GGS 18 V-LI Professional - ұнтақтағыш BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GGS 18 V-LI Professional BOSCH PDF форматында.

BOSCH GGS 18 V-LI Professional - ұнтақтағыш
📄 211 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice BOSCH GGS 18 V-LI Professional - page 132
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түрі Тік тегістегіш
Бренд Bosch
Модель GGS 18 V-LI Professional
Номиналды кернеу 18 В
Батарея түрі Литий-ионды (Li-Ion)
Бос жүріс жылдамдығы (макс) 28 000 айн/мин
Тегістеу дөңгелегінің диаметрі 25 мм
Салмақ (батареясыз) 1,4 кг
Ұзындығы 350 мм
Биіктігі 80 мм
Ені 85 мм
Артық жүктемеден қорғау Иә (электрондық)
Қайта іске қосылудан қорғау Иә
Жылдамдық реттегіші Жоқ
Қозғалтқыш тежегіші Иә
Қорғаныс қақпағы Кіреді
Ұсынылатын қолдану Тегістеу, жылтырату, тазалау
Күтім Желдету саңылауларын үнемі тазалау
Тазалау Құрғақ шүберекпен, сусыз
Қосалқы бөлшектер Өндірушіде қолжетімді
Сертификат CE

Жиі қойылатын сұрақтар - GGS 18 V-LI Professional BOSCH

Bosch GGS 18 V-LI Professional батареясының автономдылығы қандай?
Автономдылығы пайдалану мен батарея сыйымдылығына байланысты. 4,0 Ач батареямен үздіксіз пайдалануда шамамен 30 минутқа жетуі мүмкін.
Басқа брендтердің тегістеу дөңгелектерін осы үккішпен пайдалана аламын ба?
Иә, егер олардың тесігі 6 мм және диаметрі 25 мм болса. Дөңгелектің максималды жылдамдығы 28 000 айн/мин жоғары екеніне көз жеткізіңіз.
GGS 18 V-LI-де тегістеу дөңгелегін қалай ауыстыруға болады?
Берілген кілтпен патронды бұрап ашыңыз, ескі дөңгелекті алыңыз, жаңасын салыңыз және мықтап қатайтыңыз. Әрқашан қорғаныс қолғаптарын пайдаланыңыз.
GGS 18 V-LI Bosch 18 V ProCORE батареяларымен үйлесімді ме?
Иә, ол Bosch Professional 18 V барлық батареяларымен, оның ішінде ProCORE және Compact серияларымен үйлесімді.
Бұл құралдағы қозғалтқыш тежегішінің қызметі қандай?
Қозғалтқыш тежегіші ажыратқышты өшіргеннен кейін тегістеу дөңгелегінің айналуын тез тоқтатады, бұл жарақат алу қаупін азайтады және дәлірек жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Bosch GGS 18 V-LI Professional қалай тазалауға болады?
Сыртқы бетін сүрту үшін құрғақ шүберек пайдаланыңыз. Құралды ешқашан суға батырмаңыз. Желдету саңылауларын жұмсақ щеткамен үнемі тазалаңыз.
Патронды күту үшін қандай май түрін қолдану керек?
Құралдарға арналған жеңіл майды немесе тігін машинасының майын пайдаланыңыз. Бірнеше сағат пайдаланудан кейін патронға кішкене тамшы жағыңыз.
Қорғаныс қақпағы міндетті ме?
Иә, қорғаныс қақпағы әрқашан орнында болуы керек, себебі ол пайдаланушыны сынықтар мен дөңгелек сынықтарынан қорғайды.
Металды жылтырату үшін осы құралды пайдалана аламын ба?
Иә, сәйкес жылтырату керек-жарақтарымен (киіздер, щеткалар). Мүмкіндігінше жылдамдықты азайтыңыз және жеңіл қысыммен пайдаланыңыз.
GGS 18 V-LI үшін қосалқы бөлшектерді қайдан табуға болады?
Қосалқы бөлшектер Bosch кейінгі қызмет көрсету орталығында немесе рұқсат етілген сатушыларда қолжетімді. Іздеу үшін модель нөмірін пайдаланыңыз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы GGS 18 V-LI Professional BOSCH

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз ұнтақтағыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GGS 18 V-LI Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GGS 18 V-LI Professional брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GGS 18 V-LI Professional BOSCH

Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген.

Өндіру күні нұсқаулықтың соңғы, мұқаба бетінде көрсетілген.

Импорттаушы контактілік мәліметін орамада табу мүмкін.

Өнімді пайдалану мерзімі

Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.

Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі

  • тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз
  • өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
  • ток сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз
  • жауын-шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз
  • корпус ішіне су кірсе, құрылғыны қосушы болмаңыз
  • көп ұшқын шықса, пайдаланбаңыз
  • қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз

Шекті күй белгілері

- өнім корпусының зақымдалуы

Қызмет көрсету түрі мен жиілігі

Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.

Сақтау

  • Құрғақ жерде сақтау керек.
  • Жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек.
  • Сақтау кезінде температураның кенеттен өзгеруінен қорғау керек.
  • Орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз.

Тасымалдау

  • Тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді.
  • Тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5 шарт) құжатын оқыңыз.

Қауіпсіздік нұсқаулары

Электр құралдарының жалпы қауіпсіздік нұсқаулықтары

ЕСКЕРТУ

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз.

Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау токтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.

Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.

Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған „Электр құрал” атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелімен) және аккумулятордан қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар.

Жұмыс орнының қауіпсіздігі

Жұмыс орнын таза және жақсы жарықталған жағдайда ұстаңыз. Тәртіпсіздік немесе жарық болмаған жұмыс аймақтары жазатайым оқиғаларға алып келуі мүмкін. Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған жарылыс қаупі бар қоршауда электр құралды пайдаланбаңыз. Электр құралдары ұшқын шығарып, шаң немесе буларды жандыруы мүмкін. Электр құралдарын пайдалану кезінде балалар және басқа адамдарды ұзақ жерге шеттетіңіз. Ауытқу кезінде құрал бақылауын жоғалтуыңыз мүмкін.

Электр қауіпсіздігі

Электр құрал штепселінің айыры розеткаға сыйюы қажет. Айырды ешқандай өзгерту мүмкін емес. Жарып қосылулы электр құралдарменен ешқандай адаптерлік айырды пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айыр және жарамды розеткаларды пайдалану электр ток соғу қаупін төмендетеді. Құбыр, жылытатын жабдық, плита және суытқыш сияқты жерге қосулы құралдар сыртына тимеңіз. Егер денеңіз жерге қосулы болса, электр тоғының соғу қаупі артады. Электр құралдарын жаңбырдан, сыздан сақтаңыз. Электр құралының ішіне су кірсе, ол электр тогының соғу қаупін арттырады. Электр құралды алып жүру, асып қою немесе айырын розеткадан шығару үшін кабельді пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтан, майдан, өткір шеттерден немесе құралдың жылжымалы бөліктерінен алыс жерде ұстаңыз. Зақымдалған немесе шиеленіскен кабель электр тогының соғу қаупін арттырады.

BOSCH GGS 18 V-LI Professional - Электр қауіпсіздігі - 1

BOSCH GGS 18 V-LI Professional - Электр қауіпсіздігі - 2

BOSCH GGS 18 V-LI Professional - Электр қауіпсіздігі - 3

BOSCH GGS 18 V-LI Professional - Электр қауіпсіздігі - 4

BOSCH GGS 18 V-LI Professional - Электр қауіпсіздігі - 5

Электр құралымен ашық жерде жұмыс істесеңіз, тек сыртта пайдалануға арналған ұзартқышты пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға арналған ұзартқышты пайдалану электр тогының соғу қаупін төмендетеді. Электр құралын ылғалды қоршауда пайдалану қажет болса, автоматты сақтандырғыш ажыратқышын пайдаланыңыз. Автоматты сақтандырғыш ажыратқышты пайдалану ток соғу қаупін төмендетеді.

Адамдар қауіпсіздігі

Сақ болып, не істеп жатқаныңызға айрықша көңіл бөліп, электр құралын ретімен пайдаланыңыз. Шаршаған жағдайда немесе елітікіш, алкоголь немесе дәрі әсері астында электр құралды пайдаланбаңыз. Электр құралды пайдалануда секундтық абайсыздық қатты жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Жеке сақтайтын киімді және әрдайым қорғаныш көзілдірікті киіңіз. Электр құрал түріне немесе пайдалануына байланысты шаңтұтқыш, сырғудан сақтайтын бәтеңке, сақтайтын шлем немесе құлақ сақтағышы сияқты жеке қорғаныс жабдықтарын кию жарақаттану қаупін төмендетеді. ▶ Байқаусыз пайдаланудан аулақ болыңыз. Электр құралын токқа және/немесе аккумуляторға қосуда, оны көтергенде немесе алып жүргенде, өшірулі болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын көтеріп тұрғанда, бармақты ажыратқышта ұстау немесе құрылғыны қосулы күйде токқа қосу, жазатайым оқиғаға алып келуі мүмкін. Электр құралын қосудан алдын реттейтін аспаптарды және гайка кілттерін алыстатыңыз. Айналатын бөлшекте тұрған аспап немесе кілт жарақаттануларға алып келуі мүмкін. ▶ Қалыпсыз дене күйінде тұрмаңыз. Тірек күйде тұрып, әрқашан өзіңізді сенімді ұстаңыз. Осылай сіз күтпеген жағдайда электр құралды жақсырақ бақылайсыз. Жұмысқа жарамды киім киіңіз. Кең немесе сәнді киім кимеңіз. Шашыңызды, киім және қолғапты қозғалмалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Кең киім, әшекей немесе ұзын шаш қозғалмалы бөлшектерге тиюі мүмкін. ▶ Шаңсорғыш және шаңтұтқыш жабдықтарды құрғанда, олардың қосылғандығына және дұрыс пайдаланылуына көз жеткізіңіз. Шаңсорғышты пайдалану шаң себебінен болатын қауіптерді азайтады.

Электр құралдарын пайдалану және күту

▶ Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. ▶ Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет болады.

Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе құралды алып қоюдан алдын айырды розеткадан шығарыңыз және/немесе аккумуляторды алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. ▶ Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірибесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті болады. Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің өздігінен істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. ▶ Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті.

Аккумуляторды пайдалану және күту

Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз. Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін пайдалану өрт қаупін тудырады. Электр құралдарына арналған аккумуляторларды ғана пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды пайдалану жарақаттарға немесе өртке әкелуі мүмкін. Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа усақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін. Дұрыс пайдаланбағандықтан, аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе, медициналық көмек алыңыз. Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі мүмкін.

Қызмет

Электр құралыңызды тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жөндегіңіз. Сол арқылы электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.

134 | Қазақша

Тік ажарлауыш қауіпсіздік нұсқаулары

Тегістеуге қатысты қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы нұсқаулар

Бұл құралды тегістеу машинасы ретінде пайдалану керек. Электр құралымен бірге алған барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын, ескертпелерді, суреттерді және деректерді сақтаңыз. Төмендегі нұсқаулықтарды орындамау ток соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін. Электр құралы егеуқұм қағазымен, сымды қылшақтармен жұмыс істеуге, жылтырату және абразивтік кесуге жарамайды. Электр құралына арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті және жарақаттар тудыруы мүмкін. Осы электр құралына арналмаған және өндірушімен ұсынылмаған жабдықтарды пайдаланбаңыз. Электр құралында берік бекіту мүмкіндігі бар жабдықтар ғана қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етеді. Ажарлау жабдықтарының рұқсат етілген айналымдар саны кемінде электр құралында белгіленген максималды айналымдар санына сәйкес болуы керек. Рұқсат етілгеннен жылдам айналатын ажарлау жабдығы бұзылып, шашылып кетуі мүмкін. Жұмыс құралының сыртқы диаметрі және қалыңдығы электр құралдың өлшемдеріне сәйкес болуы керек. Өлшемдері қате анықталған салынған бөлшек жеткілікті қорғалмайды және бақылаудан шығуы мүмкін. Тегістеу шеңберлері, тегістеу білікшесі немесе басқа керек-жарақтар электр құралының тегістеу шпинделіне немесе қысқышына сай болуы керек. Электр құралының патронына дұрыс тұрмауынан алмалы-салмалы аспап соғылып айналады, қатты дірілдейді және бақылауды жоғалтуға әкелуі мүмкін. Тиекте орнатылған шеңберлер, тегістеу цилиндрлері, кесу саймандары немесе басқа керек-жарақтар қысқыш немесе қысқыш патронға толық орнатылуы керек. Ажарлау құралы мен қысқыш немесе қысқыш патрон арасындағы «дөңес» немесе тиектің бос тұрған бөлігі минималды болуы керек. Егер тиек жеткілікті қысылмаса немесе тегістеу құралы тым ұзақ тұрса, алмалы-салмалы аспап босап, жоғары жылдамдықпен лақтырылуы мүмкін. Бұзылған алмалы-салмалы аспапты пайдаланбаңыз. Жұмыс құралдарында, мысалы, тегістеу шеңберлерінде, әр пайдалану алдында сынықтар және жарықтар, тегістеу білікшесіне сынықтар, өтпес болып қалу және қатты тозу бар-жоғын, сымды щеткаларда бекітілмеген және сынған сымдар бар-жоғын тексеріңіз. Электр құралын немесе алмалы-салмалы аспапты түсіріп алсаңыз, оны тексеріңіз, тек зақымдалмаған алмалы-салмалы аспапты пайдаланыңыз. Алмалы-салмалы аспапты тексеріп пайдалану кезінде

өзіңіздің және өзге адамдардың айналатын алмалы-салмалы аспаптан қашық жерде тұрғанын қамтамасыз етіп, пневматикалық құралды бір минут ішінде максимальды айналымдар санында қосыңыз. Зақымдалған алмалы-салмалы аспаптар тексеру кезінде анықталады.

Жеке қорғаныс жабдықтарын киіп жүріңіз. Жұмыста беті толық қорғайтын масканы, көз сақтауышын немесе қорғаныш көзілдірігін киіңіз. Қажет болса шаңтұтқыш, қорғаушы қолғапты, алқапқышты немесе басқа да қорғаныс киімдерін киіңіз. Көздер әртүрлі жұмыстардан пайда болып шашылатын бөтен бөліктерден қорғануы қажет. Шаңтұтқыш және газқағар жұмыс кезінде пайда болатын шаңды сүзгіден өткізеді. Дыбысы қатты шуыл көп болу есту қабілетіңізді төмендетуі мүмкін. Басқа адамдардың жұмыс кеңістігінен қашық тұрғанына көз жеткізіңіз. Жұмыс кеңістігіне кірген әрбір адам жеке қорғаныш жабдықтарын киюі қажет. Дайындама немесе бұзылған алмалы-салмалы аспаптың сынған бөлшектері атылып жұмыс кеңістігінен тыс жерде де зақым келтіруі мүмкін. ▶ Алмалы-салмалы аспаптың жасырын ток сымына тиюі ықтимал жұмыстарды орындауда құралды тек оқшауландырылған тұтқасынан ұстаңыз. Ток өтетін сымға тию металлды құрал бөлшектеріне ток беріп, соғуына алып келуі мүмкін. Іске қосуда электр құралын берік ұстаңыз. Толық айналымдар санына көтерілген кезде қозғалтқыштың реакциялық моменті электр құралының бұралып кетуіне алып келуі мүмкін. ▶ Мүмкін болса, дайындаманы бекіту үшін қысқышты пайдаланыңыз. Пайдалану кезінде ешқашан бір кіші дайындаманы бір қолда ұстап электр құралды басқа қолда ұстамаңыз. Кіші дайындамаларды қысып қою арқылы екі қолмен электр құралын жақсы бақылауға болады. Ағаштық дюбель, темір шыбық немесе құбыр сияқты домалақ дайындамаларды ақыратуда олар домалап кетіп, алмалы-салмалы аспапты қысып сізге айналып соғуы мүмкін. ▶ Алмалы-салмалы аспап толық тоқтамайынша электр құралын босатушы болмаңыз. Айналып тұрған алмалы-салмалы аспап қойылған жеріне тиіп, электр құралын бақылауды жоғалтуыңыз мүмкін. Алмалы-салмалы аспапты алмастырғаннан немесе аспап параметрлерін өзгерткеннен соң қысқыш сомының, қысқыш патрон немесе басқа бекіту элементтерін бекітіңіз. Бос бекіту элементтері кездейсоқ жылықып, бақылаудың жоғалтуына алып келуі мүмкін; бекітілмеген, айналып тұрған құрамдастар лақтырылып тасталады. Электр құралын тасымалдау кезінде қосушы болмаңыз. Кездейсоқ тиюі арқылы айналып тұрған алмалы-салмалы аспап киіміңізге оралып, денеңізді ауыр жарақаттауы мүмкін.

Электр құралыңыздың желдеткіш тесігін жүйелі түрде тазалаңыз. Қозғалтқыш турбинасы құрылғы ішіне көп шаң тартады, металды шаң жиналып электр қауіпін тудыруы мүмкін. Электр құралын ешқашан жанғыш материалдар жанында пайдаланбаңыз. Ұшқындар бұл материалдарды жандыруы мүмкін. Сұйық салқындатқыштарды қажет ететін құралдарды пайдаланбаңыз. Суды немесе басқа салқындатқыш сұйықтықтарды пайдалану ток соғуына әкелуі мүмкін.

Кері соққы және сәйкес қауіпсіздік техникасының ережелері

Кері соққы — бұл айналып тұрған немесе орнатылған құралдың, мысалы, тегістеу шеңберлерінің, тегістеу таспасының, сымды щеткалардың және т.б. кенет реакциясының нәтижесі болып табылады. Тұрып қалу немесе сыналану айналып жатқан құралдың кенет тоқтап қалуына әкеледі. Бұл кезде бақыланбайтын электр құрал алмалы-салмалы аспаптың айналу бағытына қарсы жылдамданады. Тегістеу шеңбері бұғатталса немесе дайындамада тұрып қалса, онда дайындамаға кіргізілген тегістеу шеңберінің жиегі қызып қалуы және нәтижесінде шеңбердің дайындамадан ыршуына немесе кері соққыға әкелуі мүмкін. Бұл кезде бұғатталу орнындағы шеңбердің бағытына байланысты тегістеу шеңбері операторға немесе одан әрі қозғалады. Тегістеу шеңбері сынуы мүмкін. Кері соққы электр құралды дұрыс пайдаланбаудың немесе оператор қатесінің салдары болып табылады. Мұны төменде сипатталғандай тиісті сақтық шараларын қолдану арқылы болдырмауға болады.

Электр құралды берік ұстаңыз, денеңіз кері соққыларды ұстап қалатындай қалыпта болуы керек. Пайдаланушы тиісті шаралар арқылы кері соғу күштерін бақылауы керек.

► Бұрыштарда, үшкір жиектерде және т.б. әсіресе абайлап жұмыс істеңіз. Жұмыс құралының дайындамадан ыршуын және сыналануын болдырмаңыз. Айналып жатқан жұмыс элементі бұрыштарда, үшкір жиектерде және ыршу кезінде сыналануға бейім. Бұл бақылауды жоғалтуды және кері соққыны тудырады.

▶ Тісті ара полотносын пайдаланбаңыз. Мұндай жұмыс құралдары жиі кері соққының немесе электр құралды бақылауды жоғалтудың себебіне айналады.

Алмалы-салмалы аспапты материалға әрдайым кесетін қыры материалдан шақдан бағытта апарыңыз (жоңқа лақтырылатын бағытқа сай болады). Электр құралын дұрыс емес бағытта апарсаңыз, алмалы-салмалы аспаптың кесетін қыры дайындамадан шығып, электр құрал осы жылжыту бағытында тартылады.

Айналма ереуді пайдалануда дайындаманы қатты қысыңыз. Ойық аз ойылған болса да алмалы-салмалы аспап ілініп кері соққыға алып келуі мүмкін. Айналма ереу ілінсе сайман жинағы ойықтан шығып кетіп, электр құралының бақылауын жоғалтуына алып келуі мүмкін.

Ажарлау үшін арнайы қауіпсіздік нұсқаулықтары

▶ Тек осы электр құралына арналған тегістеу саймандары мен тек ұсынылған жұмыстар үшін пайдаланыңыз. Мысал: Кесу шеңберінің жанымен ешқашан тегістемеңіз. Кесу шеңберлері материалды жиектеп алуға арналған. Бүйірлік күштер әсер етсе осы абразивті құрал сынуы мүмкін.

▶ Конус пен тік бұрандалы тегістеу біліктері үшін тек дұрыс өлшем және ұзындықтағы, денесінде ойығы жоқ зақымдалмаған тиектерді пайдаланыңыз. Сәйкес тиектер сыну қаупін кішірейтеді.

Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары

BOSCH GGS 18 V-LI Professional - Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары - 1

Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.

Жасырын өткізгіш сымдарды табу үшін тиісті іздеу құралдарын пайдаланыңыз немесе жергілікті энергиямен жабдықтау ұйымдарын шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе ток соғуына әкелуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа әкелуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға әкелуі мүмкін. ▶ Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен ұстағаннан гөрі берік ұсталады. Бұл электр құралы тұрақты пайдалануға арналмаған. Оны, мысалы, қысқышқа немесе верстакке бекіту мүмкін емес. ▶ Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар.

BOSCH GGS 18 V-LI Professional - Қорғаныш көзілдірікті киіңіз. - 1

Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-ақ үздіксіз күн сәулесінен, оттан, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қаупі бар.

- Аккумулятор зақымданған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл жағдайда таза ауамен қамтамасыз етіңіз және шағымдар болса, медициналық көмек алыңыз. Бұлар тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.

▶ Бұл аккумуляторларды тек өзіңіздің Bosch өніміңізде пайдаланыңыз. Тек осы жағдайда аккумулятор ауыр шамадан тыс жүктемелерден қорғалған болады.

▶ Шеге немесе бұрауыш сияқты үшкір заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға әкеліп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.

BOSCH GGS 18 V-LI Professional - Қорғаныш көзілдірікті киіңіз. - 2

Өнім және қызмет сипаттамасы

BOSCH GGS 18 V-LI Professional - Өнім және қызмет сипаттамасы - 1

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз.

Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау ток соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға әкелуі мүмкін.

Электр құралының суреті бар бетті ашып, пайдалану нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.

Тағайындалуы бойынша қолдану

Электр құралы металды корунд ажарлау құралымен ажарлау және тегістеуге және ажарлау таспаларымен жұмыс істеуге арналған.

Бейнеленген құрамды бөлшектер

Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар беттегі электр құралының сипаттамасына сай.

1 Қысқыш 2 Қысқыш гайка 3 Ажарлау шпинделі 4 Шпиндель мойны 5 Қосқыш/өшіргіш 6 Аккумуляторды босату түймесі* 7 Аккумулятор* 8 Тұтқа (беті оқшауландырылған) 9 Аккумулятор зарядталу күйі индикаторының пернесі*

10 Аккумулятордың зарядталу күйі индикаторы* 11 Ажарлау шпинделінде айыр тәрізді кілт* 12 Қысқыш сомында айыр тәрізді кілт* 13 L 0 тұтқаның жарықтағы көлемі

*Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.

Шуыл және дірілдеу туралы ақпарат

Шу эмиссиясының мәндері EN 60745-2-23 бойынша есептелген.

А-мен белгіленген электр құралын шуыл деңгейі әдетте төмендегіге тең: дыбыс күші 77 дБ(А); дыбыс қуаты 88 дБ(А). Өлшеу дәлсіздігі К = 3 дБ.

Құлақты қорғау құралдарын киіңіз!

Тербелу жалпы мәндері а h (үш бағыттың векторлық сомасы) мен К дәлсіздігі EN 60745 бойынша есептеледі: Беттік ажарлау (25 мм ажарлау денесі диаметрімен дөрекі ажарлау): а h = 3,5 м/с 2 , K=1,5 м/с 2 .

Осы ескертпелерде берілген дірілдеу мәні EN 60745 ережесінде мөлшерленген өлшеу әдісі бойынша есептелген болып электр құралдарды бір-бірімен салыстыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Ол дірілдеу қуатын шамалап өлшеу үшін де жарамды.

Берілген діріл көлемі электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін түрлі керек-жарақтармен басқа алмалы-салмалы аспаптармен немесе жетімсіз күтумен

пайдаланылса дірілдеу көлемдері өзгереді. Бұл жұмыс барысындағы діріл қуатын арттырады.

Дірілдеу қуатын нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл дірілдеу қуатын бүкіл жұмыс уақытында қатты төмендетеді.

Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды жылы ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдастыру.

Техникалық мәліметтер

Тік ажарлағышGGS 18 V-LI
Өнім номірі3 601 JB5 3..
Жұмыс кернеуіB=1
Номиналды айналым санымин -1 22000
макс. қыскыш диаметрімм8
Төмендегінің кілт аймағы
– Қы с қы ш с о мынмм19
– Ажарлау шпинделімм19
ажарлау құралының макс. диаметрімм50
EPTA-Procedure 01:2014 кужатына сай салмағыкг1,8
Руксат етілген қоршау температурасы
– з аряд та у да°C0...+45
– п а й д а імәнсқғтауда°C-20...+50
ұсынылған аккумуляторлерGBA 18V...
ұсынылатын зарядтау құралдарыAL 18..
GAL3680
* <0 °C температураларда шектелген куат
Техникалық мәліметтер жинақтағы ақкумулятормен жұмыс істеуге есетеплен.

Сәйкестік мәлімдемесі

CE

Жеке жауапкершілікпен біз „Техникалық мәліметтер" де сипатталған өнімнің 2011/65/EU, 2014/30/EU,

2006/42/EC ережелеріндегі барлық тиісті анықтамаларға өзгерістерімен бірге сәйкес екенін және төмендегі нормаларға сәйкес екенін кепілдендіреміз: EN 60745-1, EN 60745-2-23, EN 50581.

Техникалық құжаттар (2006/42/EC) төмендегідей: Robert Bosch Power Tools GmbH, PT/ETM9, 70538 Stuttgart, GERMANY

Henk Becker

▶ Тек керек-жабдықтар бетінде көрсетілген зарядтау құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау құралдары сіздің электр құралыңыздың ішінде литий-иондық аккумулятормен сәйкес.

Ескертпе: аккумулятор ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын қамтамасыз ету үшін пайдалану алдында аккумуляторды зарядтау құрылғысында толығымен зарядтаңыз.

Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады. Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына әкелмейді.

Литий-иондық аккумулятор „Electronic Cell Protection (ECP)” арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап бас қозғалмайды.

Электр құралы автоматты түрде өшкеннен соң қосқыш/өшіргішті басқа баспаңыз. Әйтпесе аккумулятор зақымдануы мүмкін.

Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.

Аккумуляторды шешу

Аккумулятордың 7 екі бекіту басқышы бар, олар аккумуляторды ашу пернесі 6 кездейсоқ басылып аккумулятор түсіп кетуінен сақтайды. Аккумулятор электр құралында орнатулы болса, оны серіппе жайында ұстап тұрады.

BOSCH GGS 18 V-LI Professional - Аккумуляторды шешу - 1

BOSCH GGS 18 V-LI Professional - Аккумуляторды шешу - 2

Аккумуляторды 7 шығару үшін аккумуляторды босату түймесін 6 басыңыз және аккумуляторды электр құралынан жоғарыға қарай шығарыңыз. Тартқан кезде күш салмаңыз.

Аккумулятор зарядталу күйі индикаторы (А суретін қараңыз)

Аккумулятор зарядталу күйі индикаторының 10 үш жасыл жарық диоды аккумулятор 7 зарядталу күйін көрсетеді. Қауіпсіздік салдарынан зарядталу күйін сұрау тек электр құралын тоқтатып орындау мүмкін.

Зарядталу күйін көрсету үшін 9 түймесін басыңыз. Бұл әрекетті алынған аккумулятор 7 арқылы да орындауға болады.

Жарык диоды Куаты
Уздіксіз жарык 3 х жасыл≥2/3
Уздіксіз жарык 2 х жасыл≥1/3
Уздіксіз жарык 1 х жасыл<1/3
Жыпылыктайтын жарык, 1 х жасылРезерв

9 пернесін басқаннан кейін ешбір жарық диоды жанбаса, оны ауыстыру қажет.

Ажарлауыш құралдарын орнату (В суретін қараңыз)

  • Аккумуляторды электр құралымен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ электр құралын тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар. ▶ Тек сәйкес зақымдалмаған айыр тәрізді кілтті пайдаланыңыз („Техникалық мәліметтерді“ қараңыз).
  • Тегістеу шпинделін 3 және барлық орнатылатын құралдарды тазалаңыз.
  • Ажарлау шпинделін 3 айыр тәрізді кілтпен 11 кілт аймағында қысыңыз. Қысқыш сомынды 2 айыр тәрізді кілтпен 12 кілт аймағында сағат тіліне қарсы бұрап босатыңыз. – Ажарлау құралының қысу тұтқасын тірелгенше қысқышқа 1 салыңыз.
  • Ажарлау шпинделін 3 айыр тәрізді кілтпен 11 ұстап, алмалы-салмалы аспапты айыр тәрізді кілтпен 12 кілт аймағында сағат тілімен бұрап бекітіңіз. Ажарлау құралдары кедергісіз айналуы керек. Домалақ емес ажарлау құралдарын пайдаланбаңыз, оларды ауыстырыңыз. ▶ Қысқышты қысқыш сомынмен фреза орнатылған болмаса, ешқашан тартып қоймаңыз. Әйтпесе қысқыш зақымдануы мүмкін. ▶ Тұтқа диаметрі сәйкес болған ажарлау штифттерін пайдаланыңыз. Ажарлау штифтінің диаметрі құрылғы аспап патронына сәйкес болмаса („Техникалық мәліметтерді“ қараңыз), дұрыс ұсталмай қысқышты зақымдайды. ▶ Алмалы-салмалы аспапты кемінде 10 мм қысу керек. Тұтқаның жарықтағы L0 өлшемімен алмалы-салмалы аспапты ендірушісінің деректері бойынша алмалы-салмалы аспаптың рұқсат етілген максимальды айналымдар санын есептеу мүмкін. Ол электр құралының максимальды айналымдар санынан төмен болуы мүмкін емес.

Шаңды және жоңқаларды сору

Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жақын жердегі адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін. Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге қанцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен өңделуі керек.

– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз. – Р2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану ұсынылады.

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын үйғарымдарды пайдаланыңыз.

Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.

Пайдалану

Пайдалануға ендіру

▶ Тек электр құралыңыздың зауыттық тақтайшасында белгіленген қуатты түпнұсқалық Bosch литий-иондық аккумуляторын

пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды пайдалану жарақаттану және өрт қаупін тудыруы мүмкін.

Зарядталған аккумуляторды 7 электр құралының тұтқасына аккумулятордың бекем бұғатталғанынша салыңыз.

Қосу/өшіру

Электр құралын іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті 5 алға жылжытыңыз.

Қосқыш/өшіргішті 5 орнату үшін қосқыш/өшіргішті 5 алды төменге тірелгенше басыңыз.

Электр құралын өшіру үшін, қосқыш/өшіргішті 5 жіберіп немесе ол бекітілген болса қосқыш/өшіргішті 5 қысқа артында төмен басып сосын жіберіңіз.

Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек пайдаланарда қосыңыз.

Қайта қозғалу сақтағышы

Кездейсоқ қосылудан қорғау қуатпен қамтудағы үзілістен кейін электр құралдың бақылаусыз іске қосылуын болдырмайды.

Қайта пайдалану үшін ажыратқышты 5 өшірілген күйге келтіріп электр құралды қайта қосыңыз.

Ескертпе: Тым жылдам қосып өшіруде қайта қосылу қорғанысы іске қосылып электр құралы қосқыш/өшіргіш 5 қосулы болса да жұмыс істемеуі мүмкін. Қосқыш/өшіргішті 5 өшірілген күйге келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз.

Ажарлау құралын аздап басып жылжытып, онтайлы жұмыс нәтижесіне жетіңіз. Қатты басу электр құралының қуатын төмендетіп, ажарлауыштың тез тозуына алып келеді.

▶ Ажарлау аспаптарын қағудан қорғап сақтаңыз.

Техникалық күтім және қызмет

Қызмет көрсету және тазалау

Аккумуляторды электр құралымен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ электр құралын тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.

Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралының желдеткіш тесігін таза ұстаңыз.

Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері

Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:

www.bosch-pt.com

Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға тиянақты жауап береді.

Барлық сұраулар мен қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде электр құралының зауыттық тақтайшасындағы 10-орынды өнім нөмірін жазыңыз.

Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек „Роберт Бош“ фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады.

ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.

Қазақстан

ЖШС „Роберт Бош“

Электр құралдарына қызмет көрсету орталығы

Алматы қаласы

Қазақстан

050050

Райымбек данғылы

Коммунальная көшесінің бұрышы, 169/1

Тел.: +7 (727) 232 37 07

Факс: +7 (727) 233 07 87

E-Mail: info.powertools.ka@bosch.com

Ресми сайты: www.bosch.kz; www.bosch-pt.kz

BOSCH GGS 18 V-LI Professional - Қазақстан - 1

BOSCH GGS 18 V-LI Professional - Қазақстан - 2

Бұл литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға қойылатын талаптарға сай болуы керек. Пайдаланушы аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз тасымалдай алады.

Үшінші тұлғалар (мысалы, әуе көлігі немесе жіберу) орамаға және маркаларға қойылатын арнайы талаптарды сақтау керек. Жіберуге дайындау кезінде қауіпті жүктер маманына хабарласу керек.

Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және аккумуляторды орамада қозғалмайтындай ораңыз. Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз.

Кәдеге жарату

BOSCH GGS 18 V-LI Professional - Кәдеге жарату - 1

Электр құралдарды, аккумуляторларды, керек-жарақтарды және орау материалдарын экологиялық тұрғыдан дұрыс утилизациялауға тапсыру керек.

Электр құралдарды және аккумуляторларды/батареяларды үй қоқысына тастамаңыз!

Тек қана ЕО елдері үшін:

BOSCH GGS 18 V-LI Professional - Тек қана ЕО елдері үшін: - 1

Электр және электрондық ескі құралдар бойынша 2012/19/EU директивасына және 2006/66/ЕС нормасына сай жарамсыз электр құралдарды, ақаулы немесе пайдаланылған аккумуляторларды/батареяларды бөлек

жинау керек және экологиялық тұрғыдан дұрыс утилизациялауға тапсыру керек.

Аккумуляторлар/батареялар:

BOSCH GGS 18 V-LI Professional - Аккумуляторлар/батареялар: - 1

Литий-иондық:

„Тасымалдау“ тарауындағы, 139 бетіндегі нұсқауларды орындаңыз.

Техникалық өзгерістер енгізу құқығы сақталады.

Bosch Power Tools 1 609 92A 2MT | (25.8.16)

BOSCH GGS 18 V-LI Professional - Литий-иондық: - 1

BOSCH GGS 18 V-LI Professional - Литий-иондық: - 2

BOSCH GGS 18 V-LI Professional - Литий-иондық: - 3

BOSCH GGS 18 V-LI Professional - Литий-иондық: - 4

BOSCH GGS 18 V-LI Professional - Литий-иондық: - 5

BOSCH GGS 18 V-LI Professional - Литий-иондық: - 6

BOSCH GGS 18 V-LI Professional - Литий-иондық: - 7

BOSCH GGS 18 V-LI Professional - Литий-иондық: - 8

BOSCH GGS 18 V-LI Professional - Литий-иондық: - 9

140 | Română

Română

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : GGS 18 V-LI Professional

Санат : ұнтақтағыш