Scarlett

SC-21.1005-S4 - Жылыту Scarlett - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз SC-21.1005-S4 Scarlett PDF форматында.

📄 44 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы
Notice Scarlett SC-21.1005-S4 - page 33
Нұсқаулықты қарау : English EN Қазақша KK Русский RU Українська UK
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы SC-21.1005-S4 Scarlett

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық пошта жеке болып қалады: ол тек сіздің сұрағыңызға біреу жауап берген жағдайда хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Жылыту PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз SC-21.1005-S4 - Scarlett және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. SC-21.1005-S4 брендінің Scarlett.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ SC-21.1005-S4 Scarlett

Курметті сатып алушы!

Электр конвекторын жаксы тандау және сатып алу үшін рахмет. Ол сізге үзак уақыт қызмет етеді.

1. МАНЫЗДЫ АҚПАРАТ

Аспапты пайдалану алдында пайдалану жөніндегі нүсқаулықпен мұқият танысуыңызды сұраймыз. Бұл пайдалану нүсқаулығында сіздің қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпарат, сондай-ақ аспапты дұрыс пайдалану және оны күтіп ұстау жөнінде ұсыныстар бар. Пайдалану жөніндегі нүсқаулықты кепілдік талонмен, кассалық чекпен, мүмкіндігінше картон қорабымен және орау материалымен бірге сақтаңыз. Осы пайдалану жөніндегі нүсқаулықта осы үлгідегі құрылғы түрлері сипатталады. Сіз сатып алған аспап нүсқаулықта сипатталғаннан өзгеше болуы мүмкін, бұл оны қолдану мен пайдалану тәсілдеріне әсер етпейді. Өндіруші қосымша ескертусіз бұйымның конструкциясына оның қауіпсіздігіне, жұмыс қабілеті мен функционалына түбегейлі әсер етпейтін елеусіз өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады. Осы Нүсқаулықтың мәтінінде және цифрлық белгілерінде елеусіз қателер жіберілуі мүмкін.

НАЗАР АУДАРЫНЫЗ!

Маңызды сақтық шаралары және осы нұсқаулықтағы нұсқаулар кез-келген болуы мүмкін режимдер мен жағдайларды қамтымайды. Дайындаушы аспап немесе оның жекелеген бөліктері оны тасымалдау кезінде, дұрыс орнатылмауы нәтижесінде, кернеу ауытқуы нәтижесінде бүлінген жағдайда, сондай-ақ аспаптың қандай да бір бөлігі өзгертілген немесе модификацияланған жағдайда жауапты болмайды.

ЕСКЕРТПЕ

Бүйымда аспап туралы барлық қажетті техникалық деректер мен басқа да пайдалы ақпарат көрсетілген заттаңба бар. Аспапты осы Нұсқаулықта көрсетілген мақсаттарда ғана пайдаланыңыз.

2. САКТЫК ШАРАЛАРЫ

Май толтырылған радиаторды пайдалану кезінде өрт, электр тогының соғуы және адамдардың жаракат алу қаупін азайту үшін бірқатар сақтық шараларын сақтау қажет. Сақтық шараларын ескермеу салдарынан дұрыс пайдаланбау пайдаланушының және басқа адамдардың денсаулығына, сондай-ақ олардың мүлкіне зиян келтіруі мүмкін.

  • Пайдалану кезінде бұзылудың алдың алу үшін құрылғыны қолданар алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
  • Бастапкы қосудан бұрын әнімде көрсетілген техникалық сипаттамалар электр желісінің параметрлеріне сәйкес келетіндігін тексеріңіз.
  • Балалар жұмыс істейтін радиатордың жанында ойнағанда және радиатор қараусыз жұмыс істеген кезде өте сақ болу керек. Құрылғымен ойнауға жол бермеу үшін балалар бақылауда болуы керек.
  • Кұрылғыны кұрастыру, бөлшектеу және тазалау алдында немесе оны пайдаланбайтын болсаңыз әрқашан электр желісінен ажыратыңыз.
  • Егер радиатордың желілік сымы немесе ашасы зақымдалған болса, оны қоспаңыз. Қуат сымы зақымданған жағдайда қауіпті болдырмау үшін оны ауыстыруды дайындаушы, сервистік қызмет немесе осыған ұқсас білікті персонал жүргізуі тиіс.
  • Уй-жайдан тыс немесе влғалдылығы жоғары жағдайларда пайдалануға болмайды.
  • Бул жылытқышты ваннаның, душтың немесе бассейннің жанында пайдаланбаныз.
  • Радиатордың желілік сымын кілемнің астына салмаңыз және оны жићаз бөлшектерімен баспаңыз. Желілік сымды оған сүрінбейтіндей етіп төсеңіз.
  • Радиаторды өшіру үшін куат қосқышын пайдаланыңыз. Электр куатын қосу немесе өшіру арқылы құрылғыны қоспаңыз немесе ажыратпаңыз.
  • Кез-келген желдету немесе сору саңылауларына саусақтарыңызды салмаңыз және бөгде заттардың түсуіне жол берменіз, себебі бүл электр тогының соғуына немесе радиатордың зақымдалуына әкелуі мүмкін.
  • Ьктимал өрттің алдын алу үшін ауа кіретін және шығатын тесіктерді ештецемен жаппаңыз. Радиаторға заттарды ілмеңіз және оларды кептірмеңіз! Радиаторды жұмсақ жазық беттерде, мысалы, тесіктер бітелуі мүмкін төсекте қолданбаңыз. Радиаторды тек тегіс, құрғақ жерде қолданыңыз.
  • Радиатордың ішінде ыстық құрамдауыштар бар. Радиаторды бензин, бояу немесе басқа жанғыш сүйықтықтарды пайдалану немесе сақтау орындарында пайдаланбаңыз.
  • Осы Пайдалану нүсқаулығына сәйкес тек тұрмыстық мақсаттарда пайдаланыңыз. Өндіруші ұсынбаған кез-келген басқа пайдалану өртке, электр тогына немесе адамдардың жаракаттануына әкелуі мүмкін. Құрылғы өнеркәсіптік қолдануға арналмаған.
  • Кызып кетуді және өрттің пайда болу қаупін, сондай-ақ ішкі электр желісінің зақымдалуын болдырмау үшін желілік сымның ұзындығын өзгертпеңіз және құрылғыны электр ұзартқыштары арқылы қоспаңыз. Алайда, қажет болса, ұзартқышты қолдануға болады, ол құрылғының ең төменгі қуатына арналған болуы керек.
  • Кұрылғыны тек қана тік күйде орнатыңыз және қолданыңыз. Құрылғыны көлденең немесе көлбеу күйде пайдалануға тыйым салынады.
    • Кұрылғы физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеттері төмен адамдардың (балаларды қоса алғанда) немесе оларда өмірлік тәжірибесі

немесе білімі болмаған кезде, егер олар қарауда болмаса немесе олардың қауіпсіздігіне жауапты адамның құрылғыны пайдалануы туралы нұсқау берілмеген болса, пайдалануға арналмаған.

- Бул құрылғыны 8 жастан аскан балалар, сондай-ақ физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеті шектеулі адамдар, егер олар құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы бақылаудан немесе нұсқаулықтан өткен болса және олармен байланысты қауіптерді түсінсе, қолдана алады.

- Күрылғыны тазалау және техникалық қызмет көрсетуді балалар қараусыз жүргізбеуі тиіс.

• 3 жаска дейінгі балаларды, егер олар тұрақты бақылауда болмаса, құрылғыдан алыс ұстау керек.

- 3-тен 8 жаска дейінгі балалар құрылғыны қалыпты жұмыс жағдайында орналастырган немесе орнатқан жағдайда ғана қосып / өшіре алады, ал балалар құрылғыны қауіпсіз пайдалануға қатысты бақылауда болады немесе нұсқау береді және онымен байланысты қауіптерді түсінеді. 3 жастан 8 жасқа дейінгі балаларға құрылғыны желіге қосуға, реттеуге және тазалауға немесе құрылғыға техникалық қызмет көрсетуді жасауға тыйым салынады.

- НАЗАР АУДАРЫНЫЗ! Аталған құрылғының кейбір бөліктері қатты қызып, күйдіруі мүмкін. Балалар мен осал адамдарға ерекше назар аудару керек. Күйіп қалмас үшін қолыңызбен және денеңіздің басқа бөліктерімен құрылғының ыстық беттеріне тигізбеңіз. Радиаторды жићаздан, жастықтан, төсек-орыннан, қағаздан, киімнен, перделерден және басқа да жанғыш заттар мен материалдардан кемінде 0,9 м қашықтықта орналастырыңыз. Радиаторды жылжытпас бұрын суытып алыңыз. Радиаторды жылжыту үшін кіріктірілген түтқаны қолданыңыз.

• Куат сымы өткір жиектер мен ыстық беттерге тимейтініне көз жеткізіңіз.

- Егер құрылғы біраз уақыт 0°с-тан төмен температурада болса, оны қоспас бұрын оны бөлме жағдайында кем дегенде 2 сағат ұстау керек.

- Кұрылғыны өз бетінше жөндеуге немесе кез-келген бөлшектерін ауыстыруға тырыспаңыз. Ақаулықтар анықталған жағдайда жақын жердегі Сервис орталығына хабарласыңыз.

- Жеткізу жинағына кірмейтін құранды бөліктерді пайдаланбаңыз.

- Кұрылғыны электр желісінен ажыратқан кезде қуат сымын тартпаңыз, ашасынан ұстаңыз. Оны бұрамаңыз және ештеңеге орамаңыз.

- НАЗАР АУДАРЫНЫЗ! ЉУРЫЛГЫ жұмыс істеп түрган кезде, оның бетін ештенемен ЖАППАНЫЗ. Оған киім мен басқа да маталар мен материалдарды іліп, кептірмеңіз. Бұл оның қызып кетуіне, істен шығуына немесе Сізге және/немесе Сіздің мүлкіңізге айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Өндіруші бұзылудың бұл түрін кепілдік жағдайы ретінде қарастырмайды.

- Бүл жылытқыш арнайы майдың белгілі бір мөлшерімен толтырылған. Май контейнерін ашуды талап ететін жөндеуді тек дайындаушы немесе оған сервистік қызмет көрсету жөніндегі уәкіл орындауы тиіс, оған май ағып кеткен жағдайда жүгіну қажет.

- Жылытқышты кәдеге жарату кезінде майды кәдеге жаратуға қатысты нормативтік талаптарды орындаңыз.

- Кұрылғыны тікелей электр розеткасының жанына немесе астына немесе электр сымының астына орнатуға тыйым салынады. Бүл олардың қызып кетуіне әкелуі мүмкін, және төтенше жағдай туғызады.

- Пиктограммалардың түсініктемесі:

Scarlett SC-21.1005-S4 - САКТЫК ШАРАЛАРЫ - 1

Абайлаңыз! Беті ыстық

Scarlett SC-21.1005-S4 - САКТЫК ШАРАЛАРЫ - 2

аударыңыз! Бетін жаппаңыз

Май толтырылған электр радиаторы суық мезгілде (ерте көктем, күз, кыс) ауаны негізгі немесе қосымша жылытуға және бөлмеде жайлы атмосфера құруға арналған. Радиаторды қолдану өте ыңғайлы, орнату оңай, сонымен қатар жылу беруді жақсартады және ауа ағынын тиімді таратады.

4. ЖУМЫС СИПАТТАМАЛАРЫ

Техникалық сипаттамалар

Аспаптың техникалық сипаттамалары 1-кестеде келтірілген.

1-кесте

АтауыӨлш.бірл.SC21.1005S4SC21.1507S4SC21.2009S4SC21.2311S4SC21.1507S4BSC21.2009S4BSC21.2311S4B
НоминалдытұтынатынқуаттылықВт1000150020002300150020002300
ЭлектрқоректендірупараметрлеріВ/Гц220-240~/50220-240~/50220-240~/50220-240~/50220-240~/50220-240~/50220-240~/50
Номиналдыток қүшіA4.36,58.7106,58.710
Секцияларсаны-579117911
Қыздыруауданы m^2 10-1515-1820-2325-2815-1820-2325-28
Тазасалмағыкг4.235,456,678,05,456,678,0
Аспаптыңөлшемдерімм240x240x630340x290x648410x290x648480x290x648340x290x648410x290x648480x290x648
Электрқорғаныскласы-Class IClass IClass IClass IClass IClass IClass I

* Сурет анықтамалық акпарат ретінде берілген және шынайы аспаптан ерекшеленуі мүмкін

  1. Тасымалдау түткасы
  2. Жумыс көрсеткіші
  3. Термостат түткасы
  4. Куат коскышының түткасы
    5.Жылжытуға арналған роликті дөңгелектер
  5. Аспаптың бет панелі
  6. Құрамында майы бар секциялар

6. ЖЕТКІЗУ ЖИЫНТЫГЫ

  1. Май толтырылған радиатор – 1 дана
  2. Шығыршықты доңғалақтар, жинакта – 2 дана
  3. U-тәрізді капсырма - 2 дана
  4. Коскулақ сомын – 2 дана
  5. Пайдалану жөніндегі нүсқаулық – 1 дана
  6. Кепілдік талоны – 1 дана
  1. Радиатор мен шығыршықты доңғалақтарды қаптамадан алып шығыңыз және барлық қаптау материалын алып тастаңыз.
  2. Лак-бояу жабынын зақымдамау үшін кілемде немесе жұмсақ үстіңгі бетте радиаторды астыңғы жағын жоғары қаратып аударыңыз.
  3. Коса берілетін У-тәрізді капсырмалар мен қосқұлақ сомындардың көмегімен, У-тәрізді капсырмаларды жалғаушы секция аралық элементтің астынан өткізіп және капсырманы доңғалақтардың тілімшесімен жалғай отырып, доңғалақтардың тілімшелерін радиатор секцияларының төменгі жағына бекітіңіз.
  4. Буранды кыскыштың дөнестерінде бір жағынан қосқұлақ сомынды және екінші жағынан қосқұлақ сомынды тартыңыз.
  5. Радиаторды кайта аударыңыз және тік қойыңыз.

Scarlett SC-21.1005-S4 - ЖЕТКІЗУ ЖИЫНТЫГЫ - 1

  1. Аспапты тек тік күйінде (донғалақтары астында, басқару органдары жоғарыда) ғана іске қосып, пайдаланыңыз. Кез келген басқа күйінде қауіпті жағдайды тудырады және май толтырылған радиатордың немесе басқа мүліктің істен шығуына әкеп соктырады және кепілді месе жағдай ретінде қарастырылады.
  2. Егер шығыршықты доңғалақтар орнатылмаса, радиаторды іске қоспаңыз.

8. АСПАПТЫ ПАЙДАЛАНУ

  1. «Сақтық шаралары» тарауын мұқият оқып шығыңыз.
  2. Барлық сақтық шараларын сақтай отырып, аспаптың желілік баусымын электр розеткасына жалғаңыз. Есіңізде болсын, аспапты электр желісіне тек қуаттылықты ауыстырып-қосқыш түтқасы «OFF» (сөндірілген) күйінде түрған жағдайда ғана, яғни, түтқа сағат тіліне қарсы тірелгенше дейін бұрылып түрғанда, қосу керек.
  3. Сонымен бірге термостаттың түтқасын да сағат тіліне қарсы тірелгенше дейін бұрып қойған жөн. Содан кейін сіз аспапты электр желісіне қоса аласыз.
  4. Құаттылықты ауыстырып-қосқыштың түтқасын «І», «ІІ» немесе «ІІІ» (аспаптың төмен, орташа және максималды қызу құаттылығына сәйкес келеді) қүйіне қойыңыз. Есіңізде болсын, сіз негұрлым жоағыр қыздыру құаттылығын таңдасаңыз, соғұрлым аспап ауаны жылдам қыздыратын болады. Бірақ қыздырудың төмен құаттылығы кезінде сіз өзіңіздің электр желісіңізге жуктемені азайтасыз.
  5. Өзіңіздің жеке қалауыңызға қарай қалайтын қыздыру қуаттылығын таңдап алғаннан кейін, сіз бөлмені қыздырудың қалайтын температурасын таңдауыңыз керек. Термостаттың түтқасын сағат тілі бойымен бұрай отырып («MIN» күйінен «MAX» күйіне қарай), сіз, сөйтіп өзіңізге қажетті температура режимін реттейсіз. Темпартура режимін таңдаған сәттен бастап (қуаттылықтың сол немесе өзге режимін белсендірген жағдайда, 4-тармақты қараңыз), май толтырылған радиатор қыздыруды бастайды.
  6. Радиаторды қыздырудың бастапқы минуттарында жеңіл күйік иісі сезілуі мүмкін. Оның себебі аспаптағы шаң болуы мүмкін: бұл жылдам өтеді. Қалауыңызға қарай, сіз осы нұсқаулықта сипатталған қағидаларды және «Сақтық шараларын» сақтай отырып, аспаптың алдын ала профилактикалық тазалауын өткізе аласыз.
  7. Бөлмедегі температура қалаулы деңгейге жеткен кезде, термостаттың түтқасын сағат тіліне қарсы баяу бұрыңыз (MIN бағытында). Сіз термостаттың сөнгенінің шертпесін естисіз, басқару панеліндегі шам сөнеді. Енді бөлмедегі температура сіз таңдаған деңгейде сақталып тұрады.
  8. Егер сіз бөлмедегі температураны азайтқыңыз келсе, онда термостаттың түтқасын сағат тіліне қарсы бұраңыз. Сонымен қатар сіз аспаптың қуаттылығын анағүрлым төменге ауыстыра аласыз («І» немесе «ІІ»).
  9. Егер сіз бөлмедегі температураны үлгайтқыңыз келсе, онда термостаттың түтқасын сағат тілі бойымен бұраңыз (максималды ықтималды күйі «MAX»). Сонымен бірге сіз аспаптың қуаттылығын негұрлым жоғарыға ауыстыра аласыз («II» немесе «III»).

НАЗАР АУДАРЫНЫЗ!

Аспаптың қалыпты жұмысы үшін электр желісіндегі кернеу деңгейі аспапта көрсетілген техникалық параметрлерге қатаң сәйкестілікте жеткілікті болуы тиіс. Техникалық жапсырмамен, сондай-ақ аспаптың үстіңгі бетінде орналасқан арнайы ескертулері бар барлық жапсырмалармен мұқият танысып шығыңыз.

9. КЫЗМЕТ КОРСЕТУ

  1. Жылыту бөлімдерінің бетінен шанды кетіру үшін құрылғыны үнемі тазалап отыру керек екенін ұмытпаңыз. Құрылғының бетіндегі шаң мен ластану құрылғының тиімділігіне теріс әсер етеді, жанған шаңның иісі кейбір жағдайларда бас ауруы мен жүрек айнуын, сондай-ақ денсаулығыңызға басқа да жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін. Сондай-ақ, лас құрылғы 100% тиімді жұмыс істей алмайды, бөлмені жылытудың температуралық параметрлері бұзылуы мүмкін.
  2. Құрылғыны тазалау бойынша алдын-алу жұмыстарын жүргізбес бұрын, құрылғыны өшіріңіз, оны электр желісінен ажыратыңыз "Сақтық шараларын" қараңыз) және құрылғыны суытып алыңыз.
  3. Құрылғының бөліктерін және басқа беттерді жұмсақ, сәл дымқыл шүберекпен/матамен сүртіңіз. Мата Құрылғының бетіне түк қалдырмауы керек.
  4. Жуғыш заттарды, оның ішінде абразивтік құрамдары бар құралдарды пайдалану ұсынылмайды.
  5. Тазалау кезінде құрылғының бетіне өткір заттармен зақым келтірмеңіз (қатты губка, егеукүм қағазы және т.б.). Боялған бетіндегі сызаттар тоттың пайда болуына әкелуі мүмкін.
  6. Барлық "Сақтық шараларын" орындау арқылы құрылғыны қайтадан қосыңыз және қолданыңыз; сондай-ақ, құрылғының беті мүлдем құрғақ екеніне көз жеткізіңіз.

НАЗАР АУДАРЫНЫЗ!

Бөлімдер түсінің өзгеруі ақау емес, бірақ қатты ластанған ауасы бар бөлмеде құрылғыны пайдалану нәтижесі болып табылады.

10. АҚАУЛАРДЫ ЖОЮ

Мумкін болатын ақаулар және оларды жою әдістері 2-кестеде көрсетілген.

Егер ақауды ұсыныстарға сәйкес жою мүмкін болмаса немесе басқа ақаулар пайда болса, өкілдік қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

2-кесте

АкауМумкін себептеріЖою
Құрылғы электр желісіне қосылған, қосқыш жылу режиміне орнатылған, бірақ Құрылғы жұмыс істемейді.Электр қуаты жоқЭлектр қуатының Құрылғыдан ажыратылмағанын тексеріңіз және қажет болған жағдайда Құрылғыны электр қуатына қосыңыз
Қыздыру элементінің тізбегіндегі үзілісӨкілдік қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Электр желісінің автоматты сөндіргіші жұмыс істемейдіЭлектр желісінің автоматты сөндіргішінің жұмысын тексеріңіз және қажет болған жағдайда істемей түрған сөндіргішті ауыстырыңыз
Термостат жұмыс істемейдіӨкілдік қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Қыздыру бөлігі жұмыс істемейді
Температураны шектеуші жұмыс істемейді
Электр кабелінің үзілуіЭлектр кабелінің түтастығын тексеру қажет болса, оны ауыстыру үшін өкілдік қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз
ҚұрылғыЭлектр желісіндегіЭлектр желісіндегі
нашар жылытадыкернеуді тексерукернеуді тексеру
Термостатта бөлмені жылытудың төмен температурасы орнатылғанТермостатта бөлмені жылытудың жоғары температурасын орнатыңыз
Қыздыру бөлігі жұмыс істемейдіӨкілдік қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

11. CAKTAY

Аспап бөлшектеліп, үзак сақтау үшін қаптамаға салынғанша дейін, аспаптың корпусы және оның қыздыру элементінің салқындағанына көз жеткізіңіз.

ТАЗАЛАУ ЖЭНЕ КУТИМ бөлімінің барлық талаптарын орынданыз.

Коректену бауын ораңыз.

Аспап узак уакыт бойы пайдаланылмайтын болса, оны күргақ салқын жерде зауыттық картон каптамада сақтаңыз.

Аспаптың қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін оны кәдеге жарату орнында қолданылатын нормаларға, ережелерге және әдістерге сәйкес кәдеге жарату керек. Аспапты кәдеге жарату бойынша егжей-тегжейлі акпаратты жергілікті билік органының өкілінен оған аспап туралы толық ақпаратты ұсына отырып, алуға болады.

Дайындаушы және ол уәкілеттік берген түлға Сатып алушының Сатып алушы тандаған аспапты кәдеге жарату және кәдеге жарату тәсілдері жөніндегі заң талаптарын орындауы үшін жауапты болмайды. Аспаптың қызмет ету мерзімі кепілдік талонда көрсетілген. Аспаптың кепілдік мерзімі, кепілдік шарттары және кепілдік мерзімі кепілдік талонында көрсетілген. Кепілдік талоны осы аспапты жеткізу жиынтығына кіретін тауарға ілеспе құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылады. Жеткізу жиынтығында кепілдік талоны болмаған жағдайда,

Сатушыдан оны талап етіңіз. Сатушы беретін кепілдік талоны Дайындаушы белгілеген нысанға сәйкес болуы тиіс. Дайындаушы және Дайындаушының уәкілетті түлғасы осы аспаптың адамдарға, жануарларға, мүлікке тікелей немесе жанама түрде келтірілген ықтимал зиян үшін, егер бүл пайдалану ережелері мен шарттарын сақтамау, аспапты орнату, тұтынушының және/немесе үшінші түлғалардың қасақана немесе абайсыз іс-әрекеттері нәтижесінде болған

IM2021

жағдайда, сондай-ақ табиғи және/немесе антропогендік форс-мажор кұбылыстарынан туындаған жағдайларда, кез келген жауапкершіліктен өзін босатады.

SCARLETT® comfort

Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : Scarlett

Модель : SC-21.1005-S4

Санат : Жылыту