GTW6INI - плита GORENJE - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GTW6INI GORENJE PDF форматында.

GORENJE GTW6INI - плита
📄 52 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice GORENJE GTW6INI - page 37
Нұсқаулықты қарау : English EN Қазақша KK Русский RU Українська UK
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түрі Еркін тұратын пеш
Бренд Gorenje
Модель GTW6INI
Санаты Пеш
Өлшемдер (Биіктігі x Ені x Тереңдігі) 85 см x 60 см x 60 см
Салмағы Шамамен 55 кг
Энергия түрі Газ
Беттегі оттықтар саны 4
Пештің сыйымдылығы 65 L
Пеш функциялары Конвекция, Гриль, Жоғарғы және төменгі жылыту
Тазалау Алынбалы пеш есігі, эмальды ішкі бөлік
Қауіпсіздік ерекшеліктері Жалын сөну құрылғысы, пеш термостаты
Орнату түрі Еркін тұратын
Түсі Ақ / Тот баспайтын болат (нұсқаға байланысты)
Кепілдік 2 жыл (стандартты)
Нұсқаулық тілдері EN, KK, RU, UK

Жиі қойылатын сұрақтар - GTW6INI GORENJE

Gorenje GTW6INI қандай газ қолданады?
Пеш табиғи газға (NG) арналған, бірақ конверсия жинағы арқылы сұйытылған газға (LPG) ауыстыруға болады. Нақты қысым талаптары үшін нұсқаулықты қараңыз.
Пеш есігін қалай тазалау керек?
Пеш есігін оңай тазалау үшін алып тастауға болады. Жұмсақ жуғыш зат және жұмсақ шүберек қолданыңыз. Абразивті тазартқыштарды қолданбаңыз.
Пеш өзін-өзі тазалайды ма?
Жоқ, пештің эмальды ішкі беті бар, оны қолмен тазалау қажет. Есік кіруді жеңілдету үшін алынбалы.
Жалын сөніп қалса, не істеу керек?
Пеш жалын сөнуін қорғау құрылғысымен жабдықталған. Егер жалын сөнсе, газ беру автоматты түрде тоқтатылады. Қайта тұтандыру алдында газдың таралуын күтіңіз.
Пешті тоңазытқыштың жанына орнатуға бола ма?
Бұл ұсынылмайды, өйткені пештен шыққан жылу тоңазытқыштың жұмысына әсер етуі мүмкін. Кем дегенде 10 см аралық қалдырыңыз немесе оқшаулағыш панельді қолданыңыз.
Пештің қуат тұтынуы қандай?
Пеш газбен жұмыс істейді, сондықтан электр тұтынуы минималды (тек тұтандыру және пеш шамы үшін). Шамамен электр қуаты 15 Вт.
Пеш шамды қалай ауыстыруға болады?
Пеш шамы әдетте 25-40 Вт галоген түрі. Қуатты ажыратыңыз, шыны қақпақты алыңыз және үйлесімді шаммен ауыстырыңыз.
Пісіру үшін ұсынылатын пеш температурасы қандай?
Көптеген пісіру үшін 180-200°C (350-400°F) дейін қыздырыңыз, біркелкі жылу тарату үшін конвекция функциясын қолданыңыз.
Пеш есігін қалай құлыптауға болады?
Бұл үлгіде есік құлыптау функциясы жоқ; ол өзін-өзі тазаламайды. Балалардың құрылғының жанында қадағалануын қамтамасыз етіңіз.
Пайдаланушы нұсқаулығын қайдан жүктеп алуға болады?
Нұсқаулықты notice-facile.com сайтынан PDF форматында тегін жүктеп алуға болады. Сондай-ақ электрондық пошта арқылы аударманы сұрай аласыз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы GTW6INI GORENJE

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз плита PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GTW6INI - GORENJE және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GTW6INI брендінің GORENJE.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GTW6INI GORENJE

Пайдалану жөніндегі құралы

GORENJE GTW6INI - 1

Құрметті сатып алушы!

Осы газ плитасы тағамды үй шаруашылығында пайдалануға арналған. Орауыш экологиялық таза материалдардан жасалған, оларды қоршаған ортаға зиян тигізбей, қайта өңдеуге, қалдықтарды сақтауға арналған арнайы полигондарда жинақтауға және пайдаға жаратуға болады. Орауыш материалдарының тиісті таңбалануы бар. Жұмысы өтелген бұйымды электронды және электр жабдығын қабылдаудың тиісті пунктіне кейіннен пайдаға жарату үшін тапсырыңыз.

Пайдалану жөніндегі құралы

Пайдаланушы үшін пісіру панелі мен оны басқару сипатталған пайдалану жөніндегі нұсқаулығы дайындалған. Нұсқаулық аспаптардың бірнеше түрлері үшін әзірленген, сондықтан сіздің моделіңізде жоқ жеке функциялардың сипаттамасын қамтуы мүмкін.

Осы нұсқаулық аспапта елінің символы болған жағдайда жарамды. Егер елінің символы болмаса, сіздің елдің талаптарына сәйкес аспапты бейімдеу жөніндегі техникалық нұсқаулықты ұстаныңыз.

Іске қосу жөніндегі құралы

Іске қосу қоса берілген іске қосу жөніндегі нұсқаулық және қолданыстағы үйғарымдар мен стандарттарға сәйкес жүргізіледі. Іске қосуды тек білікті маман ғана жүргізе алады.

Зауыттық тақтайшасы

Аспаптың негізгі деректері бар зауыттық тақтайшасы пісіру панелінің төменгі жағында орналасқан.

Маңызды ескертулер 38

Орнату 39

Электр желісіне қосу 40

Газ желісіне қосу 41

Техникалық ақпарат 43

Пайдалану 44

Жуғыш және тазартқыш құралдары 46

Арнайы ескертулер және ақаулануы туралы хабардар ету 48

Маңызды ескертулер

  • Аспапты асүй жиһазының элементіне орнатуды және оны электр желісіне және газ көзіне қосуды тек білікті маман ғана орындай алады.
  • Аспаптың жұмыс істеу кезінде жайдың ішінде жылу мен ылғалдың пайда болуы ұлғаяды. Аспаптың ұзақ жұмыс істеуі барысында жайдың неғұрлым үдемелі желдетілуі талап етіледі немесе ас үй сүзгісін пайдалану керек.
  • Жалын тұрақты жанбаса, газ жанарғыларын пайдаланбаңыз.
  • Егер сіз жайдың ішінде газдың иісін сезсеңіз, газдың келуін газ құбырын бітеп немесе баллонды вентильмен жауып тастаңыз, кез келген алауды сөндіріңіз, соның ішінде темекі бұйымдарын, электр аспаптары мен жарықты іске қоспаңыз, жайдың ішін жақсылап желдетіңіз (терезелерді ашыңыз!), жедел сервистік орталығы немесе газбен жабдықтау кәсіпорнымен байланысыңыз.
  • Газ жанарғыларын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз (мысалы, демалысқа кеткенде), газды вентильмен жауып қойыңыз.
  • Егер сіз ұзақ уақыт болмауды жоспарласаңыз (мысалы, демалысқа кетуді), газдың келуін газ құбырын бітеп немесе баллонды вентильмен жауып тастаңыз.
  • Қызып кеткен май тұтанып кетуі мүмкін, сондықтан сұйық майдың немесе майдың көп мөлшері пайдаланылатын тамақтарды үнемі бақылап тұрып дайындаңыз. Күйіп қалу және тұтану қаупі бар!
  • Аспап жайды жылыту үшін арналмаған.
  • Бос ыдысты жұмыс істеп тұрған және ыстық конфоркаларға қоймаңыз.
  • Жанарғылардың барлық бөлшектері дұрыс жиналғанын және орнатылғанын қадағалаңыз.
  • Пісіру панелін жұмыс үстелі ретінде пайдаланбаңыз. Ұшкір заттар шыныкерамикада сызаттар қалдыруы мүмкін.
  • Пісіру панелінде жұқа қабырғалы алюминий ыдысы мен фольга, сондай-ақ пластикалық ыдыста дайындамаңыз. Осы материалдар балқып кетіп, пісіргіш бетін ақауландыруы мүмкін. Пісіргіш бетіне пластик заттары мен алюминий фольгасын қоймаңыз.
  • Жақын тұрған электр аспаптарының жалғама кабельдері ыстық конфоркаларға жанаспауы керек.
  • Аспаптың астында оңай тұтанатын заттарды, мысалы, тазарту құралдарын немесе аэрозольдарды сақтамаңыз.
  • Жарылған немесе сынған пісіру панелін пайдаланбаңыз. Электр тогының соғу қаупі бар! Жарықшақ айқындалған жағдайда электр тогының соғуын болдырмау үшін жедел аспапты электр желісінен ажыратыңыз.
  • Ақаулықтар пайда болған кезде аспапты тез арада электр желісінен ажыратыңыз және сервис орталығына хабарласыңыз. • Пісіру панелін тазарту үшін жоғары қысымды тазартқыштарды және бу ағынды тазартқыштарды пайдаланбаңыз, өйткені бұл қысқа тұйықталуды тудыруы мүмкін және электр тогына ұрынуға әкеп соғады.
  • Аспап қауіпсіздік жөніндегі стандарттарға сәйкес әзірленген.
  • Аспапты сегіз жастан асқан балаларға және физикалық, қозғалу және психикалық қабілеттері шектеулі адамдардың, сондай-ақ оны пайдалану үшін жеткілікті тәжірибесі немесе білімі жоқ адамдардың пайдалануына қадағалау арқылы ғана немесе олар аспапты пайдалануға оқытылған не аспапты дұрыс емес пайдаланумен байланысты ықтимал қауіпті жете түсінетін болса ғана рұқсат етіледі. • Балалардың аспаппен ойнауына рұқсат бермеңіз!
  • Ұзақ пайдаланғаннан кейін шойын конфоркаларының беттері мен конфорка маңындағы металл деңгелектері түсін өзгертуі мүмкін. Ауыстыру кепілдік нысаны болып табылмайды.
  • Аспап сыртқы таймерге немесе қашықтық басқару блогына қосылу үшін арналмаған.

GORENJE GTW6INI - Маңызды ескертулер - 1

Бұйымдағы немесе оның орауышындағы символ оның тұрмыстық қалдықтар ретінде пайдаға жаратылуға жатпайтындығын білдіреді. Бұйымды электронды және электр жабдығын қабылдаудың тиісті пунктіне кейіннен пайдаға жарату үшін тапсыру керек. Бұйымды пайдаға жарату ережелерін сақтай отырып, сіз қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына осындай қалдықтарды дұрыс қолданбау салдарынан ықтимал зиян келтірудің алдын ала аласыз. Бұйымды пайдаға жарату туралы анағұрлым толық ақпарат алу үшін жергілікті билік органдарына, шақыру және қалдықтарды пайдаға жарату қызметіне немесе бұйымды сатып алған дүкенге хабарласуыңызды өтінеміз.

Маңызды ескертулер

  • Аспапты асүй жиһазының элементіне орнатуды, электр желісіне және газ көзіне қосуды тек білікті маман ғана орындай алады.
  • Шпон және ас үй жиһазының аспап ішіне қондырылатын басқа да материалдары термотезімді болулары керек (100°C), кері жағдайда материалдардың неғұрлым төмен термотезімділігі олардың деформациялануына және түсінің өзгеруіне әкелуі мүмкін. • Пісіру панелі ені 600 мм және одан артық болатын асүй шкафының үстіңгі тақтайына орнатуға арналған. • Пісіру панелін жинақтау алдыңғы екі бекіту элементіне тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз етуге тиіс. • Пісіру панелінің астындағы асүй шкафында суырмалы жәшіктер болмауға тиіс. Егер асүй шкафында көлденең қалқа орнатылған болса, ол асүй шкафының үстіңгі тақтайының төменгі бетінен 20 мм қашықтықта орналасуға тиіс. Қалқа мен пісіру панелінің арасындағы кеңістік бос болуға тиіс, ол жерде заттарды сақтауға болмайды. • Пісіру панелінің үстіндегі кішкентай асүй шкафтары ас пісіргенде бөгет болмайтындай биіктікке ілінуге тиіс. • Пісіру панелі мен сорып шығару құрылғысының арасындағы арақашықтық сорып шығару құрылғысын жинақтау нұсқаулығында көрсетілген қашықтықтан кем болмауға тиіс. Минимальді арақашықтығы 700 миллиметр.
  • Пісіру панелінің шетінен көршілес биік үй шкафының қабырғасына дейінгі ең төмен арақашықтық 150 мм құрайды. • Пісіру панелінің артқы жағындағы тақтайдың ағаш өрнеуліктерін пайдалану орнату сызбасында келтірілген ең төмен рұқсат берілген арақашықтықты сақтаған жағдайда пайдалануға болады. • Пісіру панелі мен артқы қабырға арасындағы ең төмен арақашықтық орнату сызбасында келтірілген.
  • Пісіру панелі қалыңдығы 25-40 мм үстелдің үстіңгі тақтайына орнатылуы мүмкін. Ас үй шкафының алдыңғы қабырғасының жоғарғы бөлігінде, шкафтың бүкіл ені бойынша биіктігі кемінде 5 мм болатын ойық жасау керек. • Пісіру панелінің астына суытқыш желдеткішімен жабдықталған духовкаларды орнатуға болады.
  • Пісіру панелінің астына духовканы орнату барысында ас үй шкафының артқы қабырғасын шешіп алу керек. Ас үй шкафының алдыңғы қабырғасының жоғарғы бөлігінде шкафтың бүкіл ені бойынша 5 мм кем емес биіктікте тілік жасау қажет.

GORENJE GTW6INI - Маңызды ескертулер - 1

Көбіктенген тығыздағышты жапсыру

GORENJE GTW6INI - Көбіктенген тығыздағышты жапсыру - 1

Аспапты үстел бетіне орнатар алдында шыныкерамикалық немесе шыны пісіру панелінің төменгі жағына жиынтықта қоса берілетін тығыздағышты жапсыру керек (суретті қара).

Аспапты тығыздағышсыз салып орнатуға рұқсат етілмейді!

Тығыздағышты жапсыру үшін:

– тығыздағыштан қорғауыш үлдірін шешіп алыңыз;

– шетінен А= 2-3 мм алшақ ұстап, шыныкерамика немесе шынының төменгі жағынан тығыздағышты жапсырыңыз (суретті қара). Тығыздағыш пісіру панелінің бүкіл периметрі бойынша жапсырылуы керек және шеттерінде бір-біріне қондырылмауы керек;

– тығыздағышты жапсыру барысында өткір заттар шыныкерамика немесе шынымен жанаспауын қадағалаңыз (мысалы, тығыздағышты пісіру панелінің үстінде кеспеңіз).

  • Ас үй гарнитурының үстел беті тегіс және көлденең болуы керек.
  • Тілік кесіктері ылғал мен кірден қорғалуы үшін тиісті түрде герметикаландырылуы керек.
  • Пісіру панелін электр желісіне қосыңыз (тиісті бөлімін қараңыз).
  • Көзделген саңылауларға қысқыштарды орнатыңыз. • Пісіру панелін жинақтау ойығына орналастырыңыз. • Пісіру панелін үстел бетіне қысыңыз.

GORENJE GTW6INI - Аспапты тығыздағышсыз салып орнатуға рұқсат етілмейді! - 1

Қапсырма көмегімен жинақтау процесі

C B

Пісіру панелі жиынтықта қоса берілетін қапсырма және қыстырғыш элементтері көмегімен бекітіледі. Пісіру панелінің түбінде В қапсырмаларын бекітуге арналған С бұрандаларын бұрау үшін бекіту пластиналарын салу үшін саңылаулар қарастырылған.

  • Аспапты электр желісіне қосуды және жалғайтын кабельді ауыстыруды тек сервис орталығы немесе білікті маман ғана жасай алады! • Электр желісіне қосуды қорғау қолданыстағы үйғарымдарға сәйкес келуі керек.
  • Клеммдерге қолжетім үшін клем колодкасының қақпағын ашыңыз.
  • Қосар алдында, зауыттық тақтайшада көрсетілген кернеудің желідегі іс жүзіндегі кернеумен сәйкестігін тексеру керек.
  • Аспаптың негізгі деректері бар зауыттық тақтайшасы пісіру панелінің төменгі жағында орналасқан.
  • Аспап 220-240В\~ кернеуі бар желіде пайдалану үшін арналған. • Пісіру панелін электр желісіне қосу үшін барлық полюстердегі алшақ тұрған түйіспелері бар ажырату құрылғысын қарастыру керек. Қорғау құрылғысының деңгейі III санаттағы артық кернеу деңгейіне қарағанда төмен болмауы керек.
  • Пісіру панелі асүй жиһазының элементтерінің арасына орнатылуы мүмкін, әрі олардың біреуі пісіру панелінен биік болуы мүмкін, ал екіншісі онымен бірдей биіктікте болуға тиіс.
  • Жинақтаған соң ток өткізгіш және оқшауланған бөлшектеріне тиіп кетуден толық қорғанышты қамтамасыз ету қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

- Кез келген араласу алдында аспапты электр желісінен ажыратыңыз. Желілік кернеуге байланысты пісіру панелін сұлбаға сәйкес қосыңыз. Жерге тұйықтаудың қорғаныш сымын

GORENJE GTW6INI - НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! - 1

тұйықтау символымен белгіленген клеммаға қосыңыз.

  • Жалғау кабелін міндетті түрде кабельдің шамадан тыс созылуын болдырмайтын қысқыш арқылы төсеңіз.
  • Аспап қосылған соң, барлық қыздыру элементтерін, олардың жұмысын тексеру үшін, 3 минутқа қосыңыз.

Іске қосу схемасы

GORENJE GTW6INI - Іске қосу схемасы - 1

  • Аспапты дұрыс қоспау оның бөлшектерінің зақымдануына әкеп соғуы мүмкін. Бұл жағдайда сіз кепілді қызмет көрсету құқығын жоғалтасыз!
  • Қосар алдында зауыттық мандайшада көрсетілген кернеудің желідегі нақты кернеуге сәйкес келуін тексеру керек. Желідегі жалғау кернеуін маман өлшеу аспабының көмегімен тексеруге тиіс!
  • Аспаптың артқы қабырғасындағы жалғау кабелін ол пісіру панелінің артқы қабырғасына жанаспайтындай төсеңіз, өйткені аспап жұмыс істеп тұрған кезде ол қызып кетеді.

Іске қосу үшін мыналарды пайдалануға болады:

• H05RR-F - 3x0.75mm² • H07RN-F - 3x0.75mm² • H05RN-F - 3x0.75mm² • H05V2V2-F - 3x0,75mm² • H05VV-F - 3x0,75mm²

  • Аспап қолданыстағы ұйғарымдарға сәйкес орнатылуы және іске қосылуы керек. Ерекше назарды жеткілікті желдетуге аударыңыз! Аспапты іске қосу және пайдалану алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз
  • Іске қосар алдында жергілікті іске қосу талаптары (газдың түрі мен қысымы) аспапты күйге келтіруге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.

Пайдалануға болатын газдың санаты мен түрі "Газдың басқа түріне күйге келтіру" кестесінде келтірілген.

- Аспаптың газды күйге келтіру өлшемдері зауыттық тақтайшасында көрсетілген.

- Аспап жанатын өнімдерді өткізуге арналған түтіктерге қосылу үшін арналмаған (мысалы, түтіндік).

- Аспап іске қосу жөніндегі қолданыстағы ұйғарымдарға сәйкес орнатылуы және іске қосылуы керек. Ерекше назарды жайды желдетуге арналған талаптарға аударыңыз (а = мін. 100 см²).

a a a

Іске қосу процесі

  • Газ көзіне қосу қолданыстағы ұйғарымдарға және жергілікті газбен жабдықтау кәсіпорнының қосу талаптарына сәйкес жүргізіледі.
  • Аспаптың төменгі жағынан ISO7-1 R1/2 сыртқы оймасы бар газ көзіне қосылу үшін газқұбырының түтігі орналасқан.
  • Аспаптың жиынтығында сұйытылған газға арналған өткізгіш, сыртқы бұрандасы бар коникалық өткізгіш ажыратқышы және металл емес төсемі қоса беріледі.

ISO 7/1 ISO 228/1 (FR)

• Іске қосу барысында R1/2 түтігін ол айналып кетпеуі үшін ұстап тұру қажет. - Жалғауларды герметикаландыру үшін рұқсат етілген металл төсемдер мен басқа да герметикаландыру үшін рұқсат етілген материалдар қолданылады. - Төсемдер тек бір рет қолданыла алады. Тегіс металл төсемдерін қысудың мүмкін деформациясы 25% құрайды. - Аспап газ көзіне сертификатталған иілмелі шланг көмегімен қосылады.

A B C

Газдың басқа түріне күйге келтіруGORENJE GTW6INI - Іске қосу процесі - 3

Газдың басқа түріне күйге келтіру элементтері

Шағын шығынды реттеуGORENJE GTW6INI - Іске қосу процесі - 4

  • Иілмелі шланг еркін өтуі керек. Шланг ас үй шкафының жылжымалы бөліктері (мысалы, жәшігі) мен пісіру панелінің түбіне жанаспауы керек.
  • Қоса салынатын электр духовкасын пісіру панелінің астына, егер духовка салқындату желдеткішімен жабдықталған болса, орнатуға болады.

Аспапты іске қосқаннан кейін жалғаулардың герметикалығын тексеріңіз.

Газға қосылуға арналған элементтері

A ISO7-1 R1/2 газ құбырының түтігі B Жуандығы 2 мм металл емес төсемі C Сұйытылған газға арналған өткізгіші (Әр жеке елдің қосылу жөніндегі үйғарымдарына қатысты)

Тек стандарттарға сәйкес келетін құбырлар мен тығыздағыштарды

пайдаланыңыз. Осы құбырлар толық жылжытылған қалпында олардың ұзындығы 2000 мм-ден аспайтындай етіліп орнатылуы керек. Орнатуды жеңілдету және газдың ағуын болдырмау үшін, алдымен бұралатын жалғағышты пісіру панеліне, содан кейін газ құбырының түтігіне қосыңыз. Осы жүйелікті бұзу түтік пен плитаның арасындағы газ тығыздалуын қиындатуы мүмкін. Тек сертификатталған құбырлар мен төсемдерді пайдалануға рұқсат етіледі. Осы құбырлар толық жылжытылған қалпында олардың ұзындығы 2000 мм-ден аспайтындай етіліп орнатылуы керек. Жинақтауды оңайлату және газдың ағып кетуін болдырмау үшін.

Маңызды ескерту: барлық орнатулар аяқталғаннан кейін, барлық жалғанулар сабын ерітіндісі көмегімен толық герметикаландырылғанына көз жеткізіңіз. Ешқашан жалынды қолданбаңыз. Сондай-ақ, иілмелі құбыр пісіру панелінің кез келген жылжымалы бөлігімен (мысалы, жәшіктері) түйісуге түспейтініне және оның қалпы оның ақаулануын болдырмайтынына көз жеткізіңіз.

Қосқаннан кейін жанарғыларды дұрыс жұмыс істейтініне тексеріңіз.

Жалын айқын көрінуі керек, және ол ортасында көк және жасыл түсті болуы керек. Егер жалын тұрақсыз болса, қуатын көтеріңіз.

  • Газдың басқа түріне күйге келтіру үшін стол үстіндегі пісіру панелін алып шығу талап етілмейді.
  • Күйге келтіру алдында аспапты электр желісінен ажыратыңыз да, газдың келуін жауып тастаңыз.
  • Форсункаларды газдың жаңа түріне арналған тиісті форсункаларға ауыстырыңыз (кестені қараңыз).
  • Газдың басқа түріне күйге келтіргеннен кейін зауыттық күйге келтірулері бар деректердің үстіне зауыттық тақтайшасына жаңа күйге келтірулерінің белгілері бар жапсырманы жапсырыңыз. Аспаптың функционалдығы мен герметикалығын тексеріңіз.
  • Пісіру панелінен қақпақтарымен бірге торлар мен жанарғыларды шешіп алыңыз.
  • Жанарғы форсункасы қос жанарғы вок форсунканың қорғау тілімшесі астында орналасқан.
  • Ауыстырып қосқыштарды тығыздағыштарымен бірге шешіп алыңыз.

Газ краны

Шағын шығынның реттеу бұрандалары

Қалалық газбен жабдықтауы (G110, G120, G150.1) және метанға (G20, G25) арналған нұсқаулығы

  1. Конфорканы іске қосыңыз да, оны минимальді қалыпқа орнатыңыз.
  2. Баскару тұтқасын газ кранымен шешіп алыңыз да, реттеу бұрандасын кран стержені жағына қарай бұрыңыз:

• газ шығынын үлғайту үшін сағат тіліне қарсы • газ шығынын азайту үшін сағат тілі бойынша,

Жүйелі минимальді жалын болғанша.

  1. Тұтқасын жинаңыз да, жанарғы жалынының тұрақтылығын тексеріңіз (максимальдіден минимальдіге дейін қолды тез айналдыру барысында жалын өшпеуі керек).
  2. Осы операцияны барлық газ крандары үшін қайталаңыз.

Сұйылтылған газға (LPG: G30, G31) арналған нұсқаулық

Кран жағындағы бұранданы тартыңыз, штокты толық сағат тілі бойынша бұрыңыз.

Ескерту: осы әрекеттерді тек білікті маман, газбен жабдықтау кәсіпорнының уәкілетті тұлғасы немесе авторластырылған сервистік орталығының маманы ғана орындай алады!

ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ

493044
493045
A: Шағын жанарғыSR: Стандартты жанарғыMW: Мини-WokGORENJE GTW6INI - ТЕХНИКАЛЫҚ АҚПАРАТ - 1
Жұмыс кернеуі220-240 В~ ; 50/60 Гц
Газ реттелетінG20 = 20mbar
QnГАЗ ПЛИТА7800 Вт

ФОРСУНКАЛАРЫ БАР ПЛИТАСЫ

Жанарғы А SR MW
Номинальді жылу куаты (кВт)1,001,753,30
Темендетілген (кВт)0,450,701,50
Ø ИНЖЕКТОР (мм)
G3030mbar 0,500,650,90
G2020mbar 0,72 - X 0,97 - Z 1.28 - T
G2013mbar 0,841,101,48
Ø БАЙПАСС (мм)
G3030mbar 0,270,310,55
G2020mbar REG.REG.REG.
G2013mbar REG.REG.REG.

Табаға арналған вок түпқоймасы

GORENJE GTW6INI - Табаға арналған вок түпқоймасы - 1

  • Аспап қауіпсіздік жүйесі бар газ жанарғыларымен жабдықталған (будан әрі — газ-бақылау). Егер жанарғының жалыны өшіп қалса (сұйықтық төгілген, желдің өті және т.б.), газдың берілуі автоматты түрде тоқтатылады. Солай, газдың жайға кеміп қалу ықтималы болмайды. • Жанарғының қақпағы бөлгіште тура орнатылуы керек. Бөлгіштің саңылаулары әрқашан таза болғанын қадағалаңыз. 1 Жанарғының қақпағы 2 Жанарғының бөлгіші 3 Газ-бақылау құрылғысы 4 Электртұтату шамы 5 Форсунка

Жиынтықта берілетін немесе қосымша сатып алуға болатын арнайы түпқойма, түбі деңгелек вок табасында тағам дайындауға мүмкіндік береді. Түпқойманың төменгі жағындағы ойық жерлер тағам пісіру бетінің торына түпқойманың тұрақты орнатылуын қамтамасыз етеді.

Түркаға тор-түпқойма

GORENJE GTW6INI - Түркаға тор-түпқойма - 1

Ыдыс

GORENJE GTW6INI - Ыдыс - 1

Қосымша тор диаметрі кіші ыдыста дайындау кезінде пайдаланылады.

Кіші жанарғының үстіндегі торға қосымша торды орнатыңыз.

• Дурыс тандалған ыдыс даярлаудың ұтымды уақытын және газдың шығынын қамтамасыз етеді. Ең маңызды өлшемі болып ыдыстың диаметрі табылады. • Тым кішкентай ыдыстың шетінен шағылысқан алау тілдері ыдысты бұзуы мүмкін, осы орайда газдың шығыны үлғаяды. • Газдың жануы үшін сондай-ақ ауа қажет, оның келуі тым үлкен ыдыспен шектеледі, сондай-ақ жану тиімділігі азаяды.

Шыныкерамикалық пісіру бетіне қатысты маңызды ескертулер

  • Конфоркалар таңдалған қуат немесе температура деңгейіне жылдам жетеді, алайда конфорканың айналасындағы алаң қатысты салқын болып қалады. • Пісіру панелі температуралық өзгерістеріне төзімді: сіз оған ыстық ыдысты және т.б. қоя аласыз.

• Пісіру панелі берік болады, алайда нүктелі соққыларға төзімді емес, сондықтан оған қатты және өткір заттар түспеуін қадағалаңыз, себебі олар бетін ақаулауы мүмкін.

• Пісіру панелін жұмыс үстелі ретінде пайдаланбаңыз. Ұшкір заттар шыныкерамикада сызаттар қалдыруы мүмкін.

• Пісіру панелінде жұқа қабырғалы алюминий ыдысы мен фольга, сондай-ақ пластикалық ыдыста дайындамаңыз. Осы материалдар балқып кетіп, пісіргіш бетін ақауландыруы мүмкін. Пісіргіш бетіне пластик заттары мен алюминий фольгасын қоймаңыз.

• Жарылған немесе сынған пісіру панелін пайдаланбаңыз. Электр тогының соғу қаупі бар! Жарықшақ айқындалған жағдайда электр тогының соғуын болдырмау үшін жедел аспапты электр желісінен ажыратыңыз.

- Қант пен тәтті тағамдар әйнек керамикалық бетті қатты бүлдіруі мүмкін, сол себепті бетті бүлдіріп алмас үшін, тіпті егер пісіру беті әлі суымаса да, оларды қырғыштың көмегімен бірден тазалаңыз.

ЖанарғыныңQnжанарғыныңЫдыстың диаметрі
AШағын1,00кВт 120 - 180 мм
SRСтандартты1,75 кВт180 - 220 мм
RУлкен3,00кВт 20 - 240 мм
MWМини-Wok3,30 кВт220 - 260 мм
TCУш цикл3,80 кВт220 - 260 мм

ПАЙДАЛАНУ

Газ пісіру аймақтары үшін басқару элементтері

Тұтату және жанарғыны пайдалану

M 0 m

0 Газ краны жабық

* Тұтату

Максимальді қуаты

m Минимальді қуаты

Пайдалану жөніндегі нұсқаулығы

Бұл құрылғы пайдалануы бойынша қолданылуы керек, яғни үй жағдайында тамақ даярлау үшін. Кез келген басқа пайдалануы дұрыс емес болып және қауіпті саналады, Әзірлеуші

Аспапты дұрыс емес іске қосумен, жинақтаумен және пайдаланумен байланысты ықтимал ақаулықтар үшін өндіруші жауапкершілікті алып жүрмейді.

Жанарғыны пайдалану

- Егер жанарғы бірнеше күн бойына қолданылмаса, түтіктерден ауа жіберу үшін жағар алдында бірнеше секунд күте тұрыңыз.

• Пісіру панелінің жанарғылары автоматты тұтану құрылғысымен жабдықталғандықтан, оларды жағу үшін тұтқасын жай ғана басыңыз да, кішкентай жұлдызша жағына қарай бұраңыз. Аспапта ұшқын жануы бар генераторы қолданылады.

- Егер жалын бес секунд ішінде жанбаса, тұтқасын 0 қалпына бұраңыз да, рәсімді

қайталаңыз, егер электр тұтануы қоректену ақаулықтары немесе жағу

шамдарындағы ылғал болу себебінен пайдаланылмаса, газды сондай-ақ сіріңке

немесе газ жаққышын пайдалана отырып жағуға болады.

• Газ-бақылау жүйесі бар модельдері үшін жанарғы жоғарыда сипатталған тәсілімен жандырылады, бірақ сіз жалынды жаққаннан кейін 5 секундтан 6 секунд бойына басуыңыз қажет. Осы уақыттың өтуі бойынша, сақтандырғыш құрылғыға іске қосу үшін уақыт жеткілікті, жалын тұрақты жанып тұратын болады.

- Жалын максимальді және минимальді деңгейге орнатыла алады. Қуатты 0 және максимальді жалын арасына орнату ұсынылады: осы диапазонда жалын тұрақсыз және өшіп қалуы мүмкін.

Назар аударыңыз! Бетін тазартқаннан кейін жанарғылар өз орындарына тұрақты орнатылғанына және тұтандыруға кедергі жасамайтынына көз жеткізіңіз.

Жанарғыны неғұрлым тиімді пайдалану үшін пайдаланатын жанарғыға сәйкес келетін диаметрі бар жайпақ түбі бар ыдысты пайдаланыңыз.

Шағын диаметрдегі кастрюль мен таба үшін (кофе мен шайға арналған шәйнек, және т.б.) жалын кастрюль түбінің шегінен шығып кетпеуі үшін пайдаланылатын жанарғы қуаты реттеліп отыруы керек. Ойыс немесе деңес түбі бар кастрюльді пайдаланбаңыз.

Назар аударыңыз! Егер қандай да бір себеппен жанарғының жалыны өшіп қалса, жанарғыны өшіріңіз де, 1 минуттан аспайтын уақыт күте тұрыңыз.

Содан кейін тұтатуды қайталаңыз.

Жанарғыны өшіру және газ беру клапанын жабу үшін басқару тұтқасын "OFF" (☐) позициясына бұраңыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Газ пісіру аспабын пайдалану аспап орнатылған жерде температураны, ылғалдылықты және жану өнімдерінің концентрациясын жоғарылатуға әкеледі. Аспаптың жұмыс істеу кезінде ас үйде жақсы желдетуді қамтамасыз етіңіз: табиғи желдету саңылауларын жаппаңыз немесе мәжбүрлі желдету құрылғысын (сорғыны) іске қосыңыз.

Аспаптың жұмыс істеу кезінде жерде жылу мен ылғалдылықтың пайда болуы ұлғаяды. Аспапты ұзақ уақыт пайдалану барысында қосымша желдету немесе ас үй сорғысын іске қосу қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жұмыс істеу кезінде аспаптың қолжетімді бөлшектері қатты қызуы мүмкін. Балалардың аспапқа жақын болмауын қадағалаңыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Осы аспап тек тамақ даярлау үшін арналған. Аспап жерді жылыту үшін арналмаған.

Пісіру панелін тазарту үшін жоғары қысымды тазартқыштарды және бу ағындытазартқыштарды пайдаланбаңыз, өйткені бул қыска тұйықталуды тудыруы мүмкінжәне электр тоғына ұрынуға әкеп согады.Аспапты жиі тазартыңыз, әр пайдаланғаннан кейін оны арнайы суытып алыптазартқан жән.Су дақтары мен әк шегінділерін болдырмау үшін, сумен тазартылған беттерінқұргатып сүрту үшін жұмсақ матаны пайдаланыңыз.Ағып кеткен тамақ жанарғы элементері мен тотықлайтын болаттан жасалғанплитаның түссізденуін тудыруы мүмкін. Барлық кірленулерді бірден кетіріңіз.Өз құрылығығыңыздың сыртқы беттерінің ақаулануын болдырмау үшінмыналарды пайдаланбаңыз:құрамында сода, сілті, аммиак, қышқыл немесе хлоридтері бар жуғыш құралдарын,құрамында қаспақты кетіруге арналған құралдары бар жуғыш құралдарын,дақ кетіргіштері мен тот кетіруге арналған құралдарын,абразивті жіғыш құралдарын, мысалы, ұнтақ және крем тәрізді жуғыш құралдарын,ерітінді негізіндегі жуғыш құралдарын,ыдыс жуғыш машинасына арналған құралдарын,гриль мен духовкаға арналған жуғыш құралдарын,шыны тазартуға арналған құралын,қатты, абразивті щеткаларын немесе ыскыштарын, мысалы, құмыра тазартуғаарналған жәке, бұрын абразивті жуғыш құралымен қолданылған щеткалар немесеыскыштарды,өткір шанышпалы заттарды (олар рама мен үстел бетінің арасындағытығыздағышты ақаулауы мүмкін).
Тотықпайтынболаттан жасалғанбетіТотықпайтын болаттан жасалған беттерді микрофибрадан жасалған майлықпеннемесе жуғыш құралының шағын көлемі қосылған, оны жұмсақ ыскыш көмегімен жағаотырып, жылы судын ерітіндісімен тазартыңыз. Құын кетірілетін кірленулерді біріншікезек суға малып қою керек. Тазартқаннан кейін барлық беттерін таза шуберекпенқұргатып сүртіңіз.Тотықпайтын болаттан жасалған плитаның рамасын тазарту барысында қажетболған жағдайда тазартқыш құралын пайдалануға болады. Оны «дөндер» бағытыбойынша біркелкі жағу керек. Тазартқаннан кейін өз аспабыңыздың жақсы сыртқытурін сақтау үшін және кірленуді болдырмау үшін тотықпайтын болатты куту бойыншаөнімді пайдалануға болады. Ораудағы нұсқаулықты ұстана отырып, жұмсақ шубереккөмегімен бағу пайдаланыңыз.
Боялған беттеріЕгер кірленулерді (мысалы, тамақпен немесе құрамында түз, зәйтүн майы барсуйықтықпен) жедел кетірмесе, боялған беттері ақауланып қалуы мүмкін.Барлық кірленулерді жедел кетіріңіз.Беті боялған тотықпайтын болаттар үшін жуғыш құралдарын пайдаланбаңыз. Бұлбояуды өшірууі мүмкін.
Торлар және басқарутүтқаларыТүғырықты жүү үшін ыдыс жуғыш машинасын пайдаланбаңыз.Торларды шешіп алыңыз. Тор мен басқару түтқасын жұмсақ жуғыш көмегімен, оныжаға отырып, жуғыш құралының шағын көлемі қосылған жылы судың ерітіндісіментазартыңыз. Құын кетірілетін кірленулерді бірінші кезек суға малып қою керек.Тазартқаннан кейін барлық беттерін таза шуберекпен құргатып сүртіңіз.
ЖанарғыларЖанарғының кез келген бқлшектерін жүү үшін ыдыс жуғыш машинасынпайдаланбаңыз.Жанарғы бұралып алынып, содан кейін жұмсақ ыскыш көмегімен жағылған жуғышқұралының шағын көлемі бар жылы судың ерітіндісін пайдалана отырып, қолмен жуукерек.Кетіруге болмайтын жанарғының бөлшектерін тек ылғал матамен сурту керек.Жағу шамдары мен түтантуды сөндіруге арналған құрылғысы жақсы сығылғаншуберекпен мүқият сүртілуі керек.Түтанту құрылғысының сулануына жол берменçіз. Егер ол суланып қалса, олжанбайды. Тазалағаннан кейін барлық беттерін таза матамен суртіңіз.Жанатын кеңістік таза және толық құргақ екеніне көз жеткізіңіз. Жанарғының бетіуақыт ете күнгірттенеді. Бұл қалыпты құбылыс және пісіру панелінің жұмыс істеуінеөсер етпейді.

Әйнек керамикалық бетті әр жолы оны қолданғаннан кейін тазалаңыз (оның суығанын күтіңіз!), әйтпесе келесі қолдану кезінде тіпті азғантай ластанудың өзі қызған бетте күйетін болады.

Әйнек керамикалық бетті тұрақты күтіп ұстау үшін әйнек керамикалық бетті ластан қорғайтын қабатты түзетін арнайы құралдарды пайдаланыңыз.

Әр жолы пайдаланар алдында әйнек керамикалық беттен және ыдыстың түбіндегі бетті сызып кетуі мүмкін шаң мен ластануды сүртіңіз. (1–сур.).

Абай болыңыз! Пісіру бетін тазалау үшін металл губкаларды, абразивті тазарту құралдарын пайдалануға болмайды, өйткені олар әйнек керамикалық бетті сызып кетуі мүмкін. Пісіру бетін тазалау үшін агрессивті тазалау спрейін және лайықты емес сұйық тазалау құралдарын пайдалануға болмайды (1 және 2–сур.).

Пісіру бетіндегі декоративті сурет агрессивті және қатты тазалау құралдарын, сонымен қатар түбі бүлінген немесе қатты ыдысты пайдаланғаннан өшіп қалуы мүмкін. Азғантай ластануларды жұмсақ сулы шүберекпен кетіруге болады. Содан кейін таза бетті құрғатып сүртіңіз. (3–сур.).

Су дақтарын сірке қышқылының әлсіз ерітіндісінің көмегімен кетіруге болады. Бұл ерітіндімен аспаптың жиектерін, ол жылтырын жоғалтатын болғандықтан, сүртуге болмайды. Әк шөгінділерін кетіру үшін агрессивті спрейлер мен тазалау құралдарын пайдалануға болмайды. (3-сур).

Қатты кірленулер шыныкерамикалық беттерін күтуге арналған арнайы құралдар көмегімен кетіріледі. Арнайы тазартқыш құралдарды өндірушісінің нұсқауларын ұстаныңыз.

Қызған кезде оның агрессивті қасиетке ие болып, әйнек керамикалық беттің құрылысының өзгеруіне әкеп соғатындықтан, әйнек керамикалық бетте тазалау құралының дақтарының қалып қоймауын тексеріңіз. (3–сур.).

Кетуі қиын ластанулар мен күйген тағамды арнайы қырғыштың көмегімен кетіруге болады. Қырғыштың пластмассалы тұтқасының ыстық пісіру бетіне тиіп кетпеуін қадағалаңыз. Қырғышпен жұмыс істеу кезінде сонымен қатар жүзімен жарақаттанудан абай болыңыз!

Қант пен тәтті тағамдар әйнек керамикалық бетті қатты бүлдіруі мүмкін (5-сур.), сол себепті бетті бүлдіріп алмас үшін, тіпті егер пісіру беті әлі суымаса да, оларды қырғыштың көмегімен бірден тазалаңыз (4-сур.). Әйнек керамикалық бет түсінің өзгеруі аспаптың жұмыс істеуіне әсер етпейді. Көбінесе бұл күйген тағам қалдықтары, ыдыстың кейбір түрлерін пайдаланудың нәтижесі (мысалы, алюминий немесе мыс). Мұндай дақтарды толық жою қиынға түседі.

Ескертпе! Жоғарыда айтылған бүлінулер сыртқы түріне жатады да, аспаптың жұмыс істеуіне әсер етпейді. Осы тектес бүлінулерге кепілдік таратылмайды.

  • Кепілдік кезеңі ішінде аспапты жөндеуді тек авторластырылған сервистік орталығының маманы ғана жүргізе алады! Жөндеу алдында сақтандырғышты бұрап алып немесе бас сөндіргішті сөндіріп не айырын желілік розеткадан суырып алып, аспапты электржелісінен ажыратыңыз.
  • Аспаптың ақаулануы және зақымдануды болдырмау үшін техниканы өздеріңіз жөндеуге тырыспаңыз. Біліксіз жөндеу пайдаланушы үшін қауіптің себебі болуы мүмкін. Қысқа тұйықталу және электр тогының соғу қауіпі бар! Жұмыс істеудегі ақаулықтар себебі ұсақ жөнсіздіктер болуы мүмкін. Сервистік орталығына өтініш жасау алдында, оларды өздеріңіз жоя алатындарыңызды тексеріңіз (төмендегіні қараңыз).

Өндіруші дұрыс емес іске қосу, жинақтау және аспапты пайдаланумен байланысты ықтимал ақаулықтарына жауапкершілікті алмайды. Осындай ақаулықтарға кепілдік таратылмайды. Нұсқаулықты аспапқа жақын сақтаңыздар. Аспапты жаңа иесіне тапсыру барысында нұсқаулықты да беруді ұмытпаңыз.

АқаулықЫқтимал себебіАқаулықты жою
Жанарғының жалауы біркелкі емес.Дұрыс емес күйге келтіргендіктен газ жалауы біркелкі емес.Маман газдың күйге келтіруін тексеруі керек!
Жанарғының жалауы кенет өзгерді .Жанарғының бөлшектері дұрыс емес орнатылған.Жанарғының бөлшектерін дұрыс орнатыңыз!
Жанарғыларды түтанту үшін ұзағырақ басып ұстау керек.Жанарғының бөлшектері дұрыс емес орнатылған.Жанарғының бөлшектерін дұрыс орнатыңыз!
Түтанғаннан кейін жалау сөніп қалады.Ауыстырып қосқышты басудың ұақыты тым қысқа немесе басылуы әлсіз.Ауыстырып қосқышты ұзақ басып ұстаңыз. Ауыстырып қосқышты жіберер алдында, оны қатты басыңыз.
Жанарғының айналасындағы тордың түсі өзгерді.Жоғары температура болғандықтан қалыпыты құбылысТорды металды күту құралымен тазартыңыз.
Түрмыстық электрымы үнемі өшіп қалады.Сақтандырғышы жанып кеткен.Түрмыстық электрымының сақтандырғышын тексеріңз, ақауланған жағдайда ауыстырыңыз.
Жанарғылардың электртүтатқышы жұмыс істемейді.Электртүтанту мен жанарғы Арасында тамақ не тазартқыш құралының қалдықтары бар.Жанарғылар қақпағын шешіп алыңыз да, электртүтанту шамы мен жанарғы арасындағы кеңістікті тазалаңыз.
Жанарғылар қақапағы кірленген.Қалыпыты кірлену.Металды күту құралдарымен жанарғылар қақпағын тазартыңыз..
Қосымша тордың түсі өзгерді.Аспаптың жұмысына әсер ететін жоғары температураның әдеттегі құбылысы.Қосымша торды қажеттілік болған кезде ғана және кіші жанарғының ұстіне орнату үшін ғана пайдаланыңыз.

Келтірілген ұсыныстарға сәйкес ақаулықтарды жою мүмкін болмағанда сервистік орталығына өтініш жасаңыз. Аспапты дұрыс емес іске қосумен, жинақтаумен және пайдаланумен байланысты ықтимал ақаулықтар үшін өндіруші жауапкершілікті алып жүрмейді. Осындай ақаулықтар үшін кепілдік таратылмайды.

Өндіруші өз өнімін үнемі жетілдіруге тырысады, сондықтан осы брошюрадағы мәтіні мен суреттері алдын ала хабарлаусыз өзгертілуі мүмкін.

www.gorenje.com

INFINITY

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : GORENJE

Модель : GTW6INI

Санат : плита