Expression FC8619 - Шаңсорғыш PHILIPS - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз Expression FC8619 PHILIPS PDF форматында.
| Өнім түрі | Шаңсорғыш |
| Бренд | Philips |
| Модель | Expression FC8619 |
| Сорғыш қуатын реттеу | Құбыр тұтқасындағы қосқыш (кейбір үлгілерде) немесе құрылғыдағы бұрауыш (кейбір үлгілерде) |
| Қондырма түрі | Tri-Active (көпфункционалды) немесе әмбебап (модельге байланысты) |
| Телескопиялық құбыр | Иә (кейбір үлгілерде) |
| Қозғалтқыштың тұрақты қорғаныс сүзгісі | Иә, құрылғының жұмыс істеуі үшін қажет |
| Шығыс сүзгісі | Super Clean Air (6 ай сайын ауыстыру) немесе жууға болатын HEPA 12 (6 ай сайын тазалау, ең көбі 4 рет) |
| Шу деңгейі | 82 dB(A) |
| Сымды орау жүйесі | Орау түймесі |
| Қап толтыру көрсеткіші | Иә |
| Қап түрі | Philips s-bag™ синтетикалық қаптар (бір реттік) немесе қайта пайдалануға болатын қап (тек кейбір елдерде) |
| Ауыстырылатын қаптар | Classic s-bag™ (FC8021), Clinic s-bag™ (FC8022), Anti-odour s-bag™ (FC8023) |
| Ауыстырылатын сүзгілер | Super Clean Air (FC8032), жууға болмайтын HEPA 12 (FC8044), жууға болатын HEPA 12 (қызмет көрсету № 4322 000 39090) |
| Қауіпсіздік | Сұйықтықтар немесе ыстық күл үшін қолданбаңыз; әрқашан қозғалтқыштың қорғаныс сүзгісімен қолданыңыз |
| Кепілдік | Иә, Philips шарттарына сәйкес |
Жиі қойылатын сұрақтар - Expression FC8619 PHILIPS
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы Expression FC8619 PHILIPS
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Шаңсорғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз Expression FC8619 - PHILIPS және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. Expression FC8619 брендінің PHILIPS.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ Expression FC8619 PHILIPS
Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips-ке қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін, өзіңіздің өніміңізді www.philips.com/welcome бойынша тіркеуді ұмытпаңыз.
Маңызды
Құралды қолданар алдында осы нұсқауды мұқият оқып шығыңыз, әрі болашақта қолдануға сақтап қойыңыз.
Қауіпті
- Суды немесе басқа сұйықтықты соруға болмайды. Жанғыш заттарды соруға болмайды, ал күлді сору үшін, оның суығанын күтіңіз.
Ескерту
- Құралды қосар алдында, құралда көрсетілген вольтаж, жергілікті қамтамасыз етілетін вольтажбен сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.
- Егер құралдың айыры, сымы немесе құралдың өзге бөлшегіне зақым келген болса, құралды қолданбаңыз.
- Егер ток сымы зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек Philips немесе Philips әкімшілік берген қызмет орталығында немесе соған тәріздес деңгейі бар маман ғана ауыстыруы тиіс.
- Бұл құралды, егер осы құралды қолдану жөнінде олардың қауіпсіздігіне жауапты адамнан нұсқау алған болмаса немесе оның қадағалауымен қолданып жатпаған болса, физикалық сезімталдығы төмен немесе ақылы кем адамдар, немесе білімі мен тәжірибесі аз адамдар (жас балаларды да қоса) қолдануына болмайды.
- Құралмен ойнамас үшін, балаларды қадағалаусыз қалдыруға болмайды.
- Шаңсорғыш қосулы кезінде, шлангты, құбырды немесе басқа қосымша бөлшектерді көзіңізге, құлақтарыңызға бағыттамаңыз және оларды аузыңызға салмаңыз.
Сактандыру
- Сіз шаңсорғышты күлді, ұсақ құмды, әкті, цемент шаңын және осы тәріздес заттарды сору үшін қолданған кезде, шанмен шаң дорба тесікшелері бітіп қалады. Осының нәтижесінде, шаң дорбасы толып кетті деген көрсеткіш шаң дорбасы толды деп ескертеді. Бір рет қолданылатын шаң дорбасын алмастырыңыз, ал қайта қолданылатын шаң дорбасын босатыңыз, тіпті ол әлі де болса толы емес болса да («Шаң дорбасын алмастыру/босату» тармағын қараңыз).
- Бұл құралды мотор қорғауыш фильтрсіз қолдануға болмайды. Бұл моторға зақым келтіріп, құралдың қызмет ететін өмірін қысқартуы мүмкін.
- Тек қосымша берілген Philips шаңсорғыш қаптарын, синтетикалық шаң қаптарын немесе қайта қолданылатын шаң қаптарын ғана қолданыңыз (кейбір елдерде ғана).
- Шу деңгейі: Lc = 82 дБ(А)
Бұл Philips құралы электрмагниттік өріске (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сәйкес келеді. Егер осы құралды қосымша берілген нұсқаулықтағыдай ұқыпты қолдансаңыз, онда бұл құрал, бүгінгі таңдағы белгілі ғылыми зерттеулер бойынша, қолдануға қауіпсіз болып табылады.
Қолдануға дайындық
Шланг
1 Шлангты қосу үшін, оны құралға (1) итеріп, сағат бағытымен бұраңыз (2) (Сурет 1). 2 Шлангты босату үшін, оны сағат бағытына қарсы бұрап (1), құралдан тартып суырып алыңыз (2) (Сурет 2).
Құбыр
Жалпы екі түрлі қосу жүйесі бар. Бұл құралда оның біреуі орнатылған. Бұл қосу жүйесі келесі суреттерде көрсетілген.
Конусты қосу (тек ерекше үлгілерінде ғана)
1 Құбырларды бір-біріне және шлангтың қол сабына қосу үшін, тар бөлігін кең бөлігіне кіргізіп, кішкене бұраңыз (Сурет 3).
2 Құбырларды бір-бірінен және шлангтың қол сабынан ажырату үшін, кішкене бұрап отырып тартыңыз.
Түймелі қосу (тек ерекше үлгілерінде ғана)
1 Құбырды шлангтағы қол сабына қосу үшін, қол сабындағы серіппелі бекіту түймесін басып, қол сабын құбырға енгізіңіз. Құбырдағы ашық тесікке серіппелі бекіту түймесін енгізіңіз (сырт ете түседі). (Сурет 4)
2 Құбырды шлангтың сабынан ажырату үшін, серіппелі құлып түймесін басып, сапты құбырдан суырып тартып алыңыз.
Есте сақтаңыз: Қондырғыларды қосу және ажырату үшін де осы әдісті қолданасыз.
Телескоптық (бақылауға болатын) құбыр (тек ерекше түрлері ғана)
1 Шаңсорғышпен жұмыс жасағанда, құбырдың ұзындығын өзіңізге ыңғайлы етіп алыңыз (Сурет 5).
Үш белсенділікті қондырғы (тек ерекше түрлері ғана)
Үш белсенділікті қондырғы – кілем мен қатты едендерге арналған көп мақсатты қондырғы.
- Жанындағы щетка қосымша шаң мен кірді жинауға көмек көрсете отырып, жиһаздар мен басқа тосқауылдар арасын жақсырақ тазалауға мүмкіндік береді. (Сурет 6)
- Қондырғының алдындағы ашық саңлау ірі қоқыстарды жинауға мүмкіндік береді (Сурет 7).
1 Қатты едендерді тазалау үшін, құрамалды саптамадағы ықтырмалы қосу/өшіру түймесін аяғыңызбен басыңыз (Сурет 8).
Қатты едендерді тазалауға арналған қылшақ лентасы орыннан шығады. Сонымен қатар, дөңгелектері көтеріліп, еденді сырудың алдын алып, қозғалмасы өседі.
2 Кілемдерді тазалау үшін, ықтырмалы түймесін тағы басыңыз. (Сурет 9)
Қылшақ лентасы орнына түсіп, дөңгелектері автоматты түрде төмендетіледі.
Құрамалды саптама (тек ерекше түрлерінде ғана).
Біріктірілмелі саптамасын кілемге және едендерге де қолдануға болады.
1 Қатты едендерді тазалау үшін, құрамалды саптамадағы ықтырмалы қосу/өшіру түймесін аяғыңызбен басыңыз (Сурет 10).
Қатты едендерді тазалауға арналған қылшақ лентасы орыннан шығады.
2 Кілемдерді тазалау үшін, ықтырмалы түймесін тағы басыңыз. (Сурет 11)
ДКылшак лентасы саптама орына түседі.
Жарықшақты аспап және кішкене қондырғы.
1 Жарықшақ құралын (1) немесе кішкене саптамасын (2) тікелей қол сабына немесе құбырға байланыстырыңыз (Сурет 12).
Қосымша бөлшек ретінде берілген қыстырғыш
1 Бөлшек қыстырғышын құбырға қыстырыңыз (Сурет 13).
2 Жарықшақ құралын және кішкене саптамасын қыстырғышқа сырт еткізіп орнатыңыз.
Құралды қолдану
1 Ток сымын құралдан тартып шығарып, шанышқысын қабырғадағы розеткаға кіргізіңіз. 2 Құралдың жоғарғы жағындағы қосу/өшіру түймесін аяғыңызбен басып, құралды қосыңыз (Сурет 14). 3 Шаң сорғышпен тазалап жатқанда сіз сору қуатын мына жолмен бақылай аласыз:
- Қол сабындағы сырғыма (тек ерекше түрлері ғана) (Сурет 15)
- Құралдың төбесіндегі түйме (тек ерекше түрлері ғана) (Сурет 16)
4 Егер сіз бір сәтке үзіліс жасағыңыз келсе, құбырды ыңғайлы ұстанымда уақытша қою үшін, қондырғының, томпип тұрған жағын уақытша қою орнына кіргізіп қойыңыз (Сурет 17).
Сақтау
1 Құралды сөндіріп, оны токтан суырыңыз. 2 Ток сымын жинап қою үшін, ток сымын жинау түймесін басыңыз (Сурет 18). 3 Құралды тігінен тұрғызып қойыңыз. Құралға саптаманы орнату үшін, ілмегін сақтап қоятын орынға енгізіңіз (Сурет 19). 4 Шаң сорғышты жинап қойғанда әрдайым үш белсенділікті қондырғыны кілем бағдарламасына қоюды ұмытпаңыз, сонда сіз щетка таспасын қайырылып кетуден сақтайсыз (Сурет 9).
Бір рет ғана қолданылатын шаң дорбасын тастар алдында немесе қайта қолданатын шаң дорбасын алмастырар алдында құралды сөндіріңіз.
Бір рет ғана қолданылатын шаң дорбасын алмастыру
- Шаң жинағыш дорбаны дорба толық деген көрсеткіш түсі тұрақты болып өзгергенде алмастыру керек, мәселен, кондырғы еденге тигізілмеген кезде де (Сурет 20).
1 Оны ашу үшін, жабылғысын жоғары қарай тартыңыз (Сурет 21). 2 Шаң жинағыш дорбаны ұстағышынан жоғары қарай тартып шығарып алыңыз (Сурет 22).
Шаң сорғыш дорбаны құралдан алып жатқанда оны тік ұстағаныңыз жөн.
3 Ұстағыштан толған шаң дорбасын алу үшін, картон биркасынан тартыңыз (Сурет 23). Сіз осылай жасағанда, дорба автоматты түрде жабылады. 4 Жаңа шаң жинағыш дорбаның алдындағы картонын дорба ұстағыштағы екі кершікке барынша терең етіп кіргізіңіз. (Сурет 24) 5 Шаң жинағыш дорба ұстағышын шаң сорғышқа қайта орнатыңыз (Сурет 25).
Есте сақтаңыз: Егер шаң дорбасы салынбаған болса, сіз жапқышын жаба алмайсыз.
Қайта қолданылатын шаң дорбасын босату (тек кей елдерде ғана).
Кей елдерде, шаң сорғышпен қоса қайта қолданылатын шаң дорбалары да беріледі, оларды босатып, қайта қолдануға болады. Қайта қолдануға болатын шаң дорбаларын бір рет қана қолдануға болатын шаң дорбаларының орнына қолдануға болады.
Қайта қолдануға болатын шаң дорбаларын босату үшін, тек қана «Бір рет қолдануға болатын шаң дорбаларын алмастыру» бөлігінде берілген нұсқауды орындаңыз.
Қайта қолданатын шаң жинағыш дорбаны босату:
1 Шаң дорбасының екі жағындағы сырғымасын сырғытыңыз. 2 Ішіндегі қоқысты қоқыс шелегіне сілкіп түсіріңіз. 3 Шаң дорбасын жабу үшін, сырғыманы шаң дорбасының астыңғы жиегіне дейін қайтадан сырғытыңыз.
Фильтрлерді тазалау және күту
Фильтрлерді тазалар немесе алмастырар алдында құралды міндетті түрде токтан суырыңыз.
Моторды қорғауға арналған тұрақты фильтр
Тұрақты Мотор Қорғауыш Фильтрін шаң дорбасын алмастырған сайын тазалап отырыңыз.
1 Шаң жинағыш дорба ұстағышын дорбамен бірге суырып алыңыз (Сурет 22). 2 Құралдан моторды қорғау фильтрінің орнын алыңыз. Фильтрді орнынан шығарыңыз (Сурет 26). 3 Фильтрді тазалау үшін, оны қоқыс шелегінің үстінен сілкіңіз. 4 Фильтрді ұстағышына ақ түсті жағы шаң дорбасы орнына қарай қаратып қайта салыңыз. Ұстағышын төмен қарай қаттылап итеріңіз, төменгі жағында ол дұрыстап орнына кіруі мүмкін. (Сурет 27) 5 Шаң жинағыш дорба орнатылған ұстағышты құралға қайта орнатыңыз (Сурет 25).
Супер Таза Ауа Фильтрлері (тек ерекше түрлері ғана)
Супер Таза Ауа Фильтрлері құралдың фильтрлерінің артқы жағында орналасқан кішкене. Супер Таза Ауа Фильтрлерін әр алты ай сайын алмастырып отырыңыз.
1 Фильтр грилін ашыңыз (Сурет 28). 2 Ескі фильтрді алып тастаңыз. 3 Жаңа фильтрді құралға орнатыңыз (Сурет 29). 4 Фильтр грилін жабыңыз («сырт» ете түседі) (Сурет 30).
Жууға болатын Супер Таза Ауа НЕРА 12 фильтрі (тек ерекше түрлерінде ғана)
Супер Таза Ауа Фильтрлерінің орнына бұл құрал Супер Таза Ауа НЕРА Фильтрлерімен жабдықталуы мүмкін. Бұл фильтр ауа шығарылатын жерден 0.0003 мм. мөлшердегі қоқыстардың 99.5%-на дейін алып тастай алады. Мұның ішіне тек үй ішінде кездесетін шаңдар ғана кіріп қоймай, сонымен бірге тыныс аллергияларына себеп болатын үй шаң бөлшектері және экскременттері сияқты зиянды микроскопты зиянкестер де жатады. Жууға болатын Супер Таза Ауа НЕРА 12 фильтрін әр бір 6 ай сайын тазалап отырыңыз. Сіз жууға болатын Супер Таза Ауа НЕРА 12 фильтрін ең көп дегенде 4 рет тазалауыңызға болады. Фильтрді 4 рет тазалағаннан соң, оны алмастырыңыз.
1 Фильтр грилін ашыңыз (Сурет 28). 2 Жууға болатын НЕРА 12 фильтрін алыңыз. 3 НЕРА 12 фильтрінің бүктелмелі жағын жәймен ағып тұрған ыстық ағын су астында шәйіңіз.
- Фильтрді бүктелген жағын жоғары қаратып ұстап, суды бүктелмесіне параллельді етіп ағызыңыз. Фильтрдің ішіндегі жиналып қалған кірді су ағызып жіберетіндей бұрышпен ұстаңыз (Сурет 31).
- Фильтрді 180° бұрап, суды керісінше ағызып жіберіңіз (Сурет 32).
- Осы әрекетті фильтр толығымен таза болғанша қайталай беріңіз.
Жууға болатын фильтрді қылшақпен тазалауға болмайды (Сурет 33).
Есте сақтаңыз: Тазалау әрекеті фильтрдің түп нұсқалы түсін жоймайды, алайда, ол оның фильтрлеу қуатын жаяды.
4 Абайлап фильтр бетіндегі суды сілкіп жіберіңіз. Фильтрді кем дегенде 2 сағат бойы кептіріңіз, содан соң оны қайтадан шаң сорғышқа орнатыңыз. 5 Фильтрді қайтадан артына салыңыз. Фильтрдегі Philips белгісі сол жақтағы жоғарғы бұрышында көрініп тұруы тиіс (Сурет 29). 6 Фильтр грилін жабыңыз («сырт» ете түседі) (Сурет 30).
Құрал саймандарға тапсырыс беру
Егер сіз шаң жинағыш дорба, фильтр, немесе басқа қосымша бөлікті табу барысында қиыншылықтарға кездессеңіз, өзіңіздің еліңіздегі Philips Тұтынушылар Қызмет Орталығымен байланысыңыз, немесе дүние жүзілік кепілдік кітапшасын қараңыз.
Шаң жинағыш дорбаларға тапсырыс беру
- Классикалық Philips s-дорба™ қағаз шаң жинағыш дорбалары FC8021 нөмірлі түрлеріне қамтамасыз етіледі.
- Клиникалық Philips s-дорба™ жоғары фильтрациялы шаң жинағыш дорбалары FC8022 нөмірлі түрлеріне қамтамасыз етіледі.
- Philips жағымсыз иіске қарсы с-дорба™ қағаз шаң жинағыш дорбалары FC8023 нөмірлі түрлеріне қамтамасыз етіледі. Фильтрлерге тапсырыс беру
- Супер Таза Ауа Фильтрлері FC8032 нөмірлі түрлеріне қамтамасыз етіледі.
- Жууға болмайтын Супер Таза Ауа НЕРА 12 фильтрін FC8044 түрінің нөмірі бойынша сұраныс жасауға болады.
- Жууға болатын Супер Таза Ауа НЕРА 12 фильтрін қызмет нөмірі 4322 000 39090 бойынша сұраныс жасауға болады.
Қоршаған айнала
- Құралды өз қызметін көрсетіп тозғаннан кейін, күнделікті үй қоқысымен бірге тастауға болмайды. Оның орнына бұл құралды арнайы жинап алатын жерге қайта өңдеу мақсатына өткізіңіз. Сонда сіз қоршаған айналаны сақтауға себіңізді тигізесіз. (Сурет 34)
Кепілдік және қызмет
Егер сізге ақпарат керек болса, немесе сізде ойландырған мәселе болса, Philips'тің интернет бетіндегі www.philips.com веб-сайтына келіңіз, немесе өзіңіздің еліңіздегі Philips Тұтынушылар Орталығына телефон шалсаңыз болады (оның нөмірін сіз дүние жүзі бойынша берілетін кепілдік кітапшасынан табасыз). Сіздің еліңізде Тұтынушылар Қамқорлық Орталығы жоқ болған жағдайда өзіңіздің жергілікті Philips дилеріне арызданыңыз немесе Philips'тің Үйге арналған құралдар қызмет департаменті және Жеке Қамқор ВУ бөліміне арызданыңыз.
Ақаулықтарды табу
Осы тармақта құралмен қолданғанда жиі кездесетін келел мәселелер жөнінде әңгіме жүреді. Егер сіз мәселеңізді шеше алмасаңыз, өзіңіздің еліңіздегі Philips Тұтынушылар Орталығына телефон шалсаңыз болады.
1 Сору қуаты әлсіз.
A Шаң жинағыш дорбаны тексеріңіз, мүмкін ол толып кеткен болар.
ҚАЗАҚША42
Егер қажет болса, бір рет қана қолданылатын шаң дорбасын алмастырыңыз, немесе қайта қолданылатын шаң дорбасын босатыңыз (тек кей елдерде ғана).
Бастапқы фильтрлерді алмастыру керек пе екендігін тексеріңіз.
Егер қажет болса, фильтрлерді тазалаңыз немесе алмастырыңыз.
Сору қуаты түймесі максималды ұстанымда екендігін тексеріңіз және/немесе қол сабындағы сырғымасы жабық екендігін тексеріңіз.
Қондырғы, құбыр немесе шланг бітіп қалмағандығын тексеріңіз. (Сурет 35)
- Тұрып қалған заттарды алып тастау үшін, бітіп қалған бөлікті ажыратып, керісінше қосыңыз (мүмкіндік болса). Шаң сорғышты қосып, тұрып қалған затты кері бағытта сору арқылы шығарып аласыз.