OKP6222MH - сорғыш Hansa - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз OKP6222MH Hansa PDF форматында.

Hansa OKP6222MH - сорғыш
📄 112 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice Hansa OKP6222MH - page 49
Нұсқаулықты қарау : Български BG English EN Eesti ET ქართული KA Қазақша KK Română RO Русский RU Українська UK
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түрі Ас үй сорғышы (мұржалы/әмбебап/телескопиялық/кіріктірілген)
Модель OKP6222MH (сонымен қатар OKP6321ZH, OKP6321ZBH, OKP6222MBH)
Бренд Hansa
Ені 60 см (осы серия үшін типтік)
Желдеткіш жылдамдықтары 3 жылдамдық (төмен, орта, жоғары)
Бақылау Батырмалар
Жарықтандыру Тәуелсіз жарықтандыру (қыздыру шамы/галоген/LED, ауыстырылатын)
Шығару режимі Сыртқа шығару (құбыр қажет) немесе айналу (көмір сүзгісі қажет)
Май сүзгісі Алюминий (ыдыс жуғышта жууға болады); ай сайын тазалаңыз
Көмір сүзгісі Белсендірілген көмір; 3-4 ай сайын ауыстырыңыз (айналу режимі үшін)
Құбыр диаметрі 120 немесе 150 мм
Қауіпсіздік ерекшеліктері Автоматты өшіру (қолданылса); жалыннан қорғау ескертулері; балалардың қауіпсіздігі (8+ жас)
Орнату түрі Қабырғаға орнатылатын, төбеге орнатылатын (аралдық) немесе жиһазға кіріктірілген
Электрмен жабдықтау 220-240 В, 50/60 Гц (типтік)
Кепілдік Ұлттық ережелерге сәйкес ең аз кепілдік мерзімі (кепілдік картасында егжей-тегжейлер)
Сертификаттар CE, UKCA
Пайдаланушы нұсқаулығының тілдері Ағылшын, румын және басқалары (нұсқаулықты қараңыз)
Салмағы Шамамен 10-15 кг (60 см сорғыш үшін типтік)

Жиі қойылатын сұрақтар - OKP6222MH Hansa

Hansa OKP6222MH ас үй сорғышының май сүзгісін қалай тазалау керек?
Алюминий май сүзгісін айына кемінде бір рет тазалау керек. Оны ыдыс жуғышта немесе қолмен жұмсақ жуғыш зат немесе сұйық сабынмен жууға болады. Бірнеше жуудан кейін түсі өзгеруі мүмкін, бірақ бұл қалыпты жағдай.
Белсендірілген көмір сүзгісін қашан ауыстыру керек?
Көмір сүзгісі сорғыш сыртқы құбырға қосылмаған кезде ғана қолданылады (айналу режимі). Оны жууға болмайды және 3-4 ай сайын немесе қарқынды пайдалану кезінде жиірек ауыстыру керек.
OKP6222MH-дегі жарық шамды қалай ауыстыруға болады?
Жарықтандыру зауытта орнатылғандармен бірдей спецификациядағы қыздыру шамы/галоген/LED модульдерін пайдаланады. Ауыстыру нұсқаулары үшін нұсқаулықтағы 7-суретті қараңыз. Көрсетілмесе, уәкілетті қызметке хабарласыңыз.
Плита мен сорғыш арасындағы ең аз орнату қашықтығы қандай?
Электрлік плиталар үшін өнімнің техникалық парағын қараңыз. Егер газ плитасының нұсқаулары үлкенірек қашықтықты көрсетсе, соны орындау керек. Әдетте, электрлік үшін шамамен 65-75 см, газ үшін 75-85 см.
Сорғышты көмір сүзгісіз айналу режимінде пайдалануға бола ма?
Жоқ, айналу режимі үшін белсендірілген көмір сүзгісін орнату керек. Онсыз сорғыш иістерді тиімді жоймайды. Май сүзгісі әрқашан қажет.
Сорғыш жұмыс істемесе не істеу керек?
Алдымен электр сымының қосылғанын және желідегі қуаттың бар екенін тексеріңіз. Май сүзгісінің таза және бітелмегеніне көз жеткізіңіз. Мәселе шешілмесе, білікті қызмет орталығына хабарласыңыз. Өзіңіз жөндеуге әрекеттенбеңіз.
Сорғыштың астында ашық жалынмен пісіру қауіпсіз бе?
Жоқ, ашық жалынмен (мысалы, фламбе) пісіруге қатаң тыйым салынады, себебі бұл өртке әкелуі мүмкін. Жалынның кастрөлден шықпауын әрқашан қадағалаңыз.
Сыртқа шығару және айналу режимдері арасында қалай ауысуға болады?
Әмбебап сорғыштар үшін режимді қолмен өзгерту керек (нұсқаулықтағы 8-суретті қараңыз). Телескопиялық және кіріктірілген сорғыштар үшін айналу режимі сүзілген ауаны бөлмеге шығаратын шығару құбырын орнатуды қажет етеді.
Балалар Hansa ас үй сорғышын пайдалана ала ма?
Бұл құрылғыны 8 жастан бастап балалар қадағалаумен немесе қауіпсіз пайдалану жөнінде нұсқау алған жағдайда пайдалана алады. Балалар сорғышпен ойнамауы керек. Тазалау және күтім көрсету тек қадағалаумен жүзеге асырылады.
OKP6222MH үшін кепілдік мерзімі қандай?
Ең аз кепілдік мерзімі құрылғымен бірге берілетін кепілдік картасында көрсетілген. Ол әдетте өндірістік ақауларды қамтиды. Рұқсатсыз өзгертулер жасалса, кепілдік жарамсыз болады.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы OKP6222MH Hansa

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз сорғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз OKP6222MH - Hansa және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. OKP6222MH брендінің Hansa.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ OKP6222MH Hansa

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ 54 ПАЙДАЛАНУ 55

СІҢІРГІШТІ БАСҚАРУ

ПАЙДАЛАНУ

СІҢІРГІШТІ БАСҚАРУ

СОРҒЫШТЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ӨЗГЕ МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ

ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМ

КОНСЕРВАЦИЯЛАУ

МАЙ АУЛАҒЫШ СҮЗГІ

БҰРЫШТЫҚ СҮЗГІ

ЖАРЫҚТАНДЫРУ

Бүгіннен бастап күнделікті міндеттер анағұрлым жеңілденетін болады. Hansa құрылғысы – бұл айтарлықтай оңай пайдалану мен керемет тиімділіктің үйлесімі. Нұсқаулықты оқып шыққаннан кейін қызмет көрсету еш қиындық тудырмайды.

Зауыттан шығарылған жабдық қапталар алдында бақылау-сынау стендтерінде қауіпсіздік және атқарымдылық тұрғысынан мұқият тексерілді.

Дұрыс қызмет көрсетпеуінің алдын алу үшін ас үй сорғышын қосар алдында аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен мұқият оқып танысу керек. Нұсқаулықта көрсетілген нұсқауларды сақтау Сіздің плитаны дұрыс пайдаланбауыңыздың алдын алады. Нұсқаулықты сақтаған дұрыс және оны әрдайым қол астында болатын орындарда ұстаған жөн.

Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін, жұмысты нұсқаулық бойынша бастаңыз.

Құрметпен

Hansa OKP6222MH - 1

Hansa

Haushaltsgeräte

ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ БОЙЫНША НҮСҚАУЛАР

  • Сүзгіні қолданар алдында, пайдалану бойынша осы нұсқауды зер салып оқыңыз
  • Құрылғы тек тұрмыстық мақсатта ғана қолдануға арналған.
  • Өндіруші құрылғы құрылымына қызметіне әсер етпейтін өзгерістерді енгізуге құқылы.
  • Өндіруші осы нұсқаудағы ұсыныстарды қадағаламау нәтижесінде аспапты дұрыс пайдаланбаудан туындаған болуы мүмкін зақымдарға, жануға немесе өртке жауап бермейді.

- Асүй сүзгісі асүй иістерін және булануын жою үшін қызмет етеді. Басқа да мақсаттар үшін қолдануға тыйым салынады.

- Бұру тәртібінде жұмыс істеп тұрған сүзгіні, тиісті желдеткіш каналына қосу қажет (жану құрылғылары қосылған қаналушы ауа өткізгіштерге, түтіндіктерге немесе желдету шахталарына қосуға тыйым салынады). Сүзгі үшін ауаның сыртқа қайтуымен ауа өткізгішті орнату қажет. Ауа өткізгіштің ұзындығы (көбінесе Ø 120 мм-лік немесе 150 мм-лік құбыр) 4-5 м-ден артық болмауы тиіс. Ауа өткізгіш сіңіру режиміндегі телескопиялық және жиһаздық сіңіргіштерде де талап етіледі.

- Сорып алу тәртібінде жұмыс істейтін сүзгілер үшін белсендірілген көмірмен сүзгі орнату қажет. Осы жағдайда ауа сыртқа қайтарумен ауа өткізгішті орнату қажеттілігі жоқ, бірақ ауаны қайтаруды реттегіш құрастыру ұсынылады (тек ағынды сүзгі).

- Сүзгі желдеткіш жұмысының бірнеше жылдамдығынан біреуін таңдау мүмкіншілігімен тәуелсіз жарықпен және сүзгі желдеткішімен жабдықталған.

- Құрылғының нұсқасына байланысты сүзгі газ немесе электрлік плита үстінен вертикаль қабырғаларына (ағынды және жан-жақты сүзгілер); газ немесе электр плита үстінен төбесіне (аралдық сүзгілер); газ немесе электрлік плита үстінен вертикаль қабырғасына шкафқа (телескоптық немесе шкафқа салып қоятын) тұрақты құрастыру үшін арналған. Құрастыру алдында Сізбен сатып алынған сүзгіні қабырға/төбе ұстай алатынына көз жеткізу қажет. Сүзгінің кейбір үлгілері өте ауыр.

- Электрлік плитаның үстінен құрылғыны құрастыру биіктігі өнім төлқұжатында көрсетілген (құрылғының техникалық ерекшелігі). Газ жабдықтарын орнату жөніндегі нұсқаулықта ұзақ қашықтық көрсетілген болса, бұны ескеру керек (1 суреті).

- Асүй сүзгінің астында плитадан кастрөлді алу уақытында ашық отты ашық қалдыруға тыйым салынады, алаудың ең төмендігін реттеу керек. Қуаттың орынсыз шығынына және заттың қауіпті шоғырлауына келтіретін болғандықтан, ыдыс-аяқтардың шектен тыс шықпауы үшін алауды ескеріңіз.

- Үлкен мөлшерлі маймен немесе сарымаймен ас әзірлеу кезінде плитаны қараусыз қалдыруға болмайды. Қызған май немесе сарымай өздігінен тұтануы және сүзгінің жануына келтіруі мүмкін.

- Әр жолы тазалау, сүзгіні ауыстыру немесе жөндеу алдында қоректендіру көзінен сүзгіні ажыратыңыз.

- Асүй сүзгісіне арналған майтұтқыш сүзгіні айына 1 рет тазалау қажет, себебі майға қаныққан сүзгі жеңіл тұтанады.

- Сүзгі орнатылған жерде басқа электрлік емес аспаптарды пайдалану (мысалы, сұйық отынмен жұмыс істейтін пештер, қазандықтар, бойлер немесе ағынды су жылытқыштар) кезінде жеткілікті желдеткішті қамтамасыз ету қажет. Егер токты ажырату 0,004 мбар аспаған жағдайда ғана осы құрылғыларды орнату

орнында жану құрылғысы бөлме ауасына байланысты және сүзгінің бір уақытта жұмыс істеуі кезінде пайдалану қауіпсіздігі мүмкін (иістерді сіңіргіш ретінде асүй сүзгілері қолданылса осы шарттар міндеттелмейді).

  • Асүй сүзгісіне білекпен тірелуге тыйым салынады.
  • Сіңіргіш осы нұсқаулықта көрсетілген консервацияға қатысты нұсқауларды ұстана отырып, ішінен де, сыртынан да жиі (АЙЫНА БІР РЕТТЕН СИРЕКТЕТПЕЙ) тазартылуы тиіс. Сіңіргішті тазартуға және сүзгілерді ауыстыруға қатысты қағидаттарды ұстанбау, өрт шығу қаупінің туындауына себеп болады.
  • Электрлік сымында ақау болған жағдайда оны тек арнайы маманданған жөндеу шеберханасында алмастыру керек.
  • Қос полюсті ажыратқыш немесе розеткадан электр өткізгішін созып тұру көмегімен қоректендіруші желіден аспапты ажырату мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет.
  • Балаларға және дене, мануальды және ақыл-ой мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға, олар оқытылғанға және аспапты пайдалану бойынша нұсқаумен таныстырылғанға дейін аспапты қолдануға рұқсат бермеңіз.
  • Балалар ата-ананың қарауынсыз қалғанда, балалардың құрылғыны қолдана алмайтынына ерекше назар аудару қажет.
  • Асүй сүзгісінің зауыттық қалқаншасында көрсетілген қуатына желідегі қуаттың сәйкес келуіне көз жеткізіңіз.
  • Сүзгіні орнатар алдында электрлік қоректендірудің сымын тарқатып алу және түзету қажет.
  • Орау материалдарын (полиэтиленді қаптар, пенопласт бөлшектері және т.б.) құрылғыны ашу үрдісі кезінде балалардан алыс ұстау керек.

- Сіңіргішті желілік қуат көзіне қосар алдында қуат кабелінің дұрыс орнатылғанын және монтаждау жұмыстары барысында сіңіргішпен ҚЫСЫЛМАҒАНЫН тексеріп алған жөн. Құрылғыны орнату аяқталғанға дейін электр желісіне қоспаңыз.

- Май ұстайтын алюминийлі сүзгілері орнатылмаған сіңіргіштерді пайдалануға тыйым салынады.

- Ашық отты пайдаланумен сүзінді астында ас әзірлеуге қатаң тыйым салынады.

- Пайдаланылған газды бұру үшін қажетті техникалық құралдарды және қауіпсіздік құралдарын қолдану саласында құзыретті жергілікті органдармен берілген ережелерді қатаң қадағалау керек.

- Осы нұсқауда көрсетілген соңына дейін бүркелмеген бұрамалар және бекітілмеген элементтер өмір және денсаулық үшін қауіптілік туындауы мүмкін.

- Аспалы сіңіргіштер иістерді сіңіру режимінде ғана жұмыс істейді.

- ЕСКЕРТУ! Бұрандаларды немесе бекіту құрылғысын осы нұсқауларға сәйкес орнатпау электрлік қауіптерге әкелуі мүмкін.

- Осы құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы балалар, сонымен қатар шектеулі дене, сипапсезу және ақыл-ой қабілеттері бар адамдар, жабдықты қолдануға тәжірибесі және білімі жоқ адамдар, егер олар үздіксіз бақылауда болған жағдайда немесе жабдықты қауіпсіз қолдану бойынша нұсқаулар алған және осы құрылғыны пайдаланумен байланысты ықтимал қауіптілік туралы құлақтандырылған жағдайда ғана, қолдануға болады. Балаларға аспаппен ойнауға болмайды. 8 жасқа дейінгі балаларға және құзыретті тұлғаның бақылауынсыз аспапты тазалауға және оған техникалық қызмет көрсетуге болмайды.

ОРАУДАН АШУ

Hansa OKP6222MH - ОРАУДАН АШУ - 1

Құрылғыны тасымалдау кезінде зағымдалудан қорғау қарастырылған. Құрылғыны ашқаннан кейін орау элементтерін қоршаған ортаны ластамай жинаңыз. Орау үшін қолданылған барлық материалдар, қоршаған ортаға зиянсыз 100% қайта өңделе алады, сәйкес

символмен таңбалауға ие.

Назар аударыңыз! Орау материалдарын (полиэтиленді қаптар, пенопласт бөлшектері және т.б.) құрылғыны ашу үрдісі кезінде балалардан алыс ұстау керек.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ

Hansa OKP6222MH - ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ - 1

Осы құрылғы 2012/19/ЕС. Бұндай таңбалау бұл құрылғыны, пайдаланудан кейін басқа да тұрмыстық қалдықтармен бірге лақтыруға болмайтындығы жайлы ақпараттандырады.

Пайдаланушы құрылғыны қолданыста болған электрлі және электронды құрылғыларды жинаушыларға тапсыруға

міндетті. Қалдықтарды жинаушылар, жинау пунктері, дүкендер және бөлімшелер бұл құрылғыны тапсыруға мүмкіндік беретін жүйені құрайды.

Пайдалануда болған электрлі және электронды құрылғы адам денсаулығына және қоршаған орта салдарына, бар болатын қауіпті құрылымды элементтерінен, сонымен қатар мұндай құрылғының қайта дұрыс жұмыс істемеуіне және қоймалануына қауіптіліктің алдын алуға бұл қаулы мүмкіндік береді.

ПАЙДАЛАНУ

Сіңіргішті басқару

Сіңіргішті басқару панелі 4-суретте көрсетілген және еске түсіру үшін төменде келтірілген:

1 2 3 4

Басқару панелі түймелермен қамтылған (isostat).

Сүзгіні қосу үшін, тиісті түймені басу арқылы төменде сипатталған жылдамдық режимдерінің бірін таңдаңыз:

1- Ең төмен жылдамдық. Осы жылдамдықты булардың онша көп емес мөлшерінде қолданыңыз. 2- Орташа жылдамдық. Осы жылдамдықты булардың орташа мөлшерінде қолданыңыз, мысалы, бірнеше тағамды бір уақытта әзірлеген кезде. 3- Ең жоғары жылдамдық. Осы жылдамдықты булардың ең жоғары мөлшерінде, мысалы, қуырған кезде немесе грильде ас әзірлеген кезде. 4- Сүзгіні сөндіру

Нышанымен белгіленген түйме жарықтандыруды қосуға немесе сөндіруге арналған. Сүзгідегі жарықтандыру жылдамдық режиміне қарамастан жұмыс істейді.

ПАЙДАЛАНУ

Сіңіргішті басқару

Сіңіргішті басқару панелі 4-суретте көрсетілген және еске түсіру үшін төменде келтірілген:

1 2 3 4

Басқару панелі түймелермен қамтылған.

Сүзгіні қосу үшін, тиісті түймені басу арқылы төменде сипатталған жылдамдық режимдерінің бірін таңдаңыз:

1- Ең төмен жылдамдық. Осы жылдамдықты булардың онша көп емес мөлшерінде қолданыңыз. 2- Орташа жылдамдық. Осы жылдамдықты булардың орташа мөлшерінде қолданыңыз, мысалы, бірнеше тағамды бір уақытта әзірлеген кезде. 3- Ең жоғары жылдамдық. Осы жылдамдықты булардың ең жоғары мөлшерінде, мысалы, қуырған кезде немесе грильде ас әзірлеген кезде. 4- Нышанымен белгіленген түйме жарықтандыруды қосуға немесе сөндіруге арналған. Сүзгідегі жарықтандыру жылдамдық режиміне қарамастан жұмыс істейді.

Сорғыштың жұмысы туралы өзге маңызды ақпарат

Сіңіргіш-сүзгі ретіндегі жұмысы: Бұл нұсқада әдетте сүзілген ауа осы арнайы бейімделген саңылау арқылы орынжайға кері қайтарылады. Осы тәртіпте жұмыс істеу үшін бұрыштық сүзгі орнатылуы тиіс, сондай-ақ шығарушы ауа өткізгішті орнатуға кеңес беріледі (қолжетімдігі үлгіге байланысты, ең алдымен, сорғыш шкафтарда кездеседі).

Ауа шығару тәртібінде жұмыс істеу: Ауаны шығару тәртібінде асүй сүзгісі арнайы ауа өткізгіш жәрдемімен ластанған асүй ауасын сыртқа шығарып тастайды. Осы жағдайда сүзгіден көмір сүзгісін шығарған дұрыс. Мамандандырылған дүкендерде сатып алуға болатын тиісті бекіту қапсырмаларымен және 150 мм немесе 120 мм диаметрлі иілгіш немесе пластикалық сала көмегімен ауаны шығару үшін тесікке сүзгі қосылады. Қосуды тек білікті мамандар ғана орындай алады.

Желдеткіштің жылдамдығы: Шағын және орта жылдамдық қалыпты шарттар және булардың төмен концентрациясы кезінде қолданылады, максимальды жылдамдық ас үйде булардың жоғары концентрациясы кезінде ғана қолданылады, мысалы, қуыру немесе гриль қолдану уақытында.

Ескертпе (әмбебап сорғыштарға ғана қатысты): Әмбебап сорғыштардың құрылымы жұмыс тәртібін қолмен өзгертуді талап етеді. Өзгерту әдісі 8-суретте көрсетілген.

Ескертпе (телескоптық және кіріктірме сорғыштарға ғана қатысты): Шкафтағы телескоптық және салып қойылған сіңіру тәртібінде істейтін сүзгілер ауаның қайтуы үшін құбырды қосуды талап етеді. Құбырдың екінші соңын жайға бағыттаңыз, сол арқылы тазартылған ауа шығады.

Назар аударыңыз: Аспалы сорғыштар иістерді сіңіру тәртібінде ғана әрекет етеді.

ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМ

Консервациялау

Үдайы тазалау және консервациялау асүй сүзгісінің сенімді және ұзақ жұмысына кепілдік береді. Өндірушінің ұсыныстарына сәйкес алюминді май тұтқыш немесе көмір сүзгілерін ауыстыруға ерекше назар аудару қажет.

  • Қатты дымқыл шүберектерді немесе жөкелерді қолдануға, сонымен қатар суды сорғалатып сүзгіні жууға тыйым салынады.
  • Тазалау үшін спиртті және еріткіш құралдарды қолдануға тыйым салынады, себебі олар үстіңгі (тот баспайтын) лакталған қабаттың бұзылуына әкеледі.
  • Тот баспайтын болаттан жасалған үстіңгі бетті тазалау үшін агрессивті жуу құралдарын қолдануға тыйым салынады.
  • Қатты шүберектерді және жөкелерді қолдануға тыйым салынады.
  • Бейтарап жуу құралдарын қолданумен ылғалды матамен тазалау ұсынылады.

Назар аударыңыз: Ыдыс жуу машинасында алюминді сүзгіні бірнеше рет жуғаннан кейін, оның түсі өзгеруі мүмкін. Түстің өзгеруі жарамсыздықты немесе оны ауыстыру қажеттілігін білдірмейді.

Май аулағыш сүзгі

Май түтқы сүзгісін жұмсақ жуу құралдарын немесе сұйық сабынды қолданып, ыдыс жуу машинасында немесе қолмен, сүзгінің қалыпты жұмысы кезінде айына бір рет тазалау қажет.

Май түтқы сүзгілерін бөлшектеу 5-суретте көрсетілген.

Кейбір үлгілерде акрилдік сүзгілер қолданылады. Қарқынды қолдану жағдайында оны 2 айда немесе жиірек ауыстыру қажет.

Бұрыштық сүзгі

Көмір сүзгісі желдеткіш ауа өткізгішіне сүзгі қосылған жағдайда қолданылады. Белсендірілген көмір сүзгілері толық қаныққанға дейін иістерді сіңіреді. Мұндай сүзгіні жууға, регенерациялауға болмайды. Егер сүзгі қарқынды жұмыс істесе, ластану дәрежесіне қарай 3-4 айда бір рет немесе жиірек ауыстыру қажет.

Көмір сүзгісін бөлшектеу 6-суретте көрсетілген.

Жарықтандыру

Зауытта орнатылған шамдар сияқты қыздыру / галоген / диодты үлгілердегі шамдарды қолдану. Шамдарды ауыстыру 7-суретте көрсетілген. Егер осы нұсқаулықта ондай сурет болмаса, жарықтандыру модулін уәкілетті сервистік орталық қана ауыстыра алады.

Кепілдік қызмет көрсету ережесі кепілдік талонында баяндалған. Өндіруші кір жуғыш машинасын тиісті түрде қолданбау нәтижесінде келтірілген қандай да бір залал үшін жауапкершілік тартпайды.

Сервис

  • Жабдықты өндіруші барлық жөндеу және реттеу жұмыстарын өндірушінің зауыттық сервистік қызметінің немесе уәкілетті сервистік қызметінің орындауын ұсынады. Қауіпсіздік ережелерін негізге ала отырып, құрылғыны өз бетінше жөндеуге болмайды.
  • Құрылғыны қажетті біліктілігі жоқ тұлғалардың жөндеуі пайдаланушы үшін маңызды қауіп төндіруі мүмкін.
  • Өндіруші, импорттаушы немесе уәкілетті өкілдің құрылғыға беретін ең аз кепілдік мерзімі кепілдік талонында көрсетілген.
  • Құрылғы өз бетінше бейімдеу, өзгерістер енгізу, пломбаларды немесе басқа да жабдықтарды немесе оның бөліктерін қорғау шараларын бұзу, сондай-ақ пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес келмейтін жабдыққа өз бетінше араласу нәтижесінде өз кепілдігін жоғалтады.

Ақауланған жағдайда жөндеуге және көмекке өтінім білдіру

Егер құрылғыны жөндеу қажет болса, сервистік орталыққа жүгініңіз. Сервистік орталықтың мекенжайы және байланыс телефоны кепілдік талонда көрсетілген. Қолданудың алдында құрылғының сериялық нөмірін дайындау қажет, ол зауыттық тактайшада көрсетілген. Ыңғайлы болу үшін оны төменде жазыңыз:

Өндірушінің мәлімдемесі

Осымен өндіруші түрмыстық аспабының төмендегі көрсетілген негізгі талаптар мен басшылықтарына сәйкес келеді деп куәландырады;

• төменвольтті жабдықтар директивасы 2014/35/EC, - электромагниттік үйлесімділік директивасы 2014/30/ЕС, - қоршаған ортаны жобалау директивасы 2009/125/ЕС, • „төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі үшін” талап ТР ТС 004/2011, - „техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі” талап ТР ТС 020/2011

Аспап сәйкестікті белгісімен таңбаланады, және оған нарықты бақылау мекемелерге ұсынылатын сәйкестік сертификаты беріледі.

Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : Hansa

Модель : OKP6222MH

Санат : сорғыш