ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GWS 10 8-76 V-EC BOSCH
Пайдалану нұсқаулығының
типнұсқасы
Сәйкестік туралы сертификат Нөмірі
ТС RU C-DE.AЯ46.B.71676
Сәйкестік туралы сертификаттың
қолданылу мерзімі 04.10.2020 дейін
"Сертификаттау және тестілеу жөніндегі аймақтық орган"
ЖАҚ "РОСТЕСТ - Мәскеу" сертификаттау жөніндегі орган
119049, Мәскеу қаласы,
Житная, көш.14, күр.1
Өндіру күні нұсқаулықтың соңғы, мұқаба бетінде көрсетілген.
Импорттаушы контактілік мәліметін орамада табу мүмкін.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тактайшасында жазылған)
істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз
(сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі
– тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз
– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
– ток сымы бүлінген немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз
- жауын-шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз
– корпус ішіне су кірсе, құрылғыны қоспаңыз
- көп ұшқын шықса, пайдаланбаңыз
- қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
Шекті күй белгілері
– ток сымының тозуы немесе зақымдануы
- өнім корпусының зақымдануы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
- құрғақ жерде сақтау керек
– жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек
– сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек
- орамасыз сақтау мүмкін емес
– сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150 (1-шарт) құжатын қараңыз.
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады.
– босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді.
– тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5-шарт) құжатын оқыңыз.
Өзгерістер болуы мүмкін.


1 609 92A 0W5 | (6.10.15) Bosch Power Tools





Қазақша | 155
– тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5-шарт) құжатын оқыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Электр құралдарының жалпы қауіпсіздік нұсқаулықтары
ЕСКЕРТУ: Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техни-
калық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған "Электр құрал" атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелімен) және аккумулятордан қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар.
Жұмыс орнының қауіпсіздігі
Жұмыс орнын таза және жақсы жарықтандырылған күйде ұстаңыз. Тәртіпсіз немесе жарықсыз жұмыс аймақтары жазатайым оқиғаларға әкелуі мүмкін. Жанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиналған жарылыс қаупі бар ортада электр құралын пайдаланбаңыз. Электр құралдары ұшқын шығарып, шаң немесе буларды тұтандыруы мүмкін. ▶ Электр құралдарын пайдалану кезінде балалар мен басқа адамдарды қашық ұстаңыз. Алаңдаушылық кезінде құралды бақылауды жоғалтуыңыз мүмкін.
Электр қауіпсіздігі
Электр құралының айыры розеткаға сәйкес келуі тиіс. Айырға ешқандай өзгерту енгізуге болмайды. Жерге қосылған электр құралдарымен бірге адаптерлік айырларды пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткаларды пайдалану электр тогының соғу қаупін төмендетеді. ▶ Құбырлар, жылытқыштар, плиталар және тоңазытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Егер денеңіз жерге тұйықталған болса, электр тогының соғу қаупі артады. Электр құралдарын ылғалдан және судан сақтаңыз. Электр құралының ішіне су кірсе, электр тогының соғу қаупі артады. Электр құралын тасымалдау, ілу немесе айырын розеткадан шығару үшін кабельді пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтан, майдан, өткір жиектерден немесе құралдың қозғалатын бөліктерінен алыс ұстаңыз. Зақымдалған немесе шиеленіскен кабель электр тогының соғу қаупін арттырады. Электр құралын ашық жерде пайдалансаңыз, тек сыртқы қолданысқа арналған ұзартқышты пайдаланыңыз. Сыртқы қолданысқа арналған ұзартқышты пайдалану электр тогының соғу қаупін төмендетеді.
Электр құралын ылғалды ортада пайдалану қажет болса, қалдық ток құрылғысын (RCD) пайдаланыңыз. RCD қолдану электр тогының соғу қаупін төмендетеді.
Адамдар қауіпсіздігі
Абай болып, не істеп жатқаныңызға ерекше назар аударып, электр құралын ақылмен пайдаланыңыз. Шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі-дәрмек әсерінен болсаңыз, электр құралын пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезіндегі бір сәттік абайсыздық ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
Жеке қорғаныс құралдарын және әрқашан қорғаныш көзілдірігін киіңіз. Электр құралының түріне немесе қолданылуына байланысты шаңнан қорғайтын респиратор, тайғақ емес аяқ киім, қорғаныш дулыға немесе құлаққап сияқты жеке қорғаныс жабдықтарын кию жарақат алу қаупін төмендетеді.
▶ Кездейсоқ іске қосылудан аулақ болыңыз. Электр құралын қуат көзіне және/немесе аккумуляторға қоспас бұрын, оны көтергенде немесе тасымалдағанда, қосқыштың өшірулі күйде екеніне көз жеткізіңіз. Құралды көтеріп тұрып саусағыңызды қосқышта ұстау немесе құрылғыны қосулы күйде қуат көзіне қосу жазатайым оқиғаға әкелуі мүмкін.
Электр құралын қосудан бұрын реттеу кілттері мен гайка кілттерін алып тастаңыз. Айналмалы бөлікте қалған кілт немесе аспап жарақатқа әкелуі мүмкін.
▶ Тұрақты емес дене қалпында тұрмаңыз. Тірек нүктесін сақтап, әрқашан тепе-теңдікті ұстаңыз. Осылайша сіз күтпеген жағдайларда электр құралын жақсырақ бақылай аласыз.
Жұмысқа жарамды киім киіңіз. Кең немесе сәнді киім кимеңіз. Шашыңызды, киім және қолғапты қозғалмалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Кең киім, әшекей немесе ұзын шаш қозғалмалы бөлшектерге тиіп кетуі мүмкін.
▶ Шаңсорғыш және шаңтүтқыш жабдықтарды құрғанда, олардың қосылғандығына және дұрыс пайдаланылуына көз жеткізіңіз. Шаңсорғышты пайдалану шаң себебінен болатын қауіптерді азайтады.
Электр құралдарын пайдалану және күту
▶ Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет болады. Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе құралды алып қоюдан алдын айырды розеткадан шығарыңыз және/немесе аккумуляторды алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.









▶ Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірибесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті болады. Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. ▶ Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті.
Аккумуляторды пайдалану және күту
- Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз. Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін пайдалану өрт қаупін тудырады. ▶ Электр құралдарына арналған аккумуляторларды ғана пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды пайдалану жарақаттарға немесе өртке әкелуі мүмкін. ▶ Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін. Дұрыс пайдаланбағандықтан, аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе, медициналық көмек алыңыз. Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі мүмкін.
Қызмет
Электр құралыңызды тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
Тегістеу және абразивті кесу үшін жалпы қауіпсіздік нұсқаулары
▶ Бұл электр құралын тегістеу машинасы және абразивті кесу машинасы ретінде пайдалану қажет. Құрылғымен бірге алған барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын, ескертпелерді, суреттер мен деректерді сақтаңыз. Төмендегі нұсқаулықтарды орындамау токтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттарға алып келуі мүмкін.
▶ Бұл электр құралы егеуқұм қағазымен ысқылау, сым қылшақпен істеу және жылтырату үшін жарамсыз. Электр құралына арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті және жарақаттар тудыруы мүмкін. ▶ Осы электр құралына арналмаған және өндірушімен ұсынылмаған жабдықтарды пайдаланбаңыз. Электр құралында берік бекіту мүмкіндігі бар жабдықтар ғана қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етеді. ▶ Алмалы-салмалы аспаптың рұқсат етілген айналымдар саны кемінде электр құралында белгіленген максималды айналымдар санына сәйкес болуы керек. Рұқсат етілгеннен жылдам айналатын жабдық бұзылып, шашылып кетуі мүмкін. Жұмыс құралының сыртқы диаметрі және қалыңдығы электр құралдың өлшемдеріне сәйкес болуы керек. Өлшемдері қате анықталған салынған бөлшек жеткілікті қорғалмайды және бақылаудан шығуы мүмкін. ▶ Ирек оймалы тесіктері бар тегістеу шеңберлері тегістеу шпинделінің ирек оймасына дәл келуі керек. Фланец көмегімен орнатылған құралдарды пайдаланғанда құрал тесігінің диаметрі фланец диаметріне сәйкес келуі керек. Электр құралда дұрыс тұрмаған жұмыс құралдары соғылып айналады, қатты дірілдейді және бақылауды жоғалтуға әкелуі мүмкін. Бұзылған алмалы-салмалы аспапты пайдаланбаңыз. Жұмыс құралдарында, мысалы, тегістеу шеңберлерінде, әр пайдалану алдында сынықтар және жарықтар, тегістеу тәрелкелерінде сынықтар, өтпес болып қалу және қатты тозу бар-жоғын, сымды щеткаларда бекітілмеген және сынған сымдар бар-жоғын тексеріңіз. Электр құралын немесе алмалы-салмалы аспапты түсіріп алсаңыз, оны тексеріңіз, тек зақымдалмаған алмалы-салмалы аспапты пайдаланыңыз. Алмалы-салмалы аспапты тексеріп пайдалану кезінде өзіңіздің және өзге адамдардың айналатын алмалы-салмалы аспаптан қашық жерде тұрғанында ғана электр құралын бір минут ішінде максималды айналымдар санында қосыңыз.
Зақымдалған алмалы-салмалы аспаптар осы тексеру кезінде бұзылады.
Жеке қорғаныс жабдықтарын киіп жүріңіз. Жұмыста бетті толық қорғайтын масканы, көз сақтауышын немесе қорғаныш көзілдірікті киіңіз. Қажет болса шаңтұтқыш, қорғаушы қолғапты, алжапқышты немесе басқа да қорғаныс киімдерін киіңіз. Көздер әртүрлі жұмыстардан пайда болып шашылатын бөтен бөлшектерден қорғануы қажет. Шаңтұтқыш және газқағар жұмыс кезінде пайда болатын шаңды сүзгіден өткізеді. Дыбысы қатты шуылда көп болу есту қабілетіңізді төмендетуі мүмкін. Басқа адамдардың жұмыс кеңістігінен қашық тұрғанына көз жеткізіңіз. Жұмыс кеңістігіне кірген әрбір адам жеке қорғаныш жабдықтарын киюі қажет. Дайындама немесе бұзылған алмалы-салмалы аспаптың сынған бөлшектері атылып жұмыс кеңістігінен тыс жерде де зақым келтіруі мүмкін.








▶ Алмалы-салмалы аспаптың жасырын тоқ сымына тиюі ықтимал жұмыстарды орындауда құралды тек оқшауландырылған тұтқасынан ұстаңыз. Тоқ өтетін сымға тию металл құрал бөлшектеріне тоқ беріп, соғуына әкелуі мүмкін. ▶ Алмалы-салмалы аспап толық тоқтамайынша электр құралын босатушы болмаңыз. Айналып тұрған алмалы-салмалы аспап қойылған жеріне тиіп, электр құралын бақылауды жоғалтуыңыз мүмкін. Электр құралын тасымалдау кезінде қосушы болмаңыз. Кездейсоқ тию арқылы айналып тұрған алмалы-салмалы аспап киіміңізге оралып, денеңізді ауыр жарақаттауы мүмкін. Электр құралыңыздың желдеткіш тесігін жүйелі түрде тазалаңыз. Қозғалтқыш турбинасы құрылғы ішіне көп шаң тартады, металды шаң жиналып электр қауіпін тудыруы мүмкін. Электр құралын ешқашан жанғыш материалдар жанында пайдаланбаңыз. Ұшқындар бұл материалдарды жандыруы мүмкін. ▶ Сұйық салқындатқыштарды қажет ететін құралдарды пайдаланбаңыз. Суды немесе басқа салқындатқыш сұйықтықтарды пайдалану ток соғуына әкелуі мүмкін.
Кері соққы және сәйкес қауіпсіздік техникасының ережелері
Кері соққы сыналанып, тұрып қалған немесе айналып жатқан орнатылған құралдың, мысалы, тегістеу шеңберлерінің, тегістеу тәрелкелерінің, сымды щеткалардың және т.б. кенет реакциясының нәтижесі болып табылады. Тұрып қалу немесе сыналану айналып жатқан құралдың кенет тоқтап қалуына әкеледі. Бұл кезде бақыланбайтын құрал бұғатталу орнында жұмыс құралының айналу бағытына қарсы жылдамдайды. Тегістеу шеңбері бұғатталса немесе дайындамада тұрып қалса, онда дайындамаға кіргізілген тегістеу шеңберінің жиегі қысылып қалуы және нәтижесінде шеңбердің дайындамадан ыршуына немесе кері соққыға әкелуі мүмкін. Бұл кезде бұғатталу орнындағы шеңбердің бағытына байланысты тегістеу шеңбері операторға немесе одан ары қозғалады. Тегістеу шеңбері сынуы мүмкін.
Кері соққы электр құралды дұрыс пайдаланбаудың немесе оператор қатесінің салдары болып табылады. Мұны төменде сипатталғандай тісті сақтық шараларын қолдану арқылы болдырмауға болады. Электр құралды берік ұстаңыз, денеңіз кері соққыларды ұстан қалатындай қалыпта болуы керек. Айналымдар артқан кезде кері соққыларға немесе реакциялық моменттерге мүмкіндігінше жақсы қарсы түру үшін бар болса қосымша тұтқаны пайдаланыңыз. Оператор тиісті сақтық шараларының көмегімен кері соққыларға және реакциялық моменттерге қарсы тұра алады. ▶ Қолыңыз айналып жатқан құралдың жанында болмауы керек. Кері соққы кезінде құрал қолыңызға жылжуы мүмкін.
▶ Кері соққы кезінде электр құрал жылжитын аумақтан ары тұрыңыз. Кері соққы электр құралды бұғатталу орнындағы тегістеу шеңберінің қозғалысына кері бағытта жылжытады. ▶ Бұрыштарда, үшкір жиектерде және т.б. әсіресе абайлап жұмыс істеңіз. Жұмыс құралының дайындамадан ыршуын және сыналануын болдырмаңыз. Айналып жатқан жұмыс элементі бұрыштарда, үшкір жиектерде және ыршу кезінде сыналануға бейім. Бұл бақылауды жоғалтуды және кері соққыны тудырады. ▶ Аралау шынжырларын және аралау полотносын пайдаланбаңыз. Мұндай жұмыс құралдары жиі кері соққының немесе электр құралды бақылауды жоғалтудың себебіне айналады.
Тегістеу және кесу туралы арнайы нұсқаулар
▶ Тек осы электр құралына арналған қорғағыш қаптамаларды ғана пайдаланыңыз. Электр құралыңызға арналмаған абразивті құралдар жеткілікті жабылмайды және қауіпті болуы мүмкін. ▶ Құрал қорғағыш қаптаманың деңгейінен шығып тұрмау үшін майысқан тегістеу дискісін электр құралға берік және мүмкіндігінше жоғары қауіпсіздік деңгейімен орнату керек. Қорғағыш қаптаманың деңгейінен шығып тұратын, дұрыс орнатылмаған тегістеу шеңберін жеткілікті қорғау мүмкін емес. Қорғаныш қаптамасы электр құралында берік бекітілген, ажарлауыш шарықтың ең кіші бөлшегі пайдаланушы үшін қауіпсіздік деңгейінің ең жоғары көрсеткішіне сай реттелген болуы қажет. Қорғаныш қаптамасы пайдаланушыны сынған бөлшектерден, ажарлауыш шарығының кездейсоқ тиюінен және киімді жағып жіберуі мүмкін ұшқындардан қорғайды. ▶ Абразивті құралдарды тек ұсынылатын жұмыстар үшін пайдалану керек. Мысалы: ешқашан кесу шеңберінің бетін тегістемеңіз. Кесу шеңберлері материалды жиекпен алуға арналған. Бүйірлік күштер әсер етсе осы абразивті құрал сынуы мүмкін. ▶ Әрқашан зақымдалмаған, таңдалған тегістеу шеңбері үшін өлшемдері және пішіні дұрыс қысқыш фланецтерді пайдаланыңыз. Дұрыс фланецтер тегістеу шеңбері үшін тірек болып табылады және оның сыну қаупін азайтады. Кесу шеңберлеріне арналған фланецтер тегістеу шеңберлеріне арналғаннан ерекшеленуі мүмкін. ▶ Үлкен электр құралдардың тозған тегістеу шеңберлерін пайдаланбаңыз. Үлкен электр құралдарға арналған тегістеу шеңберлері шағын электр құралдардың жоғары айналу жылдамдықтарына арналмаған және сынуы мүмкін.
Тегістеу шеңберімен кесуге қатысты қауіпсіздік техникасы туралы қосымша ерекше нұсқаулар
▶ Кесу шеңберінің бұғатталуын немесе артық басу қысымын болдырмаңыз. Тым терең кесулерді орындамаңыз. Кесу шеңберіне артық жүктеме түсіру оның еңкеюіне және бұғатталуына әкеледі және









осылайша кері соққының немесе абразивті құралдың сынуы мүмкіндігін арттырады.
▶ Айналатын шеңбердің алдындағы және артындағы аймаққа жақындамаңыз. Кесу шеңберін дайындамада өзіңізден ары жүргізсеңіз, онда кері соққы жағдайында айналып жатқан шеңбер бар электр құрал сізге ыршуы мүмкін. ▶ Кесу шеңбері сыналанып қалса немесе жұмыс үзілісінде электр құралды өшіріңіз және шеңбер тоқтағанша қозғалтпай ұстаңыз. Әлі айналып жатқан шеңберді кесілген жерден шығаруға ешқашан тырыспаңыз, бұл кері соққыға әкелуі мүмкін. Сыналану себебін анықтаңыз және жойыңыз. ▶ Абразивті құрал әлі дайындамада кезде электр құралды қайтадан қоспаңыз. Кесуді жалғастырмай тұрып кесу шеңберіне толық айналымдарға жетуге мүмкіндік беріңіз. Әйтпесе шеңбер тұрып қалуы, дайындамадан ыршуы және кері соққыға әкелуі мүмкін. ▶ Кесу шеңбері сыналанып қалған жағдайда кері соққы мүмкіндігін азайту үшін тақталарды және үлкен дайындамаларды тіреңіз. Үлкен дайындамалар өз салмағынан майысуы мүмкін. Дайындаманы кесіп жатқан жердің екі жағында да, жиектерде де тіреу керек. ▶ Бар қабырғаларда немесе басқа көрінбейтін аймақтарда "ойма ара кесігін" абайлап орындаңыз. Ендірілетін кесу шеңбері кесу кезінде су құбырына, электр сымдарына және басқа нысандарға тиіп, бұл кері соққыға әкелуі мүмкін.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.

▶ Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырынған қорек сымдарын табыңыз немесе жергілікті қорек ұйымдарын шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе ток соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін. ▶ Қуат өшсе, мысалы, аккумулятор шешілсе, сөндіргіш бекіткішін алыңыз және өшірулі күйге орнатыңыз. ▶ Тегістеу және кесу шеңберлеріне тимеңіз. Шеңберлер жұмыс кезінде қызады. ▶ Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен салыстырғанда, берік ұсталады. Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар. Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-ақ, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қаупі бар. - Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
▶ Бұл аккумуляторларды тек өзіңіздің Bosch өніміңізде пайдаланыңыз. Тек осы жағдайда аккумулятор ауыр шамадан тыс жүктемелерден қорғалған болады. ▶ Шеге немесе бұрауыш сияқты үшкір заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
Өнім және қызмет сипаттамасы

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға апаруы мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы суды пайдаланбай металдан, тастан және ағаштан, пластиктен, түсті металдан және плиткалардан жасалған материалдарды кесуге және сыдырып алуға арналған. Кесу үшін арнайы қорғағыш қаптаманы пайдалану керек.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
1 Корпустегі айналу көрсеткісі 2 Шпиндельді бекіту түймесі 3 Қосқыш/өшіргіш 4 Аккумулятор* 5 Аккумуляторды босату түймесі* 6 Аккумулятордың зарядталу күйі индикаторы 7 Тегістеуге арналған қорғағыш қаптама 8 Ажарлау шпинделі 9 Тұтқа (беті оқшауландырылған)
10 Кесуге арналған қорғағыш қаптама*
11 Шайбасы бар қысқыш бұранда 12 Кесуге шенбері* 13 Алты қырлы деңгелек кілт
*Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Техникалық мәліметтер
| Ажарлау GWS 10,8-76 V-EC |
| Өнім нөмірі | | 3 601 JF2 ... |
| Жұмыс кернеуі | B= 10,8 | |
| Номиналды айналым саны | мин -1 | 19500 |
| * пайдаланған аккумуляторге байланысты |
| ** <0 °C температураларда шектелген куат |








Қазақша | 159
Ажарлау GWS 10,8-76 V-EC
| Тегістеу шенберінің ең үлкен диаметрі | мм 76 |
| Патрон диаметрі | мм 10 |
| EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай салмағы | кг 0,70/0,89* |
| Сақтық сыныпы | |
| Рүқсат етілген қоршау температурасы | |
| – з а р я д т а у д а | °C |
| – п а й д а ̈ммәнсқтауда | °C |
| ұсынылған аккумуляторлер | |
| ұсынылатын зарядтау құралдары | |
| * пайдаланған аккумуляторге байланысты | |
| ** <0 °C температураларда шектелген куат | |
Шуыл және дірілдеу туралы ақпарат
Шу эмиссиясының мәндері EN 60745-2-3 бойынша есептелген.
А-мен белгіленген электр құралын шуыл деңгейі әдетте төмендегіге тең: дыбыс күші 75 дБ(А); дыбыс қуаты 86 дБ(А). Өлшеу дәлсіздігі К = 3 дБ.
Құлақты қорғау құралдарын киіңіз!
Жиынтық діріл мәні ah (үш бағыттың векторлық қосындысы) және К дәлсіздігі EN 60745-2-3 стандартына сай анықталған:
Бетін ажарлау (бастапқы ажарлау): acar = 13,5 M/c2 , K = 1,5 M/c2
Осы ескертпелерде берілген дірілдеу пәрмені EN 60745 ережесінде мөлшерленген өлшеу әдісі бойынша есептелген болып, электр құралдарды бір-бірімен салыстыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Ол дірілдеу қуатын шамалап өлшеу үшін де жарамды.
Берілген діріл көлемі электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін түрлі керек-жарақтармен, басқа алмалы-салмалы аспаптармен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса, дірілдеу көлемдері өзгереді. Бұл жұмыс барысындағы діріл қуатын арттырады. Дірілдеу қуатын нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл дірілдеу қуатын бүкіл жұмыс уақытында қатты төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды жылы ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдастыру.
Сәйкестік мәлімдемесі

Жеке жауапкершілікпен біз "Техникалық мәліметтер" де сипатталған өнімнің 2011/65/EU, 2016 жыл 19 сәуірге дейін: 2014/108/EC, 2016 жыл 20 сәуірден соң 2014/30/EU, 2006/42/EC ережелеріндегі барлық тиісті анықтамаларына өзгерістерімен бірге сәйкес екенін және төмендегі нормаларға сай екенін кепілдендіреміз: EN 60745-1, EN 60745-2-3.
Техникалық құжаттар (2006/42/EC) төмендегідей:
Robert Bosch GmbH, PT/ETM9,
70764 Leinfelden-Echterdingen, GERMANY
Henk Becker
Ескертпе: аккумулятор ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын қамтамасыз ету үшін пайдалану алдында аккумуляторды зарядтау құрылғысында толығымен зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады. Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection (ECP)" арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған.
Аккумулятор заряды жоқ болса, электр құралы қорғаныс схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа қозғалмайды.
Электр құралы автоматты түрде өшкеннен соң қосқыш/өшіргішті басқа баспаңыз. Әйтпесе аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.
Аккумуляторды шешу (А суретін қараңыз)
Аккумуляторды шығару үшін 4 аккумуляторды босату түймесін 5 басыңыз және аккумуляторды электр құралдан шығарыңыз. Бұл кезде күшті қолданбаңыз.
| Уздіксіз жарык 3 x жасыл | ≥2/3 |
| Уздіксіз жарык 2 x жасыл | ≥1/3 |
| Уздіксіз жарык 1 x жасыл | <1/3 |
| Жыпылыктайтын жарык 1 x жасыл | Резерв |
Қорғаныш жабдықтарын орнату
- Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.
Ескертпе: Жұмыс кезінде тегістеу шеңбері бұзылса немесе қорғағыш қаптама/электр құрал құрылғылары бұзылса, электр құралды бірден сервис қызметіне жіберу керек,








мекенжайларды "Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері" тарауынан қараңыз.
Кесуге арналған қорғағыш қаптама
▶ Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін әрқашан кесуге арналған қаптаманы 10 пайдаланыңыз. ▶ Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын қамтамасыз етіңіз.
Қорғаныш қаптамасын орнату (В суретін қараңыз)
Кесуге 10 арналған қорғағыш қаптама ажарлауға арналған қорғағыш қаптамадай 7 тірелгенше орнатылады.
Қорғаныш қаптамасын реттеу
Қорғағыш қаптаманы керекті күйге тірелгенше бұраңыз. Ол үшін сайман керек болмайды.
Ажарлауыш құралдарын орнату (В суретін қараңыз)
- Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар. ▶ Тегістеу және кесу шеңберлеріне тимеңіз. Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
Тегістеу шпинделін 8 және барлық орнатылатын құралдарды тазалаңыз.
Ажарлау саймандарын қысу немесе босату үшін шпиндельді бұғаттау пернесін 2 алға жылжытып, бір уақытта ажарлау сайманын ажарлау шпинделін бекіту үшін бұраңыз.
▶ Шпиндельді бекіту түймесін тек шпиндель тоқтатылған күйде басыңыз. Әйтпесе электр құралын зақымдау мүмкін.
Тегістеу шеңбері/кесу шеңбері
Тегістеу құралдарының өлшемдерін ескеріңіз. Орнату тесігінің диаметрі тірек фланецке сәйкес болуы керек. Адаптерлерді немесе жалғастырғыш тетіктерді пайдаланбаңыз.
Алмасты кесу шеңберлерін пайдаланғанда алмасты кесу шеңберіндегі жылжыту бағытының көрсеткіші электр құралдағы айналу бағытына сәйкес болуын қадағалаңыз (корпустағы көрсеткіні қараңыз).
Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.
Ажарлау сайманын 11 бұрандасымен бекітіңіз. Бұранданы алты қырлы тұқыр кілтпен 13 бұранданың тығырығы ажарлау сайманында тегіс жатқанша тартыңыз.
▶ Тегістеу құралын орнатқаннан кейін қосу алдында орнатудың дұрыстығын және құралдың еркін айналатынын тексеріңіз. Тегістеу құралы қорғағыш қаптамаға және басқа бөлшектерге үйкелмей айналып жатқанына көз жеткізіңіз.
Жарамды тегістеу құралы
Осы нұсқаулықта жоғарыда атап өтілген барлық тегістеу құралдарын пайдалануға болады.
Пайдаланылатын тегістеу құралдарының рұқсат етілген айналымдар саны [мин -1 ] немесе айналу жылдамдығы [м/с] төменде берілген кестедегі мәндерден төмен болмауы керек.
Сондықтан тегістеу құралының жапсырмасында көрсетілген рұқсат етілген айналымдар санын немесе айналу жылдамдығын сақтаңыз.
ең көбі
[MM]
Dbd[мин


-1] [M/c]

76 7 10 19.500 80
Ажарлау дискілерін таңдау
| Ажарлаудискілері | Материал |
 | Carbide Multi Wheel ПВХ, агаш,композит,плексиглас |
 | Expert for Metal Алюминий, мыс |
 | Best for Ceramic Плитка, бетон,кірпіш |
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін. Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен өңделуі керек.
-Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз. - P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын үйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Ескертпе: Электр құралыңызға арналмаған аккумуляторды пайдалану қате жұмыс істеуіне немесе электр құралының зақымдануына алып келуі мүмкін.








Қазақша | 161
Зарядталған аккумуляторды 4 разъемға бекітілгенін және разъемға тығыз тиіп тұрғанын сезгенше салыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралын іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті 3 алға жылжытыңыз.
Қосқыш/өшіргішті 3 бекіту үшін оның алдыңғы жағын төменге тірелгенше басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, қосқыш/өшіргішті 3 жіберіңіз немесе ол бекітілген болса, қосқыш/өшіргішті 3 қысқаша артына басып, содан кейін жіберіңіз.
Энергияны үнемдеу үшін электр құралын тек пайдаланарда қосыңыз.
▶ Пайдалану алдында ажарлау құралдарын қайта тексеріңіз. Ажарлау құралы берік орнатылып, еш кедергісіз айналуы қажет. 1 минут ішінде жүктемесіз сынау жұмысын орындаңыз. Ақауы бар, домалақ емес және дірілдейтін ажарлау құралдарын пайдаланбаңыз. Бұзылған ажарлау құралдары жарылып, зақымдарға әкелуі мүмкін.
Температураны бақылау/артық жүктеу қорғанысы индикаторы
Қызыл жарық диодтық көрсеткіш 6 аккумуляторды қызып кетуден және қозғалтқышты артық жүктеуден қорғауға көмектеседі.
Жарық диодтық көрсеткіш 6 үздіксіз қызыл жанса, аккумулятор температурасы тым жоғары болып, электр құралы автоматты түрде өшеді.
- Электр құралын өшіріңіз.
- Жұмысты жалғастырудан алдын аккумуляторды суытыңыз.
Жарық диодтық көрсеткіш 6 қызыл түсте жыпылықтаса, электр құралы блокталған болып, автоматты түрде өшеді.
– Электр құралын аспаптан тартып алыңыз.
Блокталу жойылғаннан соң электр құралы жұмысын жалғастырады.
▶ Тірек қабырғаларда ойықтар жасағанда абайлаңыз, "Статика туралы нұсқаулар" тарауын қараңыз.
Жеңіл құрылыс заттарын кесу кезінде материал өндірушісінің нұсқаулықтары мен ұсыныстарын орындаңыз.
▶ Салмағы тұрақты қалыпты қамтамасыз етпесе, дайындаманы бекітіңіз.
▶ Электр құралға тоқтағанша жүктеме түсірмеңіз.
Жоғары жүктемеден кейін электр құралдың біраз салқындауына, бірнеше минут бос жүрісте жұмыс істеуіне мүмкіндік беріңіз.
▶ Тегістеу және кесу шеңберлеріне тимеңіз.
Шеңберлер жұмыс кезінде қызады.
▶ Электр құралды абразивті-кесу станинада пайдаланбаңыз.
Егер электр құралы электростатикалық ретте зарядталса, орнатылған электроника электр құралын өшіреді. Электр құралын қайта іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті 3 басыңыз.
Сыдырып тегістеу
▶ Ешқашан кесу шеңберлерін сыдырып тегістеу үшін пайдаланбаңыз.
30° – 40° шеңбер бұрышымен сыдырып тегістеу кезінде ең жақсы нәтижелер алуға болады. Электр құралды жайлап басып, алға және артқа жылжытыңыз. Бұл кезде дайындама тым қатты қызбайды, түсін өзгертпейді және арналар пайда болмайды.
Металдарды кесу
▶ Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін әрқашан кесуге арналған қаптаманы 10 пайдаланыңыз.
Тегістеу шеңберімен кескенде біркелкі, материал үшін дұрыс берумен жұмыс істеңіз. Кесу шеңберіне қысым түсірмеңіз, оны еңкейтпеңіз және шайқамаңыз.
Бүйірлік қысыммен айналғанында кесу шеңберін тоқтатпаңыз.
Электр құралды әрқашан айналу бағытына кері жүргізу керек. Әйтпесе бақылаусыз кесілген жерден шығу қаупі туындайды.
Профильдерді немесе төрт қырлы құбырларды кесу кезінде кесуді ең аз қөлденең қимада бастаңыз.
Тасты кесу
▶ Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын қамтамасыз етіңіз.
▶ Шаңтұтқыш маскасын киіңіз.
▶ Бұл электр құралды тек құрғақ кесу/құрғақ тегістеу үшін пайдалануға болады.
Тасты кесу үшін алмас кесу дискілерін пайдаланған жөн.
Құрамында қыршық тас өте көп аса қатты материалдарды, мысалы, бетонды, өңдеу кезінде алмас шеңбер қызып кетуі және зақымдалуы мүмкін. Алмас шеңбердегі ұшқындар осыны білдіреді.
Бұл жағдайда жұмысты тоқтатыңыз және алмас шеңберді бос жүрісте, ең жоғары жылдамдықта қысқа уақыт бойы салқындатыңыз.
Өнімділіктің айтарлықтай төмендеуі және ұшқындар алмас кесу шеңбері өтпес болып қалғанын білдіреді. Оны абразивті материалда, мысалы, силикат кірпіште, қысқаша кесу арқылы өткірлеуге болады.
Статика туралы нұсқаулар
Тірек қабырғалардағы ойықтарға DIN 1053 нормасының 1 тармағы немесе сәйкес елдегі ереже қолданылады.
Бұл нұсқауларды міндетті түрде орындау керек. Жұмысты бастамас бұрын статика жөніндегі маманмен, сәулетшімен немесе прорабпен кеңесіңіз.
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы нұсқаулар
Аккумуляторды тек – 20 °C ... 50 °C температура ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.











162 | Қазақша
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
- Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар. ▶ Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Жабдықтарды мұқият сақтаңыз және күтіңіз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға тиянақты жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің зауыттық тақтайшасындағы 10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
ЖШС "Роберт Бош"
Электр құралдарына қызмет көрсету орталығы
Алматы қаласы
Қазақстан
050050
Райымбек даңғылы
Коммунальная көшесінің бұрышы, 169/1
Тел.: +7 (727) 232 37 07
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: info.powertools.ka@bosch.com
Ресми сайты: www.bosch.kz; www.bosch-pt.kz
Тасымалдау
Бұл литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға қойылатын талаптарға сай болуы керек. Пайдаланушы аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз тасымалдай алады.
Үшінші тұлғалар (мысалы, әуе көлігі немесе жіберу) орамаға және маркаларға қойылатын арнайы талаптарды сақтау керек. Жіберуге дайындау кезінде қауіпті жүктер маманына хабарласу керек.
Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана жіберіңіз.
Ашық түйіспелерді желімдеңіз және аккумуляторды
орамада қозғалмайтындай ораңыз.
Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз.
Кәдеге жарату

Электр құралдарды, аккумуляторларды, керек-жарақтарды және орау материалдарын экологиялық тұрғыдан дұрыс утилизациялауға тапсыру керек.
Электр құралдарын және аккумуляторларды/батареяларды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:

Электр және электрондық ескі құралдар бойынша 2012/19/EU директивасына және 66/66/ЕС нормасына сай жарамсыз электр құралдарды, ақаулы немесе пайдаланылған аккумуляторларды/батареяларды бөлек жинау керек және экологиялық тұрғыдан дұрыс утилизациялауға тапсыру керек.
Аккумуляторлар/батареялар:

Литий-иондық:
"Тасымалдау" тарауындағы, 162 бетіндегі нұсқауларды орындаңыз.
Техникалық өзгерістер енгізу құқығы сақталады.





