұл функция қашықтан басқару дисплейінен басқаша жұмыс істейді.
Қосу/Өшіру таймерін орнату
Бұл функция ауа кондиционерін автоматты түрде қалаған уақытта қосылуға/өшіруге қояды. Қосу/өшіру таймерін бірге орнатуға болады.
Қосу таймерін реттеу
1 TIMER түймесін қайталап басыңыз.
- Төмендегі белгішелер дисплейдің төменгі жағында жыпылықтайды.

2 Минутты таңдау үшін немесе түймесін басыңыз.
3 Аяқтау үшін SET/CANCEL түймесін басыңыз.
- Таймерді орнатқаннан кейін ағымдағы уақыт пен ON белгішесі қалаған уақыттың орнатылғанын көрсетіп, дисплейде көрсетіледі.
1 TIMER түймесін қайталап басыңыз.
- Төмендегі белгішелер дисплейдің төменгі жағында жыпылықтайды.

2 Орнатудан бас тарту үшін SET/CANCEL түймесін басыңыз.
Өшіру таймерін орнату
1 TIMER түймесін қайталап басыңыз.
- Төмендегі белгішелер дисплейдің төменгі жағында жыпылықтайды.

2 Минутты таңдау үшін немесе түймесін басыңыз.
3 Аяқтау үшін SET/CANCEL түймесін басыңыз.
- Таймерді орнатқаннан кейін ағымдағы уақыт пен OFF белгішесі қалаған уақыттың орнатылғанын көрсетіп, дисплейден көрсетіледі.
- Бұл функция кәдімгі таймерді орнатқан кезде ажыратылады.
Өшіру таймерінен бас тарту
1 TIMER түймесін қайталап басыңыз.
- Төмендегі белгішелер дисплейдің төменгі жағында жыпылықтайды.

2 Орнатудан бас тарту үшін SET/CANCEL түймесін басыңыз.
- Барлық таймер параметрінен бас тарту үшін түймесін басыңыз.
Ұйқы функциясын пайдалану (Қосымша)
Бұл функция ауа кондиционерін сіз ұйқыға кеткен кезде автоматты түрде өшіреді.
1 Құрылғыны қосыңыз.
2 TIMER түймесін қайталап басыңыз.
- Төмендегі белгішелер дисплейдің төменгі жағында жыпылықтайды.

3 Сағатты (7 сағатқа дейін) таңдау үшін немесе ^ түймесін басыңыз.
4 Аяқтау үшін SET/CANCEL түймесін басыңыз.
• Дисплейде белгішесі көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ
- Кейбір ішкі құрылғыларда белгішесі көрсетіледі.
- Ішкі құрылғының дисплейі 1С-7С аралығында және тек 5 секунд көрсетіледі де температура орнатуға қайта оралады.
- Салқындату және ылғалдандыру режимінде температура 30 минуттан кейін 1 °C болып артады және жайлы ұйқы үшін кейінірек тағы 30 минуттан кейін 1 °C болып артады.
- Температура орнатылған температурадан 2 °С артады.
- Дисплейдегі желдеткіш жылдамдығының белгісі өзгертілуі мүмкін болса да желдеткіш жылдамдығы автоматты түрде реттеледі.
Кәдімгі таймер функциясын пайдалану (Қосымша)
Бұл функция ауа кондиционерін сіз ұйқыға кеткен кезде автоматты түрде өшіреді.
1 Құрылғыны қосыңыз. 2 TIMER түймесін қайталап басыңыз.
- Төмендегі белгішелер дисплейдің төменгі жағында жыпылықтайды.

3 Сағатты (7 сағатқа дейін) таңдау үшін немесе ^ түймесін басыңыз. 4 Аяқтау үшін SET/CANCEL түймесін басыңыз.
• Дисплейде белгішесі көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ
- Бұл функция өшіру таймерін орнатқан кезде ажыратылады.
Қуатты көрсету функциясын пайдалану (Қосымша)
Бұл функция өнімнің жұмысына сәйкес ішкі құрылғының дисплейінде шығатын электр қуатының өлшемін көрсетеді.
Ағымдағы электр қуатын пайдалануды көрсету
1 Құрылғыны қосыңыз.
2 kW [3 s] түймесін 3 секундтай басып тұрыңыз.
- Ағымдағы қуат тұтыну (немесе 88 кВт) кейбір ішкі құрылғыларда қысқа уақыт көрсетіледі.
1 Құрылғыны қосыңыз.
2 kW [3 s] түймесін 3 секундтай екі рет басып тұрыңыз.
- Жалпы қуат тұтыну (кВт·сағ) кейбір ішкі құрылғыларда қысқа уақыт көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ
- Бұл сымсыз қашықтан басқару құралында көрсетілмейді.
- kW ағымдағы қуатты тұтынуға қатысты.
- kWh жалпы қуатты тұтынуға қатысты.
- Егер ол 99 кВт·сағ болатын ауқымнан артық болса, оны 99 кВт·сағ көрсеткішінде ұстаңыз.
- Құрылғыны өшірсеңіз мәнді бастапқы қалпына келтіреді.
- 10 кВт·сағ төмен ватты 0,1 кВт·сағ бірлікпен, ал 10 кВт·сағ артық болса 1 кВт·сағ бірлігімен көрсету.
- Нақты қуат көрсетілген қуаттан басқа болуы мүмкін.
Жарықты өшіру функциясын пайдалану (Қосымша)
Экранның ашықтығы
Ішкі құрылғы дисплейінің ашықтығын орнатуыңызға болады.
• LIGHT OFF түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
• Дисплей экранын қосыңыз/өшіріңіз.
Қолайлы ауа функциясын пайдалану (Қосымша)
Қолайлы дефлектордың жұмысы
Бұл функция бөлмедегі адамдарға желдің тікелей соғу бағытын өзгерту үшін дефлекторды алдын ала белгіленген күйге орнатады.
1 Құрылғыны қосыңыз.
2 COMFORT AIR түймесін қайталап басыңыз және қалаған бағытты таңдаңыз.
• Дисплейде немесе белгішесі көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ
- Кейбір ішкі құрылғыларда немесе белгішесі көрсетіледі.
- Бұл функция MODE немесе JET MODE түймесін басқан кезде ажыратылады.
- Функция ажыратылады және түймесін басқан кезде тік бағытта автоматты түрде жылжу орнатылады.
- Бұл функция өшірілген кезде, көлденең дефлектор орнатылған режимге байланысты автоматты түрде жұмыс істейді.
Қуатты үнемдеу функциясын пайдалану (Қосымша)
Бұл функция салқындату кезінде қуат тұтынуды азайтады және орнатылған температураны қолайлы орта үшін тиімді деңгейге көтереді. Қажетті температура 22 °С градустан төмен болса, температура автоматты түрде 22 °С болып орнатылады. Көрсеткішінен жоғары болса, сол қалпында қалады.
1 Құрылғыны қосыңыз. 2 «Салқындату» режимін таңдау үшін MODE түймесін қайталап басыңыз. 3 ENERGY SAVING түймесін басыңыз.
• Дисплейде белгішесі көрсетіледі.
Қуатты бақылау функциясын пайдалану (Қосымша)
1 Құрылғыны қосыңыз. 2 ENERGY CTRL түймесін басыңыз.
- Әр қадамды таңдау үшін ENERGY CTRL түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
- 1-қадам: Қуат кірісі номиналды қуат кірісімен салыстырғанда 20 %-ға азаяды. – Дисплейде 00 % белгішесі көрсетіледі.
- 2-қадам: Қуат кірісі номиналды қуат кірісімен салыстырғанда 40 %-ға азаяды. – Дисплейде 60 % белгішесі көрсетіледі.
- 3-қадам (Қосымша): Қуат кірісі номиналды қуат кірісімен салыстырғанда 60 %-ға азаяды. – Дисплейде 40 % белгішесі көрсетіледі.
- Кейбір ішкі құрылғыларда (1-қадам), (2-қадам) белгішесі көрсетіледі.
- Бұл функцияны «Салқындату» режимімен қолдануға болады.
- «Қуатты басқару» режимі таңдалған кезде сыйымдылық кішіреуі мүмкін.
- Егер FAN SPEED, ⬆ немесе ▼ түймесін бассаңыз, қалаған температура шамамен 5 секундтай көрсетіледі.
- ROOM TEMP түймесін бассаңыз, бөлменің температурасы шамамен 5 секундтай көрсетіледі.
Арнайы функцияларды пайдалану
1 Құрылғыны қосыңыз. 2 Қалаған функцияны таңдау үшін FUNC түймесін қайталап басыңыз. 3 Аяқтау үшін SET/CANCEL түймесін басыңыз.

| Дисплей Сипаттама | |
| [SY74] | Ион генераторы іштегі ауа сапасын жақсарту үшін миллиондаған иондарды пайдаланады. |
![]() | Сыртқы құрылғыдан шығатын шуды азайту. |
| [СВУ7] | Ионды кластерді шығара отырып теріңізді ылғал қүйінде сақтау. |
[H530] ![]() | Бөлме ішінің ылғалдылығын жылдам төмендету. |
[TCBC] | Ең төменгі бөлметемпературасын сақтау және бөлмедегі нәрселердің қатып қалуының алдын алу. |
| [6KAG] | Масаларды жолатпау. |
| [5KAY] | Ішкі құрылғының ішінде пайда болған ылғалды жою. |
[2AAC] | Ўйқыға қолайлы орта жасау. |
- Кейбір функцияларға модельге байланысты қолдау жоқ болуы мүмкін.
- Кейбір функциялар қашықтан басқару дисплейінен басқаша жұмыс істейді.
Арнайы функциялардан бас тарту
1 Қалаған функцияны таңдау үшін FUNC түймесін қайталап басыңыз. 2 Функциядан бас тарту үшін SET/CANCEL түймесін басыңыз.
Ауаны тазарту функциясын пайдалану
Бұл функциялар таза, ион бөлшектері бар ауа береді және оны сүзеді.
| Функция Дисплей Сипаттама | ||
| Ионизатор | (+74w) | Ионизаторданшығатын ионбөлшектері ауадағыбактерияны жәнебасқа да зияндынөрселердізалалсыздандырады. |
| Плазма | Ол таза ауа беруүшінмикроспиялықластағышбөлшектердітолықтай жояды. | |
ЕСКЕРТПЕ
- Бұл функцияны ауа кондиционерін қоспастан пайдалануыңызға болады.
- Кейбір модельдерде «Түтін кетіру»/«Плазма» режимі жұмыс істеп тұрған кезде электродсыз шам мен салқындату шамы жанады.
- Ионизаторды жұмыс істеп тұрған кезінде ұстамаңыз.
- Бұл функция қашықтан басқару дисплейінен басқаша жұмыс істейді.
Бұл функция сыртқы құрылғылардан шығатын шуды азайтып, көршілердің шағымдануының алдын алады.
• Дисплей белгішесі көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ
- Бұл функция MODE, ENERGY CTRL немесе JET MODE түймесін басқан кезде ажыратылады.
- Функцияны «Салқындату», «Жылыту», «Автоауыстыру» және «Автоматты түрде жұмыс істеу» режимдерінде пайдалануыңызға болады.
Иондау функциясын пайдалану
Бұл функция денеңізге сіңген ион кластерлерін шығара отырып теріңізді ылғалдандырады.
• Дисплей белгішесі 3 секундтай көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ
- Бұл функцияны салқындату, желдеткіш, және ауа тазарту функциясымен бірге қолдануға болады.
«Jet Dry» функциясын пайдалану
Функция ылғалсыздандырудың өнімділігін арттырады.
• Дисплейде белгішесі көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ
- Бұл функцияны салқындату, ылғалсыздандыру, автоматты түрде жұмыс істеу, желдеткіш және ауа тазарту функциясымен бірге қолдануға болады.
- Функцияны «Ұйқы» режимімен қолдана алмайсыз.
- Бұл функция MODE түймесін басқан кезде ажыратылады.
Төменгі деңгейде жылыту функциясын пайдалану
Бұл функция адамдар демалыста болып, бөлмеде жоқ болған кезде төменгі бөлме температурасын сақтауға және бөлмедегі нәрселердің қатып қалуының алдын алу үшін жылыту жүйесін іске қосады.
• Дисплейде белгішесі көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ
- Бұл функцияны «Жылыту» режимімен қолдануға болады. • Төменгі деңгейде жылыту кезінде және MODE, FAN SPEED түймелерін басқан кезде «Жылыту» режимін қайтарыңыз.
- Егер төменгі деңгейде жылыту кезінде JET MODE түймесі басылса, бұл функция ажыратылады және «Жылыту» режимі бірден іске қосылады. (тек жылыту моделі үшін)
- Қате болған жағдайда өнімді қорғау үшін жұмыс тоқтатылады.
- Төменгі деңгейде жылыту кезінде COMFORT AIR және SWING түймесі қолданылмайды.
Масаға қарсы функцияны пайдалану
Бұл функция жоғары жиіліктегі толқынды шығара отырып, масаларды жолатпайды.
• Дисплей белгішесі көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ
- Бұл функцияны ауа кондиционерін қоспастан пайдалануыңызға болады.
- Кейбір ішкі құрылғыларда белгішесі көрсетіледі.
«Авто тазарту» функциясын пайдалану
«Салқындату» және «Ылғалсыздандыру» режимінде ылғал ішкі құрылғының ішінде пайда болады. Бұл функция осындай ылғалды кетіреді.
• Дисплейде белгішесі көрсетіледі.
ЕСКЕРТПЕ
- Авто тазарту функциясы жұмыс істеп тұрған кезде кейбір функциялар қолданылмайды.
- Егер электр қуатын өшірсеңіз, желдеткіш 30 минут жұмыс істейді және ішкі құрылғының ішін тазалайды.
Жайлы ұйқы функциясын пайдалану
Бұл функция жайлы ұйқы ортасын қалыптастыруға ауа кондиционерін автоматты түрде қосады.
• Дисплейде белгішесі көрсетіледі.
- Бұл функцияны «Салқындату» режимімен қолдануға болады.
- Бөлменің температурасы ұйқыға қолайлы температураға дейін түспесе де, іске қосылғаннан бастап 30 минутқа дейін дефлектор қозғалысын тоқтатады және ауа ағынын тіке шықпайтын бұрышқа қояды.
- Жайлы ұйқы ортасы адамдарға байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
СМАРТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
LG ThinQ қолданбасы
Бұл мүмкіндік тек ThinQ логотипі бар үлгілерде қолжетімді.
LG ThinQ қолданбасы смартфон арқылы жуу машинасымен байланысуға мүмкіндік береді.
LG ThinQ қолданбасының функциялары
Ыңғайлы смарт функцияларды пайдаланып, смартфон арқылы құрылғыңызды басқарыңыз.
Smart Diagnosis
Құрылғыны пайдалану кезінде мәселе болса, бұл Smart Diagnosis мүмкіндігі сізге мәселені диагностикалауға көмектеседі.
Параметрлер
Құрылғы мен қолданбада әртүрлі опцияларды орнатуға мүмкіндік береді.
- Егер сымсыз роутеріңізді, интернет провайдеріңізді немесе құпиясөзді ауыстыратын болсаңыз, LG ThinQ қолданбасынан тіркелген құрылғыны жойып, оны жаңадан тіркеңіз.
- Құрылғыны жетілдіру мақсатында қолданба пайдаланушыларға ескертілместен өзгертілуі мүмкін.
- Ерекшеліктері үлгісіне қарай әр түрлі болуы мүмкін.
LG ThinQ қолданбасын пайдалану алдында
1 Құрылғы мен сымсыз бағдарлауыш арасындағы қашықтықты (Wi-Fi желісін) тексеріңіз.
- Жабдық пен сымсыз роутер арасы тым алыс болса, сигнал беру деңгейі әлсірейді. Тіркеуге көп уақыт кетуі мүмкін немесе жабдық орнатылмауы мүмкін.
2 Смартфоныңыздағы Мобильді деректер немесе ұялы деректер функциясын өшіріңіз.

- Wi-Fi байланысын тексеру үшін, басқару панеліндегі 📋 белгішесінің жанып тұрғанына көз жеткізіңіз. • Құрылғы 2,4 ГГц Wi-Fi желілерімен ғана жұмыс істейді. Желінің жиілігін анықтау үшін интернет қызметінің провайдеріне хабарласыңыз немесе сымсыз бағдарлауыштың нұсқаулығын қараңыз.
• LG ThinQ қолданбасы желілік байланысқа немесе желілік байланысқа қатысты қандай да бір ақаулыққа, олқылықтарға немесе қателіктерге жауапты емес.
- Егер құрылғыны Wi-Fi желілеріне қосуда қандай да бір қиындықтар туындаса, ол көп жағдайда роутерге байланысты емес. Wi-Fi сигналының қуатын жақсарту үшін, Wi-Fi репитерін (диапазон кеңейткіші) сатып алыңыз.
- Үйдегі желі ортасына байланысты Wi-Fi байланысы қосылмауы мүмкін немесе ажырап кетуі мүмкін.
- Желілік байланыс интернет қызметінің провайдеріне байланысты да дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
- Айналадағы сымсыз орта сымсыз желі қызметін баяулатуы мүмкін.
- Сымсыз сигналды тарату жүйесіндегі ақаулыққа байланысты, жабдықты тіркеу мүмкін емес. Жабдықты электр жүйесінен ажыратып, әрекетті қайталамас бұрын бір минуттай күтіңіз.
- Сымсыз роутердегі брандмауэр қосулы болса, оны өшіріңіз немесе оны ерекше жағдай ретінде қосыңыз.
- Сымсыз желінің атауы (SSID) ағылшын әріптері мен сандардан тұруы қажет. (Ерекше таңбаларды қолданбаңыз)
- Смартфонның пайдаланушы интерфейсі (UI) телефонның операциялық жүйесіне (OS) және өндірушіге байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
- Егер роутердің қауіпсіздік протоколы WEP күйіне орнатылған болса, желіні орната алмауыңыз мүмкін. Оны басқа қауіпсіздік протоколдарына өзгертіңіз (WPA2 ұсынылады) және өнімді қайтадан тіркеңіз.
LG ThinQ қолданбасын орнату
Google Play & Apple App дүкенінен немесе смартфоннан LG ThinQ қолданбасын іздеңіз. Жүктеу үшін нұсқауларды орындап, қолданбаны орнатыңыз.
Сымсыз LAN модулінің сипаттамалары
| Моделі LCW-003 | |
| Жилік диапазоны | 2412 - 2472 МГц |
| Шығыс куаты (макс.) | IEEE 802.11b:18.37 dBmIEEE 802.11g:17.67 dBmIEEE 802.11n:17.67 dBm |
Сымсыз функцияның Б/ж нұсқасы: V 1,0
Бастапқы коды ашық бағдарламалық құрал ескертуі туралы ақпарат
Осы өнімдегі GPL, LGPL, MPL және басқа да бастапқы коды ашық лицензиялардағы бастапқы кодты алу үшін http://opensource.lge.com веб-торабына өтіңіз.
Бастапқы кодқа қоса, барлық қажетті лицензиялардың шарттарын, кепілдік міндеттерінен бас тарту құжаттарын және авторлық құқық туралы мәліметтерін алуға болады.
LG Electronics компаниясы сізге CD-ROM дискісінде ашық бастапқы кодты ақылы түрде береді. Қызмет ақысына opensource@lge.com мекенжайына электрондық хатпен сұрау жіберілгеннен кейін мұндай үлестіруді орындау құны (мысалы, тасығыш, жеткізу және өңдеу құны) жатады. Бұл ұсыныс осы өнімді соңғы рет жібергеннен кейін үш жыл ішінде жарамды болады. ұсыныс осы ақпаратты алған әр тұлға үшін жарамды болып келеді.
Smart Diagnosis
Бұл мүмкіндік тек немесе логотипі бар үлгілерде қолжетімді.
Бұл мүмкіндікті құрылғыдағы мәселелерді диагностикалау және шешуде көмектесу үшін пайдаланыңыз.
- LGE салақтығына жатпайтын себептер үшін қызмет келесідей сыртқы факторларға (бірақ олармен шектелмейді) байланысты жұмыс істемеуі мүмкін: Wi-Fi қолжетімсіздігі, Wi-Fi желісінен ажыратылу, жергілікті қолданбалар дүкенінің саясаты немесе қолданбаның қолжетімсіздігі.
- Бұл мүмкіндік алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін және қайда орналасқаныңызға байланысты басқа түрде болуы мүмкін.
LG ThinQ қолданбасын мәселелерді диагностикалау үшін пайдалану
Wi-Fi жабдықталған құрылғыңызда мәселе орын алса, ол LG ThinQ қолданбасын пайдаланып ақаулықтарды жою туралы деректерді смартфонға тасымалдай алады.
- LG ThinQ қолданбасын іске қосып, мәзірде Smart Diagnosis мүмкіндігін таңдаңыз. LG ThinQ қолданбасында қамтамасыз етілетін нұсқауларды орындаңыз.
Мәселелерді диагностикалау үшін естілетін диагностикалауды пайдалану
Дыбыстық диагностикалау әдісін пайдалану үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
- LG ThinQ қолданбасын іске қосып, мәзірде Smart Diagnosis мүмкіндігін таңдаңыз. LG ThinQ қолданбасында қамтамасыз етілетін естілетін диагностика үшін нұсқауларды орындаңыз.
1 Куат ашасын розеткаға дұрыс тығыңыз. 2 Смартфонның микрофонын ④ немесе логотипіне жақын қойыңыз. 3 Смартфонның микрофонын логотипке деректердің тасымалдануы аяқталғанда ұстап тұрып, DIAGNOSIS [5 s] түймесін 5 немесе одан көп секунд басып тұрыңыз.
- Деректердің тасымалдануы аяқталмайынша смартфонды ұстап тұрыңыз. Деректерді тасымалдауға арналған қалған уақыт көрсетіледі.
4 Деректерді тасымалдау аяқталғаннан кейін диагноз қолданбада көрсетіледі.
- Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін дыбыстарды жіберу кезінде телефонды жылжытпаңыз.
- Қоршаған ортадағы шуды азайтыңыз немесе телефон ішкі құрылғыдан келетін дыбыс сигналын дұрыс қабылдамауы мүмкін.
⚠ АБАЙЛАҢЫЗ
- Құрылғыны тазаламас немесе қызмет көрсетпес бұрын қуат көзін ажыратып, желдеткіш тоқтағанша күтіңіз.
Егер ауа кондиционері ұзақ уақыт пайдаланылмаса, оған жақсы жағдайда қызмет көрсету үшін оны кептіріңіз. Оңтайлы жұмыс істеуін қамтамасыз ету және бұзылуының алдын алу үшін өнімді тазартып тұрыңыз.
- Ауа кондиционерін «Желдеткіш» режимінде 3-4 сағаттай кептіріңіз және электр қуатын ажыратыңыз. Егер оның бөлшектерінде ылғал қалып қойса, іші зақымдалуы мүмкін.
- Ауа кондиционерін қайта пайдаланбас бұрын оның ішкі бөлшектерін «Желдеткіш» режимінде 3-4 сағаттай кептіріңіз. Ол ылғалдан пайда болған жағымсыз иісті кетіреді.

- Мүмкіндік модельдің түріне байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
| Түрі Сипаттама Аралығы | ||
| Ауа сүзгісі Шансорғышпен тазарту немесе қолмен жуу. 2 апта | ||
| Уш қабатты сүзгі Шансорғышпен немесе щеткамен тазарту. Әр 3 ай сайын | ||
| Микро шаң сүзгі Шансорғышпен немесе щеткамен тазарту. Әр 6 ай сайын | ||
| Аллергиялық сүзгі | Шансорғышпен немесе щеткамен тазарту. Әр 6 ай сайын | |
| Йонизатор (Қосымша) | Шанды кетіру үшін мақта талшықтарын пайдалану. Әр 6 ай сайын | |
| Ішкі құрылғы | Ішкі құрылғының бетін жұмсақ, құргақ матамен тазарту. Унемі | |
| Конденсациялық дренаж түпті маманға тазартқызу. Жылына бір рет | ||
| Конденсациялық дренаж түтігін маманға тазарту. Әр 4 ай сайын | ||
| Қашықтан басқару құралының батареяларын ауыстыру. | Жылына бір рет | |
| Сыртқы құрылғы | Жылу айырбастағыштың иректүтігі мен панель желдеткіштерін маманға тазартқызыңыз. (Техник маманға хабарласыңыз.) | Жылына бір рет |
| Желдеткішті маманға тазартқызу. | Жылына бір рет | |
| Конденсациялық дренаж түпті маманға тазартқызу. | Жылына бір рет | |
| Желдеткіштің барлық бөлшектерінің дұрыс бекітілгенін маманға тексертіңіз. | Жылына бір рет | |
| Электр бөлшектерін ауамен тазартыңыз. | Жылына бір рет |
- Сүзгілерді тазартқанда температурасы 40 °С артық суды пайдаланбаңыз. Ол пішінін немесе түсін өзгертуі мүмкін.
- Сүзгілерді тазартқан кезде бүркілетін құралдарды пайдаланбаңыз. Олар өнімнің бетін зақымдауы мүмкін.
- Микро шаң сүзгіні сумен жумаңыз, себебі сүзгі зақымдалуы мүмкін (Қосымша).
- Үш қабатты сүзгісін сумен жумаңыз, себебі сүзгі зақымдалуы мүмкін (Қосымша).
- Аллергиялық сүзгіні сумен жумаңыз, себебі сүзгі зақымдалуы мүмкін (Қосымша).
Ауа сүзгісін тазарту
Ауа сүзгілерін 2 апта сайын бір рет, қажет болса бірнеше рет тазартып тұрыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
- Ауа сүзгісі иілген кезде сынуы мүмкін.
- Ауа сүзгісі дұрыс салынбаса, ішкі құрылғының ішіне шаң немесе басқа нәрселер кіруі мүмкін.
1-қадам
Егер ішкі құрылғыға оның жоғарғы жағынан қарасаңыз, үстіңгі сүзгіні оңай орната аласыз.
1. Электр қуатын өшіріп, сымды ажыратыңыз.
2. Ауа сүзгісінің тұтқасынан ұстап, оны ақырын көтеріңіз.

3. Оны ішкі құрылғыдан алып тастаңыз.

4. Сүзгіні шаңсорғышпен немесе құрамында бейтарап тазалағыш сұйықтығы бар жылы сумен тазартыңыз.
5. Сүзгіні көлеңкеде кептіріңіз.
6. Ауа сүзгісінің ілмегін алдыңғы қақпаққа салыңыз.

7. Ауа сүзгісін бекіту үшін ілмекті төмен итеріңіз.

8. Алдыңғы қақпақтың ауа сүзгісіне дұрыс киілгенін тексеріңіз.
1 Электр қуатын өшіріп, сымды ажыратыңыз.
2 Алдыңғы қақпақты ашыңыз. • Қақпақтың екі жағын кішкене ашыңыз.
3 Ауа сүзгілерінің тұтқаларынан ұстап, ақырын төмен тартып, оларды ішкі құрылғыдан шығарыңыз.

4 Сүзгіні шаңсорғышпен немесе құрамында бейтарап тазалағыш сұйықтығы бар жылы сумен тазартыңыз.
5 Сүзгілерді көлеңкеде кептіріңіз.
6 Ауа сүзгілерінің ілмектерін алдыңғы қақпаққа салыңыз.

7 Алдыңғы қақпақтың ауа сүзгілеріне дұрыс киілгенін тексеріңіз.
Микро шаң, үштік және аллергиялық сүзгіні тазалаңыз (Қосымша)
1 Электр қуатын өшіріп, сымды ажыратыңыз. 2 Ауа сүзгілерін ішкі құрылғыдан алып тастаңыз. 3 Микро шаң, үштік және аллергиялық сүзгіні ішкі блоктан алып тастаңыз.


4 Сүзгілерді шаңсорғышпен тазартыңыз.
5 Микро шаң, үштік және аллергиялық сүзгіні салыңыз.


6 Ауа сүзгілерін кигізіңіз. 7 Алдыңғы қақпақтың ауа сүзгілеріне дұрыс киілгенін тексеріңіз.
Микро шаң, үштік және аллергиялық сүзгінің мүмкіндігі мен орналасуы модельдің түріне байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
АҚАУЛАРДЫ ЖОЮ
Өзін-өзі тексеру функциясы
Бұл өнімде өзін-өзі тексеру функциясы бар. Қате болған жағдайда ішкі құрылғының шамы 2 секунд аралықпен жыпылықтайды. Егер осылай болса, жергілікті дилерге немесе қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Қызмет көрсетуге шақырмастан бұрын
Қызмет көрсету орталығына хабарлас бұрын келесілерді тексеріңіз. Егер ақау кетпесе, жергілікті дилерге хабарласыңыз.
| Белгілер Ыктимал себептері мен шешімі | |
| Ауа кондиционері қалыпты жұмыс істемейді. | Құрылғыдан өрттің иісі мен әдеттен тыс дыбыстар шығуы мүмкін.Ауа кондиционерін өшіріңіз, электр сымын суырыңыз немесе электр қуатын ажыратыңыз және қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. |
| Ылгалдықтың деңгейі төмен болса да ішкі ұұрылғыдан су ағады.Ауа кондиционерін өшіріңіз, электр сымын суырыңыз немесе электр қуатын ажыратыңыз және қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. | |
| Қуат кабелі зақымдалған немесе артық жылу шығаруда.Ауа кондиционерін өшіріңіз, электр сымын суырыңыз немесе электр қуатын ажыратыңыз және қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. | |
| Қосқыш, ажыратқыш (жөрге жалғанатын) немесе сақтандырғыш дұрыс жұмыс істемейді.Ауа кондиционерін өшіріңіз, электр сымын суырыңыз немесе электр қуатын ажыратыңыз және қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. | |
| Құрылғы өзін-өзі тексеруден кате кодын шығарады.Ауа кондиционерін өшіріңіз, электр сымын суырыңыз немесе электр қуатын ажыратыңыз және қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. | |
| Ауа кондиционері жұмыс істемейді. | Ауа кондиционері ажыратылған.Қуат сымының розеткаға жалғанғанын немесе қуат ажыратқышының қосулы екенін тексеріңіз. |
| Сақтандырғыш күйген немесе қуат беру блокталған.Егер ажыратқыш өшірілсе, сақтандырғышты ауыстырыңыз немесе тексеріңіз. | |
| Электр қуатында іркіліс болды.Электр қуатында кідіріс болған кезде ауа кондиционерін өшіріңіз.Электр қуаты қалпына келтірілген кезде 3 минут күтіп, ауа кондиционерін қосыңыз. | |
| Кернеу тым жоғары немесе тым төмен.Ажыратқыштың өшірілгенін тексеріңіз. | |
| Ауа кондиционері белгіленген уақытта өшті.Ауа кондиционерін қосыңыз. | |
| Қашықтан басқару құралындағы батареяның орналасуы дұрыс емес.Қашықтан басқару құралына батареяның дұрыс салынғанын тексеріңіз.Егер батареялар дұрыс салынса, бірақ ауа кондиционері әлі жұмыс істемей түрса, батареяларды ауыстырып қайта қосып көріңіз. | |
| Белгілер Ыктимал себептері мен шешімі | |
| Ауа кондиционері салқын ауа шығармайды. | Ауа дұрыс айналып түрган жоқ.Ауа кондиционерін перделер немесе басқа нәрселер жауып түрмағанына көз жеткізіңіз. |
| Ауа кондиционері лас.Ауа сүзгісін 2 аптада бір рет тазалаңыз.Толық ақпаратты алу үшін «Ауа сүзгісін тазарту» бөлімін қараңыз. | |
| Бөлменің температурасы тым жоғары.Жазда ішкі температураны толық салқындату уақыт алуы мүмкін. Мүндай жағдайда бөлменің ішін жылдам салқындату үшін «Jet Mode» режимін таңданыз. | |
| Бөлмеден салқын ауа кетіп қалады.Салқын ауаның бөлмедегі желдету саңылауларынан шықпайтынын тексеріңіз. | |
| Қалаған температура ағымдағы температурадан жоғарырақ.Қалаған температураны ағымдағы температурадан теменге қойыңыз. | |
| Жақын жерде жылу көзі бар.Ауа кондиционері жұмыс істеп түрганда электр пеш немесе газ қыздырғыш сияқты жылу бөлетін құрылғыларды пайдаланбаңыз. | |
| «Желдеткіш» режимі таңдалған.«Желдеткіш» режимі кезінде ауа кондиционерінен ішкі ауаны салқындатпайтын немесе жылытпайтын ауа шығады.Жұмыс істеу режимін салқындатуға ауыстырыңыз. | |
| Сыртқы температура тым жоғары.Салқындату әсері жеткілікті болмауы мүмкін. | |
| Желдеткіш жылдамдығы реттелмейді. | «Jet Mode» немесе «Автоматты түрде іске қосу» режимі таңдалған.Кейбір жұмыс істеу режимдерінде желдеткіштің жылдамдығын реттей алмайсыз. Желдеткіш жылдамдығын реттеуге болатын жұмыс істеу режимін таңданыз. |
| Температура реттелмейді. | «Желдеткіш» режимі немесе «Jet Mode» режимі таңдалған.Кейбір жұмыс істеу режимдерінде температураның реттей алмайсыз. Температураны реттеуге болатын жұмыс режимін таңданыз. |
| Ауа кондиционері жұмыс істеу кезінде токтайды. | Ауа кондиционері кенеттен өшеді.Құрылғыны өшіретін «Таймер» функциясы реттелмеген. Таймер параметрін тексеріңіз. |
| Жұмыс кезінде электр қуатында іркіліс болды.Электр қуатының тұрақталуын күтіңіз. Егер «Автоматты түрде қайта қосу» функциясы қосылған болса, электр қуаты берілген кезде құрылғы сонғы жұмысын бірнеше минут жалғастырады. | |
| Белгілер Ыктимал себептері мен шешімі | |
| Ішкі құрылғы электр куаты өшірілсе де жұмыс істеп түр. | «Авто тазарту» функциясы жұмыс істеп түр.«Авто тазарту» функциясына ішкі құрылғының ішіндегі қалған ылғалды кетіргенше жұмысын жалғастыруға мүмкіндік беріңіз. Егер бүл мүмкіндікті қаламасаңыз, құрылғыны өшіруіңізге болады. |
| Ішкі құрылғыдағы ауа шығатын саңылаудан бу шығады. | Ауа кондиционерінен шығатын салқындаған ауадан бу түзіледі.Бөлменің температурасы төмендегенде бүл құбылыс кетеді. |
| Сыртқы құрылғыдан су ағады. | Қыздыру кезінде жылу айырбастағыштан буланған су тамшылайды.Ол үшін негізгі түпкі ыдыстан ағатын тесік жасау керек. Орнатушыға хабарласыңыз. |
| Шу немесе діріл бар. | Реверсивті клапанның қозғалуына байланысты құрылғы іске қосылған немесе токтаған кезде тықылдаған дыбыс шығады.Сықырлагаған дыбыс: Ішкі құрылғының пластмасса бөлшектері кенет температураның өзгеруіне байланысты тартылғанде немесе созылғанда кезде сықырлайды.Ағудың немесе үрлеудің дыбысы: Бүл ауа кондиционері арқылы мүздатқыш агенттің өтуі.Бүл қалыпты көрсеткіштер. Шу токтайды. |
| Ішкі құрылғы жағымсыз иіс шығарады. | Жағымсыз иістер (темекінің иісі сияқты) ішкі құрылғы арқылы сорылып ауа ағынымен шығарылуы мүмкін.Егер иіс кетпесе, сүзгіні жууыңыз керек. Егер ол жұмыс істемесе, жылу айырбастағышты тазарту үшін қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. |
| Ауа кондиционері жылы ауа шығармайды. | «Жылыту» режимі қосылған кезде дефлектор жабылудың қасында тұрады және сыртқы құрылғы жұмыс істеп түрса да ешқандай ауа сыртқа шықпайды.Бүл қалыпты көрсеткіш. Құрылғы ішкі құрылғы арқылы жеткілікті жылы ауа шығарғанша күтіңіз. |
| Сыртқы құрылғы «Еріту» режимінде.«Жылыту» режимінде сыртқы температура төмендегенде иректүтіктерде мүз/қырау түзіледі. Бүл функция иректүтіктердегі қырауды кетіреді және шамамен 15 минут ішінде аяқталады. | |
| Сыртқы температура тым төмен.Жылыту әсері жеткілікті болмауы мүмкін. | |
| Белгілер Ыктимал себептері мен шешімі | |
| Түрмыстық жабдығыңыз бен смартфоныңыз Wi-Fi желісіне қосылмаған. | Wi-Fi желісіне қосылу үшін пайдаланып жатқан қупиясөзіңіз дұрыс емес.Смартфоныңызға қосылған Wi-Fi желісін тауып, жойыңыз да, жабдығыңызды LG ThinQ қолданбасына қайта тіркеңіз. |
| Смартфоныңыздың мобильді деректері қосулы.Смартфонның Мобильді интернет функциясын өшіріңіз де, жабдықты Wi-Fi желісі арқылы қайта тіркеңіз. | |
| Сымсыз желі атауы (SSID) қате орнатылды.Сымсыз желінің атауы (SSID) ағылшын әрінтері мен сандардан тұруы қажет. (Ерекше таңбаларды қолданбаңыз) | |
| Роутердің жилігі 2,4 ГГц емес.Жилігі 2,4 ГГц болатын роутерге ғана қолдау көрсетіледі. Сымсыз роутер жилігін 2,4 ГГц мәніне орнатып, жабдықты сымсыз роутерге қосыңыз. Роутер жилігін тексеру үшін, интернет провайдеріне немесе роутер өндірушісіне хабарласыңыз. | |
| Жабдық пен роутердің арасы тым алыс.Жабдық пен роутердің арасы тым алыс болса, сигнал өлсіз болып, байланыс дұрыс конфигурацияланбауы мүмкін. Роутерді жабдыққа жақын орналатырыңыз. | |
Кейбір функцияларға модельге байланысты қолдау жоқ болуы мүмкін.


[TCBC]
[2AAC]